Тауарлар мен қызметтер құндарының қалыптасуы туралы балама теориялар


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Тауарлар мен қызметтер құндарының қалыптасуы туралы балама теориялар

Тауарлар мен қызметтер құндарының қалыптасуы туралы балама теориялар. Еңбек құны теориясы және шекті пайдалылық теориясы негізгі құн теориялары болып табылады.

Тутыну бағалылығы- бұл заттың пайдалылығы, адамның қандай болмасын қажеттігін оның қанағаттандыра алатын қабілеті. Осы арқылы бір өнім басқаларға ұқсамайды, өйткені олардың тұтыну қасиеттері өзгеше болады.

Тауардың құны, оны жасауға жұмсалған еңбек шығынынан тұрады. Осыған сәйкес, тауардыңқұнының шамасы, оны өндіруге жұмсалған еңбек шамасымен және қажетті жұмыс уақытымен белгіленеді. қаркындылығын тұрақты деп болжамдасақ, ондатауарөндіруге жұмсалған қажетті еңбектің мөлшері өскен сайын, оның құны арта түседі. Өнімдердіңтұтыну құны оларды бір-бірінен алшақтатса, құн оларды біріктіреді.

Тұтынудағы бағалылық пен құнтауардақатар, бір мезгілде орын алады және олар бір-бірімен алмаса алады. Тұтыну құнының өзгерістері ертелі-кеш құнының өзгерістеріне әкеліп соғады. Керісінше, құнының өзгеруі тұтыну құнының өзгерістеріне әкеп соғады. Осы пайымдауды әзірше дәлелсіз қабылдайық - дәлел кейін келтіріледі. Мынаны ескертейік:тауардыңқұны қандай болмаса сондай еңбек уақыты емес, тек оны өндіруге нақты қажет еңбек уақыты құрайды. Әр қоғам осы қажетті уақытты реттеу үшін өзіне тән механизмдер колданады. Мысалы, қажетті уақыт өндірістік орташа жағдаймен белгіленеді.

Өнімдердің көп түрлі болуы, олардың әр қайсысының тұтыну бағалылығының ұқсас болмағаны сияқты, еңбектің де түр-түрге бөлінуінен, олардың жеке түрінде қолданылатын еңбек операцияларының ұқсас болмауынан туады. тауардыңтұтыну құнын өндіруге қажет операциялардын, нақты жиынтығы, нақты еңбек деп аталады. Сонымен қатар еңбектің екінші жағын жұмысшы күшінің физиологиялық мағынада жұмсалуы құрайды. Жұмысшы күшін жұмсау бағытынан келсек, өндірушілер арасында тек жұмсалған еңбектің саны жағынан ғана айырмашылық болады: біреу көбірек, біреу азырақ еңбек жұмсайды. Еңбектің физиологиялық шығындарын экономикалық есепке алып және осы еңбектің физиологиялық шығындарын салыстыру, абстракты еңбек деген түсінікті құрайды.

Сонымен, тек еңбектін өнімі ғана емес, еңбектің өзі екі жакты процесс:нақтыжәнеабстрактылы еңбекпроцесі болып табылады. Нақты еңбектауардыңтұтыну құнын, ал абстрактылы еңбек - құнын құрайды.

Нақтыеңбектіңнәтижесі өнім, ал осы өнімнің қажеттіліктерді қамтамасыз ететін ерекше қабілеті, оның тұтыну құны болады.

Игіліктің ақырғы, үшінші бөлшегінің пайдалылығы 6-ға тең. Өңдірушінің қарамағындағы осы ақырғы бөлшектің пайдалылығы шекті пайдалылық деп аталады. Егер игіліктер болжаусыз көп біртекті бөлінген болса; тұтынушы игіліктің барлық бөлшектерін бірдей бағалайды. Бөлшектердің бағалылықтарының негізінде олардың шекті пайдалылығы жатады. Осылайша, игіліктің жалпы экономикалық бағалылығын табу үшін, шекті пайдалылықты игіліктің бөлшектерінің санына көбейту керек.

Шекті пайдалылық теориясы адамдарға өмір сүру үшін материалдық игіліктердің белгілі бір жиынтығы қажет дейді, игіліктердің адамның белгілі бір қажеттігін қамтамасыз ететін қабілеті, оның пайдалылығы деп аталады.

Адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін игіліктер әр шамада болады: мол шамада, сирек шамада. Мол теорияайналыспайды. Оның назар аударатыны тек сиректігі әр дәрежеде болатын игіліктер. Міне осы игіліктерді үнемдеу қажет. Игілікті тұтынушының субъективтік бағалауы, осы игіліктің бағалылығын құрайды. Субъективтік бағалау немесе игіліктің бағалылығы, бір жақтан, игіліктің пайдалылық дәрежесімен, екінші жақтан, оыың сиректігімен белгіленеді.

Егер белгілі бір игіліктің қоры болса, осы қордың көлемі, оның сиректігінің дәрежесін көрсетеді, ал оның қажеттіліктерді канағаттандыра алатын қабілеті - оның пайдалығын көрсетеді.

Игіліктердің көбі болінеді, сондықтан олардың жалпы пайдалылығы және қордың әр данасының пайдалылығы болады. Өндірушіде белгілі бір игіліктің үш бөлшегі бар делік. Енді осы қажеттіліктің бастапқы қарқындығын сан жағынан көрсетуге болады. Ол 10-ға тең дейік. Енді өндіруші осы игіліктің қорының бірінші бөлшегін тұтынды дейік. Игіліктін, әр бөлшегінің пайдалылығы қажеттіліктің қарқындылығын көрсететін болғандықтан, бірінші бөлшектің пайдалылығы 10-ға тең деуге болады.

Бірінші бөлшекті тұтынғаннан соң, қажеттілік аздап қанағаттандырылады және оның қарқындылығы өндіруші үшін 8-ге дейін төмендейді. Енді, игіліктің екінші бөлшегінің пайдалылығы 8-ге тең болады.

Жалпы қорытынды мынадай: пайдалылықты субъективтік бағалаудың негізінде, осы өнімді өндіруге қажет алынады.

Осы сияқты еңбектік теория тектехнологиянығана емес, осымен қатар өнімді де, тіпті экономиканың басқа да параметрін ретке келтіруге мүмкіндік береді.

Нақты еңбек (технология) абстракты еңбектің белгілі мөлшерде жұмсалуын талап етеді. Осы технологияның негізінде өндірілген өнімнің тұтыну құны жөне құны болады. Кейін осы өндірілген өнім тұтынылып, өзінің тұтыну құнымен технологияны қайта қалпына келтіреді. Ал өнімнің құны абстракты еңбектің шығынының қажетті көлемін қалпына келтіреді. Егер осы тізбекте үйлесімділік жоғалса, шаруашылық жүйе басқа технологияға көшуі керек, немесе басқа өнім өндірумен айналысуы керек. Міне осылай тұтыну құны тұрақты түрде құнға айналып жоне керісінше болып отырады.

Тандандыратын мына жағдай. Экономикалық жұйе біреу. Осы жұйені сан жағынан сипаттап түсіндіретін құн теорясы екеу. Сонда осы екі теорияның біреуі қате болғаны ма? Олай емес. Бұлардың эрқайсын дұрыс және дұрыс емес деуге болады. Олар сыңаржақты. Бұлар шаруашылықты өр түрлі жағынан сипаттайды. Әрқайсы өз тұрғысын қамтиды, басқада тұрғы барын ескермейді. Сондықтан, құн теориясының даму болашағы осы екі варианттың ғылыми синтезімен байланысты деп тұжырымдағымыз келеді. құннын, козғалысы объективтік жэне субъективтік процестерді біріктіріп ие болатын біртұтас процесс. Сондықтан еңбектің объективтік шығындары да және субъективтік шекті пайдалылықта, жалғыз ғана құнның құрылу процесінін. көрініс формалары болып табылады.

Құнның дәстүрлі еңбек теориясы өндіріспен айналысуға беріліп кетіп, тұтынумен жетімсіз есептескен.

Құнның еңбек теориясы адамдардың оздерінен тыс қалыптасатын объективтік еңбек пропорцияларымен қалай есептесіп отыру керектігін дәлелдей алмады. Еңбек пропорцияларының өзгерістеріне сәйкес келетін субъективтік бағалау оны осы мәселелерден құтқарадьі.

Шекті пайдалылық теориясы өз жағынан, керісінше, өндірісті ұмытып, бар назарын тұтынуға аударған. Бұл тұрғыда еңбек теориясы шекті пайдалылық теориясының жақтылығын жояды. оны толықтырады. Шекті пайдалылық теориясы субъективтік бағалаудың неге басқаша емес осылай болып қалыптасуын дөлелдей алмады. Ал енді біз айта аламыз: субъективтік бағалаудың негізін еңбек шығындары түрін алатын объективтік негіз құрайды. [1]

Шекті пайдалылық теориясы

Құн-тауарөндіруге жұмсалған және осы тауар түрінде затқа айналған қоғамдық еңбекті көрсететін саясиэкономиясанаты; бір заттың ақшалай құндылығы немесе оған жұмсалған шығынның мөлшері. Құнның ақшалай көрінісі (баға) және құн санатының анықтамасы -экономикалықтеория мен тәжірибенің негізгі мәселелерінің бірі. Экономика ғылымында бұл мәселеге екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Классикалық жәнемаркстік теориядақұн жеке адамға қатысы жоқ санат ретінде қаралып, ұсталған не жұмсалған шығын бірінші орынға қойылды. Еңбек құнытеориясы тұрғысынан ол тауар түріндегі затқа айналған сапа жағынан бір еңбек болып табылады. Құн тек айырбас үдерісінде ғана жұртшылыққа танылған жеке еңбек өнімдеріне, яғни қоғамдық тұтыну құны бар тауарларға тән. Тауар құнының мөлшерірыноктаеркін белгіленеді және қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен айқындалады. Құн ақшаға айналдырылып бағаланатындықтан, нарықтық экономикадажетекші рөл атқарады. Құн заңы - нарықтық шаруашылықтың реттеушісі, ол тауар өндірісінің, нақты және заттанған еңбек бөлінісінің барлық үйлесімін баға арқылы айқындайды.

Жаңа классикалық мектеп құнды пайдалы нәтиже деңгейімен айқындалатын және белгілі бір уақытта мұқтаждыққа айналып отырған пайдалы, қажет нәрсенің сирек кездесетіндігіне деп есептейді. Құнды тек жұмсалған шығынға ғана жатқызуға болмайды деп есептейтін экономикалық теорияның бұл бағытын экономистердің көбісі қолдайды. Құн мәселесін шешугепринциптіжаңа көзқарасты - шекті пайдалылықты талдау көзқарасын таратушылар: ағылшынУ. Джевонс(1835 - 82) пенА. Маршалл(1842 - 1924), австриялықК. Менгер(1740 - 1821), Ф. фон Визер(1851 - 1921), Э. фон Бм-Баверк(1851 - 1914), швейцариялықЛ. Вальрас(1834 - 1910), америкалықДж. Б. Кларк(1847 - 1938), шведК. Виксель(1851 - 1926) . Мұндай көзқарас құндылық белгілі бір затқа тән нәрсе емес, ол тек заттың пайдалылығы туралы және оның біздің мұқтажымызға қаншалықты сай келетіні туралы түсінігімізді көрсетеді деген пайымдауға негізделді. Құн теориясындағыбасты жаңалық - игіліктің жиынтық пайдалылығы мен шекті пайдалылығының ара жігін ажырату. Белгілі бір игілік бірлігінің әр түрлі құндылығы болуы мүмкін емес. Сондықтан құн игіліктің шекті мөлшерімен айқындалады. Құн теориясындағы бұл төңкеріс маржиналдық (фр. margіnal - шекті) деп аталады.

Шекті пайдалылық теориясы “жаңа классикалық экономикалық талдау” немесе саяси экономиядағы екінші классикалық жағдай деп аталды (біріншісі -А. Смит(1723 - 90) пенД. Рикардо(1772 - 1823) заманында жасалған) . Шекті пайдалылық теориясын таратушылар жеке-дара экономикалық талдауға салыстырмалылық (релятивизм) қағидасын қолданды, бірақ оны жалпы шаруашылық жүйені талдауға қолданбады. Жалпы жүйеде еңбектің көмегімен нені өндіру керектігін айқындау үшін оның меншікті құны белгілі болуға тиіс. Бірақ еңбектің құндылығын білу үшін еңбек өнімінің құндылығын білу қажет. Бұл түйткілдің шешімі - шекті пайдалылық теориясы мен классик. Құн теориясын жинақтау, яғни екі құндылықты өзара бірлікте және бір мезгілде айқындау әдісін қолдану. Жаңа жүйені жақтаушылардың көзқарасы бойынша, құн шамасы рыноктағысұраныс пен ұсыныстыңтепе-теңдігімен байланысты, ал тепе-теңдіктің өзі тепе-тең тәуелсіз күштер ретіндегі пайдалылық пен шығынның әрекеттестігі кезінде қалыптасады. Жалпы тауарлар мен көрсетілетін не нәрсе деген мәселе төңірегінде болған екі ғасырлық пікірталас қазіргі заманғы жалпы бәсекелік тепе-теңдік теориясы шеңберінде құныныңфункциялық теориясынжасаумен аяқталды

Құн заңы және шекті пайдалылық теориясы

Құн заңы бойынша тек рынокта ғана айырбас кезінде еңбек шығынының қоғамдық қажетті деңгейі анықталады. Тек рынокта ғана кұнның көріну нысаны айырбас құн түрінде болады. Қысқартып айтқанда, құн өңірісте жасалынады, рынокта айқыңдалады. Егер тауар рынокта сатып алынса, ол біреудің тауар өндіруге жұмсаған еңбек шығыны қоғамдық қажетті шығын ретінде бағаланғаннан емес, сатып алушының тауарды бағалағаны.

Адамдардың әр түрлі материалдарды және рухани игіліктер мен қызметтерді бағалауы оларды өндіруге қоғамдық кажетті еңбектің жұмсалуына байланысты емес, олардың пайдалылығында. Белгілі бір тауарды өндіруге еңбек шығыны жұмсалуы адамдардың қайсыбір пайдалылықты қажетсінуінен. Осы жерде қандай да бір еңбек шығыны болсын оның қоғамдық қажеттілігін кім және немен анықтайды деген сұрақ туады. Оған рынок деп жауап береді. Шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың пікірінше, тек тауардың пайдалылығы ғана еңбек шығынан қоғамдық қажеттілік сипат береді.

Бір нақты жағдайда, іскер адам шаруашылық шешім қабылдарда немесе жеке тұтыну процесі негізінде пайдалылығын салыстыру ылғи болып отырады. Мысалы, егер адам С витамині жетіспеушіліктен ауырып қалса, бұл арада оған пайдалы алма ма, әлде қарыз ба, деген сұраққа жауап өзінен-өзі айқын. Жалпы, қажеттіліктерді салыстырмай, әрбір ретте түрлі материалдық, не рухани игіліктердің пайдалылығын бағаламай ешқандай экономикалық іс-әрекеттің болуы мүмкін емес. Сонымен қатар шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың ішінде пайдалылық өлшеу өлшемін табу мәселесі қызу пікірталас туғызды. Бұл мәселенің мәнін тек шекті пайдалылық, сұраныс жайы және басқа категорияларды зерттегеннен кейін анықтауға болады. Бұл туралы басқа тарауда қаралады. Шекті пайдалылық теориясы субъективті бағалауды игіліктің сиректігімен, яғни оның көлемін байланыстырады. Шекті пайдалылық теориясының өкілдері, бағалылықты пайдалылықтан шығарады. . Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша, адамның әрбір игілікті субъективті бағалауы, оның шекті пайдалылығымен анықталады, ал объективті айырбас пропорциялары немесе тауарлардың бағасы субъективті бағалауға байланысты және түбінде ол да шекті пайдалылықпен анықталады. Құн және баға теориясындағы неоклассикалық бағыттың негізін қалаушы ағылшын экономисі А. Маршалл болып табылады. Шекті пайдалылық теориясының біржақтылылығын ол бағалылықты тек пайдалылықпен түсіндіру деп көрсетті. А. Маршалл шекті пайдалылык теориясын ұсыныс пен сұраныс теориясымен, өндіріс шығындары теориясымен байланыстырды.

Айналыстағы ақша, теориялық мәселелері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы
Ақша теориялары мен заңдар жүйесінің негізгі қызметтері
Ақша айналымындағы ақшаның ролі және оларды шығару
Ақша айналысы мен заңы
Ақша - кең қолданылатын төлем құралы
Экономикалық теорияның пәні
Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Нарық. Нарықтың құрылымы мен инфрақұрылымы
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары мен қазIргI ақша жүйесIнIң дамуы
Ақшаның мәні мен қызметтері
Ақшаның пайда болуы және оның мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz