Еуроодақ құрылуының алғы шарттары



1 ЕУРООДАҚ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
2 ИСПАНИЯДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ СОҒЫС
3. 2 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ СЕБЕПТЕРІ
4. 2 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ЕУРОПА ХАЛЫҚТАРЫ ҮШІН ҚОРЫТЫНДЫСЫ
5 МУССОЛИННИ БИЛІК БАСЫНА КЕЛУІ
6 ПАРИЖ БІТІМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
7 ПОТСДАМ ДЕКЛОРАЦИЯСЫ
8 ПРИМО ДЕ РИВЕРА ФАШИСТІК ДИКТАТУРА
9 ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ДАМУЫ
10 ФАШИСТЕРДІҢ БИЛІК БАСЫНА КЕЛУІ
11 ФРАНЦИЯ ҮШІН ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
12 ФРАНЦИЯДАҒЫ ЖАҢА ЭКАНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС ДАЛАДЬЕ МЮНХЕН
13 ФРАНЦИЯДА 5 РЕСПУБЛИКА ОРНАУЫ
14) ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ САЯСИ ЭКАНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
15) 1924.1929 ЖЫЛЫ ИТАЛИЯНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
16) 1929.33 ЭКАНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС ГЕРМАНИЯ
17) 1979 ЖЫЛЫ САЙЛАУДА КОНСЕРВАТОРЛАР ЖЕҢІСІ МАРГАРЕТ ТЕТЧЕР
18) ГФР НЫҢ 70 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЭКАНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ
19) БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІН ИТАЛИЯ ЭКАНОМИКАСЫ
20) БІРІНШІ ЛЕЙБОРИСТІК ҮКІМЕТ ҚҰРЫЛУЫ
Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) — Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.Еуропа одағы (ЕО) — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясындаорналасқан Германия, Франция,Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия,Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегіеуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа – Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия,Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропа одағы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы ,Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Австрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. Еуропа одағының жалпы органдары қатарынаЕуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады. Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында Еуропалық Одақ комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропа одағы ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда. Дамуы Федералдандыру Еуропалық қауымдастықтың және Одақтың дамуының бүгінгі күнге дейінгі дамуының басты үрдісі болып отыр:ЕО-ың ішкі бірыңғай нарығы қалыптасқан жалпы нарықты құру, яғни, "осы Келісім ережелеріне сәйкес тауар, қызмет және капитал айналымы еркін жүргізілетін ішкі шекарасыз кеңістік" орнату (Еуропалық Қауымдастық құру жөніндегі Келісімнің 4-бабы);Экономикалық және валюталық одақ орнату. Оның негізі ЕО бірыңғай ақша бірлігінің - еуроның (бұл процеске әзірше өз үлттық валюталарын айналымда қолданатын ¥лыбритания, Дания және Швеция, сондай-ақ ЕО-ның 10 жаңа мүше-мемлекеті қосылған жоқ) енгізілуі; Шенген кеңістігін құру және осы Шенген келісімінің негізінде шетелдіктерге бірыңғай визаны енгізу; Еуропалық Одақ институттарының әртүрлі салаларда ортақ саясат жүргізуі: ЕО-ның ортақ аграрлық сая¬сатын, бәсекелестік саясатын, көші-қон, көлік, экологиялық және т.б. саясаттарын жүргізу; Еуропа одағы қүқын - мүше- мемлекеттердің, заңды түлғалардың және қарапайым азаматтардың қатысуымен қоғамдық қатынастардың маңызды салаларын реттейтін өзіндік қүқық жүйесін қалыптастыру; Tұрақты, құқықтық байланысы ретінде Одақтың азаматтық институтын құру; Одақ азаматтарының негізгі қүқықтық ережелері бекітілген жаңа кешенді дерек көзі - 2000 жылы қабылданған Еуропалық Одақтың негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.XXI ғасырдын басында Еуропа одағы қайта қүрулардың жаңа кезеңіне өтті, оның мақсаты - үйымды тиімді қызмет ету жолын қалыптастыру және демократияландыра түсу. 2002 жылы "Одақтың болашағы жөнінде Конвент" шақырылды. 2004 жылы Конвент Еуропа Одағының Конституциясын жасады.Еуропа одағытың әлеуметтік саясаты - Еуропалық Одақ елдерінде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік саясаттың дамуының ғаламдық үрдістері ең алдымен, аймақтық деңгейде қалыптасуда. Осы орайда едәуір ілгері кеткен, үлгі боларлықтай әлеуметтік жағдайлар туғызып отырған Еуропа аймағы, мүндағы әлеуметтік саясаттың ең басты үйымдастырушы әрі бірыңғайландырушы факторы

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЕУРООДАҚ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫШЫТТАРЫ

Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) — Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм
шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.Еуропа
одағы (ЕО) — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373
млн адамнан асатын халқы
бар Еуропа территориясындаорналасқа н Германия, Франция,Италия, Бельгия , Ниде
рланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дан ия, Ирландия, Грекия,Испания, Порту галия,
 Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған.
Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен
болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз
қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты
бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом
энергиясы жөніндегіеуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-
қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа – Польша,
 Венгрия,  Чехия,  Словакия,
 Словения, Хорватия,Эстония, Латвия , Литва елдері мүше болды. Еуропа одағы
аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық
актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам
келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропа одағы
мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту;
кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен
қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі 
жағалауындағы ,Азия,  Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық
саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып,
құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды
өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап
(алғашқы кезекте он бір мемлекет:  Австрия,  Бельгия,  Германия, Ирландия, 
Испания,  Италия,  Люксембург,  Нидерланд, Португалия, Финляндия,  Франция)
есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей
еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол
төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. Еуропа
одағының жалпы органдары қатарынаЕуропалық комиссия, Еуропалық парламент,
Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады.
Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995
жылдың қаңтарында Еуропалық Одақ комиссиясының штаб-пәтері
орналасқан Брюссель қаласында Қазақ стан Республикасы мен Еуропалық Одақ
және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық
туралы келісімге қол қойылды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның
ішінде Қазақстанға Еуропа одағы ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек
көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда. Дамуы
Федералдандыру Еуропалық қауымдастықтың және Одақтың дамуының бүгінгі күнге
дейінгі дамуының басты үрдісі болып отыр:ЕО-ың ішкі бірыңғай нарығы
қалыптасқан жалпы нарықты құру, яғни, "осы Келісім ережелеріне сәйкес
тауар, қызмет және капитал айналымы еркін жүргізілетін ішкі шекарасыз
кеңістік" орнату (Еуропалық Қауымдастық құру жөніндегі Келісімнің 4-
бабы);Экономикалық және валюталық одақ орнату. Оның негізі ЕО бірыңғай ақша
бірлігінің - еуроның (бұл процеске әзірше өз үлттық валюталарын айналымда
қолданатын ¥лыбритания, Дания және Швеция, сондай-ақ ЕО-ның 10 жаңа мүше-
мемлекеті қосылған жоқ) енгізілуі; Шенген кеңістігін құру және осы Шенген
келісімінің негізінде шетелдіктерге бірыңғай визаны енгізу; Еуропалық Одақ
институттарының әртүрлі салаларда ортақ саясат жүргізуі: ЕО-ның ортақ
аграрлық сая¬сатын, бәсекелестік саясатын, көші-қон, көлік, экологиялық
және т.б. саясаттарын жүргізу; Еуропа одағы қүқын - мүше- мемлекеттердің,
заңды түлғалардың және қарапайым азаматтардың қатысуымен қоғамдық
қатынастардың маңызды салаларын реттейтін өзіндік қүқық жүйесін
қалыптастыру; Tұрақты, құқықтық байланысы ретінде Одақтың азаматтық
институтын құру; Одақ азаматтарының негізгі қүқықтық ережелері бекітілген
жаңа кешенді дерек көзі - 2000 жылы қабылданған Еуропалық Одақтың негізгі
қүқықтар жөніндегі Хартиясы.XXI ғасырдын басында Еуропа одағы қайта
қүрулардың жаңа кезеңіне өтті, оның мақсаты - үйымды тиімді қызмет ету
жолын қалыптастыру және демократияландыра түсу. 2002 жылы "Одақтың болашағы
жөнінде Конвент" шақырылды. 2004 жылы Конвент Еуропа Одағының
Конституциясын жасады.Еуропа одағытың әлеуметтік саясаты - Еуропалық Одақ
елдерінде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік
саясаттың дамуының ғаламдық үрдістері ең алдымен, аймақтық деңгейде
қалыптасуда. Осы орайда едәуір ілгері кеткен, үлгі боларлықтай әлеуметтік
жағдайлар туғызып отырған Еуропа аймағы, мүндағы әлеуметтік саясаттың ең
басты үйымдастырушы әрі бірыңғайландырушы факторы - үздіксіз ықпалдасушы
халықаралық бірлестік - Еуропа Одағы. Еуропа Одағы елдерінде қазіргі кезде
бүгінгі әлемдегі ең жетілген әлеу¬меттік қамту жүйесі орныққан, оның негізі
XX ғасырдың алғашқы жартысында қаланды. 1957 жылы Еуропалық экономикалық
қауымдастық қүра отырып, мүше-мемлекеттер келісім-шартта "жүмысшылардың
еңбек жағдайын, өмірлік стандарттарын жақсартуға жәрдем көрсету" туралы
ортақ келісімді бекітті. Әлеуметтік жүйені үйлестіру тек шаруашылық
саладағы шаралардың нәтижесі бола қоймайды. Экономикалық іс-шаралармен
қатар, әлеуметтік саланы реттеу жүмыстары жасалуы керек. Осылайша,
экономикалық іс- қимылдың әртүрлі қырларын жалпы реттеу саясатымен қатар,
ЕО қүзырына кіретін элементтердің қүрамдас бөлігі "жүмыспен қамтамасыз ету
саясаты" ( ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы), сондай-ақ "денсаулық сақтау
саласындағы саясат" (ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы) үстанды. ЕО-ның
әлеуметтік саласында үйлестірілген саясат жүргізудің маңыздылығы екі өзара
байланысты себептің салдары. Ол ортақ нарықтың әлеуметтік мақсаттары және
ЕО қызметінің барлық бағыттарында "өз міндеті ретінде Қауымдастық
шеңберінде жүмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғауды, әиелдер мен
ерлердщ тең қүқықтылығы, өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруді
белгілеуімен" негізделеді (ЕО жөніндегі Келісімнің 2-бабы). ЕО жүргізіп
отырған әлеуметтік саясаттың қүқықтық негізі "Қауымдастық саясаты" қүрылтай
келісімінің 3-бөлімінің тараулар мен тармақтарының ережелері болып
табылады. Әлеуметтік саясат саласында ЕО өкілеттігінің қайнар көздері: ЕО
жөніндегі Келісімнің VIII тараудың "Жүмыспен қамту" бөлімі, XI тараудың екі
бөлімі - 1 бөлім "Әлеуметтік ережелер" және 2 бөлім "Еуропалық әлеуметтік
қор", сондай-ақ XIII бөлім - "Денсаулық сақтау". ЕО-ның ортақ әлеуметтік
саясатын жүргізуде жеке адамның әлеуметтік қүқықтарына арналған бірнеше
қүжаттар аса маңызды: Еуропалық әлеуметтік хартия, 1961 жылы Еуропа
Кеңесінің қамқорлығымен қол қойылып, 1996 жылында қайта қаралған; 1989 жылы
еңбекшілердің негізгі әлеуметтік қүқықтары туралы Қауымдастық Хартиясы;
2000 жылы ЕО-ның негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы. Қауымдастықтың
әлеуметтік саясатын қалыптастыруда 1992 жылда әлеуметтік саясат жөніндегі
Келісімнің тарихи маңызы зор. Маастрихт Келісімінен кейін ықпалдасудың жаңа
айналымына өткен ЕО елдері әлеуметтік саладағы институттардың өкілеттігін
кеңейту қажеттігі туралы уағдаласты. 1997 жылы Амстердам келісімі
әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің барлық негізгі ережелерін ЕО
жөніндегі Келісімнің сәйкес баптарының қүрамына біріктірді. Келісім 1992
жыл күшін жойды. ЕО жөніндегі Келісімге сәйкес Еуропалық қауымдастықтың
әлеуметтік саясатының мақсаттары: жүмыспен қамту, өмір сүру мен еңбек
жағдайын жақсартуға жәрдемдесуді өзара үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлер мен
еңбекшілер арасындағы диалог, нақтылы әлеуметтік қорғау, кедейленумен
күрес, жүмыспен қамтудың жоғары дәрежелі жағдайына қолайлылық туғызу.Еуропа
одағы институттары - Еуропалық Одақтың негізгі міндеттерін жүзеге асырушы
қүзырлы органдар. Еуропалық Одақ Институттары бір мезгілде Еуропалық
қауымдастықтың әрқайсысының: Еуропалық қауымдастықтың, Еуропалық көмір және
болат бірлестігі, Атом энергиясы бойынша Еуропалық Қауымдастық институттары
ретінде де қызмет етеді. Осылайша, "Еуропалық Одақ институты" және
"Еуропалық қауымдастық институты" ұғымдары синонимдер болып табылады.
Еуропалық Одақ институттарына: Еуропалық Кеңес,Еуропалық
Парламент, Еуропалық комиссия, Еуропалық Сот, Еуропалық санақ
палатасы, Экономикалық және әлеуметтік комитет, Аймақтар
комитеті, Еуропалық орталық банк,Еуропалық инвестициялық банк, Еуропа одағы
омбудсманы, Еуропол жатады. Еуропа одағы құқы — [EULaw; European Union Law]
— Еуропалық қауымдастық пен Еуропалық Одақ шеңберіндегі еуропалық
ықпалдасудың дамуы негізінде пайда болған ерекше қүқықтық феномен. Еуропа
одағы қүқы халықаралық қүқық пен мемлекетшілік қүқықтың түйіскен жерінен
пайда болған ерекше қүқық тәртібі. Еуропа одағы қүқының автономдығы
Еуропалық қауымдастықтар Сотының бірқатар шешімдерімен бекітілген.
"Еуропалық Одақ қүқы" үғымы 1990-шы жылдардың басында Еуро- одақтың пайда
болуымен қатар қолданыла бастады.Еуропалық ықпалдастық - еуропаның
бірлесуін мақсат түтатын қүрылымдық және саяси процесс. Оның идеологиялық
негізі - Еуропаның (континент немесе нақтылы географиялық аймақ ретінде
емес, саяси-мәдени үғым ретінде) саяси біртүтастығы Рим империясынан, ал,
діни түтастығы - IV ғасырдын б.д.д. христиандықтың осы империяда қоғамдық-
саяси күшке айналуынан бері орныққан деген сенім болып табылады. Ӏс жүзінде
V ғысырдын Батыс Рим империясы жойылғанынан кейін аумағы бірте-берте
тарылып, 1453 жылы оның астанасы - Константинополь - османдықтардың
иелігіне өтіп, жоқ болып кеткенінше,империялық бірліктің
"қүдіреттілігі" Византияда (Шығыс Рим империясы) сақталды.[1]

ИСПАНИЯДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ СОҒЫС
Испанияның азамат соғысы – 1936-1939 жж. болған әскери тартыс. Бір жақта
испан социалистер болған, арғы жақта испан әскери фашистер. Азамат соғысы
17 шілде 1936 ж. басталды, және 1 сәурде 1939 ж. аяқталды. Социалистерға
КСРО мен Мексикакөмектесті, ал фашистерға – Үшінші Рейх және
Италия.Соғыстың басталуы 1931 ж. испанлар өз елде Испан Республикасы
жариялды. Ең бірінші үкіметке консеварторлар және ұлтшылық партиялар келді.
Бірақ сосын сайлауда көп социалисттік және коммунистік партиясылар женіс
алып, өз заңдар қабылдады. Мысалы, 1932 ж. Аграрлық Заң, осы заң шаруаларға
мен диқанларға жері берілді. Осы бәрі консеварторлаға ұнамау болды.1933
жылы Испанияда сайлауда Коммунист және Социалситтік (Socialist Workers
Party of Spain, PSOE) партиясылар жеңіс алып, биік басына келді. Олар өз
адам Мануэл Азанио президент істеді. Осы жылда Алманияда билік басына NSDAP
(Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы) келді. Германлар Еуропалық
фашистерға көмектесу бастады. Содықтан испан фашистер және консеварторлар
төңкеріс жасау етті. Испанияның азамат соғысы басталды.Азамат соғысы
басталғанда әлемдін социалисттер Испанияға көмектесу келді. Олар
интернационал бригадасылар ұйымдастырған. Тағыда Мексика Испанияға өзінін
әскерлер және техника берілді. КСРО испан социалистерға қарулармен және
ақшамен көмектесті. Көп КСРОның мамандық әскерлер және адамдар Испанияға
көмектесу келді. Ал Ұлтшылық испанияға Италия және Алмания көмектесті.
Бенито Муссолини италияның диктаторы испанияға 50000 адам жіберді.
Алманияда Адолф Һитлер 15 мын адам жіберіп, испан фашистерға көп ақша
берді.Соғыстың барысы Испан фашистер өз партиясы Фаланга жариялды. Оларға
испан әскери қолбасшылар, консеваторлар және монархистер қосылды.
Фашистердың басшы Санджуро 20 шілде 1936 ж. өлді және жаңа партияның басшы
Франсиско Франко болды. Бірінші күндерде фашистерттер 50 мын адам өлтірді
(социалистер және анти-фашистер).21 шілде фашистер Феррол қаласы басып
алды. 7 қыркүйектте олар Баск елге кіріп, Билбао қаласы алды, және Мадрид
алу бастады. Бірақ Мадридтте олар ұтылып шегінді. 1937 ж. фашистер Испан
Морокко алып қайтадан Мадрид шабуылды, бірақ одан да ұтылды.1938 ж. Теруел
шайқаста республикалық әскерлер женіс алды. Бірақ Алманидан келген фашистер
испан Фалангамен одақтасып Теруел тойтартты. 1939 ж. 14 қаңтарда испан
фашистерТеррагона қаласы басып алды, ал 26 қантарда Барселона.28 наурызда
Франко әскерлер Мадрид басып алды. Азамат соғысы аяқталды.Фашисттер билік
алғанда репрессиялар істеу бастады. 30-70 мын адам қамау немесе өлтірген
болған. Екінші Дүниежүзілік соғысы басталғанда испан фашистер Алманияға
көмектесті, олар Когілдір дивизиясы ұйымдастырды.Франко Испанияда
диктаторы болды. 1975 ж. ол қаза тапты, және испанлар демократия жолына
қайтып бүгінгі Испания құрылысты.

2 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ СЕБЕПТЕРІ
Соғыстың басталуы. Екінші Дүниежүзілік соғыс (қыркүйектің 1, 1939 —
қыркүйектің 2, 1945) — дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия,
Жапония тарапынан басталған соғыс. 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан
кейін Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға
кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. Екінші дүниежүзілік
соғыс 1939ж 1 қыркүйекте Германияның Польшаға шабуылынан бастады.Польшаның
Франциямен және Англиямен өзара көмектесу туралы келісім жасағанын білетін
Германия Польшаны жылдам талқандауға тырысты.Қауырт соғысжүргізу мақсатында
ол Польшаға қарсы барлықәскерінің үштен екі бөлігін топтастырды.1939ж
3қыркүйекте Англия мен Франця Польшамен одақтасты міндеттерін орындау
мақсатында Германияға соғыс жариялады.1939ж 19қыркүйекте Скандинавия елдері
басталған соғыста бейтараптылық саясат ұстайтындарын мәлімдеді Польшаға
қарсы қауырт соғыс жоспарын іске асыру үшін неміс әскерінің барлық түрлері
бір мезгілде екпінді шабуылға шықты.Сонымен қатар неміс ұшақтарын поляк
қалаларын үздіксіз бомбылаумен болды.Немістер алғашқы күндері-ақ поляк
әскерлерінің қорғаныс шебін бұзып , Варшаваға бағыт алды. 16 қыркүйекте
олар Варшаваны қоршап алды Ал 17 қыркүйекте шығыстан Польша жеріне Кеңес
Одағының әскерлері енгізілді .Қоршаудағы Варшава 28 қыркүйеккедейін
шайқасты ,алайда күш тең емес еді1939ж 28 қыркүйекте Достық және шекаралар
туралы кеңес- герман келісіміне қол қойылды .Бұл келісім екі мемлекеттің
Польшаны ықпал аймағына бөлісуін бекітті және КСРО мен Германияның
арасындағы жаңа шекараны белгіледі 2 қазанда қорғаныс шайқастарын жүргізіп
жатқан соғыс поляк бөлімдері берілді .Осылайша Польша мемлекеті төртінші
түсті . Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс. 1939жылғы 23 тамызда
кеңес-герман келісім бойынша, Финляндия және Прибалтика Кеңес Одағының
ықпал аймағы болуға тиісті еді. 1939ж қазанда КСРО Финляндияға
Щығанағындағы бірнеше аралды Карел мойнағының және Рыбачий түбегінің бір
бөлігін ауыстыру туралы және Ханко аралын жалға беру туралыталап қойды
.Ханко аралында кеңес әскери –теңіз базасын салуды жоспарлады .Финляндия
негізгі талаптарға келісті , бірақ Ханко аралын беруден бас тартты ,бұл
Финлядияның қаіпсіздігіне нұқсан келтіретін еді .Қараша айында Финляндиямен
шекараға кеңесә скерлері топтастырыла бастады.1939ж 26 қарашада Кеңес
үкіметі Финляндияға әскерлерін шекарадан 25 шақырым алысқа алып кету
туралы талап қойды . Фин үкіметі тура осындай қашықтыққа кеңес әскерлері
шекарадан шегінсе ,бұл талапты орындаймыз деді .Алайда Кеңес Одағын
қанағаттандырмады . 1939ж 30қарашада Кеңес Одағы ресми түрде соғыс
жарияламай-ақ , Финляндияға шабуыл жасады. Бұл 1920 жылғы кеңес фин бейбіт
келісімшартын , 1932 жылғы бір –біріне шабуыл жасамау туралы кеңес- фин
келісімшартын және Гаага конвенциясын бұзу еді . Сонымен қатар бұл 1939ж
жарияланған Финляндияға бейтараптылығын бұзу еді . Сондықтан бұл соғысты
ірі мемлекеттің ұсақ мемлекетке күш көрсету деп есептеп , Ұлттар Лигасын
Кеңес Одағына басқыншы деген айып тағып , оны 14 желтоқсанда Лига
қатарынан шығарып тастады . Соғыс 1939жылдың 30 қарашасынан 1940жылдың 12
наурызына дейін созылды .Кеңес фин соғыс Солтүстік Еуропада халықаралық
жағдайды шиеленістірді және оған Батыс Еуропада бір- бірімен соғыс
жағдайында тұрған Германиямен және Англия мен Францияның тартылу қаупін
төндірді .Егер бұл соғысқа Англия мен Франция қатысса ,олар ,әрине
Финляндияға жақтасқан болар еді Күш тең емес еді .1миллион кеңес әскеріне
қарсы 420 мыңдық фин әскері соғысты .Батыстың 11елі Финляндияға әскери
техника ,қару –жарақ берді және 11 мыңнан астам еріктілерді жіберді .1940ж
наурызда Швеция мен Норвегияның делдалдығымен кеңес-фин соғысы тоқтатылып
,келісім жасалды. Келісім бойынша ,КСРО құрамына Карел мойнағы , Выборг
шығанағындағы аралдар , Ладога көлінің батыс және солтүстік жағалауы
,Рыбачий және Средний түбектері кіреді. КеңесОдағына Ханкоаралы 30жылға
жалаға беріледі. Кеңес Одағының халықаралық беделіне нұқсан келтірді және
адам шығыны да көп болды .Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек — 1941 ж.
21 маусым). КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия
Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлы-британия мен Франция Германияға
соғыс жариялады. Поляк армиясы 8-28 қыркүйекте Варшаваны ерлікпен
қорғағанымен еріксіз берілді. 17 қыркүйекте Қызыл Армия Молотов —
Риббентроп келісімі бойынша, Польшаның шекарасынан өтіп, Бат. Украина мен
Бат. Белоруссияны өзіне қосып алды, ал қыркүйек — казан айларында Эстония,
Латвия, Литва үкіметтерімен өзара көмек шарттарын жасасып, әскер кіргізді.
Осыдан кейін Кеңес үкіметі Финляндиядан Ленинград (казіргі Сән-Питербор)
қаласының қауіпсіздігі үшін шекараны ел ішіне қарай жылжытуды талап етті.
Осы талапты күшпен орындатқызу мақсатымен 1939 жылдың аяғы мен 1940 жылдың
бас кезінде кеңес-финн соғысы болып, шекара солтүстік-батысқа қарай
жылжытылды. Финляндиямен үш айға созылған соғыс кеңес армиясының әлсіз
екенін көрсетті және КСРО-ның беделіне үлкен нүксан келтірді. 1940 ж. 28
маусымда Румыния Бессарабия мен Солт. Буковинаны Кеңес Одағына беруге
мәжбүр болды.Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс
жариялағандарымен, 9 ай бойы ешқандай ұрыс кимылдарын жүргізген жоқ. Осыны
пайдаланған Германия Ұлыбритания теңіз флотына соқкы берді де, Бат.
Еуропаны жаулап алуға кірісті. 1940 ж. сәуір — мамыр айларында Норвегия мен
Дания жаулап алынып, 10 мамырда Бельгия, Нидерланд, Люксембургке, әрі қарай
Францияға басып кірді. Петен бастаған француз үкіметі қарсыласудан бас
тартып, 22 маусым күні берілді. Оңт. Францияда Петеннің қуыршақ үкіметі
құрылып, елдің қалған бөлігінде герман билігі орнады. Шарль де Голль
бастаған француз патриоттары Ұлы-британияға кетіп, күресті жалғастырды.
Маусым айында (1940) Италия үкіметі де Франция мен Ұлыбританияға соғыс
жариялады. Енді гитлершілер ағылшын қалаларын аяусыз бомбалауға кірісті.
Бірақ Гитлер Ұлыбританияға басып кіруден бас тартып, Кеңес Одағымен соғыска
мұқият дайындала бастады. Жапониямен, Италиямен достык нығайтылды. Балкан
компаниясы (1941) нәтижесінде Грекия жаулап алынып, Югославияда фашистік
Сербия, Хорватия мемлекеттері күрылды. Румыния, Венгрия, Болгария,
Финляндия фашистік одақка қосылды. Басып алынған жерлерді қырып жою,
еріксіз жүмысқа пайдалану саясаты жүргізіліп, нәтижесінде фашистерге қарсы
карсыласу козғалысы дүниеге келді. АҚШ үкіметі бейтараптык саясатынан бас
тартып, Ұлыбритания мен баска да Еуропадағы соғысушы елдерге несиеге немесе
жалға соғыс материалдарын (лендлиз) беру туралы заң қабылдады (1941 ж. 11
наурыз).Соғыстың екінші кезеңі ( 1941 жыл 22 маусым – 1942 жыл 18
қараша)1941 жыл 22 маусым күні Германия КСРО- ға басып кірді. Германияға
Венгрия, Румыния, Финляндия, Италия мемлекеттері қосылды. Соғыс қиянкескі
сипат алып, Германия өзінің Қарулы Күштерінің 77 % - ын осы майданда ұстады
(қ. Ұлы Отан соғысы ). Мәскеу шайқасында ( 1942, шілде – қараша ) кеңес
армиясы өз отанын қорғап қалды. 1941 жылы шілдеде КСРО үкіметі Ұлыбритания
және эмигоациядағы Польша, Чехославакия үкіметтерімен келісімге келді.
Қыркүйектің аяғы – қазан айының бас кезінде (1941) Мәскеуде АҚШ,
Ұлыбритания үкіметтері КСРО- ға қару – жарақпен көмек беру жөнінде
келісімге қол қойды. Гитлаерге қарсы одақтың негізі қаланды. 1941 жылы 7
желтоқсанда Жапония Тынық мұхиттағы АҚШ- тың Перл – Харбор базасына басып
кірді. 8 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттері Жапонияға соғыс
жариялады. 1942 жылы 1 қаңтар күні Вашингтонда 26 мемлекетүндеу қабылдап,
фашистік одаққа қарсы күш біріктіруге шешім қбылдады. 1941 жылы 22.12 –
1942 жылы 14.01 Черчилль мен Рузвельт біріккен ағылшын – американ штабын
және Тынық мұхитта ағылшын – американ – голланд – австралия бірыңғай одағын
құруға шешім қабылдады. 1942 жылы Жапония АҚШ- тың Тынық мұхиттағы негізгі
соғыс базаларына соққы берді, Тайланд, Сянган (Гонконг), Бирма, Малайя,
Филиппин, Индонезияның басты аралдарын басып алды да, Австралияға қауіп
төндірді. АҚШ Атлант теңізіндегі флотының бір бөлігін Тынық мұхитына
көшірді де, 1942 жылдың 1 жартысында жапон флотына біршеше соққы беріп,
қорғанысқа көшуге мәжбүр етті. Басып алынған жерлерде жапондарға қарсы
азаттық қозғалыс күшеді. Америка және Ағылшын флоттары Германияның сүңгуір
қайықтарына тойтарыс беріп, 1942 жылы жазда оларды Атлант мұхитынан
ығыстыра бастады.Соғыстың үшінші кезеңі ( 1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл
желтоқсан)Гитлерге одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай шабуылға көшті.
Германия Қарулы Күштерінің 71 % - і кеңес – герман майданында болды. Қызыл
Армияның Сталинград тубінде жеңіске жетуі партизан қозғалысы мен Польша,
Югославия, Чехославакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б
елдерде қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 жыл 29 қазанда
Солтүстік Африкада генерал Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға
шығып, Триполитания, Киренайка, Тоубурк, Бенгазиді азат етті. 8 қарашада
ағылшын – америкалық экспедициялық корпусы ( генерал Д. Эйзенхауер )
франциялық Солтүстік Африка саяси - әкімшілік бірлестігіне ( Алжир, Оран,
Касабланка, т.б ) келіп түсті. Бірақ шaбуылға шыққан неміс армиясы
одақтастарды Тунистен ығыстырып, бұрынғы француз иеліктерін тоығымен басып
алды. Дегенмен одақтастар 1943 жылы мамырда Солтүстік Африканы толығымен
азат етті. 1943 жылы жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен
Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Беларусьті азат
етуге кірісті ( қ. Курск шайқасы ). Германияның негізгі күші шығыс майданда
болғанын пайдаланған одақтастар 1943 жылы жазда Сицилияны басып алып,
Апеннин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік
қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі
құлап, П. Бадольо бастаған жаңа үкімет 3 қыркүйекте АҚШ- пен,
Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш
жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943
жылы өткен Каир және Тегеран конференцияларында ағылшын – американ
үкіметтері 1944 жылы мамыр айында Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал
Кеңес Одағы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға
міндеттенді.Соғыстың төртінші кезеңі ( 1944 жыл 1 қаңтар – 1945 жыл мамыр
)Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 жылы қысқы және
көктемгі шабуыл нәтижесіде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және
күзгі щабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім
жасаты. Кеңес армиясы Польша және Шығыс Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк
армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 жылы 6 маусымда
солтүстік – батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз
партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды.
1944 жылы шілде –қараша айларында Қызыл рмия Балтық бойын, Румынияны азат
етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан құрылған румын және болгар
укіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехославак әскери
бөлімдері Кеңес армиясының көмегімен Чехославакияны азат ете бастады. Қызыл
Армия бөлімдері Югославия халық – азаттық армиясының және болгар
әскерларінің көмегімен Югославияны, қазан айынан бастап, Венгрияны азат
етуге кірісті. 1944 жылдың аяғына дейін одақатстар Францияны, Бельгияны,
Нидерландты, Оңтүстік Италия мен Германияның батыс аудандарын азат етті.
Бірақ герман әскерлері 1944 жылы желтоқсанда Арденна түбінде шабуылға
шығып, америкалықтарға соққы берді. 1945 жылы 12 -14 қаңтарда Қызыл
Армияның Балтықтан Карпатқа дейінгі аралықта жаппай шабуылы немістерді
Арденна түбіндегі шабуылды тоқтатуға мәжбүр етті. Висла – Одер операциясы
нәтижесінде Қызыл Армия Польшаның солтүстігі мен шығыс Пруссияныбасып алып,
солтүстікте Венгрияны толық азат етіп, Австрияға басып кірді. Ағылшын,
америка, француз әскерлері 23 наурызда Рейннен өтіп, мамырдың бас кезінде
Чехословакия мен Батыс Австрияға келіп кірді, 25 сәір күні кеңес – американ
әскерлері Торгау қаласы түбінде бір – брімен алғаш рет кездесті. Кеңес
армиясының Берлин операциясы ( 16 сәуір – 2 мамыр ) нәтижесінде Берлин
алынды. 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхорстта КСРО, АҚШ, Ұлыбритания,
Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол
қойды. 1944 – 1945 жылдары маусым аралығында одақтастар жапондықтардан
Үндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндіқытай түбегінің бір бөлігін азат
етіп, Жапонияға әуе шабуылын күшейтті. Соғыстың бесінші кезеңі ( 1945 жыл 9
мамыр – 2 қыркүйек )' Постдам конференциясы (945 жыл 17 маусым – 2 тамыз )
Германияны қарусыздандыру туралы шешім қабылдап, Жапониядан тізе бүгуді
талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты қабылдамады. 6 және 9 тамызда АҚШ
әуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын
тастады. 9 тамызда Қызыл Армия Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға
қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солтүстік шығыс Қытайды, Солтүстік
Кореяны, Сахалин және Курил аралдарын азат етті. Оңтүстік-Шығыс Азияда ұлт
азаттық соғыстың басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте
Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 жылы 2 қыркүйекте жапон
үкіметі тізе бүгетіндігі жөнінде актіге қол қойды.Екінші Дүниежүзілік соғыс
салдары Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс
қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50 — 55
млн адам қазаға үшырап, 4 триллион долл. көлемінде шығын шықты.
2 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ЕУРОПА ХАЛЫҚТАРЫ ҮШІН ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Екінші дүниежүзілік соғыс - адамзат баласының тарихын-дағы ең сұрапыл соғыс
болды. Бұл соғысқа 61 мемлекет қатысты. Соғыс жылдарында 70 млн астам адам
өлдi. КСРО жағынан 26 млн адам қаза болды. Германия барлық майданда 12 млн
адамынан айрылды. АҚШ-тың 405 мың адамы, Ұлыбрита-нияның 375 мың адамы
өлдi.Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың негiзгi қорытындысы. КСРО және АҚШ,
Ұлыбритания, Франция мемлекеттерiнiң антигитлерлiк қарсылық бiрлiгiнiң
барысында фашизм талқан-далды. Фашистiк мемлекеттер Германия, Италия,
Жапония жеңiлдi. Фашизмнiң қол астындағы халықтар күрес жүргiзiп, өз
елдерiнiң тәуелсiздiгiн орнатты. Фашистiк Германия мен милитаристiк
Жапонияны жеңуде КСРО халықтарының Ұлы жеңiсi маңызды роль атқарды,
соғыстың негiзгi ауыртпалығын КСРО мемлекетi көтердi. Фашистiк Германияның
КСРО-ға қарсы жасаған соғысы қарама-қарсы екi қоғамдық жүйенiң күресi
болды. Кеңес халықтарының Ұлы Отан соғысындағы өшпес ерлiгi бүкiл
дүниежүзiлiк тарихта маңызды орын алды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес
коммунистiк партиясы И.В.Сталиннiң басшылығымен өз Отанының бостандығы мен
тәуелсiздiгiн сақтап, дүниежүзi халықтарын фашистiк құлдықтан қорғап қалды.
Көп ұлтты Кеңес халықтарының Отан сүйгiштiгi мен социализмнiң болашағына
деген сенімі бүкiлхалықтық сипат алды. Кеңес халықтарының туысқандық
семьядағы ұлдары мен қыздарының ерлiктерiн елiмiз жоғары бағалады. 11618
кеңес жауынгерлерiне Совет Одағының Батыры атағы берiлдi. Олар: 8160 орыс,
2068 украин, 309 белорус, 161 татар, 108 еврей, 104 қазақ, 90 грузин, 90
армян, 69 өзбек, 61 мордван, 47 дағыстан, 18 түркмен, 15 литван, 14 тәжiк,
12 қырғыз т.б. Кеңес әскерлерiнiң азаттық миссиясы Еуропа және Азияның
бiрқатар мемлекеттерiн фашизмнен азат еттi. Бұл елдер де халықтық-
демократиялық революциясының барысында капита-лизмнен социализмге өттi.
Соның нәтижесiнде дүниежүзiлiк социалистiк жүйе пайда болды, капитализм
жүйесiнде дағдарыс жалғасты. Дүниежүзiлiк социалистiк жүйенiң пайда болуы
соғыстың аса көрнектi қорытындысы болып табылады. Орталық және Оңтүстiк
Шығыс Еуропада мына елдер социалистiк қоғамға өттi: Албания, Югославия,
Болгария, Румыния, Венг-рия, Чехословакия, Польша, Герман Демократиялық
Респуб-ликалары. Милитаристiк Жапонияны талқандаудың барысында Азияда Корей
Халық Демократиялық Республикасы (Солтүстiк Корея), Въетнам Демократиялық
Республикасы (Солтүстiк Въетнам), 1949 жылы Қытай Халық Республикасында
социа-листiк қоғам орнады. 1959 жылы Кубада Социалистiк қоғам орнады.Герман
фашизм мен Жапон милитаризмiнiң талқандалуы ұлт-азаттық қозғалысының кең
етек алуына ықпал етіп, импе-риализмнiң отаршылдық жүйесiнiң күйреуiн
тездеттi. Соғыстан кейiн Азия және Африканың көптеген елдерi отаршылдықтан
азат болып, тәуелсiз мемлекеттер құрылды. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың
аяқталуы дүниежүзiлiк капиталистiк қоғамның дамуына айтарлықтай өзгерiстер
әкелдi. Соғыстан Франция, Ұлыбритания әлсiреп шықты. Германия, Италия және
Жапония жеңiлдi. Соғыстан Америка Құрама Штаты байып шықты. 1945 жылы атом
бомбасын жасап шығуының нәтижесінде дүниежүзiндегі бiрден-бiр күштi елге
айналды. КСРО соғыстан қираған және бүлiнген экономикасын қалпына келтiру
үшiн күресiп жатты. АҚШ дүниежүзiлiк үстемдiк үшiн күрестi. Капитализмнiң
экономикалық-әлеуметтiк дамуында моно-полиялық капитализмнен мемлекеттiк-
монополиялық капита-лизмге өттi. Жалпы капитализм әлеуметтiк қоғамға
айналып, қайырымды мемлекет саясатына көштi. Мемлекеттiк реттеудiң негiзгi
үлгiсi либерал-реформалық жүйеге сүйендi. Көптеген капиталистiк елдерде
экономика национализацияланып, мемле-кеттiк меншiкке айналды. ХХ ғасырдың
екiншi жартысындағы капитализмнiң дамуы қазiргi кезеңдегi капитализмнiң
сипатын анықтады. Қазiргi капитализм нарықтық, рынок пен өндiрiстi
корпоративтiк реттеуге көштi. Қазiргi кезеңдегi капитализм мемлекеттiк-
корпоративтiк және әлеуметтiк қоғамға өттi.Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың
қорытындысы адамзат баласының тарихи дамуында соғыстың сабақтарын әр
уақытта естен шығармай, бейбiтшiлiк үшiн және ХХI ғасырда үшiншi
дүниежүзiлiк соғысты болдырмау үшiн күресу керек екендiгiн жоққа
шығармайды. Соғыстың қорытындысы мен сабақтары осыған үйретедi.
МУССОЛИННИ БИЛІК БАСЫНА КЕЛУІ
Муссолини Бенито[1] (29.7.1883., Форли – 28.4. 1945, Донго) – Италияның
фашистік диктаторы (1922 – 43). Саяси қызметін 1912 – 14 ж. Италия
Социалистік партиясының (ИСП) орталық органы “Аванти” газетінің редакторы
болудан бастады. 1914 ж. Италияның Антанта жағында соғысқа қатысуын
жақтағаны үшін партиядан шығарылды. 1919 ж. фашистік партияның негізін
құрып, оның басшысы (дуче) болды. 1922 ж. “Римге жорық” ұйымдастырып,
үкімет билігін тартып алды, 1926 жылдан фашистік диктатура орнатуға
кірісті. 1933 ж.Германияда фашистік диктатура орнағаннан кейін Муссолини
үкіметі онымен әскери-саяси одақ құруға тырысты. Басқыншылық сыртқы саясат
жүргізіп, 1935 ж. Эфиопияны (Абиссиния), 1939 ж. Албанияныжаулап алды.
Германиямен және Жапониямен қатар 2-дүниежүзілік соғыстың басталуына
себепші болды. 1943 – 45 ж. Муссолини Солтүстік Италиядағы немістер басып
алған аумақта құрылған Сало республикасы аталған үкіметті басқарды.
Муссолиниді партизандар тұтқындап, Солтүстік Италияны Азат етудің ұлттық
комитеті әскери трибуналы өлім жазасына кесті. Фашизм - [ лат. fascismo,
fascio - диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі ] - 1919 жылы Италияда
пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік
қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде
таралып, национал-социализм аталуы. Фашизмге тән белгілер билікті
сакрализациялау, мемлекеттің, оның диктаторлық функцияларының қызметінің
күшеюі, демократиялық еркіндіктермен күрес, адам құқының кұрт шектелуі,
шовинизм, расизм, экстремистік ұлтшылдық, элитаризм, әскери агрессияға
талпыну. Италияда фашистік партия Б. Муссолинидің басшылығымен билікке 1922
жылда келді, Фашистік идеология өміршең болып шықты, оның жаңғырығы бүгінгі
XXI ғасырда да әлемнің әртүрлі елдері мен аймақтарында қылаң беруде.
Бірқатар елдерде заңдастырылған немесе жартылай занды азшылық, бірақ едәуір
елеулі ұлтшылдық, фашистік немесе квазифашистік тұрғыдағы жастар
бірлестіктері байқалуда. Бүл қозғалыстардың бір идеологтары "уақыт сынынан
әткен" ұлтшылдық, этникалық артықшылық, ксенофобия идеяларына сүйенсе, енді
біреулері этникалық геосаясаттың күні әткен идеяларымен қаруланған,
үшіншілері күн әткен сайын үдеп келе жатқан жаһандануға қар- сылар қатарын
толықтыруға дайын.[Б.Муссолини өзінің Фашизм туралы ілім деген кітабында
былай деп жазды: Фашизм үшін ең жоғарғы нәрсе мемлекет.[41] Оның алдында
жеке адамдармен топтар түкте емес. Бұл салада жеке адамдар емес, тек
мемлекеттің ғана пікірі шешуші рол атқарады. Тоталитаризм-либерализмнің,
демократияның, пікір әралуандығының, ой мен ұйым бостандығының қас жауы.
Италияда 1920 жылы жұмысшылар фабрикалар мен зауыттарды басып ала бастады.
Осы кезде Италияның ірі буржуазиясының және помещиктердің революциялық
пролетариаттан үрейлері ұша бастады. Сол себепті осы кластардың мемлекетте
күшті билік орнатуға деген ұмтылысы күшейді. Соңынан олардың фашистік
ұйымдарға көрсеткен көмектері ұлғая бастады1922 жылдың күзінде фашистер
елдегі көп кәсіпорындарды иеленді. Буржуазияның либералды топтары фашизмге
еш қарсылық көрсетпеді.1926 жылдың қаңтарында коммунистердің үшінші съезі
өткізілген болатын. 1926 жылдың 31 қазанында Муссолиниге төртінші мәрте
шабуыл жасалды. Алтыншы қарашада ішкі істер министрі Федерцони жұмыстан
кетіп, оның лауазымын Муссолини өзі атқара бастады.1926 жылдың қарашасында
фашистік үкімет бес жыл мерзімге төтенше заңдар қабылдады. Бірақ бұл
заңдардың мерзімі үнемі ұзартылып, фашистік режимнің соңына дейін күшін
жоймады. Осы төтенше заңдарды енгізуге байланысты Италияда күрестің жаңа
кезеңі басталды. Төтенше заңдарды қабылдай салысымен фашистерге қарсылардың
барлығын жаппай тұтқындау жүзеге асырылды. 1926 жылдың қарашасында алғашқы
тұтқындалғандардың бірі коммунистік партияның жетекшісі Антонио Грамши
болды. Төтенше заңдар қабылдана салысымен антифашистердің көбісі шетелге
бас сауғалап қаша бастады, әсіресе Францияға. Францияға ресми түрде Италия
социалистік партиясының және италяндық еңбекшілердің социалистік
партиясының басқарушы органдары орналасты.Италиядағы экономикалық
дағдарыстың бірден-бір себебі ол корпоративті саясатты ұстану еді. 1930
жылы Муссолини фашистік мемлекет тек ғана корпоративті мемлекет болу керек,
немесе оның несі фашистік деген болатын. Себебі фашистік мемлекетке
басқаруға болатын экономика соғысқа дайындалу үшін қабілетімен керек еді.
Италияда сол кезде ресми түрде екі әнұран болды. Күнтізбесіне дейін
фашистерге бейімделіп дайындалды. Қара көйлектілер, жиырмасыншы ғасыр
кімдікі, әрине біздікі деп өзі сұрақ қойып, өзі жауап берген болатын. 1934
жылғы депутаттардың жаңа мәжілісін ашқан Муссолини біз фашизмге қарсыларды
жойып біттік деген еді.Бірінші тамызда коммунистер бейбітшілікті қорғау
күнін атап өтуге дайындалды. Бұл хабарды естіген полиция барлық жерлерде
тінтулер жүргізіп, әскерилер күшейтілген тәртіппен қызмет атқара бастады.
Коммунистер өз кезегінде үнпарақтар мен соғысқа қарсы әдебиеттер таратып
үлгерді. Бірақ сол кезде Италияда фашизмнің міндетті түрде соғысқа алып
келетінін халықтың барлығы бірдей ұғына қойған жоқ.1929-1933 жылда Италия
экономикасын қатты дағдарысқа ұшырады. Өз әлсәздігін сезінген Италия сол
жылдары Кеңес Одағымен бірінші болып сауда-саттық келісім-шартын
жасасты.Кейіннен италияның Сомали мен Эфиопияның шекарасында кикілжіңі
басталды. 1934 жылдың желтоқсанында Эфиопия аумағында қарулы қақтығыстар
басталды. Эфиопияның барлық аумағын сегіз айдың ішінде басып аламыз деп
италияның бас штабы әскери операция жоспарын құрды.1936 жылдың 5-мамырында
Эфиопия астанасына Италия әскері басып кірді. 9-мамырда Үлкен фашистік
кеңестің мәжілісі өтті. Италия короліне Эфиопия императорының да тәжі
киілді.1941 жылдың 22-маусымында Гитлер ешқандай Муссолинимен кеңеспестен
Кеңес Одағына шабуылын бастады. Кейіннен өз министрлеріне Гитлер маған
Ресейге шабуыл жасауға шешім қабылдағанын хабарлады. Бұл әрине Германия мен
Европаның болашағы үшін мәні бар тарихи шешім. Әлемнің түрін өзгертетін
осындай орасан зор оқиғаның кезінде Италия жаңа соғыстан шет қала алмайды
және осы ұрысқа біз белсенді қатысуымыз керек деп мәлімдеді.1940-1941
жылдарда сотталғандардың көпшілігі еңбекшілер тобынан болатын. Әсіресе
бұрын жұмысшы немесе шаруа болған солдаттар көп болды. Альпі әскерінің бір
солдаты Францияға жасалған шабуыл кезінде Бұл жерде халіміз мүшкіл және
бұған кінәлі тек ғана Муссолини шошқа деп жазды. Турин жұмысшысы болған
солдат Драго казармада жүріп қаруымның пшағын француздарға емес, фашистерге
қолдануға құштармын деген екен. Чуфоли деген солдат гректерді өзімнің
бауырымдай санаймын, оларға қарсы соғысқым келмейді деп ата-анасына хат
жазған.1943-жылдың 3-қыркүйегінде одақтастар әскері әскери әрекеттерді
оңтүстік Италияға ығыстыру үшін Мессинскіні шабуылдай бастады. Дәл осы күні
Сицилиядағы Кассибиледе Бадольо үкіметінің өкілдері мен Бірлескен ұлттар
үкіметі бітімгершіліктің қысқаша шарттарына қол қойды. Сегізінші қыркүйек
күні лондон радиосы Италиямен татуластық деп жариялады. Артынша Бадольо да
радиодан сөйлеп, италиян әскерлеріне соғысты доғаруға бұйрық берді.
Әскерлер болса түкке түсінбеді. Бадольо үкіметі және король астананы тастап
оңтүстікке қарай Пескаруға одақтастар әскерін паналамақшы болып қашты. Екі
тәулік ішінде неміс әскерлері барлық Солтүстік және Орталық Италияны жаулап
алып, Римге енді. Италия елі меридиан бойынша екіге қақ айырылды.
Оңтүстікте ағылшын-американ әскеріне сүйенген Бадольо үкіметінің әскери-
монархиялық режимі сақталса, солтүстік және орталық Италияда Гитлердің
тікелей қатысуымен Италия социальдық республикасы құрылды.Муссолини 15-18
қыркүйекте герман радиосы және Монако радиосы бойынша Италия бұдан былай
республика болып, Фашистік республикалық партия құрылғанын хабарлады. Дуче
жаңа құрылған партияға герман әскерлеріне тиімді қолдау көрсетуді бұйырды.
Қыркүйек айында жаңа құрылған фшистік партияның хатшысы Паволини Римге
барып қатарларын толықтыруға адамдарды қанша үгіттесе де олардың саны
көбейе қойған жоқ.23-қыркүйекте Муссолини басқаратын Италия әлеуметтік
республикасының үкіметі құрылғаны хабарланды. 1943 жылдың қарашасында Верон
қаласында фашистік партияның конгресінде демагогтардың бағдарламасы
қабылданды: италяндықтарға Италияны әлеуметтік республика ретінде
жариялайтын халықтық құрылтайшы жиналыс құруға уәде берді. Осы Веронда
өткен конгресс фашистік партияның алғашқы және ең соңғы ассемблеясы болды,
ал оның бағдарламасы ешқашан жүзеге аспайтын.Италиядағы Гитлер насихатына
қарсы ұрысты негізінен неміс әскерлері жүргізді. Әлеуметтік республикадағы
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен де солар болатын. 1943 жылдың
қыркүйегінде Италияда құрылған герман әкімшілік аппараты Солтүстік
Италиядағы барлық ірі өндіріс орталықтарын өз бақылауларына алды.
Муссолинидің үкімет аппараты да герман бақылауына бағынышты болды.Муссолини
өз режимін зорлық пен қуғын-сүргінмен нығайтуға тырысты. Неміс
әкімшілігімен ынтымақтастықта болған фашистер еврейлерге қарсы қуғын-
сүргінді қайта жаңғыртты. Қарсы болғандардың барлығы басып жаншылды. Барлық
мәселе күшпен және жазалаумен шешілетін болды. Осы мақсатта төтенше
трибунал және италяндық эсэстер отряды құрылды.Веронда 1943-жылы 25-
маусымда үлкен фашистік кеңестің мәжілісінде Муссолинидің биліктен кетуі
туралы шешімге қол жеткізген бұрынғы фашистік топбасшыларын соттау
басталды. Сотта бұрынғы шет істер министрі Чиано, Маршал Де Боно, бұрынғы
фашистік кәсіподақтар хатшысы Готтарди т.б. істері қаралды. Кейбіреулерін
сырттай соттап үкім шығарды. Өлім жазасына кесілген бесеудің ішінде Чиано
да бар. 11-қаңтар күні таңертең Веронадағы ескі фортта осы үкім орындалған
болатын.
ПАРИЖ БІТІМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Париж бітім конференциясы[1] [2] [3] (1919 – 20) – 1-дүниежүзілік соғысты
қорытындылауға арналған халықаралық конференция. 1919 жылы 18 қаңтар – 1920
жылы 21 қаңтар аралығында өтті. Оған соғысқа қатынасушы барлық елдердің
1000-нан астам өкілі қатысты. Негізгі мәселелер тек АҚШ, Франция,
Ұлыбритания, Италия және Жапония мемлекеттерінің басшылары мен сыртқы істер
министрлері қатысуымен қаралды, ал қалған елдердің өкілдері жалпы
мәселелерге ғана жіберілді. Коференцияның нәтижесінде Германиямен және оның
одақтастарымен жасалған бітімдерге қол қойылды. Тарихы 1) 1919 жылы 28
маусымда Версальда қол қойылған бітім 1914 – 18 жылдардағы 1-дүниежүзілік
соғысты ресми аяқтады. Бітімге бір жағынан, Германия, екінші жағынан, АҚШ,
Англия, Франция, Италия, Жапония және олармен одақтас мемлекеттер қол қойды
(қ. Версаль бейбіт келісімі). 2) 1919 жылы 10 қыркүйекте Сен-Жермен
сарайында Австриямен бітім жасалды. Австрия империясы жойылып, оның
құрамындағы жерлер Чехославакияға, Югославияға, Италия және Румынияға өтті.
Австрияның әскери күштері 30 мың адамға қысқартылды. 3) 1919 жылы 27
қарашада Болгариямен бейбіт бітімге қол қойылып, оның біраз жерлері
Румыния, Югославия, Грекияға берілді. Болгарияға теңіз флотын ұстауға тыйым
салынды, әскери салық төлеуге, қарулы күштерін 20 мыңнан артық ұстамауға
міндеттеді. 4) 1920 жылы 4 маусымда Венгриямен бейбіт бітім жасалды. Ол
біраз жерлерін Чехославакия, Румыния, Югославияғаберуге, әскер санын 30
мыңға төмендетуге тиіс болды. 5) 1920 жылы 10 тамызда Севр (Париж маңында)
бітімі іс жүзінде биліктен айырылған Түркияның Стамбұлдағы үкіметімен
жасалды. Осман империясы өз аумағының 34-нен айырылды. Бұғаздар (Дарданелл
және Босфор) ашық деп жарияланып, сауда және соғыс кемелерінің еркін өтуіне
құқық берілді. Түркияның теңіз флоты қатты шектеліп, әскери күш 50 мың
адамға қысқартылды. Бұл бітімді Мұстафа Кемал (Ататүрік) бастаған
революциялық үкімет мойындамады. Кейін Грекия – Италия интервенциясы
сәтсіздікке ұшырағанда, Анкарадағы Түркия үкіметі 1923 жылы 24 шілдеде
Лозанна бітім шартына қол қойып, негізгі аумағын сақтап қалды, бірақ араб
елдерінен, Жерорта теңізіндегі көптеген аралдардан бас тартты. Батыс
мемлекеттерінің қысымына байланысты Мосул аймағының тағдыры Ұлттар лигасына
тапсырылып, ол 1926 жылы Иракқа берілді. Бұғаздар мәселесі батыс елдерінің
мүдделеріне сәйкес шешілді. Париж бітім конференциясы Еуропада бейбітшілік
орнатуға жарамады. Оны көп ұзамай тұтанған 2-дүниежүзілік соғыс дәлелдеді.
ПОТСДАМ ДЕКЛОРАЦИЯСЫ
Потсдам конференциясы[1] (1945) — КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет
басшыларының келісімі. 1945 ж. 17 шілде мен 2 тамыз аралығында Потсдамдағы
(Берлин түбінде) Сесилиан-Хоф сарайында өтті. Конференцияға КСРО ХКК-нің
төрағасы И.В. Сталин, АҚШ президенті Г.Трумэн, Ұлыбритания премьер-министрі
У.Черчилль (оны 28 шілдеден бастап жаңа сайлауда жеңіске жеткен К.Эттли
ауыстырды), үш елдің сыртқы істер министрлері, штаб басшылары және
кеңесшілер қатысты. Потсдам конференциясында үш ел басшылары 13 отырыс
өткізіп, 19 негізгі сұрақ бойынша шешім қабылдады. Конференцияда
Германияның соғыстан кейінгі құрылымы және репарация төлеуі, Польшаның
шекаралары мен ішкі саяси жағдайы туралы мәселелерге қайта-қайта тоқталуға
тура келді. Келісуші жақтар Германиядағы жоғарғы өкіметті құрамы КСРО, АҚШ,
Ұлыбритания, сондай-ақ Францияның өкілдерінен тұратын Бақылау Кеңесінің
күштерімен жүзеге асыруға келісті. Потсдам конференциясына қатысушылар
Германияны толық қарусыздандыру, соғыс қаруларын шығаратын өндіріс
орындарын жою, барлық қарулы күштерін (СС, СА, СД, гестапо, әскери оқу
орындары, соғыс ардагерлерінің бірлестіктері, әскери, жартылай әскери
ұйымдар, т.б.), бас штабты, ұлтшыл-социалистер партиясын таратып, фашисттік
ұйымдар мен мекемелерді жою, елдің саяси құрылысын демократиялық жолмен
қайта құру, басты әскери қылмыскерлерді соттау туралы келісім жасады.
Потсдам конференциясы барысында құрылған Халықаралық әскери трибунал өз
қызметін 1945 ж. қарашада бастады. Репарация туралы арнайы келісімде
конференцияға қатысушы 4 мемлекет (Францияны қоса) өздері басып алған аймақ
бойынша және Германия тарапынан соғыс шығынын өндіріп алатын болды. Кеңес
Одағы соғыстан ең ауыр зардап шеккен мемлекет ретінде 10 млрд. доллар
көлемінде репарация алды. Бұған қосымша батыстағы басып алынған аймақтан
25% төлем (өнеркәсіп жабдықтары, көмір, азық-түлік, т.б. материалдар
түрінде) берілді. КСРО өз үлесінен Польшаның репарациялық сұранысын
қанағаттандырды. Репарацияларды төлеу өнеркәсіптік жабдықтар мен тауарлар
түрінде жүргізілетін болды. Потсдам конференциясы шешімімен КСРО, АҚШ және
Ұлыбритания Германияның су үсті, әскери-теңіз және сауда флотын теңдей
бөліске салды. Герман су асты флотының көпшілігі батырылып, қалғандары үш
державаға бөлінді. Конференцияда одақтастар әскерлерін Ираннаншығаруға
келісті, сонымен қатар соғыстан кейінгі кейбір аумақтық мәселелер шешілді.
Кеңес Одағына Кенигсберг қаласы және оның төңірегіндегі ауданыан берілді.
Польша мен Германияның жаңа шекарасы белгіленді. Ол шекара Балтық теңізінен
Одер және Нейсе өзендерінің бойымен Чехословакияға дейін жүретін болды.
Потсдам конференциясына қатысушы үш мемлекетФинляндия, Румыния, Болгария
және Венгрия елдерімен дипломатиялық қатынас орнатуға келісті. Конференция
осы елдер және Италиямен бейбітшілік бітімін дайындау үшін Сыртқы істер
министрлерінің кеңесін құрды. Кеңес құрамына КСРО, Ұлыбритания, Франция,
Қытай және АҚШ өкілдері кірді. Конференцияда сонымен қатар Қара теңіз
бұғаздары, халықаралық су жолдары, Танжер аймағы мәселелері қаралды. 26
шілдеде АҚШ, Ұлыбритания және Қытай мемлекеттерінің басшылары Жапонияның
тізе бүгуі және оған қарсы әскери қимылдарды тоқтату жөнінде декларация
қабылдады. Бұл ұсыныстың қабылданбауына байланысты АҚШ, Ұлыбритания, Қытай
және Кеңес Одағы Жапонияға қарсы соғыс қимылдарын бастауға міндеттенді.
Сөйтіп, Потсдам конференциясы соғыстан кейінгі халықаралық мәселелерді
талқылап, маңызды қарарлар қабылдады. Дегенмен конференция шешімдері әлемде
тұрақтылық орнатуға қол жеткізе алмады. Көп ұзамай Гитлерге қарсы одақ
ыдырап, КСРО мен АҚШ басшыларының дүние жүзін қайта бөлісу саясаты қырғи
қабақ соғысқа ұласты.
ПРИМО ДЕ РИВЕРА ФАШИСТІК ДИКТАТУРА
Феодалдық-клерикалдық топ және буржуазия елді әскери-фашистік диктатура
орнатуға жол беріп, биліктерін сақтап қалды. 13 қыркүйек 1923 жылы
Каталония әскери округінің қолбасшысы генерал Мигель Примо де Ривера,
әскерлер мен каталондық ірі буржуазияға сүйеніп Барселонада өкіметті басып
алды.ПРИМО ДЕ РИВЕРА. Примо де Ривера-и-Орбанеха Ргіmо dе Rіvега у
Огbаnеjа, маркиз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туркия республикасының құрылуы
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы
Кеңес одағының ыдырауынан кейінгі ТМД елдеріндегі интеграциялық байланыстардың жүзеге асуы
Еуропалық одақтың құрылуының тарихы
Әлемдік сауданың дамуы
Халықаралық валюта қатнастары
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері
Халықаралық валюта қатынастары
Халықаралық валюта қатынастары туралы
Қазақстанның қазіргі тарихында еуразиялық идеяларының даму перспективасы
Пәндер