А. Кенжин


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ
4
КIРIСПЕ:

І ТАРАУ. А. КЕНЖИННІҢ ӨСКЕН ОРТАСЫ МЕН ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ КӨЗҚАРАСыНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1 А. Кенжиннiң өскен ортасы және саяси көзқарасының қалыптасуы (1906-1919 жж. ) . . .

4: 20
КIРIСПЕ: 1. 2 А. Кенжиннің Бұратаналар бөліміндегі қызметі . . .
4: 29
КIРIСПЕ: 1. 3 А. Кенжин - Алаш қозғалысының қайраткерi . . .
4: 40
КIРIСПЕ:

ІІ тарау. А. КЕНЖИННIҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ

2. 1. А. Кенжиннің «Қазақ» газетінде жарияланған және Алаш

қозғалысының тарихына қатысты еңбектері . . .

4: 101
КIРIСПЕ: 2. 2. Қайраткердің кеңестік билік жүйесіне байланысты публицистикалық жарияланымдары . . .
4: 107
КIРIСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 121
КIРIСПЕ:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ТIЗIМI …… . . .

4: 129

КIРIСПЕ

Тақырыптың өзектiлiгi. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы» атты сөзінде «Дүниеге келген әрбір адам мына дүниені сан қырынан тануға тырысады, сонымен бірге өзін де танытуға тырысады, өзгелердің өзімен санасқанын қалайды, құрмет тұтқанын қалайды. Әсіресе, ықпалдастық үрдісі ғаламдық сипат алған мына заманда халықтың күні халықпен болатындығы екі бастан белгілі. Елдің экономикалық мүдделерінің дұрыс шешілуі үшін де алыс-жақындағы мемлекеттердің бізді танығаны, сыйлағаны, мойындағаны керек. Ал осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың сенімді жолы - тағылымды тарихың, озық ғылымың, өрелі мәдениетің», - деп көрсеткендей, тарихты жасаушы тұлғалар арқылы да мемлекеттің танылатындығы айқын [1] .

Сонымен қатар, Н. Ә. Назарбаев Қазақстан тарихын кезеңдерге бөліп талдай келе, он бірінші кезең - ХХ ғасырды «қазақ зиялыларының өз мемлекетін құру үмітінің ояна бастағандығымен» бағалай келе: «Қалай болғанда да Алашорданың игілікті ісі өте қайғылы аяқталды. Қазақтың оқыған жас өкілдерінің осынау ыстық жігері, ұлттық рухы сол кезде қалыптасқан жағдайлардың себебінен өмірде іс жүзіне аса алмады. Сөйтіп, 1917 жылдан 1920 жылға дейін қазақтың ұлттық рухы ауыр езгінің астына түсті», - деп атап көрсетеді [2] .

Тарих сахнасында аз ғана уақыт болғанымен қазақ тарихының елеулi беттерiнiң бiрi болып саналатын Алаш қозғалысының зерттеу тақырыбына айналғанына екiншi он жылдыққа таяп қалды. Алаш партиясының құрылуы, Жалпықазақ съездерiнiң шақырылуы, өткiзiлуi, Алаш партиясы мүшелерінің қосүкiмет, Азамат соғысы кезеңдерiндегi қызметi, Алаш үкiметiнiң большевиктiк билiк тұсында таратылуы, Алаш қозғалысы белсендiлерiнiң кеңестiк билiк тұсындағы тағдыры, қызметтерi туралы бiраз бағалы зерттеу еңбектер жазылды. Алаш тарихына, осы қозғалыстың көрнектi басшыларының өмiрi мен қызметiне де соңғы жылдары бiр шама зерттеу еңбектер арналды. Қазақстанның жекелеген аймақтарында елге танылған жеке тұлғалардың өмiр жолы, қызметi жайындағы деректер арқылы Алаш қозғалысының «ақтаңдақ» беттерiн толықтыра түсуді қамтамасыз етуге әлі де болса назар аудару қажет.

Көптеген тарихшыларымыз көрсеткендей, ХХ ғасырдың басындағы бар-жоғы оншақты жылдың көлемiнде қазақ қоғамында ұлттық-демократиялық мүдделердi көздеген саяси ағым қалыптасты, жалпы қазақ жұртының қолдауына сүйенген бұл қозғалыстың ұйтқысы 1917 жылдың жазына қарай ұйымдық тұрғыдан құрылған Алаш партиясы болды. Қозғалысты бастаушы және оған дем берушi топ Алаш зиялылары атанды. Академик М. Қозыбаевтың пікірінше, «Алаш зиялы қауымы ғасыр басында Ресейде қалыптаса бастаған интеллектуалдардың жаңа ұрпағына жатады. Ол кезең - Ресей халықтарының барлығының сана-сезімі оянып, азаттық жолына белді бекем буып түсе бастаған шағы еді» [3] .

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей: « . . . азаттық қозғалысының тізгінін ұлттың бірлесуін мұрат қып ұсынған алаштың білімді де білікті асыл азаматтары қолға алды» [4] .

ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларын елдiң елдiгi, ұлттың бiрлiгi, жердiң тұтастығының сақталуы, халықты өркениеттi елдер қатарына қосу сияқты мемлекеттiк маңызға ие мәселелер толғандырды. Қазақ елiнiң тәуелсiздiгiн, ұлттық үрдiсiн сақтауы жолында күрескерлiк қабiлеттерiн аямастан, елiнiң ертеңi үшiн күрескенмен, тағдыры қиылып, кеңестiк тоталитарлық кезеңнiң құрбаны болған Алаш зиялыларының тұлғалық қасиеттерi тарихи ортамыз бен саяси санамыздан берiк орын алуы қажет.

Екі дәуір тоғысында дүниеге келген бұл жандар ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы жан-жақты, санқырлы және бір-біріне кереғар уақиғалардың куәгері, және қоғам өміріндегі сындарлы сәттердің қатысушысы болуға мәжбүр болды. Ұлттық автономияға қол жеткізудің жолы бұралаңға толы еді. Кадеттермен одақтасуға үміттенгенмен, олардың ұстанған бағытынан түңілген қазақ зиялылары өз партияларын, Алаш партиясын құруға бел буды, бірақ бірегей саяси күшті ұйымдастыра алмады. Ұйымдасып үлгермей жатып-ақ қозғалыс Батыс және Шығыс бөлімдерге бөлініп, большевиктік билікке қарсы күресті. Бұратана халықтарды окоп қазу жұмысына алу туралы 1916 жылғы патша жарлығын бағалауда қазақ оқығандары екіге жарылған еді. Бір бөлігі казак әскерлері секілді қазақ жігіттерінің кавалериясын құру мүмкіндігі туады деп патша жарлығын қолдауға шақырса, келесі бөлігі бұған ашық қарсы шықты.

Уақыт өте келе және қызыл гвардияшылар ретіндегі саяси көзқарастарда да пікір қайшылығы тереңдей түсті. Ұлттық интеллигенция бұдан кейін де толық мәндегі күшке ие бола алмады, ұлттың ұйтқысы болу қол жетпес арманға айналды. Сталиндік жүйе осыған қол жеткізді. 1919-1925 жылдары Алаш зиялыларына жасаған арнайы кешірімнен кейін қазақ интеллигенциясын жаңа биліктің сан қырлы тетігіне жан-жақты пайдаланған кеңес өкіметі 1925 жылдан бастап оларды қоғамдық-саяси өмірден алшақтата бастады, ал кейінірек саяси көзқарастарының «түсін» ажыратып жатпастан өмірлеріне қол салды [5] .

Алаш қозғалысына қатысқан тұлғалардың өмiр жолын, жеке қасиетiн, тағдырын, психологиясын, даму эволюциясын зерттеу арқылы жылдар бойы тұмшаланып, бөлектену емес, бiрiгу мақсаты мен Ресей Федерациясының автономиясы ретiнде ұлттық дамуды идея еткен Алаш зиялыларының тұлғалық, қайраткерлік қасиеттерін ашу мүмкiндiгi зерттеу еңбегінде ұсынылады.

Алаш қозғалысының мүшесi, Ресейдегi Құрылтай жиналысына бiлiм саласы бойынша кандидаттар тiзiмiне енгізілген және Алаш үкiметiнiң мүшелiгiне кандидат болып сайланған, Ресей земство және қала одағының Минск комитетiндегi Бұратаналар бөлiмiнiң басшысы қызметiн атқарып, «Еркiн дала» ұйымын құрушылардың бiрi болған, «Ақ жол» ұйымының құрамына енген Аспандияр Кенжиннің тағы басқа да ұйымдастырушылық қызметтерi диссертацияда зерттелетiн тақырыптар болып табылады.

А. Кенжиннiң Ресей Коммунистiк (большевиктер) партиясының мүшелiгiне қабылданғаннан кейiнгi 1920-1937 жылдардағы партия-кеңес жүйесiндегi қызметтерiн зерттеу арқылы қазақ интеллигенциясының большевиктiк билiктiң алғашқы кезеңiндегi ағартушылық, ұйымдастырушылық, жаңа қоғамды қалыптастыру, елдi жаңа бағыттарға бұру сияқты жұмыстарды атқару барысындағы қайраткерлік қарымы, олардың аталған кезеңдегi қол жеткен табыстары мен жеңiлiстерi, қуғындалуы фактологиялық деректермен ашылып, қарастырылуын тарих беттерiне қосылар жаңа парақтар ретiнде қарастыру қажет.

Көптеген зерттеу еңбектерде баяндалғандай, ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылдығындағы қазақ қайраткерлерiнiң күрес тарихы негiзiнен екi кезеңнен тұрады, алғашқысы - ұлттық демократиялық бағыттағы Алаш, ал екiншiсi - кеңес дәуiрiндегi жаңа, жас буын жүргiзген iстер. Алаштың көрнектi мүшелерi Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқаев, Мұқаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев, Халел Ғаббасов және т. б. С. -Петербург, Москва, Варшава, Қазан, Омбы, Орынбор, Том қалаларындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында бiлiм алған парасатты, зейiндi адамдар болатын.

Ал кеңестік биліктің саяси тұлғаларына айналған Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Смағұл Сәдуақасов, Жалау Мыңбаев, Сейітқали Меңдешев, Ыдырыс Мұстамбаев, Нығмет Нұрмақов және басқалар Алаш көсемдерiнiң 1917 жылғы ұлттық сипатта iске асырмақ болған бағдарламаларын кеңестiк үлгiде жүзеге асыру жолында күрескен мемлекет және қоғам қайраткерлерi болды.

А. Кенжиннiң Қазан революциясына дейiнгi, Алаш қозғалысы тұсындағы және кеңестiк жүйедегi қызметтерiн зерттеу арқылы оның жеке тұлға ретiндегi икемдiлiгiне, темпераментiне, мiнезiне мұрағат құжаттары негiзiнде бағалауға жасалған терең талдау жұмысы бұған дейiн ғылыми айналысқа түспеген деректер негiзiнде сипатталады.

Қазақстан тарихының тарихнамасында соңғы жылдары ХХ ғасырдағы қазақ зиялыларының жеке тұлғасына қатысты зерттеу еңбектер бiршама жариялана бастағанымен, әлi де болса тарихымыздың жеке адамдармен тұлғалануында ақтаңдақтар кездеседi.

Кеңестiк тарихнамада саяси партиялар тарихы, ұлт-азаттық қозғалыс көсемдерiнiң өмiр жолын зерттеу тарихы билiк тарапынан қолдау тапқан емес, ол кезеңдi айналып өту мүмкiн болмай қалған күннiң өзiнде, тарихи шындықтан алшақ бұрмаланып жазылды. Зерттеушiлер интеллигенция тарапынан жасалған әрекеттерді «буржуазияшыл-ұлтшыл», «контрреволюционер», «халық жауы» сияқты қаралау сипатында баяндады. Осындай тұжырым А. Кенжинге де байланысты болып келдi. Сондықтан да тарихнамада әрқилы айтылып, қарастырылып жүргендiктен де оның өмiрi мен қоғамдық-саяси қызметiнiң жан-жақты, түбегейлі зерттелу қажеттiгi айқындала түседi.

ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемi болған Әлихан Бөкейхановтың айналасындағы қайраткерлердiң, ұлт зиялыларының шоғырының қатарындағы Аспандияр Кенжин де хал-қадарынша халқына бостандық әперуге, тұрмыс жағдайын өзгертуге, өркениет биiгiне көтеруге, саяси ағарту iсiнде, халық ағарту саласында, ішкі және сыртқы сауда қызметiн дамыту жұмыстарында бар ғұмырын арнады.

А. Кенжин сияқты тағдыры қайшылыққа толы, арпалыспен күн кешкен, қазақ кеңестік мемлекеттiлiгiнiң негiзiн қаласқан, iргелi ұйымдарды, мекемелердi («Еркiн дала», «Ақ жол» ұйымдары, Бас саяси ағарту комитеті, Қазақ халық ағарту комиссариаты, ашаршылық кезеңінде құрылған Қазақ Орталық Атқару комитеті жанындағы Балалар өмiрiн жақсарту жөнiндегi орталық комиссия, Қызылорданы астанаға айналдыру жөнiндегi мемлекеттік комиссия, Iшкi және сыртқы сауда комиссариаты және т. б. ) ұйымдастыру, олардың жұмысын дамытуды, басқаруды жүзеге асырған iрi тұлғаның өмiр жолын, қоғамдық-саяси қызметiн зерттеу жұмысының өзi ол өмiр сүрген тарихи кезеңдегi халқымыздың ғылыми тарихына қатысы бар көптеген мәселелердi анықтауға септiгiн тигiзедi деген ойдамыз.

Тақырыптың зерттелу деңгейi. Отандық тарихнамада әлі күнге дейін Аспандияр Кенжиннің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін жан-жақты сараптап, бағалап, қорытынды жасалған арнаулы монографиялық еңбек кездеспейді.

Аспандияр Кенжинге қатысты еңбектердiң қатары тiптен аз деуге болады, ол туралы мүлдем айтылмады деуге де болмайды. Оның өмiрбаянын ғылыми тұрғыда неғұрлым толық, әрi жүйелi түрде талдауға арналған еңбек жоқтың қасы. Зерттеулердiң басым көпшiлiгiнде, Алаш қозғалысына және кеңес өкіметінің құрылу кезеңіне, большевиктік биліктің орнығу кезеңдеріне қатысты еңбектерде, монографияларда ол туралы айтылып өтедi де, оның көтеріліп отырған тақырыпқа сай келетін кейбір еңбектерiне сiлтемелер жасалады.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ қайраткерлерiнiң қоғамдық-саяси қызметiн зерттеудiң тарихнамасын 1920-1930 жылдардан бастап жариялана бастаған мақалалардан кездестiруге болады. Бiрақ ол кездегi жарияланымдар арасынан Аспандияр Кенжиннiң өмiрiне, қоғамдық-саяси қызметiне, кәсiби еңбегiне қатысты жеке қарастырылған еңбектер кездеспейдi. Сондықтан, зерттеушi Алаш қозғалысының және кеңестік биліктің түрлі басқару салаларының тарихына арналған еңбектерге сүйене отырып, А. Кенжиннiң ғасыр 1басындағы саяси қызметiне байланысты өмiрiнiң кейбiр тұстарымен танысып, ақиқатқа жетуге жол iздейдi.

Қоғамның дамуында халықтың өз арасынан шыққан зиялы қауым басты роль атқарады. С. Аспендияров 1935 жылы жарияланған кітабында қазақ интеллигенциясын екi жiкке бөледi. Бiрi - ақсүйектер, феодалдық ру басшыларынан шыққандар, екiншiсi, басқа бұқарадан шыққан интеллигенттер. Соңғылары көбiнесе мұғалiмдер [6, 95-б. ] . Тарихшы ғалымның еңбегінің негiзiнде Орынбор қаласындағы орыс-қазақ мұғалiмдер семинариясын бiтiрген, революцияға дейiн мұғалiмдiк қызмет атқарған А. Кенжиндi екiншi топқа жатқызу қажет. А. Кенжин қатысқан Алаш қозғалысы туралы зерттеулерге келсек, қозғалыс туралы деректердің алғашқы жазылу мезгiлi азамат соғысы аяқталысымен-ақ басталған. 1920 жылдардың ортасына дейiнгi аралықты қамтитын еңбектердiң (естелiктер, мақалалар, арнайы зерттеулер) бiрсыпырасы кейiнгi жылдарға қарағанда объективтi түрде жазылғандығын зерттеушiлер атап өтедi. Мұнда қазақ зиялыларымен бiрге А. Кенжин қатысқан қозғалысқа, үкiмет басқаруды қолына алғанына әлi көп уақыт бола қоймаған большевиктiк билiктiң және осы тәртiпке қызмет етуге шешiм қабылдаған ұлт зиялыларының алғашқы саяси бағалары берiлген. Бұлардың iшiндегi ең маңыздысы «Революция және қырғыздар» атты мақала [7] . Мұнда А. Байтұрсынов 1917 жылғы Ақпан және Қазан революцияларын қазақ халқының қандай дәрежеде қарсы алғанына тоқталып, Алаш партиясы туралы, сондай-ақ Алашорданың Уақытша үкiметпен қарым-қатынасы жайлы өз тұжырымдарын баяндайды.

Сонымен бiрге, аталған мезгілде жарық көрген С. Сейфуллиннiң, «Тар жол, тайғақ кешу» [8] тарихи-публицистикалық еңбегін атап өту керек. Алашордашылардың көпшiлiгiн жақсы танитын, олардың жетекшiлерiмен, қозғалыс мүшелерімен замандас С. Сейфуллин бұл еңбегiнде олар туралы кеңестiк идеология тарапынан баға бере отырып, Батыс Алашорда үкiметiнің мүшелері жайында қызғылықты мәлiметтер келтiредi. А. Кенжин қатысқан Қаратөбе съезi, «Ақ жол» ұйымының құрылу тарихы туралы деректердi кездестiре отырып, жалпы алғанда С. Сейфуллиннiң еңбегiн сол кездегi саясат сарынында жазылған дүние деп бағалауға болады.

1922 жылы кезекті партиялық тазалаулар науқаны кезінде қазақ оқығандарына қарсы саясат бел алып, мемлекеттiк билiктiң басшылығында отырған алашордашылардың көпшiлiгiн қуғындау басталған едi. Бұған негiз етiп РК(б) П Орталық Комитетiнiң Қырғыз (Қазақ) бюросының кеңес органдарының құрамына «әлеуметтiк тегi жағынан жұмысшы немесе шаруа әулетiнен шыққан адамдарды сайлау, сондай-ақ, алашордашыларды және олармен тығыз байланысты болғандарды ұсынбау» жөнiндегi шешiмi алынған болатын [9] .

Аталған кезең ұлттық тұлғаларды қаралаған «саяси жарлықтардың» негіздемесіне айналуы тиіс ғылыми әдебиеттердi талап еттi. Нәтижесiнде жалпы партиялық нұсқауға сәйкес жекелеген адамдардың Алашорда тарихына арналған еңбектерi жазыла бастады. Атап айтқанда, 1927 жылы А. Бочаговтың [10], ал 1929 жылы Н. Мартыненконың [11] құрастыруымен, О. Исаев жазған алғысөзбен «Алашорда» атты құжаттар жинағы жарыққа шықты. 1933 жылы желтоқсанда Қазақ марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтында Алашорда мен Алаш партиясы туралы пiкiрталас өткiзiлдi. Онда аталған институттың қызметкерлерi С. Брайнин мен Ш. Шафиро «Алашорданың тарихи ролi» деген тақырыпта баяндама жасады. Кейiн 1935 жылы осы ой-тұжырымдар жеке кiтап болып жарық көрдi [12] . Бұл еңбектерде Алашорда жетекшiлерiнiң үндеулерi мен мәлiмдемелерi, Алаш партиясы съездерiнiң шешiмдерi, партия бағдарламасының жобасы тәрiздi Алашорда мен Алаш партиясының қызметiн көрсететiн бiрнеше құжаттар жарияланған болатын. Алашорданы «ұлтшыл контрреволюцияның үкiметi» деп анықтаған және оның тарихына жеңiл-желпi қарамауға шақырған бұл еңбектер жарық көрiсiмен жан-жақты сынға алынып, «ұлтшылдық идеологияны таратуға қызмет еттi» деп бағаланып, пайдаланудан алынып тасталды.

Қазақ зиялыларына қарсы жүргізілген қуғын-сүргіндер кезінде және одан кейін де Алаш қозғалысы мен оның қайраткерлері туралы зерттеулер жүргізуге кеңестік билік жүйесінің идеологиялық органдары тарапынан рұқсат етілмеді. Ал 1950-1960 жылдары жазылған Қазан революциясы, кеңес үкіметінің орнауы, Азамат соғысы жайындағы тақырыпты қамтыған Қ. Бейсембиевтің [13], Г. Дахшлейгердің [14], М. Сужиковтың [15] және т. б. ғалымдардың еңбектерінде Алаш қозғалысы мен оның қайраткерлеріне біржақты баға беріліп, байшыл-ұлтшылдықты жақтайтын қозғалыс ретінде қарастырылды.

1950 жылдардың соңындағы жылымық лептің әсерiнен кейiн, партиялылығы қалпына келтiрiлiп, ақталған қазақ қайраткерлерi туралы зерттеу еңбектерге жол ашылды. Сонда да болса саясат салқынының ызғары қайта қоймағандықтан, мәселенi ашық түрде толыққанды зерттеу мүмкiн болмады. Қайраткерлердiң Алаш қозғалысы тұсындағы қызметтерi елеусiз қалдырылып, кеңестiк-партия органдарындағы жұмысына баса назар аударылды. Бiрақ Аспандияр Кенжиннiң есiмi бұл кезде де атала қоймайды.

Белгiлi тарихшы В. Григорьевтiң «Противостояние» [16] атты еңбегi - 1917-1920 жылдардағы Қазақстандағы большевиктер мен пролетарлық партияларға коммунистiк идеология тұрғысынан баға берiлген зерттеу жұмыс. Мерзiмдi баспасөз беттерiндегi деректер, Ресей және Қазақстан мұрағаттарының құжаттары пайдаланыла отырып жазылған бұл еңбекте «буржуазиялық-ұлттық» Алаш» партиясын қазақ қоғамының бай- феодалдар шоғырының мүддесiн қорғаушы ретiнде, ал «Үш жүз» партиясын ұсақ буржуазиялық партия ретiндегi көзқарасты ұстанады.

Қос революцияға дейiнгі қазақ қауымының таптары мен әлеуметтiк топтарына сипаттама бере келiп, В. Григорьев қазақ қоғамы саяси партиялар мен ұйымдар қалыптастыруға дайын болды деген қорытындыға келедi.

Қазақстанның негiзгi буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық партияларын кадеттер, алаш, эсерлер, Жетiсу бiрiккен социалистiк одағы, «Шура и Исламия» партиясы деп тарата келiп, оларды большевиктердiң басты қарсыластары ретiнде суреттейдi.

1918 жылғы қаңтардағы Қараоба (автор қателесіп берген, дұрысы Қаратөбе) съездiндегi қақтығыс, келiспеушiлiк әсерiнен алашордашылардың қатарынан бөлiнген, бiрнеше адамнан тұратын топтың iшiнен А. Кенжин есiмiн атап, бұл топты зерттеушi В. Григорьев әртектi деп көрсетедi. Зерттеуші бұл жерде Аспандияр Кенжиннің «оңға қарай бет бұрғандығын» атап көрсетіп, Міржақып Дулатовтың жағына шыққандығын айтады.

Большевиктер мен ұлттық интеллигенция мәселесiн қысқаша талдай келе, ол Қазан революциясы мен Азамат соғысы барысында ауылдың билеушi тобымен тығыз байланысқан қазақ интеллигенциясы еңбекшiлер лагерiнiң емес, керiсiнше халыққа қарсы ұстанымда болды деп тиянақтайды.

1970-1980 жылдары шыққан зерттеулер мен монографиялық еңбектерде Алаш қозғалысына кеңестік тұрғыдан ғана сипаттама беріліп, негізінен Қазан революциясы мен кеңес үкіметінің жетістіктеріне баса назар аударылып, Алаш қозғалысы тағы да тасада қалды. «Қазақстан азамат соғысының от жалынында» [17, 135] атты естелiктер жинағына енгiзiлген Б. Алмановтың «Алашордашылардың масқаралануы» тақырыбындағы естелiгiнде алашордашыларға берілген кеңес кешiрiмiне iлiнген М. Дулатов, М. Есболов, Ж. Сейдалиндермен қатар А. Кенжиннiң де аты аталады.

1989-2000 жылдар аралығында Алаш қозғалысы тақырыбын жан-жақты зерттеу қолға алынып, біршама оң жетістіктерге қол жеткізілді. «О прошлом для будущего» деп аталатын мақалалар жинағына [18] Алаш қозғалысы тақырыбына жазылған А. Сармурзин мен Н. Жағыпаров, В. Осиповтың мақалалары енгiзiлді. Кеңестiк идеологияның Алаш қозғалысы тарихына қатысты қасаң тәртiбi босаңси бастаған кезеңде жарияланған бұл зерттеулерді Алаш қозғалысына және ұлттық ағымдарға жаңаша сипаттама беруге тырысқан еңбектер деп атауға болады.

Белгілі тарихшы Д. Аманжолованың еңбегінде А. Кенжиннің Алаш қозғалысын зерттеуге нақты-тарихи тұрғыдан келу керектігі, өлкенің саяси және экономикалық жағдайын есепке алу, қозғалыстың барлық фактілері мен құжаттарын жан-жақты сараптау жайында айтқандығы туралы атап көрсетіледі. Зерттеуші А. Кенжиннің «Алашорданы буржуазиялық үкімет ретінде қарастырғандығын, сондықтан да ол қазақтардың кедей және жартылай пролетарлық қатпарына арқа сүйей алмады» деген пікірін алға тартады [19] .

Қазақстанның батыс өлкесінен шығып, Жалпықазақ съездеріне Орал өңірінен қатысқан А. Кенжин Батыс Алашорданың басшыларымен тығыз қарым-қатынас жасады. Ол мүше болған Батыс Алашорданың құрылуы мен оның алғышарттары туралы баяндалатын көлемдi зерттеу еңбек - Д. Сүлейменованың «Алашорданың Батыс бөлiмiнiң тарихы» [20] деп аталатын тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн алуға арналған диссертация. Ұлттық мүдде үшiн күресте большевиктiк үкiметпен бетпе-бет келген Алаш қозғалысы саяси ауқымының кеңдiгiмен, мәселенi жалпыадамзаттық құндылықтарға сай барынша демократиялық тұрғыда қоюымен ерекшеленетiнiн атап көрсеткен диссертациялық еңбекте А. Кенжин мен С. Қаратiлеуұлының Батыс Алашорда үкіметінің құрамындағы атқарған қызметтерiне де баға берiледi.

Ал А. Кенжиннің қатысы бар 1916-1917 жылдардағы майдандағы тыл жұмысына алынған жігіттердің хал-жағдайы туралы зерттеулерде ол туралы мәліметтер азын-аулақ болса да кездеседі. Н. Т. Кенжебаев [21, 96-112-бб. ] Бұратаналар бөлiмiнiң құрылуы мен оның ұйымдастырылуы барысындағы Әлихан Бөкейхановтың қайраткерлiк қызметiн атап өткенiмен, оның Минск және Киев бөлiмдерi болғандығын, Мырзағазы Есболов пен Аспандияр Кенжиннiң атқарған қызметтерiне тоқталмайды, бөлiмнiң жұмысы туралы бiрнеше деректер келтiре отырып, оның нақты iстерiн бағалауға қиналыс бiлдiредi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынов - халық ағарту комиссары
Съезді облыстық Қазақ комитетінің төрағасы
Түрікшілдік және ұлт - азаттық көтеріліс қазақ баспасөзі беттерінде
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Алаш зиялыларының аштықпен күресі
Қазақ зиялыларының көзқарасына қатысты құжаттар
Қазақстанның астаналары
Халық ағарту комиссариатының қорындағы қазақ зиялылардың көзқарасына қатысты құжаттар
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы жайлы
ИГР реакторының технологиялық жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz