Қазақ тілінің ерекшелігі


1-тақырып
Грамматика: Қазақ тілінің ерекшелігі. Дыбыстардың саралануы. Буын түрлері. Үндестік заңы. Көптік жалғауы.
Лексика: Өзім туралы. Танысу. Амандасу.
Сабақтың мақсаты : Лексика-грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Қазақ тілінің ерекшелігі
Қазақ тілі грамматикасының өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, түркі тілдерінің ішінде қазақ тілі агглютинативті (жалғалмалы) тілдер тобына жатады. Сөзжасам түбірдің өзгеруі арқылы емес, түбірге аффикстердің (жалғау, жұрнақ) жалғануы арқылы жүзеге асады, ал түбір өзгеріссіз қала береді. Мысалы: бала, бала-ға, бала-лар-ымыз-дың.
Қазақ тіліндегі барлық аффикстердің фонетикалық варианттары бар, олар сөзге сингармонизм және ассимиляция заңдылығына бағына отырып жалғанады. Мысалы, көптік жалғауының 6 фонетикалық варианты бар:
- лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер .
Қазақ тілінде ІІІ жақта қолданылатын жіктік жалғауы бар, ол сөйлемді аяқтап тұратын баяндауыш қызметіндегі сөздердің барлығына дерлік жалғанады. Мысалы: Мен отыр-мын. Сіз мұғалім-сіз. Біз төртеуміз .
Қазақ тілінде тәуелділік мағынасын беретін тәуелдік жалғауы бар, ол әрқашан ілік септігіндегі сөзбен байланысады: әке-нің сөзі, ана-ның махаббаты .
Қазақ тілінде екпін әрқашан сөздің соңғы буынына түседі. Мысалы: ба ла , бала ға , бала лар , балалар ға , балаларымыз ға . Қазақ тілінде байырғы сөздермен қатар орыс, араб, парсы, монғол және т. б. тілдерден ауысқан кірме сөздер де көп кездеседі.
Фонетика
Фонетика - тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін ғылым саласы.
Әліпби (алфавит) - әріптердің рет-ретімен жүйелі тізілген жиынтығы.
Қазақ алфавиті 42 әріптен тұрады : а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ё, ж, з, и, й, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ъ, ы, ь, э, ю, я. Оның ішінде тоғызы тек қазақ тіліне тән ерекше дыбыстар: ә, ө, ұ, ү, і, қ, ғ, ң, һ.
Қазақ тілінде дыбыс саны - 37 (дыбыс бола айтылмайтындар: я (й+а), ю (й+у), ё (й+о) қосарлы дыбыстары және ь - жіңішкелік, ъ - жуандық белгілері) .
Қазақ тілінде жуандық және жіңішкелік белгілері, сондай-ақ э, ё, в, ф, ц, ч дыбыстары мен әріптері орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде ғана кездеседі.
Дыбыстардың саралануы
Буын - айтылғанда үзіліп-үзіліп шығатын, құрамында дауысты дыбысы бар сөздің бөлшегі. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішкелігіне қарай буындар жуан және жіңішке болып бөлінеді.
Ішіндегі дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың алмасып отыруына байланысты буын ашық, тұйық, бітеу болып үшке бөлінеді.
Ашық буын - бір дауысты дыбыстан тұратын немесе дауысты дыбысқа біткен буын: е-ді, о-ны, а-ға, да-ла.
Тұйық буын - дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буын: ол, ой-ын, ау-ыл-ым.
Бітеу буын - ортасында дауысты дыбыс тұрып, екі жағы дауыссыз дыбыстан құралған буын: біз, қант, көл-шік, жас-тар-дың.
Үндестік заңы
Қазақ тілінде буындар мен дыбыстар арасындағы өзара үйлесімділікті үндестік заңы (закон сингармонизма) деп атайды. Үндестік заңы буын үндестігі (гармония слогов) және дыбыс үндестігі (гармония звуков) болып екіге бөлінеді.
Буын үндестігі - сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуі. Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Кейбір басқа тілдерден қазақ тіліне енген біріккен сөздер мен қос сөздерде жуан, жіңішке дауысты дыбыстар араласып келеді: шекара, кітап, математика, баспасөз, аман-есен . Буын үндестігі бойынша қосымша сөздің соңғы буынындағы дауыстыларға үндесе жалғанады. Мысалы: кітап-ты, қазір-гі, дала-дан, баспасөз-ден.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
-мен, -бен, -пен көмектес септік жалғаулары сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да, осы күйінде жалғанады: қа лам мен жаздым; Ә сет пен бірге келді;
-нікі, -дікі, -тікі дейтін меншіктілік ұғымды білдіретін қосымшалар буын үндестігіне бағынбайды: Асан-дікі, бала-нікі, Марат-тікі;
-паз, -қор, -қой, -ғой, -кер, -кеш, -хана, -ист, -изм жұрнақтары буын талғамайды, сол күйінде жазылады: әсем-паз, әзіл-қой, еңбек-қор, ақыл-гөй;
-х әрпіне біткен сөздерге қосымшалар әрқашан жуан түрде жалғанады: тарих-тың, цех-тан;
- рк, нк, кс, кт дыбыстарының тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады: парк-тен, танкі-ні, пункт-ке, т. б. ;
- ль әріптерінің тіркесіне біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады: циркульді, циркулінің, рульді, рулі;
- кейбір басқа тілден енген сөздердің түбірінде (мысалы: шекара, баспасөз, аман-есен, асты-үсті, асығыс-үсігіс т. б . ) буын үндестігі сақталмайды.
Дыбыс үндестігі - сөз бен қосымшаның аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі.
Ілгерінді ықпал (прогрессивная ассимиляция) - сөз бен қосымша арасындағы соңғы дыбыстың алғашқы дыбысты өзіне ұқсата әсер етуі:
а) сөздің соңғы дыбысы үнді не ұяң дауыссыздар болса, оған жалғанатын, дауыссыздан басталатын қосымша үнді немесе ұяң дыбыстардан басталады. Мысалы: аң-дар, аң-ға, аң-нан.
ә) сөздің соңғы дыбысы қатаң дыбысқа аяқталса, оған жалғанатын, дауыссыздан басталатын қосымша қатаңнан басталады. Мысалы: кітап-тар, азамат-тық.
Кейінді ықпал (регрессивная ассимиляция) сөздің соңғы дыбысы қатаң п, к, қ болғанда, оған жалғанатын дауыстыдан басталатын қосымша п дыбысын б не у ; к, қ дыбыстарын г, ғ дыбыстарына айналдырады. Мысалы: күрек - күрегі, тап - табады, жап - жауып.
Көптік жалғауы - көптік мағына беретін қосымша. Оның 6 фонетикалық варианты бар: -лар/-лер, -дар/-дер, -тар/-тер. Үндестік заңына сай жуан дауыстысы бар сөздерге құрамында жуан дауыстысы бар қосымшалар (-лар, -дар, -тар) жалғанады да, соңғы буыны жіңішке дауыстыдан тұратын сөздерге жіңішке варианттар (-лер, -дер, -тер) жалғанады.
бала лар , үй лер ,
тау лар , іні лер
қыз дар , адам дар ,
сен дер , гүл дер
құс тар , мектеп тер ,
клуб тар , технолог тар
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі тұрақты болып келеді. Бастауыш сөйлемнің бас жағында келеді де, ал баяндауыш соңғы жағында болады. Толықтауыш баяндауыштың не өзін толықтайтын сөздің алдында тұрады. Анықтауыш анықталушы мүшенің алдында келеді. Пысықтауыш көбінесе пысықталушы сөздің тікелей алдында тұрады, бірақ кейде олар бір-бірінен қашықтықта да бола береді. Мысалы: Бүгін біз қызық кино көрдік.
Шылау немесе көмекші сөздер өздері байланыста тұратын сөзден кейін келеді: Оқу үшін келдім. Сабақтан кейін кездесейік .
Сұрау мағынасын беретін сұраулық шылаулар мен сұрау есімдіктері баяндауыш жоқ болған кезде сөйлемнің соңында тұрады: Мынау не? Бірінші дәрісхана қайда?
Сөйлемде баяндауыш бар болса, сұраулық шылаулар мен сұрау есімдіктері баяндауыштың алдында тұрады: Қарлығаш қайда отыр?
Сөйлемдегі сөздер көбінесе осы тәртіпті сақтайды, ал өлең жолдарында ұйқас сақтау мақсатымен бұл тәртіпке бағынбайды.
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңыз.
І. А-Ә: с . . . уле, қ . . . улы, б . . . ліш, . . . сем, қ . . . зір, д . . . лел, з . . . улім, ж . . . йлау, т . . . ңдау, ғ . . . лам, ж . . . рдем, С . . . бира, м . . . селе, н . . . зік, қ . . . сық.
ІІ. О-Ө: б . . . бек, Ботаг . . . з, д . . . рекі, . . . лке, ж . . . рық, к . . . леңке, . . . зық, . . . сек, қ . . . рық, т . . . рсық, т . . . стік, с . . . ғыс, с . . . гіс, р . . . лі, . . . ңір.
ІІІ. Ұ-Ү: б . . . гін, . . . зын, т . . . лкі, ж . . . мыс, к . . . згі, т . . . здық, з . . . лым, м . . . здақ, к . . . лгін, с . . . лгі, м . . . рын, қ . . . тты, . . . сақ, б . . . зау, г . . . ріл.
ІV. Ы-І: сег . . . з, сағ . . . з, күм . . . с, қоң . . . з, дәл . . . з, доң . . . з, жаз. . қ, жүз . . . к, б . . . лез . . . к, бөр . . . к, мәңг . . . , мой . . . л, нар . . . қ, пар . . . з, рәс . . . м.
2-тапсырма. Берілген сөздерді буынға бөліп, олардың түрін ажыратыңыз, фонетикалық талдау жасаңыз.
Оқу, істейді, қызмет, меңгеру, ою, әсемпаз, буын, киін, таулар.
Үлгі : саудагер.
Сау-да-гер - 3 буын, 1- бітеу, жуан; 2 - ашық, жуан; 3 - бітеу, жіңішке.
с - дауыссыз, қатаң
а - дауысты, жуан
у - дауыссыз, жуан
д - дауыссыз, ұяң
г - дауыссыз, ұяң
е - дауысты, жіңішке
р - дауыссыз, үнді
8 әріп, 8 дыбыс
3-тапсырма. Берілген сөздерді аударып, тиісті көптік жалғауын жалғаңыз : вид, заповедник, ягода, женщина, остров, овраг, выпускник, пустыня, квартира, налог, долг, враг, пятно, политик, украшение, монета, след.
4-тапсырма . Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғап, сөз тіркесін құраңыз : адам, кісі, бала, қыз, мектеп, жұмыс, көз, сөз, өмір, бөлме.
5-тапсырма . Төмендегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз, сөйлем құраңыз: дома, цветы, друзья, слова, отцы, матери, дети, книги.
6-тапсырма . Кейінді ықпалдың көмегімен жалғауларды қосып жазыңыз : жүрек+ім, тарақ+ы, қайық+ы, көлік+ің, күрек+і, жап+ады, шық+у, есік+і, шелек+і, доп+ым, соқ+у.
7-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлемдер құраңыз .
Біздің, келе, туралы, ме, білгіңіз, отбасымыз? Отбасымыз, тұрады, біздің, орталығында, облыс. Шетінде, үйіміз, орналасқан, қаланың. Мен, құрметті, атам, шыққан, демалысқа, әжем. Жұмыс, шетелде, әке-шешем, істейді. Үлкен, орталықта, да, етеді, ағам, ғылыми, кіші, қызмет, да, ағам. Ағылшын, меңгеру, мен, үшін, жүрмін, оларға, тілін, көмектесіп. Қарындасым, оқиды, және, мектепте, інім. Құрған, әпкем, тұрмыс. Үлкен, ол, қабатты, екі, тұрады, үйде. Курс, үшінші, студентімін, унивеситеттің, өзім. Біздің, не, туралы, келеді, тағы, білгіңіз, отбасымыз? Туысқандарыңыз, пе, сіздің, көп, ал? Біздің, келгіңіз, үйге, ме, келмей, қонаққа?
8-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырмаларын орындаңыз.
Танысу
Мен Әлішермін, фамилиям Нұғман. Мен жиырма екідемін. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қазақ филология факультетінің соңғы курсының студентімін.
Біздің қаламызда Қазақ тілі орталығы бар. Мен Қазақ тілі орталығының президентімін. Орталықтың мүшелеріне қазақ тілін меңгеру үшін көмектесіп жүрмін. Орталықтың мүшелері - әр түрлі мемлекеттердің азаматтары.
Менің әке-шешем бар. Біздің отбасымыз өте үлкен: атам, әжем, әкем, шешем, екі ағам, әпкем, інім, қарындасым және мен. Ағаларымнан басқасы Алматыдамыз. Атам және әжем - егде адамдар, олар - зейнеткерлер. Әкем инженер болып жұмыс істейді. Шешем - мұғалім. Екі ағам - қызметкерлер. Олар Астанада министрлікте жұмыс істейді. Әпкем тұрмыста. Інім мектепте оқиды. Қарындасым кішкентай, балабақшада.
Біздің үйіміз Алматыда, қаланың шетінде. Біздің үйіміз - үлкен екі қабатты үй. Отбасымыз тату және ұйымшыл.
*
- Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді теріп жазып, үндестік заңына бағынбай тұрғандарын табыңыз.
- Мәтін бойынша сұраулы сөйлем құрастырыңыз.
- Мәтінді қолдана отырып, өзіңізді таныстырыңыз.
**
- Мәтінді оқып, өз отбасыңыз жөнінде әңгімелеңіз.
- Туыстық атауын білдіретін 10 сөзге көптік жалғауын жалғап, буын түрлерін анықтаңыз.
- Мәтін бойынша cұхбат құрастырыңыз.
***
- Мәтіннің мазмұнын толықтыра отырып, өз отбасыңыз туралы айтып беріңіз.
- Өз отбасыңызды сипаттайтын 5 сөз тауып, оларға фонетикалық талдау жасаңыз.
- Төмендегі мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің қайсысы «Отбасы» тақырыбына қатысты екенін анықтаңыз. Оларды жаттап алыңыз.
1. Әр елдің салты басқа. 2. Сабыр түбі - сары алтын. 3. Бала, баланың ісі шала. 4. Алты жасар бала атқа мінсе, алпыстағы шал алдынан шығар. 5. Бала - адамның бауыр еті. 6. Жақсы сөз - жарым ырыс. 7. Жақсы - ісімен жақсы. 8. Бейнет түбі - зейнет. 9. Жері байдың - елі бай. 10. Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі. 11. Абысын тату болса, ас көп. 12. Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер.
Есте сақтаңыз!
Қазақ халқында өзінен жасы үлкен адамға және таныс емес кісілерге «сіз» деп сөйлейді.
Жасы үлкендерге әңгімені сыйластықты білдіретін аға, ағай, ата, атай, апай сияқты сөздермен бастайды.
Жасы кішілерге айналайын, қарағым, қызым, інішек, шырағым, балам, балақай т. б. сөздермен бастайды.
Ресми қарым-қатынаста ханым, мырза, құрметтім, қымбаттым деген сияқты сөздер қолданылады. «Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді қазақ халқы. Сондықтан бір-біріне жақсы тілек айтуға үлкен мән береді.
Өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары
1. Қай сөз үндестік заңына бағынбай тұр:
А) жазушы
В) студенттер
С) сазгер
Д) балабақшада
Е) аспаз
2. Үнді дауыссыз дыбыстан құрылған сөздерді табыңыз:
А) сөздік, дәптер
В) бес, тоғыз
С) әдемі, момын
Д) жылдам, тез
Е) рең, мен
3. Тұйық буыннан тұратын сөздерді табыңыз:
А) адам, ауыл
В) ойын, әйел
С) бала, кітап
Д) әсем, өлең
Е) өрік, мейіз
4. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың алмасып отыруына байланысты буын неше түрге бөлінеді?
А) 6
В) 5
С) 4
Д) 3
Е) 2
5. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз:
А) жануар
В) жанар
С) жазар
Д) жаулар
Е) жабар
СОӨЖ №1
Тақырып: Сәлем - сөздің атасы.
Мақсаты: білім алушылардың лекика-грамматикалық және фонетикалық білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастыру.
1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.
Сәлем - сөздің атасы
Сәлем - әдептіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу түрлері бар. Сәлемдесу - кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, бір-біріне аман-саулық тілеп, ниеттестігін білдіруі. Әрбір адам «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш», «кеш жарық» деген сөздерді амандасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде де бір-бірімен ақжарқын амандасуға тиіс.
Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не қол алысып амандасады.
Сәлемдесу түрлері мыналар:
- Сәлемсіз бе?
- Сәлем!
- Аман-саусыз ба?
- Аман-есенсіз бе?
- Есенсіз бе?
- Амансыз ба?
- Үй-ішіңіз аман ба?
- Бала-шағаңыз, мал-жаныңыз аман ба?
Араб тілінен енген:
- Ассалаумағалайкум!
- Уағалайкум ассалам!
Яғни:
- Сізге амандық тілеймін!
- Сізге де амандық тілеймін! - деген сияқты амандасу түрлері көп кездеседі.
2. Белгіленген сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен анықтап, оларға фонетикалық талдау жасаңыз.
3. Тақырып бойынша өзара сұхбат құрыңыз.
4. Төмендегі туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздердің мәнін біліп алып, есте сақтаңыз.
Ата - әкенің әкесі. Атаны жасы кішілер құрметпен «ақсақал, қария» деп атайды, «шал» деуге болмайды, ол сыйламағандық болып есептеледі.
Әже - әкенің шешесі. Ұлы мен келіні әжесінің айтқанын екі етпеуі тиіс. Әже де немерелерін ерекше жақсы көреді.
Әке - шеше, ата - ана - дүниеге ұрпақ алып келген ерлі-зайыпты адамдар. Ұл мен қыз үшін бұлардан асқан адам жоқ. Сондықтан, олар ата-анаға өмір бойы қарыздар. Отбасындағы әке «отағасы» делінеді. Келін күйеуінің шешесін (анасын) «ене» дейді, ал басқалар «ошақ иесі» деп атайды.
Бала - ата-анадан туған ұрпақтар, яғни олар «ұл, қыз» деп аталады.
Ұл - шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы. Ұл туғанда бұрын «ат ұстар» деп хабарлаған.
Қыз - басқа елдің болашақ келіні, болашақ ана. Сондықтан «қыз - қонақ, қыз - өріс» деп туған-туыстары аялап, мәпелеп өсірген. Үлкендер оны «қызымыз» деп үнемі төрге отырғызып, жолы үлкен деп есептеген.
Тұңғыш, ортаншы, кенже бала. Ата-ана бірінші туған баласын «тұңғышым», одан кейін туған баласын (немесе балаларын) «ортаншым», ең соңғы туған баласын «кенжем» деп атаған. Алғашқы балаларын үйлендіріп, енші беріп жеке отауға шығарған да, соңғы кенжесін өз қолында қалдырған. Ол әке-шешесін бағып, олардың мұрасына ие болып қалған.
Немере - ұлдың баласы. Немере ата-әже үшін өте ыстық болады. Олар бірінші немересін көбінесе бауырына салып, өсіреді.
Шөбере - немеренің баласы. Оның ата-ана үшін орны ерекше. Егер шөберенің қолынан (алақанынан) су ішсе, о дүниеде жеңілдік болады деседі. Шөберенің баласы «шөпшек», «шөпшектің» баласы «немене», «немененің» баласы «туажат», «туажаттың» баласы «мүлдежат» делінеді.
Аға, апа, қарындас, сіңлі - бір әке-шешеден туған немесе туыстың ұл балалары үлкен болса - «аға», кіші болса «іні», үлкен қыз «апа», «әпке», кіші болса, «қарындас», қыздар үшін «сіңлі» болады.
Жеңге - ағаның әйелі. Ол жасы үлкендер үшін - «келін», жасы кішілер үшін - «жеңге, жеңеше». Жеңгелері қайындарын, қайын сіңлілерін «мырза жігіт», «ерке бала», «сырғалым», «шашбаулым», «бойжеткен», «күлім көз» деп құрметпен атаған.
Қайын іні, қайын сіңлі - жеңгелері үшін күйеуінің інісі - «қайын іні», қарындасы - «қайын сіңлі» болады. Оларды жеңгелері үнемі еркелетіп жүреді.
Ағайын - бірге туған туыстар бір сөзбен «ағайындар» делінеді.
Келін - інінің, баланың әйелі, жасы үлкендерге «келін» болып есептеледі. Келін күйеуінен үлкендердің бәріне де иіліп сәлем беруі керек.
Қалыңдық - күйеуге атастырған, бірақ өз үйінде отырған бойжеткен.
Абысын - ағайынды жігіттердің әйелдері.
Бөле - апалы-сіңлілі қыздардың балалары бір-біріне «бөле» болады.
Бажа - апалы-сіңлілі қыздардың күйеулері бір-біріне «бажа».
Қайын ата - әйелге күйеуінің әкесі, күйеуге әйелінің әкесі. Екі жақ та, қайын атаны өз әкелеріндей сыйлап, құрмет көрсетуге тырысқан.
Қайын ене - әйелге күйеуінің шешесі, күйеуге әйелінің шешесі.
Нағашы - ананың төркіні, балаларына «нағашы» болады. Мұнда жиендері тек туған нағашы ғана емес, оның туыстарын түгел «нағашы» дейді. Осымен байланысты нағашы жұрттың әйелдері «нағашы апа», «нағашы жеңге», «нағашы қарындас», «нағашы аға», «нағашы іні» деп аталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz