Тұлғаның қалыптасуы туралы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . . . …2
І. Әлеуметтану ғылымындағы тұлғаның әлеуметтік мәселесі
- 1. 1 Адам, индивид, тұлға, ұғымының түсінігі мен мәні… . . . 71. 2 Тұлға туралы әлеуметтанулық теориялар мен концепциялар . . . 20
ІІ. Тұлғаның қалыптасу жолдары және әлеуметтендіру кезеңдері
- Тұлғаның дамытудағы әлеуметтік ортаның рөлі…… . . . …37
2. 2 Әлеуметтендіру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Қорытынды . . . 66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . …… . . . 73
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тұлға әлеуметтік қатнастардың субъектісі ретінде қоғамдық ғылымдардың жүйесінде ерекше орын алады. Тұлға әлеуметтануының объектісі ретінде тұлға, адам, индивид ұғымдары ғылыми -теориялық жағынан негізделген. Тұлға ұғымының әлеуметтік мәні мен түсінігі қоғамдық ғылымдар жүйесінде ортақ катеогория болып табылады. Тұлға туралы теориялар зерттеу нысанының кең көлемді екенін көрсетеді. Тұлғаның әлеуметтік статус - қоғам дамуының негізін құрайтын және әлеуметтік ролдердің мәнін құрайды. Әлеуметтану ғылымында тұлғаның әлеуметтену процесі адамзат өміріндегі негізгі мәселелердің бірі, мұнда адам дамуының барлық қырлары толық қамтылатын білім, тәрбие, материалдық, рухани қажеттіліктердің үрдісі қалыптасады. Тұлға - әлеуметтік қатнастардың объектісі мен субъектісі зерттелетін әлеуметтік мәселе. Әлеуметтану ғылымы тұлға мәселесін әлеуметтік зерттеулердің методологиясы негізінде талдау жасайды.
Әлеуметтік іс әрекет пен күші қажеттігінен, мұң мұқтажынан, мүддесінен, мақсатынан дамиды. Басқаша айтқанда, адамда мүдде және мақсат. Қажеттілік өмірде болады, бірақ, ол жоқ ие және бөлінеді. Табиғи қажеттілік, ол өз кезегінде әлеуметтік қажеттілікке ұласады. Табиғи қажеттілік тамақ ішу, киім кию, баспана, т. б. ету, басқа адамдармен байланыс-қатынаста болу, қоғамдық т. б адам сезініп түсінсе, оны өтеуге, іске асыруға тырысса, ол мүддеге, ал, мүдде мақсатқа айналады. Мұның өзі терең көзқарасын қалыптастыруын керек етеді.
Адам бір іс-әрекетінің, қызметтерінің бағыттарын белгілеп отырады. Мүдделердің, мақсаттардың негізінде қажеттіліктері жатады. Осыған орай мүдде, мақсат бір түрі-даму заңдарының негізгі түрі. Осыған орай тұлға оны меңгеріп, өзінің ісінде, қызметінде пайдаланып отырады. Екінші жағынан, қажеттілік тұлғаның өмірдегі белсендігін, жауапкершілігін арттырудың басты адам жаңа бір әлеуметтік жағдайда өзінің мүдделерінөзгерте алмайтын халге ұшыраса, онда ол өзінің жүріс-тұрысын, мінез-құлқын өзгертуге, яғни бейімдеуге сүру сол адамның көзқарасының қалыптасуына көмектеседі, сөйтіп я болмаса оны бәсеңдетуге жағдай туғызады.
Зерттеу мақсаты - тұлғаның дамуы, әлеуметтанулық теориялар және методикалық тұрғыдан зерттеу.
Зерттеу нысаны - тұлғаны социолгиялық тұрғыдан негіздеу
Зерттеу пәні - тұлғаның іс - әрекетін, әлеуметтенуін, әлеуметтік зерттеулер жүргізуде қалыптасу ерекшелігі.
Зерттеу жұмысының болжамы - тұлға іс - әрекеті барысында мінез - құлықты қалыптастыратын негізгі шарттарды анықтай отырып, эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекетіндегі мінез - құлықтарының қалыптасуы туралы мәлімет алуға болады. Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың: философия, социология, психология, педагогика, т. б. ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен шығармашылықтың, іс- әрекетінің субъектісі ретінде қарастырса, психология оның психикалық қасиеттері мен процестердің: мінез- құлық, темперамент, қабілет, т. б. тұрақты жиынтығын зерттейді.
Осы аталған және басқа ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсенді түрде араласатын, әлеуметтік қатнастардың субъектісі ретінде қарастырады. Тұлға - әлеуметтанудың өзекті мәселелерінің бірі, өйткені қоғамда болып жатқан әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардыңіс-әрекетінің себептерін, мәнін жеке тұлғаның мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез - құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады.
Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет, т. б. ) өзінің зерттеу пәніне жатқызады.
Тұлға әлеуметтік қатнастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. "Тұлға" дегеніміз кім. Бұл сұраққа жауап беру үшін "адам", "индивид", "тұлға" деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. "Адам" деген - адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
"Индивид" адам тегінің нақтылы өкілі, жеке адам. Индивидуалдық - бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің хиынтығы, яғыни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, "тұлға" дегеніміз, адамның тек табиғи биологиялық қасиеті ғана емес, сол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс - қатнастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғыни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Индивид - жеке дара адам . Барлық адамға тән ортақ қасиет - ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтежие алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірбиесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды.
Демек адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта. Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп швғуының негізі - өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралдарын, оның ең қарапайым түрлерінен бастап, бірте - бірте жетілдіру жолдарын меңгеру қабілетінде болады. Анығында адамның өлшемі (кейбір кезде құрамы деп те атайды) үш түрлі болады.
Биологиялық, өлшем - бұл адам организінің түр бейнесі мен құамының басқаша айтқанда, организмнің құрлысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйкежүйесін, т. б. қамтиды.
Психологиялық өлшем - адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын санадан тыс құбылыстар мен процестер, сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көруі, сүю, мақтаныш, не қорлану, наразылық, ойлау т. б. адамның еркі мен сипаты, темпераментін, тағы басқаны қамтиды.
Жеке тұлғаның мінез-құлқын қалыптастыруда барлық жұмыстардың маңызы зор. Бұл мәселе педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде қарастырылған. Олар мектептегі бай рухани өмірді қалыптастыруға, оқу пәндері бойынша білімдерін тереңдетуге, оны іс жүзінде қолдануға, оқу пәндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін толық пайдалануға, дүниеге ғылыми көзқарасын және оқу пәндеріне танымдық қызығуын қалыптастырып, дамытады.
І. Әлеуметтану ғылымындағы тұлғаның әлеуметтік мәселесі
1. 1 Адам, индивид, тұлға, ұғымының түсінігі мен мәні
Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агентіболыпсаналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. Адам - адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым. Индивид - адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық - бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, тұлға дегеніміз адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға - индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір сүруіңді және басқалардың өмір сүруін қажет ететін және керісінше де солай.
Индивид-жеке дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет - ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлық көмегінсіз адам баласы жетіле алмаған болар еді.
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі - өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралдарын, оның ең қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолдарын меңгеру қабілетінде болады. Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасауды, ойларын бір-біріне сөз арқылы жеткізуді үйренді. Бара-бара адам еңбегі бүкіл материалдық және рухани мәдениет жүйесінің субъектісі, яғни жасаушысы болып шықты. Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.
Қазіргі уақытта адам мәселесі көптеген ғылымдардың назарын аударып, пәнаралық зерттеулердің негізін және зерттеу пәнін кұрап отыр.
Тұлға әлеуметтануының объектісі - әлеуметтік қатынастар мен байланыстар жүйесінің белсенді субъектісі ретіндегі жеке адам. Зерттеу пәні осы жеке адамның қоғаммен, әлеуметтік қауымдастықтармен, әлеуметтік институттармен, басқа тұлғалармен байланысының әлеуметтік зандылықтарын қарастырады.
Әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың алғашқы агенті - жеке адам. Жеке адам дегеніміз кім? Осы сұраққа жауап беру үшін "адам", "индивид", "тұлға" деген ұғымдарды ажырата білу керек.
Адам деген кім? деген сұрақ философияның негізгі сұрағы болып табылады. Ал Сократты адам философиясының негізін салушы деп те айтады. Адам ойлаушы, ақылды жан ретінде өзінің қылығының мақсатын, сонымен бірге әлемнің соңғы мақса-тын табуды өзінен шығара отырып, ақикатқа өзінің күшімен жетуі тиіс дейді.
Қазіргі кезеңде адам мәселесі көптеген ғылымдардың зерттеу аясында қарастырылып, пәнаралық зерттеулердің негізін және зерттеу пәнін кұрайды.
Философия тұлғаны танымның, іс-әрекеттің, шығармашылықтың субьектісі ретінде алатын орнына қатысты зерттейді.
Ғылыми пәндердің ішінде адамның әлеуметтік табиғатын зерттеуге ерекше үлес қосатын әлеуметтік (мәдени) антропология; психология; әлеуметтік психология; әлеуметтану. Антропологиялық тәсіл адамның табиғатын, мәдениет арқылы социум-ның дамуын және адамның өмір сүру тәсілінің универсалдық және жекелік түрлерін зерттейді.
Психология тұлғаны психикалық процестердің, катнастардың, {темперамент. Мінез- құлық, қабылет, ерік т. б. ) тұрақты тұтастығы ретінде зерттейді. Психологиялык талдау эмоциялар, сезімдер, танымдық және басқа да психикалық процестер арқылы көрінетін адамның ішкі әлеміне басты назар аударады Әлеуметтанулық тәсіл - тұлғадағы әлеуметтік-типтік ерекшеліктерді айқындайды. Әлеуметтану езінің мазарын негізінен алғанда адамға емес казіргі қоғамға аударады. Сондықтан да оның объектісІ адамдағы қоғам емес {әпеуметтік психологиядағы сияқты), қоғамдағы адам, оның алатын орны мен аткаратын рөлі. Тұлғаның әлеуметтанулык теориясының негізгі мәселесі жеке адамның қалыптасу процесін, оның қажеттіліктерін әлеуметтік қауымдастықтардың калыптасуымен және дамуымен байланысты зерттеумен, жеке адам мен топтың, жеке адам мен қоғамның заңды байланыстарын, жеке адамның әлеуметтік мінез-құлығын зерттеумен байланысты. Адамды социологиялық тұрғыдан танудағы басты мәселе - адам мен қоғамның институционалдық (сонымен бірге деинституционалдық) байланысы. Басқаша айтқанда адамның өмірлік процесінің түрлі әлеуметтік формаларының объективті түрде көрінуі (яғни, ұйымдастырылуы және мәдени реттестірілуі) және олардың субъективтік факторлардың {құндылықтар,, бағдарлар, ммдделер және т. б. ) әсерімен өзгеруі. Басқаша айтқанда, әлеуметтану тұлғаның әлеуметтік институттарға ену процесін ғана емес, сонымен бірге олардың қалыптасуы мен дамуына саналы түрде әсерін де зерттейді. Осылайша, әлеуметтану адамның тұлға ретіндегі әлеуметтік сапаларын ғана емес, оның қоғаммен институционалдық тұрғыдан байланысын зерттеуге басты назар аударады.
Әлеуметтік қатынастардың субьектісі ретінде тұлга белгілі бір дәрежеде коғамға тәуелсіз және оған озін қарсы коя алатын қабілетке ие болады. Жеке тәуелсіздік өзін билей білуге байланысты, ал бұл өз кезегінде, тұлғада өзін сезіне білудің болуына тікелей қатысты. Яғни, тұлғада сана, ой , ерік қана емес, өзін-өзі талдай білу, бағалай білу және бақылай білу қабілеті болуы қажет.
Адамның табиғаты ретінде көбіне оның биологиялық касиетін немесе барлық адамзатқа ортақ биопсихикалык құрылымын, барлық уақыттар мен халықтар үшін өзгеріссіз калып отыратын адам мінез-кұлыгының универсалдық сипаттамасын түсінеді. Көп жағдайда адам табиғатын оның табиғи қүқықтарымен де (өмір суруге, еркіндікке, бақытты болуга даму үшін тең мүмкіндіктердің болуына) теңдестіріп карастырады. Адам табиғаты - бұл оның өмір сүруінің көрінбейтін жақтары емес, туа біткен (Ното) сипаты. Баскаиша айтқанда, адамның жаралу мәні. Адам табиғатына барлық адамзат қоғамына ортақ сипаттар яғни бұл қоғамды жануарлар, құстар, жәндіктер тобынан, ажыратып тұратын белгілер тән.
Адам табиғатын оның негізгі кажеттіліктерінің жиынтығы ретінде анықтау оны проблемалық тұрғыдан талдаудың жаңа перспективаларын көрсетеді. Осы түрғыдан карағанда белгілі американдық әлеуметтік психолог Абрахам Маслоудың концеп-циясының маңызы зор. Маслоу бойынша, физиологиялық қажеттіліктер ~ тамақ ішуге, киім киюге, демалуға, түрғын үйге т. б. қажеттіліктердің жиынтығы.
Әлеуметтік қауіпсіздік - адамның жоғары көтерілу реті жағынан келесі басты қажеттілігі. Оған өмір сүру жағдайларының тұрактылығы, қоғамның талаптары мен идеалдарының, әлеуметгік институттарының өміршеңдігі, жұмыспен қамтамасыз етілу, ертеңгі күнге сенімділікпен қарау, жеке қауіпсіздігіне сенімділік т. б. жатады.
Өзін белгілі бір ұжыммен теңдестіре қарау, топқа жататынын сезінуге деген кажеттілік адамның үшінші басты қажеттілігі. Бұл кажеттілік махаббат, достык, жақсы көру т. б. сияқты адамдар жақындығын сезінудің басқа да түрлері арқылы көрінеді.
Сыйлы болуға, және өзін-өзі сыйлауга деген қажеттілік -адамның тағы да бір басты кажетгіліктерінің бірі. Адам үшін оны баскалардың құрметтеуі аса манызды.
Шыгармашылық (творчество) арқылы өзін жүзеге асыру, өзін көрсету - Маслоудың көзқарасы бойынша соңғы базалық кажеттілік. Адамның өзін жетілдіруі үшін еңбектенуі - бұл қажеттілікті қанағаттандырудың басты механизмі.
Адамның адамға қатынасы туралы ғылыми көзқарастар XIX ғасыр аяғында XX ғасыр басында философиядағы экзистенциалистік бағыт арқылы дамытылды. Экзистенциализмнің негізгі мәселесі - б:ұл адам тұлғасының әлемі. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері болып: С. Къеркегор, Гуссерль, Хайдеггер, Ясперс, Сартр Камю және т. б саналады. Бұл бағыттың өкілдерінің көзқарастары бойынша:
- адамның күнделікті куйбең тіршіліктен жоғары көтеріліп, өзіннің күшін жалған мақсаттарға емес шын өмірге бағыттауы;
- еркіндікке кол жеткізу арқылы тұлғалық сапаларын жетілдіруі;
-қарым-қатынастарда адамгершілік принциптерін ұстануы;
- еркіндік жағдайындағы өмірдің киындығын сезінуі;
- адамның коғамның, мемлекеттің емес өз алдындағы жауапкершілігінің күрделілігін сезінуі, осы жауапкершілікті көтере білуге дайын болуы;
-адамның өзін жоба ретінде қарап, өз өмірін үлгілей білуі.
Бүгінгі жаһандық және жаңару процесі жағдайында Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымында болып жатқан өзгерістер жеке адамның өмірлік кеңістігінің қалыптасуына ерекше әсер етуде. Қоғамда түрлі әлеуметтік жіктерге бөліну процесінің күшеюі әрбір әлеуметтік топтың басқалардан ерекше өзіндік ортасының, құндылықтар, бағыт-бағдарлар, әлеуметтік белсенділіктер, мүмкіндіктіер жүйесінің қалыптасуына жағдай жасауда. Осыған орай әлеуметтанушы ғалымдар тұлғаның қалыптасу процесін зерттеуде әлеуметтік-типтік ерекшеліктерді айқындауға ерекше көңіл бөледі. Өйткені тұлғаның қалыптасуы оның биопсихологиялық ерекшеліктерімен бірге оның әлеу-меттік ортасының әсеріне де тікелей тәуелді. Әлеуметтік-типтік ерекшеліктер әрбір әлеуметтік топтың экономикалық, материалдық, мәдени-тұрмыстық және даму мүмкіндіктерінің, өмір сүру бейнесі мен стилінің ерекшеліктері негізінде қалыптасады. Мысалы, ауыл адамдары мен қала адамдарының әлеуметтік типтік ерекшеліктері олардың табиғи және әлеуметтік орталарының сипатына, өмір сүру бейнесі мен стиліндегі айырмашылықтарға. қоғамдық игіліктерге қол жеткізудегі мүмкіндіктерінің теңсіздігіне негізделеді. Ал бұл әлеуметтік-территориялық кұрылымдардың өз ішіндегі түрлі топтардың өмір сүру жағдайларындағы ерекшеліктер өз кезегінде, әрбір топқа тән әлеуметтік-типтік белгілерді топтастыруға мүмкіндік береді.
Платон адамның жеке бөлек өмір сүруінің мүмкін еместігі туралы көзқарасты дамытты. Ал Аристотель адамның жалпы мәнімен бірге жеке табиғаты туралы айтып, оның жалпы мәні нақты, жеке табиғатынсыз жүзеге аспайды, - деп көрсетті.
"Адам" ұғымы барлық адамдарға тән ортақ ерекшеліктерді сипаттау үшін қолданылады. Бұл ұғым адамзат тегінің басқа материалдық жүйелерден ерекше өзіне тән емІр сүру ерекшеліктерін көрсетеді. Яғни. адамзат ерекше материалдық шындық ретінде өмір сүреді. Бірақ адамзат өз бетінше емес жеке накты адамдар арқылы көрінеді. Адамзаттың жеке өкілдерінің өмір сүруі "индивид" ұғымы арқылы айқындалады.
"Индивид" - бұл ақыл, ерік, қажеттілік, мүдде т. б. сияқты адамзаттың әлеуметтік және психологиялық ерекшеліктерінің нақты таратушысы, адамзат тегінің жеке өкілі.
"Индивид" ұғымы бұл жағдайда "нақты адам" деген мағынада қолданылады.
"Тұлға" - нақты адамның дамуының нәтижесі, адамдық сапалардың толығымен көрінуі.
Адамның құндылық бағыты индивидтің жекелік мүддесі мен қажеттіліктерін есепке алудың негізінде коғамдык кұндылықтардың оның мінез-құлқы мен іс-әрекет механизмінде көріну түрі болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл адамның мінез-кұлығының тандауға негізделетіндігін көрсетіп, өмірдің мәні және құндылығы туралы оның түсініктерінің сипатын бейнелейді. Құндылықты пікір барлық уакытта жекелік және субьективтік сипатқа ие болады.
Тұлга биологиялық. психологиялық. әлеуметгік факторлардын, жиынтығы ретінде қарастырылады. "Биологиялық" - барлық тірі жандарға тән сипат. Бұл адамда барлық тірі организмдерге тән физиолоғиялык ерекшеліктер арқылы көрінеді. Әлеуметтік касиет коғамның әсері арқылы калыптасады. Психологиялық ереқшелік ол әрбір адамның қабілет, ерік, мінез-кұлық, темперамент т. б. айырмашылықтарын көрсетеді.
Қазіргі кезеңде әлеуметтануда тұлганы зерттеуге байланысты бірқатар багыттарды бөліп көрсетуге болады. Біріншісі алғашқы орынға адамның биологиялық мәнін қоятын «биологиялық» бағыт {З. Фрейд, Л. Гезелл, К. Конрад) . Екіншісі- «әлеуметтік» (Т. Парсонс, Р. Мертон, К. Левин) . Бұл бағыт адамның дамуында әлеуметгік факторлардың атқаратын маңызды рөліне баса назар аударады. Үшіншісі - "конвергенция факторы" {А. Ф. Лазурский, В. Штерн) . Бұл концепцияда биологиялык және әлеүметтік факторлардын, өзара үйлесуі туралы айтылып, биологиялық фактор ңегізі ретінде танылады. Төртінші - "түрлі факторлық" {Л. С. Выготский, Ж. Пиаже) . Мұнда биологиялық фактормен бірге әлеуметтік орта, сонымен бірге тұлғаның өзін да-мыту жағдайлары да есепке алынады. Бесінші - "универсумдық" (С. Л. Губинштерн, А. В. Петровский) . Бұл бағыттың ерекшелігі биологиялык, әлеуметтік және рухани факторларды тұтас қарастыру {Немировский В. Г, Невирко Д. Д, Гришаее С. Б, 2003) .
Биологиялық бағыттың өкілі З. Фрейд адамды кажеттіліктер жүйесі, ал коғамды тиым салу жүйесі ретінде қарастырады. Фрейд арқылы жасалынған тұлганың үлгісі үш дәрежелі кұрылымнан тұрады: төменгі қабат {Оно немесе Ид) бейсаналылық импульс-терінен, ортаңғы қабат (Мен немесе Эго) тұлғганы бакылап отырудан және жоғарғы қабат (Жоғаргы-Мен немесе . Супер Эго) адам қабылдаған қоғамның талаптарынан тұрады (Фрейд 3., 1991) . Фрейдтің көзқарасы бойынша, тұлғаның бейсаналылық әрекеті (бірінші кезекте, сексуалдың) оның белсенділігінің негізін және потенциалын кұрайды.
Әлеуметтік бағыттык өкілі Т. Парсонс тұлғаны күрделі жүйе ретінде карастырады. Оның көзқарасы бойынша сәби тұлғасының дамуы (немссе «эго» құрылымы) объективті жүйе арқылы оған берілетін альтернативаларға катысты таңдау реак-циясының рөлін орындайтын алдын ала күтілім - қажетгіліктердің салыстырмалы түрде алғанда ерекше және тұрақты жүйесінің калыптастырылуы. Әдетте тұлға әрбір накты кезеңде әлеуметтік ситуацияларға қатысты жоғарғы дәрежедегі автоном-дығымен ерекшеленеді, сондықтан да әлеуметтік ситуацияның өзгеруі тұлга жүйесіндегі сәйкес өзгерістерге толығымен алып келмейді {Парсонс Т., 2000) . . Түрлі факторлық бағыттың өкілі Л. С. Выготский адамды тек: қана рационалдылық тұрғысынан түсіндіруге келмейтін, өзінің алдына қойған мақсатына, міндеттеріне жетуге бар күшін салатын белсенді жан ретінде қарастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz