Корпоративтік басқару жүйесі


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

Корпоративтік басқару əділдіктің, адалдықтың, жауапкершіліктің, анықтылықтың, кəсіптіліктің жəне құзыреттіліктің негізінде құрылады.

Қоғаммен корпоративтік басқарудың басымдылығы ретінде жалғыз акционердің жəне Қоғам клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу, ақпараттың жайдарылығы, сонымен қатар тиімді қызметті қамтамасыз ету, оның қаржылы тұрақтылығы мен пайдалылығын қолдау болып табылады.

Осы тарауда мазмұндалған корпоративтік басқарудың принциптері Қоғаммен басқаруға байланысты туындаған қатынастар үшін сенімді қалыптастыруға бағытталған жəне Кодекстің келесі тарауларында мазмұндалатын ережелер мен ұсыныстардың негізі болып табылады.

Осы Кодекстің негізі принциптері болып келесілер жатады:

⎯ «Самрұқ» Мемлекеттік активтермен басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» акционерлік қоғам тұлғасындағы акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау принципі;

⎯ Қоғамның Директорлар Кеңесі мен Басқарманы тиімді басқару принципі;

⎯ Қоғам қызметі туралы ақпараттарды ашудың анықтық пен шындық принципі;

⎯ Заңдылық пен этика принциптері;

⎯ Тиімді дивидентті саясаттың принциптері;

⎯ Тиімді кадрлық саясаттың принциптері;

⎯ Қоршаған ортаны қорғау;

⎯ Корпоративтік жанжалды реттеу саясаты.

Корпоративтік басқарудың принциптерін қадағалау Қоғам қызметінің объективті талдауын жүргізу жəне сарашылардан, қаржылы консультанттарынан, рейтингілі агенттіктерден сəйкес ұсыныстарды алу үшін тиімді тұрғысын қалыптастыруға жəрдемдесуі тиіс.

Акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау принциптері

Қоғам акционердің негізгі құқықтарын жүзеге асыру үшін келесілерді қамтамасыз етеді:

7) Қоғамның қызметі туралы жазбаша сұрау салу жəне Қоғам Жарғысымен немесе Жалғыз акционердің шешімімен бекітілген мерзімде дəлелді жауаптарды алу жөнінде Қоғамға үндеу салу құқығы;

8) Заңнамамен жəне Қоғам Жарғысымен қарастырылған тəртіпте Қоғамның басқаруына қатысу;

9) Басқару органдарын сайлауға қатысу құқығы;

10) Қоғам табысының үлесін (дивиденттер) алу құқығы;

11) Заңнамамен бекітілген тəртіп бойынша олардың акцияларына айырбасталатын Қоғамның акциялары мен басқа құнды қағаздарын айрықша сатып алу құқығы;

12) Қоғамды тарату кезінде мүліктің бөлігіне құқықты болу.

Қоғам акционер үшін барынша негізді жəне тұнықты болатын өзінің қаржылы-шаруашылық қызметі жəне оның нəтижелері туралы сенімді ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Басқарма Қоғам қызметіндегі жоспарланған өзгерістерді негіздеуге жəне акционер құқығын сақтау мен қорғау үшін нақты перспективаларды ұсынуға міндетті.

Директорлар кеңесі қызметінің принциптері

Директорлар Кеңесінің қызметі акционер мүддесін барынша қадағалау принципі негізінде құрылады жəне Қоғам пайдасын арттыру мен акцияларын капиталға айналдыруға бағытталған.

Директорлар Кеңесі ағымдық бизнес жағдайының объективті мониторингісі арқылы акционерге Қоғамның жеткен нəтижелері мен келешегінің өлшенген жəне айқын бағасын ұсынады, акционер инвестициясы мен Қоғам активтерін сақтау мақсатында ішкі бақылаудың сенімді жүйесін қолдау мен қалыптастыруын жəне тəуелсіз аудитті қамтамасыз етеді.

Директорлар Кеңесі тəуекелдермен басқару жүйесінің тиімді жұмысын бақылайды жəне корпоративтік жанжалдарды реттейді.

Директорлар Кеңесі ақпараттардың ашылу жəне Қоғам қызметінің айқындалу дұрыстылығын қамтамасыз етеді, құпиялылық дəрежесі бойынша ақпараттардың топтастыруын жүргізеді.

Директорлар Кеңесі құрамында міндетті түрде өлшемдері Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тəуелсіз директорлар қатысулары тиіс.

Директорлар Кеңесі мүшелерінің жұмыстарын бағалау жəне əділ марапаттау жүйесі олардың жұмыстары Қоғам мүддесін ынталандыруын қамтамасыз етуі тиіс.

Лауазымға ену кезінде Директорлар Кеңесінің мүшесі Қоғам алдында өз қызметіне қатысты міндеттерді өз мойнына алады.

Директорлар Кеңесі мүшесінің Қоғам алдындағы міндеттерінің мəтіні, Директорлар Кеңесі мүшесінің қызмет жұмыстарымен жəне процестерімен танысу тəртібі, Директорлар Кеңесі мүшесінің мезгілінен бұрын, я болмаса кезекті қайта сайлау жағдайында өкілдіктердің тоқтату тəртібі, өкілдіктерді өз еркімен қалыптастыру тəртібі, жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершіліктердің шаралары, шақырту жəне Директорлар Кеңесінің мəжілісін өткізу тəртібі Қоғамның Жарғысымен жəне ішкі құжаттармен анықталады.

Басқарма қызметінің принциптері

Қоғам Басқармасы Қоғамның ағымдық жұмысын басқарады.

Басқарма қызметі акционер мүддесін барынша сақтау принципі негізінде құрылады.

Қоғам қызметі туралы ақпаратты ашу мүдделі инвесторлар тарапынан Қоғам қызметін қаржыландыру туралы шешімді қабылдауға жəрдемдесу тиіс.

Ақпараттық ашылу Қоғаммен басқарудың барынша анықтығын қамтамасыз етуге жəне Директорлар Кеңесімен бекітілген сəйкес корпоративтік ереже негізінде құрылуға бейімделген.

Акционер немесе əлеуетті инвесторларда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын есепке ала, сəйкес шешімді қабылдау үшін қажетті Қоғам туралы ақпаратқа қол жетуге еркін мүмкіндігі болуы тиіс.

Қоғам өз қызметіндегі маңызды корпоративтік жағдайлар туралы ақпаратты жүйелі түрде ұсына отырып, бір уақытта, Директорлар Кеңесімен анықталған ішкі ақпараттарды ашудың жəне құпиялылықтың қатал жəне сенімді механизмін сақтайды.

Аудит процедуралары жəне қаржылық есептілікті құру ережелері акционер мен инвесторлар тарапынан Қоғам қызметіне деген сенімді қамтамасыз ету үшін бағытталған жəне келесі принциптер бойынша құрылады:

- толықтық жəне сенімділік;

- қасақана еместік жəне тəуелсіздік;

- кəсіптілік жəне құзыреттілік;

- жүйелілік жəне тиімділік.

Қоғам Басқармасы ұсынылатын қаржылық ақпараттың толықтығына жəне сенімділігіне жауапкершілік тартады.

Директорлар Кеңесі Қоғам қызметіне əр түрлі бағалар беру үшін келесілер сияқты сыртқы субъектіні анықтайды:

- несие рейтингісі;

- тəуекелдер жүйесі;

- корпоративтік басқару рейтингісі;

- қаржылық есептіліктің сенімділігі.

Сыбайлас-жемқорлықпен күресу негізі

“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.

Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “ . . . мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидалары

1. Баршаның заң және сот алдында теңдігі.

Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Өкінішке қарай, заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар, басқалар үшін жоқ. Жеке соттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа беттелген.

Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады-сыбайлас-жемқорлық үдерістерді БАҚ-та жариялау, оның ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру.

2. Мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық тәртібін, заңдылығын және осындай қызметтің жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас-жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2008 жылға дейін мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзыреттерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау.

Бағдарламада ерекше орын азаматтық қоғам ұйымдарын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке тартуға, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бөлінеді.

Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сараптаудың пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған.

ҚР Әділет министрлігі “Мүддес болу туралы” заң жобасын әзірлеп, парламентке ұсынды, онда заң жобаларын мүддестендіру үдерістерін құқықтық реттеу және лауазымды адамдардың өз функционалдық міндеттерін орындаған кезде даудың алдын алу бекітілген.

3. Жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделеріне қатысы бар сұрақтарды шешу процедурасын және кадр жұмысын, мемлекеттік аппарат құрылымын жетілдіру.

Мемлекеттік бағдарламамен мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-әрекетінің нақты құқықтық тәртіптеу формалары мен механизмдерін жүзеге асыру, сондай-ақ сот шешімдерін қабылдаудың мөлдірлігін және олардың дер кезінде орындалуына ықпал жасау қарастырылған.

Заңға сәйкес аталған қағидалар:

-мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті;

-лауазымды, сондай-ақ олардың қатарына жататын басқа адамдардың құқықтарын және еркіндігін ҚР Конституциясының 39 бабы 1 тармағына сәйкес шектеу;

-жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтың
зиянды салдарын жою және алдын алу:

-сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықпен күреске ықпал жасайтын азаматтардың жеке қауіпсіздігін;

-кәсіпкерлік қызметке бақылау жасайтын жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік реттеу өкілеттігін беруді болдырмау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпоративтік басқару
Қазақстанда корпоративтік басқаруды дамыту
Корпоративтік басқарудың жапондық моделі
Ұйымдарды корпоративтік басқару
Корпоративтік ақпараттық жүйелер
КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІНІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ
Корпоративтік басқарудың жалпы принциптері
Корпоративтік басқару жайлы
Корпоративтік басқару туралы
«Selena Star» қонақ үй ішіндегі мейрамханасында корпоративтік мәдениетті талдау мен теориялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz