Психика эволюциясы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ПСИХИКА ЭВОЛЮЦИЯСЫ

1. Элементарлы сенсорлық психика

2. Элементарлы сенсорлық психиканың төменгі деңгейі

Элементарлы сенсорлық психика дамуының төменгі деңгейіне бірклеткалы жануарлар - қарапайымдылар жатады. Инфузория сияқты қарапайымдылардың кейбір түрлері дамудың біршама жоғарғы деңгейінде болғанымен, керісінше, бірклеткалы жануарлар сияқты дамудың сол деңгейінде тұрған төменгі көпклеткалы жануарлардың түрлері де болады.

Қарапайымдылардың қозғалыстары үлкен саналуандылығымен ерекшеленеді. Дененің кеңістіктегі орын ауыстыруы локомоция деп аталады. Қарапайымдыларда локомоция кинездер түрінде іске асырылады. Кинездердің екі түрі бар: ортокинез - ауыспалы жылдамдықпен келу қозғалысы және клинокинез - қозғалыстың бағытын өзгертумен кеңістіктегі орын ауыстыру. Қарапайымдыларға жануарлардың басқа түрлерінде жок локомоцияның тәсілдері тән. Оларға "амебалық", "реактивті " қозғалыстар жатады, кейбір түрлер қыл тәрізді аяқтардың немесе талшықтардың - плазматикалық өсінділердің көмегімен орын ауыстырады.

Қысқартқыш бірлік миофибриллалардан - көпклеткалы жануарлардың Бұлшықеттерінің аналогиясы - мионемалар құралатын болып табылады. Сонымен, кинездер ортаның биологиялық мәнді факторларының интенсивтілігі градиенттерінің тікелей әсер етуінен болатын біршама примитивті инстинктивті қозғалыстар болып табылады. Бұл ортаның жағымсыз жағдайларынан қашуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл қабілеттіліктер ортаға негізгі бейімделу үшін жеткіліксіз.

Тітіркендіргіштің бастауы бойынша біршама адекватты бейімделу үшін клинокинетикалық және ортокинетикалық қозғалыстар қосымша түзетулерді қажет етеді. Және осындай бейімделу элементтерімен қарапайымдыларда қарапайым таксистер бар болып табылады.

Ортокинездерде кеңістікте ориентация жасау компоненті - сыртқы тітіркендірудің градиентіндегі орын ауыстыру жылдамдығының өзгеруінде көрінетін ортотаксис болып табылады. Клинокинездерде кеңістікте ориентация жасау компоненті - клинотаксистер болып табылады, олар қозғалыстың бағыты өзгергенде, сондай-ақ тітіркендіргіштің әсер етуінде көрінеді. Осылайша, таксистер деп қолайлы (жағымды таксистер) жаққа немесе ортаның қолайсыз жағдайларының жағына (жағымсыз таксистер) кеңістікте ориентация жасаудың тектік фиксацияланған механизмдерін айтамыз. Мысалы, жағымсыз ортотермотаксистер ортаның қолайсыз термикалық жағдайларынан түзу сызықты бөлінуде көрінеді. Қарапайымдыларда термо-, хемо-, гальвано-, фото-, тигмо-, гео- және басқа да таксистер кездеседі.

Ортаның өзіне тән жағымсыз компоненттері дистантты түрде таныладьі; биологиялық "нейтралды" белгілер, әдетте, сигналдық белгілер сияқты алшақтықта қабылданбайды. Тұтасымен алғанда оларға жағымды тітіркендіргіштерді іздегеннен гөрі, қолайсыз әсерлерден қашу тән болып келеді.

Қарапайымдыларда тіпті фобиялық реакцияларды да бақылауға болады. Мысалы, инфузория көбінше қолайсыз жағдайларға кез болғанда бірден тоқтайды және шабуылға дайындалып, "қорғаныс жағдайын" қабылдайды.

Қарапайымдылардың ең элементарлы формадағы үйренуге қабілеттілігі - әдеттенуге қабілеттілігі дәлелденді. Неміс ғалымы Ф. Брамштедтің эксперименттерінде бірнеше уақыт бойы үшбұрышты ыдыста ұстаған парамециялар оларды шеңбер ыдысқа ауыстырғанда да үшбұрышты траекторияны сақтап қалған. Әдеттенуді бейімделуден ажырата білу қажет. Әдеттену реакциялар жойылған кезде көрінеді. Мысалы, Н. А. Тушмалованың эксперименттерінде инфузориялар вибрацияға түскен. Бірнеше уақыт өткеннен кейін осындай үнемі әсер етуде олар оған әсерленуін тоқтатты (әдеттену) .

Бейімделу, керісінше, жаңа реакциялардың пайда болуымен сипатталады. Бұны өте жарық бөлмеден қараңғы бөлмеге келгенде байқауға болады. Басында көздер қараңғы бөлмедегі заттарды ажырата алмайды, бірақ қысқа уақыт аралығы өткенде көре бастайды. Шартты рефлекстің пайда болуы үйренудің біршама жоғарғы деңгейіне -биологиялық мәнді және "нейтралды" тітіркендіргіштердің арасындағы уакыттық байланыстың қалыптасуымен сипатталатын ассоциативті үйренуге жатады. 140-160 сәйкестіктен кейін кейбір инфузорияларда (стенторлар мен сувойктар) жарықтық тітіркендіргішке қысқартылған жауап реакцияларын қалыптастыруға мүмкіндік туды, бірақ қарапайымдыларда ассоциативті үйренудің болатындығы туралы сұрақ ашық күйінде қала береді. Ең жоқ дегенде ол оларда бастапқы түрінде болады.

Бірақ сонда да, примитивті болса да қарапайымдылардың жүріс-тұрыстары микроәлемнің өзінше ерекше жағдайларында өмір сүруге жеткілікті иілгіш болып келеді. Микро әлем ортасы макро әлем ортасына қарағанда азырақ тұрақты, бірақ біршама кедейленген болып табылады. Сонымен қатар, микроорганизмдердің өмір сүруінің қысқалығы (үнемі болып отыратын клеткалардың бөлінуі) индивидуалды тәжірибені жинақтаудың біршама күрделі формаларының даму мүмкіндігін жоққа шығарады.

Қарапайымдылар типіне жататындардың жоғарғы өкілдері көптеген қатынастарда төменгі көпклеткалы омыртқасыз жануарлармен қатар дамиды. Және оларда элементарлы сенсорлық психиканың төменгі деңгейіндегі көпклеткалы омыртқасыздардың (ішекқуыстылар, төменгі құрттар) кейбір формаларына қарағанда тіпті біршама күрделі жүріс-тұрыстар бақыланады. Осы жерде көрнекі тұрғыда мынадай жалпы зандылық көрінеді: психологиялық классификация зоологиялық классификациямен толығымен сәйкес келе бермейді. Бұл жерде басқа заңдылық көрінеді: психикалық дамудың біршама жоғарғы деңгейінің элементтері үнемі алдыңғы, біршама төменгі деңгейдің қойнауында туындайды.

Элементарлы сенсорлық психика дамуының жоғарғы деңгейі

Бұл деңгейге төменгі көпклеткалы омыртқасыздар - тікен-терілілер (иглокожие) мен жоғарғы құрттар (сақиналылар) жатады. Сақиналы құрттарға теңіздің көптікенді құрттары, жауын құрты мен сүліктер жатады. Көпклеткалы жануарларда алғаш рет әртүрлі ұлпалар мен мүшелерге біріктірілген, түрлі қызметтер атқаратын арнайы клеткалар пайда болады. Алғаш рет примитивті нервтік жүйе - жеке мүшелердің, жүйелер мен организмдердің іс-әрекеттерінің тұтастай координаторы пайда болады. Төменгі көпклеткалы организмдерде нервтік жүйенің түрлі формалары бар, олар: торшалық (гидралар) ; шеңберлік (медузалар) ; радиальды (теңіз жүлдызшалары) ; билатеральды (жалпақ құрттар) және "нервтік баспалдақ" (сақиналы құрттар) түрінде кезедеседі. Бұл деңгейде сонымен қатар бас (цефализация үрдісі) және бас миы пайда болады - яғни нервтік элементтердің жинақталуы өтеді.

Қозғалыстар.

Сақиналы құрттар негізінен теңіздерде және тұщы су суаттарында өмір сүреді, бірақ олардың кейбіреулері, жауын құрты сияқтылар топырақта өмір сүреді. Көптеген түрлерге конструктивті іс-әрекетке қабілеттілік тән және олар өздері жасаған түтікшелерде - өздігінше "үйшіктерде" өмір сүреді, үнемі сол жерден жем табу үшін "шабуылға" шығады. Құрылыс материалы ретінде ерекше бездерден бөлінген сөлдермен бекітілетін құмдар мен басқа да ұсақ бөлшектер болуы мүмкін.

Жабайы түрлер (көптікенділер) басқа құрттарға, моллюскаларға, шаянтәрізділерге және тіпті салыстырмалы түрде ірі жануарларға да шабуыл жасай алады. Кейбір түрлердің рационын балдырлар немесе түптің үстіңгі жағындағы органикалық қалдықтары құрайды. Сүліктер жақсы жүзеді, жорғалайды, жұмсақ жерлерде жол қазады, кейбіреулері құрлықта жүре алады және өз жемдерін - сүтқоректілерді және адамдарды құрлықтан табады. Сүліктердің қозғалыстарында олардың сорғыштары үлкен рөл атқарады. Алғаш рет өсінділер түріндегі жұп аяқ-қолдар - параподиялар пайда болады, олардан тактильдік және химиялық сезімталдықтың қармалауыштық мүшелері шығады. Ауыз қуысында жақтар пайда болады.

Сезім мүшелері және сенсорлық кабілеттіліктер.

Осы деңгейдегі омыртқасыздарда сезім мүшелері олі әлсіз дифференциацияланған, сондықтан сипап сезудің, химиялык, сезімталдықтың және т. б. арнайы мүшелерін бөлу қиын болып табылады. Бұл жерде алғашқы сезім мүшелерінің плюромодалдылығы туралы, яғни жалпы, барлық тірі материяға тән сезімталдық жайлы айтылуда. Бірақ специализациясы энергияның жеке түрлері бойынша эволюция үрдісінде энергияның бір арнайы түріне специализацияланған унимодальды рецепторлық құрылғылардың пайда болуына алып келе алатын жоғарғы деңгейде болады. Сонымен термо-, хемо-, механо-, фото-, және басқа да рецепторлар пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салыстырмалы психологияның даму тарихы
Салыстырмалы психология пәні, міндеттері, әдістері
Психика және іс - әрекет туралы
Сана мен бейсана
Үйрену әдеттену деңгейінде
Психиканың қалыптасуы мен даму жолдары
Зоопсихологияның пәні мен әдістері
Психика мен сананың дамуы
Психика туралы түсінік, оның даму эволюциясы
Психологияның даму үдерісіндегі психика жөніндегі түсініктердің эволюциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz