Алматы қорығының физикалық – географиялық ерекшеліктері
КІРІСПЕ
.тарау. Алмыты мемлекеттік табиғи қорығының физикалық.географиялық жағдайы
1.1.Алматы қорығының физикалық.географиялық орны
1.2.Алматы қорығының жер бедері мен ауа.райы
ІІ.тарау. Алматы мемлекеттік табиғи қорығы
2.1. Ормандары мен өсімдіктері
2.2. Жануарлар дүниесі
2.3. Алматы қорығының болашағы
2.4. Қазақстанда қорық ұйымдастыру ісінің болашағы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Жұмыстың өзектілігі: Қорық дегеніміз не?Алматы қорығының құрылуындағы мақсаты қандай? Алматы қорығының физикалық-географиялық ерекшелігі қандай?Алматы қорығындағы ерекше қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктері дүниесі қандай? Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы қандай?
Қорықтар – бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық аймағына шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тиым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы-географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. бұл жерлердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі ғана. Сол себепті де қорықтарды соңғы кезде ашық аспан астындағы нағыз « табиғат лабораториясы » деп те атап жүр. Өйткені, мұнда ұзақ жылдар бойына табиғат комплекстерін табиғи жағдайда ғылыми терең зерттеу, « табиғат жылнамаларын » жүргізу сияқты алуан түрлі жұмыстар жүзеге асырылады. Қорықтарда тек саны азайып, жойлып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар, өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтылары, жалпы табиғат комплекстері сол қалпында сақталады. Міне, сондықтан да болашақ ұрпаққа табиғат байлықтарын кемеліне келтіре көркейген қалпында табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше.
Анықтамасы бойынша қорық - назар салып бақылау және зерттеу құралы. Оны ұйымдастырған алғашқы жылдардан бастап онда ҚР ҒА зоология институты мен ҚАЗМУ мамандары ғылыми жұмыстар жүргізуде. «Қорғалжын қорығының құстары» атты монография –осы бір қызық аймақтың көп жылдық зерттеулерінің нәтижесі. Осыдан басқа мұнда үлкен ағартушылық жұмыстары да жүргізілуде. 1978 жылы экскурсиялық қызмет бөлімі құрылған болатын, оның қызметкерлері мерзімді басылымдарда 200 мақалалар басылған, 600-ге жуық лекциялар, әңгімелер өткізілген. Қорық табиғаты мұражайының қонақтары-Қорғалжын және астана мектептерінің оқушылары. Мұражайда дала және көлді жерлердің фаунасы мен флорасын бейнелейтін бай экспонаттар коллекциясы жиналған. Табиғаттың керемет бұрышы туралы бірнеше ғылыми-деректі фильмдер түсірілген.

1. Қ 18 «Қазақстан қорықтары» Т. 1 – Алматы, «Санат», 2008. – 339-349 беттер
2. Ж. Жанысбаев «Алматы қорығы» Алматы 2005,155-178 беттер
3. Ә.С. Бейсенова «Экология» Алматы 2000, 154-166 беттер
4. Ғ.С. Гарапова, Н.М. Жақанбаева «География» Алматы 2007,114-116 беттер
5. Ұ. Есназарова «Қазақстанның физикалық географиясы» Алматы 2002,245-247 беттер
6. Н.В. Нелина «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары» Алматы 2004,104-110 беттер
7. Т.Байболат, Р.Н.Кенжебаева «География» Шымкент 2005,24-28 беттер.
8. «Энциклопедия для детей» Алматы 1997,3-5 беттер
9. Ә.С.Бейсенова «Қазақстанның географиялық атласы» Алматы 2005,3-20 беттер.
10. Егеменді Қазақстан 2005-2006,№1235 11.05.24.№4377 12.06.28.
11. М.К.Нұрмағанбетов «Жер судың аты,тарихтің хаты» Алматы 2003,5-15 беттер.
12. «География және табиғат» 2006,№6

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 3-5
(-тарау. Алмыты мемлекеттік табиғи қорығының физикалық-географиялық жағдайы
1.1.Алматы қорығының физикалық-географиялық орны ... ... ... 6-7
1.2.Алматы қорығының жер бедері мен ауа-райы
... ... ... ... ... ...7-8
((-тарау. Алматы мемлекеттік табиғи қорығы
1. Ормандары мен өсімдіктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-11
2. Жануарлар дүниесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11-
15
3. Алматы қорығының болашағы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.4. Қазақстанда қорық ұйымдастыру ісінің болашағы ... ... .16-20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
-22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 24-28
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Қорық дегеніміз не?Алматы қорығының құрылуындағы
мақсаты қандай? Алматы қорығының физикалық-географиялық ерекшелігі
қандай?Алматы қорығындағы ерекше қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктері
дүниесі қандай? Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы қандай?
Қорықтар – бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы.
Қорық аймағына шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен
құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю
және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін
әрекеттерге тиым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды
шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге
болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол
аймақтың ландшафтылы-географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет.
бұл жерлердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуынсыз табиғи
жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі ғана. Сол себепті де
қорықтарды соңғы кезде ашық аспан астындағы нағыз табиғат
лабораториясы деп те атап жүр. Өйткені, мұнда ұзақ жылдар
бойына табиғат комплекстерін табиғи жағдайда ғылыми терең зерттеу,
табиғат жылнамаларын жүргізу сияқты алуан түрлі жұмыстар жүзеге
асырылады. Қорықтарда тек саны азайып, жойлып кетуге жақын тұрған
хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай,
сонымен қатар, өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтылары, жалпы табиғат
комплекстері сол қалпында сақталады. Міне, сондықтан да болашақ ұрпаққа
табиғат байлықтарын кемеліне келтіре көркейген қалпында табыс етуде
қорықтардың алатын орны ерекше.
Анықтамасы бойынша қорық - назар салып бақылау және зерттеу құралы.
Оны ұйымдастырған алғашқы жылдардан бастап онда ҚР ҒА зоология институты
мен ҚАЗМУ мамандары ғылыми жұмыстар жүргізуде. Қорғалжын қорығының
құстары атты монография –осы бір қызық аймақтың көп жылдық зерттеулерінің
нәтижесі. Осыдан басқа мұнда үлкен ағартушылық жұмыстары да жүргізілуде.
1978 жылы экскурсиялық қызмет бөлімі құрылған болатын, оның қызметкерлері
мерзімді басылымдарда 200 мақалалар басылған, 600-ге жуық лекциялар,
әңгімелер өткізілген. Қорық табиғаты мұражайының қонақтары-Қорғалжын және
астана мектептерінің оқушылары. Мұражайда дала және көлді жерлердің
фаунасы мен флорасын бейнелейтін бай экспонаттар коллекциясы жиналған.
Табиғаттың керемет бұрышы туралы бірнеше ғылыми-деректі фильмдер
түсірілген.
Шынында да, кең-байтақ республикамызда қорықтардың жетіспеуі кімді болса да
ойландырмай қоймайды. Қазақстанда әр жылдары ұйымдастырылған Ақсу –
Жабағылы (1926), Алматы ( 1934), Наурызым (1959), Барса-келмес
(1939), Қорғалжын (1968) және Марқакөл (1976), Үстірт (1984),
Батыс Алтай (1992), Алакөл (1998) қорықтары бар.
Осы орайда Қазақстан қорықтары республикамыздың табиғат байлықтарын қорғау
ісіне орасан зор үлес қосып отырғандығын айта кетпеске болмайды.
Мемлекеттің табиғи қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондары,
реликтілері, ғылыми зерттеулерге, білім беру – ағарту ісіне, туризмге және
рекреацияға арналған объектілер ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени
жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.
Қорықтардың басты мақсаты – табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы
тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат
кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық
әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.
Енді, Қазақстандағы қорықтардың бүгінгі жайымен танысып,
республикамыздағы қорық ұйымдастыру ісінің ертеңіне көз жібергеніміз жөн
секілді.
Алматы мемлекеттік табиғи қорық қызметкерлерінің алдындағы мақсат
қорық болашағын дамытуды дұрыс жолға қою.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығыны туралы көптеген отандық ғалымдар,
сонымен қатар шетелдік ғалымдар өз еңбектерін арнаған. Олар: Е.В. Ишков,
Н.В. Нелина Алматы қорығы еңбегінде, Әлия Бейсенованың Экология атты
кітабында Алматы қорығының физикалық – географиялық ерекшелігі туралы
баяндалған.
Менің курстық зерттеу жұмысымның мақсаты: Алматы қорығының
физикалық – географиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Қорық дегеніміз не?
2. Алматы қорығының құрылуындағы мақсаты қандай?
3. Алматы қорығының физикалық-географиялық ерекшелігі қандай?
4. Алматы қорығындағы ерекше қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктері
дүниесі қандай?
5. Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы қандай?
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Е.В. Ишков, Н.В. Нелина Алматы қорығы
еңбегі, Әлия Бейсенованың Экология атты кітабы бойынша.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Алматы қорығының физикалық – географиялық
ерекшелігін анықталып,Алматы қорығы туралы қазақ тіліндегі әдебиеттер
қатары толықтырылды.
Зерттеудің практикалық мәні: Алматы қорығындағы жоғалып бара жатқан
жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап қалуға және дамытуда қажетті
практикалық құрал болып табылады.
Курсттық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
қосымшадан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I-тарау. Алматы қорығының физикалық-географиялық жағдайы
Алматы қорығының физикалық-географиялық орны
Алматы мемлекетттік табиғи қорығы алып тұлғалы Алатау қойнауында
орналасқан. Бұл қорық Іле Алатауындағы Кіші Алматы орман
шаруашылығының территориясында 1931 жылы ұйымдастырылды. Бұдан кейінгі
жылдары қорықтың жер көлемі бірнеше рет өзгерді. 1935 жылы қорық
территориясында Үлкен Алматы, Талғар, Есік, Түрген, Шелек, Таушелек,
Табанқарағай орман алқаптары қосылды. Ал 1936 жылы оған тағы да
Сөгеті даласы, Бұғыты тауы және Іле өзені жағасында САрышаян мен
Қаракүлтек жері енді. Ол кезде қорықтың, жер көлемі 856,7 мың
гектарға дейін жеткен.
1937 жылдан бері қорықта ғылыми бөлім жұмыс істей бастады.
1943 жылы Алатау өңірінде орналасқан бұл қорық территориясында 14
мыңдай қарақұйрық мекендесе, соның, жартысын майдан мақсаты үшін
аулауға рұқсат етілді. Күнгей және Іле Алатауындағы ормандардан
ағаш дайындау жаппай өріс алды.
Бірақ Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін қорық
территориясының көлемін қысқарту ешбір дәлелге сиймайтын сияқты еді.
1946 жылы Таушелек орман алқабы сол кездегі Орман шаруашылығы
министрлігіне берілді, ал одан кейін қорық қарамағына тек Шелек
орман алқабы мен тау етегіндегі далалық учаскелер қалдырылды. 1952
жылы бұл қорық жабылып қалды да ондағы жұмыс тоқтатылды.
Алматы қорығы әуелі Табанқарағай орман алқабында қайтадан
ұйымдастырылды. Ол кезде қорықтың орталығы Шелек селосында болатын.
1964 жылы бұл қорыққа Талғар өзендерінің сол және оң жақ
қабағында өскен орман алқабы берілді. Оған Іле өзені жағасында
орналасқан Әнші тау кіреді.
Қазір Алматы қорығының территориясы 89,6 мың гектар. Бір-
бірінен оқшау екі учаскеден тұрады. Оның бірі – Іле Алатауының
орталық бөлігінде орналасқан таулы аймақ (көлемі 71681 га),
екіншісі Қалқан шөлді аймағы (17850 га). Қорықтың орталығы Алматы
қаласынан 25 шақырым жерде, Талғар қаласына таяу орналасқан. Онда
ғылыми лаборатория мен музейі, қорық, қызметкерлеріне арналып
салынған үйлер бар.
Қорық қызметкерлері алдында ғылыми жұмыстардан басқа, осы
өлкенің табиғат байлықтары – жануарлар мен өсімдіктер дүниесін,
таудың сұлу көрікті орындарын өз қалпында сақтап, келесі ұрпаққа
жеткізу міндеті тұр. Алматы қорығының негізгі ғылыми міндеті – Іле
Алатауы қойнауындағы табиғат кешенін қорғай отырып, оны жете
зерттеу болып табылады.[1]
Алматы қорығының жер бедері мен ауа-райы
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы Іле Алатауының теріскей
беткейінен орын тепкен. Биік шыңдарын мәңгі мұз бен қар басқан
сұлу шыршалы ормандарына қараса көз тоймайтын кімді болса
қызықтырмай қоймайды. Ғажап қой, тау іші шіркін! Тау шыңынан күн
сәулесі көтеріле орман іші құстардың әніне бөленеді. Алатау
бауырында сылдырап аққан мөп-мөлдір өзендер мен көкорай шалғындары,
шыршалары, қия шатқалдары көздің жауын алып, табиғаттың бізге
тартқан жомарт сыйын ардақтап, қорғаңдар дегендей болады.
Алматы қорығына Іле Алатауының орталық бөлігі – теңіз деңгейінен
1400 – 5017 м биіктік аралығында онналасқан Талғар тау жоталары
енеді. Жер бедері күшті тілімденген. Жерінің 25 гектарын тасты
құздар алып жатыр. Топырағына эрозия зор әсер еткендігі көзге ұрып
тұр.
Оның үстіне қорық территориясына ән салатын құмды таулар
кіреді. Шағын ғана жері бар осы қоныста табиғаттың әр алуан
көріністерінің ұштасуы ғажап-ақ.
Шөлді аймақтың тау етегіне жақын орналасуы оның ауа райына
үлкен әсерін тигізеді. Соған сәйкес таудан төмен түскен сайын
жылына жауын-шашын мөлшері де азая береді. Мәселен, теңіз
деңгейінен 1000 м биіктікте 500 мм, ал 2400 – 3000 м биіктікте
780 – 870 мм жауын-шашын жауады. Жазда тауға әрбір 100 м
көтерілген сайын ауа температурасы 0,71º төмендейді. Тауда самал
жел соғып, жаздың салқындау болуы да жасыл шабындықтың жайқалып
өсуіне жағдай жасайды. Қыс айлары онша суық болмайды. Бұл қорықты
паналайтын хайуанаттардың қыстан күйлі шығуына көмектеседі.
Қорық территориясы кішігірім өзеншелер арқылы бөлінетін бірнеше
тау қыраттарынан тұрады. Ондағы суы мол саналатын негізгі өзендер –
Талғар мен Есік. Басын мәңгі мұздардан алатын бұл өзендердің ені
3 – 5 м, тереңдігі 0,5 – 1 метрдей болып, ағысы қатты келеді.
Өзендердің су деңгейі тіпті тәулік ішінде бірнеше рет өзгереді.
Жаз айларында су деңгейінің тәуліктік ауысуы кейде 40 – 50
сантиметрге жетеді. Ара-тұра тауда нөсерлеп жауған жаңбырдың арты
селге айналатын жағдайлар да кездеседі.
Тау беткейлерінде эрозиялық процестің күшті болуы,
микроклиматтың әр алуандығы тау топырағының ала-құла болуына әсерін
тигізеді. Төменгі тау жоталарының теріскей беткейінде сұрғылт
топырақ басым болса да, ал одан жоғарырақ қара топырақта бұталы
ағаштар мен шабындық, шөптер өседі.[2]
II-тарау. Алматы мемлекеттік табиғи қорығы
Ормандары мен өсімдіктері
Алматы мемлекеттік табиғи қорығының бір артықшылығы – тау
беткейлерінде орманды дала, субальпілі және альпі өсімдік
белдеулерінің ұштасып жатуы. Шөлді аймақ әнші тау төңірегін
қамтиды.
Орманды дала белдеуі қорық жерінде 1300 – 2600 м биіктік
аралығында өтеді. Оның төменгі етегінде жапырақты ағаштар мен
бұталар өседі. Олардың көпшілігі жабайы жеміс ағаштары. Бұл
белдеудегі ормандардағы негізгі ағаш түрлері – алма, өрік, долана,
көктерек, тал. Бұталармен топтаса қарақат, итмұрын және ұшқат
ұшырасады.
Қорықта жапырақты орман тұтасып жатпай, ойдым-ойдым болып, өзен
аңғарларында, тау жоталарында кездеседі. Мәселен, жабайы алма бағы
1700 м биіктікке дейінгі тау қыраттарының етегінде жазық ойпаттарда
көбірек өссе, өрік биікте таудың, күнгей беткейінде орналасқан.
Көктерек жоталардың солтүстік және шығыс беткейлерінде көбірек
болады. Жалпы жабайы жеміс ағаштарының алып жатқан аумағы 157
гектардай. Жеміс бақтары, негізінен, Талғар өзендерінің бойын алып
жатыр. Алма ағаштарының биіктігі 7 – 8 м, ал өрік 5 – 7 метрдей
келеді. Көгеріп, жапырақ жайған кәрі ағаштар арасынан жаңа өсіп
келе жатқан жас өркендерін де жиі көз шалады. Алатауға сән беріп
тұрған қылқан жапырақты ормандар 1400 – 2800 м биіктікте орналасқан.
Ормандағы ежелгі ағаш түрі – Тянь-Шань немесе Шренк шыршасы. Тянь-
Шаньның қылқанды шыршасы – көне дәуірден біздің заманымызға дейін
жеткен асыл қазына. Оның қоры тек қана Қырғызстан мен Қазақстан
тауларында сақталған. Шырша ормандарының жалпы көлемі 500 мың
гектар деп шамаланса, оның 300 мың гектары біздің республиканың,
200 мың гектары Қырғызстанның тау беткейлерінде. Алматы қорығында
орман көлемі 6084 гектардай жерді алып жатыр. Қорық қызметкерлері
121 гектар орман ағашын қолдан отырғызды. Шырша орманның су
балансын сақтауда, топырақ қорғауда, селді тасқынға қарсы күресу
ісінде атқаратын рөлі зор. Әдетте, шырша ағашы таудың солтүстік
беткейінде өседі. Таудың шығыс және батыс беткейлерінде ол сиректей
түсіп, оңтүстік жағында мүлде кездеспейді десе де болады.
Сондықтанда тұтас шырша орманы алқаптары тауымызда сирек
кездеседі, көбінесе, ойдым-ойдым шағын учаскелерге бөлініп кетеді.
Шырша өте баяу өсетін, қалыптасуы үшін көп жылдарды керек ететін
ағаш. Міне, бұл айтылғандар қорық территориясында шыршаны көбірек
өсіріп, оынң өсу қалыптасу процестерін зерттеу және оны басқа да
тау қияларында көбейтудің негізін жасау қажеттілігін көрсетеді.
Алматы қорығында шырша орманның, көлемі 5,3 мың гектардай
болады.[5]
Тянь-Шань шыршасының жоғарыда келтірілген артықшылығымен қатар
эстетикалық маңызы ерекше. Таудың теріскей жаығнда өскен шырша
орманы саялы келеді де, олардың арасынан шетен (рябина), тал,
ұшқат және қара ырғыз (кизельник), бүлдірген өседі. Бұл ағаштардың
кепкен жемістері осында қыстап қалатын құстар мен аңдар үшін жақсы
азық болып табылады.
Айта кететін бір жай, көне дәуір куәсі болып саналатын бұл
ағаштар тек Алматы қорығында ғана қорғалып қоймай, сонымен қатар
Түрген маңында да қамқорлыққа алынған. Шырша орманның су режимін
бірқалыпты сақтауда, топырақтың құрылымын жақсартуда, сел тасқынына
қарсы күресуге ерекше маңызды екендігін ескере отырып, Қазақстан
Үкіметі Алматы облысындағы Түрген орман шаруашылығына қарасты
Шыңтүрген шыршалы алқабын Табиғат ескерткіші деп жариялады. Онда
орман шаруашылығы жұмыстарының қатаң тәртібі белгіленді. Осы шаралар
негізінде сирек кездесетін орман алқабын толық сақтау қамтамасыз
ететілетін болсын деп атап көрсетілген. Бұрын бұл территория Алматы
қорығына енген еді, енді оның өз алдына Табиғат ескерткіші болып
жариялануы қуанышты жайт.
Орманды дала белдеуінің ашық алаңдарында шабындық – көкмайса
шөптер де өседі. Таудың салқын самалды қыраттарында боз, бетеге,
қара-басшалғын бетеге, жусан сияқты өсімдіктер жайқалып, жақсы
өседі. Сондай-ақ бұталы ағаштар арасында тау таспасы, қозы құлақ,
Тянь-Шань еркекшөбі, ширатылған қоңыраубас, шабынды қоңырбас,
аюбалдырған, тағы басқа балауса шөптер көктемде қаулап шығып, тау
беткейін көкорай шалғынға айналдырады.
Алматы қорығының шырша орманының жоғарғы жағын субальпі белдеуі
алып жатыр. Белдеу теңіз деңгейінен 2600 – 3000 м биіктікте
орналасқан. Бұған тән өсімдік – биіктігі 0,5 – 1,0 м болып өсетін
арша. Бұл бұталы ағаш таудың күнгей беткейін ала 700 жылға дейін
жасайды. Алыстан қарағанда, тау беткейінде тұтаса өскен аршалар
жайып қойған жасыл кілем түрінде әсер қалдырады. Субальпі арша
тоғайының тау топырағын бекітуге және оның тіршілігі үшін маңызы
зор. Бұл маңда біршама шырша, ұшқат, қандыағаш ұшырасады. Шөптектес
өсімдіктерден қазтамақ, манжетка, ботакөз, тау қарамығы немесе
самалыдқ шермеңгүлділер басым. Субальпі шабындық ароасында тасты
жерлер, шыңдар жиі кездеседі.
Альпі белдеуі 3000 – 3600 м биіктікте орналасқан, одан әрі
қар мен мәңгі мұз орын тебеді. Бұл өңір көлемінің 70 – 80
процентін қой тастар мен құздар алып жатады. Ондағы құздардың
жарылуынан, бұзылуынан пайда болған тасты шөгінділер үнемі
қозғалыста болады да, шөп өспейді. Альпі белдеуінде көбіне
доңызсырт шөптері өседі, аздап дәнекті шөп түрлері кездесіп қалады.
Бұдан қорықтың әр белдеуінде ауа райына байланысты әр алуан
өсімдіктер өсетіндігін көреміз.
Қорық жерінде Алматыға тән ландшафт пен өсімдік түрлерінің барлық
дерлік алуан түрлілігі кездеседі. Мұнда жонның сазды-тасты жерлерінде
бұйырғын ақ жусанмен (төменгі жерлерде), сонымен қатар түйесіңір мен бұталы
шырмауық араласып өскен. Тақырлы сортаңдарда бұйырғынға мортықмен кермегі
орналасқан. Алматы алдындағы ізбестің жалаңаштанған жерінде түйесіңір
мен шырмауықтан басқа, қараған мен итсигек, ал жусанды – сораңды
жабында біржылдық астық тұқымдастар – шығыс мортығы мен арпа ғана
өседі.
Ылғалдылығы жоғары сазды жерлерде ылғал сүйгіш астық
тұқымдастарынан ажырық, қазоты, қамыс өседі. Кей жерлерде жантақ
пен кендір, қарасексеуіл ағашының нағыз тоғайлары көзге түседі,
көбіне жиде, жыңғыл аласа бұталар түрінде, лианамен шырмалған
түйешырмауық пен жібілген көп кездеседі.
Алматы өсімдіктері алуан түрлі, оның етегінен басына қарай
ауысып отырады, ал өсімдік құрамы жон жынысына байланысты. Алматының
батыс бөлігіндегі жыраларда жыңғыл мен астық тұқымдастар, қамыс,
алабұта қатысқан мезофильді сәйкес өсімдіктер кездеседі. Бұлақтар
маңында жиі қамыс қопасы өседі, олар адам бойынан едеуір ұзын
болады.
Қорық ауданы флорасында 43 тұқымдас, 163 туыстас өзекті өсімдіктерің
250 түрі бар. Алматы қорығының флорасының негізгі ядросы алабұта тұқымдас
өсімдіктері, бұл шөлді аймақтар үшін тән. Тұқымдастың едәуір ірі туыстары
– сораң, итсигек, балықкөз, бұл шөл жиынтығың бір бөлігі және жалпы
флораның қалыптасуына кәдімгідей әсер етеді. Басқа ірі тұқымдастар –
Айқышгүлділер, Күрделігүлділер, Астық тұқылдастар, Айлауықтар және
Бұршақтұқымдастар болып табылады. Нағыз Үстірт флорасынан оның адырлы
флорасының айырмашылығы бар. Мұнда алуан түрлілігі жағынан ең алдында
Айқышгүлділер, Күрделігүлділер және Алабұта тұқымдастары(30 түрден) , одан
кейін Бұршақ тұқымдастар (20 түр), астық тұқымдастар, Айлауықтар (18
түрден) тұр. Сонымен, Үстіртің төтенше қиын жағдайлары бар флораның
жүйелік құрылымына өз ізін қалдырған.
Қорықта Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген, сирек кездесетін өсімдіктердің
төрт түрі: кәдімгі жұмсақ жеміс, майда қатыран, Тянь-Шань шыршасы мен тау
қарамығы кездеседі. Ежелгі Жерорта теңізі субтропика саванна қалдығы –
кәдімгі жұмсақ жеміс ерекше әдемі. Бұл ұзын бұтақты сабақтары төселіп
өсетін бұта үлкен жастық тәрізді шөмеле түзеді. Бұл өсетін Алматы
шатқалдары мен тік жарларын ашық жасыл түсті бұталары шар тәрізді қызыл
витамині көп. Шырынды толық жапырақтары мен әдемі гүл сияқты жиналған сары
қанатты жемісі бар бұтақты аласа шала бұта – хиуа ақсорасы өте сәнді. Бұл
түр гипсті қабықпен жабылған, шөгінді қалдықты төбелерде өседі, қорықта
өзінің таралу аймағының солтүстүстік шекарасында орналасқан.
Алатауда дәрі-дәрмек алынатын өсімдіктердің көптеген түрлері
кездеседі. Олардың бастылары долана, итмұрын жемістері және кәдімгі
киікоты, тасшөп (чабор). Осындай адам денсаулығына қажетті шикізат
беретін өсімдіктер қорын, оладың биологиялық ерекшеліктерін терең
зерттеу де қорық қызметкерлерінің абыройлы міндеті.
Көрікті де әсем Алатаудың қыраттары теріскей бетте аласара
келіп Іле өзенінің жағасындағы шөлді жазира даламен ұласады. Осы
өзеннің оң жағалауында қорықтың шөлді аймағы орналасқан. Оның жер
бедері сай-саймен жырымдалып, негізінен жазық болып келеді. Шөлді
өңір құмды – Әнші тау төңірегін алып жатыр. Ол – сексеуіл өскен
құмды төбелер. Онда шөлге тән сораң, бұйырғын және жусан өседі.[1]
Қорық өсімдіктер әлемі бай және алуан түрлі. Оның флорасында
жоғарғы өсімдіктердің 1000 тарта түрі бар. 50 түр сирек кездеседі,
оның 26 түрі Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Олар өрік,
Мушкетов түйесіңірі, Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы өте сирек,
Кавказ таудағаны, алтай гиноспермумы, Калпаковский иридодиктумы
кездеседі.[2]
Жануарлар дүниесі
Қорықтың жер бедерінің күрделілігі, ауа райының әр белдеуде
ала-құлалығы, соған сәйкес өсімдік түрлерінің көптігі жан-жануарлар
түрінің көп түрінің талалуына әсерін тигізеді. Мұнда құстардың 200-
ден аса, сүтқоректілердің 40-тай түрі тіршілік етеді. Алматы
қорығын көруге барған табиғат әуесқойларының көзіне бірден
құстардың, түсері сөзсіз. Әсіресе орман іші осы қанаттылардың неше
құбылтып салған әніне бөленген. Адамға кешкілік құйқылжыған бұлбұл
әні, көктемгі шырылдап ұшқан торғай үндері үлкен әсер қалдырады.
Құстар қанатының әр түрлі реңінен күн шұғыласына тән түстер
байқалады. Олардың сыртқы көрінісімен - әсемдік, қимылдарынан сәндік
саздары сыр шертеді. Міне мұның бәрін сөзбен айтып жеткізу қиын-
ақ. Табиғат жасаған әсемдіктің бәрін сезу үшін оларды көру керек.
Қорық шырша ормадарында самырсын құсы, шырша торғайы, шиқылдақ
торғай, қызылқұйрық, тоқылдақтар мекендесе, орманды дала белдеуінде
кәдімгі мысықторғай, қара шымшық, бұлбұл, маубас жапалақ, қара
қарға, үкі кептер, құр және басқа да алуан түрлі құстар тіршілік
етеді. Таудың биік құздарында ұлар мен қозымай ұшырасады.
Егер қорыққа жылдың әр мезгілінде бара қалсаңыз, онда 200-дей құс
түрін кездестіресіз, бірақ небәрі 52 құс түрі ғана ұялайды. Қызыл кітапқа
енгізілген, сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрлер ерекше назар
аудартады. Негізінен бұлар жыртқыштар: дала қыраны, қарақұс, жұртшы,
ителгі, үкі. Осы дәреженің үш түрі – дуадақ, қарабауыр бұлдырық пен
қылқұйрық бұлдырық ашық жерлерді ұнатады. Дуадақ немесе жекдуадақ – кәдімгі
шөл мекендеушісі, сазды-тасты жазықтыққа ауысатын әлсіз адырлы жерлерді
таңдап, Қарынжарық құмының шеткі жағында тіршілік етеді. Алматыте дуадақ
саны өте аз, оның санын көһбейту үшін міндетті түрде қорық жерін кеңейту
керек. Қарабауыр бұлдырық пен қылқұйрық бұлдырық әдетте Алматытегі суатқа
жалғыздан ұшып келіп, көбіне қаскерлердің олжасына айналады.
Қорықтағы ең саны көп – бозторғайлар. Әсіресе сұр және кіші түрі саны
жағынан қалған барлық құстан асып түседі. Қасқа, шөл және биші шақшақайлар
да әдеттегі құстар болып табылады. Күндіз жиі балықшы құсты кешке
насекомдарды ұстап жүрген тентек құсты көруге болады. Алматыте жиы кекілік
пен көккептерді, сирек құзғын мен құмайды кездестіруге болады. Шөлді
аймақта негізінен бұта түрлері: сұртағанақ, сарғалдақ торғай, міңгірлек
құс және т.б. құс мекендейді. Көктем және күзгі қоныс аудару кезінде құс
фаунасы ең көп алуан түрлілікте болады. Ұялайтын түрлерге 170-тей құс
түрлері келіп қосылады. Қорықта небәрі жеті түр ғана қыстайды.[2]
Алматы қорығының табиғатының әртүрлігіне қарай жануарлар
әлеміне өте бай. Қорықтың тау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz