Томас Джефферсон


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

І-бөлім

1. 1. Томас Джефферсонның саяси өмірінің басты кезеңдері.

1. 2 1764-1790 жылдардағы Америкадағы буржуазиялық революция кезіндегі Томас Джефферсонның саяси іс - әрекеттері.

1. 3 Томас Джефферсонның тәуелсіздік жолындағы үлесі.

ІІ тарау.

2. 1 Томас Джефферсонның 1776 жылғы «Тәуелсіздік декларациясындағы» басты ой-пікірлері

2. 2 Томас Джефферсонның инаугурация кезіндегі сөздерінің саяси мазмұндары.

Қорытынды

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: Томас Джефферсон - әлемдік тарихтағы көрнекті қайраткер. Оның өмірі мен өз еліне сіңірген еңбегі адамзат ойында мәңгілікке қалды. Томас Джефферсон тарихта тек ірі мемлекеттік қайраткер ғана емес, сонымен қатар ол философ, гуманист, лингвист, ботаник, географ, архитектор, этнограф, полеонтолог ретінде ізін қалдырды. Томас Джефферсонның саяси көзқарастары эволюциялық дамуға сәйкес келеді. Сонымен қатар, демократиялық бағытты жақтаушы көзқарастары демократияның дамуына өз әсерін тигізді. Әсіресе американдықтарға тәуелсіздігін алу жолындағы үлесі орасан зор. Атап айтатын болсақ, АҚШ тәуелсіздік декларациясын жазған бірегей тұлға. Томас Джефферсон адам құқығын жоғары сатыда тұру керек деп есептеді, себебі адам жаратылысынан ешкімге бағынышты емес және де адамдар бір-бірімен тең деді. Ол адам нәсіліне, ұлтына, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамау керек деп есептеді. Көріп отырғанымыздай Томас Джефферсон демократиялық принциптерді жақтаушы және оның жүзеге асуына барлық үлесін қосқан қайраткер. Томас Джефферсон әлемдік саяси тарихқа өшпес ізін қалдырды.

Томас Джефферсон республикалық партияның құрамында болатын, ол партия туралы былай деді: «Халықты бағалау оған қамқорлық жасау біздің партияның принципі, халықтан қорқу және оған сенбеу -басқа партияның принципі». Байқап отырғанымыздай Томас Джефферсон халықтың қамын ойлайтын қажеттілігін, мүддесін қолынан келгенше қамтамасыз етуге тырысқан халық қамқоршысы. Томас Джефферсон барлық азамат табиғатынан тең, сондықтанда олар тең болып өмір сүру керек деген принципті ұстанған. Ол азамттардың теңдігін жақтаушы, адамдарды езуге, қоғам байлығын әділетсіз бөлуге қарсы болған саяси қайраткер.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: АҚШ тәуелсіз декларациясының авторы Томас Джефферсонның саяси әлеуметтік көзқарастары мен ойлары туралы еңбектер жеткілікті. Әрбір тарихшы, саясаттанушы, әлеуметтанушы, АҚШ-тың тарихын зерттегенде Томас Джефферсонға жеке тоқталып өтеді. Себебі, АҚШ-тың тәуелсіздік алуындағы Томас Джефферсонның қосқан зор үлесіне тоқтамай өту мүмкін емес. АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясы бұл дүниежүзілік прогресстің рөлі болғандықтан әлемдік тарихта Томас Джефферсонның алатын орны зор. Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның атына байланысты болғандықтан, ол туралы көптеген еңбектер әдебиеттер кездеседі. Жалпы, Томас Джефферсонның қоғамдық саяси ойлары туралы тақырыпта зерттелген деңгейі өте жоғары деп айтуға болады. Мен осы тақырыптың бір бөлігін, яғни Томас Джефферсонның қоғамдық саяси ойлары туралы зерттей алдым деген ойдамын.

Зерттеу жұмысының маңызы мен міндеті: Томас Джефферсонның саяси өмірін, оның америкадағы буржуазиялық революциядан кейін, Американың ел болып қалыптасуына қосқан үлесі, оның қоғамдық саяси көзқарастары жайында білу және оған талдау жасау болып табылады.

Осы мақсат барысында тақырыптың толық ашылуы үшін мен алдымен мынадай тапсырма қойдым.

  1. Томас Джефферсонның өміріндегі маңызды кезеңдері жайлы білу;
  2. Америкадағы буржуазиялық революция кезіндегі Томас Джефферсонның іс - әрекеттерін оқып үйрену;
  3. Буржуазиялық революциядан кейін, Томас АҚШ-ның тәуелсіз ел болып қалыптасуына Томас Джефферсонның қосқан үлесі жайында оқып білу;
  4. АҚШ-тың тәуелсіз ел болып қалыптасуына жазған тәуелсіздік декларациясындағы Томас Джефферсонның ой - пікірлерін білу және оны талдау;
  5. Инаугурация кезіндегі Джефферсонның сөздері жайында жазу;

Осы жұмысымның негізіне құрылымдық - хранологиялық принцип қойылған.

Жұмысым 1743-1826 жылдары, яғни Томас Джефферсонның өмір сүрген жылдарын қамтиды.

Ғылыми жаңалық: Томас Джефферсон Ұлт-азаттық күресі кезіндегі ұлы ревалюциялық құжат-АҚШ-ның «Тәуелсіз декларациясын» жазды. Мемлекеттік өкіметті құрап, оны бақылау құқығынан шектеуге болмайтындығын атап көрсетті. Егер өкімет халық құқығын қорласа, ондай өкіметті ауыстырып, өзінің қалауына сай өзгертуіне болатындығын көрсетті. Мұнда Джефферсон билеушіге қарсы халықтың көтеріліс жасауға құқығы бар екенін дәлелдеп, халық егемендігін жақтады. Бұл дүниежүзілік прогресстің рөлі АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясын одан әрі дамуна ықпал етті. Онда теңдік, бостандық көтеріліс жасауға құқығы барлық халықтың ажыратылмайтын табиғи құқығы деп есептелді. Адамдардың табиғи құқығын мемлкет белгіленген заңдардан жоғары тұруы керектігін атап көрсетті. Декларацияда жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және оларды өмірге бостандыққа бағытқа тырысуына құқығы бар делінген. Томас Джефферсонның тәуелсіздік декларациясы қазіргі кезге дейін АҚШ конституциясына күшін жоймаған.

Зерттеу объектісі: Джефферсон - азаматтардың теңдігін жақтаушы, адамдарды езуге, қоғам байлығын әділетсіз бөлуге қарсы болған саяси қайраткер. Ол барлық азамат табиғатынан тең, сондықтан да тең болып өмір сүру керек деген принципті ұстаған. Томас Джефферсонның саяси өміріндегі басты кезеңдерге саяси салыстырмалы талдау жасалған. 1764-1790жж Америкадағы Ұлт-азаттық ревалюция кезеңдегі Томас Джефферсонның саяси іс әрекеттері қарастырылған. Томас Джефферсонның тәуелсіздік декларациясындағы басты саяси ойларға тоқталған. Томас Джефферсонның инаугурация кезіндегі айтылған сөздердің саяси мазмұндарына тоқталып өтілген.

Зерттеу құрылымы: «Томас Джефферсонның қоғамдық саяси ойлары туралы» атты тақырып кіріспеден және екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Екі тарау әрқайсысы кіріспеден, негізгі, қорытынды бөлімдерден тұрады.

Кіріспе, бұл жерде жұмыстың тапсырмасы таңдалады, жұмыстың таңдалып алынған тақырыптың өзектілігі, зерттеудің міндеттері мен мақсаттары тұжырымдалады, зерттеудің әдіснамасы көрсетіледі.

Бірінші тарауда Томас Джефферсонның саяси тарихтағы рөлі жайында тоқталған. Бірінші тарау екі бөлімнен тұрады: Бірінші бөлім -Томас Джефферсонның саяси өмірінің басты кезеңдеріне, ал екінші бөлімде- Америкадағы буржуазиялық революция кезіндегі іс -әрекеттер туралы айтылған. Екінші тарауда Томас Джефферсонның тәуелсіздік жолындағы үлесі туралы тоқталып өткен.

І-бөлім

1. 1. Томас Джефферсонның саяси өмірінің басты кезеңдері.

АҚШ тарихы ХVII ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ -ғасырдың басында әлемге көрнекті саңлақтар тобын берді. Олар әрқилы көзқарасты ұстанып әр түрлі партиялардың құрамында болғанымен барлығы да американың жас мемлекетінің негізін қалаушы әкелері ретінде тарихта қалды. Себебі, олар өз елінің тарихи тағдырына ғұмырларын арнап, оның қалыптасуына және нығаюына сенді. Франклин, Вашингтон, Адамс, Мэдисон, Гамильтон, Джей, Пейн және америка тәуелсіздігінің және демократиялының әкелерінің бірі, көрнекті саяси ойшыл Томас Джефферсонның (1743-1826) да есімі бар.

Ұлы саяси қайраткер, гуманист, америкалық революцияның демократиялық бағытын жақтаушы Томас Джефферсон 13 сәуір 1743 жылы ағылшындардың Солтүстік Америкадағы бірінші колониясы Виргиния штатында туылды.

Томастың әкесі - Питер Джефферсон Виргинияға алғашқы қоныс аударушылардың бірі болды. Оның арнайы білімі болған жоқ, бірақ өз бетімен білімі алу үшін көп дайындалды. Ол графтықтағы ақылды, сауатты әрі құрметті помещик болғандықтан аса жауапты жұмыстарға шақырып отырды, мысалы Виргиния штатының шекарасын белгілеп, картасын жасауға, заң шығарушы жиналыстың жұмысына шақырылып отырды.

Томас Джефферсонның анасы -Джейн Ранолф ақсүйектер отбасынан шыққан оның шежіресі Англия мен Шотландия тарихында ежелден келе жатыр. Демократ Томас Джефферсон жазғанындай, «Әркім өз таңдаған сенім мен құрметкке сол деңгейде қарауға ерікті» [1] .

Томас 14 жасында әкесі - Питер Джефферсон қайтыс болды. Әкесі оның өміріндегі басты жетекшісі және ақылшысы болған еді. Томас үлкен бала болғандықтан, отбасына қамқорлық жасау үлкен баланың иығына түсті.

Томас бес жасынан ағылшын мектебіне, ал тоғыз жасынан бастап латын мектебіне барды. Томас сабақты қызығушылықпен оқыған. Одан кейін 1760 жылдан бастап екі жыл бойы Вильямсбург қаласындағы Уильям ықпал еткен Шотландиядан шыққан математик әрі философ профессор Уильям Смолмен достасты. Профессор өзінің заңгер досы Джордж Уайттың өзінің жетекшелігімен Томастың құқықты оқып - үйренуіне рұқсат етуге жәрдемдесті, сондай -ақ жас жігітті губернатор Фрэнсистің ортасына қосты. Фокье, Джефферсонның айтуы бойынша «осы орынға отырғандардың барлығының ішіндегі ең қабілетті адам еді» [2] . АҚШ-тың болашақ үшінші Президенті кейіннен онымен болған кездесулерінде, өзінің алған біліміне қарыздар екендігін еске алды. Кейінірек, Уойт мырза оның адвокаттық жұмысқа тұруына да көмек берген еді. Кезінде, 1776 жылы Уайт өзінің жас досының дайындаған тәуелсіздік декларациясына қол қойғандардың бірі еді.

Джефферсон Виргиния штатындағы Уильям және Мәри колледжінің юриспруденцияны оқып бітірген соң, сол штаттың жоғарғы сотының адвокаттар алқасында болды. Ол өзінің «өмірбаянында» революция барлық сот орындарын жапқанынша заңгерлік тәжірибесінің жалғасқанын еске алды . Оның адвокаттық қызметі айтарлықтай табысты болды, клиенттерінің саны тез өсті. Томас Джеффорсон Виргиния штатының ең атақты адвокаты болды. Ол өзінің адвокаттық қызметінде елдің ең қиын мәселелерімен танысты. Адвокаттық қызметінде ол барлық топтағы халықтарын жағдайларын, метрополиялар мен колониялар айырмашылықтарын көріп білді.

1767 жылы Томас сотта алғаш рет жеңіске жетті. Томас қара нәсілді адамдарды жақтады. Ол ең алғашқы жақтаушы сөзінде: «табиғат заңы бойынша барлық адамдар еркін болып туылған» -дейді.

Егер, адвокаттық қызметке тұрған 1767 жылы 68 істі жүргізсе, ал төрт жылдан соң 430 істі жүргізді.

1772 жылы Томас Джефферсон Марта Скелтонға үйленді.

Томас Джефферсонның 26 жасында Виргиния штатының заң шығарушы органына депутаты болып сайлануы оның саясат жолындағы мансабының жарқын болашағына ықпал етті. Жас жігіттің негізінен тәуелсіздіктің жағына еңбек сіңіруіндегі атағы оның байсалдылығы, көп оқығандығы әрі «үндемейтін депутаттығы» ретінде көзге түсетін . Томас 1776 жылғы «Тәуелсіздік декларациясының» авторы.

Томас Джефферсонның 1764 жылдан 1789 жылға дейін созылған саяси қайраткерлігі, тәуелсіздік үшін күреске, Американың Республика болып қалыптасуына бағытталды.

Джефферсон үлкен үлес қосқан АҚШ-ның 1787 жылғы конституциядан кейін және 1789 жылғы бірінші президенттік сайлаудан кейін, бұл сайлауда Джорж Вашингтон толығымен жеңіске жетті. Томас Джефферсон саяси өмірінің жаңа сатысына өтеді. 11-желтоқсанда Томасты Джордж Вашингтон приезиденттік аппаратқа жұмысқа шақырды. Томас президенттік аппаратта мемлекеттік хатшы қызметін атқарды.

Джефферсонға буржуаздық - демократиялық билікті құруға ықпал ету мүмкіншілігі туды.

Революциялық жеңістен кейін - тәуелсіз мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының механизмін құру уақыты келді. Тәуелсіз Американың қай бағытта дамуы екі саяси қайраткердің шешіміне тәуелді болды.

Томас Джефферсон Виргиния штатының губернаторы қызметін атқарды. Артынша, Ұлы Франция революциясының қарсаңы мен алғашқы айларында Б. Франклиннен соң АҚШ -ның Франциядағы елшілігін басқарды. Ол 1789 - 1793 жылдары АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы қызметін атқарды. [3]

Джефферсон қаржы министрі Александр Гамильтонның іс -әрекеттерін сынға алды. Гамильтон мен Джефферсонның бірінші кездесуінде -ақ олардың саяси көзқарастары қарама -қайшы болды.

Томас саяси қызметіне кірісу барысында өз елінің ішкі саясатын толығымен үйренді. Ол кезде АҚШ-ның ішкі саясаты өте нашар еді. Бұл елге екі ұлы держова Ұлыбритания мен Испания көз тіккен еді.

Жас тәуелсіз мемлекеттің әлемдік саясатта рөлін арттыру үшін Джефферсон Европадағы ең күшті державаның көмегіне сүйену керектігін түсінді, Джефферсон ойынша бұл ел-Франция болды. Джефферсонның саяси ойынында ішкі саясатта осы Франция басты козер болды.

Осы кезде Гамильтонның ұсынысымен АҚШ-да біртұтас федералдық басқару қалыптаса бастады. Гамильтон ұсынған федералдық басқаруда: үкімет елдің барлық ішкі және сыртқы қарыздарын төлеуді өз мойнына алады. Гамильтон экономикалық қызығушылықпен орталықтағы үкіметтің қызығушылығын бір - біріне қоса отырып елдегі жағдайды тұрақтандырғысы келді. Томас Джефферсон Американың бірігуіне қарсы болмады, бірақ федералдық саясаттың көптеген аспектілері оған қорқыныш туғызды. Гамильтонның саясатынан солтүстік - батыстағы ірі буржуаздар күшейді, елдің ішінде консервативтік идеялар басым болды. Гамильтон буржуаздардың идеологы ретінде елді қатаң орталықтандырылған және индустрияландырылған держава болғанын қалады. Қаржы министрі АШҚ-да капитализмнің дамуына барлық күш жігерін салды. Бірақ Америка ол кезде ауылшаруашылықты ел болған еді. Осы себептен фермерлер АҚШ-да капитализмнің дамуына қарсы болды. Елде, салық өсуі, импорт тауарлардың құнының өсуі үлкен наразылық тудырды. Гамильтонның бұл саясатына Джефферсон қарсы болды. Бірақ Томас үкіметтің саясатына қарсы шығуға оның күші жетпеді, сондықтан бұл іспен көптеген саяси қайраткерлер айналысты, сонымен қатар Джон Мэдисон да Томастың жақтастарының бірі болды. Фермерлердің идеологы ретінде, Томас - Гамильтонның комиталистік идеясына қарсы болды, бірақ ол штаттардың тарауын қаламады.

Джефферсонды жас республиканың ішкі саясаты мен оның европалық елдермен қарым-қатынасы қызықтырды. Томас Джефферсонның әлемдік саясатта басты мақсаты - нейтралитет болды. Томас «олар бізге шабуыл жасау керек, ал біз - тұрақтануымыз қажет»[4] деген принципті ұстанды.

Үкіметте ішкі саясат сұрақтары көптеген наразылықтар туғызды. Себебі: Джефферсон блогына ашық түрде қарсы болған Гамильтон және оның жақтастары ағылшындық саясатты жүргізбекші болды, яғни осы ағылшындардың барлық талаптарын қанағаттандыруға бағытталған саясатты жүргізбекші болады.

Томас Джефферсон АҚШ-ның халықтық банкін құруда қол қойғаны үшін Гамильтоннан жеңіліс табады. Себебі: бұл банк түбінде ең алдымен солтүстік америкадағы буржуазияның мүддесін қорғаған еді.

Сонымен, Гамильтон мен Джефферсон бір - біріне қарама - қарсы лагерді құрды. Гамильтон капитализмді жақтап, буржуаздармен бірігіп көпшілік қарапайым фермерлерге қарсы болды. Гамильтон және оның жақтастары федералистер шаруаларға жиіркенішті көзбен қарап, оларды қалып кеткен құлдар ретінде көрді.

Томас Джефферсон - демократиялық бағытты жақтаушы лидер ретінде Гамильтонға қарама -қарсы көзқараста болды. Джефферсон шаруаларды ғана «нағыз аристократтар» деп білді. 1791 жылы Томас Джефферсон федерализмге қарсы күшті құруды ойластырады.

Томас Джефферсонның көзқарастары эволюцияға сәйкес келді. Жылдан жылға Джефферсонның қарсыластары көбейе бастады, ол отставкаға кетуді ойлады. Жылдан жылға оның саяси күші қарсыластарына қарағанда әлсірей бастады, ал оның қарсыластары сөзсіз күшейе бастады.

Шілде айында Вашингтонға 1793 жылы 30 қыркүйекте отставкаға шығатыны туралы хабар берді. Вашингтон жауап ретінде, өзі Джефферсонға келіп, олар оның қарсыластары жайында әңгімелеседі. Джефферсон 1794 жылдың қараша айына дейін өз орнында қалатыны жайында шешім қабылдап, 1794 жылы 5 қарашада отставкаға шығады.

Джордж Вашингтонның отставкаға кетуінен мемлекет көпшілік көңілінене шыққан президенттен айрылды.

1796 жылы президенттік сайлау федералдық партиямен республикалық партия арасында күрес негізінде болды. [5] Бұл күреске Томас тікелей қатыспаса да республикалық партияның лидері және осы партияның кандидаты болды. Джефферсон президент болуына 4 дауыс жетпеді. АҚШ -ның екінші президенті - федералистік партияның кандидаты - Джон Адамс болды. Томас екінші орынды алғандықтан - вице президент қызметін атқарды. Екі саяси қайраткер Томас пен Адамс уақытша бірікті. Адамс үкіметте билікті нығайту үшін республикалық партияның лидерінің көмегіне мұқтаж болды. Джефферсон орта және кіші буржуаздардың, фермерлердің лидері болды. Ол болашақ Американың басты күші - фермерлер деп, олардың феодалдық үкіметте күштерін нығаюын қалады.

Джефферсон Франциямен достық қарым -қатынаста болуын қалады. Екі жыл бұрын ол -саясат туралы, естігісі де келмеді, ал осы кезде ол саясатсыз өмір сүре алмайтынын түсінді. Саяси күресте ол республикалық партияның басшысы ретінде танылды. 1797 жылы шілде айында ол партияның басшысы болды, оның айналасына сенімді адамдары жиналды. 1797 жылы наурызда Джефферсон тек қана вице -президент қана болған жоқ, сонымен қатар ол -Америкадағы философиялық қоғамның президенті болды.

Томас Джефферсонның бағдарламасындағы басты үш принципті бөліп көрсетуге болады:

1) республикадан монархияға өтуге жол бермеу, феодалдық конституцияны және штаттардың құқығын сақтау;

2) сөз бостандығы, ар -ұждан бостандығы, халықтың құқығына биліктегілердің қол сұғушылығына жол бермеу;

барлық ұлттармен еркін сауда байланысы, олардың ешқайсысымен саяси бірікпеу;

Осы талаппен республикалық партия Томас Джефферсонның басшылығымен 1800 жылғы сайлауға түсті. Джефферсонның 1801 жылғы президент сайлауындағы жеңісін көптеген американдықтар екінші революцияның басталуы, яғни 1776 жылғы революция желінің қайта соғуы деп қарады. Бір қызығы, 1801жылғы Президент сайлауының 36 -турында сайлаушылардың 7 сайыс берумен Джефферсон Президент болып сайланды

Джефферсон президент уақытта АҚШ -ты демократиялық басқаруға көшті Джефферсонның демократиялық принциптері: «халықтың барлық саяси жағдайлардан хабардар болуы; дін бостандығы; баспасөз бостандығы; жеке бостандық». Джефферсонның саясатында осылар басты принциптері болды. Халықтар, республиканттар артынан жүру керек, себебі: «республикаттар -ол ұлт» -деп атап көрсетеді. Джефферсон жауының жақтастары болған ұсақ партияларды өз тарапына өткізу үшін «біз барлығымыз-республиканттармыз, біз барлығымыз- федералистерміз» -дейді Томас Джефферсон демократиялық ел болу үшін бірігуді ұсынған ол бұл бір партия үшін ғана емес, барлық ел үшін екенін мойындайды.

Бірнеше жылдан кейін Президент сайлауының екінші мерзіміне түскен ол ешқандай бәсекесіз Президенттікке өтті. 1797 жыл мен 1815 жылдар аралығында Джефферсон Конгреске өзінің жарты ғасырға жуық жинаған бай кітапханасын ұсынды. Ол дүние жүзіндегі ірі кітапхананың бірі АҚШ -тың Конгресс кітапханасының қорына қосылды.

Бұрынғы батыл демократ Джефферсон саяси тәжірибесі қалыптасқан сайын, икемді саясатшыға айналып, қандай істі болмасын шыдамдық танытып «қақ ортаны сақтап отырды. Ол әрқашан да табиғи құқық пен демократияның теориясын жақтаушы болып қалды. Ұлы Француз революциясы басталған жылы ол былай деді: «Үкіметке сеніп тапсыруға болмайтын және барлық үкімет біткен осы уақытқа дейін бұзуға тырысып бағатын құқықтары бар. Бұл -ойлау және өз ойының жариялығын ауызша немесе жазбаша беру құқығы; бұл - еркін сауда құқығы; бұл - жеке адамның бостандығы мен қол сұғылмаушылық құқығы» [6] . Джефферсонның көп жылғы тәжірибеден алынған парагматизмі оны демократиялық көзқарастан тайдырған жоқ.

Ойшыл - демократ 1826 жылы былай деп жазды: «құдайдың мейірімі түсіп, басқаларды ерттеп мінуге дайын артықшылықты азғантай адамдардың өкше темірлі етікпен тумайтындығы сияқты, адам заттық көпшілігін құрайтын адамдар да дүниеге арқасына ерте қым салып тумайды» [7] .

Томас Джефферсон - адамдардың еркін де саналы таңдауын ұйғаратын адамзаттардың құқығы мен бостандығына кепілдік беретін конституциялық құрылыстың жақтаушысы.

Нағыз республикашыл Джефферсонның монархияға теріс қатынасына ең алдымен ағылшын монархиясының талқыға түсуі және 1780 жылдары Франциядағы және басқа елдердегі, әсіресе оның өмірінің европалық кезеңдеріндегі, монархияны бақылаудың жеке тәжірибесі ықпал етті.

Монархты тәрбиелеу жағдайы, оның пікірінше, әлсіз де ынтық, тояттаған әрі өзімшіл иесінің пайда болуына жағдай туғызады.

ХVII - ғасырдағы Европаның көптеген мұрагер монархтарына сайлау науқанына қатысу мүмкіндігі туса, онда олар Американың ені кішкентай қаланың өкілдері органдарының бәсекесіне шыдай алмас еді, - деп жазды[8] Джефферсон.

Европалық монархия оған тарихтың кешегі күні болып көрінді. « Біздің конституциямыздың барлық кемшіліктеріне қарамастан, деп жазды ол Джозеф Джонсқа 1787 жылы, - біздің үкіметімізді Европаның үкіметтерімен салыстыру - бұл жұмсақ пен тамұқты салыстырғанымен бірдей болар еді»[9] АҚШ азаматтары саяси жағынан аkғанда өте бақытты жағдайда тұр деп мойындады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Томас Джефферсонның өмірбаянын, саяси қызметін, ол басқарған кездегі Америка Құрама Штатының тарихы
Томас Джефферсонның өмірі мен саяси жолы жіне тәуелсіздік жолындағы күрестері
Т.Джефферсон АҚШ-тың үшінші президенті: саяси өмірбаяны
Томас Джефферсонның саяси-құқықтық көзқарасы
Джефферсонның демократиялық саяси - құқықтық доктринасы
Америка Құрама Штаттарындағы либералдық–саяси ағымдар
Жаңа замандағы саяси ой
Жаңа заманның саяси көзқарастары, саяси ілімдері
Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары
Америка Құрама Штаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz