Қазақстан Республикасында агро өндірістік кешенді дамытудың мемлекеттік құқықтық реттеу механизмі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Қазақстан Республикасында агро өндірістік кешенді дамытудың мемлекеттік құқықтық реттеу механизмі

Орындаған:

3 курс к/к сырттай

оқу бөлімінің студенті

Ғылыми жетекшісі:

з. ғ. д., профессор

Норма бақылушы

оқытушы

Жұмыс қорғауға жіберілді

«__»2010 ж.

Кафедра меңгерушісі з. ғ. д., доцент

Л. Қ. Еркінбаева

Алматы, 2010

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР

ҚР - Қазақстан Республикасы

АК - Азаматтық кодекс

АҚ - Акционерлік қоғам

Ш(Ф) Қ - Шаруа (фермер) қожалығы

ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достығы

АӨК - Агроөндірістік кешен

ҚР ЖК - Жер кодексі

РФ - Ресей Федерациясы

ЖҚШ - Жеке қосалқы шаруашылық

АІЖК - Азаматтық іс жүргізу кодексі

СК - Салық кодексі

ХСҚЕ - Халықаралық стандарттық қаржылық есеп

БҰҰ - Біріккен ұлттар ұйымы

ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы

ӨК - өндірістік кооператив

ЖШС - жауапкершілігі шектелген серіктістік

ТС - толық серіктестік

ҚЖС - қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

ЕК - еңбек кодексі

МАЗМҰНЫ

Қысқартулар тізбесі
2
:
Қысқартулар тізбесі: Кіріспе
2: 4
: 1
Қысқартулар тізбесі: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2: 7
: 1. 1
Қысқартулар тізбесі: Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешен туралы занамаларының қалыптасуы мен дамуы
2: 7
: 1. 2
Қысқартулар тізбесі: Агроөнеркәсіптік кешен қызметін құқықтық реттеудің қағидалары және олардың мәні
2: 12
: 2
Қысқартулар тізбесі: АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САЛАЛАРЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРЫНЫ
2: 17
: 2. 1
Қысқартулар тізбесі: Азық-түлік жағдайы және ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуының құқықтық мәселелері
2: 17
: 2. 2
Қысқартулар тізбесі: Ауыл шаруашылғы мақстана арналған жер қатынастарынын дамытудың құқықтық жағдайы
2: 21
: 2. 3
Қысқартулар тізбесі: Ауыл шаруашылығы өндірісін сумен қамтамасыз етудің тиімділік жүйесін құқықтық қалыптасыру
2: 23
: 2. 4
Қысқартулар тізбесі: Ауылшаруашылық өнімін өндіруді ұйымдастыру. Өсімдік және мал шаруашылғынығының құқықтық жағдайы
2: 26
: 2. 5
Қысқартулар тізбесі: Ветеринариялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету
2: 41
: 3
Қысқартулар тізбесі: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДЫ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
2: 46
: 3. 1
Қысқартулар тізбесі: Агроөнеркәсіптік кешен қызметін қамтамасыз етуде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдар
2: 46
: 3. 2
Қысқартулар тізбесі:

Ұлттық ауыл шаруашылық өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін

арттыру және оның өнімдерін сатудың көлемін ұлғайту

2: 49
:
Қысқартулар тізбесі: Қорытынды
2: 53
:
Қысқартулар тізбесі: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2: 55

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмысты зерттеудің өзектілігі. Агроөнеркәсіптік кешен ұлттық экономиканың ең басты бөлігі болып табылады, мұнда қоғамның тіршілігі үшін маңызды өнімдер өндірілетін және үлкен экономикалық әлеует шоғырланған. Оның шешуші шамада дамуы экономиканың барлық саласының жағдайын, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды анықтайды.

Аграрлық сектор ішкі жалпы өнімнің 5, 7 % және халықтың тұтыну қорының шамамен 70 % қалыптастырады және елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығын дамыту өндіріс құралдарын жеткізетін және ауыл шаруашылығы өнімдерін шикізат ретінде қолданатын басқа да салалардың дамуына жәрдемдеседі, сондай-ақ көліктік, сауда және басқа да қызметтер ұсынады.

Ауылдық жерлерде халықтың жалпы мөлшерінің 47% тұрады. Ауыл шаруашылығы саласында 2, 38 млн адам жұмыспан қамтыған.

2000 - 2007 жылдардағы белгілі тұрақтылық пен ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін арттыру ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі көлемін ұлғайтуға және халықтың жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтыну деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.

Алайда, қазіргі кезде салада қалыптасқан жағдай теріс құбылыстарды жеңуге мүмкіндік бермейді.

Ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндірісінің көлемі тамақтанудың оңтайлы нормасы бойынша тұтынушылық көлемін ет, балық, жеміс, жидек, жүзім, өсімдік майы және қант бойынша қамтамасыз ете алмайды.

Экономика салаларының ішінде жылдық орташа жалақының ең төмені ауыл шаруашылығында.

Ауыл шаруашылығының индустрияланбау қаупі сақталуды 80 %-дан жоғары техникалық құралдар тозуы салдарынан жедел жаңартуды қажет етеді. Машина-трактор парктерін жаңарту қарқыны төмен деңгейде: жыл сайынғы тракторларды жаңарту орташа 0, 87%, астық жинау комбайндары 3, 2% құрайды.

Қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдері бәсекеге қабілетті емес және ішкі нарықтан ығыстырылады. Әсіресе, қант, өсімдік майы, жеміс-көкөніс консервілері, құс еті және сүтті қайта өңдеу өнімдері нарығында импорттық өнімнің үлесі басым.

Осылайша, осы шаралар кешенін әзірлеу мен қабылдау өзектілігі Бағдарлама паспортында келтірілген көлемдер мен қаржыландыру көздеріне сәйкес ауыл шаруашылығын дамытуды қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттілігімен түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытудың 2009 - 2011 жылдарға арналған шаралар кешені «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарының 62-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 253-тармағына сәйкес әзірленген.

Шаралар кешені АӨК-ні дамытудның негізгі бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін, шикізат пен азық-түлік өндірісін, қаржылық қамтамасыз ету және көзделген шараларды іске асыру тетіктерін, оның нәтижелілік көрсеткішін анықтайды [1] . Ауыл шаруашылығындағы маңызды секторын, соның ішінде азық-түлікті шет елдерге экспорттауға күшейту қажет. Астық каналының экспортын Каспий және Кара теңіз арқылы және Қытайға бағытын ұлғайту қажет».

Бұдан кейінгі экономикалық қайта құрулар қисыны аграрлық бизнестің ұтымды құрылымын қалыптастырумен, агротехноглогиялардың деңгейін көтеру мен, ауыл шаруашылығы өндірісінің маркетингтік стратегиясына, ішкі рыноктоғы импорт алмасуға, жақын және алыс шетелдерге экспортты жандандыруға көшумен байлынысты агарарлық саладағы өсудің жаңа сапасына өтуді талап етеді [2] .

Қазақстаның ДСҰ-на қосылуымен байланысты артықшылықтыр мен шығындардың жалпы теңгерімін бағалау үлкен жағдай болып отыр. Басыт міндет - халақаралық саудада құқықтарды шектеуді болдырмау және бқл ретте азық-тілік қауіпсіздік пен елдің аграрлық секторын тиімді дамыту мүмкіндігін сақтай отырып, тауарылар мен қызметтер көрсетудің әлемдік рынокқа қол жетімділігін нақты жақсартуды қамтамасыз ету.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты. Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді жүйесін қалыптастыру, ауыл шаруашылғы өнімдерін өндіру, тамақ өнімдерінің кауіпсіздігін камтамасыз ету және бәсекеге қабілетті өнім өндіру негізінде Қазақстанның аграрлық заңнамаларын дамыту.

Осы мақсатқа жету негізінде мынандай міндеттер қойылды:

  1. Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешен қызметін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін зерттеу, жалпы ұғымын ашу;
  2. Агроөнеркәсіптік кешен қызметін құқықтық қамтамасыз етудегі ауыл шаруашылығының жекелеген салаларын ашу;
  3. Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешен қызметін құқықтық қамтамасыз етеуде мемлекеттің орны мен маңыздылығын анықтау.

Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы . Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету дипломдық жұмысын жазу барысында алдына қойылған міндеттерге жету үшін жалпы диалектикалық, танымдық, логикалық, салыстырмалы, жүйелік және басқа да әдістер қолдандым.

Зерттеу тақырыбының объектісі. Агроөнеркәсіптік кешен қызметін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.

Зерттеу жұмысының пәні болып. Қазақстан Республикасыда агроөнеркәсіптік кешен қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу тетігі болып табылады.

Зерттеу жұмысының нормативтік базасын Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды

дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» және өзге де ауыл шаруашылығы мәселеріне арналған заңнамалар құрайды.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешен туралы занамаларының қалыптасу мен дамуы.

2007 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемі бір трлн. теңгеден асып түсті және 1121, 8 млрд. теңгені құрады, ал өндірістің өсуі 8%-ды астамын құрады.

Ауыл шаруашылығында 11-12 %-ға еңбек өнімділігінің жыл сайынғы өсуінің оң үрдісі байқалады және қазіргі кезде жалпы өнім өндірісі саладағы 1 жұмыс басты адамға 3800 АҚШ долларын астамын құрайды.

2007 жылы ауылдық жерлерде жұмыссыздық деңгейі 6, 2 % деңгейінде қалыптасты.

Жыл сайын ауылшаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар ұлғая түсуде. Егер 2002 жылы инвестициялар 17, 3 млрд. теңгені құраса, 2007 жылы - 55, 9 млрд. теңге немесе 3, 2 есе артты.

2007 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары себілген егістік алқаптарының 80%-нан астамын астық дақылдарының жалпы егістігі құрады. 2005 жылмен салыстырғанда бидай егістігінің алқабы 245, 8 мың га (1, 9 %), қарақұмық - 60, 5 мың га (1, 7 есе), жемдік дақылдар (арпа мен сұлы) - 322, 4 мың га (18, 8%), рапс - 129, 1 мың га (4, 1 есе), соя - 12, 6 мың га (25, 4 %) өсті.

Көкөніс дақылдарының егіс алқабы осы кезең ішінде 5, 6 мың га (5, 1 %), жеміс дақылдары - 18, 5 мың га (34, 5 %) қысқартылды, ал жүзім екпелері 2005 және 2006 жылдар деңгейінде сақталды.

Көкөніс дақылдарының өндірісі 2007 жылы 2005 жылғы 2 168, 8 мың тоннаға қарсы 2 196, 4 мың тоннаны, майлы дақылдар - 459, 4 мың тонна, оның ішінде рапс - 118, 3 мың тонна, бұл 2005 жылғы тиісті деңгейден 4, 5 % және 3, 6 есе жоғары, жеміс дақылдары - 162 мың тонна, жүзім - 43, 2 мың тонна құрады, бұл 2005 жылғы тиісті деңгейден 33, 5 % және 17, 2 % төмен.

Фитосанитариялық жағдайды тұрақты бақылау жүзеге асырылуда. Алайда, бөлінетін қаржы қаражатының жетіспеушілігі аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы толық көлемде фитосанитариялық іс-шараларды орындауға мүмкіндік бермейді.

Мал шаруашылығы саласында шаруашылықтың барлық санаттарында мал және құс санының өсімі 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 3-5 %-ды, ал мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 3-7 %-ды құрады. Мал шаруашылығында жүргізілетін асылдандыру - селекция жұмысы саланың дамуына белгілі бір әсерін тигізеді.

Алайда, саланың дамуын ұстап отырған бірқатар факторлар бар. Ауыл шаруашылығы малдарының барлық мал басының шамамен 80 %-ы жеке меншікте. Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы төмен болып қалуда және тек 3-8 % құрайды. Жетекші ет экспорттаушылары мен мал шаруашылығының даму деңгейін салыстыру оларда негізгі өндірісі ірі тауар фермаларында шоғырланғандығын көрсетті, бұл жоғары өнімділікті сақтауды және мал шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін арттыруды қамтамасыз етеді.

Ветеринария саласында республикада эпизоотиялық салауаттылықты және мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді.

Алайда, ветеринариялық салауаттылық жергілікті атқарушы органдардың мал қорымдарын мен мал сою пункттерінің құрылысын жүргізуді әлсіз ұйымдастыруынан, малдардың аса қауіпті ауруларына қарсы эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаржының жеткіліксіздігінен бұзылуда.

АӨК-нің қайта өңдеу кешенінің қазіргі жағдайын тұрақты және өндірістің өсуіне маңызды әлеуеті бар деп бағалауға болады. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнімдері өндірісінің көлемі жыл сайын ұлғаюда.

2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда қайта өңделген ауыл шаруашылығы шикізатының үлесі оның өндірісінің жалпы көлемінен артты: сүт - 29%-ға дейін, астық - 37%-ға дейін, майлы - 98%-ға дейін, ет - 24%-ға дейін. Алдыңғы жылмен салыстырғанда қайта өңдеу кәсіпорындары өндірген өнім көлемі 7, 3%-ға ұлғайды.

Шығарылған өнім сапасы жақсартылуда, кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға өтуі жүзеге асырылуда. Халықаралық ИСО және ХАССП стандарттарына негізделген сапа менеджменті жүйесін (бұдан әрі - СМЖ) 184 кәсіпорын салалары енгізді, 89 кәсіпорын СМЖ-ны енгізуге өндірісті әзірлеу және дайындау сатысында тұр.

Осы уақытта қайта өңдеу өнеркәсібінің даму қарқынын бірқатар шешілмеген мәселелер артқа тартуда. Бұл өнеркәсіптік қайта өңдеудің төмен деңгейі және қайта өңдеу кәсіпорындары қуатының толыққанды еместігі, тамақ өнімдері бәсекеге қабілетті деңгейінің жеткіліксіз болуы; кейбір тамақ өнімдерінің импорттық үлесі жоғары, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарында ХАССП принциптерін енгізу бойынша жұмыстардың жеткіліксіз болуы, азық-түлік сапасының халықаралық стандарттың негізгі талаптарына сәйкес келмеуі, ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлері өндірісінің маусымдық сипаты.

Экспорт көлемінің орнықты өсу үрдісі жалғасуда. Сонымен, 2007 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарлары жалпы сомасы 2, 3 млрд. АҚШ доллары шамасында экспортталды. Ең ірі экспорттық позицияда астық және оның қайта өңдеу өнімдері болып қалуы жалғасуда. 2007 жылы экспортқа 6, 9 млн. тонна астық және 1, 5 млн. тонна шамасында ұн жөнелтілді, бұл 2006 жылдың деңгейінен тиісінше 49, 2%-ға және 29, 5%-ға артық.

Саланың серпінді дамуына мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігі ықпал етті.

Өткен жылы агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау көлемі маңызды түрде артты және 77, 9 млрд. теңгені құрады, бұл 2002 жылдан 2, 8 есе жоғары. 2008 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінді 134, 4 млрд. теңге, оның ішінде субсидиялар - 40, 3 млрд. теңге, кредиттер - 52, 6 млрд. теңге.

2005-2007 жылдары мемлекет агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды ұлғайтты. Қолданбалы ғылыми зерттеулер әзірлемелерін қаржыландыруға республикалық бюджеттен 6 787, 6 млн. теңге бөлінді, оның ішінде: 2005 жылы - 1 151, 0 млн. теңге, 2006 жылы - 1 460, 8 млн. теңге, 2007 жылы - 2 300, 0 млн. теңге.

Осы мерзімде ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған құралдар мен жабдықтар сатып алуды субсидиялауға 1 872, 4 млн. теңге бөлінді. 2008 жылы аграрлық ғылымды дамытуға республикалық бюджеттен 2 705, 0 млн. теңге бөлінді, бұл 2007 жылдың деңгейінен 1, 7%-ға артық.

Аграрлық сектордың жедел ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 25 ғылыми-зерттеу ұйымын қайта құру жолымен «ҚазАгроИнновация» (бұдан әрі - «КАИ») акционерлік қоғамы (бұдан әрі - АҚ) құрылды, оның негізгі миссиясы жаңа агротехнологияларды коммерциялық қолданысқа құру және енгізу, перспективалық шетелдік агротехнологияларды трансферттеу, әлемдік деңгейдегі ғылыми техникалық қызметтер көрсету болып табылады.

АӨК-ні дамытудың 2003 - 2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы АӨК орнықты дамыту бойынша 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен іс-шараларды орындау нәтижесі ауыл шаруашылығы өндірісінің ары қарай дамуы үшін іргетас болып табылады. Аграрлық саланы аса жоғары даму деңгейіне шығаруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құжатты әзірлеу үшін нақты мүмкіндік туып тұр [3] .

КСРО құрамы кезеңіндегі тарихында азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты көптеген өзгерістер болды. КСРО-ға еген кезден бастап жер, су, орман, тау және басқа құқықтық қатынастарға түбегейлі өзгерістер енгізді. Революциядан кейінгі алғашқы жылдарда патшалық рекрияциялық аграрлық саясаттың саладары байқалатын. Қазақстандағы Ресей империясының отарлау саясатының Қазақстандағы Ресей империясының отарлау нәтижесінде Қазақстандағы 28, 2 млн ондық жыртуға икемді жердің 22, 7 млн ондағы халықтың пайдалануынан алынды [4] .

Шаруашылықтың ұжымдық шаруашылықтарға және ұжымдық шаруашылықтың басқа да нысандарына ауысуын ұйымдастыру тек мәжбүрлеу әдістерімен ғана жүзеге асырылды. Мысалы, ОАК-тың (ЦИК) 1930 жылғы 1-ақпандағы «Ауылшаруашылығын социалистік қайта құру және кулактармен күрес бойынша шаралар туралы» қаулысына сәйкес жергілікті органдарға мәжбүрлі ұжымдастырға кедергі жасаушы ірі шаруашылықтармен күресу, тіпті, олардың мүлкін тәркілеп, қатысушыларды елдің шалғай игерілмеген аудандарына айдап жіберу құқығы берілді.

Ауыл шаруашылғын жаппай ұжымдастыру (1929-1935ж. ж) кезінде ауыл шаруашылық кооперациясының кең тараған түрі болып артель табылды. Көшенді және жартылай көшпенді аймақтарда да біршама ауыл шаруашылғын ұжымдастыру белгілері көрініс тапты [5] .

Жоғарыда айтылғандай, ұжымдастыру ауыл шаруашылығында мәжбүрлі түрде жүзеге асырылды және де мұнда көшпенді және жартылай көшпенді тұрғылықты халықтан барлық мал мен астық мәжбүрлі түрде алынды. Осының нәтижесінде, Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастырудың алғашқы кезеңінде тұрғылықты халықтың екі миллионнан астам адам ашаршылықтан өлді. Ұжымдастыру салдары азық-түлік қауіпсіздігіне кері ықпалын тигізгені айдан анық көрініс тапты. БКП Орталық комитеті 1932 жылғы 17-қыркүйекте «Қазақстандағы ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы туралы» қаулы қабылдады.

Ауыл ашруашылыңы кезенңінде кеңес заманының жеңіуіне байланысты (1935-1956), осы кезеңде колхоздар шаруашылықтың ұжымдық-құқықтық нысаны болды, козхохдың үлгілі жарғысы ретінде базалық шығарылған заңдары болды. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылғына әскер мен халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Алайда, республикада мал шаруашылығын көтеруге ешбір жағдай болмады: техника, жұмыс күші жетіспеді, шөп дайындайтын адамдар болмады, мал азығының тапшылығы байқалды. Республика жайылымдық мал шаруашылғын дамытуға бет бұрды. Жалпы соғыс жылдары жартылай көшпенді өндірістегі жайлымдық мал шаруашылығының қажетіктері үшін жайлымдар мен шабындықтардың 20 млн. га жері игерілді [4] .

1953 жылдан бастап КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда тың және бос жатқан жерлерді игеру жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде, Республикада тек 1954 жыл мен 1958 жыл аралығында ғана тың жерлерінде 326 жаңа кеншарлар және бос жатқан жерлердің негізінде 206 әл-ауқаты нашарлау кеншарлар құрылды. Жалпы алғанда 1954-1966 жылдары жаңа кеншарлар ұжымдастырылды.

Ауыл шаруашылығы заңдарының социалистік даму кезеңдерінің бірі болды (1956-1985) . Бұл кезең ауылшаруашылық кәсіпорындарды реформалау тұтастай мемлекетке өткізілді, жарым-жартысын жоя отырып, ал бұдан былай колхоздарды қайта құра отырып; өндірістің барлық меншік құралдары толық мемлекеттік болып танылатын бірінші орныды совхоздар құру болды.

Ауыл шаруашылығы дамып, ауыл шаруашылық өндірісінің аталған ерекшеліктері аграрлық құқықтың да ерекшеліктерін көрсетеді, ла бұл олардың байланысын және ұқсастығын білдіреді. Осындай саланы бөліп шығару керектігі туралы сұрақтар ғылымда туындаған 70 жылдардың басында туындаған. Осы кезеңде азық-түлік мәселесі малға қойып әр түрлі бағдарламалар дайындалған және ғылыми еңбектер шығарылған. Аграрлық құқықтық бір саласы ретінде танылған азық-түлік қауіпсіздігі негізгі проблема ретінде алға қойылып отрыған. Заң әдебиеттерінде бұл мәселелер бойынша даулар туындаған. Ол уақытта колхаздық құқық ауыл шаруашылығы саласындағы барлық қатынастарды қамти алмайтын, өйткені совхоздардың - мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындардың саны тез арада өсіп кетті. Экономиканың дамуының жаға жолдарын іздеу, азық-түлік мәселелерін шешу агроөнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдардың пайда болуына әкелді [6] .

Ауылшаруашылығы заңдарының кайта даму кезеңі (1985-1990), ауылшаруашылығы тауар өндірушілердің құқығын және жағдайын жоғарлату. сондай-ақ ауылшаруашылық кооперативтері мен шағын кәсіпкерлердің кең ауқымды байланыс құруына дамыту болды. Соған сәйкес «Шаруа шаруашылығы туралы» заң 21 мамыр 1990 жылы қабылданды. Бұл заңда ауылшаруашылық тауар өніруші субъектілернің құқықтық жағдайын анықтау, шаруашылқтың ұжымдық-құқықтық нысаны қарастырылған.

1991 жылы Қазақстан Республикасы КСРО-дан бөлініп шығып өз егемендігін алды. Осы кезеңнен бастап мемлекет нарық заманына көшті, сондай-ақ ауыл шаруашылығын өндірісі де жаңа бағыт алып, азық-түлік қауіпсіздігі жаңаша жолмен жүргізіле бастады. Аграрлық заңнама дами бастады және бірнеше кезеңдерден өтті [7] .

1-кезең

1) «Ауылды (селоны) және агроөнеркәсіптік кешенді басым дамыту туралы» заңы 13 ақпан 1991 жылы қабылданды

2) «Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындардың мүлігін жекешелендіру туралы» заңы 14 қаңтар 1991 жылы қабылданды

2-кезең

1) Қазақстан Республикасның жаңа Конституциясы 30 тамыз 1995 жылы қабылдады.

2) «Жер туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 22 желтоқсан 1995 жылғы жаңа жарлығы қабылданды

3) «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» заңы 1998 жылы 31 наурызда қабылданды

4) «Селекция жетістіктері туралы» заң 1999 жылы 13 шілдеде

5) «Астық туралы» заңы 2001жылы 19 қаңтарда қабылданды

6) «Өсімдікті қорғау туралы» заңы 2002 жылы 1 шілдеде қабылданды т. б көптеген заңдар қбылданды.

3-кезең

1) Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдардағы арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы қабылданды

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы қаралды.

Қабылдаған міндеттемелердің орындалуын және көзделген мақсаттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету азық-түлік немесе қысқаша айтсақ, ас - әр адамның да тіршілігіне, өсіп-өнуіне және ағзаны қалыпта ұстауына аса қажетті өнім, техника тілімен өрнектесек, «жанармай», - дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығының дамуы
Еңбек қатынастарын реттеу құралы ретінде әлеуметтік әріптестік қалыптастыру мен дамытудың жағымды тәжірибесін зерттеу
Кәсіпкерлік құқық субъектілері
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы
2003 - 2004 жылғы бағдарламаның нәтижесіндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің артуы
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары ( Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде
Лизингтік операциялар туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы аграрлық салада қызмет атқарып жатқан «Қазагроқаржы» АҚ лизингтік қызмет көрсету нарығындағы қызметі
Шағын кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік қолдау қағидаттары
Шағын кәсіпкерліктің белгілері және түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz