Солтүстік Қазақстан облысының су ресурстарының экологиялық жағдайы


Солтүстік Қазақстан облысының су ресурстарының экологиялық жағдайы.

Облыс 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды, бүгінгі шекарасы 1999 жылдың 8 сәуірінде бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика аумағының 3, 6% құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы - Петропавл қаласы, 1752 жылы негізі қаланды.

Облыста 13 әкімшілік аудан бар: Айыртау, Ақжар, Аққайың, Ғ. Мүсрепов атындағы, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, М. Жұмабаев атындағы, Мамлют, Тайыншы, Тимирязев, Уалихан, Шал Ақын атындағы; 5 қала - Петропавл, Булаев, Мамлютка, Тайынша, Сергеевка; 4 қала типтес кенттер - Смирнов, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл.

Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шекаралас

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Республикасыньщ ең солтүстік бөлігін алады. Аумағы 9, 8 млн. га құрайды, тұрғындар саны 2007 жылғы 01 қаңтар бойынша 660, 9 мың адам құрайды, соның ішінде 230, 1 қалалық, 430, 8 селолық.

Облыстың Евразия материгінің ішінде орналасуы, теңіздер мен мұхиттардан алыстығы табиғаттың ерекшелігін және шаруашылығын анықтайды. Оларға климаттың кұрт континенталдылығы, ылғалданудың аздығы жатады. Облыстың жалпы тегістігі және оның шекаралас аумақтары ауаның меридионалды және кең ауысуына ықпал етеді. Аумақтың тегіс бөлігі екі табиғи аймақта жатыр: орман далалы жэне далалы, бұл оның ландшафтарын, табиғи ортаның сапасын, негізгі табиғи ресурстарды шешімді деңгейде анықтайды.

Солтустік Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының ең жақсы жерлерімен тартады, жер жыртудың орташа бағалау бонитеті 51 балл құрайды, бұл оның ауыл шаруашылығында мамандандырылғандығын анықтайды.

Облыстың 9, 8 млн. га аумағынан 5, 95 млн. га немесе 60, 7% ауыл шаруашылық маңызы бар жерлерге жатады, олардың 4, 37 млн. га жер жыртуға келеді. Жайылымдармен 3, 5 млн. га, шөп шабулармен 41, 7 мың га, кенді жерлермен 614 мың га қамтылған. Ауыл шаруашылық жерлер 8, 4 млн. га қамтылған. Көлдермен 340 мың га, ормандармен 680 мың га.

Солтүстік Қазақстан облысының су ресурстары Есіл өзені ресурстарынан (Аққанбұрлұқ өз, Иманбүрлүқ өз. ) ағындарымен, Силеты, Чаглинка, Камысақты, Ащысу, Қарасу өзендерімен және уақытша ағыны бар баска су ағындарынан құралады. 3100 жуық көлдер бар, олардың 1266 - балық шаруашылық. жалға 115 көлдер берілуде. Содан басқа, облыста 1192 жайылма алқапты ескі арналар және 417 батпақтар бар.

Облыстың минералды-шикізат базасының жағдайын бағалай келе, тұрақтанып қалған ойымызға қарсы облыс пайдалы қазбаларга бай. Солтүстік Қазақстан облысында құрамында уран қоры бар Косачинское, Грачевское и Викторовское сияқты кен орындары, Сырымбетское -қалайының қоры, Обуховское - титанды-цирконийлік кен орыы бар. Сонымен қатар облыс құрылыс тасымен, цементтік шикізатпен, шыны, формалық жэне құрылыс құмымен, отқа тұрақты, керамзитті және керамикалық балшықпен бай. Аймақтың экономикалық дамуына қатысты, жыл сайын экономиканың әр саласының жандандырылуы байқалады, бұл қоршаған ортаның жағдайына кері әсер тигізетіні сөзсіз.

Табиғат пайдаланушылар занды және жеке тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттык және шетелдік болып бөлінеді.

Ұлттық табиғат пайдаланушыларға - Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, оның ішінде шетел қатысатын тұлғалар, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға - шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су кодексінің 92-бабына сәйкес «Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезiнде жеке және заңды тұлғалар оны жергiлiктi атқарушы органдарда мiндеттi түрде тiркеп, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның тұтас алғанда осы су объектiлерiне оң қорытындысы болған жағдайда тiкелей жер үстi және жер асты су объектiлерiнен су алуға құқылы». Басқарма сайтының «Орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау» бөлімінде Сіз тіркеу тәртібі белгіленген Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын су объектілерін тіркеу ережесімен таныса аласыз, қажетті құжаттар тізімі көрсетілген өтініш үлгілері бар. Ережеге сай тіркеуді су объектісінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Солтүстіксуқұрылыс» Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында су шаруашылығы объектілерінің құрылысы жөніндегі өңірлік дирекция» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Павлодарсушар» су шаруашылығы жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы Павлодар республикалық мемлекеттік кәсіпорнын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) :

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитеті» деген бөлімде:

реттік нөмірі 145-7-жол алынып тасталсын;

Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз.

Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының маңызды бағыттарының бiрi - қоршаған ортаның ластану-деңгейiн төмендету және Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу контексiнде қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру үшін жағдай жасау.

Басқарманың сайты Қазақстан Республикасының халқы үшiн, ақпараттық ресурс ретiнде құрылған, сонымен қатар бiз басқарманың қызметi туралы және бiздiң облысымыздағы қоршаған орта жағдайы туралы көрнекi, қызықты, өзектi және жан-жақты, ақпаратты орналастыруды көздедiк. Сайтта ведомствоға қарасты мемлекеттiк орман мекемелерiмен және жануарлар дүниесiн қорғаумен басқарманың құрылымы туралы, біздің облыстың қоршаған орта жағдайы туралы, ақпараттық экологиялық бюллетень, басқарманың 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары, «Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» республикалық бағдарламасы, «Қатты тұрмыстық қалдықтар» ақпараттық экологиялық бюллетені, жаңалықтар шолуы, хабарландырулар, мақалалар, пайдалы сілтемелер, басқарманың фотосуреті мен бейнемұрағаты және т. б. ұсынылған.

Басқарма сайтында виртуальдық қабылдау бөлiмi жұмыс iстейдi, Сiз өз үндеулерiңiз бен өтiнiштерiңiздi жiбере аласыздар, олар міндетті түрде қарастырылып, оларға тиісті жауап берiледi. Сонымен қатар сайттың жұмысын жақсарту жөнінде Сiздердiң ұсыныстарыңызға бiз риза боламыз.

Сайтта орналасқан, ақпарат, Сiзге пайдалы болады және Сiзге басқарма қызметi туралы шынайы, ақпаратқа еркін қол жеткiзу мүмкiншiлiгiн қамтамасыз етедi деп сенемiн.

Табиғи байлығы. Солтүстік Қазақстан облысының минералды-су қоры.

Облыста пайдалы қазбалардың барлық түрі дерлік анықталып, әр түрлі деңгейде зерделенген. 286 кен орындары барланған. Олардың ішінде 34-металл, 2-металл емес, 217-құрылыс және технологиялық шикізат және 33-жерасты сулары, олардың 6 минералды.

Облыс аумағы шет аймақтың уран-кенді, алмазды және қалайы-сирек металы бар Солтүстік Қазақстанның бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының теңгерімі бойынша қалайы - 65%, цирконий - 36%, 6%, уран - 19%, титан - 5%, вольфрам - 1% құрайтын минералды шикізат қоры анықталған. Минералды-шикізат қорын болашақта кеңейту, әсіресе оңтүстік-батыс облысында аса маңызды. Мұнда аса мағызды кен орындары және алтын, күміс, техникалық және зергерлік алмаздар, қалайы, титан, түсті және сирек металлдар, қоңыр көмір шығару рудалары бар.

Облыстың түрлі минералдық шикізат қорларының теңгерімдігінің әлеуетті шығарылатын құндылығы 6 млрд. $ бағаланады, ал болжамды ресурстардың есебімен - 10 млрд. $, соның ішінде уран бойынша - 1, 0, қалайы - 3, 98, титан - 0, 7, сирек жерлер - 0, 3, вольфрам - 0, 24, алтын - 0, 1, алмаз - 1, 0, көмір - 0, 8, өзгелері - 2, 7. Дайын қорларды игеру және перспективадағы объектілерді барлау үшін біршама 7 млрд. $ қажет етіледі.

Игеруге айрықша дайындалған Грачев, Косачин, Семізбай уран кен орындары, Обухов - титан-цирконий рудасын, Сырымбет - қалайы, алтын кен орны - Солтүстік Байлюсты және Домбыралы-2 болып табылады. Экономикалық себептер бойынша олардың өндірістік әзірленуі жүргізілмейді.

Пайдалануда тек кейбір құрылыс тас және құм кен орындары бар. Қалыбек және Жақсытұз көлдерінің кен орындарында ас тұзын іздеу жүргізілуде.

Қазақстан Республиканың қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің қарамындағы Республикалық Мемлекеттік “Қазгидромет” кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорны “Солтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығы” (қысқаша Солтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығы) . Станциялар мен бекеттер жүйесінде бақыланатын және өлшенетін сипаттамалардың маңызын бағалау өте қиыеға түседі. Олар ағымдағы табиғи ортаның жағдайын және оның өзгерістерін сипаттайды. Облыстық орталық пен Қазгидрометте өтіп жатқан үрдістердің заңдылығын зерттеу және табиғи ортаның жағдайын болжау мақсатымен бақылау нәтижелері өңделеді, талданады және талқыланады. Осы ақпараттың бәрі барлық шаруашылық салаларға қажет. Әсіресе, бұл мәліметтер табиғатқа тәуелді салаларға, мысалы ауыл шаруашылығы, жер үсті көлік жүйелеріне, авиация, энергетика, құрылыс, ел қорғанысы, халық қауіпсіздігіне өте қажет болып табылады. Олардың көбіне ағымдағы және болжаушылық ақпарат қана емес, сонымен қоса он жылдық ішінде жиналған климаттық сипаттамалар да өте маңызды. Кез-келген объекттің жобалануы мен құрлысы осы объектте жұмыс істеуші немесе тұратын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты объекттің беріктілігі, тұрақтылығы, қалыпты қызмет атқару және ақталмаған құнының өсіп кетуін болдырмау кепілі болатындай етіп климатық деректкрді ойластырып, нәтижелі есептеуді талап етеді.

Шаруашылық объекттерді жобалау кезінде қала мен облыс экологиясына зардап келтірмеу үшін метеорологиялық және қазіргі ластану сипаттамаларын ескеру қажет. Метеорология станциялары табиғат жағдайын жедел түрде бықылаумен айналысады. Қатаң белгіленген мерзімде, яғни гринвич уақытының 00, 03, 06, 12, 15, 18, 21 сағатында температура, ауа ылғалдылығы, атмосфералық қысым, жел бағыты мен жылдамдығы, бұлттардың мөлшері, пішіні және биіктігі, көрудің горизонтальдық қашықтығын аңықтайды. 03 және 15 сағат аралығында ылғаш мөлшері, сағат 03 топырақ бетінің бақылау, ал қыста 5 күн сайын бекітілген жерлерде қар мөлшерін анықтау жүргізіледі. Мұнда негізгі сипаттамалар - қар жамылғысының биіктігі, тығыздығы, қардағы су қоры мен қардың жату сипаттамасы анықталады.

Сонымен қоса станцияда қосымша күн жарқырауының ұзақтығы, радиация дәрежесі, самописец бойынша тәуліктік температура мен ылғалдылықты, әр түрлі тереңдіктегі тақыр және табиғи жамылғысы бар жер учаскілерінден топырақтың температурасы зерттеледі. Бұдан басқа, бақылаушы әрқашан да уақыт мерзімдерінің арасындағы ауа-райының кез-келген өзгерістерін үздіксіз бақылап отыруы керек. Барлық табиғи құбылыстардың пайда болу уақытын, олардың шапшаң және баяу болған толқындарын бақылап, тіркеуі керек, ал қауіпті немесе өте қауіпті құбылыстар қатарына жататындар жайында дереу түрде орталыққа “дауыл” жедел грифымен белгілеп хабарлайды. Осылайша, метеоролог сағаттың ауа райының жұмысы үстінде, ол бір минутқа да тыстап кетуге рұқсат етілмейтін кезекшілік үстінде. Облыс метеостанцияларының жүйесі 12 бақылау бөлімшелерінен тұрады:

Петропавловск, Благовещенка, Булаево, Возвышенка, Явленка, Сергеевка, Тимирязево, Саумалколь, Тайынша, Кишкенеколь, Рузаевка, Чкалово. Гидрометеорологиялық бекеттерде гидрологиялық тәртіптің келесі сипаттамаларына стандартты бақылаулар (өлшеулер) жүргізіледі: су деңгейінің биіктігі, су температурасы, мұз қалыңдығы, мұз бетіндегі қардың биіктігі, су бетінің еңісі, су мен насостардың шығыны, су объектісінің жағдайын. Ары қарай зерттеу мақсатымен су үлгілерін Солтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығының химиялық зертханасына алады. Осылайша, гидрометеорологиялық бөлімшелер жүйесі объектілерінің жағдай туралы деректерді жинауға бағытталған. Бұл бақылаулар шаруашылық кешеннің сауалдарын жауапты қамтамасыз ету гидрометеорологиялық тәртіптің кеңістік-мерзімдік заңдылықтарын зерттеу, су, су кадастрның, су балансы мен ресурстарының мемлекеттік есебін жүргізу, шаруашылық салардың су ресурстары мен су объектілерінің тәртібіне әсер етуін бағалау үшін керек. Гидрометқызметінің ең басты міндетті судың тасуы мен су объектілерінің өзен суының төменгі сабасындағы жағдайын болжау болып табылады. Су тасуының өту болжамын құрастыру үшін гидрометеорологиялық сипаттамалардан басқа метеостанциялардан алынған қардағы және күзде топыраққа сіңген су мөлшері туралы деректер қолданылады. Агрометеорология немесе ауылшаруашылық метеорология ауылшаруашылық өндірісінің табиғатқа тәуелді болуына байланысты пайда болды. Көптеген деректер бойынша метеорологялық жағдайлардан туындаған шығындар экономика үлкен зиянын тигізеді, сосын ішінде 65 % жуық ауылшаруашылығына тиеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертіс алабындағы өзен
Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытудың табиғи алғышарттары
Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау
Биік таулы аймақ
Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытуға әсер ететін табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен факторлардың маңызын анықтау
Шығыс Қазақстан облысының ірі өзендері
Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары
Ақмола облысы бойынша су ресурстарының экологиялық жағдайы
Қазақстандағы қоршаған орта жағдайы
Ақмола облысының экологиялық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz