Туризмді дамыту


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Туризмді дамыту үшін әлеуметтік тұрақтылық қажет
  2. Қазақстандағы туризмнің тарихи
  3. Туризмнің әлеуметтік, саяси және экономикалық шарттары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әр түрлі мемлекеттердегі азаматтардың мәдени құндылықтарын жетілдіретін және халықаралық деңгейде достастық байланыстарды ұштастыратын әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан бұл жұмыста егемендігімізді алған ұлан байтақ еліміздің тарату арналарының беделін қалыптастыру, арттыру жұмыстарын жүргізу керектігі баяндалған.

Туризм экономиканың өндірістік механизімінің бір бөлігі, нәтижесінде экономикалық маңыздылығы зерттеледі. Туризмнің мемлекет экономикасына тигізетін әсерлері:

  1. Туризм жаңа жұмыс орындарының шығуына көмектеседі.
  2. Мемлекетте дефицит валюталық төлемдерді азайтады.
  3. Экономиканы күшейтеді.
  4. Тауар және қызмет орындарын, өндірістерін дамытады.
  5. Туризм - инвестициялық күшінің бағытын өзгертеді, экономиканы әлсіретеді, салықтардың жоғарылауына әкеледі және т. б.

Туризмді дамытумен ұлттық және халықаралық ұйымдар айналысады: Бүкіл Дүниежүзілік Туристік Ұйым, Еуропалық союз, Экономикалық бірлестік ұйымы.

Туризмді дамыту үшін әлеуметтік тұрақтылық қажет

Туризмді дамыту үшін әлеуеметтік тұрақтылық қажет. Бұл тұрақтылық бүкіл экономиканың дамуымен байланысты. Туризм саласында жұмыс істейтіндердің жалпы жылдық жалақысы 5 млн доллардан астам.

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 1/10 бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әрбір 9 - шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді.

Қазіргі туризмнің дамуы еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуына байланысты, әр адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын танудын негізі болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.

Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқа да экономика салалар сияқты орталықтан қатаң регламенттелді. Туристік қызметтегі КСРО - ның негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен бірге, Қазақстанның бір қатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлерінің тарихи мәніне іс жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі экономика саласы ретінде онымен мемлекеттік деңгейде тікелей айналыспады. Туризмді аумақтық және мемелекеттік емес, туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады.

Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеуші фактор болып табылады.

Өте бай, табиғи байлықтармен мәдени құндылықтарға ие Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан соң туризмге мән бере бастады. Әлемдік нормативтерді қамтитын туризм саласына байланысты жарғы 1992 жылғы 13 тамызында Қазақстан Парламент тарапынан қабылданды. 1993 жылы ДТҰ - на мүше болған Қазақстанда туризм өнеркәсібін жетілдіру мақсатында Ұлттық бағдарлама қабылдаған болатын. Қазақстан бірнеше елдермен туризм ынтымақтастығы келісім - шарттарын жасасты. Туризм саласы осы уақытқа дейін туризм және спорт департаменті тарапынан реттеліп отырды, ал қазіргі кезде Сауда және индустрия министрлігіне тиесілі болды.

Қазақстандағы туризмнің тарихи

Қазақстандағы туризмнің тарихи алғы шарттары б. д. д. үшінші мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

Қазақстанның Мемлекеттік бағдарламасында Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи орталықтарды жандандыру, түрік мәдениетіне қатысты мәдени құндылықтарды қорғау мен дамыту, туризм инфрақұрылымын жаңарту мәселелері 2030 жылға дейін туризм даму жоспары қарастырылған. Аталмыш іс - шаралар Елбасының 1998 жылғы 27 қаңтардағы 3859 - шы қаулысымен іске кірісті. Бұл іс - шаралардың жүзеге асуы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998 жылғы 10 тамыздағы 758 - ші акционерлік кәсіпорынның құрылуы ұйғарылған.

Туризм кәсіпорны немесе туризм аймағының қызмет көрсететін мемлекеттегі жалпы экономикалық жағдайы, бәсекелестік, әлеуметтік мәселелер және заң мәселесі де тарату арнасын таңдауда әсер етеді. Мемлекеттің ішінде болатын жалпы экономикалық жағдай, мысалы, экономикалық дағдарыс жағдайы, халықаралық валютаның үздіксіз құнсыздануы немесе құнның жоғарылауы, кіріс бағаларының өзгеруі сияқты жағдайлар туризм кәсіпорнының немесе туризм аймағы басқаруларын, кең мүшелер орналасқан тарату арналарын таңдауына себеп болып отыр. Әрі турист жолдаған, әрі турист қабылдаған мемлекет немесе аймақтардағы әлеуметтік прогресстер, терроризм т. б. әрекеттер де тарату арнасын таңдауда әсерін тигізеді. Сол сияқты заң шаралары да әсер етіп отыр.

Саяхат агенттіктері, туризм саласында ұсақтап сату қызметтерін атқарады. Өндірушілер және әлеуметті туристтер арасында тікелей байланысты қамтамасыз етеді. Саяхат агенттіктерінің басқа саладағы ұсақтап сатушылар және делдалшылардан ерекшелігі, тарату жүйесіндегі қызметтері болып табылады. Жалпы айтқанда, ұсақтап сатушылар өндірушілерден алған тауар немесе қызметтері белгілі бір табыс үлесімен тұтынушыларға сатады.

Саяхат агенттіктері болса, туризм өнімдерін сатып алмайды және тұтынушыларға сатқанда бағаның өсуі маңызды емес. Көбінесе сату бағасынан белгілі бір комиссион алып туризм өзіндерінің сатуын қамтамасыз етеді.

Осы айтылған ерекшеліктерімен сатушы жәрдемшісі статусындағы бір дeлдал болып табылады.

Саяхат агенттіктері, қонақ үй және көлік қатынасы кәсіпорындары және бронь тапсырыстарын қабылдаумен қатар топ бронь тапсырыстарында жасайды. Саяхат агенттіктері семинар, банкет ұйымдастыру сияқты, мәселелерді ұйымдастырумен бірге тур пакеттерін де ұйымдастырады.

Сол сияқты ұйымдармен байланыста болып, «жабық топтар» - дың бронь тапсырыстарын қамтамасыз етеді. Туроператорлардың дайындығын тур пакеттерді де бір комиссиямен сатып қонақ үйлерге қызмет көрсетеді. Саяхат агенттіктері көбінесе билет сату, бронь тапсырыстары қызметтері, топ ұйымдастыру қызметтерінде орындайды.

Қосымша айтқанда, кейбір саяхат агенттіктерінің сырттан турист тарту және жолдау мәселелерін де маңызы зор.

Соңғы жылдарда саяхат агенттіктерінің туризм тарату жүйесінде атқаратын кейбір делдалдық қызметтерінде өзгерістер пайда болған.

Министрлік Қазақстанның әлемдік туристік нарықтағы тартымды туристік имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның туристік әлеуметтік ілгерілетуге бағытталған бағдарлама әзірленді. Бағдарлама халықаралық туристік форумдарға қатысуды, көрмелеп, жәрмеңкелер өткізуді, CNN, ВBC және Eurо News сияқты әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық бейнероликтер көрсетуді, сондай - ақ шетелдік БАҚ өнімдері үшін ақпараттық турлар өткізуді және жарнамалық - ақпараттық өнім шығаруды көздейді.

Мемлекеттік имиджін арттыруда Қазақстанды 2007 жылы Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) Атқарушылық кеңесіне шығару және 2009 жылы Дүниежүзілік Туристік Ұйымның кезекті Бас Ассамблеясын Астана қаласында өткізу маңызды рөл атқарады. Өткен жылдардағы көрсеткіштер:

Сырттан келушілер туризмі 8 пайызға өсіп, 4 млн 706 мың адамды құрады;

Ішкі туризм 7 пайызға өсіп, 3 млн 495 адамды құрады;

Шығу туризмі 23 пайызға өсіп, 3 млн 687 мың адамды құрады.

Әлемдік тәжірибеде кіру туризмі шетелдік валютаның түсімін қамтамасыз ететін негізгі көзі болып табылады. Сондықтан, Қазақстанда 1999 - 2003 ж. ж. аралығында Қазақстанда Халықаралық туризмнен түсетін түсімдердің көлемі ме туристер санының серпінін талдау қажеттігі туындайды.

Кесте - 1. 1999 - 2003 ж. ж. аралығында Қазақстанда туризмнен түсетін түсімдердің көлемі мен туристер санының серпіні.

Жылдар
Туристердің саны, адам
Орташа жылдық өзгерістер, пайызы
Түсімдер, млн доллар
Орташа жылдық өзгерістер, пайыз.
Жылдар: 1999
Туристердің саны, адам: 48272
Орташа жылдық өзгерістер, пайызы: -
Түсімдер, млн доллар: 14, 1
Орташа жылдық өзгерістер, пайыз.: -
Жылдар: 2000
Туристердің саны, адам: 58756
Орташа жылдық өзгерістер, пайызы: 21, 7
Түсімдер, млн доллар: 15, 3
Орташа жылдық өзгерістер, пайыз.: 8, 5
Жылдар: 2001
Туристердің саны, адам: 98558
Орташа жылдық өзгерістер, пайызы: 67, 7
Түсімдер, млн доллар: 24, 4
Орташа жылдық өзгерістер, пайыз.: 59, 4
Жылдар: 2002
Туристердің саны, адам: 139589
Орташа жылдық өзгерістер, пайызы: 41, 6
Түсімдер, млн доллар: 35, 7
Орташа жылдық өзгерістер, пайыз.: 46, 3
Жылдар: 2003
Туристердің саны, адам: 144100
Орташа жылдық өзгерістер, пайызы: 3, 2
Түсімдер, млн доллар: 30, 8
Орташа жылдық өзгерістер, пайыз.: -13, 7
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық туризм ерекшеліктері
Туристік инфрақұрылым мен қызметтерді дамыту және ілгерілету
Баламалы туризмнің бір түріне туристік маршрут құрастыру
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Экологиялық туризмнің ерекшелігі
БАЛҚАШ КӨЛІ АУМАҒЫНДА ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Туристік саланы дамыту перспективалары
Балқаш көлінің географиялық жағдайының туризмге әсері
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі мен оның қажеттілігін, маңыздылығын көрсету
Республиканың туристік потенциалын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz