Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электродтық потенциалдар



1. Тотығу.тотықсыздану реакциялары.
2. Тотығу.тотықсыздану реакциялары туралы жалпы түсінік, олардың жіктелуі.
3. Тотығу.тотықсыздану реакцияларының биология мен медицинадағы маңызы.
4. Электродттық потенциалдар туралы түсінік.
5. Редокс. потенциалдар. (Тотығу.тотықсыздану потенциалдары.)
6. Ұлпалық тыныс алу тізбегі ( биологиялық тотығу процессі)
Әдебиеттер:
Заттардың құрамындағы атомдардың тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялар тотығу-тотықсыздану реакциялары (ТТР) деп аталады. Мұндай реакциялар, міндетті түрде, тотығу мен тотықсыздану процестерінен құралады және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың қатысуымен орындалады.
Реакция барысында электрондарын беретін атомдар, иондар және молекулалар тотықсыздандырғыш, ал электрондарды қосып алатын бөлшектер тотықтырғыш болып есептеледі.
Реакция барысында электрондардың берілуі тотығуға, ал электрондардың қосып алынуы тотықсыздануға жатады. Сол себепті тотығу-тотықсыздану реакцияларының нәтижесінде тотықсыздандырғыш электрондарын беріп, тотығады, ал тотықтырғыш электрондарды қосып алып, тотықсызданады.
Тотықсыздандырғыш Тотықтырғыш
тотығады. - nе ↔ тотықсызданады.
Мысалы:
Ғе2+ - 1е ↔ Ғе3+
Zn - 2 e ↔ Zn2+
H2 - 2 e ↔ 2 H+
Электрондардың тотықсыздандырғыштан тотықтырғышқа тасымалдануы барысында белгілі бір атомның, молекуланың немесе ионның тотығу дәрежесі өзгереді және тотығатын заттың тотығу дәрежесі жоғарылайды, ал тотықсызданатын заттікі - төмендейді.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары үшке бөлінеді: молекулааралық, молекулаішілік, диспропорция.
Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш әртүрлі заттардың құрамында болатын ТТР – ы молекулааралық деп аталады. Мысалы:
Zn + H2SO4 → ZnSO4 + H2 ↑
1. Ё.І.Патсаев,С.А.Шитыбаев,І.Н.Дәуренбеков. Бейорганикалық және физколлоидтық химия Шымкент:Б.и., 2004.
2. Сейтембетов Т.С. Химия : Оқулық / Т. С. Сейтембетов. - Алматы : Эверо, 2010.
3. Глинка Н.Л. Общая химия. М. «Химия» 1987.
4. Ленский А.С. Введение в бионеорганическую химию М. ВШ .1989.
5. Равич-Щербо М.И. Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия, М. ВШ. 1975.
Қосымша
1. Ахметов Н.С. Общая и неоргиначеская химия. М.ВШ 1988.
2. Некрасов Б.В. Основы общей химии. М. Химия , 1974
3. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия. М.ВШ 1997.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электродтық потенциалдар.

Жоспары:
1. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
2. Тотығу-тотықсыздану реакциялары туралы жалпы түсінік, олардың жіктелуі.
3. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының биология мен медицинадағы
маңызы.
4. Электродттық потенциалдар туралы түсінік.
5. Редокс- потенциалдар. (Тотығу-тотықсыздану потенциалдары.)
6. Ұлпалық тыныс алу тізбегі ( биологиялық тотығу процессі)
Әдебиеттер:

ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ.
1. Тотығу-тотықсыздану реакциялары туралы жалпы түсінік, олардың
жіктелуі.
Заттардың құрамындағы атомдардың тотығу дәрежелері өзгере жүретін
реакциялар тотығу-тотықсыздану реакциялары (ТТР) деп аталады. Мұндай
реакциялар, міндетті түрде, тотығу мен тотықсыздану процестерінен құралады
және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың қатысуымен орындалады.
Реакция барысында электрондарын беретін атомдар, иондар және
молекулалар тотықсыздандырғыш, ал электрондарды қосып алатын бөлшектер
тотықтырғыш болып есептеледі.
Реакция барысында электрондардың берілуі тотығуға, ал электрондардың қосып
алынуы тотықсыздануға жатады. Сол себепті тотығу-тотықсыздану
реакцияларының нәтижесінде тотықсыздандырғыш электрондарын беріп, тотығады,
ал тотықтырғыш электрондарды қосып алып, тотықсызданады.
Тотықсыздандырғыш Тотықтырғыш
тотығады. - nе ↔ тотықсызданады.
Мысалы:
Ғе2+ - 1е ↔
Ғе3+
Zn - 2 e ↔
Zn2+
H2 - 2 e ↔ 2
H+
Электрондардың тотықсыздандырғыштан тотықтырғышқа тасымалдануы барысында
белгілі бір атомның, молекуланың немесе ионның тотығу дәрежесі өзгереді
және тотығатын заттың тотығу дәрежесі жоғарылайды, ал тотықсызданатын
заттікі - төмендейді.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары үшке бөлінеді: молекулааралық,
молекулаішілік, диспропорция.
Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш әртүрлі заттардың құрамында болатын ТТР –
ы молекулааралық деп аталады. Мысалы:
Zn + H2SO4 → ZnSO4 + H2 ↑
Молекулаішілік ТТР – ына тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш бір заттың
құрамында болатын реакциялар жатады. Мысалы:
2 KCIO3 → 2 KCI + O2 ↑
Егер бір атом әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш болса, ондай ТТР
диспропорциялану реакциялары болып есептеледі. Мысалы:

4 KCIO3 → KCI + 3 KCIO4
Тотығу-тотықсыздану реакциялары туралы алғашқы түсініктерді 1914 жылы орыс
ғалымы Л.В.Писаржевский енгізген.
2. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құрастыру және теңестіру әдістері.

Тотығу-тотықсыздану реакцияларын 2 түрлі әдіспен құрастырып, теңестіруге
болады.
1. Электрондық баланс әдісі бойынша атомдардың тотығу дәрежелері анықталып,
олардың арасындағы электрондардың тасымалдану процестерінің теңдеулері
жазылады. Тасымалданған электрондардың саны бойынша тотығу және
тотықсыздану процестерінің коэффициенттері анықталады. Бұл әдіс бойынша
тотығу барысында берілген электрондардың саны тотықсыздану барысында
қосылған электрондардың санына тең болуы керек. Мысалы:
+4 +7 +6
+2
5 K2SO3 + 2 KMnO4 + 3 H2SO4 → 6 K2SO4 + 2 MnSO4 + 3 H2O
+4 +6
тотықсыздандырғыш S - 2 e → S 5 тотығу
+7 +2
тотықтырғыш Mn + 5 e → Mn 2
тотықсыздану
-----------------------------
---------
+4 +7 +6
+2
S + Mn → S +
Mn

2. Иондық жарты реакциялар теңдеуі бойынша тотықтырғыш пен
тотықсыздандырғыш ион түрінде алынып, олардың арасында орындалатын
электрондардың тасымалдану теңдеулері құрастырылады және қажетті
коэффициенттер анықталады. Мысалы:
5 K2SO3 + 2 KMnO4 + 3 H2SO4 → 6 K2SO4 + 2 MnSO4 + 3
H2O
SO32- + H2O - 2 e → SO42- + 2 H+
5
MnO4- + 8 H+ + 5 e → Mn2+ + 4 H2O 2
----------------------------------- -------------------------
5 SO32- + 2 MnO4- + 5 H2O + 16 H+ → 5 SO42- + 2 Mn2+ + 10 H+ + 8 H2O
Осыдан шығатын иондық жарты теңдеу мынадай:
5 SO32- + 2 MnO4- + 6 H+ → 5 SO42- + 2 Mn2+ + 3 H2O
3. Маңызды тотықтырғыштар және тотықсыздандырғыштар.
Тотықтырғыш атомның тотығу дәрежесі ТТР барысында төмендеп, ал
тотықсыздандырғыш атомдікі жоғарылайтын болғандықтан, жоғары тотығу
дәрежелі атомды қосылыстар тотықтырғыштың, ал тотығу дәрежесі төмен атомды
қосылыстар тотықсыздандырғыштың ролін атқара алады.
Металдар өздерінің қосылыстарында тек қана оң тотығу дәрежесін көрсетеді,
олардың ең төменгі тотығу дәрежесі нольге тең. Басқаша айтқанда, олардың
бос күйлеріне ең төмен тотығу дәрежесі сәйкес келеді, сондықтан барлық бос
металл атомдары тек қана тотықсыздандырғыш қасиет көрсетуге қабылетті
болады. Іс жүзінде күшті тотықсыздандырғыштар ретінде сілтілік және жер-
сілтілік металдар, сол сияқты магний, алюминий, мырыш, т.б. қолданылады.
Егер металл атомы бірнеше тотығу дәрежесін көрсететін болса, оның төмен
тотығу дәрежелі қосылысы тотықсыздандырғыш болады, мысалы темір (ІІ),
қалайы (ІІ), мыс (І), хром (ІІ).
Металл атомдарының олардың орналасқан тобының номеріне сәйкес келетін
немесе соған жуық тотығу дәрежелі қосылыстары тотықтырғыш қасиет көрсетеді.
Тәжірибе жүзінде күміс оксидінің және мыс (ІІ) сульфатының
аммиакты ерітінділері, сынап (ІІ) хлориді, темір (ІІІ) хлориді, KMnO4,
K2Cr2O7, K2CrO4, PbO2, MnO2 жиі пайдаланылады.
Бейметалдар әрі оң, әрі теріс тотығу дәрежелерін көрсетеді, сол
себепті тотықтырғыштың да, тотықсыздандырғыштың да ролін атқара алады.
Өндірістерде жиі қолданылатын тотықсыздандырғыштарға сутегі, көмір немесе
кокс түріндегі көміртегі және СО жатқызуға болады. Өте күшті
тотықсыздандырғыш қасиетті АsH3 көрсетеді.
Күшті тотықтырғыштарға периодтық жүйенің VІ және VІІ топтарының жоғары
жағында орналасқан бейметалдар жатады, олардың ішіндеі ең күштісі фтор,
бірақ іс жүзінде тотықтырғыш ретінде оттегі, хлор және бром жиі
қолданылады.
Тотықтырғыш қасиетті қышқылдар да көрсете алады, мысалы, тұз, күкірт
және азот қышқылдарының практикалық маңызы өте зор. Бейметалдардың басқа
қосылыстарының арасында тотықтырғыш қасиет сутегі пероксидіне Н2О2,
хлораттар (KCIO3), перхлораттар (KCIO4) сияқты тұздарға тән.
Аналитикалық зертханаларда тотықтырғыш ретінде хлор және бром сулары, Н2О2,
Na2O2, KCIO3, Na2S2O8, HNO3, NaNO3, KNO3, CrO3, патша арағы, т.б.
қолданылады. Тотықсыздандырғыш ретінде металл мырыш, темір, алюминий, Н2О2,
Н2S, H2SO3, HI, Na2S2O3, формальдегид, аскорбин және қымыздық қышқылдары,
глюкоза, т.б. пайдалануға болады.
Кейбір заттар ортаның сипатына, температураға, концентрацияға, әрекеттесуші
заттардың құрамына, т.б. факторларға байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құрастыру және теңестіру
Электродтық потенциал
Амперометриялық титрлеу әдісі
Электродтардың түрлері
Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісін талдауда қолдану
Х И М И Я Оқу құралы
Гальваникалық элемент
Тотығу - тотықсыздану титрлеу әдістері
Гальваникалық элементтер
Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі. Атом құрылысы. Радиоактивтілік. Химиялық байланыс
Пәндер