Бастауыш сынып оқушыларының дамуындағы оқу-әрекетінің ролі



Кіріспе
I. Негізгі бөлім
1. Бала дамуының факторлары мен алғы шарттары.
1.1. Бала дамуының психологиялық . педагогикалық негіздері.
1.2. Оқыту процесінде балалар дамуының педагогикалық шарттары.
2. Бастауыш мектеп оқушысының жан . жақты дамуындағы оқу іс.әрекетінің ролі.
2.1. Бастауыш сынып оқушысының анатомо.физиологиялық дамуы
2.2. Бастауыш сынып оқушысының дамуындағы оқу іс.әрекетінің ролі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың көкейкестілігі: орта білім беру процесінде бастауыш сыныптың орны ерекше. Өйткені бастауыш саты - оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін айырықша қунды, қайталанбайтын кезең. Мектеп табалдырығьн аттаған күннен бастап бала өмірінде оқу әрекеті жетекші рөл атқарады. Оның жүзеге асырылуы үрдісінде оқушы мұғалімнің басшылығымен ғылым, өнер, адамгершілік, құқық сияқты қоғамдық сананың дамыган түрлерінің мазмұнын жэне осыған сәйкес талаптар тұрғысынан әрекет ету біліктерін меңгереді .
Оқу әрекеті - оқу тапсырмасы түрінде кұрылады. Осы тапсырмалар түрлерін, меңгеру оқушы ойын тәртіппен, белгілі 6ip бағытта жүйелі арнамен жүруін қамтамасыз етеді , жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістерін қалыптастырады.
Оқу әрекеті деп білім алуға бағытталған әрекетті айту қабылданған. Ол өз беттінше де, мұғалімнің жетекшілігімен де жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырган әрекет ілімнің жан-жүйелік негізін Б.Г. Ананьев, Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн т.б. ғалымдар жасады. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті Ш.А. Амонашвили, В.В. Давыдов, А.В. Занков, П.Е. Гальперин т.б. зерттеулерінде қарастырылды.
Мектепке қабылданған бала алты-жеті жастан он жасқа дейін бастауыш сыныптарда окиды. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға недәуір мүмкіншілігі бар. Ce6e6i олардын интелектісі карапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі дейтін Ж.Пиаженің пікіpi дұрыс болғанымен, қазірде бұрын аңғарьш көрмеген қабілеттің бар eкенi анықталып отыр. Осыған сүйеніп Ресей психологтары В.В. Давыдов т.б. қaзipгi күнде беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз дейді. Олар мүмкіншілігін толық, тауыса алмайды. Сондықтан бұлардың оқуға мүмкіншілігін толык пайдалану үшін тапсырманың мазмунын
1. Бадмаев Б.Ц.. Психология в работе учителя. Москва, 2000.
2. Жарыкбаев Қ. Психология. Алматы, 1993.
3. Жүнісов К. Жаңа білім мазмұнының негізі - дамыта оқыту
идеясы. "Бастауыш мектеп", 1996, N1 .
4. Ительсон Л.Б.. Лекции по общей психологии. Москва, 2000.
5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998.
6. Немов Р.С. Психология. В 3-х томах. II том. М., 1995.
7. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі
психологиясы. Алматы, 1987.
8. Тәңірбергенова М. Оқушыны ойлантайық.
"Бастауыш мектеп". 1997, N5.
9. Тұрғынбаева Б. Дамыта оқыту. "Бастауыш мектеп". 1994, N6.
10. Тұрғынбаева Б. Оқу әрекеті - ойлауға негіз.
"Бастауыш мектеп". 2000, N1.
11. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдияров А., Педагогика А., 2004

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
I. Негізгі бөлім
1. 1. Бала дамуының факторлары мен алғы шарттары.
2. 1.1. Бала дамуының психологиялық – педагогикалық негіздері.
1.2. Оқыту процесінде балалар дамуының педагогикалық шарттары.
2. Бастауыш мектеп оқушысының жан – жақты дамуындағы оқу іс-әрекетінің
ролі.
1. Бастауыш сынып оқушысының анатомо-физиологиялық дамуы
2. Бастауыш сынып оқушысының дамуындағы оқу іс-әрекетінің ролі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тақырыптың көкейкестілігі: орта білім беру процесінде бастауыш сыныптың
орны ерекше. Өйткені бастауыш саты - оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы
мен дамуы қуатты жүретін айырықша қунды, қайталанбайтын кезең. Мектеп
табалдырығьн аттаған күннен бастап бала өмірінде оқу әрекеті жетекші рөл
атқарады. Оның жүзеге асырылуы үрдісінде оқушы мұғалімнің басшылығымен
ғылым, өнер, адамгершілік, құқық сияқты қоғамдық сананың дамыган түрлерінің
мазмұнын жэне осыған сәйкес талаптар тұрғысынан әрекет ету біліктерін
меңгереді .
Оқу әрекеті - оқу тапсырмасы түрінде кұрылады. Осы тапсырмалар
түрлерін, меңгеру оқушы ойын тәртіппен, белгілі 6ip бағытта жүйелі арнамен
жүруін қамтамасыз етеді , жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістерін
қалыптастырады.
Оқу әрекеті деп білім алуға бағытталған әрекетті айту қабылданған.
Ол өз беттінше де, мұғалімнің жетекшілігімен де жүзеге асады. Біз
басшылыққа алып отырган әрекет ілімнің жан-жүйелік негізін Б.Г. Ананьев,
Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн т.б. ғалымдар жасады. Ал
бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті Ш.А. Амонашвили, В.В. Давыдов, А.В.
Занков, П.Е. Гальперин т.б. зерттеулерінде қарастырылды.
Мектепке қабылданған бала алты-жеті жастан он жасқа дейін бастауыш
сыныптарда окиды. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға недәуір мүмкіншілігі
бар. Ce6e6i олардын интелектісі карапайым ой операциясы дәрежесінде
кездеседі дейтін Ж.Пиаженің пікіpi дұрыс болғанымен, қазірде бұрын аңғарьш
көрмеген қабілеттің бар eкенi анықталып отыр. Осыған сүйеніп Ресей
психологтары В.В. Давыдов т.б. қaзipгi күнде беріліп жүрген оқу
тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз дейді. Олар мүмкіншілігін толық,
тауыса алмайды. Сондықтан бұлардың оқуға мүмкіншілігін толык пайдалану
үшін тапсырманың мазмунын
өзгерту керек дейді Оқу әрекетінің мазмұны, оны меңгеру әдісі түгелдей
дерлік жоғарыда айтып өткеніміздей оқу тапсырмаларымен кұрылады.
Осы проблема қазір бастауыш сыныптарды зерттеуде ен, өзекті
мәселелердің бірі болғандықтан диплом жұмысының тақырыбы "Бастауыш сынып
оқушыларының дамуындағы оқу іс-әрекетінің ролі" деп анықтадық.
Диплом жұмысының мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының, оқу
әрекеттерінің мазмұнының ерекшеліктерін анықтап, олардың дамуына ықпал
жасау жолдарын табу.
Осы мақсатты келесі міндеттер арқылы нақтыладық:
1. Оқу әрекеттерінің бала дамуына тигізетін әсерін анықтау.
2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің сипатын,
ерекшеліктерін жүйелі түрде зерттеу.
3. Дамыта оқытудың баланың дамуына тигізетін әсерін анықтау.
Осы міндеттерді орындау барысында келесі ғылыми-зерттеу
жұмыстары атқарылды: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге жүйелі түрде шолу,
оларды талдау, оқу әрекетінің құрылысын анықтау, мектеп тәжірибесінде
оқушылардың оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен танысу, дамыта
оқытуды қолдану жолдарын анықтау.
Зерттеу логикасына байланысты диплом жұмысының құрылысы
аныкталды. Ол кipicпe, үш тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады. Бірінші тарауда бала дамуының факторлары мен
алғы шарттары көрсетілген. Екінші тарауда бастауыш мектеп оқушысының
дамуындағы оқу іс-әрекетінің роліне түсінік беріліп, оны ұйымдастыру
жолдары қарастырылған.
Зерттеу объектісі: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің болжамы: бастауыш сынып оқушыларының дамуда оқу іс-
әрекетінің ролі артады№ егерде оқу әрекеттерінің бала дамуына тигізетін
әсері ғылыми теориялық негізделсе; оқу әрекетінің сипаты мен ерекшеліктері
жүйесіне; дамыта оқыту жүйесі жүргізілсе.
1 . Бала дамуының факторлары мен
алғы шарттары
1.1.Бала дамуының психологиялық-педагогикалық негіздері.

Ғылым бүткіл органикалық дүниенің міңгі бақи 6ip қалыпта тұрмайтынын,
ол сан алуан сапалы өзгерістер нәтижесінде пайда болғанын жаратылыстану
ғылымдарының мәліметтеріне сүйене отырып түсіндіріледі. Біз адам психикасы
бірден жасалмағанын, оның өзі жануарлардың өткендегі талай ғасырлық даму
жолдарымен біртіндеп даярланғандығын eкeyiнiң арасында сабақтастық байланыс
бар екендігін жақсы аңғарамыз. Психика органикалық материяның барлығында
бірдей бола береті қасиет емес.
Ол өсімдіктер дүниесінде жоқ. Tіптi тipi организмдердің төменгі
формаларынан да оны табу қиын. Психика материяның жоғары формаларының жанды
материяның ғана қасиеті . Tipi материяның, төменгі түрлеріне (мәселен,
қарапайым организмдерге) тітіркенушілік (сыртқы әсерлерге жауап бере
алушылық), ал оның, жоғары түрлеріне сезгіштік (заттардың қсиеттерін
бейнелей алу) қасиет тэн. Сезгіштік психиканың ең бастапкы белгісі. Бұл
организмнің сыртқы ортаны түйсіне алу қабілеті. Түйсік орталық нерв жүйесі
бар барлық жануарларды және адамдарда кездесетін қарапайым психикалық
құбылыс. Психикалық әрекеттің дамуы нерв жұйесінің дамуымен шарттас, ал
нерв жүйесі құбылысының күрделене түcyi, психиканың күрделене түсуіне, онын
жоғары формаларының пайда болуына жағдай туғызған.
Айтып өткеніміздей, адам психикасы дамуының негізгі ерекшеліктерін
биологиялық заңдармен жетілу, тұқым қуалау заңдарымен түсіндіру теория
тұрғысынан алғанда қате болып табылады және практикада үлкен қиындықтарға
соқтырады. Өйткені, бұл жерде педагогка кепе-кернеу пассивті роль бөлінеді.
Бұлай болған жағдайда дамудың биологиялық шарттарының тұқым қуалаушылықтың,
бала организмі дамуының нейро физиологиялық ерекшеліктерінің, оның
психикасының дамуындағы ролі қандай. Адамның психикалық іс-әрекеті - өте
күрделі құрылым. Оның ерекшеліктері алдымен баланың тіршілігі және
тәрбиесі мен сабақтас. Сөздік-логикалық; ес, ұғынымды ойлау, заттың
қабылдау және адамға тән басқа да жоғарғы психикалық функңиялар биологиялық
тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасып берілмейді Бұл олардың тарихи даму
процесінде өзгерістерге ұшырап, жетіле түсуіне мүмкіндік береді . Адамның
өмірде қалыптасатын күрделі психикалық ic-әрекеті (ойлау, сейлеу) мен
неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (мысалы, қозу мен тежеу
процестерінің арақатынасымен ерекшеліктерін ажырата білу керек. Белглі 6ip
жағдайларда қарапайым функциялар жөнді жетілмеген немесе бұзылған кезде
өздерінің жоғары орналасқан неғұрлым күрделі психикалық ic-әpeкетті де
айқындай бастады. Мысалы: ми қабығының желке-самай бөлігіне зақым келгенде
қарапайым кеңістік синтезі бұзылады да, мұнын өзі есептей білуге зиянын
тигізеді. Қалыпты даму жағдайында белгілі 6ip нышандар осы қарапайым
функцияларға жатпайтын, сондықтан оларға тікелей тәуелді емес психикалык іс-
әрекет дамуы шарттарының 6ipi ғана болып табылады. Тіпті қарапайым
функциялардың өзі де арнайы ұйымдастырылған әсердің ықпалымен дамитындығы
дәлелденіп отыр. Мәселен, психологтар жоғары естігіштікті қалыптастыру
жолдарын тапты. Күрделі психикалық ic-әрекет пен қарапайым
функциялар арасында жылжымалы, жанама қарым-қатынастар болатындығын мидың
шектелген бөлімдеріне зақым келген науқастармен жургізілген орын толтыру
қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде (А.Р. Лурия мен оның
қызметкерлернің зерттеулері) күрделi психикалық ic-әрекет (сөйлеу-ойлау
npoцecтepi) құрылымын қайта құрудың өте бай тәжірибесі дәлелдейді. Ми
қызметінің тұқым қуалай берілетін ерекшеліктерінің 6ipi - жоғары нерв
қызметінің типі деп жорамалданады. Ол нерв процестерінің күшін, қимылын
және тепетеңдігін сипаттайды. Алайда, дамудың писхологиялық және
физиологиялық ерекшеліктерінің бұл қатынасы да 6ip мағыналы болмай, өзі
баланың жеке басының құрылымы мен оның даму процестерінің күрделі жүйесіне
еніп және көбінесе солармен аныкталып отырады. Мысалы, нерв процестерінің
жоғары қозғалғыштығы 6ip жағдайларда тез ойлаудың, ic-әрекет тәсілін қайта
құру мүмкіндігінің, ішінapa нeгізi болса, екінші жағдайларда
алаңдаушылықпен ырықсыздыққа да итермелейді.
Сөйтіп физиологиялық, қарапайым тұқым қуалай берілетін функциялар
психикалық даму процесінің кейбір жақтарына әсер етуі мүмкін. Бірақ та
олардың маңызы шешуші болып саналмайды.
Даму процесінің негізгіп мазмұны мен механизмдері көптеген
жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Солардың арасында жетекші болып
балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайлары есептеледі .
Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда
жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінің сипаты мен мазмұны сапа
жағынан ерекшеленеді Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығу
жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды.
Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі - биологиялық бекіген
тежірибенің тұқым қуалап бepілyi. Соның негізінде жануарлардың сыртқы
ортаға дара икемделуі өpic алады. Адамның психикалық функцияларының
ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру пpoцeci
үстінде дамып отырады. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде,
адамдар қарым-қатынастары дүниесінде өмipгe келіп, тіршілік етеді . Оларда
қоғамдық практика тәжірибесі қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз - осы
тәжірибені игеру пpoцeci болып саналады. Бұл процесс үлкендер жағынан
үздікс з басшылық болған жағдайда, яғни оқытуда жүзеге асырылады. Адамның
жоғары формалардағы писхикалық ic-әрекеті жанама сипатта болады. Адамдар
ежелден-ак, еңбек әрекеті , окыту процесінде т.б. белгілі бip мәліметтерді
жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты бейнелеулерде,
белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың ic-әрекеті мен
оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл құралдардың пайда болуы,
дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму
процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірибені игереді .
Баланың ойлауы, eci, кабылдауы тілді , іс-әрекеттің белплі бip тәсілдеpiн,
білімді т.б. игерумен айтарлықтай сабақтас. Адамзат тарихында іс-әрекетті
жүзеге асыру құралдары ғана дамып қоймай осы құралдарды қоғамдық тәжірибені
кейінгі ұрпаққа жеткіазудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып күрделене
түсті. Бұл ерекше жол - оқыту, ол қоғамдық тәжірибені біреудің бағытталған
және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту, сонымен баланың
писхикалық даму процесінде айқындаушы роль атқарады.
Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы
білімдерді ic-әрекет әдістерін күрделендіруден тұрады. Қaзipгi кезде
көптеген зерттеулер оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдер және ic-
әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі игеруге болатынын
дәлелдеп береді . Көптеген зерттеулерде (Л.А. Венгер, П.Я. Галперин, Д.Б.
Эльконин, В.В. Давыдов) оқыту мазмұнына арнайы құралдарды (сенсорлық
дамудағы форма, түс этанолдары, математиканы оқытудағы түрлі үлгілер мен
схемалар өлшемі) енгізу ақкыл-ой дамуының мүлдем өзгермейтін және
абсолюттік деп есептелген сатыларына принципті өзгеріс туғызатынын
көрсететін деректер алынды. Мысалы: Швейцария психологы Ж.Пиаже өзі
жүргізген зерттеулер негізінде 7-8 жаска дейінгі балалар есеп амалдарын
толық мағынасында қолдана алмайды деді . Пиаже сипаттаған "санның
сақталынбауы" деген феномен көпке мәлім. Оны мынадай тәжірибеден көруге
болады. Біркелкі екі ыдысқа тең мөлшерде су құяды. Одан кейін бала бip
ыдыстағы судың басқа жіңішке биік ыдысқа ауыстырьш құйылғанын көреді. Судың
көтерілу деңгейіне қарай болжамдап бала су көбейді дейді
Өлшем амалдарын пайдалануды үйреткен жағдайда мұндай феномен бес жасар
балалар арасында болмайды екен. Пиаженің ece6i бойынша 11-12 жаска қарай
ғана дамиды деген логикалық операциялардың, егер оларды орындаудың арнаулы
құралдарын енгізсе, мектепке дейінгі жаста да мүмкін екендігі анықталды.
Мысалы: 6-7 жасар балаларға заттарды арнаулы белгілері бойынша біріктіру
үшін эталон-улгі қолдануды үйреткен жағдайда, бұл балалардың жіктеу
операциясының механизмі мен даму сатыларын елеулі өзгеріске түсіреді.
Зерттеулерден алынған деректер төменгі сынып тіпті кейде мектеп жасына
дейінгі балалардың оқу пәндерінің ғылыми мазмұнын меңгере алатынын дәлелдеп
отыр. Ғылыми білімдер игеру балалардың ойының дамуын түбегейлі қайта құруға
себепші болады.
Ғылымның белгілі бір пәніне сай келетін білімдер айрықша міндеттері,
объектілері, операциялары бар күрделі құрылыммен сипатталады. Балалар жаңа
операцияларды олардың өздеріне тән функцияларына, яғни берілген операция
орындау құралы болатын іс-әрекетпен байланыстырып игеруі керек. Мысалы:
арифметикалық амалдар арифметикалық есептерді шығару тәісілдері ретінде
енгізілді. Белгілі бір есептерді орындау үшін қажетті операциялар жиынтығы
есеп шығару тәсілін құрайды. Сөйтіп, оқытуда балалар білгілі бір есептерді
және оларды шығарудың тәсілдерін игереді. Кең көлемде есеп шығару
мүмкіндігі тәсілді жалпылауға байланысты, ал әркелкі мөлшерде жалпылау
тәсілі жалпылауға байланысты, ал әркелкі мөлшерде жалпылау тәсілі алдымен
өзінің кұрылымымен ерекшеленеді. Мәселен көптеген балалар бірінші класта
арифметикалық есептерді балада жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуы
міндетті түрде баланың өз белсенділігімен байланысты. Жаңа құрылым тіпті,
ол оқу үстінде, мысалы, тәсіл түрінде сырттан берілсе де іс-әрекетке
енгізілуі, осы іс-әрекетті өзгеріске түсірумен байланыстырлуы тиіс.
Белгілі бір материалды игерудің өзі түрліше жүзеге асады, демек,
баланың даму дәрежесіне қарай түрлі педагогикалық шарттарды талап етеді.
Игеру процесінде бала бағыттылык, сана және іс-әрекет ерекшеліктері бар
жеке адам ретінде көрінеді. Баланың жеке басының негізгі жақтарының даму
игеру механизмдерінің өзгерісін туғызады, бұлар оқыту әдістерінде көрінуге
тиіс. Мысалы, белгілі бір жастағы балаларға тән жетекші бағыттылық
ерекшеліктері ескеріп отырылуы қажет. Мектепке дейінгі шақта көптеген аса
маңызды жаңа құрылымдардың ойын әрекеті негізінде пайда болатыны белгілі.
Сондықтан бұл арада сабақтар көбіне дидактикалық ойын түрінде өтеді.
Мұнда баланың жаңа білімдері мен тәсілдерге ие болу үстіндегі белсенділігі
неғұрлым көбірек дәрежеде көрінеді. Бастауыш мектеп жасында жаңаны игеру
оқу әрекетінің мазмұндылығымен, сондай-ақ танамдық ынталарының артуымен
тығыз байланысты. Баланың оқу әрекетін қалыптастырғанда оқуға, өзін
кадағалай ( өз білімін, өз іскерлігін), өз жетістіктерін бағалай білуге
бағдарын қамтитындай етіп ұйымдастыру маңызды.
Оқу процесінде бала үшін жаңаны танып білу мәнді, қызықты болуы тиіс.
Кейінірек оқу әрекетінің өзі неғұрлым кеңірек мотивтермен (мысалы,
қоғамдык, өзінің жеке басын жетілдіре түсуге бағыттылығы т.б.) жандана
бастайды. Озат педагогтар тәжірибесі оқыту белгілі бір жасқа немесе дара-
типологиялық топқа тән бағыттылық пен мотивтену типі ескерілгенде ғана
жемісті болатынын әлдеқашан-ақ дәлелдеп берді. Н.Ф. Добрынин мен оның
қызметкерлерінің жұмыстары нақ осы оқу әрекетінің жеке адамға тән мәні оның
тиімділігінің ең басты шарты екенін көрсетіп отыр. Психикалык кұрылымдар
дамуының жалпы заңдылығы болып, олардың субъекті іс-әрекеті негізінде
қалыптасуы есептеледі. Бұл іс-әрекеттің ересек адамның көмегі мен басшылығы
арқылы ұйымдасуы маңызды болмақ. Жаңалык бала іс-әрекетіне сырттан
енгізіліп, сыртқы іс-әрекет түрінде ұйымдастырылады. Біртіндеп сыртқы іс-
әрекеттің ересек адамның көмегі мен басшылығы арқылы ұйымдасуы маңызды
болмақ. Жаңалық бала іс-әрекетіне сырттан енгізіліп, сыртқы іс-әрекет
түрінде ұйымдастырылады.
Біртіндеп сыртқы іс-әрекеттің ішкі, мұраттық психикалық іс-әрекетке
өзгеруі (бұл процестің кезеңдерімен оны басқару ерекшеліктерін Г.Я.
Гальперин зерттеген) болып өтеді.
Демек мотивация саласын дамыту, сананы ойлау мен іс-әрекетті дамыту
жаңа психологиялық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуын айқындап,
дәнекерлейтін негізгі ішкі шартты құрайды.
1.2. Оқыту процесінде балалар

дамуының педагогикалық шарттары

Балаларды оқыту процесінда дамудың жалпы заңдылықтарынан басқа, бала
психикасы дамуының әр жағына тән нақтылы педагогикалық шарттарды да
ескерудің маңыздылығы дәлелденіп отыр.
Оқыту процесінде оқушылар түрлі оқу пәндерінен білімдер мен іс- әрекет
тәсілдерін игереді. Оқу үстінде балалар адамзаттың және тұтас алғанда
ғылымның өткен жолын қайталамайды. Білімдер мен іс-әрекет тәсілдерін
балалар жаңадан ашып жаппай, сырттан берілгенді игеріп отырады. Өзіндік
міндетіне байланысты жаңа іс-әрекет, жаңа тәсіл міндетті түрде оқытуға
енгізіледі де сол мәселені шешудің құралы болады. Балалар жаңа міндеттің
өздері бұрын орындағандармен салыстырғанда кандай өзгешелігі және оны шешу
құралы ретіндегі жаңа іс-әрекеттің қандай ерекшелігі бар екенін түсінуі
тиіс. Тек осы жағдайда жаңа іс-әрекетті, әсіресе белгілері бар
операцияларды игеру саналы мағаналы болады. Жаңа мазмүнды жеткізудің ең
тиімді әдісі осы мазмұнды бала үшін әдейі бөліп алып, модель арқылы қалдыру
екенін көптеген психикалық және пелагогикалық зерттеулердің нәтижелері
дәлелдеп отыр. Ол сөйтіп, жалпылама-абстрактілі түрде игеріледі де соңынан
нақты жағдайларда қолданылып отырады. Оқытудың бұл жолы әсіресе нақтылы
затардан тікелей "көрінбейтін" мазмұнды, яғни теориялық нағыз ғылыми
білімдерді игергенде өте маңызды.
Тәсілдер мен білімдерді оқушылардың нақтылы іс-әрекеттеріне нәтижелі
қолдануды қамтамасыз ететін психологиялық механимдердің қапыптасуы мен
дамуы басқаша педагогикалық жағдайларда өтеді. Тәсілдерге қарағанда, іс-
әрекеттің бұл бөлшектерін балаларға жалпылама іс-әрекет тәрізді даяр түрде
беруге болмайды. Олар біртіндеп, нақтылы материалмен іс-әрекет жасау
процесінде қалыптасады. Арнайы
жаттығулардың көмегі арқылы балаларда білімдер мен іс-әрекет тәсілдерінің
өте жоғарғы дәрежеде колданылуын камтамасыз етететін ой-әрекеттерін
калыптастыруға болады. Жеке адамның жалпы қасиеттерінің мысалы, бағдарының
ұйымшылдығының, ерекшелігінің (яғни, іс-әрекет құрылымының неғүрлым
жоғарырақ сатыларының) қалыптасуы мен дамуы да ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарына психологиялық кеңес беру
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мектептің іс-әрекетінің басты бағыты
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескеру
Бастауыш сынып оқушыларында коммуникативті әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін мотивацияландырудың педагогикалық шарттары
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңызын анықтау
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды мектепке бейiмдеудiң психологиялық негiзi
Мектеп оқушысының тұлғасын дамытудағы ойынның рөлін ашу
Пәндер