Халықты жұмыспен қамтамасыз ету



Кіріспе
1. Халықты жұмыспен қамту және азаматтарды еңбекке орналастыруды құқықтық реттеу
2. МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ.
3. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Алматы қаласында Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамтамасыз ету туралы", "Әлеуметтік атаулы көмек туралы" заңдарын, "кедейшілік және жұмыссыздықпен күресу бағдарламасын" іске асыру бойынша жұмысы өткізілуде.
Әуезов ауданы жоғары халық тығыздығымен сипатталады, сонымен қатар, жоғары көрсеткіштегі әлеуметтік жүктемемен сипатталынып, сондықтан, 2007 жылдағы әлеуметтік қорғаудың бірінші басымдылығы - аудан халқының дәулеттілігін жақсартуды қамтитын әлеуметтік бағдарды нығайту болып табылады. Қазір өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздар санын азайту мақсатында - халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру жұмысы жалғасуда.
2007 жылдың 29 мамыр күні, сағат 12.00-де Әуезов ауданы "Шаңырақ-2" ықшам ауданындағы №26 орта мектепте халықты жұмыспен қамтудың бірден-бір жолы болып табылатын бос орындар жәрмеңкесі өтті. Аталған шара «Шаңырақ -1,2», «Әйгерім», «Ақбұлақ» ықшам аудандарының жұмыссыз азаматтарына арналып ұйымдастырылған еді. Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары Әуезов ауданы әкімінің аппараты мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама Басқармасы болып табылады.
Бос орын жәрмеңкесіне Әуезов ауданы жұмыс берушілері, "Еңбек биржасы" мен Алматы қаласының кәсіпорындары: «ДАСУ» АҚ, «Жігер» АҚ, «Электротранссервис» АҚ, «ЦиннҚаз» ЖШС және «Базис-А» корпорациясы шақырылды.
Жұмыспен қамту Департаменті қызметкерлерінің айтуы бойынша, "мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға кепілдік береді, халықтың мақсатты топтарының жұмысқа орналастыруына, бірінші кезекте тұрмыс жағдайы нашарларға, 21 жасқа дейінгі жастарға, жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға, 25 жасқа дейінгі ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға, жалғыз басты және көп балалы аналарға, мүгедектерге көмек көрсету жөніндегі қосымша шараларды қамтамасыз етеді."
Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған рыноктік экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы - адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылумен, еңбек саласындағы әр алуан қисылтаяң ахуалдар көрінісінің алдын алумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрумен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен жұмыссыздықтан қорғаумен біртұтас түрде қаралуға тиіс. Рыноктік қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі - еңбеккерлердің жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде қолданыла бастаған болатын.
Жұмыспен қамту қызметі адамдарды еңбекке орналастыруға, жұмыс берушілерді жаңа жұмыс органдарын жасағаны үшін ынталандыруға бағдар беру керек. Бұрын жұмыспен қамту мемлекеттік қызметі болды, ол осы іспен шұғылданды, ал қазір мұнымен кәсіпорын құқығын пайдаланатын биржалар шұғылданады. Ал олардың атқарып жүрген қызметі нашар. Көбінесе, кәсіпорын жұмысқа алған адамдарды «биржа қызметкерлері жұмысқа арнайы орналастырды» деген жалған анықтамалар жинайды екен. Сол үшін мемлекет бюджетінен олар ақша алады. Шағын несие беру, импорттың орнын басу сияқты мәселелер де бар.Ол мәселелер кедейшілікпен күрес бағдарламасында өз орнын тапты. Бұл бағдарламада, қазіргі кезде тек дүниежүзілік банктің, халықаралық валюта қорының ұсыныстарына ғана сүйенуге болмайды.
Еңбек рыногі саясатының белсенді шараларының басымдығы бар деп танылғанымен, барлық қаржылық міндет жергілікті бюджеттерге жүктеледі. Олар көп жағдайда белсенді шараларды атқару үшін қажетті қаражатты таба алмайды. Аудандық деңгейде жұмыспен қамту қызметінің ұйымдық құрамы мен қаржыландыру туралы мәселе әлі күнге дейін толық шешілген жоқ. Қазіргі кездегі негізгі міндет осы шаралардың нәтижесі мен тәжірибесін бағалауда болуға тиіс. Осы талдау негізінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшін кеңестер мен ұсыныстар жасалуға тиіс, ол атап кеткен салық саясаты, ақша саясаты, инвестиция саясаты сияқты мәселелер жұмыспен қамту саясатының маңызды құралдары болып саналады. Осы құралдар арқылы қазақстандықтар мұқтаж болып отырған жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етіп жасай алады.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамтамасыз ету туралы", "Әлеуметтік атаулы көмек туралы" заңдарын, "кедейшілік және жұмыссыздықпен күресу бағдарламасын" іске асыру бойынша жұмысы өткізілуде.
Әуезов ауданы жоғары халық тығыздығымен сипатталады, сонымен қатар, жоғары көрсеткіштегі әлеуметтік жүктемемен сипатталынып, сондықтан, 2007 жылдағы әлеуметтік қорғаудың бірінші басымдылығы - аудан халқының дәулеттілігін жақсартуды қамтитын әлеуметтік бағдарды нығайту болып табылады. Қазір өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздар санын азайту мақсатында - халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру жұмысы жалғасуда.
2007 жылдың 29 мамыр күні, сағат 12.00-де Әуезов ауданы "Шаңырақ-2" ықшам ауданындағы №26 орта мектепте халықты жұмыспен қамтудың бірден-бір жолы болып табылатын бос орындар жәрмеңкесі өтті. Аталған шара Шаңырақ -1,2, Әйгерім, Ақбұлақ ықшам аудандарының жұмыссыз азаматтарына арналып ұйымдастырылған еді. Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары Әуезов ауданы әкімінің аппараты мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама Басқармасы болып табылады.
Бос орын жәрмеңкесіне Әуезов ауданы жұмыс берушілері, "Еңбек биржасы" мен Алматы қаласының кәсіпорындары: ДАСУ АҚ, Жігер АҚ, Электротранссервис АҚ, ЦиннҚаз ЖШС және Базис-А корпорациясы шақырылды.
Жұмыспен қамту Департаменті қызметкерлерінің айтуы бойынша, "мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға кепілдік береді, халықтың мақсатты топтарының жұмысқа орналастыруына, бірінші кезекте тұрмыс жағдайы нашарларға, 21 жасқа дейінгі жастарға, жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға, 25 жасқа дейінгі ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға, жалғыз басты және көп балалы аналарға, мүгедектерге көмек көрсету жөніндегі қосымша шараларды қамтамасыз етеді."
Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған рыноктік экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы - адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылумен, еңбек саласындағы әр алуан қисылтаяң ахуалдар көрінісінің алдын алумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрумен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен жұмыссыздықтан қорғаумен біртұтас түрде қаралуға тиіс. Рыноктік қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі - еңбеккерлердің жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде қолданыла бастаған болатын.
Жұмыспен қамту қызметі адамдарды еңбекке орналастыруға, жұмыс берушілерді жаңа жұмыс органдарын жасағаны үшін ынталандыруға бағдар беру керек. Бұрын жұмыспен қамту мемлекеттік қызметі болды, ол осы іспен шұғылданды, ал қазір мұнымен кәсіпорын құқығын пайдаланатын биржалар шұғылданады. Ал олардың атқарып жүрген қызметі нашар. Көбінесе, кәсіпорын жұмысқа алған адамдарды биржа қызметкерлері жұмысқа арнайы орналастырды деген жалған анықтамалар жинайды екен. Сол үшін мемлекет бюджетінен олар ақша алады. Шағын несие беру, импорттың орнын басу сияқты мәселелер де бар.Ол мәселелер кедейшілікпен күрес бағдарламасында өз орнын тапты. Бұл бағдарламада, қазіргі кезде тек дүниежүзілік банктің, халықаралық валюта қорының ұсыныстарына ғана сүйенуге болмайды.
Еңбек рыногі саясатының белсенді шараларының басымдығы бар деп танылғанымен, барлық қаржылық міндет жергілікті бюджеттерге жүктеледі. Олар көп жағдайда белсенді шараларды атқару үшін қажетті қаражатты таба алмайды. Аудандық деңгейде жұмыспен қамту қызметінің ұйымдық құрамы мен қаржыландыру туралы мәселе әлі күнге дейін толық шешілген жоқ. Қазіргі кездегі негізгі міндет осы шаралардың нәтижесі мен тәжірибесін бағалауда болуға тиіс. Осы талдау негізінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшін кеңестер мен ұсыныстар жасалуға тиіс, ол атап кеткен салық саясаты, ақша саясаты, инвестиция саясаты сияқты мәселелер жұмыспен қамту саясатының маңызды құралдары болып саналады. Осы құралдар арқылы қазақстандықтар мұқтаж болып отырған жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етіп жасай алады.

8-лекция. Тақырыбы: Халықты жұмыспен қамту және азаматтарды еңбекке орналастыруды құқықтық реттеу

Жоспары:
1 .Халықты жұмыспен қамтудың түсінігі және нысандары.
2.Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары мен бағыттары.
З.Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер.
4.Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекетік саясатты жүзеге асыруға қатысатын тұлғалардың шеңбері, олардың құқықтық жағдайлары, құзіреттері.
5.Жұмыспен қамту аясындағы азаматтардың құқықтары.
б.Мемлекет тарапынан жұмыссыздықтан әлеуметтік тұрғыда қорғаудың түрлері.
Лекция мақсаты: ҚР-да мемелекеттің және жұмыс берушілердің халықты жұмысқа орналастыру жөнінідегі мақсаттарын айқындау.
Қазақстанның және өзге де кеңестік мемлекеттердің нарықтық қатынастарға өтуі Кеңестік Одақ 1930 жылдан 1991 жылдарға дейін білмеген жұмыссыздықтың пайда болуына және еңбек нарығының туындауына алып келді. Қазіргі кезде жұмыссыздық мәселесі елдің миллиондаған еңбекке қабілетті халқына таныс. Қазіргі заманда еңбек нарығы азаматтарды лайық жұмыспен тиімді қамтамасыз етумен, жұмыс күшіне қатысты ұсыныстар мен сұраныстарды қанағаттандырумен байланысты экономиқалық және құқықтық қатынастардың жиынтығын білдіреді. Бұл қатынастардың субъектілері болып әрқайсысы еңбек арығында ортақ және ерекше мүдделерге ие жұмыссыз тұлғалар, жұмыс берушілер мен мемлекет болып табылады. Жұмыс күшінің иесі ретіндегі азаматтар еңбек нарығында тиісті ақылы жұмыс табуға тырысады. Жұмыс беруші табыс табу мақсатында өзінің негізгі қызметін жүзеге асыру үшін тиісті жұмыс күшін табуға тырысады. Бұл ретте, мемлекет аталған қатынастардың өркениетті түрде даму және жұмыс беруші мен қызметкерден тиісті салықтар жинау мақсатын иелене отырып, реттеуші және үйлестіруші болып табылады. Еңбек нарығын жұмыс берушілер мен жалданбалы қызметкерлер еңбек шарттарын бекітетін, еңбек құқығы қатынастарына түсетін құқықтық кеңістік ретінде де қарастыруға болады. Кең мағынада, мұндай құқықтық кеңістік ретінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы, шетелдердегі Қазақстан Республикасының елшіліктері мен консулдықтарының аумақтары табылады. Алайда, көп жағдайда мұндай құқықтық кеңістік ретінде азаматтарды жұмысқа қабылдайтын ұйымдардың аумағын түсінуге болады. Аталған құқықтық кеңістіктердің шектері қатып қалған статиқалық сипатқа ие емес. Еңбек нарығының құқықтық кеңістігінің шектерін өзгерту мүмкіндігі еңбектің қозғалысымен байланысты. Халықтың жұмыс істейтін бөлігі Қазақстан Республикасының аумағында да, бұл аумақтан тыс жерлерде де жұмысқа тұрып, одан өз еркімен шыға алады. Сонымен, еңбектің қозғалысы (халықтың көшіп-қонуы) еңбек нарығының, оның құқықтық кеңістігінің құрамдас бөлігі болып табылады.Мемлекеттің еңбек нарығындағы негізгі және басты функциясы - бұл еңбек нарығының өркениеттік нысандарын қамтамасыз ету және дамыту. Қазіргі кезде бұл мақсатты жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағына кіретін халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңдары салыстырмалы түрде жақында - жұмыссыздық проблемасының туындауымен ден қойды. Дәл осы кезден бастап Қазақстан Республикасынын еңбек заңдарында халықты жұмыспен қамту туралы бірқатар құқық нормалары пайда болды. Қазіргі кезде халықты жұмыспен қамту қатынастары мыналармен реттеледі: - жұмыссыздықтан қорғау құқығын көздейтін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларымен; - қызметкерлердің жұмыстан босау кезіндегі кепілдіктерін бекіткен, жұмыссыздықтан қорғауга және еңбекке қатысты конституциялық құқықтың маңызды кепілдігі болып табылатын ҚР 2007 жылы қабылданған Еңбек кодексімен, халықты жұмыспен қамтудың және жұмысқа орналастырудың негізгі міндеттері мен функцияларын нақтылаған халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік органдар туралы ережелермен;
ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 855 әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу үшін ұйымдарда жұмыс орындарынын ең төменгі санын (квотасын) белгілеу мәселелері туралы қаулысымең; өз қызметкерлері үшін халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықтан қорғау шараларын көздейтін еңбек құқығының шарттық нормалары ретіндегі ұжымдық шарттар мен әлеуметтік-әріптестік келісімдерінің нормативтік бөліктерімен;
- Чернобыль апатынан жапа шеккендер, қолайсыз табиғат жағдайларында жұмыс істейтіндер, мемлекеттік қызметшілер және т.б. үшін жеңілдіктер туралы, осы қызметкерлер санаттары үшін олардың еңбекке құқығына кепілдіктерін қамтамасыз ететін нормалардан тұратын бірқатар жарлықтармен және арнайы нормативтік құқықтық актілермен;
Бұл нормативтік құқықтық актілердің мәні мыналардан көрініс табады:
1) олардың негізінде халықты жұмыспен қамту жөйіндегі мемлекеттік органдар құрылған және қызмет етеді;
2) жұмыссыздық, жұмыспен қамтылғандар, лайықты жұмыс және т.б. осы сияқты жаңа түсініктерді бекітті;
3)жұмыссыз тұлғаның мәртебесін бекітті;
4)халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік
саясаттың негізгі қағидалары мен бағыттарын анықтады;
5)ҚР Еңбек кодексінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер бекітілді;
6) азаматтардың халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтарын аныктады;
7)халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның
жұмысын ұйымдастыруды ресми түрде бекітті;
8)жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, соның ішінде, өз қызметкерлерін өндіріс ішінде оқыту және кәсіби дайындығы жүйесін дамытуға және қоғамдық жұмыстарды өз қаражаты есебінен қаржыландыруға қатысуын көздеді;
9)әлеуметтік жағдайы нашар азаматтардың қатарындағы жұмыссыздарға мақсатты әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін анықтады. Сонымен, халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласындағы заңдарда жарияланғандай, мемлекет Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты түрде тұратын азаматтарға мыналарды кепілдейді: - еңбекке және кәсіп түрін таңдаудағы еркіндік құқығын;
қызметінен негізсіз босатылған жағдайда құқықтық қорғануды;
тиісті жұмысты таңдауда және жұмысқа орналасуда халықты жұмыспен қамту жөніндегі Уәкілетті органның тегін көмегін алуды;
- жана кәсіпке немесе мамандыққа тегін үйренуді және біліктілігін тегін көтеруді;
- кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға берілген тапсырыстарға сәйкес тиісті мамандарды тауып беруді.
Жоғарыдан байқағанымыздай, халықты жұмыспен қамту саласындағы нормативтік құқықтық актілер жұмыссыздар үшін де, жұмыс берушілер үшін де ерекше мәнге ие, себебі, олар жұмыссыздардың құқықтарын қорғайды, ал жұмыс берушілер үшін қажетті мамандарды таңдауға септігін тигізеді. Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласындағы бұл құқық нормалары азаматтар мен жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру жөніндегі Уәкілеттік органмен қарым-қатынасын реттейді. Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыз және лайықты жұмыстың түсінігі. ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңның бірінші тарауында халықты жұмыспен қамту саласындағы маңызды түсініктерге, сонымен қатар, осы саладағы субъектілерге келесідей заңды анықтамалар берілген: Жұмыспен қамтылу - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс келетін қызметі. Басқаша айтар болсақ, жұмыспен қамтылған тұлға - бұл өзінің еңбекке құқығын іс жүзінде жүзеге асырушы, яғни, еңбек қызметіне қатысушы тұлға. Бұл ретте ескеретін бір жайт, ҚР Конституциясына және ҚР еңбек кодексі негізінде сәйкес азаматтарға өздерінің еңбекке қабілетін дербес шешудің айрықша құқығы тиесілі. Заңдарда көздемесе, еңбекке мәжбүрлеудің қандай да бір нысанына жолберілмейді. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінде жазалау шарасы ретінде түзету жұмыстары көзделген. Алайда, мұндай жұмыстарға тарту тек соттың негізінде ғана жүзеге асырылады. Сонымен, азаматтардың жұмыспен қамтылмағандығы оларды жауапкершілікке тартудың негізі болып табылмайды. Қандай тұлғалар жұмыспен қамтылған деп саналады екен? ҚР жұмыспен қамтылған халыққа мына азаматтар жатады:
жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы төленетін жұмысы (қызметі, кірісі) бар;
кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын;
өз бетінше жұмыспен айналысатын;
қосалқы кәсіпкерлікпен айналысатыы және шарттар бойынша өнімді өткізетін;
5.жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын азаматтар, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің (артельдердің) мүшелері;
6.ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе бекітілгендер;
7.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі іскерлерінде, Республиқалық Ұланда,
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктін бөлімдерінде және өзге де әскери құрылымдарда қызмет етіп жүрген азаматтар жатады. Байқап отырғанымыздай, жұмыспен қамтылғандар түсінігі қызметкерлер түсінігіне қарағанда әлдеқайда кең. Себебі, қызметкерлер жұмыспен қамтылғандардың көпсанды болса да, бір бөлігін ғана құрайды. Барлық жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыз тұлғалар елдің еңбек ресурстарын құрайды. Жұмысқа орналасу - азаматтың жұмысты іздеу және иелену үрдісі. Бұл үрдіс төрт дербес нысанда жүзеге асуы мүмкін: - азаматтың өзі жұмыс іздеп, оған орналасуы;
- халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру жөніндегі Уәкілетті органның немесе халықты жұмыспен қамту жөніндегі жеке агенттіктін көмегімен азаматтың жұмысты табуы;
азамат өзі бұрын жұмыс істеген және кінәсіз қызметтен босатылған өндірісте өзінің жұмыс берушісі арқылы жұмысқа орналасуы;
жұмысқа орналасудың өзге де тәсілдері.
Бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кәсібі (мамандығы) жоқ, сондай-ақ екі жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшін алдын-ала кәсіптік даярлықты талап ететін жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкін болмаған жағдайда, азаматтардың жас және өзге де ерекшеліктері мен еңбек туралы заңдардың талапатарын ескеретін басқа да ақы төленетін (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады. Жұмыс лайықты емес деп саналады, егер:
ол жұмыссыздың келісімінсіз жұмыс орнын ауыстырумен
байланысты болса;
жалақысы бұрынғы жұмыс орнындағы орташа жалақыдан
төмен болса;
еңбек жағдайлары еңбекті қорғау және кауіпсіздік
нормаларына сай келмесе.
Жұмыссыздар - жұмысы, табысы жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген және оған кірісуге дайын, еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Жұмыссыз мәртебесін иелену үшін халықты жұмыспен қамту жөніндегі Уәкілетті органда тіркелу қажет. Жұмыссыздарды тіркеуге алу тұлғаның тұрғылықты жері бойынша, жеке куәлігі, әлеуметтік жеке кодты (ӘЖК) беру туралы куәлік, еңбек кітапшасы (немесе еңбек қызметін куәландыратын өзге де құжат), арнайы білім, біліктілік туралы құжаттар, тұлғаның тұрғылықты жері бойынша, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН) ұсынылған соң, ал бірінші рет жұмыс іздеп жүрген азаматтар тұрғылықты жерінен анықтама берген соң жүргізіледі. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, бұларға қоса шетелдіктің ықтияр хатын және азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгі соғылған куәлігін табыс етеді. Алайда, мойындайтын бір жайт, аталған тіркеу жұмыссыздардың нақты санын көрсетпейді. Себебі, мәжбүрлі көшіп-қонушылар, тұрғылықты жері жоқ тұлғалар, өз бетімен жұмыс іздеп жүргендер және бір жылдаы астам уақыт жұмыс іздеп жүрген тұлғалар мұндай тіркеуден тыс қалып қояды. Азаматтар барлық құжаттар табыс етілген күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жұмыссыз деп танылады. Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз адамдар -күнтізбелік күн ішінде кемінде бір рет Уәкілетті органда, ал селолық елді мекендерде тұратын жұмыссыздар - айына кемінде бір рет поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінде белгіленуі тиіс. Жұмыссыздар ретінде мына азаматтар танылмайды:
16 жасқа дейінгі жасөпірімдер;
зейнеткерлік жасына жеткен және еңбек өтілі бойынша зейнетке шыққан зейнеткерлер.
мүгедектер медициналық - әлеуметтік комиссия берген қорытындының негізінде жұмыссыз деп танылады.
Уәкілетті орган мына жағдайларда жұмыссызды есептен шығарады:
- лайықты жұмыстың ұсынылған екі түрінен жазбаша түрде бас тартқанда, ал бірінші рет жұмыс іздеушілер - екі рет ұсынылған кәсіби дайындықтаи өтуден немесе ақылы жұмыстан, соның ішінде, уақытша жұмыстан бас тартса. Алайда, бір жұмыс орнын екі рет ұсынуға
болмайды;
- қайта тіркеу мерзімін себепсіз жағдайлармен өткізіп алған, сонымен қатар, шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшін екі жұмыс күні ішінде дәлелсіз ссбептермен Уәкілетті органға келмесе.
Жекелеген жағдайларда жұмыссыз ретінде танылмаған тұлғалар оларды тіркеуден бас тартқан күннен сон, бір ай мерзім өткенде халықты жұмыспен қамту туралы органға өздерініи жұмыссыз ретінде тану туралы қайтадан жолдана алады. Көрнеу жалған мәліметтері бар құжаттарды ұсынған, сонымен қатар, бостандығынан айырылған, бостандығынан айырусыз түзету жұмыстарына жіберілген сотталған тұлғалар жұмыссыздар ретінде тіркеуге алынбайды.
Жұмыссыздың құқықтық мәртебесі. Жұмыссыз тұлғаның құқықтық мәртебесі немесе құқықтық жағдайы 4 элементтен тұрады:
- еңбекке құқық субъектілік, яғни, жұмыссыздың құқықтар мен міндеттерді иеленуге қатысты заңмен танылған қабілеті, еңбек құқығының қатысушысы (субъектісі) болу мүмкіндігі. Жұмыссыз тұлға халықты жұмыспен қамту жөніндегі Уәкілетті органда тіркелген сәтінен бастап еңбекке құқық субъектілігін иеленеді.
- жұмыссыздың негізгі құқықтары мен міндеттері, бұларды жұмыссыздың еңбекке құқық субъектілігіне ие, яғни, халықты жұмыспен қамту жөніндегі Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген тұлға иеленеді.
Азаматтар халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласында мыналарға құқылы:
- жұмыс берушіге, халықты жұмыспен қамту жөніндегі Уәкілетті органға немесе жеке агенттікке тікелей жүгіну жолы арқылы жұмыс орнын еркін таңдауға;
- шетелде өзі дербес жұмыс іздеуге және жұмысқа орналасуға;
- халыққа жұмысқа орналастыруға қатысты көмек көрсететін халықты жұмыспен қамту жөніндегі Уәкілетті органдардан және жеке агенттіктерден ақпарат және кеңес алуға;
- қоғамдық жұмыстарға қатысуға;
- мемлекеттік органдардың, жеке агенттіктердің және олардың лауазымды тұлғаларының әрекеттерін (әрекетсіздіктерін), шешімдерін орталық атқарушы органда немесе сотта шағымдауға;
- мақсатты әлеуметтік көмек алуға;
-оның келісімімен Уәкілеттік органдардың кәсіби дайындықтан және қайта дайындықтан өтуге жіберуіне.
Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы құқықтарының арасында аса маңыздысы ретінде жұмыс орнын таңдау құқығын атауға болады. Азамат бұл құқықты жұмыс берушіге - жалданбалы еңбекті пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғаға тікелей жолдануы арқылы жүзеге асырады. Жұмыс орнын таңдауға құқық Уәкілеттік органның немесе халықты жұмыспен қамту агенттігінің көмегімен де жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен қатар, азаматтар Уәкілетті органдарда немесе халықты қамту жөніндегі жеке агенттіктерде қызметтің, жұмысқа орналасудың, кәсіби білім алудың түрін талдау мақсатында кеңес және ақпараттар алуға құқылы. Азаматтар Уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби бағыттылыққа, кәсіби дайындыққа, қайта дайындықтан етуге және біліктілігін көтеруге құқылы. Біздің заңдарда алғаш рет азаматтар өз бетімен жұмыс іздеп, шетелде жұмысқа орналасу құқығын иеленді. Бұл құқықты жүзеге асыру үшін мемлекет мемлекетаралық келісімдерді жасасады. Бұларда көшіп-қонушылардың саны, олардың біліктілік құрамы, еңбек жағдайлары мен мерзімдері көрсетіледі. Жұмыссыздардың құқықтары:
мақсатты әлеумеітік көмек алу;
зейнеткерлік жасына жеткенде және талап етілетін еңбек стажы болған жағдайда зейнетке мерзімінен бұрын шығу;
кәсіби дайындықтан, қайта дайындықтан өтуі. Бұл кезде
жұмыссыз тұлға стипендия алады;
жұмыссыз тұлғаның келісімі бойынша Уәкілетті орган оны
төленетін қоғамдық жұмыстарға жібере алады. Бұл ретте тұлғаның
жұмыссыз мәртебесі сақталады;
басқа жердегі жұмысқа ауысқан жағдайда өтемақы алуға
құқылы.
Мемлекет жұмыссыздар үшін олардың материалдық жағдайының негізін құрайтын белгілі бір әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақыларды белгілеген. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды еңбекке қабілетті жастағы, еңбек етуге дайын, бірақ табысы немесе өзге де кірісі жоқ азаматтарға мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін уақытша материалдық және өзге де көмек ретінде түсіндіруге болады.
Уақытша жұмыссыз қалған азаматтарға заңдарға сәйкес әлеуметтік қорғаудың келесі түрлері көрсетіледі:
заңдарда белгіленген жағдайлардағы және мөлшердегі материалдық көмек;
кәсіби дайындықтан өту, біліктілігін көтеру жоне қайта дайындықтан өту кезінде оқудың ақысын төлеу;
жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруга жәрдем беру;
қоғамдық жұмыстар үшін ақы төлеу;
5)әлеуметтік жағдайы нашар азаматтар қатарындағы жұмыссыз тұлғаны жерлеуге материалдық көмек беруі.
Белгіленген тәртіп бойынша Уәкілетті органда тіркелген және жұмыссыздың мәртебесін иеленген жұмыссыз азаматтар материалдық көмекке ис болады. Материалдық көмекті алудың жағдайлары мен мөлшерін Қазақстан Рсспубликасының Үкіметі белгілейді. Жұмыссыздың мамандығы сұранысқа ие емес жағдайда немесе азамат өзінің бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс істеу қабілетін жоғалтқан жағдайда, жұмыссыздар өз келісімімен Уәкілеіті органның жолдамасы бойынша оқу орындарында білім алуға құқылы. Жұмыссыздарға кәсіби дайындықтан, қайта дайындықтан өту және біліктілігін көтеру кезінде көрсетілетін әлеуметтік дайындықтың жағдайлары және тәртібі заңдарда көзделген. Мұндай жағдайда жұмыссыздарды оқыту еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік бюджеттің есебінен жүргізіледі.
Жұмыссыздарға лайықты жұмыс іздеуге жәрдем беру және оларды жұмысқа орналастыру да әлеуметтік қорғаудың түрлерінің бірі болып табылады. Лайықты жұмысты іздеуді және жұмысқа орналастыруды, халықты жұмыспен қамту жөніндегі Уәкілетті орган жүзеге асырады. Бұл ретте заңдарда шетелде жұмысқа орналастыруға қатысты тыйым салынбаған. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстардағы еңбегіне ақы төлеу де оларды әлеуметтік қорғауға жатады. Бұл жағдайда ақының мөлшері ең төменгі жалақының мөлшерінен кем болмауы тиіс. Сонымен қатар, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау ретінде әлеуметтік жағдайы нашар азаматтар қатарындағы жұмыссыз тұлғаны жерлеуге материалдық көмек беру де танылады. Аталған құқықтар мен міндеттердің заңды кепілдіктері. Біздің мемлекет азаматтардың еңбекке құқығын жүзеге асырудың кепілдіктерін жариялай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтарға мыналарды кепілдейді:
- кәсіп түрін таңдау еркіндігін;
лайықты жұмысты таңдауда және жұмысқа орналасауда халықты жұмыспен қамту жөніндегі Уәкілетті органның немесе жеке агенттіктің тарапынан көмек алуды;
кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді беруін;
- халықты жұмыспен қамту жөніндегі Уәкілетті органның жолдамасы бойынша жаңа кәсіпке (мамандыққа) оқудың, біліктілігін көтерудің, дайындықтан немесе қайта дайындықтан өтудің тегіндігін;
Азаматтардың еңбек нарығындағы және халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық жағдайы олардың (азаматтардың) Уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттеріне немесе әрекетсіздіктеріне шағымдану құқығымен де кепілденеді. Азаматтар бұл құқықтың негізінде халықты қамту жөніндегі жоғары тұрған Уәкілеттік органдарға немесе сотқа жолдана алады. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту женіндегі Уәкілетті органның жолдамасымен келген азаматпен жеке еңбек шартын жасасудан бас тартса да, азаматтар сотқа шағымдануы тиіс. Бұл ретте азаматтар өздерінің құқықтары бұзылған кез келген жағдайда халықты қамту жөніндегі жоғары тұрған Уәкілеттік органдарға шағымдануға құқылы. Сотта азаматтардың шағымдарын қарау бұл мәселелердің соттың құзыретіне (ведомстволығына, соттылығына) жататындығын анықтаған соң жүзеге асырылады. Халықты жұмыспен қамту туралы заңдардын ережелерін бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Келтірілген зиянның мөлшеріне немесе кімнің дәрежесіне қарай кінәлі тұлға материалдық, тәртіптік, әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Жұмыспен қамтылған халыққа:

еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, соның ішінде жұмысты сыйақы үшін толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын немесе ақы төленетін өзге жұмысы (қызметі), табысы бар;

кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын;
өз бетінше жұмыспен айналысатын;
қосалкы кәсіпшілікпен айналысатын және өнімді шарттар бойынша өткізетін;

жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын адамдар, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері;

ақы төленетін қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекітілген;

Қазақстан Реопубликасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеріп жүрген;

қоғамдық бірлестіктерді, қоғамдық қорларды және діни бірлестіктерді қоспағанда, ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) болып табылатын, мүлкіне құрылтайшылардың (қатысушылардың) мүліктік құқықтары сақталмайтын адамдар жатады.

Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты жұмыспен қамту және орналастыру
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Халықты жұмыспен қамту негізі
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету қағидалары, еңбек және жұмыспен қамту саласында кемсітушілікке жол бермеу
Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыз жəне лайықты жұмыстың түсінігі
Жұмыспен қамту мониторингі бағдарламасын әзірлеу
Халықты жұмыспен қамтудың мәні мен құрылымы
Халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Қызылорда облысы материалдары бойынша)
Жұмыспен қамту мониторингі бағдарламасын іске асыру
Халықты жұмыспен қамту саясаты
Пәндер