Қазақстандағы туризм туралы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

І. Қазақстандағы туризмнің даму тарихының теориасы

1. 1. Көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі қазақстандағы туризмнің дамуы мен қалыптасуы . . . 5

1. 2. Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы мен дамуының мәселелері . . . 15

1. 3. Қазақстандағы туризмді қазіргі әлуметтік құбылыс ретіндегі тиімділігін арттырудың жолдары . . . 18

ІІ. Қазақстандағы туризм индустриасы

2. 1. Әлемдік туризм индустриасының дамуының негізгі концепсиалары және Қазақстан Республикасы үшін маңызы . . . 21

2. 2. Қазақстан Республикасында туризм индустриасын дамытудың консепсиасын негіздеу . . . 25

Қорытынды . . . 27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29

Кіріспе

Әлемде капиталистiк қарым-қатынастардың орнауы мен одан әрi дамуы ұйымдасқан туризмнiң пайда болуына әкеп соқты. Халықаралық туризмге ауадай қажет экономикалық, саяси және әлеуметтiк алғышарттардың қалыптасуында капиталистiк қоғамның маңызы ерекше. Буржуазиялық төңкерiс жеңiске жетiп, капитализмге алғаш аяқ басқан ел Англия болатын. Нақ осы елде алдымен iшкi маршруттарға, кейiнiрек шет елдерге жол сызған алғашқы туристiк ұйымдардың пайда болуы кездейсоқтық емес. Осы заманғы туризмнiң басы 1841 жылы iшiмдiктен сау адамдар ұйымының 570 мүшесiн Лейстерден Лафобороға Т. Кук ұйымдастырған туристiк сапардан басталады. Сол жолғы сапар барысы баяндалған жолнама бiздiң күндерiмiзге бәз қалпында жетiп отыр. Осы тарихи оқиғаның өмiрге келуiне жол салған сол замандағы өндiрiстегi соны жаңалықтар мен темiр жолдың пайдалануға берiлуi нәтижесiнде халықтық орын ауыстыруға деген артқан белсендiлiгi едi. Ашылған ұлан-ғайып мүмкiншiлiктердi Т. Кук пайдаланып қалуға тырысты. 1851 жылы Лондонда бiрiншi халықаралық өнеркәсiп көрмесi ашылғанда ол тек қана Йоркширден 165 мың адамды аттандыруды ұйымдастырды. Ал 1854 жылы Англияда саяхатшылар мен туристерге арналған 8 мың қонақ үй жайында мәлiметтер беретiн алғашқы анықтама баспадан жарық көрдi. Ел iшiнде туристiк бизнестiң қарқынды дамуы Т. Кукке шет елдерге сапар ұйымдастыру мүмкiншiлiгiн қарастыруға ой салды. Сөйтiп ол 1855 жылы Францияға, Париждегi Дүниежүзiлiк көрмеге туристiк сапар ұйымдастырады. 1856 жылдан бастап Еуропаның басқа да елдерiне туристiк саяхаттар жасауды ұйымдастырады. XIX ғасырдың 50-70 жылдары Еуропаны аралаған шет елдiк туристердiң басым көпшiлiгiн ағылшындар құрайды. Осы уақытта Еуропа елдерiнде “Англегер”, “Британик”, “Лондон”, “Виндзор” деп аталатын қонақ үйлер, ал тiлдерiне “экспресс”, “лайнер”, “комфорт”, “бой” тәрiздi ағылшын сөздерi бiржолата енедi. XIX ғасырдың екiншi жартысында Еуропадағы темiр жолдың ұлғаюы туризмнiң дамуына зор әсер еттi. 1888 жылы континентте болып қайтқан ағылшын туристерiнi саны 500 мыңға жетiптi. 1838 жылдан Лондон мен Нью-Йорк арасында пароход маршруты ашылды. “Грейт вестерн” атты дөңгелеквинттi пароход Америкадан Еуропаға ең алғашқы 68 жолаушыны жеткiздi. Жолаушылар саны үнемi өсiп отырды, егер 1840 жылы шамамен 8 мыңды құраса, 1860 жылы бұл көрсеткiш 26 мыңға дейiн көтерiлдi. 60-шы жылдардың орта шенiнен Англия мен АҚШ арасында туризм дами бастайды. Бұл жерде де Т. Куктiң еңбегi сiңедi: 1865 жылы Америкадан Англияға және керi бағыттағы туристiк саяхаттардың ұйытқысы болады. 1866 жылы ағылшындық туристердiң алғашқы тобы Америка жағалауына аяқ басады. 1867 жылдан туристiк теңiз саяхаты басталады. 1882 жылы Кук алғашқы жахандық саяхатын жасайды. Туристiк фирмалар қонақ үйлер мен ресторандардың иелерiмен, темiр жол, пароход компанияларымен ғана келiсiм шартқа отырып қойғанды мiсе тұтпай қоғам тарапынан түсетiн сұранысты зерттей бастады, болашақ сапарлардың маршруттарын қағазға түсiрiп, бағдарламаға туристерге ұсынылатын сан алуан шараларды енгiзудi жөн көрдi. Ресейдегi алғашқы туристiк компанияны 1885 жылы Санкт-Петербург қаласында Л. Липсон ашты. Ресейдегi туризм индустриясының дамуына айрықша тоқталған жөн. XIX ғасырдың екiншi жартысында мұнда экскурсиялық сапарларға көп мән берiледi.

Курстық жұмысымның мақсаты болып ол Қазақстандағы туризм индустриасының дамуының қазіргі жағдайымен танысу болып табылады. Индустриа сөзінің мағынасы мен мақсатын анықтау және де Қазақстандаағы туризмнің дамуына әсері қандай болғаныын танықтау.

Курстық жұмысымның өзектілігіне келетін болсақ Қазақстандағы Туризмнің дамуы және туризмнің дамыту барысындағы кедергілер, және де туризм индустриасының Қазақстан Республикасына осы салада қалай әсер етіп жатқанын ашып көрсету.

І-тарау. Қазақстандағы туризмнің даму тарихының теориасы

1. 1. Көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі қазақстандағы туризмнің дамуы мен қалыптасуы

Қазақстандағы үйымдасқан саяхат пен туризмнің тарихы негізінен әлемдік туризмнің тарихын дәуірлеумен сәйкес келеді. Дегенмен Қазақстан туризмінің тарихының өзіндік ерекшеліктері де бар.

Қазіргі Қазақстан территориясын біздің жыл санауымызға дейін мекендеген адамдар аңшылық пен терімшіліктен өндірісті еңбекке әлемнің басқа аудандарына қарағанда кешірек көшкен. Қазқстан ғалымдардың пікірінше, біздің республикамыздағы ең көне адамдар осыдан шамамен жарты миллион жыл бұрын пайда болған. Онық негізгі дәлелі - адам қолымен жасалған еңбек құралы, Көне Қзақстандағы түрғындардың өндірістік шаруашылығы б. д. д. ІІІ мыңжылдықта басталған.

Көне әлемнің тарихында қазіргі Қазақстан территориясындағы алғашқы ұйымдасқан саяхаттар басты туристік нысаны-Ұлы жібек жолымен байланысты. Ал оның қалыптасуының бастапқы дәуірі б. д. д. Ш мыңжылдыкқа сәйкес келеді. Б. д. д. зерттеушілер өз еңбектерінде Қытай туралы мәліметтер келтіріп, ол елге баратын жолдардың сипаттамасъш берді. Кейіннен Үлы жібек жолы аталған жолдың алғашқы бізге жеткен сипаттамасы осы. Ал бұл сипатаманың қағазға түсуі - б. д. д. І ғасырдың аяғы. Птолемейдің өзі бүл сипаттаманы біздің заманымызға жетпеген Марк Тирскийдің шығармасынан және саудагерлердің ұрпағы Май Тицнанның Евфрат өзенінің жағасындағы шекаралық қала Гиераполь арқылы Месопотамияны көктеп өтіп, Тигр өзеніне шыққан, одан әрі Мидиядағы Экбатанға, сонан соң Каспий тенізінің онтүстігін орай жүріп, Парфияның астанасы Гекатомпилге, Маргияндық Анохияға, Бактрияға және Камед таулары арқылы (бүл Алай және Алайдан арғы қыраттар болуы мүмкін) Татим өзенінің бассейніне түскен. Ол жерден Қытай астанасына барған. Кейіннен Ұлы жібек жолы деп аталған жолдың классикалық көне сипаттамасы осы Көптеген зерттеушілер ұлы жолға бұл атауды неміс ғалымы ф. Рихтгофен өзінің «Қытай деген кітабында» 877 жылы берген деген пікірді ұстанады. Дегенмен де атақты экономика та-рихшысы А. М. Петровтың пікірінше, мұндай атау көне әлемде де болған. Римдіктер жібек өндірушілер мен сатушыларды «сераң», яғни «жібек адамдары» деп атайды. Келешек атаудың қайдан шыққаны туралы мәліметтер К. Птолемейде де бар, онда жол Жібек еліне апарады. Аллмиан Марцелишің «Тарихыныңң 23-кітабында» «Сералармен» қарым-катынастағы үлкен сауда жолың деп көрсетіледі. Ұлы жібек жолының қалыптасуының үзақ процесс болуы - батыс пен шығыс өркениеттерінің, көне әлем мен Қытайдың бірін-бірі біртіндеп тануының дәлелі. Бірнеше ғасыр, тіпті бірнеше мың жыл әлем Қиыр Шығыстағы ірі отырықшы өрке-ниет иесі Қытай жайлы ешнәрсе білмеді десе де болады. Көне заманның саяхатшылары, зерттеушілері және басқыншыларынық (Геродот, Аристотель, А. Македонский, Эратосфен және т. б. ) ойынша б. д. д. ІІ ғасырға деиін (әлем) Шығыста шөл даламен аяқталады деп түсінді. Ал шындығында Ұлы жібек жолы қазіргі Орталық Азия территориясындағы тарамдары бұрыннан бар болатын. А. М. Петров бойынша, Алдыңғы және Орта (Орталық) Азияның бір-бірімен байланысы сонау б. д. д. ІІІ мыңжылдықтан бастау алады. Сол кездің өзіңде-ақ Бадахшаннан (қазіргі Тәжікстанның территориясы) Иранға көк тас (лазурит) тасылды. Кейіннен Таяу және Орта Шығысқа көгілдір ақық (бирюза), Согдианадан қызғылт сары асыл тас (сердолик) әкелінетін. Ахменидтер дәуірінде лазурит, бирюза, сердоликгер жолы ерекше қарқынмен дамыды. А. М. Петров сондықтан да «Геродит» - маршрутына жолдың орта азиялық бөлігін де қосуға әбден болады дейді. Бадахшан лазуриттері Месопотамия мен Сириядан да табылған. Археологиялык олжалар Тәжікстанның Орта Азия, солтүстік Үндістан, орта Шығыспен байланысының б. д. д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтың басында болғандығын дәлелдейді. Қалыптасқан қарым-қатынастар бойынша Орта Азияға Үндістаннан, Жерорта теңізінен, тіпті Аравиядан келуге болатын Суэц мойнағы арқылы Африкаға баратын. Бадахшан лазуриті тіпті Египеттен де табылды. Орта ғасырдағы Қазақстан жерінде ұйымдасқан саяхаттар мен белгілі бір мақсаттағы туристік нысандардың болғандығы анықталып отыр. VІ -XІV ғасырларда Ұлы жібек жолының солтүстік түркі трасасымен саудамен ғана емес, қажылық, емдік, ағартушылық мақсаттардағы да сапарлардың болғандығына толық негіз бар. Мәселен, монғол-татар басқыншылығы кезінің өзінде қазіргі Қазақстан жерінде кең көлемді иеліктер арасында жақсы қарым-қатынастардың болуы хан жаушылары арқылы іске асып, оларға да демалатын, түнейтін жерлердің қажет болғаны ақиқат. Атақты саяхатшы Марко Поло қазақ жерімен өтетін жолдармен жүре келіп: «Ұлы хаинық» жаушысы Канбаладан қай жол арқылы шықса да олар 25 мильден кейін станцияға, оларша Ямб, бізше ат поштасы, келеді, әдемі үйлер бар. Ол қалалық сарайлардың төсегінде құлпырған жібек көрпесімен бай, мүнда патша түссе де ұялмастай. Қазақстан территориясындағы ең алғашқы туристік нысандардың пайда болуы түркі тайпаларының көші-қонымен, басқыншылықпен байланысты. Қазақстанда алғашқы қажылық туризмді ұйымдастырушы Темір болды, онын атымен байланысты ескерткішті жерлер әр түрлі жылдарда түрлі әлеуметтік туризмдерді үйымдастыруға септігі тиді. Мүндай негізгі ес-керткіш - 1399 жылы Ақсақ Темірдің бүйрығымен Ахмед Яссауиге салынған мавзолей. Қазақстан туризмінің тарихының айрықша табыстарға қол жеткізуі жаңа дәуірде болды. Қазақстанда туристік индустрияның біртіндеп қалыптасуы өлкетану негізінде іске асырылды. Туристік өлкетану табиғатты, еңбек өмрін, тұрмыс пен мәдениетті бір-бірімен байланыста, әсерде қарастырып, негізгі назарды өлкенің саяхат барысы кезінде байқалған ерекшеліктерді байқауға бағытталады. Қазақстандағы өлкетануға арналған зерттеулердің ұзак та қызықты тарихы бар. Кеңестік кезенде Қазақстандағы өлкетану тарихына байланысты бірнеше еңбек жарық көрді. Бүлардың ішіндегі ең бір қызғылықтысы - Тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері А. Н. Мүстафаевтың «Қазақстан тарихы мен мәденнетінің ескерткіштерінің жиеағы» жинақта жарияланған мақаласы. А. Е. Қайназарованың пікірінше, Қазақстанның тұрғысында зерттелуі ХІХ-ХХ ғасырлардан басталады. Қазақстанда Орыс географиялық коғамынық бөлімдері, бөлімшелері Ғылым академиясы, Орыс археологиялык қоғамының Шығыс бөлімшесі, Ресейдің этнографиялық музейлері, Москва университеті жанындағы жаратылыстану, антропология және этнография әуесқойларының коғамы және т. б. мекемелер жұмыс істеген. Қазақстан өлкелерін зерттеу мақсатында Семей еліне 1886 жылы А. Н. Красновтың, 1891-1892 жылдары Н. Ф. Катановтың экспедициялары ұйымдастырылды. Қазақ ауылдарында Г. Н. Потанин, С. Г. Рыбаковтар жүмыс істеді. Бұлармен қатар өз ғылыми жүмыстарын Орыс - Сібір бөлімдері жүргізді. Олар қазақтардың этнографиясы туралы еңбектер жариялап, жергілікті өлкетанушылармен байланысып тұрды. Орыс географиялық қоғамынық қазақ мәдениеті мен тарихының алдағы ерекше сіңірген еңбегі - «Орыс географиялық коғамы-ның» жазбаларыныңң 1904 жылғы жеке томында Ш. Ш. Уәлихановтың этнографияға қатысты негізгі еңбектерін жариялауы. XІX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында Торғай, Ақмола және Семей облыстарын зерттеген статистиктер мен переселен ұйымдарының экспедициясы жинаған өлкетануға арналған бағалы материалдар баршылық. Экспедицияны атақты статистик және этнограф Ф. А. Щербин басқарды, кейінен қазақтың мәдениеті, тарихы және тұрмысы жайлы бірнсше еңбек жариялады. XІX ғасырдың ІІ жартысы мен XX ғасырдын басы аралығында өлкшізді отарлау барысьшда қазақ халқынын революцияға дейінгі мәдениеті, тұрмысы, әдет-ғұрпы және наным-сенімдері жайлы маңызды ғылыми материалдар жиналды. А. Н. Мүстафаевтың жинаған мөліметтер бойьшша, Орьск географиялық қоғамының Орынбор, Түркістан және Семеи бөлімшелерінде Н. М. Потанин, Н. М. Ядринцев, Н. М. Бекчурин, Ы Алтынсарин, Г. С. Карелин, Н. Н. және В. Н. Белосл Юдовтар және т. б. өлкетанушылары болған. Революцияға дейінгі Қазақстанда Орыс географиялық қоғамының бөлімшелерінен басқа Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі. Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясынық еңбектері Қазақстан археологиясын зерттеуден тарихи маңызы зор, - дейді белгілі қазақ археологы К. Ақышев. Өлкетану үрдісіне бүл аты аталған зерггеушілерден басқа академик В. В. Бартольд, Жетісу қазак әскерінің тарихы туралы кітап жазған Н. В. Леденевтер де белсене ат салысты.

Қазақстанда алғаш ресми түрде ашылған ұйымдаскан туристік үйым XX ғасырдық басында Верный қаласында Ресей тау қоғамының бөлімшесі болды, ол 1927 жьшға дейін қызмет етті. Алғашқы ресми тіркілген жорық Верный қаласынан Іле Алатауына, Ыстықкөлге жасалды, оған Алматы қаласынан 17 мүғалім катысты. Бұл жорықты 1929 жылы Г. И. Белопжюв, Ф. Л. Савин, В. М. Зимин үйымдастырды. Бұлар тау туризмінің экскузиастары ретінде Іле Алатауына бүдан басқа бірнеше жорыққа мүрындық боады. Үйымдасқан белсенді туризмнің кең таралуы Қазақстан 1930 жылдан басталады. Осы кезде баспасөзде алматылық Г. Белоглазов, В. Горбунов, И. Мысловскийлердің Кіші Алматы шыңын (теңіз деңгейінен 4376 м) бағындырғаны туралы хабар шықты.

  1. жылы Алматы қаласындағы Жетісу губерниялық мүражайында тұңғыш рет 10 адамнан тұратын туризм мен экскурсид қоғамының тобы ұйымдасты. Оның энтузиастары алъпинистГ. И. Белоглазов, тарихшы В. Д. Городецкий, энтолог Б. Н. Дублицкий болды. Осы топтың бастамасымен туризм және экскурсия қоғамының Қазақ өлкетану кеңесі Әліби Жангелдиннің төрағалығымен қүрылды .
  2. жылы Қазақстанның туристік маршруттарының жолсерігі басылып шықты. Горельник шатқалында туристер күшімен Алматыдан оңтустікке қарай 22 шақырым жерде туристер тауда паналайтын бөренеден түрғызылған баспан салынды. 1936 жылы осы жерге 50 орындық «Горельник» туристік базасы салынды. 1938 жылы алғаш рет туристердің слеті Көкжайлауда өтіп, оған 200-дей адам жиналды.
  3. Қазақстанның туристік қоғамының жұмысы Ұлы Отан соғысы басталысымен тоқтап калды, себебі оның қызметкерлері мен белсенділері соғысқа кеткен еді. «Горельник» турбазасының үйлеріне 1943 жылдың басынан бастап Кеңес әскерінін таулы жерде атқыштардың инструкторларын дайындайтын бүкілодақтық мектебі орналасты. Соғыстан соң Қазақстан үшін альпинистер мен таулы шаңғышыларының спорттық кадрларын дайындай бастады, ал 1953 жылдан қайтадан туристср қабылдана бастады. 1955 жылы Есік көлінің жағасына «Есіктің» турбазасының күрылысы басталды.

1952 жылы Бүкілоддқтық кәсіподақ Қазақстанда туристік-экскурсиялық басқарма ашты. 1958 жылдан бері ол Орта Азиялық туристік-экскурсиялық басқарма деп аталды. 1960 жылы туризм және экскурсия бойынша кеңес болып жасақталды. 1964 жылы Туризм және экскурсия бойынша Қазақ республикалық кеңес және Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Орал деген ұранмен қатарласа жүріп, олар эстафетаны Кордас асуында бауырлас Қырғызстан командасына табыс етті . Үйымдасқан белсенді туризмнің кең таралуы Қазақстаңд 1930 жылдан басталады. Осы кезде баспасөзде алматылық Г. Белоглазов, В. Горбунов, И. Мысловскийлердің Кіші Алматы шыңын (теңіз деңгейінен 4376 м) бағындырғаны туралы хабар шықты.

  1. жылы Алматы каласындағы Жетісу губерниялык мүражайында тұңғыш рет 10 адамнан тұратын туризм мен экскурсид қоғамының тобы ұйымдасты. Қазақстанның туристік маршруттарының жолсерігі басылып шықты. Горельник шатқалында туристер күшімен Алматыдан оңтустікке қарай 22 шақырым жерде туристер тауда паналайтын бөренеден түрғызылған баспана салынды. 1936 жылы осы жерге 50 орындық «Горельникң туристік базасы» салынды. 1938 жылы алғаш рет туристердің слеті Көкжайлауда өтіп, оған 200-дей адам жиналды. Қазақстанның туристік қоғамының жұмысы Ұлы Отан соғысы басталысымен тоқтап калды, себебі оның қызметкерлері мен белсенділері соғысқа кеткен еді. «Горельникң турбазасының» үйлеріне 1943 жылдың басынан бастап Кеңес әскерінін таулы жерде атқыштардың инструкторларын дайындайтын бүкілодақтық мектебі орналасты. Соғыстан соң Қазақстан үшін альпинистер мен таулы шаңғышыларьшың спорттық кадрларын дайындай бастады, ал 1953 жылдан қайтадан туристср қабылдана бастады. 1955 жылы Есік көлінің жағасына «Есік турбазасының» күрылысы басталды. 1952 жылы Бүкілоддқтық кәсіподақ Қазақстанда туристік-экскурсиялық басқарма ашты. 1958 жылдан бері ол Орта Азиялық туристік-экскурсиялық басқарма деп аталды. 1960 жылы туризм және экскурсия бойынша кеңес болып жасақталды. 1964 жылы Туризм және экскурсия бойынша Қазақ республикалык кеңес және Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Орал қалалары өз жүмыс мен кинотеатрлары және басқа да қызметтері бар қонақ үйлері ашылды. Республиканың әсем табиғатты жерлеріне жаңа турбазалар салынды. Мәселен: Павлодар облысының Жасыбай көлінің жағасында «Баянауылң», Қарағанды облысында «Қарқаралың», Шығыс Қазақстан облысының Бүқтырма су қоймасының жаға-сында «Алтайская бухта», Орал қаласында, Жайық өзенінің бойына «Уральская», Шымкент облысының Бадам шатқалындағы «Южная», Көкшетау тауларының арасында «Золотой бор», Ыстықкөлдін жағасында Қазақстанның демалыс үйлері болды, 1959 жылы «Алматың турбазасы», ал 1968 жылы Алматы облысы Талғар ауданының «Горный садовод» ауылына жақын орналасқан «Алматау» турбазасы ашылды. «Медеу мұз айдынының салынуына байланысты «Медеу» және «Алатау» қонақ үйлері жүмыс істей бастады . Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер туризмінің тарихы сонау кеңестік өкіметтің алғашқы декреттерінен бастау алып, олардың орындалуы үшін түңғыш мектептен тыс мекемелер ашылған болатын.

1918 жылдың желтоқсанында елдегі күйзелістерге, ашаршылыққа, жалғасып жатқан азамат соғысына қарамастан, Н. К. Крупскаяңың үсынысы бойынша оқушылардың дүрыс демалуы үшін және көмек есебінде Ресей Федерациясы Халық ағарту комиссариаты мектеп экскурсияларының орталық бюросын үйььмдастырды. Осы кезде жас туристердің, натуралистер мен техниктердің станциялары жүмыс істей бастады .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм саласы даму үстінде
Қазақстандағы ішкі туризм мәселесі
Рекреациялық туризмді жоспарлау және ұйымдастыру
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм деңгейі даму үстінде
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR - технологиялар
Алматы қаласындағы экскурсиялық - танымдық туризм
Ішкі туризм саласының Қазақстанның жетекші саласы болуындағы сенімділігін арттыру
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын pr-технологиялар туралы
Туризмді дамытудағы ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қызметі жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz