Медициналық жоғарғы оқу орындарындағы оқу үрдісі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

а) Медициналық жоғарғы оқу орындарындағы оқу стилі бойынша қолданылатын әдістер.

б) Мед ЖОО- да сабак беру процесі

ІІІ. Корытынды.

Медициналық жоғарғы оқу орындарындағы оқу үрдісі бойынша қолданылатын әдістер Медицина жоғарғы оқу орындарындағы оқу үрдісі бойынша қолданылатын әдістер. Қазіргі кезде медициналық жоғарғы оқу орындарында білікті кадрларды денсаулық сақтау жүйесіне дайындау үшін мынадай педагогикалық әдістер қолданылады:

жоо дәрісі

тәжірибелік сабақтар

семинарлар

лабораториялық жұмыстар мен тәжірибелер

студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы

студенттердің аудиториядағы өзіндік жұмысы

бақылау жұмыстары

өндірістік тәжірибе

Бұл әдістердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, оларды медициналық білім беру жүйесінде тиімді қолдану жолдарын қарастырып көрелік. ЖОО дәрістері. Тіпті жаңа ақпараттық технология заманында да дәріс медициналық ЖОО-дағы білім берудің жетекші түрі болып қала береді. Тіпті интернеттің өзі де дәріскер мен студенттің арасындағы жанды қарым-қатынасты алмастыра алмайды. Алайда бұл дәріскер тым теорияланған және студенттің ішкі әлеміне әсер етпейтін, диссертацияның «академиялық» тілін емес, «тірі, жанды» тілді қолданғанда ғана өзіне қойылған шынайы талапты ақтайды. Қазіргі уақытта медициналық ЖОО-да дәріс мынандай жағдайларда оқылуы қажет:

оқулықтарға әлі еніп үлгірмеген ғылымның жаңа бағыттары пайда болған жағдайда;

жазылып қойған оқулықтардағы материалдарға белгілі-бір түзетулер енгізу қажет болғанда;

студенттердің өздері шеше алмайтын қиын мәселелерге басқа тұрғыдан келу қажет болғанда.

Дәріс әр уақытта кәсіби сана-сезім мен кәсіби ұстанымның қалыптасуына, жеке тұлғаны деонтологиялық тәрбиелеуге, кәсіби дайындыққа кәсіби тұрғыдан келуге бағытталған неғұрлым эмоционалды әсер ету құралы болып саналған. Оқытудың басқа түрлеріне қарағанда дәріске мынадай артықшылықтар тән:

дәріскердің аудиториямен тікелей шығармашылық қарым-қатынасы;

тыңдаушылармен бірлескен шығармашылық;

эмоционалды әсер ету;

студенттерді ғылымның жаңа жетістіктеріне бейімдеудің үнемді тәсілдері;

студенттердің келесі өзіндік жұмыстарына ынталандырудың тиімді тәсілдері,

Сонымен қоса олардың өнімділігі мына көрсеткіштер арқылы бағаланады:

айқын, сендіре алатындай мысалдар мен фактілердің болуы;

ғылымилығы, ақпараттылығы, дәлелділігі және мазмұнының дәйектілігі;

ұсынылған материалдарға мәселелік тұрғыдан келуге көбірек көңіл бөлу;

мазмұн құрылымының айқындығы мен оны ашып көрсетудің қисындылығы;

дәріскердің сауаттылығы, мақсат қою мен мәселені өзектілендіре білу, басты және қосымша қорытындыларға әкеле білу, кері байланыс қалыптастыра алу, жаңа терминдердің жазылуын, қолданылуын, көрнекі құралдарды пайдалана алу шеберлігі арқылы көрінетін дәріскердің әдіскерлік шеберлігі;

дәріскердің аудиториямен өзара эмоционалды қатынасы, ойлау процесін белсендендіруге жағдай жасау, жаңалық эффектісі, пікірталас элементтерінің болуы, зерттеушілік сипаттағы сұрақтарды қою және студенттерді ғылыми және клиникалық ойлану «лабораториясына» қатыстыру.

«Ақпараттық типтегі» дәрістердің артықшылықтарымен қатар «әлсіз жақтары» да (кемшіліктері) бар:

студенттердің белсенділігінің төмендігі;

дәріскер мен студенттің арасында кері байланыстың болмауы;

студенттерде догматизм және тәуелділіктің даму қаупінің болуы.

Интерактивті әдістерді қолдану арқылы «ақпараттық дәрісті» қызықты және тартымды өткізуге болады. Мұндай интерактивті әдістерге мыналар жатады:

Сұрақтар;

Ой түрткі (ойлау әрекеттері) ;

Пікірталастар (дебаттар) ;

Бір сөйлеммен қорытындылау;

Бір минут ішінде эссе жазу;

Бағаланбайтын тестілер;

Тұжырымдамалы тестілер (концептуалды) .

Соңғы кезде дәрісті жүргізудің инновациялық түрлері жасалды және енгізілді (Н. В. Кудрявая және қосымша автор) :

Мәселелі дәріс

Екеу аралық дәріс

Визуалды дәріс

Алдын ала қателермен жоспарланған дәріс

Дәріс - конференция немесе консилиум.

Мәселелі дәріс. Олар шығармашылық оқытумен байланысты және оқытушының мәселелі жағдай тудыра алу шеберлігіне байланысты. Мәселелі дәрістің негізіне қайшылықтарды шеше білу және оны жеңу әдістері арқылы оқыту жатады. Мәселелі дәріске тән белгілер төмендегідей:

- пікірталастық жағдай туғызу;

- пікірталасқа қатысу үшін студенттердің білімін ұйымдастыру;

- жаңа материалдарды мәселелі тапсырма түрінде ұсыну;

- мәселелі тапсырмаларды шешу тәсілдерін іздестіру (дәріскердің пікірі және оған тыңдаушыларды тартуы) ;

- көздеген мақсатқа бір жаңалық сияқты біртіндеп келу;

Мәселелі дәріс кезінде студенттер ізденуге, білуге, зерттеуге тырысады. Биология, гистология, физиология т. б. пәндерді оқытқан кезде визуалдық дәрістер кең қолданылады. Визуалдық дәріс ақыл-ой әрекетімен түсініктердің қалыптасуына негіз болатын визуалдық түрге айналған жүйелі әдістемелі жағынан ӛңделген, студенттердің кезең-кезеңімен жақсы түсінуіне негізделген ауызша ақпараттар. Мұндай дәрістер алдына ала дайындалған визуалдық немесе аудиовизуалдық үзінділерді түсіндіруге келіп тіреледі. Визуалды дәріс кезінде көрнекті құралдарды пайдалану өте тиімді. Оқытушының міндетіне әртүрлі визуалды тәсілдерді (нақты нысандар, суреттер, сызбалар) таңдау және оған жағдай туғызу кіреді:

студенттердің қолдағы оқу материалдарын жүйелеуі;

олардың жаңа ақпараттарды меңгеруі;

мәселелі жағдайларды анықтау мен шешу.

Екеу аралық дәріс. Ол неғұрлым күрделі мәселелерге қарағанда әртүрлі пәндердегі үлкен ғылыми материалдарды бір-біріне жақындастыруға мүмкіндік береді. Бұл дәрісте теориялық және тәжірибелік сұрақтар арқылы шындық жағдайлар диалогты түрде талқылынады.

Дәріс тақырыбы бір ғана мәселеге түрлі ғылыми мектеп өнімдерінің пікірталастыруына мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда пікірталас жүргізуге тән бірнеше шарттарды сақтау.

Осындай диалогқа студенттерді тартуға да болады (олар сұрақ қояды, өздерінің көзқарастары туралы сұрақтарды талдайды) . Екеу аралық дәрістерде белгілі-бір тарамдарды қажет етеді, олар:

интеллектуалды және жеке тұлғалық түсінушіліктер;

коммуникативті дағдыларды дамыту;

талқылау барысында жылдам шешім қабылдау;

тез шешім қабылдау қасиеттері;

Екеу аралық дәріс студентке мәселелерді тәжірибеде терең, жан-жақты шешуіне көмектеседі. Алдын ала қателермен жоспарланған дәріс бірнеше қызмет атқарады:

мотивациялық

диагностикалық

бақылаушы

Мұндай дәрістер үшін бастауыш материалдар дәрігерлік қателер болуы мүмкін (диогностикалық, мінез-құлықтық, этикалық т. б. ), ескірген, қате ғылыми түсініктер. Оқытушы осындай дәрістерді дайындауда, оның мазмұнына белгілі-бір көлемде қателер енгізеді. Дәрістерді оқудан бұрын оқытушы студенттерге өзінің ойын айтады, байқалған қателерді қадағалап отыруды ескертеді. Дәріс оқылып болған соң дәріскер қателер тізімін айтып, оларды студенттермен бірге талқылайды. Мұндай дәрістер студенттерді мұқият тыңдауға бейімдейді және дәріскердің оқу материалдарын олардың түсіну деңгейлерін тез бағалауына мүмкіндік береді. Дәріс-консилиум немесе конференция студенттердің оған алдын-ала жазбаша қойған сұрақтарының жауаптары берілген құралымдық мәтін. Сұрақтар студенттердің қызығушылығы мен білім деңгейін көрсетіп беруі тиіс. Дәріскер дәріс соңында сұрақтар мен жауаптарға талдау жасайды. Мұндай дәрістерді былай өткізу ұсынылады: ● алдымен үлкен бөлімдер мен пәнді оқытуда, студенттердің мүмкіндігі мен бағыттылығын айқындау. ● пәнді немесе үлкен бӛлімді оқытудың соңына материалды бекіту және жүйелеу үшін, қорытындыны шығарып, әрі қарай жұмыстың жоспарын анықтау. Дәріс таным мен ізденістің бастау алаңы болуы үшін, оған танымдық бағыт берудің, өтіліп отырған пәннің объективті маңыздылығын дәлелдеудің, оның субъективті мәнін ашудың, тыңдаушыларды ойлануға мәжбүрлеудің маңызы өте зор. Деректерге шолу жасап, идеяларды, қорытындыларды салыстыра және ғылыми бағыттарға, әдістерге талдау жасай отырып, дәріскер негізгілерін бөліп алады, тыңдаушылардың назарын негізгі жағдайлар мен маңызды сұрақтарға бағыттайды, оқу әрекеттерін ұйымдастыру туралы кеңестер береді, дереккӛздерді оқуға, ізденуге, эксперимент жасауға олардың қызығушылықтарын оятады. Тәжірибелік сабақтар , семинар сабақтары . Семинар сабақтарында (латын сөзі seminarium көшет өсірілетін ыдыс ) студенттердің өз бетінше жұмыс істеуіне үлкен мүмкіндік беріледі. Семинар - белгілі бір оқу материалдарын (теориялық, қолданбалы, мәселелік) оқытушының жетекшілігімен топпен талқылау формасы. Семинар білім беруде бірнеше қызмет атқарады:

дамытушы (сыни, шығармашылық ойлауды дамыту, сендіре алу, өзінің көзқарасын негіздей және қорғай алу) ;

ұйымдастыру - бағдарлау (әдістемелік құралдармен жұмыс, дерекөздерді іздеу, әдістерді таңдау және мәліметтерді өңдеу т. б. ) ;

мотивциялық (танымдық қажеттілікті дамыту) .

Әдетте семинар дәрістерден кейін ӛтіледі және студенттердің білімдерін тереңдетуге және тәжірибеде оны қолданудың жолдарын талдауға негізделген. Семинар сабақтары студенттердің білімін жүйелеуге, нақтылауға, тексеруге, терминдерді меңгеруге және оларды еркін қолдануға, ғылыми тілде өз ойын нақты айтуға және дәл үйренуге, фактілерді талдауға, диалог жүргізуге оппонент болуға мүмкіндік береді. Семинарда студенттердің интеллектуальды жұмыстары жеке тәжірибеде қолданылады. Алайда, жоғарыда айтылғандай топтың формасы да (топтың көлемі 3-4 30

адамнан болғаны жөн) болуы мүмкін. Семинарда топтық интеллектуалдық тапсырмаларды кезеңдік қолдануда оқытушы барлық оқитындардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді; студенттердің өзара ынтымақтастық дағдысына ұластыру; ынтымақтастықтың және еңбек бӛлінісінің уақыты есебінен үнемдеу топтың жетістіктерімен идентификацияны жүзеге асыру. Семинардың нәтижесінің маңызды жағдайы мыналар болып табылады: ынтымақтастықтың атмосферасы, өзара түсінісушілік, сенушілік жағдай, даулы (пікірталастық) идеяларды айту, студенттердің қателесуіне жол бермеу. Семинар сабақтары қызықты, әсерлі өтуі үшін интербелсенді әдістерді қолдану керек. Семинардың маңызды элементі пікірталас болуы мүмкін (латын сӛзі discussion - қарау, зерттеу) - ол кӛпшіліктің қандай-да бір даулы сұрақтарды, проблемаларды талқылауы. Оқытушының негізгі міндеті: дискуссияның «қызуын ӛршіту» оны жүргізудің әдебін дұрыс бағыттау, ғылыми ізденістің пәннен ауытқуына жол бермеу. Жасампаздық конфронтация әдісі пікірталасты ӛткізуге жағдай жасайтын тиімді тәсіл болып табылады (тым ымырашылдық семинарға қатысушылардың жабырқауы мен зерігуіне әкеледі) . Ой пікірлердің тәуелсіздігін, аяқ астынан болуын кӛтермелеу, көзқарастарының қарама-қайшы болуын дамыту. Оқытушы (референт) дискуссияның тиімділігін арттыру үшін орындататын сұрақтар дайындап алуына болады; топтың проблемаларын анықтау, тақырып бойынша көркем мысалдарды жетілдіру және салыстыру; дискуссияның (басты пункті) түйінді сұрақтарын құру және бөліп алу. Дискуссия әрқашан қорытындысын шығарумен және пікірлерді шолумен аяқталуы тиіс. Дискуссиялық форма студенттердің шығармашылық қиялын дамытуға, сыни және креативті ойлауға ынталандырады, шындықты және т. б іздеуді жүзеге асырады. Дискуссияға жақын мәселелерді көпшілік талқылаудың бір формасы - диспут (латын сӛзі disputar - байымдау, айтысу) - өз ұстанымдарын қорғайтын екі немесе одан да кӛп жақ қатысатын қоғамдық және ғылыми тақырыптарға арнайы дайындалған және ұйымдастырылған кӛпшілік пікірталас. Семинар диспуттың мақсаты дүниетанымдық ұстанымын бекіту, баяндауды қалыптастыру болып табылады. Диспутты сәтті ӛткізу үшін маңызды дайындық керек, мәселелермен таныстыратын бағыт-бағдар және дәрісханада адекватты атмосфера құру қажет. Диспутқа қатысушыларды кіші топтарға бӛліп, әрқайсысына алдын ала дайындалған сұрақтар беріп, аргументтер мен хабарларды дайындау диспуттың табысты болуы тақырыптың ашылуы мен әр түрлі екі жақтың ұстанатын қорытындысымен көрінеді. Оқытушы диспуттың міндеттерін, оны жүргізудің жорамалын, қатысушылар талқылау нәтижесіне қол жеткізу үшін мұқият ойластыруы қажет, қорытындысын талқылау натижесіне қол жеткізу үшін мұқият ойластыруы қажет. Жүргізуші қарсы сөйлеушіге сөз береді, регламентті сақтауын қадағалап, шығып сӛйлейтіндердің кезегін реттейді, талқылау соңына дейін дұрыс жүргізілуіне қам жасайды. Диспут қорытынды шығарумен аяқталады, пікірталас жүргізген екі жақтың сұрақтары қаншалықты терең және әдістемелік шындыққа қаншалықты лайықты қойылды, қанша жауаптары дұрыс болды және екі жақтың мәселелерді меңгеру сапасы қандай мақсатта болды; қызықты қойылған сұрақтар мен жауаптарды және кіші топтардың дайындық сапасы мен белсенділігіне баға беріледі. Студенттердің өзіндік жұмысы дегеніміз - оқытушы жетекшілігінің қатысуынсыз өтетін білімді меңгеру іс-әрекеті. Ол өзінше білім алуды қалыптастырады, үздіксіз білім алу базасын құрады, өздігінен біліктілігін көтеруге мүмкіндік алады. Оқытушының бақылауымен жүргізілетін өзіндік жұмыстардың түрі:

1) Тәжірибелік сабақтар мен дәрістерде жүргізілетін өзіндік жұмыс;

2) Сабақтан тыс жүргізілетін өзіндік жұмыс.

Дәрісханадағы өздік жұмыстардың мазмұнды элементтері: дәрістерді жазу және тыңдау шеберлігі семинарда, конференцияда, топтық сабақтарда баяндаушының сөзін сын тұрғысынан бағалау; сын пікірді, баяндаманы, өзінің сӛзін шығармашылық жағынан құру; сынақтар мен емтихандарға жемісті дайындалу.

Дәрісханадан тыс өзіндік жұмыстардың мазмұнды элементтері: алғашқы дерек көздермен, құжаттар және кітаппен жұмыс және конспект жасау; дәріс материалдары бойынша жазу және түзету; оқулық, оқу құралдары және басқа ақпарат көздері бойынша материалдарды толықтыру, реферат жазу, семинарларға, конференцияларға, «дөңгелек үстелге» дайындалу; зерттеу

жұмыстарын өткізуге қатысу; әр түрлі зерттеу тақырыптары мен оқу жұмысындағы мәселелерге талдау жасау; іскерлік ойындарға дайындық, диплом және қурстық жұмыстарды орындау, сынақ пен емтихандарға және т. б. дайындық. Студенттердің өзіндік жұмысына негізінен өткен материалдарды ұғыну немесе жаңа ақпараттарды меңгеру жатады. Осы және басқа жағдайларда негізгі әдебиеттерді пайдалану қажет болады. Кітаптар мен жұмыста өзіндік бірізділік бар: алдымен кіріспе немесе алғы сөздің мазмұнымен, жалпы құрылымымен танысу; көрсетілген мәселелер туралы біртұтас мәлімет алу үшін, басынан аяғына дейін оқу, материалдарды терең ұғыну үшін қайта оқу, негізгі идеяларды ерекшелеу, сыни және позитивті сұрақтарды көру, дәйектердің жүйесін тізу. Оқу ережесінде ұғымдар және терминдермен жұмыс, бұл ғылыми кітаптарды белсенді пайдалануға және түсінуге мүмкіндік береді; авторлардың идеясын есте сақтау, осы және басқа тұжырымдамалардың негізгі бағыттарын бөліп алу, мүмкіндігінше оқылған материалдың тізімін жүргізу. Бұл студенттерге білім жүйесін меңгеруге, оларды есте сақтауға және анықтап белгілеуге мүмкіндік береді. Конспектіде (латын conspectus -шолу) автордың жаңадан енгізген деректерінің негізгі ұстанымдық жағдайлары, негізгі әдістемелік жұмыстары, дәйекті айғақтардың кезеңдері және қорытындылары бейнелегені жөн. Конспектіні жүргізудің түрі әр түрлі болуы мүмкін, бірақ конспект әрқашан автордың аты-жөні көрсетілуімен, жұмыстың толық аты, басылым жылы және орны жазылуымен басталады. Конспект «көзсіз» тұтастай мәтіннен тұратын болмауы керек. Керекті мәліметтерді тез табу үшін, ерекше маңызды жерлер, айқын мысалдар әр түрлі символдармен ажыратылады. Конспектіге жеке пайымдауларды, конспект жазғаннан кейінгі немесе үрдіс кезіндегі ойларды, анықтауды қажет ететін сұрақтарды жазу керек. Рефератты дайындау (лат. referre -баяндау, хабарлау) студенттердің білімін тереңдету және кеңейтуге себепші болады. Студенттік рефераттар ереже бойынша семинар сабақтар мен дәрістерде оқыған материалдармен, негізгі сұрақтармен толықтырылады және дамытылады. Жетекші орынды кәсіби қызығушылықты таныстыратын тақырыптар орын алады, өзіне жаңашыл элементтерді қамтиды. Реферат материалдарында ғылыми жұмыстардың, кітаптар мен мақалалардың, алғашқы құжаттардың жазбаша үлгісі таныстырылуы тиіс. Рефератты дайындау барысында студент білімді жүйелеуді, қайта өңдеуді, талқылауды үйренеді, нақты құбылыстарды саралауды, осылайша қарастыра отырып, ғылыми зерттеу дағдыларының алғашқы қызметін меңгереді. Рефератқа бірнеше деректердің шолуы енгізілуі тиіс және семинарда белгілі бір тақырыптағы баяндама айтылуы тиіс. Реферат жазу қосымша оқу формасына жатады. Маңызды болса да қосымша оқу формасына жоғары мектептерде конференциялар мен коллоквиумдарды жатқызады. Конференция - бұл нақты кӛрсетілген мәселелер бойынша білімді ғылыми хабарлау түрі. Конференция шығармашылығымен, пікірталастығымен, өзіндік сипатымен ерекшеленеді, оған алдын ала бағдарлама жасалады (қатысуға өтініш беріледі) және бекітіледі. Семинарға қарағанда мұнда талқыланатын мәселелер ғылыми, терең және жан жақты жеке мәселелер қарастырылады. Коллоквиум - тарау бойынша, тақырыптық блок бойынша оқытушының студенттермен білімдерін анықтау мақсатындағы әңгімелесу. Осылайша оқытушы-профессорлар құрамына оқу-тәжірибесі мен әдісінеғ олардың барлық мүмкіндіктеріне таңдау жасалады. Осы әдістерді дұрыс қолдану арқылы білім сапасын көтеріп, студенттер үшін оқыту үрдісін қызықты етеді, ең бастысы университет қабырғасында оқытудың жылдан-жылға, пәннен пәнге жүйелі болуы халықаралық деңгейдегі бәсекеге қажетті білікті маман даярлау қалыптасады. Инновациялық бағыттың арқасында оқыту нәтижесінің маңыздылығын, білімді меңгеріп, оны практикада қолдануды көтеруге болады. Медициналық білім беруде тұрақталған парадигмалардың өзгеруі медициналық ЖОО-ның студенттерін дайындаудың деңгейін жоғарылатып қана қоймай, сонымен қатар ПОҚ-ң тұлғалық өсуі мен дамуын ынталандырады, оларды алға жетелейді, өздіктерінен жетілдіреді оқытушылар арасында лайықты бәсеке қалыптастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары және арнайы орта оқу орындарындағы жастардың дене тәрбиесі
Германиядағы әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың ерекшелiктерi
Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің қызметін жетілдіру ұйымдастырушы экономикалық аспектілері
Еңбек гигиенасы курсынан дәрістер кешені
Кәсіби деформация
Гигиеналық дене шынықтыру
Ағылшын елдерінде болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау ерекшеліктері
Біртұтас педагогикалық процестің теориялық мәні
ҚР білім беру туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі
Студенттер мен күресшілердің дене дайындығының функционалды мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz