Менеджерге қойылатын талаптар туралы


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Менеджерге қойылатын талаптар

Менеджмент «философиясының» бірыңғай түсінігі жоқ, оғаң мамандар әр түрлі түсінік. береді. Көп жағдайда ірі корпорациялар менеджерге өз талаптарын қоюға тырысады.

Мәселен кәсіпорынды басқарудың көп жылғы тәжірибесі негізінде американдық менеджер Ли Якока (1924 ж. ) менеджерлер жұмысын ұйымдастырудын мынадай принциптерін ұсынады.

- төңірегіңе жақсы жандарды топтастыр, интеллигенптерге және қабілетті адамдарға сүйен;

- өзіннің бірінші кезектегі мүдденді айқында, күнделікті іс-әрекетіңнің жазбасын жүргіз, ен күрделі проблемаларды текстің бірінші бетіне жазып қой;

- нақты іс жөнінде айт, қалай айтсаң, солай жаза біл, жүргізілген талдаулар мен қорытындылар материалдарға негізделсін, әрі нақты, кімге арналғаны белгілі; ал ұсынылатын шешімдердің варианты - шағын болсын;

- басшы штаб пен өндірістік сала аралығындағы кикілжін қымбат уақыт пен күшжігерді бос жіберу екендігін ұмытпа. Басшы екіжақтың да жауапкршілігін дұрыс шектей білуі тиіс. Штабтың бірінші кезектегі міндеті - басшыға жәрдемдесу, әрі өндіріс

учаскесіне дұрыс ықпал ете білу;

- әркімің билік аясын нақты айқында, адамдардын дербес жұмыс істеуіне мүмкіншілік бер;

- сын-ескертпелерді, әртүрлі көзқарастарды ескер, оларды дұрыс пайдалан;

- пайда болған өзгерістерге көңіл аудар, әрбір күндік түйінді мақсаты - барынша пайда табуға қамқорлық жасау екендігін есте сақта;

- өз жұмыс стиліңді тап, әрі соны қолдан (5) .

Шет елдің кейбір жоғары басшы корпорациялары менеджерлер үшін үш өсиет айтады: адамды құрметтеу, клиентке көніл бөлу және жұмыстың жоғарғы сапасы(б) . Ал «Уэлкомбэроз» компаниясы басқарушы үшін ол өсиетті келтіреді: «адалдық. әдептілік, адамды құрметтеу, ұжымдық жұмысқа қабілеттілік, зерттеуге икемділік, жұмыс сапасы, азаматтық сезімділік, тиімділік және бейімделушілік»

Еуропалық менеджерлер қазіргі кезде қатал талапты өзгерістерді және қауіп-қатерді бастан өткізуде. Басқару жөніндегі ағылшын консультанттары М. Вудкок пен Д. Фрэнсистін «Басыбайлықтан босанған менеджер» (1981 ж. ) кітабында алдағы онжылдықта басқару ұшін менеджерлерде мынадй дағдылар мен қабілеттер болуы тиіс деп есептейді:

- өзін меңгере білу;

- жеке басының бағалы қасиеттері;

- жеке өзінін айқын жоспарлары;

- жеке басын үнемі жетілдіріп отыру;

- проблемаларды шешуге дағдылану;

- өнертапқыштық және инновацияға қабілеттілік;

- маңайындағы адамдарға ерекше ықпал ете білетін қабілет;

- қазіргі басқару әдіс-тәсілдерін білу;

- басшылық ету қабілетін;

- қол астындағы адамдарды баулып, жетілдіре білу:

- тиімді жұмысшы топтарын қалыптастыру және дамыту

қабілеті (7) .

Әрбір басқару міндеттері белгілі бір нақты талаптарды қоятындықтан, авторлар жоғарыда аталған факторларды кез келген жағдайға қатысты деп есептемейді. Алайда, бұл аталған факторлар әрбір жұмыскерлердін берілген жұмысты орындау мүмкіндігін бағалауды қамтамасыз ететіні сөзсіз. Менеджерде осы аталған

дағдылар мен қабілеттердің кейбіреуі жетіснеген жағдайда, мынадай шектеулер пайда болады;

- өзін менгере білмеу;

- жеке басының қасиеттерінің болмауы;

  • жек басында көмескі мақсаттың болуы; жеке басын жетілдірудің тоқырауы;

- проблемаларды шешу дағдысының жеткіліксіздігі;

- творчестволық ықпалдың жеткіліксіздігі;

- адамдарға ықпал ете алмаушылық;

- басқару еңбегінін ерекшеліктерін жете түсінбеушілік;

- басшылық дағдысының осалдығы;

  • баули білмеушілік; ұжымды қалыптастыру қабілетінің темендігі (7) .

Өзінін. болашағын тандай білу немесе соған ықпал ету қабіліеті, сірә. адамдар үшін қүндылау болуы тиіс, алайда өз мүмкіндігін толық жүзеге асыратыңдар ілуде біреулер. Сондықтан әр адам өз іскерлігін жетілдіріп, дамытып отыруы тиіс.

Американ менеджмент мектебі жеке басшының

12 ережесін ұсынады:

1. Басшы куғындаушы болмауы тиіс. Өйткені қуғындаушы қарамағындағы аламнын ізіне Түседі, ал нағыз басшы соңынан ертеді. Қуғындаушы өзінің билігіне, ал басшы - сонына ерушілердің ықпалы мен көмегіне сүйенеді. Қуғындаушы өзіне бағыныштыларды өсек пен күдік әлеміндегі өмір сүруге мәжбұр етеді. Ал, басшы қарамағындаағыларды қауырт іске, сан алуан проблемаларды шешуге жұмылдырады.

2. Басшы өіз ісіне сенімді болуы, батыл мақсат қойғыш, табанды болуы әрі осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс.

3. Басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуі тиіс.

4. Ол қол астындағылардың уақытын бағалай білуі тиіс.

5. Басшы қатал, әрі талап қойғыш болуы тиіс. Алайда қаталдық пен талап қойғыштық ешқашан еш кінәмшілдікке, мейірімсіздікке апармауы тиіс.

6. Сынды қабылдай білуі, әрі өзі әділ сынай білуі тиіс.

7. Басшы жылы шырайлы, әрі әдепті болуы тиіс.

9. Әзіл-оспақты түсіне білуі тиіс. Әдетте әзілдесу жақсы көңіл-күйге байланысты, ал көңілділік еңбек өнімділігіне ықпал етеді.

10. Айта да, тындай да білу керек.

11. Үнемдеуге тырысу керек. Біреу Эйнштейинен былай деп сұрапты: «Сіз барлығын, тіпті ен күрделі проблемшіарды формуламен бейнелей аласыз ба, сіз өмірініздегі жетістікті формуламен жаза аласыз ба? Сонда Эйнштейн былай деп жазыпты: «Х+Ү= жетістік, Х - жұмыс істей білу, Ү - үнемдеуге тырысу».

12. Басшы қарамағындағыларды жақсы білуі тиіс. Мүнын өзі әсірсе үлкен ұжымда аса маңызды психологиялық кезен. өйткені ондай ұжымда адамның «үміті үзілуі» мүмкін. Америкадағы қолданбалы психологиянын профессоры Д. Дэрд фирманын пезидентінен мынадай мысал келтіреді. Әр күні танертең онын қатшысы бүгін кімнің туған күні, кімнің баласы туған, кім үйленгені туралы айтып отырады екен. Содан кейін президент телефонды алып былай дейтін көрінеді: «Ал, Джордж, сенің қызын кеше тұрмысқа шыққанын білемін, құтты болсын!» Президенттін ойынша, осылай деу оның жұмыста табысты болуына ыкпал етеді.

Американың халықаралык даму жөніндегі агентгігі мем АҚШ-тың ұлттық ғылыми қоры көмегімен «Манбер энд компаниясы» фирмасы жүзеге асырған «Кәсіпкерлік көріністі» анықтаудын бесжылдық жобасының деректері ерекше назар аударуға тұрарлық. Американдық басқару ассоциациясы. . Осы зерттеу методикасын әр елдегі кәсіпкерлік мүмкіндікті анықтау үшін пайдаланады. Осындай зерттеу нәтижесінде табысқа жететін жеке адамдарға тән мынадай 10 түрлі сипаттама беруге мүмкіндік туды:

- мүмкіндіктер мен бастамаларды іздестіру (кәсіпкер жана әрі әдеттен тыс іскерлік мүмкіндіктрді пайдаланады; ол бұл жағлайға мәжбүр болардан ерттерек кіріседі) ;

- табандылық пен өжеттілік (кездесетін қиындықты жеңуге әрқашанда дайын болады; ойлаған мақсатына жету үшін гстратегиясын үнемі айқындап, өзгертіп отырады) ; тәуекел етуге дайын тұру (біреуге «жалтақтамай», тәуекел, ету бел шешіп кірісу, бірақ бір іске батыл кіріскенде, онын нәтижесі қандай боларын алдын ала топшылау) ;

- тиімділік пен ұйымдастыру (бұйымды өте жақсы, тез әрі ан шығарудың жолдарын іздестіру, тиімді стандарттарды жетілдіруге, жақсартуға тырысу) ;

- жұмысқа қатысуға жұмылдыру (жұмыстың орындалуы үшін өзіне үлкен жауапкершілік артып, осы максатта бар күш-қайратын жұмсау) :

- мақсаттылық (мақсатын айқын белгілеу; ұзақ мерзімді болжалдай білуі: қысқа мерзімдік міндеттерді ұдайы қадағалап, қажетті өзгертулер енгізіп отыру) ;

-- болып жатқан өзгерістерді жіті қадағалау (клиенттер, жабдықтаушылар туралы ақпараты жеке өзі жинайды, осы мақсатта өзінің жекелей және іскерлік байланыстарын пайдаланады) ;

- үдайы жоспарлау және бақылау (ірі міндеттерді салалық міндетерге боліп жопарлайды, қаржы көрсеткіштерін қадағалайды, әрі шешім қабылдағанда осыларды ескереді, жұмыстың орындалуын ойластырады немесе оны жүзеге асыру шараларын қарастырады) ;

- байланыс орнатуға кабілеттілік (адамдарға ықпал ету, өз мақсатына жету үшін іскерлі және жекелей байланыстарын пайдаланады) ;

- тәуелсіздік. және өзіне сенімділік (басқа адамдар тарапынан басқаруға және бақылауға тәуеліз болуға ұмтылу, қарсы жақпен кездескенде немесе жетістік брлмаған жағдайда тек өз мүмкіндігіне ғана сенеді) .

Кейбір кәсіикерлерге тән кемшіліктер мыналар:

- қысқа мерзімге арналған шешімдер қабылдауға әуестенушілік (мүндайдаресурс өсімі шектеулі болады) ;

  • іс-әрекетті жетістіктерді немесе алдағы нәтижелерді өсіре бағалауға әдеттенушілік;

-жұмыс бабындағы кертартпалық, ұйымды ұлғайту жене байланысты күрделендіру жағдаиында өз көзқарасынан таймау;

- бірынғай стратегйялық бағдарынын басым болуы.

Жапон менеджерлері қандай ерекшеліктерге ие болуы тиіс?

1. Жапон менеджерлерінің ойлау стилі олардың дәстүрлі принциптерге негізделген шешімдер қабылдауында айрықша көрінеді. Мүндайда топтау принциптері мен тұтастай келісімге келу . жағы сакқталды.

2. Кәсіпкерлік және онертапқыштық . Жапон менеджерлерінің шеберлеріне лайықты баға бере отырып, шетел мамандары олардың жан-жақты іс-әрекеттеріне айрықша көңіл бөлді. Ағылшын социологтарының пікірінше, жапон менеджерлерінде икемділік, ептілік, түйыктылық, батылсыздық қасиеттер байқалады. Алмерикандық зерттеушілдердін топшылауынша, оларда бірінші кезекте өктемдік әрекеттер басым болады. Бұл зерттеушілердің!

Пайымдауынша, мұндай ерекшелік жапон қоғамыпда төмен шенділердін жоғарғы шенділерге бағыну, копшілік болып ақылдасу. үлкендерді құрметтеу дәстүрлерінен туындаған. Біздін онымызша. басты ерекшелігі - іскерлігінде яғни жинақтылығында, тапқырлығында, болып жатқан өзгерісті тез анғаратындығында. қиын жағдайда ең қолайлы шешімді таба білетіндігінде.

3. Белгілі бір жағдайда көнгіштік таныту, мүнын өзі біршама

істі тындыруға мүмкіндік береді.

4. Кішіпейілділік бұл жапон халықтарыын көнеден канына сінген қасиет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджерге қойылатын талаптар және міндеттері
Менеджерлік қызметті ұйымдастыру
Менеджмент философиясы
Ұйым туралы түсінік
Менеджмент ғылым ретінде
Жаһандану және бәсеке күресінің өршерлену жағдайыда басқару
Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы жайлы
Менеджменттің мәні
Ұйым туралы түсінік, оның түрлері
Халықаралық компаниялардың іскерлік этикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz