Қзақтың атақты билері


Қазыбек би
(1659-1765 жж. )
Қзақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы Тәуке хан заңдарының жинағын" өңдеуге қатысқан. Тәуке, Сәмеке Әбілмәмбет және Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне белсене араласып жүрген Қазыбек би ішкі және сыртқы саясат мәселелерінде ықпал ете алатын. Ол - жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. XVIII ғасырдың 40-жылдары Абылай хан жоңғарлар қолына түсіп қалған шақта, оны тұтқыннан босатып алуға белсене атсалысты.
XVIII ғасырдың 60-жылдары Цинь империясы Қазыбек биді өз жағына шығару мақсатымен елшілерімен бірге көптеген бағалы сыйлықтар жіберген. Бірақ Қазыбек би Қытай жағына мүлде қарсы болған. Ол Абылайды Цинь империясымен қарым-қатынас жасамауға шақырған.
Ел ішінде Қазыбек биді Қаз дауысты Қазыбек деп атап кеткен.
Төле би
(1657-1756 ж. ж. )
Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасыңда қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді өулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай да болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.
Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
Ол кезде қазақ пен жоңғар хандықтары үнемі жауласып жүретін. Тәуке хан өлімінен кейін Қазақ хандығы ыдырай бастады. Ұлы жүзді басқарып отырған Төле би жоңғар басқыншыларына біраз уақыт кіріптар болады. Оларға салық төлегеніне қарамастан, Төле би саяси басқаруды өз қолына алды. Қазақтардың басын біріктіріп, оларды жоңғар бұғауынан құтқаруда Төле би маңызды рөл атқарды. Кейбір мәліметтер бойынша, Төле би Абылай сұтанның өрлеуіне де ықпал еткен. Төле би, Орта жүздің бас биі Қазыбек Келдібекұлы және Кіші жүздің бас биі Әйтеке Байбекұлы үшеуі Әз Тәукенің бас кеңесшісі болған. Төле би Тәуке ханның Түркістанды Қазақ хандығының астанасы қылу, үш жүзді бір орталыққа бағындыру, бір ғана Қазақ хандығын күшейту, туыс қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жоңғар-ойрат басқыншыларына қарсы әскери одағын қүру туралы шараларды жүзеге асыруға белсене атсалысты.
Сонымен бірге Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді. 1749 жылы немере інісі Айтбай бастаған елшілікті Орынбор губернаторы И. И. Неплюевке жібере отырып, ол Ресейдің қол астына өтуге дайын екендігін мәлімдеген. Неплюев 1749 жылғы 26 қыркүйектегі жауап хатында Ресейге қосылуға деген ниетін құптай отырып, екі ел арасыңдағы сауда байланыстарын дамытуды қолға алуды ұсынған.
Қазақ хандығының ыдырау және жоңғарлардың басқыншылық соғыстары кезеңінде Төле би басшыға тән қасиетін таныта білді. Жоңғарлар жағдайды пайдаланып, қазақ халқын жойып жібергісі, ал тірі қалғандарын куғын-сүргінге ұшыратқысы келді. Төле би Қабанбай, Бөгенбай және Жәнібек батырлармен бірге біртұтас халық майданын құрып, азаттық жолында күрес жүргізді.
Халық ауыз әдебиетінде Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталып қалған. Халық арасыңда Төле би айтты деген мақал-мәтелдер, нақыл сөздер кең таралды. Шымкентте, Түркістанда және Ташкентте билік басында болған Төле би сәулетті ғимараттар салуға да белсене атсалысты. Төле би есімі күллі қазақ тарихына қатысты ірі оқиғалармен тығыз байланысты.
Төле би өзі 12 жыл билік жүргізген Ташкентте, Атасы Жүніс ханның қасына жерленген.
Жиренше шешен
(XV ғ. )
Жиренше шешен (XV ғ. ) - қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмәр шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шығармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді.
Жиренше шешен жөніңде өзге халықгардың шығармаларында да сөз болады. Түркі-моңғол, үнді-еуропа халықтарының біразының фольклорында да ол туралы өңгіме бар. Кдзақ фольклорында бар Жиренше шешен жайындағы аңыз өңгімелердің кейбір нүскалары негізгі кейіпкердің атымен, мысалы, қаракалпақ (Жиренше), қырғыз (Жээренче чээчен), түрікмен (Йикренче) фольклорына ауысканы байқалады.
Жиренше шешен туралы ертегілер, әңгімелер қазақ фольклорында шамамен XV ғасырдан басталады. Онда шешендік сөздің үлгілерімен қатар, түрмыс-салт ертегілері де бар.
Жиренше шешен атымен байланысты әңгімелердің ішінде ең көп тарағаны - оның көркіне ақылы сай, дана қыз Кдрашашқа үйлёнгені. Жалпы зерттеулер Жиренше шешеннің атына қатысты аңыз әңгімелерді үш топкд бөледі. Біріншісі - Жиренше шешенді Жәнібек ханның ақьшшысы, әрі досы етіп көрсететін өңгімелер. Мүңда Кдзақ хандығын күрысуға белсене қатыскдн Жәнібек ханға деген ел ілтипатының әсері айқын аңғарылады. Екіншісі Жиренше шешенді әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші етіп көрсететін әңгімелер. Мүнда ол ханды әшкерелеуші, ханның зорлығына өзінің ақыл-парасатын карсы қоюшы, тапқыр ақыл иесі ретінде бейнеленеді. Үшіншісі Жиренше шешеннің көпшілік арасындағы күнделікті қақтығыстарда айтатын тапқыр әзіл-қалжың сөздері. Осы шығармалардың арқасында Жиренше есімі үмыт болмай ғасырдан ғасыр асып, бүтінгі үрпақка жетіп отыр.
Әйтеке би
(1644-1700 жж. )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz