Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері



Жоспар:

КІРІСПЕ

I. МЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ. МЕНШІК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Меншіктің мәні және элементтері.
1.2 Меншік қатынастарының даму заңдылықтары.
1.3 Меншіктің ұйымдық.құқықтық түрлері мен формаларына сипаттама.

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ.
2.1 Экономикадағы жекешелендіру процесінің шетелдік тәжірибелері.
2.2 Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесіне сараптау және оның нәтижелері.
2.3 Қазақстан Республикасындағы жер реформасы және жерге жеке меншікті қалыптастыру.

ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ

ХХІ ғасыр табалдырығында Жаңа Тәуелсіз мемлекеттердің қоғамдық дамуындағы аса маңызды мәселелердің бірі – меншік қатынастарын жан- жақты қарастырып, шаруашылықтардың даму жолдарын объективті зерттеу. Бүгінгі таңда негізгі мәселе.
Бұл меншік мәселесі өте күрделі және көп мәселелердің бірі - өтпелі дәуірдегі меншік құрлымы мен шаруашылық жүйесінің тәуелді қатынастарын және жаппай жекешелндіру және оның әлеуметтік - экономикалық нәтижелерін реттеу - басқару шараларына тікелей қатысы бар ғалымдар Ашимбаев Т.А, Нысанбаев Б.Н, Нәрібаев К.Н, Арынов Е, Әубәкіров Ж.А, Жатқанбаев Е.Б, Қалиев Г.А, т.б жұмыстарын атауға болады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Алшанов Р.А. "Экономикалық қайшылықтардың Маркстің
теориясының қалыптасуы"-/Алматы,КазГУ,1998 ж./
2. Әубәкіров Я.Ә. , Байжұмаев Б. "Меншік диалектикасьГ/Алматы
КазГУ,1993ж./
3. Әубәкіров Я.Ә."Экономикалық реформа туралы"/Ақиқат -
Алматы,1995 ж. №12/
4. Әбдуов Т. "Жекешелендіру қалай жүріп жатыр"/Егемен Қазақстан
- 1997-17 Ақпан/
5. Байжүмаев Б. "Меншік қатынастарын оқып-үйренудіь
методикалық мәселелері"-/Алматы, ҚазМУ,1993 ж./
6. Байжұмаев Б. "Өтпелі дәүір:меншік трансформациясы"/Алматы -
1998ж./
7. Баймүқанов Б.Б. «Мемлекеттік меншік сол елдің иелігі үшін
қызмет етуге тиіс»Жетісу - 2000-12 Желтоқсан/
8. Бектұрғанов Ә. "Жер әркімнің иелігіне пайда әкеледі"/Егемен
Қазақстан - 2003-22 Қаңтар./
9. Данышұлы Б. "Баға жетпес, байлығымыз:Жер қадірін біле-білгенге
барған сайын арта түсуде"/Егемен Қазақстан - 1999-21 Қараша./
10. Құдайбердиев Н. "Жекешелендіру не берді?"/Қаржы-каражат -
1999-7-29-32 бет./
11. Раханов М. "Жеке-меншік-нарықтық экономиканың не-
гізі/Егемен Қазақстан - 2001-20 Сәуір./
12. Інкәрбайқызы Б. "Жерді сатып, не ұтпақпыз?"/3аман Қазақстан -
1998-20Қараша./
13. К. Маркс "Капитал", 1 -том, 7-бөлім,21 -тарау ./Алматы,
Қаз,мем,бас,1963 ж./
14. К. Маркс "Экономикалык қолжазбалар" 1857-186 Іж.ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

КІРІСПЕ

I. МЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ. МЕНШІК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Меншіктің мәні және элементтері.
1.2 Меншік қатынастарының даму заңдылықтары.
1.3 Меншіктің ұйымдық-құқықтық түрлері мен
формаларына сипаттама.

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ.
2.1 Экономикадағы жекешелендіру процесінің шетелдік
тәжірибелері.
2.2 Қазақстан
Республикасында жекешелендіру процесіне сараптау және оның
нәтижелері.
2.3 Қазақстан
Республикасындағы жер реформасы және жерге жеке меншікті
қалыптастыру.

ҚОРЫТЫНДЫ.

КІРІСПЕ

ХХІ ғасыр табалдырығында Жаңа Тәуелсіз мемлекеттердің қоғамдық
дамуындағы аса маңызды мәселелердің бірі – меншік қатынастарын жан- жақты
қарастырып, шаруашылықтардың даму жолдарын объективті зерттеу. Бүгінгі
таңда негізгі мәселе.
Бұл меншік мәселесі өте күрделі және көп мәселелердің бірі - өтпелі
дәуірдегі меншік құрлымы мен шаруашылық жүйесінің тәуелді қатынастарын және
жаппай жекешелндіру және оның әлеуметтік - экономикалық нәтижелерін реттеу
- басқару шараларына тікелей қатысы бар ғалымдар Ашимбаев Т.А, Нысанбаев
Б.Н, Нәрібаев К.Н, Арынов Е, Әубәкіров Ж.А, Жатқанбаев Е.Б, Қалиев Г.А, т.б
жұмыстарын атауға болады.

I МЕНШІК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Меншіктің мәні және элементтері

Меншік ұғымының мәнін анықтауда негізгі қағида "қандай да болмасын
өндіріс жеке адамдардың қоғамдық форма (түр) шеңберінде және де сол аркылы
табиғат заттарын иемденуі. Осы тұрғыдан, меншік ( иемдену) - өндіріс шарты
кағидасы тавтологиялык (күрғак қайталау) пайымдау болып көрінеді.
Меншіктің бұл анықтау облысы, оны кез - келген политэкономиялық
ұғымдарға тән заңдылық - мән , мазмұн, форма тәуелділігі шеңберінде
талдауды қажет етеді.
Мән дегеніміз - құбылыстың ішкі кұрамдас элементтерінің өзара бірлігін,
ал мазмұн — ішкі, сыртқы факторлар әрекеттерінің ерекше формадағы көрінісі,
байланыс заңдылықтары.
Олай болса, форма тұрғысынан алып қарасақ мән, мазмұн қасиеттерінің
көріну сипаты, сандық- сапалық көрсеткіштері экономикалық үғымының (ғылыми
категория) ерекше болмасы ғана, сыртқы көріну ерекшелігі. Форма - іс-қызмет
түріне тікелей тәуелді.
Бұл заңдылықтар негізінде "меншік" ұғымы мәні экономикалық
құбылыстардың (өндірістік қатынастар жүйесіндегі) дамуының мән -мазмұндық
жаңару заңдылықтары, түр өзгерістерінің жаңа үлгісіне, түріне әсер етуі
тиіс. Яғни меншік - өзіндік мәні, мағынасы бар ұғым ретінде көріну формасы
мен мазмұнының жүйелі даму ерешеліктерін көрсетеді. Бүл - трансформация
күбылысының негізі.
Экономикалық әдебиеттерде "меншік „, иемдену ,„" қағидасын түсіндіру
елеулі киыншылықтарды бастан кешіріп келді." Өндіріс -табиғат заттарын
иемдену, игеру мазмүнын қүрайды, ал меншік — оның әлеуметтік формасы"
қағидасын сындарлы түсіндіру сирек кездеседі. Осы тұрғыдан бұл қайшылықты
шешуде В.Н. Афанасьев пікірі орынды деп айтуға болады."Табиғат заттарын
адам өмір - сүруінің негізіне айналдыру ретінде иемденудің қоғамдық формасы
бар, және ол өндіріс процесінің мәнін көрсетеді,„(Еңбек процесі),,, ал
иемденудің белгілі формасының өзі басқа қырынан қаралған өндіріс процесі
"немесе дәлірек айтсақ "иемдену адамның өмір сүруін қамтамасыз ету процесі
ретінде өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың қайшылықты бірлігі ".
Өндіргіш күштер тарапынан иемдену - еңбек процесі ретінде оның мазмүнын
құрайды, ал өндірістік қатынас тұрғысынан - "меншік"атауымен қоғамдық мәнді
формада көрінеді. Сонымен, меншік анықтамасын талдау, оның өмір -сүру
жағдай — шарттарын (условия жизнедеятельности) иемдену үшін болатын қатынас
екенін көрсетеді. Бүл қатынас әзірше санада ғана бар, талдаудың бастама
пункті (қайнар көзі) - абстрактілі ойлау жүйесіндегі үздіксіз қайталанатын
қатынастардың мәнін анықтайды. Иемдену процесінің еңбек, меншік қырларының
бірлігі мен айырмашылығы таным заңдылығын ерекше сипаты ғана. Бұл,
кейінірек, меншік пен еңбек ұқсастығы (айырмашылығы) заңы ретінде
тұжырымдалады.
Еңбек пен меншік ұғымдары мәндерінің өзара кірігу
(взаймопроникновение) процесі иемденудің аса бай мазмұнын кұрайды, бірақ
шеуі де өзара сәйкес келмейді. Үздіксіз дамып бірегей құбылыстың иемденудің
қарама - қарсы екі үғымдардың мән - мазмүнын, формасын біріктіру -
меншіктік сипатын, даму заңдылықтарын да анықтайды. Бүл мағынада меншікті -
иемдену арқылы анықтау тавтология (күрғак мылжың) емес, керсінше, меншіктін
өндіріс алғы шарты, дамыған нәтиже ретінде өндірісте жүзеге асатын нақтылы
иемдену процесі екенін көрсетелһді. Екіншіден, өндіріс нәтижелерін иемдену
(бөлу,айыр-бас,тұтыну) меншік қатынастарын нақтылайды, сандағы қатынастарды
объективті, материалдық сипатқа ие етеді.Сонымен, иемдену - өндіріс
факторларын, өндіріс нәтижелерін өмір - сүру үшін игеру - меншіктің мән-
мазмұнын анықтайды. Ғылыми ұғым элементтері іс-тәжірибеде нақтылы жүзеге
асып жатқан іс-кызмет формаларымен мазмүны байиды. Меншік - ғылыми ұғым,
меншік - іс-қызметтің ерекше формасы ретінде өндіріс процесінде ғана айқын
көрінеді. "Меншік - ғылыми ұғым" жүйесін талдаудан ғылыми зерделеудің
келесі кезеңі - жалпы экономикалық, жүйедегі оның (ұғымының) іс-әрекеті ету
қызметін, механизмін(тіптен түрөзгерістерІн) саралау арқылы еңбек, өндіріс
процесінің даму сатыларына сәйкес бейнелеуді талап етеді. Бүл жіктеу
("Диалектика собственности" Я. Аубакиров, Б. Байжума-
нов) меншік қатынастарының диалектикалық дамуын дәлме - дәл айқындау үшін
қызмет етеді.
Бұл айтылған тұжырымдардың екі үлкен қорытынды жасауға болады.
Біріншісі,"меншік" ұғымы өндірістік қатынастар жүйесінде дамымаған нәтиже
ретінде бастама қызметін(қайнар көзі) атқара отырып, өндіріс нәтижесінде
дамыған бастамаға(нәтижеге) айналады, яғни үздіксіз жетілдіріп отыратын
себеп - салдарлы дамуды көрсетеді. Мәселе, енді, оның түрөзгерістерін, даму
сатылары мен кезеңдерін дәлме - дәл айқындау мүмкіндігін табу. Бүл үшін
ұғымның ішкі элементтерін, мүдделері, қажеттіліктер, өндіріс фокторлары
сияқты нысандардың өзара тәуелді байланыстарын зерттеу қажеттігі туындайды.
Екінші қорытынды, меншік ұғьшының ғылыми жүйесі оның ңақты өмірде
кездесетін сан-алуан бай формаларының ерекшеліктерінен тазартылған,
аршылған абстрактілі - логикалық жалпылама, баршаға ортақ түсінікке алып
келуі тиіс (Воспройзводить). Мәселен,"Байлық" ұғымы адам еңбегімен
өндірілген өнімдердің бәріне тән қасиеттердің ортақ сапасының сандық
өлшемі, осы түрғыдан А. Смит оны "меншік"ұғымының синонимі ретінде
қабылдайды.
Немесе "ақша" ұғымы тауарлар дүниесінің негізгі қасиетінің бірі -айырбас
құнының , құнның жалпыға ортақ өлшемінің қоғамдық мәнін абстрактылы -
логикалық бейнелейді. Ақшаның анықтамасының өзі 3 қасиеттік бірлігі -
тауар, ерекше тауар, жалпы эквивалент - көрсетеді, яғни ұғымның өзі құрылым
элементтерінің жүйесінің айқындаушысы қызметін атқарады.
Ал, "меншік" ұғымына келгенде бүгінгі политэкономия ғылыми "иемденуден"
басқа ешнәрсе айта алмайды. Және де оның заңгерлік анықтамаларын ғана
талдамайды. Бұл политэкономиялық мәнді заң-құқықтық мазмұнмен қарадүрсін
түсіндіруге алып келеді. Экономикалық құбылыстардың бастапқы нүктесі,
дамыған жиынтығы, барлық қайшылыктарын өз бойында ерекше жүйемен
байланыстырып сипаттайтын меншік ұғымының құрылым элементтерін аныктау аса
маңызды мәселе. Бұл элементтер басқа туынды қатынастар бойында
түрөзгерістерге үшыпғанымен, өзіндік болмысын басқа деңгейлерге ұдайы
қайталап отыру қажет. Сонда ғана, өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштер
даму диалектикасы тарихи - логикалық негізделеді. "Меншік дегеніміз - адам
өмірін ұдайы өндіру" қағидасы меншіктің мәнін, қызметін көрсетеді,
өндірістік қатынастардың алтын кілті қызметін атқарады. Адам өмірінің
танымдык негіздерін жағары ортақ үғым-атау жүйесін - адамдар-дың бәріне
ортақ кұбылыс мәніне сәйкес - қажеттіліктер мен мүдделердің үздіксіз дамуын
ғана көрсетеді. Адамның болмысы - қажеттіліктерінің инстинктен сапалы
қалыптасуы завдылығын, санадағы іс-әрекет, мақсат-мұраттарының (мотиві)
мүддеге өмір сүру қажеттілігі мүдделер арқылы қоршаған ортаға қатынасқа
айналады, яғни "меншік" ұғымын құрайды. Жануардан жабайы адамның, одан һоmо
sapiens-тің шығуы - тарихи меншіктің бастама нүктесі.
Сол себепті,"меншік"ұғымының ішкі элементтері ретінде әлеуметтік
тұлғалардың қажеттіліктері мен мүдделерінің өндіріс факторларына қатынасын
көреміз, яғни осы 3 элемент арқылы меншік конституциясын айқындаймыз.
Өндіріс факторлары деп - біз негізінен жер, өндіріс құрал - жабдықтар
жүйесін және адамның еңбекке кабілетін айтып отырамыз. Экономика
курстарында оған 4-ші элемент - кәсіпкерлікті не 5-ші интеллектуалды
байлықты да қосады. Ал кейбір ғалымдар үшін өндіріс факторларының саны -
олардың ой-қиялымен ғана шектеледі.
Меншік дегеніміз - иемдену қатынасы-қажеттіліктер мен мүдделердің өмір
сүру жағдай - шарттарына қатынасының адам өмірін ұдайы үздіксіз өндіру үшін
болатынын көреміз.
Бұл анықтама, енді, меншікті нақтылы жанды тұлғасы бар, объекті -нысаны
айқындалған, өзіндік ішкі элементтердің белгілі қасиеттерінің жиынтығы
ретінде көрсетеді.
Меншік құрлымының бай мазмұны осымен ғана шектелмейді. Адам жеке өмір
сүрмейді, жабайы тобырдан бастап қауымдастықтың ерекше түрлерінің
шеңберінде ғана өзіндік болмасын қалыптастырады. Қауым,отбасы т.б.
әлеуметтік құрлымдар меншік құрлымына әдеп-ғұрып,салт-дәстүр, мәдениет
элменттерін кіргізеді. Қауым даму заңдылығы - құқықтық қатынастардың
дамуына алып келеді. Меншіктің сыртқы көріну түрі - құқықтық қатынастар,
енді, өз кезегінде шешуші құбылысқа айналады.
Қажеттіліктер мен мүдделер - әлеуметтік қауымдастық түрлеріне сәйкес
меншіктің (полритэкономиялык тұрғыдан) жанды тұлғаларын қалыптастырады:
жеке адам, отбасы, қауым, ру, тайпа,үлыс, ұлт, халық.Бұл тұлғалардың даму
тарихы - меншіктің ішкі құпиясы ретінде тарих, этнографиясы т.б. ғылымдары
шұғылданатын зерттеу нысаны.
Экономикалык теория үшін маңызды - кажеттіліктер мен мүдделердің себеп-
салдарлы, өзара тәуелді байланысын жалпы сипаттау.
Екіншіден, меншік тұлғаларының өзара кіріккен қажеттіліктері мен
мүдделері жүйесінің даму заңдылықтарын белгілеу ғана.
Қауымнан жеке отбасыларының дербес шаруашылық жүргізуге бөлінуі, яғни
өндіргіш кұштер дамуының белгілі кезеңдерінде сәйкес жеке меншік
институтының калыптасуы әлеуметтік қауымдастық даму заңдылықтармен қатар
жүреді.
Жалпы философиялық негізде талдау - адам қажеттіліктерінің
табиғи(материалдық) негіздерімен бірге оның әлеуметтік, рухани
қажеттіліктерінің де үздіксіз дамуын көрсетеді. Осы тұрғыдан, қажеттілік
дегеніміз — адам болмысындағы табиғат пен әлеуметтік факторлардың сезімдегі
тіршілік етуге бағытталған түсінікті ғана бейнелейді. Бұл түсінікті
түйсіктен(инстинкт) ерекшеленуі-ойлау жүйесінің ерекшклігіне байланысты көп
сатылы деңгейде қалыптасады, сезімдік үлгі, мүдделер сипатында
бекиді,қажеттіліктер мен мүдделер үғымдарын жіктеу де ойлаудың абстракциялы
жүйесінде ғана айкын көрінеді.
Қажеттіліктердің жіктелуі - жеке санада ғана жүзеге асады.
Ал,мүдделердің жіктелуі өндіріс жағдайлары мен қоршаған ортаның әсерімен
әлеуметтік кауымдастықтардың әртүрлі деңгейлерінде ұлттық санада берік
орнаған,құқықтық формалар арқылы айқындалады. Мәселен, өзіндік меншік, жеке
меншік, қауымдық не ру-тайпалық меншік,ұлттық немесе қоғамдық меншік
үғымдары - мүдделердің жіктелу туындысы ретінде тарихи - құқықтық формада
бекиді.
Меншік нысандарының даму ерекшеліктеріне қатысты меншік кұбылысы
күрделенеді, әлеуметтік тегеуріді күшке айналады.
Иемдену құбылысын материалдық және адамдық факторлар-дың диалектикалық
тәуелді байланысында зерттеп-талдау ғылыми нәтижелердің сындарлы сипатына
әсерін тигізеді.Барлық қоғамдарға тән - абсолютті ақиқат болуы тиіс
емес,олардың ерекшелігі, өзіндік мазмұны қалыптасады. Екіншіден, ғылыми мен
техниканың дамуына сәйкес меншік объектілерінің өндіріске тартылу сипаты,
мән-мазмүны жаңа әлеуметтік формаларды талап етеді. Мәселен, адамның
еңбекке қабілеті еңбек құралдары дамуымен тығыз байланысты және тәуелді
қатынаста дамып отырады. Осы тұрғыдан, жұмыс күшін немесе еңбек қабілетін
иемдену дегеніміз - жер және еңбек нәтижесі -өндіріс құрал-жабдықтарын
иемденудің ерекше қырын ғана көрсетеді.
Объекті - нысандыры иемдену ерекшеліктеріне байланысты талдауды
жалғастырсақ.
Аса маңызды нысан - жерді иемдену құбылысы, негізінен,2 сипатта
көрінеді. Жер-ана ұғымы оның адамзат ұрпақтарының бәріне ортақтығын
көрсетеді. Тек дамыған қоғамда ғана жерді мемлекеттік шекаралармен бөлу
санада бекиді.
Екіншіден, жер - өндірІстің жалпы негідері ретінде табиғи байлыктардың
қазбалары, жайлымдық және егістік, орман-тоғай,су ресуртары түрінде
өндіріріс құрал-жабдыктары қызметін аткарады. Әлеуметтік қатынастардың
нәтижесінде меншік нысаны ретінде жерге бұл қатынас әртүрлі дәрежеде жүзеге
асады. Оған әсер ететін жағдай ретінде меншік титулын, еңбек құралдарының
бар-жоқтығын, нақтылы еңбек қабілетінің қалыптасу деңгейлерін айтсақ
жеткілікті.(6)
Адам еңбегі нәтижесінде жасалған өндіріс құрал-жабдықтарына меншік
нысаны ретінде иемдену процесі бұрыннан бар, қордаланған байлықты
иемденудің кұкықтық формаларынан туындайды. Бастамасы белгісіз, соңы
көрінбейтін үздіксіз өндіріс процесінің нәтижесі ретінде әлеуметтік
негізделеді. Адамның өзін-өзі меңгеруі, табиғат заттарын игеруі, иеленуі
еңбек процесі аркылы оның нәтижелерін де - иемденуге жол ашады. Кез-келген
әлеуметтік кұрылым осы негізде қоғам негізі -меншік қатынастарын нығайтады,
құқықтық негізде қорғайды(жазба ескерткіштерден - Соломон жазбалары,
Тәукенің "Жеті жарғысы").
Осы меншік нысандары ішінде тарихи шешуші қызмет атқаратын жерге меншік
қатынастары. Мәселен, формациялық даму ілімінің атасы К. Маркс былай
дейді:Жерге меншік қатынастарынан өсіп шығатын өндіріс құрал-жабдықтарына
меншік жүйесі - кез-келген экономикалық жүйенің БАЗИСІН құрайды...
Материалдық (рухани) игіліктері өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну
салаларында осы негізде адамдар олардың еркінен тыс өндірістік қатынастар
жүйесіне енеді...Бұл қатынастар өзінің болмысын анықтайтын өндіргіш күштер
дамуына әлеуметтік шек қояды...
Меншік ұғымы белгілі жүйеде кең өрістеу, даму арқылы аса бай мазмұнды
береді. Жалпы философиялық, политэкономиялық, заң-құқықтық және шаруашылық
мүлік қатынастарының макро-микроэкономикалық деңгейлерде көрініс тұрлерінің
сан-салалы сандык және сапалық қасиеттері тарихи иемдену шарттарына
байланысты. Меншік - жалпы ғылыми ұғым(категориясы)ретінде оның кез-келген
тарихи түрлерінен ерекшелігі иемденудің әдіс-тәсіліне, сипатына және де
ішкі элементтерінің сандық және саплық тәуелділігімен айқындалады.
Потенциалді түрде алғанда “меншік” ұғымы өз бойында "құмыраға қамалған
жынның" сиқырлы күшін жинақтап, мүдделер қозғалысы арқылы болжап
білмейтін,есептелмеген заңдылықтарға алып келетін қүбылыс ретінде
сипатталады. Бұл кұбылыстың жүйедегі орнын, атқаратын қызметін, жүзеге асу
құралдарын айқындау үшін жалпы мүдделердің мақсат-мұратын, тәуелді
байланыстарының қайшылықты бірлігін көрсету керек. Иемденудің қайшылықты
болмысын мына үзіндіден анық бағалауға болады:"...Жеке адамдар әрқашан
өзболмысынан шығады және шығып келеді. Олардың катынасы нақтылы өздерінін
өмір-сүру процесінің қатынасы болып көрінеді. Ал, олардың катынасы
өздерінің дербес, тіршрлігне қарсы тұруы қайдан шығады? Олардың өздерінің
өмір-сүру күштері, оларға үстемдік жүргізетін күштерге айналуы неліктен?
Егер бір сөзбен жауап берсек: накты сәттегі өндіргіш күштерінің дамуына
тәуелді дәрежедегі еңбек бөлінісінен деп жауап беруге болады.
Сол себепті, иемденудін 1-ші шарты болып өмір сүруді ұдайы өндірумен,
қоғамдық еңбек бөлінісімен байланысты белгілі-бір адамдар қаұымдастығы
шеңберінде жеке адам өмірі мен қажетгіліктерін канағаттандыруға бағытталған
мүдделер келіп шығады.
Қандайда болмасын қатынас формасы (меншік-мүдде) сол форма кедергі болуы
мүмкін өндіргіш күштер калыптасқанша тікелей материалдық өмірді-өндірудің
қажетгі шарты ретінде коғамдағы қажеттіліктер мен мүдделер дамуына жағдай
жасауы тиіс.
Иемданудің 2-ші шарты - адамдардың тішілік ету тәсілдерінен туындайтын
материалдық өмірдің жағдайының өзі жеке адам қажеттіліктерінен
қанағаттандыру, тіршілік ету кұралдарын өндірумен байланысты.
К. Маркс бейнелеуімен айтсақ,бүл - 1-ші тарихи акт (іс-әрекет),ал 2-шісі
- "алғашқы қажеттілік, оны қанағаттандыру іс-әрекеті және де игерілген
канағаттандыру кұралдар жаңа қажеттіліктерге бастайды".
Осы 2 шарттан туындайтын иемденудің 3-ші шарты дамудың белгілі кезеңінде
өскелең кажеттіліктерді қанағаттандыру табиғи еңбек бөлінісінен(қауым,
отбасы) қоғамдық еңбек бөлінісіне көшуді анықтайды. Бұл еңбек пен оның
нәтижесін бөлудегі теңсіздікті тудырып, иемденудің қарама-қарсы жағы,
бөтенсу құбылысының мазмүны айқындайды.
Енді, меншік жәй қатынас емес, әлеуметтік жіктелуді көрсететін
әлеуметтік-құқықтық қатынас. Осы тұрғыдан өте қызықты мысал, К. Маркстың
айтуынша:"...Семьядағы құлдық -... өте қарапайым және жасырын - 1-ші меншік
болды. Меншік дегеніміз - бөтеннің жұмыс күшін билеу үғымы бойынша адамдар
қауымдастығындағы адамның өзінің болмысын билеудің ерекше көрінісі..."
Жұмыс күшіне "меншік"ұғымы қауымдық кұрылыс өмірінен де айқын көрінеді
"жеке адамдар өндіргіш күштердің бар жиынтығын иемденуді дербестікке жету
үшін де жүзеге асырады".
Меншіктің мәні, сонымен,өмір сүру үшін адамдар өмір-сүру жағдай-
шарттарын иемдену-бқтенсу қатынастарына кіреді.
Өмір-сүру негіздерін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар еңбек процесі
мен нәтижесін пайдалануда әлеуметтік ерекшеліктерді нығайтып, иемденудің
сандық-сапалык өлшемдерін дамытады. Бұл кұбылыс енді иемдену мен бөтенсудің
айырбас аркылы экономикалық қатынас ретінде аяқталмаған нәтиже мен жаңадан
болатын иемденудің алғы шарты түрінде біртұтас иемдену-бөтенсу кұбылысының
жіктелуін көрсетеді. Сан мен сапаны өлшеу ерекшеліктері иемденудің нақты
көрінісі - экономикалық қатынастар ұғымынан көрінеді.
Енді, иемдену қатынасының мән-мазмұны өзгереді, жануарлар дүниесінен
айырмашылық - жерді, өндіріс құрал-жабдықтарын, жұмыс күшін, өнімді иелену,
меңгеру, пайдалану мәндерінде бекиді. Ой еңбегі мен дене еңбегі
айырмашылығы көріне бастайды.
Жанды тұлғаның заттануы және керісінше объект-нысаннын тұлғалануы санада
бекиді.
Иемдену(меңгеру) адамның өз қасиеттерінен бастап, өндіріс жағдайларын,
нәтижесін, тіптен, әлеуметтік қатынастарды да қамтиды.Енді, экономикалық
қатынастар заң-құқықтық негізде орнығады. Оның негізінде салт-дәстүр, әдеп-
ғұрып, салт-сана, шек қою элементтерінің тарихи даму формасын көреміз. Заң-
құқықтық форма экономикалык қатынастарды өзгертіп, түрлендіріп көрсететін
сиқырлы айна(призма) ретінде өзіндік ерекшекліктерін алып келеді. Бұл бір
жағынан, қауымдастық мемлекеттік негізде даму ерекшеліктерінен туындайды.
Ал, екіншіден, еңбек(өндіріс) кооперациясына байланысты. Мәселен, қандай да
болмасын еңбек процесін ұйымдастыру адамдарды Іс-әрекеттің түр-түріне
сәйкес қабілетімен жіктеп, белгілі қызметті атқаруға міндеттейді.Еңбекті
ұйымдастыру, көп адамның еңбегін бір мақсатқа сәйкес жұмылдырып, басқару -
меншік тұлғалар мен нысандарына ерекше сипат береді.
Меншік экономикалық қатынастардың бүкіл жүйесінде көріне отырып, оның
негізін, құрлысын айкындайды. Осы аркылы әрки-лы өндіріс тәсілдеріне
дамудың көзіне айналады. Адамзат қоғамындағы иемденудің ерекшелігіне
байланысты, яғни табиғат заттарын иемдену - адамдар үшін, адамдар
арасындағы болатын катынасты,-өз еңбегі өнімдерін иемденудің алғышарттары
ретінде сипаттайды. Меншік иемдену еңбек мәнімен үндеседі. Бұдан еңбек
процесінің мән-мазмұны толықтырылуына сәйкес меншік пен еңбектің
ұқсастық(айырмашылық) заңы шығады.(І)

1.2 Меншік қатынастарының даму заңдылықтары
Ғылыми талдаудың ерекшелігі нәтижесінде меншік қатынастарының пайда
болуы және қазіргі өмір сүру жағдайлары мен іс-қызмет ету
шарттарын(жағдайларын) айқындау кез-келген қоғамдық кұрылысқа қатысты
нәрсе. Буржуазиялық жеке меншік немесе социалистік мемлекеттік меншік
қатынастарының пайда болу, даму заңдарына сәйкес келуі тиіс. Бұл кез-келген
реформаларды тұрпайы(анайы)қорғаудан да анағұрлым күрделі міндет.
Еңбек пен капитал қайшылығы әсірелеп көрсету немесе олар-дың үйлесімділігін
ғана бейнелеу нақтылы өмірдің қайшылықтарын ғылыми талдауға, әлеуметтік
реттеуге бөгет жасайды. Мәселелен, К. Маркс меншікті - "адамдардың
қауымдастығы арқылы жүзеге асатын жеке адамдардың табиғи еңбек жағдайларына
және өзіне тән (жағдайларды) ұдайы өндірудің объективті шарты" деп
пайымдайды. Ғылыми ұғым күрделі қатынасты көрсете отырып өзіндік мәнге ие
болды: меншік дегеніміз - қажеттіліктер мен мүдделер жүйесінің адамдардың
өмір сүру жағдай-шарттарым(өндіріс факторларымен) қайшылықты бірлігі.
Анықтама арқылы, енді меншікті мәнсіз ұғым емес, нақтылы элементтер
жүйесі,заңдылықтары айқындалауы мүмкін ғылыми ұғым ретінде танып білеміз.
Сонымен қатар, анықтама арқылы меншіктің күрделі ұғымдар(категориялар)
өндіргіш күштер және өндірістік катынастармен байланысын жұйелеуге жол
ашылды. Мәселен, базис, т.б. өндірістік қатынастар меншікпен байланысты
айқындалады.
Екіншіден, адамның өзінің дамуы, болмысы өндіргіш күштер элементтері
ретінде олардың еңбекке қабілетімен, еңбек кооперациясының өнімділік күші
арқылы техника-технологиялық байланыстармен тығыз байланысты. Сол сияқты,
адам болмысының дамуы-оның күрделенген қажеттіліктері мен мүдделері арқылы
өндірістік қатынастардың барлық элементтеріне тікелей әсер етуші әлеуметтік
формаға айналады. "Меншік"ұғымындағы негізгі 3 элементтің ғана өзара
қайшылықтары мен зандылықтарын айқындау қоғамдық дамудың генетикалық кілтін
табумен бірдей.
Экономикалық әдебиеттерде иемденудің құқықтық негідерінен бастау алатын,
оның политэкономиялық мәнін терістейтін жағдайлар жиі кездеседі. Мәселен,
иелену, билеу, пайдалану құқықтарының экономикалық мәні жоқ, тек, құқықтық
немесе мемлекеттік форма деген пікірі кең орын алған.
Сыртқы қайшылық көптеген әсер етуші күштердің әсерінен ішкі
қайшылықтарды мүлдем басқа сипатта көрсетуі мүмкін. Мәселен, әлеуметтік
жіктелу құбылысы кейбіреулер үшін жеке адам, ұлыстардың жалқаулығынан
туындайтын сияқты болып көрінеді. Немесе өз тарихымызда болған "қоғамдық
меншікке бейтараптық, бөтендікі "деп қарау, қарадүрсін жалған ғылыми
сипаттамаларда жеке меншіктің абсолютті прогрессивті мәні туралы пайымдауға
жетелейді. Ал, ішкі қайшылықтар дамуы, сыртқы факторлар әсері туралы жүйелі
көзқарастар кітаптарда ғана қалды. Осындай "түсініксіз
құбылыстардың"қатарында көлеңкелі экономиканың күшеюі мен мемлекеттік
ақпараттың парақорлық адам болмысынан бар деп уәж айтады. XX ғасырдың
(кейінгі 80-жылдардағы)тарихи эксперименттерге теориялық негіздерді алып
қарасақ, көп жағдайларда ғалымдар мен саясаткерлер қоғам дамуындағы теріс
нәтижелері тек мүдделер қозғалысымен байланыстырады. Қазан револю-циясынан
кейін меншікті тікелей мемлекеттендіру, коммуналау,ұжымшарлау т.б.
құбылыстар, негізінен, жеке меншікті жойып, жоғары дамыған меншік түрлеріне
күштеу арқылы өтуді теориялық жағынан "дәлелдейді". Концепцияның діңі
ретінде адамның жеке мүддесіне қарама-қайшылығын жою (шешу) пікірі
әсіреледі.
Экономикалық жүйелердің прогрессивті сипатын тек қана меншіктің сыртқы
көріну формаларымен байланыстыру, советтік жүйедегі мемлекеттік меншікті
жалпы халықтық, қоғамдық меншіктің ең жоғарғы прогрессивті турі ретінде
жеке меншікке, басқа меншік турлеріне жасанды түрде қарсы қою идеологиялық
сипат алып, меншік қатынастарының диалектикалық байланыс-тарын терістеуге
алып келеді. Меншік диалектикасы, оның сыртқы түрлері қайшылығын қайнар
көздері, экономикалық қүбылыстардың мәніне сәйкес, ұғымның-атаудың ішкі
қайшылықтарының мән-мазмұнымен анықталатынын көрсетеді.
Кез-келген экономикалық ұғымдар жүйесіндегі: кайшылықтар себеп-
салдарлы байланыста өзара тәуелді дамитын құбылыстар көрсетеді. Меншік
формаларының арасындағы қайшылықтар нақтылы өмірде олардың тиімділігін
дәрежесімен анықталады, ал олардың өмір-шеңдігі критерийі(өлшем бірлігі)
нарық зандылықтары шаруашылық түрлерінің тиімділігін, олардың әлеуметтік-
экономикалық жіктелуін объективті құбылысқа айналдырады.
Құбылыстың сыртқы көріну формасы мен ішкі мәні сәкес келмейді Мәселен,
өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген
патриархальды(натуралды)шаруашылық пен жәй тауар өндірісін салыстыру елеулі
айырмашылықтарды көрсетеді. Оқшауланған дербес өнім өндірушілер өз
қажеттерін өздері өтейді, жеке меншігі тек өзіне қызмет етеді. Ал, жәй
тауар өндірісі базар айырбас арқылы өзгелердің қажеттілігін
қанағаттандырады, қоғамдық мәнге ие болады. Қоғам тарапынан тікелей
әдістерімен жеке меншік институтына қол сұғуға шектелген, керісінше, жанама
әдістер,құралдар мен тетіктер кең пайдаланылады.(З)

1.3 Меншіктің ұйымдық-құқықтық түрлері мен
формаларына сипаттама

Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та,
негізгі мөселе меншіктің айналасына тапталады. Сондықтан да болу керек,
меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.
"Меншік" үғымын 2 мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық
категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық
тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтар мен оның өнімдеріне иелік ету
жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар . Меншік - қоғам өмірінің
негізгі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік, құқыгы
- қондырманың элементі болып саналғанымен, қоғамның белгілі бір даму
кезеңінде санатқа(базис) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да
шығуы мүмкін.
Оған бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты,экономикалық
қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасап
отырған біздің эқономикалық заңдарымыз.
Меншікті зандылық-құқықтық тұрғыдан қарастыру да маңызды. Меншік - заң
категориясы ретінде құқық нормаларында белгіленгендей меншік объектілерін
иемдену, пайдалану қатынасын көрсетеді. Алайда мүліктік қатынас өндірістік
қатынастарды құқықтық нормасы ғана емес, мораль нормалары, дәстүр
нормаларын қабылдау,жәй әділеттік ережелері т.б. арқылы да көрсетеді.
Қоғамда меншікті 2 түрге бөліп қарастырады: жеке меншік және қоғамдық
меншік. Осы 2 меншік мәселелері өткір талас пікірлер туғызады. Осыған
байланысты ғылыми пікірлер К. Маркстің еңбектерін мүқият қарауды ұсынады.
Ол түсінікті. Өйткені жеке меншік мәселесіне К. Маркс еңбектерінде қатаң
үкім шығарылып бағаланғаны да баршаға мәлім. Дегенмен, шындыққа жүгінетін
болсак, К. Маркс "Капиталында" бұл категорияға көп қырлы, көп мәнді
пікірлерін айтқанын ескерген абзал.
Алғашқы қауымдық меншік орнына келген жеке меншікті К.Маркс прогрессивті
құрылыс ретінде бағалады. Бұл қосымша өнімнің пайда болуымен байланысты
экономикалық оқшаулану (қоғамдық еңбек бөлінісін алғанда)тауарлы, рыноктық
шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуының қажетті шарты."Адамның жеке дара
оқшаулануы белгілі тарихи процестің нәтижесі. Айырбастың өзі осы жерде дара
оқшауланудың басты тетігі. Ол қауымдық сатыны керек етпейді, оны
ыдыратады".Алғашкы қауымдық кұрьілыстың өндірістік қатынастарының шектеулі
сипаты туралы айта келе К. Маркс, бұл қоғамда "...қоғамның, не жеке бастық
еркін және толық мағынада дамуы мүмкін емес " деп жазды.(2)
Сонымен, жеке меншік-адамның адам ретінде жеке басының қалыптасуы мен
алғашқы қауымдық жабайлық сипатынан ерекше бөлініп шығуына үлкен ықпал
жасады.
Адамзат қоғамыньщ даму тарихында меншіктІң тайпалык. немесе кауымдастық
түрі белгілі. Алғашқы тұрмыстық кауымдастықты ыдырауы, отбасының бөлінуі
және соның негізінде жеке меншік пайда болды. Жерге - жеке адам меншік иесі
болып, оны өндіру сол адамға және оның отбасына берілді.
Өзін басқа отбасы қауымдастығының шапқыншылығынан қорғау үшін қайтадан
қауымдастыққа біріге бастап, қауымдастық меншігін қүрады. Қалалық мекендер
құрылып, қалаға берілген жерлер қауымдастық меншігіне айналады. Бұл жерде
қауымдастық меншік мемлекеттік меншіктің бейнесі ретінде көрінеді.
Тіпті, ерте дүниенің өзінде-ақ ұжымдық (қоғамдық), жеке еңбектің және
мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады.
Осылардың ішінен кейінрек жеке және мемлекттік меншік түрі көбірек дами
түсті. Мемлекеттік меншік - өзінің барынша дамуын әкімшілік-әміршілік
экономика-лық жүйеде, бұрынғы КСРО-да (1917-1991) жүзеге асырылып, оның
үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрлымында 88,6%-і қүрады. Алайда,
нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі -5%-дан
30%-ға дейін ауытқыды.
Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мем-лекеттік меншік
басқа меншік түрлерімен салыстырғанда тиімді болуы мүмкін. Ол оның
атқаратын қызметімен: жалпы қоғамның экономикалық даму стратегиясының
қалыптасуы, экономиканың салалық құрлымының оңтайландырылуы нәтижесінде
адамға бағытталған ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізу арқылы
сабақтастырылады.
Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болуы нақты өмірде жағымсыз
тұстарға, яғни мемлекеттік монополиялардың пайда болуын алып келеді. Ол
экономика үшін аса қауіпті еді: мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға
үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жою жүзеге асты және
тапшылык пайда болды. Қанағаттандырылмайтын сұраным қалыптасты.
Осы дан мынадай тұжырым жасауға болады: мұнда мемлекеттік меншікті жою
емес, оның монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме болып отыр.
Жеке меншіктің дамуы ХІХ-ғ-ң 2-ші жартысының ортасына дейін жүзеге
асты. Ғылыми-техникалық революцияның әсерінен ХІХ-ғ-ң 2-ші жартысынан жедел
түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік немесе
корпоративтік меншік, баскаша айтар болсақ, топтық немесе ұжымдық меншік.
Батыстың экономикалық теория мектебі "жеке" термин ретінде кез-келген
мемлекеттік емес мүлік, шаруашылық, кәсіпорынды түсінген.
Жеке меншік ұғымы тұрғысынан өз еңбегімен жасалған жеке еңбектік және
еңбектік емес меншікке бөліп қараймыз. Соңғысын-да заңды негізде жасалған
жер учаскісі табысы мен жалға берілғен басқа да қозғалмайтын мүлік, банкке
салынған пайыз бойынша және баска көздер (жәрдемақы, стипендия, зейнет ақы
жәнет.с.) есебінен жасалады.
Жеке меншіктің гүлдену кезеңінде еркін бәсеке барынша қарқындап, жеке
кәсіпкерлердің өндіріс тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе
жаткдн қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Сондай-ақ оның теріс
тұстары байқалады: артық өндірудің экономикалық дағдарысы, жеке меншік -бүл
билеп-төстеушінің, ешкім шектемейтін иегердің(иегердің өз еркі ғана бәрін
шешеді) меншік өнімімен байланысты еді. Сондықтан, мемлекеттің араласуы
қажет болады. Қазіргі өркениетті қоғамда меншік иесі мінез-құлықының
белгілі ережелері жасалған, соны-мен қатар артық өндіру экономикалық
дағдарысын есқерту туралы шаралар карастырылған. Жеке меншік жаңа бағыт
алуда және оның келешеғі алда.
Әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің, сондай-ақ өзінің мағынасы да
өзгереді. Қазіргі уақытта жеке меншік - жекеленген (еңбектік және еңбектік
емес) ғана емес, сондай-ақ ұжымдық (топтық), ақционерліқ 2 қооперативтіқ
түрде меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.
Рынокқа өткенге дейін ҚР-да кооперативтік меншік-колхоздың, кооператив
меншіктің, тұтыну корпорацияс, тұрғын-үй, құрылыс және басқа да
кооперативтіқ ұжыммен көрсетеді. Қазірғі жағдайда ол-акционерлік
меншік,біріккен, аралас қәсіпорын меншіктерімен толықтырылады.
Көптеген әлем елдерінде меншіктің кооперативті түрі жан-жақты дамыған.
Айталық, өндірістіқ кооперативтер - бұл тауар мен қызмет көрсетуде бірге
өндіру мақсаты азаматтардың өз еркі. Кооперативтер — Англияда ХІХ-ғ-ң
басында пайда болып, кейірек мұндай ұжымдар көптеген батыс Еуропа
елдерінде, АҚШ-та кеңінен тарады. Алғашқы кооперативтер Дания мен Швецияда
ауыл шаруашылык өнімдерін өңдеу және өткізу бойынша пайда болды. Тек 100
жылдан сон әлемнің 12 елінде олардың үлесіне ауыл шаруашылығы өнімінің
60%-ы келді.
Казіргі кезде олемдік кауымдастықта тұтыну кооперациясы озінің кызметін
калада да, ауылдык жерлерде де жүзеге асырады. Ол ортүрлі фирмалар және
ұйымдармен кең, халықаралық байланыста болады.
Меншіктің бір түрінен басқасына өтуі эволюциялық жол мен бәсекелестік
күрестің, өндіргіш күштер дамуының және ҒТР-дың негізінде асады (мысалы,
ХІХ-ғ-ғы акционерлік меншік түрінің пайда болуы) немесе одақта болған
мемлекеттік және колхоздық меншіктің зорлық-зомбылық жағымен қалыптасуын
айтамыз.
Муниципиалды меншік мемлекеттік және баска меншік түрлерімен
салыстырғанда өте ерекше болып табылады. "Муниципиал"-латынның
"municipialis" немесе немістің "munizipalitet" сөздерінен шыкқан, "қаланы
басқару" деген ұғымды білдіреді.Ал, латынның "municipium" сөзі "қаланы өзін-
өзі" басқару құқығын білдіреді. Әдетге муниципиалды меншікке өкіметұйымдары
мүлік және әкімшілік-аумақтық кұрылымдарды басқару жатады. ҚР-да осындай
мүліктер - коммуналды меншік деп аталады.

ІІ Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары
мен нәтижелері
2.1 Экономикадағы жекешелендіру процесінің шетелдік тәжірибелері

Қазақстанда шағын жекешелендіру аяқталған болатын. Бұл бағдарлама
бойынша кептеген объектілер жекешелендірілген еді. Қазіргі кезенде
жекешелендіру процесінің тиімділігін артыру үшін Қаржы министірлігі
меншіктің бірыңғай мемлекеттік реестірін құрды. Қай мемлекет болсын, қай
меншік иесі болсын өзінің қарамағында не байлықтың бары білгісі келетіндей
заңды құбылыс. Әрине, мемлекет байлығы әртүрлі. Заңды тұлғалар түріндей
меншіктен басқа жер, оның қойнауы, су, табиғи ресурстар, жануарлар,
өсімдіктер әлемі және тағы басқалар. Бара-баражер реестірін,
республикамыздың табиғи байлығы реестірін құры көзделуде. Бұл әрине, көп
жұмысты қажет етеді. Бірақ, онсыз еліміздің барлық нақты активтері туралы
толық мағлуматқа ие болу мүмкін емес. Бүгінгі күні реестірде 23000-дай
заңды тұлғалар тіркелген. Бұл тізім күн сайын толығуда. Тақауда реестірге
заңды тұлғалардың жылжымайтын мүліктері, көліктері туралы да мағлұматтарды
кіргізу туралы шешім қабылданды.
1998 жылы ҚР каржы министірлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
Департаменті мемлекеттік мүлікті жекешелендіру саласындағы өз жұмыстарын
жалғастырды. Мемлекеттік меншік объектілерін сату негізінен аукциондарда,
тендерлерде, қазақстан қор биржасында жүргізілді. Мысалы: Алматы ауыр
машина жасау зауыты АҚ-ның жарғылық қорының 31,9% болып табылатын
мемлекеттік пакет акциялары 105,3 млн теңгеге,"ТұранӘлем Банкі"
ЖАҚ-ы 72млн АҚШ долларына, "Промикатор "АҚ-ның 90%мемлкеттік пакет 2 млн
теңгеге, 'Тербициттер"АҚ-ның 90% мемлекеттік пакеті 47 млн ЖАҚ-ы 72млн АҚШ
долларына, "Промикатор "АҚ-ның 90%мемлкеттік пакет 2 млн теңгеге,
"Гербициттер"АҚ-ның 90% мемлекеттік пакеті 47 млн теңгеге, "Геотекс" АҚ-ның
90% мемлекеттік пакетің 2 млн АҚШ долларына сатылды. Сонымен қатар
төмендегі кәсіпорынның мүліктері мен мүлік кешендерін өткізу бойынша
тендерлер өткізілді: Шикісай тау-кен байыту комбинаты мен Көктау руднигінін
мүлік кешендері (сатылу бағасы -50 млн теңге), Жомарт Үшқатын станциялары
темір жол учаскесінің мүлік кешендері (сату бағасы -16,9 млн теңге)
"Қазфосфор" АҚ-ы мүлігінің бір бөлігі 11030000 АҚШ доллары. Кейбір
кәсіпорындар жеке жобалар бойнша сатылды.Соның ішінде 31% мемлекеттік пакет
акциялары үшін 180 млн теңгеге сатылған .(39% мелекет акциялары)
"Техеспастка"АҚ-ы бар. Осы 1998 жылы жеке жобалар бойынша жекешелендіруден
республика бюджетіне 5247152 мың теңге түсіп, сатылған 503 АҚ мен ЖЖС-
терден түскен сапа 646194 мың теңге болды.
Жаруашылық серіктестердің мемлекеттік үлестерін сатуда Оңтүстік Қазақстан
-88%, Жамбыл-85%, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласы-80% болып, алда
келе жатса,Павлодар-43%, Батыс Қазақстан-61%, Шығыс Қазақстан облысы-
62%болып артта келеді.
"Көгілдір фишкалар" бағдарламасы бойынша ірі кәсіпорындардың мемлекеттік
пакет акцияларының бір бөлігін сату бойынша жұмыстар жүргізуде. 1998 жылы
төрт "көгілдір фишкалар, “Маңғыстаумұнайгаз”, ”Ақтөбемұнайгаз”, "Қазақмыс
корпорациясы","Өскемен титан-магни комбинаты" АҚ-ларыныңакцияларын
жайғастыру бойынша келісім шарттарға қол қойылса, қазіргі кезде
"Қазхром","Қазмырыш","Қазақстан алюминий","Соколов-Сарыбай кен байыту
өндірістік бірлестігі" АҚ-ларының акцияларын жайғастыруға тендер
жарияланды.
Қазіргі кезенде Қазақстан қор биржасында сатылымғақойылып жүр. 1999 жылдың
25 қаңтарындағы жағдайға карағанда мемлекеттік меншікте 1794 АҚ мен ЖШС-
тіктердің мемлекет акциялары бар. Соның 563-інде мелекеттің үлесі -33%, 387-
сінде 33% пен 51% аралығында, 844-інде 51%-тен көп болып түр.1998 жылдың 7
қарашасындағы жағдай бойынша 122 АҚ-ның мемпакет акциялары сенімдік
басқаруда болса, 157 АҚ-ның мемпакеті шүғыл басқаруға берілді. Осы орайда
министірліктің жанынан таяуда бақылау-тексеру басқармасының қүрылғанын да
айта кетпеске болмайды. Бүл жаңа ведомствоның негізгі мақсаты мемлекеттік
кәсіпоындардың, шаруашылық серіктестіктердің,акционерлік қоғамдардың
қаржылық-шаруашылық жұмыстарына ревизиялар мен тексерулер жүргізу. Сонымен
қатар жаңа құрылымның міндетіне инвестициялық тендерлер арқылы мемлекеттік
мүлікті жекешелендіру кезінде жасасқан келісімдердің, фирмалар мен
компаниялар басқарушыларының алған міндеттемелерінің орындалу барысын
қадағалау да жатады. Бүрын министірлік бүндай механизмге ие болмағандықтан
жекеменшік консалтингтік фирмалардың қызметіне жүгінетін. Ал олар болса
компаниялардың өздері берген материалдарына талдау жасау мен ғана
шектелетін. Енді жекешелендіру Департаменті жағдайды терең талдап, тіпті
Шартты бұзуға дейін баратын ықпал ету механизіміне ие болды десек артық
айтқандығымыз болмас. 1999 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағасын үш
жылдың ішінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру
Қазақстан Республикасында меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру
Қазақстандағы жекешелендіру бағдармаламысының теориялық мәселелері
Мемлекеттік меншіктің үлесі
Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу мәселелері
Жекешелендірудің экономикалық аспектілері
Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік секторы
Мемлекет жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы
Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасуы. Қазақстандағы меншік қатынастарының артықшылықтары мен кемшіліктері
Пәндер