Қазақ тілі – мемлекеттік тіл



1. ІС ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2 РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАР СТИЛІ
2.1 Өмірбаян
2.2.Жеке адам өміріне қатысты құжаттар
3 Т Ү Й І Н Д Е М Е.
4 Ө Т I Н I Ш
4.1 Арыз
5 ТҮСІНІКТЕМЕ
5.1Мінездеме
ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі –ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік,
экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан
Республикасының Конститутциясы  (1995), Тіл туралы Заң (1997), Тілдерді
қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (1998) республикадағы тіл
мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді.
Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме,
ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп,
соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға
алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл
аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Тілдерді
қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы тіл саясатын іске асырудың
алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі
–ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты
негізін жасау.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты
көрсеткіші.

1. ІС ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ  ТҮРЛЕРІ

өмірбаян                                                                      
             

Заң
түйіндеме                                                                     
                             үкім, өкім                        
жеке іс
парағы                                                                        
              Жарғы, жарлық
визит
карточкасы                                                                    
           Ереже
өтініш                                                                        
                                            
хабарлама                                                                    
                                                                              
                                                                       
арыз                                                                         
                                              бұйрық
мінездеме                                                                    
                                 нұсқау
кепілдеме                                                                    
                                 ресми хаттар                        
кеден
мағлұмдамасы                                                                 
                         
хаттама                                                                      
                                                                              
                                                                              
                          
жеделхат                                                                     
                                           жарнама 
хабарландыру                                            

қолхат
сенімхат
кепілхат
өтінім
тапсырыс
келісімшарт
еңбек шарты
шарт
еңбек келісімі

Іс-қағаздарының қызметтері:

- жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;   
- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;
- әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;
- мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;
- жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;
-  мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;
- тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;
- мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;
- мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Іс қағаздарының сипаттары:
- саяси ( мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);
- әлеуметтік ( қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);
- ұйымдастырушылық ( басқару қызметі жүйесінде);
- құқықтық ( заңдық және  жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);
- тарихи ( әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай
қатынастарда).
- ресмилік ( міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде).

Құжаттау үрдісі элементтері:
-    құжаттарды дайындау;
-    құжаттарды жолдау, тіркеу;
-    сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;
-    құжаттарды қолдануға дайындау;
-    құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау;
-     құжаттарды мұрағат қорына дайындау.

2000 жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік бағдарлама;
-    1993,1995 жылдардағы ҚР Конституциясы;
-    1989 жылы құрылған Халықаралық Қазақ тілі қоғамы;
-    1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған Тіл комитеті

РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАР СТИЛІ
Стиль – латын сөзі,  қазақ тіліне аударғанда жазу мәнері дегенді
білдіреді. 
Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік
белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді.
Қазақ әдеби тіл стильдері:
1.    ауызекі сөйлеу стилі
2.    көркем-әдебиет стилі
3.    публицистикалық стиль
4.    ресми іс қағаздар стилі
5.    ғылыми стиль
Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл
көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. 
Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс
тілінің ықпалымен жасалған : қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет,
қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол
жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс
жариялау.
Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан
шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама
берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б.
Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына
қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат,
жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда
– клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы,
транспортта – жолаушы т.б. болып табылады.
Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері
болады.

Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:
-    мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;
-    тұжырымдардың дәл, нақты болуы;
-    сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;
-    терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;
-    терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология
комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;
-    қалыптасқан  мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.

Жеке адам өміріне қатысты  құжаттар.

Өмірбаян
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша
жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде
жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері,
ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс
тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен
қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс
қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған
күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап
жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі
жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі — мемуарлар, яғни акын, жазушылардың, өнер, қоғам
қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай 
өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен
оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам
дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және
қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы,
Қ.Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқүлованың Өмірім менің -
өнерім (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен
шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан
баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар-А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов,
А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады.
Мысалы, С.Мүқанов - Аққан жүлдыз, 
М. Әуезов Абай жолы. Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі
жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Күнделікті   өмірде   ең   жиі   қолданылатын   құжаттың   біріншісі  -
өмірбаян.  Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде,  сиямен
жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.

Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1. Құжаттың аты (өмірбаян)
2.  Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері
3.  Ұлты
4.  Білімі, оқыған оқу орындары
5.  Қоғамдық-саяси қызметі
6.  Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет
7.  Қазіргі жұмысы, мекен-жайы
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты
баяндап беруге тиіс.

Өмірбаян

Мен, Аукенбаева Маржан Асетқызы 1991 жылы 4 сәуірде Алматы қаласында
дүниеге келдім.Ұлтым қазақ.

1998-2007 жылдары №36 гимназиясында оқыдым. Мектепте әр түрлі қоғамдық
жұмыстарды атқардым,көптеген аудандық және мектеп ішілік жарыстарға
қатысып, жүлделі орындарға ие болдым және үздік оқыдым. 11-сыныптан кейін
2008 жылы орта білім туралы куәлікпен алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық
Аграрлық университетіне Экономика мамандығы бойынша оқуға түстім. Қосымша
ағылшын тілі курсында оқып Entermediatе деңгейін аяқтағандығым туралы
сертификатты иелендім.

Бүгінгі таңда осы білім ордасының 3-курс студентімін.Тұрмыс құрмағанмын.
Спортпен айналысқанды, биге барғанды, қоғамдық жұмыстарды атқаруды және
өлең шығарғанды ұнатамын. Алдыма қойған мақсатым: үздік маман болып
шығып,еліміздің экономикасын дамыту.
Мекен -жайым: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі,272-үй,4

Ұялы тел:87024444891

20.02.2011жыл Қолы:

2. Түйіндеме.(Резюме)
Резюме француз тілінен алынған термин. “Айтылған, я жазылған мәселенің
қысқаша түйіні” деген мағына береді.
Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік
шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс
қағазының бір түрі.
Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің
біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не
нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең
көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз -
өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді
ұтымды көрсете  білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-
ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме
басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында
бірден ұғатындай болу керек  Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке
басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті
болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай
алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы
білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір
адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі.
Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы
мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.
Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
-    аты-жөні;
-    туған жылы, күні, айы, туған жері;
-    ұлты;
-    жынысы;
-    мекен-жайы, телефоны;
-    отбасы жағдайы;
-    азаматтығы;
-    білімі;
-    бітірген оқу орындары;
-    кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі;
-    тілдік дағдылары;
-    компьютерлік сауаттылығы;
-    жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға
бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық
қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге
шығармашылық көзқарас т.б.)
-    қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.)
туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар,
наградалар, патенттер т.б.)

.

Т Ү Й І Н Д Е М Е
Сұлтанова Назира Айханқызы
1914 ж. 4-сәуірде Талдықорған қаласында тудым.
Мекен-жайым: Алматы қаласы, Н. Тілендиев көшесі, 21, 3.
Үй телефоны: 41-00-43
Мамандығым; заңгер, тарихшы.
Бағыт: Жоғары оқу орнының оқытушысы, мемлекеттік аппарат қызметкері.
Білімі мен қызметі туралы мәлімет:
Қазақ мемлекеттік Заң университетінің аспиранты 1997-2000 жж.
Ілияс Жансугіров атындагы  университеті  тарих факулътетінің  оқытушысы  
1995-1997 жж.
Ілияс Жансүгіров атындагы Талдықорған университеті тарих және құқық
факультетінің студенті — 1991-1995 жж.
Негізгі мәліметтер.
Казақстан тарихы, құқықтану мәселелерімен айналысып, зерттеу жумыстарын
жургіздім. "Әлихан Бөкейханов саяси, құқықтық көзқарастары" тақырыбында
кандидаттық диссертация жаздым. Республика, қала, жғеары оқу орындары
көлемінде өткен конференцияларда баяндама жасадым. Жоғары оқу орнында жұмыс
істеген тәжірибем бар Қоғамдық жұмыстарға белсене араласамын.
Қосымша мәліметтер: Ана тілім — қазақ тілі. Ағылшын  және орыс тілін жақсы
білемін. Компьютермен жұмыс істей аламын. Туристік сапармен туркия, қытай,
корея мемлекеттерінде болдым. Жеңіл машина жургізе аламын (1998 жылдан).
Көпшілікпен жұмыс істегенді ұнатамын. Ұйымдастырушылық қабілетім бар.
Тапсырған іске жауапкершілікпен қараймын.
Театрға, спорт жарыстарына барғанды ұнатамын.
Кепілдеме туралы мәлімет: Қазақ мемлекеттік Заң университеті Мемлекеттік
құқық кафедрасының меңгерушісі берген кепілдеме қосымша беріліп отыр.
4 наурыз 2000 жылы  Султанова Н.А.
(қолы)
Түйіндемеде  жұмсалатын терминдер және термин клишелері:
ұлт   _________________ ұлтым — қазақ
азаматтық    ---------------- Қазақстан Республикасының
азаматы білім    _______________ жоғары білімді
орта білімді отбасы   --------------отбасым бар
жұбай                               үйленгенмін
бала                                   үйленбегенмін
үл                                      ажырасқанмын
қыз                                    тұрмыска шыққанмын
ата-ана                   тұрмысқа шықпағанмын
Спортпен айналысамын: ат спортын, футболды ұнатамын, I разрядты
волейболшымын.
Компьютерде, интернетте, ЭЕМ машиналарында  жұмыс істей аламын

3.    ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ
Кадрлар    жөніндегі    жеке    іс    парағы -  жұмысқа    қабылдану,
сайланбалы орғаңдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен
ведомстволар талап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк
түріндегі ресми құжат. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек
кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылады,
жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі
мен еңбек жолы толық көрсетіледі.

Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы
1.  Тегі Аты Әкесінің аты
2. Жынысы                                       
3. Туған жылы, айы, күні
4. Туған жері
5.  Ұлты ______
6.  Әлеуметтік тегі
7.  Білімі
8.Азаматтығы
9.Диплом бойьшна мамандығы.
10.Жоғары оқу орнының аты, орналасқан жері.
11. Қандай тілдерді білесіз ,қандай дәрежеде
12.  Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________
13.  Ғылыми еңбектері және өнертабыстары_________
14.  Жүмыс істеген орны, лауазымы, жұмыс істеген жылдары . Жұмыс істеген
орындарының мекен-жайы.
15.  Шетелдерде болуы _____________
16.  Сайланбалы орындарға қатысуы
17.  Мемлекеттік наградалары ____
18.  Әскери қызметке қатысы______әскери атағы
19.  Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы
көрсетіледі)______________
20.  Мекен-жайы
Толтырылған уақыты                                    Қолы _______

Өтініш – азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен
мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, жазбаша түрде баяндалатын,
өтіну, сұрау туралы ресми құжат. 
Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар төмендегідей:
-    жұмысқа қабылдау
-    жұмыстан босату
-    басқа жұмысқа ауыстыру
-    кезекті демалыс сұрау
-    кезектен тыс демалыс сұрау
-    материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу және т.б.
туралы сұрау
-    жалақыны көтеру туралы өтініш айту жоне т.б.

Ө Т I Н I Ш
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының
азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың аттарына
хабарламалар (обращение) жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша болуы
мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген лауазымды адам немесе мемлекеттік
өкімет пен басқару органының басшысы хабарламаны дер кезінде карауға, ол
жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын
беруге міндетті.
Хабарламаның үш түрі бар: арыз, өтініш және ұсыныс. Олар мазмүны жағынан
әртүрлі болъш келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеқе
қүқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама
жасалады. Жеке адам өзіне берілген қүқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады,
сонымен қатар өзі жүмыс істейтін үжымдарда, мекемелерде, өзі түратын түрғын
үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған кемшіліктерді атап
жазады.
Арызда -  азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке қүқықтары мен
мүдделерінің бүзылу фактісі туралы хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру
туралы талап-тілек айтылады, хабарламаижасаушының ойынша іс-қимылы дүрыс
жүргізілмейтіндіктен өзінің қүқықтары мен мүдделерін бүзып отырған
мемлекеттік органдардың, мекемелердің, үйымдардың, лауазымды адамдардың
атына сын айтылады.
Ұсыныс — белгілі бір мемлекеттік органның, үйымның, мекеменіц
жүмысын жақсартуға жетілдіруге назар аударатын, осыған байланысты қойылған
міндеттердің шешудің жолдары үсынылатын хабарлама түрі.
Хабарламаның барлық түрі мемлекеттік органдардың, үйымдардың кеңсесінде
тіркеуден өтеді. Арнайы тіркеу карточкасы, аннотациялык парақ толтырылады.
Арыз (өтініш, кейде шағым).
Арыз - ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына
белгілі бір ақпаратты, отінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс
қағазының бір түрі. Арыз көлемі жағынан шағын болады 1-3 бет немесе 500-
5000 белгі аралығында.
Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірден
бірнеше адамның немесе, үлкен үжымның мүддесш көздейтін үжымдық
(коллективтік) арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана
жазылады. Әдетте онда бір ғана моселе көтеріледі. Арыз онда айтылған
мәселені шешуғе қүқы бар адам атына жазылады.
Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын арыз, шағым
турінде жазылатын арыз, түсініктеме түрінде жазылатын арыз, констатация
түрінде жазылатын арыз. Бұлардың әрқайсысы ондаған мотивте жазылады. Арыз
жазу ережесі барынша қарапайым десе де болады. Арыздың алты реквизиті бар:
кімге жолданғаны, кім жазганы, қүжат аты, мазмүны, қолы, датасы.
Арыз сиялы я шарикті қаламмен, таза түзетулерсіз жазылуы керек. Жазу
машинкасын немесе оргтехниканы қолдануға болады. А4 форматты кейде А5
форматты қағазға жазылады.

Арыз. 

Арыз қүрылымы:
1)  құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны);
2)  қүұат аты;
3)  негізгі мәтін;
4)  қосымша болса оған сілтеме;
5)  жазылу мерзімі;
6)  қолы;
7)  арыз мазмүнымен келісушілер қолы,
Адресацияга лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми қызметінің толық
аты, қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні кіреді. Адресация парақтың оң жағын
ала жазылады. Егер арыз бірнеше лауазым иесіне бірден жазылып отырған болса
олардың барлығының ресми қызметі (қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні)
адресацияда қөрсетілуі қерек.
Мысалы,
Петропавл қаласы сут заводының директоры Т.С.Пірімбетовке Көшірмесі:
Петропавл қаласы СЭСмеңгерушісі Р.С.Садуовқа
Тақырыбы парақ ортасына адресациядан төмен жазылады. Мысалы, ШАҒЫМ АРЫЗ

ТҮСІНІКТЕМЕ
Негізгі мәтін кіріспе сөзден басталады. Мысалы, "Менін Сізге арыз беру
себебім,". Ары қарай қүжаттың мәнін ашатын, арыз жазуға себеп болып 
отырған  негізгі  мәселе  соз  болады.   Мәтін  соңында  қүнделіқті қызмет
этикасын  сақтау  сөздерін  қолдана отырып  адресаттан  қандай шешім
күтетіндігі жазылады. Мысалы,  "Айтылғандарды ескере отырып шара
қолдануыңызды сүраймын", "Нүсқау беруіңізді сүраймын" т.б. Мәтін парақтың
бар кеңдігіне, тақырыптан төмен жазылады.
Жазылу мерзімі. Арыздың жазылған күні, айы (жазбаша) және жылы көрсетіледі.
Жазылу мерзімі негізгі мәтіннен төмен, парактың сол жақ бөлігінде
орналасады. Мысалы,
24 наурыз 2000 жыл.
Қолы.  Арыз жазушының  атқаратын қызметінің толық ресми  аты жазылады, кол
қойылады. Парақтың оң жағына фамилиясы, аты-жөні жазылады. Мысалы,
Қазақ-Британ техникалық университеті
қазақ тілі кафедрасының
оқытушысы ________Бекенова А.К.
(қолы)
Егер арызға кол қоюшылар бірнешеу болса онда олар иерархиялық тортіппен я
болмаса алфавит төртібімен жазылады. Қол қоюшылар өте көп болатын болса
онда арызға қол қою парағы тіркелді.
Арыз мазмүнымен келісуші қолы қойылғанда келісім туралы қысқаша ақпарат та
жазылады. Мысалы, "Келісемін", "Қарсы емеспін". Бұл жерде де датасы
жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі.

Ескерту: 1. Егер арыз бірнеше адамның атына қатар жазылса, олардың
барлығының ресми қызметі, аты-жөні адресацияда көрсетілуі керек.
2. Егер арыз бірнеше адамның атынан жазылса, олар иерархиялық тәртіппен я
болмаса алфавит ретімен жазылады.
3. Арыз қолмен де, компьютермен де қатесіз жазылуы тиіс.

Мінездеме. Кепілдеме.
Мінездеме, оның түрлері.
Мінездеме - түрлі мекеме, үйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір
адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша
сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.
Қызметтік мінездеме — мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап
формасы. Қызметкерді объективті өрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда
жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стилъде жазылады жоне құжат мазмұнын
түйіндейді.
Мінездеме қызметкерді басқа бір ваканцияға я болмаса оқу орнына үсыну
мақсатында да жазылады. Мүнда үсынылған адамның аталған ваканцияға қажет
деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.
Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарыл отырған қызмет орнына
лайық, лайьгқ еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация
қорытындысына орай жазылады. Мүндай мінездеме корытындысында "атқарып
отырган қызметіне лайық", "қызмет бабында жогары қызметке усынуга лайық"
немесе "атқарып отырган қызмет орнына лайық емес" деген сияқты түйінді
сөздер жазылады.
Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін,
шеберлігін, икемділіген т.б. сипаттай лтырып жазылады. Қорытындьт бөлімінде
мінездеме не мақсатпен жазылгандығы атап корсетіледі. Мысалы, "Еңбек
келісімін ұзату умш"т.б.
Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек.
Мінездеме мотіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін
принтерден шығарылады. Тақырыпты, омірбаяндык мәліметтерді, қортынды мен
негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге болады.
Кейде мінездеме жогары жагында мекеменің аты, логатипі, фирмалық белгісі
көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Әр данасы есепте түратын арнайы
бланкілерге жазылган мінездемелер мінездеме беруші адамның және үйым
жетекшісінің қолымен расталады.
Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады.
Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мотін баяндауышы ашық
райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті).
Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1)  тақырыбы;
2)  мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
3)  негізгі мәтін;
4)  қорытынды;
5)   мінездемені талап етуші үйымның аты;
6)   мінездеме берілген күн, ай, жыл;
7)  мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;
8)  қосымша (егер болса).
Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен
әріптермен жазылады. 

Аттестациялық мінездеме
Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді:
фамилия, аты-жөні, туған жылы, білімі, мекемедегі жұмыс стажы (-жылдан
бастап қызмет етеді), қазіргі атқаратын қызметі. Басқа да кейбір мәліметтер
қосымшы берілуі мүмкін (мысалы, диплом бойынша мамандығы немесе білім түрі
т.б.)-
Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты
меңгеретіндігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен
жетістігі мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті
беріледі. Әріптестерімен карым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы
орны, абыройы, сын көтеру қабілеті жазылады. Кей жағдайда (оқуға немесе
іссапарға жіберу) денсаулық жағдайы да айтылады.
Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу
жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру қабілеті
де кіргізіледі.
Мәтін көбіне жай сөйлемдермен, қалыптасқан сөз орамдары мен сөз
тіркестерін, стандарт терминдерді қолдана отырьгп, басы артық
қысқартуларсыз жазылады.
Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жиынтықталған бөлігі болып
табылады. Мүнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне
байланысты бір-екі накты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін
(қорытынды) сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі түйінді немесе
үсынысты атап көрсетуге болады. Мысалы,
ҚОРЫТЫНДЫ: . Атқарып журген қызметіне лайық. 2. Кәсіптік дайындық
децгейін, басшылық қызметтегі тәжірибесін. ескере отырып Н.С.Нуртазаевты
копкурстық Ііегізде статистика бөлімінің бастыгыны қызметіне ұусынуеа
болады.
Мінездемені талап етуші ұйымның аты толық, ресми түрде аталуына сәйкес
жазылады. Кейде мінездеме не мақсатпен берілгені атап айтылады. Бұл
қорытындыдан кейін 1 интервал жіберіліп барып жазылады. Мысалы, "Абай
атындагы Алматы мемлкеттік университетініқ қабылдау комиссиясына тапсыру
үшін берілді".
Мінездеме жазылған дата ұйым атынан кейін 1 интервал жіберіліп барып
парақтың сол жақ бөліміне жазылады. Ай аты жазбаша беріледі. Мысалы, 26
мамыр 1999 жыл.
Мінездеме беруші туралы мәліметке мінездеме берушінің ресми қызмет аты,
қолы, фамилиясы, аты-жөні кіреді.
Қосымша ретінде қажет деп табылған жағдайда
1)  белгілі үлгідегі бірнеше фотосурет;
2)  білімі туралы құжат көшірмесі;
3)  бүрьшгы мінездемелер көшірмесі я одан алынған үзінді;
4)   анықтамалар жіберіледі.
Егер мінездемеде қосымша болатын болса ол жайында парақтың соңында
жазылады. Ал қосымша бірнешеу болатын болса жолдама хат дайындалып, сонда
көрсетіледі.
Мінездеменің жалпы қүрылымы осындай. Кей жағдайда мінездеме алушы адам
парактың соңына "мінездемемен таныстым" деп жазып қол қояды. Фамилиясын,
танысыскан күнін де жазады.

Мінездеме

Болат Сыздықов Бакытүлы, 1967 жылы туған, үлты - қазак, білімі
-жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. Болат Сыздықов Бақытұлы — 1967
жылғы ақпан айының 15-інде Қазақстан Республикасы бұрынғы Шымкент облысы,
Түркістан қаласында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1984 жылы
казіргі Ұлттық техникалык университетінің компьютерлік техника факультетіне
оқуға түсіп, оны 1989 жылы үздік дипломмен бітірген. 1989-91 жылдар
аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері.
Қазір          Қазақ үлттык техникалык университеті металлургия өнеркәсібі
факультетінін аға мүғалімі. 1994-97 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дін өндірістен
қол үзбей оқитын аспирантурасьгнда оқып, 1998 жылы кандидаттық диссертация
қорғады.
Б.Б.Сыздықов   -   өз  ісін  жетік   білетін,   тәжірибелі   маман.   Ол
бірнеше  ғылыми  еңбектердің  авторы.   Б.Б.Сыздыковтың   "Металлургия
өнеркәсібінің    терминдері"    деп    аталатын    еңбегі    Шоқан   
Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.
Б.Б.Сыздыков қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік біледі, ЭЕМ ЭВМ
машиналарында жүмыс істей алады. Б.Б.Сыздыков -- студенттер мен
әріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.
Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне үсыну үшін
беріледі.
Мекеме басшысы Айы, күні, жылы
аты-жөні, қолы

Қазақ-Британ техникалық университетінің 
ассистент-профессоры                   
Қуаныш Өмірбекүлы Әлихановқа

Айы, күні  жылы

  Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.
ҚОЛХАТ, СЕНІМХАТ, КЕПІЛХАТ – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат,
ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін
ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп,
құқықтық сипатқа ие болады.

ҚОЛХАТ - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын
куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін
міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл 
бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді.
Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік  қатынастарда жиі қолданылады.
Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
- құжаттың аты;
- қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік
нөмірі); 
- қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік
нөмірі);
- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да
көрсетіледі);
-  қайтарылатын нақты уақыты;
- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;
- қолхат жазылған күн;
- тараптардың қолы;
- мекеме мөрі. 
Үлгі:
Қолхат
Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде
оқу залынан уақытша пайдалану ушін Қазақстан энциклопедиясын (бағасы 1000
теңге) алдым. Кітапты бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке
куәлік нөмірі ...

15 ақпан ,2003ж.                                                     (қолы)

СЕНІМХАТ – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан
(кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті асыруға құқық беретін,
олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да,
жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық
құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім
білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкіне рәсімделеді.
Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме
басшысының қолы мен мөрі басылады.
Егер сенімхат жеке адам тарапьшан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні,
құжатының аты мен нөмірі жазылып, колы қойылады. Төменгі жағына мекеме
басшысы не нотариус сенімхат иесінін қолын растап, мөр басады.

Сенімхат

2003 жыл 1 желтоқсан, Алматы қаласы
Мен, Серік Жәнібекұлы Мәметов куәлік: №80265498 ҚР ІІМ берген, мекен-жайым:
Алматы каласы, Сейфуллин көшесі, 456 үй, 3 пәтерде тұратын азамат
Есенгелдин Жомарттың, туған атам - Мейлібаев Маметтің қайтыс болғанан кейін
қалған мүлікке менің мұрагерлік қүқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін. Бұл
үшін мен азамат Есенгелдин Жомартты:
-    менің атымнан өтініш жазуға;
-    анықтамалар мен құжаттар алуға;
-    менің орныма қол қоюға;
-    мүрагерлікке құқық беру туралы куәлікті алуға өкілетті етуге сенім
білдіремін.
Сенімхат 2004 жылдың 1 желтоқсанына дейін берілген және 1 жыл күшінде.

01.12.2003
С.Маметовтың қолын растаймын

Кепілхат
Алматы қаласы, 25 қараша 2003 жыл.
Мен, азамат Ержан Бауыржанұлы Хайрош мекен-жайым Алматы қаласы, Абай
даңгылы, 10 үй, 5пәтер, жеке басымның куәлік №010777888 ҚР ІІМ берген
Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 25 үй, 106 пәтерде тұратын жеке басының
куәлІк №10356706 ҚР ІІМ берген Әсел Тұрарбайқызы Жұмаділовадан  150 000
(жүз елу мың) теңге алдым.
Өз міндеттерімді орындауға:
— келісімшартқа сәйкес пайызын төлеп түруға;
— алынган ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;
— келісім-шарт талабы орындалмаған жағдайда айып төлеуге;
— мекен-жайым өзгерген жағдайда бүл туралы 3 күн ішінде хабарлауга кепілдік
беремін.
Осы кепілхат 3 дана етіп жасалған:
Бір данасы  Алматы қаласы 47 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы -
азамат Жұмаділова Әселге берілген, үшінші данасы  - азамат Ержан Хайрошта
сақталған.

25.12.2003                                                                   
     Қолы_
Ержан Хайроштың қолын растаймын.

Өтінім – көп жағдайда мекеме ішінде қажетті жағдайларды алу мақсатында
бланк түрінде де, жазбаша түрде де толтырылып, жазылатын іс қағазының бір
түрі. 

Тапсырыс – келісім шарттың негізінде мекемеаралық қатынаста, көлемді
заттарды алуға сұраныс жасау үшін жасалатын іс қағаздарының бір түрі.

ТАПСЫРЫС
1.  Тапсырыс түрі: алмастыру, алу, коммерциялық үсыныс
2.   Тапсырыстың мотіндік сипатталуы ____________________
3.
4. 5. 6. 7. 8. 9.     Тауардың атауы      

Тауардың бағасы ең аз     ең көп 

Тауардың саны ең аз     ең көп 

Жеткізілім шарты      

Төлем шарты      

Жеткізілім мерзімі      

Үсынысқа қосымшалар     (қүжаттар) 

Тапсырыс беруші төлем жүргізу қабілеттілігіне (сатьш алушы үшін), тауардың
болуына (сатушы үшін) кепілдік береді.
Тапсырыс беруші осы тапсырыстың шарттарына енгізілген өзгерістер туралы
Ондірістік-коммерциялық орталыққа дереу хабар беруге міндетті.
Косіпорынның жетекшісі
Қолы _

ӨТІНІМ
1. Мекемеішілік қатынаста
2. Келісімшарт жасау міндетті емес.
3. Кепілдік көрсетілмейді.
4. Біржақты болады
5.   Тауар   бағасы   мен   саны нақты.
6. Төлем шарты көрсетілмейді.
7. Жеткізілі шартым  көрсетілмейді.

ТАПСЫРЫС
1. Мекемеаралық қатынаста
2. Келісімшарт міндетті.
3. Кепілдік көрсетіледі (тапсырыс берушінің төлеуге қабілеттілігіне, ал
тапсырыс алушының қолында сол тауардың болуьша)
4. Екіжақты болуы мүмкін (алмасады, үсыныс түрінде болады)
5. Тауар бағасы мен санының ең көп не ең аз мөлшері көрсетіледі.
6. Телем шарты көрсетіледі.
7. Жеткізілім шарты көрсетіледі.
Ескерту: Тапсырыс беруші осы тапсырыстың шарттарына енгізілген өзгерістер
туралы Өндірістік -коммерциялық орталыққа алдын-ала жедел хабар беруге
міндетті.
Ортақ белгілері:
І.Екеуі де арнайы бланкіде толтырылады. 2. Алушы мен берушінің ресми атауы
көрсетіледі. З.Алушынын не алатыны жөніндегі мәліметтер толық жазылады.

ІХ.  Келісім-шарт, шарт 
Келісім-шарт    -   жеке түлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық
құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін,
нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат.
Шарттың (келісім-шарттың) жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмүны
толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі
берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.
Шарт мынадай жағдайларда жасалады:
1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:
а) түрғын үйді сатып алу — сату туралы; о) түрғын үйді сыйға беру туралы;
б)  түрғын үйді ауыстыру туралы.
2.  Жер учаскелері туралы мәмілелер:
а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт; ә) жер учаскесін ауыстыру
туралы келісім-шарт;
б)  жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісім-шарт.
3.  Көлік қүралдары жөніндегі мәмілелер:
а)  автомашинаны сатып алу — сату жөніндегі келісім-шарт; ә) автомашинаны
залогқа беру жөніндегі келісім-шарт;
б)  автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісім-шарт.
4. Ақша қаражатын заемға алу — заемға беру жөніндегі мәмілелер: а) процент
төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт;
ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт.

Үлгімен танысыңыз.
Автомашинаны сату — сатып алу туралы келісім-шарт.
Алматы қаласы, Қонаев кошесі, 91-үй, 46-пәтер, бір мың тоғыз жуз тоқсан
сегізінші жылғы жиырма бірінші қыркүйек
(келісім-шарт жасалған мекен-жай және дата сөзбен жазылады)
Біз, төменде қол қоюшылар, Алматы қаласы "Жетісу" шағын ауданы, 28-үйде
түратын азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайүлы, жеке басыньщ куәлігі № 548796,
Қазақстан Республикасының ІІМ берген. Алматы қаласы, Райымбек даңғьглы, 83-
үйде түратын азамат Қайырбаев Серік, жеке басының куолігі № 478926,
Қазақстан Республикасы IIМ берген, мына туралы осы келісімшартты жасадық:
1.   Мен,  азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайүлы,  "Жигули"  маркалы
жеңіл автомашинаны сатамын, кузовның типі_____, шығарылған типі
______,   шасси   нөмірі  ______,   двигатель   нөмірі  ______,  
мемлекеттік
нөмірі.
Мен, азамат Қайырбаев Серік, көрсетілген автомашина-ны сатып аламъгн.
2.    Көрсетілген   автомашина    Мемлекеттік    автоинспекция    1995
жылғы 7 қаңтарда берген номірі 46327 техникалық паспортгың негізінде маған,
Өмірбаев Асқар Өмірбайүлына тиісілі.
3.  Автомашина___________________теңгег е сатылады
(бағасы толық жазылады)
көрсетілген соманы келісім-шартқа қол қою кезінде азамат Қайырбаев Серік
төлейді. Тараптардьщ қолы
1998 жылы 21 қыркүйекте осы келісім-шартты мен, Асқарова Бақыт, Алматы
қаласының нотариусы куәландырды.
(нотариалдық кеңсенід атауы, нөмірі, лицензияның нөмірі көрсетіледі)
Осы келісім-шартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды, Тараптардьщ
жеке басы анықталды, олардың қүқықтық іс-әрекетке қабілеті жоне
автомашинаның Омірбаев Асқар Өмірбайүльша тиесілі екендігі тексерілді.
Сату-сатып алу жөніндегі келісім-шартың мотіні дауыстап оқылды.
Нөмірі 6 тізбегі тіркелген.
Тариф бойынша________________теңге салық алынды.
Нотариус                                                              
(қолы)

ШАРТ
Ғылым мен өндірістің арасындағы байланысты тығыз, әрі жан-жақты дамыта беру
мақсатында Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті
мен_______________
(мекеменің аты) мына мәселелер жөнінде келісті:
I. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық универсиеті өзіне мынадай
міндеттемелер алады:
1.   Оқу жоспарына сойкес_________________________
(мекеменің аты) Тау-кен факультеті студенттерін өндірістік практикаға
жібереді.
2.  Тау-кен факультеті практиканы жүргізу барысында жан-жақты ғылыми
әдістемелі көмекті жүйеге асырады.
3.  Тау-кен ғылымы саласындағы білікті, әндірістік тожірибесі мол мамандар
мен тәлімгерлердің студенттердің курс жүмыстарына жетекші, диплом
жүмыстарына қосалқы жетекші болуына жағдай жасайды.
4.  Тау-кен ғылыми саласындғы білікті, әндірістік тәжірибесі мол мамандар
мен тәлімгерлердің университеттің Тау-кен факультетінде 0,5 жоне   0,  
25   жүктемелері   мен  қосымша  жүмыс   атқаруына   мүмкіндік береді.
II._________________әзіне мынадай міндеттемелер алады:
(мекеменің аты)
1.  Өндірістік практиканың - маманданудың сапалы өтуіне жағдай жасайды.
2.    Практикаға   жіберілғен    студенттерді   білікті    мамандар    мен
тәлімтерлерғе бекітіп береді.
3.  Практикадан өтіп жүрген маманданушы студенттердің таңдаулы жүмыстарын
басылымдарда жариялауға ықпал етеді.
______________„_____басшысы мен жетекші маман
(мекеменің аты)
тәлімгерлеріне    студенттердің    мамандануына    ықпал    жасағаны   
ушін университет тарапынан сағаттық көлемде өтем ақы төленеді.
Маманданушы студенттердің әндірістік практика кезінде жасалған жүмысът екі
дана етіліп жасалады. Оның жүмысына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі
Мемлекеттік тілді жүргізу тетіктері
Қазақ тілінің кешегісі мен бүгінгісі
«Ана тілі» газетінде термин мәселесінің жазылуы
Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметі
Тіл саясатының республикадағы ұлтаралық қарым-қатынастарға ықпалы
Қазақ тілім, өркенде!
Қазақстандағы тіл саясатының мәселелері
Тіл мәселесінің шиеленісу тарихы
Пәндер