Мұздықтар және олардың геологиялық әрекеті


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Мұздықтар және олардың геологиялық әрекеті

Мұздарға гидросфера мен литосфераның жоғарғы бөлігінде кездесетін мұздықтар, ұзақ жылдар бойы қабатталып жиналған қар, су беті, жер асты мұздары, шельфтік мұздар, мұхиттарда кездесетін қалқыма-ықпа мұздар (айсбергтер) жатады. Олар жербетілік, теңіздік және жер. астылық болып бөлінеді. Жер бетінде кездесетін мұздар құрлықта, теңіз жағалауларында (шельфтерде) ондаған, жүздеген мың жылдар бойы қалыптасады; қардың қайта кристалдануынан, еріген судың қатуына байланысты пайда болған атмосфералық фирндер мен мұздардың табиғи жиынтығы болып саналады.

Жербетілік мұздардық құралуына ғасырлық орташа температураның 5-7°С-қа төмендеуі және, -осыған сәйкес климат ылғалдылығының артуы себепші болады. Температуранын, осындай ауытқуларына байланысты полярлық және қоңыржай ендіктерде мұзды аймақтар қалыптасады.

Жербетілік мұздар құрлықтарда атмосфералық ылғалдықтың артуына, дүниежүзілік мұхит деңгейінің төмендеуіне (120 м-ге дейін) әсерін тигізеді.

Жербетілік мұздар жамылғы мұздықтар және таулық мұздықтар болып ажыратылады.

Теңіздік мұздар ұзақ жылдар бойы жүзіп жүретін қалқыма мұздықтардан (айсбергтерден) құралады. Олар өздігінен де және құрлықтағы мұздармен де байланысты дамиды. Мысалы, Солтүстік мұзды мұхиттың мұз жамылғысы, Оңтүстік жарты шардың ықпа мұздары, шельф мұздары, айсбергтер.

Жерастылық мұздар көп жылдар бойы қатып, тоң болып жатқан тау жыныстарын қамтиды. Жердің даму тарихында мұз басу дәуірлері протерозой, палеозой, кайнозой эраларын қамтиды. Төменгі антропогенде березин, ока, ортаңғы антропогенде днепр, москва, карель, осташков, сартан мұз басулары және скандинавия, жаңа жер, солтүстік орал, канада және т. б. мұзбасу орталықтары болған

Мұздықтар - жер бетіндегі кішігірім шағын мұздардың жиынтығы. Олар қатты күйдегі атмосфералық (қар мен бұршақ) жауын-шашынның жалпы мөлшері, оның еріген және ауаға буланған үлесінен артық болған жағдайда, тау беткейлерінің қарлы жиегінен жоғары орналасқан бөлігімде пайда болады. Жер шарындағы бүкіл мұздықтардың жалпы көлемі 30 млн. км 3 , ал олардың ауданы - 16, 3 млн. км 2 , яғни жалпы құрлық ауданының 11%-і.

Таулық мұздықұтар - биік тауларда қалыптасып, тау шыңдарын, шатқалдарды, кең ойықтар мен түрлі ойдымдарды қамтиды (VI. 11-сурет) . Көбінесе олар мұзды өзен түрінде тау аңғарын бойлай созыльп жатады. Мұндай аңғарлардың өзіндік пішіні науа (астау) тәрізді болады. Олар трогтар деп аталады (VI. 12-сурет) . Мысалы Кавказда, Памирде, Оралда және т. б. тауларда. Тау мұздықтары тәулігіне 0, 1 м-ден 7 м-ге дейінгі жылдамдықпен қозғала алады. Ең жоғарғы жылдамдық, Памир тауының Аю мұздығында (1963 ж. ) белгілі болды. Оның шамасы тәулігіне 50 м-ге дейін жетті.

Матерйктік мұздықтар - аралдарды немесе кочтиненттерді толық жауып жатады. Мұндай мұздықтар Гренландияда, Шпицбергенде, Антарктидада және т. б. . аймақтарда кездеседі (VI. 13-сурет) .

Олардың қалыңдығы мыңдаған метрге_жетеді. Мысалы, Антарктидада мұз қабатының қалыңдығы 4200 м-ге жетеді. Гренландия мұздарыныд мұхитқа қарай қозғалу жылдамдығы тәулігіне 4-37 м-ге жетеді. Мұхит жағалауына жеткенде мұз жарылып бөлшектенеді. Соның. нәтижесінде пайда болған айсбергтер жел мен судың. ағынымен ашық мұхитқа қарай ығып, біртіндеп ери бастайды. Аралық мұздықтар төбесі жайпақ тауларда қалыптасады (VI. 14-сур. ) . Олар бөлшектенбей, тұтас бір масса түрінде шоғырлана келе құз-шатқалдарды бойлай сүйірлене тарайды. Осы тектес мұздықтар Скандинавия түбегінде байқалады. Жердің геологиялық даму тарихында мұндай мұздықтар ТМД-ның Европалық бөлігінде де талай рет (бес рет) болғаңдығы анықталды. Материктік мұздықтардың қозғалысы Скандинавия түбегі жағынан басталған. Қазіргі уақытта мұздар жер бетінін, 11%-ін алып жатыр. Олардың ішінде полярлық аймақтардың үлесіне - 98, 5%, алқалған 1, 5%-і биік таулы өлкелердін. үлесіне тиеді. Сонымен, мұздықтардын, атқаратын геологиялық қызметі тау жыныстарын бұзу және үгілу заттарын жаңа орындарға тасымалдап, қолайлы бір орындарға жинақтау болып саналады. Мұздықтардың бұзушылық әрекеті, әсіресе олар қозғалған кезде орасан зор. Бұл әрекеттердің нәтижесінде алып ойықтар, қазан-шұңқырлар мен апандар, айғыз-айғыз жолақтар, ойма шұңқырлар пайда болады. Қалыңдығы 100 м-дей мұз қабаты жылжығанды, онын, табанына түсетін қысым мөлшері әрбір текше метрге 92 т-дай болады екен. Осындай қысым күшінің әсерінен бұзылып бөлшектенген тау жыныстары мұз массасымен бірге, оның ішінде қалып қояды. Қалың мұз массалары жылжып, қозғалған кезде оның арасындағы тау жыныстарының үшкір қырлы кесек бөлшектері тегістеліп, жұмырланып және жылтырланып өзіндік бедер пішіндері қалыптасады.

Мұздықтардың бұзушылық әрекеті «экзарлция» (латынша «экзарацио» жырту дегеа мағынада) деп аталады. Экзарациялық әрекеттің нәтижесінде қар, трог, қоймаңдай тас, бұйра толқын құз жартастар түрікдегі бедер пішіндері пайда болады.

Беткейлері тікшіл болып келген шағын қазаншұңқырлар карлар деп аталады (VI. 15-сурет) ; жанпақ беткейлі жақтары мұздықтың бастамасын, ал тікшіл беткейлі жақтары оның қозғалу бағытының көрсететің оқшау жартастар «қоймаңдайтас» деп аталады (VI. 16-сурет) . Олардың беттерінде байқалатын айғыз-айғыз сызаттар мұздықтың жылжып қозғалуы кезінде туатын үйкеліс күштеріне байланысты деп түсіндіріледі. Бедердің ой-шұңқырларымен кезектесе алмасың кездесетін қоймаңдайлы жартастар бұйра толқын құзжартастар түрінде байқалады.

Шатқалдар арқылы немесе басқа бір еңіс жазықтық бойымен жылжып-қозғалу кезінде мұздықтар жолжөнекей тау жыныстарының үгіндісынық бөлшектерін өздерімен бірге ілестіре отырып, ен, соңында мұз массасымен араластыра қатайтып тоңазытады. Ал мұздықтардың еріп-жібуі кезінде, оның кұрамындағы аралас кесек жыныстар босап қалады да, шөгінді қабаттар түрінде жиналады. Олар мореналық шөгінділер деп ата-лады. Мореналар беткі (ортаңғы және бүйірлік), ішкі және түпкі болып ажыратылады (VI. 17, VI. 18-сурет) .

Беткі мореналар - аңғарды беткейлерімен тасымалданған тау жыныстарынын кесек бөлшектерінен (сынықтарынан) тұрады. Мұздық бстіпе құлап түскен тау жыныстарыиыц сыиықтары мұздықпен бірге көшіп-қонып жүреді. Кейінірек, қар мен фири қабаттары жинала келе мұздық бетін жамыла көмкеріп, жауып қалады да, бір кездегі беткі мореналар мұздықтың орта шенінде, ал кейде түбіне қарай орналасады. Осындай жолмен ішкі немесе түпкі морепалар пайда болады.

Мұздық толығымен еріп біткен жағдайда оның құрамындағы мореналардың барлық түрлері бір жерге жиналып қалады. Олар шеткі және негізгі мореналар болып бөлінеді.

Шеткі мореналар мұздық тілінің аяқталған шетінде оның тез еріп таусылуы нәтижесінде құралады. Олар биіктігі ондаған, жүздеген метр келетіп төбелі қырқаларды қалыптастырады.

Негізгі мореналар жекеленген мұздықтардың жылдам еріп, таусылуы кезіиде құралады. Негізгі мореналар жиналған аймақтағы бедер пішіндері төбелі және жазықты болып келуі мүмкін. Олардың құрамы сыдырынды тас, шақпа тас, кұм, құмайт, саздақ және құмды саздан тұрады.

Негізгі мореналарды құрайтып кесек бөлшекті жыныстардың әр

тектілігі, іріктелмегендігі және қабатқабат болып жиналмайтындығы олардың өзіндік ерекшеліктері болып саналады. Мұздық еруінен пайда болған су мореналық және т. б. шөгінділерді шаяды. Осындай жолмен шайылған шөгінділер тасымалдана келе салмағына қарай іріктеліп мұздық шегінділер қалыптасады.

Мұздық шөгінділер қазіргі немесе көне дәуірлердегі құрлықтық мұздықтардың негізінде түзілген шөгінділер болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер бетіндегі мұздықтардың геологиялық қызметі
Қазақстан мұздықтары және олардың таралу ерекшелігі
Алтайдың геологиялық құрылысы, жер бедері
Геология пәнінен дәрістер
Геоморфология пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
Палеозойға дейінгі кезең
Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар
Геоморфология оқу - әдістемелік кешен
Жер қабығы (құрамы, қозғалыстары), бедер туралы жалпы мәліметтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz