Балаң жастық


Жоспар
І Кіріспе
1. 1 Балаң жастық және бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері.
1. 2 Балаң жастағы дене күшінің дамуы
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 . Дамудың әлеуметтік жағдайы және ақыл-ой қызметінің
ерекшеліктері.
2. 2 Өзіндік сананың алғы шарттары.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Балаң жастық және бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері.
Жас шағы психологиясына жасөспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.
Жас өспірімнің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жасөспірімді алдымен организм эвалюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эвалюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әркелкі болып өтеді. Жасөспірімнің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рөльдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты мәселелерге назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық мәселелерге әлеуметтік мәселелерден шығарылады.
Акселерацияға байланысты жеткіншектік кезеңнің шектері төмендейді де, қазір ол енді 14-14, 5 жаста-ақ аяқталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазмұны алдымен әлеуметтік жағдайлар анықтайды. Жастардың қоғамдағы орны, ол меңгеруге тиісті білімдердің көлемі және басқа бір қатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.
Көптеген алғашқы қауымдық қоғамдарда жас шағы айырмашылақтары әлеуметтік айырмашылықтарға тікелей үйлеседі; социализацияның негізгі механизмі бір жастағы адамдарды (еркектерді) біріктіретін жас шағы топтары болып табылады, осының өзінде мұндай топтардың әрқайсысы өздеріне ғана тән арнайы әлеуметтік функцияларды ғана атқарады. Феодалдық қоғамда социализация жеткіншекті не жас өспірмді ересектердің іс-әрекетіне едәуір дәрежеде тікелей қосу арқылы жүзеге асырылған. Мектеп оқытудың осы практикалық формаларын толықтыратын ғана болған. Қазіргі қоғамда еңбектің және қоғамдық іс-әрекеттің күрделіленуіне байланысты адам жұмыс істемей, негізінен оқитын даярлық кезеңі едәуір ұзарады. Білім алу мен оқудың қоғамдық қажетті мерзімі неғұрлым ұзақ болса, шын мәнінде әлеуметтік кемелділік соғұрлым кеш басталады. Осыдан келіп жас өспірімдік кезең ұзарып, жалпы алғанда жас шағы шектері біршама тиянақсыз болады.
Балаң жастағы дене күшінің дамуы.
Балаң жастық - адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу қосу-алу 13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дің арасы (ауытқу қосу-алу 10 ай) . Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылданумен байланысты. Спорттың кейбір түрлеріне балаң жастық - ең көп жетістіктерге жететін кезең.
Жыныстық даму жөніне жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипатындағы айырмашылықтар мен басқа да әлеуметтік-экономикалық факторлар ықпал етеді. Мұның үстіне орташа статистикалық норманың жеке физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескеру өте маңызды. Кейбір әбден қалыпты адамдар орташа статистикалық мерзімдерден көп озық не қалыңқы дамиды. Қарқынның бұл вариацияларын патологиялық жағдайлардан ажырату әрдайым оңай бола бермейді.
Дамудың әлеуметтік жағдайы және ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері.
Жасөспірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді.
Баланың атқаратын рөлі ересектердің рөліне қарағанда сапалық тұғыда өзгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғады. Өмірлік іс - әрекеттің күрделене түсуімен бірге жастарға әлеуметтік рольдер мен мүдделер диапазонының сандық ұлғаюы ғана болып қоймайды, сапалық тұрғыдан да өзгеріп, ересектік рольдер бірден-бірге көбейеді, осыдан келіп дербестік пен жауапкершілік өлшемі шығады. 16 жаста төлқұжат алады, 18 жасында сайлау құқығы мен некелесуге мүмкіндік алады. Жасөспірім қылмысты істер үшін жауап беретін болады. Көпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастайды, бәрі де мамандық таңдау туралы және т. б. ойлайды. Алайда жасөспірімде ересектер статусының элементтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілеріәлі сақталады. Материалдық жағынан жоғары сынып оқушысы әлі ата-аналар қарауында. Мектепте оған, бір жағынан, екінің бірінде сен ересексің, үлкенсің десе, екінші жағынан, одан үнемі тіл алуды талап етеді. Бұл мектептен басқа жерлерде де байқалады, мұнда 16 жастағылар емес, 20 жастағыларды да көбінесе ересек деп санамайды. Жағдайдың (бір тұрғыдан ересек деп танитын, екінші тұрғыдан танымайтын) және өзіне қойылатын талаптардан тиянақсыздығы жастардың психологиясына өзінше ұғынылады.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері - мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге өз семьясын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді және олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның іс-әрекетінің сипатына тәуелді. Барлығы мектеп оқушылары болатын жеткіншектердей емес 15-17 жастағы жас өспірімдер мен бойжеткендер бұған қоса кәсіптік-техникалық училищелердің немесе арнаулы рота оқу орындарының оқушылары болуы мүмкін. Кейбір жасөспірімдер оқуды өнімді еңбекпен ұштастырады. Бұл айырмашылықтар психологияға әсер етеді, сондықтан тәрбиешілер мұны ескеруге тиіс.
Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интеллектілік операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың баюуы жас жігіттер мен қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты әрі мәнді етіп, оны бұл тұрғыдан ересктің іс-әрекетіне жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсуімен қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастардағыға қарағанда неғұрлым күрделі де дара сипат береді. Қазіргі бар деректерге қарағанда, ақыл-ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер балаларға ертерек басылып, неғұрлым айқын көрінеді. Қабілеттер мен мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқада көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және тәжірибелік тұрғыдан маңызды болады. Осыны, сондай-ақ жоғары класс оқушының мамандық таңдауға даярланут қажеттігін ескеріп, жоғары сыныптарда оқытудың даярлығын күшейту қажет, оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім беретін мектеп шеңберінде біраз мамандануға мүмкіндік жасау керек (факультативтік пәндер, үйірмелік жұмыс, маманданған мектептер) Бірақ арнайы қабілеттердің қалыптасуының өзі оқытудың бағыты мен сипатына орасан зор дәрежеде байланысты екенін есте ұстау қажет.
Жасөспірімдік - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығын (енді бала болмағанымен, әлі ересек те емес), өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы - осының бәрі қосыла келіп жасөспірімдік шақта бағалаушылық-бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады.
Әңгіме өз қасиеттерін тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса да, жас адам оларды бағалауға өте-мөте ден қояды да, өзінің мінез құлқын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген критерийлер мен нормалар негізінде құруға тырысады. Бұл ең алдымен өзіндік сананың дамуында көрінеді.
Өзіндік сананың алғы шарттары.
Өзіндік сана - күрделі психологиялық құрылым, ол ерекше компоненттер ретінде
В. С. Мерлиннің осылай деп санайтынындай, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз «менін» ұғынуды, үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің барлығы бір-бірімен функциялық және генетикалық жағынан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. Теңдестігін ұғынудың бастамалары сыртқы заттардан болған және өз денесінде болған түйсіктерді ажырата бастаған кезден бастап нәрестенің өзінде-ақ болады, «менді» ұғыну бала жіктеу есімдіктерін дұрыс қолдана бастаған, шамамен үш жастан басталады. Өзінің психикалық қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңде неғұрлым көп маңыз алады. Бірақ бұл компоненттердің бәрі өзара байланысты болғандықтан, оның біреуінің баюы бүкіл жүйенің түрін өзгертпей қоймайды.
Жеткіншектің өзі-ақ өзін көрсетуге барынша ұмтылуымен өзінің «мені» мен өз қасиеттеріне зор ынта қояды. Атап айтқанда, ол өзінің келбеті мен дене тұлғасын мүлдем жаңаша қабылдай бастайды. Бұл зор ынта балаң жасөспірім жаста да сақталады. Өзінің өзгергіш тұлғасына зер сала зерттейтін жас өспірім жігіттер мен қыздар бұған барынша алаңдайды. Олардың бәрі дерлік өз келбеттерін өзгерткісі келер еді. Олар үшін әсіресе құрдастары алдындағы беделін арттырып, танымалдығын өсіретін қасиеттер ерекше маңызды. Жасөспірімдердің көбі тапал, толық болғанына, бетіне безеу шығуына т. б. қынжылады. Әсіресе кеш толысатын ер балалар мұнысына қатты уайымдайды; екінші жыныстық белгілердің шықпай кешігуі құрдастарының алдындағы беделін төмендетіп қана қоймай, өзін қатарынан кем сезінуді туғызады. Бұл қынжылыстар, әдетте, ешкімге білдірілмейді. Өз денесінің бейнесін жас өспірімдердің өзін-өзі ұғынуының ересектердің ойлағанындай емес, анағұрлым маңызды компоненті. Қалыпты өсудің барлық ньюанстары мен нұсқауларын білмеу көптеген жас өспірімдер үшін нағыз «қайғы нысанына» айналады.
Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау.
Кішкентай балалардың өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте, ата-аналарынан және басқа да беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қасиеттерін, әсіресе, батылдық, ерлік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдық-психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады (өз ақылы немесе сұлулығын басқа біреумен салыстыру арқылы ғана бағалауға болады) .
Жасөспірім де жеткіншек секілді өзінің қандай екенін, қаншалық құнды, қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Біреуі өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижесімен өлшемдестіру («Қиын жағдайда саспаған болсам, қорқақ болмағаным; қиын міндетке кірісіп кетіп, орындап шықсам, қабілетті болғаным») . Бірақ жас өспірімнің өмірлік тәжірибесінің шектеулілігі мұндай тексеруді қиындатады. Ересектердің көзқарасымен қарағанда қисынсыз көптеген қылықтар - қауіпті сотқарлық, даңғойлық көзге түсіп, жұртқа танылғысы келуден гөрі өзінің батылдығын, өжеттігін т. б. сынап көргісі келуден болады.
Өзін-өзі бағалаудың екінші жолы - әлеуміттік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Төңірегіндегілердің өзі туралы пікіріне өте сезімтал қарайтын жеткіншектің өзі-ақ әркімнің бағалары ғана емес, бағалайтын өлшемдерінің өзі әрқилы болатынына көзі жетеді. Сыныптастары ерлік деп бағалаған әрекетті мұғалім жалған жолдастық деп атайды. Осыдан келіп таңдау, өздігінен ойланып көру қажет болады. Өз «менінің» бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі. Мұнда нақты «мен» (қазір қандай болсам, сондай) де, динамикалық «мен» де (қандай болғым келсе, сондай), мұраттағы «мен» де (өзімнің моральдық үрдістерім негізінде сондай болуға тиістімін), қиялдағы «мен» де (бәрі де мүмкін болса, сондай болғым келер еді), көз алдыма елестететін басқа толып жатқан «мендер» де бар. Тіпті толысқан адамның өзін-өзі ұғынуы да қарама-қайшылықтарсыз болмайды және өзін-өзі бағалаудың бәрі адекватты емес. Жасөспірімдік кезде мәселе бұдан да қиынырақ. Кейде жасөспірім өзін-өзі бақылау, байқау арқылы өзін білсем дейді. Балдаң жасөспірімдік кезде жалпы алғанда рефлексияның өсуі, өзіне барынша ден қою тән. Мұның өзі интимдік күнделіктердің шығуынан да (жасөспірім ұлдарға қарағанда, қыздарда көбірек кездеседі және ертерек басталады), көркем әдебиет бейнелерін өзіне «өлшеп көруден» де, басқа адамдардың ішкі жан дүниесіне көбірек ден қоюдан да аңғарылады. Кейбір психологтар жасөспірімдік рефлексиясының өзін-өзі оқшаулау, шындық болмыстан қиялдағы арман дүниесіне беріліп кету қаупі бар есептеп, оған теріс көзқараста болады. 15 жастағылардың ішкі жан дүниесі алаңсыз болып көрінгенімен әжептеуір қалыптасқан және нәзік болады. Психикалық саулық нормаларының өзі оларда үлкендердегіден гөрі өзгеше. Кіші шәкірттік жастағыларға қарағанда, жас өспірім жігіттер мен қыздарда алаңдаудың жалпы дәрежесі жоғары. Пубертаттық жаста деперсонализация және психикалық жатсыну жағдайлары аз болмайды.
Балалықпен қоштасу көп жағдайда бір нәрседен айырылу сезімі ретінде, өз «менінің» бұлыңғырлығы, жалғыздық, өзін басқалар түсінбейтініндей көру т. с. с ретінде уайымдалады. Алайда, бұл сәттерді асыра бағалауға болмайды. Жасөспірімдік шактың қиыншылықтары бұларға бәрі де душар бола бермейтінін, кезікеннің өзінде міндетті түрде соншалық қиын болмайтынын айтпағанның өзінде бұлар ойдағыдай жеңуге болмайтын өсу қиыншылықтары.
Тұрақты эгоцентризімнің нақты қаупі невротизм белгілері бар жасөспірімдерде ғана немесе бұған дейінгі дамудың ерекшеліктерімен байланысты (өзін-өзі сыйламаушылық, адамдармен қарым-қатынастың нашарлығы) оған бейім жастарда ғана болады. Жақсы мұғалім мұндай балаларды қарым-қатынастың олар неғұрлым қолдан келетін және қолайлы формаларына елеусіз тарта отырып тиімді көмек жасай алады.
Алайда қысым атаулы немесе дөрекі араласу қосымша тауқыметке ғана ұғындырады. Адамгершілік тұрғыдан байсалды ортада, ұйымшыл ортада тәрбиеленген жасөспірім жігіттер мен қыздардың көпшілігінде психологиялық оқшаулану мен рефлексия қарым-қатынасқа кедергі болмағанымен қоймай, қарым-қатынастың тереңдеп, оның іріктеліп өсуіне жағдай жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz