Түркістан аумағындағы ірі қара малдардағы нематодтармен күресу жолдары
КІРІСПЕ.
I. Әдебиеттік шолу.
1.1 Мал шаруашылығының зерттелу проблемалары
1.2 Гельминтология ғылымының қысқаша тарихы
1.3 Нематодтардың таралуы
1.4 Нематодтардың морфо.анатомиялық құрылысы жєне кіп тірлілігі
1.5 Нематод жұқтырған малдардағы белгілер және оларды емдеу жолдары.
1.6 Мал ағзасы жєне қоршаған орта.
II. Эксперименттік білім
2.1 Зерттеу орны жєне жағдайы
2.2 Зерттеу әдістері.
IІІ. Зерттеу нәтижелерінің сараптама талдауы
3.1 Нематодтардың ірі қара малдарындағы кездесу жиілігі
3.2 Нематодтарға қарсы күрес шараларын ұйымдастыру
ІV.Ұсыныстар мен қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

Елімізде адамдарды паразиттеуші 60-қа жуық гельминтоздар кездеседі. Жұмыр құрттар (нематодтар) туғызатын ең кең тараған гельминтоздарға аскаридоз, трихоцефалез, энтребиоз, анкилостомидоз, тениаринхоз, тениоз, мониозиоз, нематодироз, буностомоз, телязиоз т.б. жатады. Гельминттер организмде аллергиялық тітіркендіру, зиянды заттармен улау, тінді жарақаттау жєне жұкпалы ауру микроорганизмдерін енгізу нәтижелерінде патологиялық өзгерістер жасап, ауру тудырады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: мал ағзасында тіршілік ететін нематодтардың түрлері анықталды. Олдардың мал ағзаға тигізетін зиянды әсерін және ауыл шаруашылығына келтіретін нұқсан дєрежесі айқындалды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Ірі қара малдардың нематодтарын анықтау
Мақсатқа жету үшін шешілген міндеттер:
- Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау, Түркістан аймақтарының санитарлық эпидемиялогиялық жағдайына баға беру.
- Нематодтардың таралу жолдарын, олардың зиянды әсерін зерттеу
- Нематодтардың анықталу техникасы мен әдістерін меңгеру.
Жұмыстың практикалык маңызы: Азық-түліктің негізгі көздерінің бірі ірі қара мал – ағзасының нематодтарды жұқтыру жолдарына бақылау жүргізіп улану деңгейі анықталды. Нематодтардың мал ағзасында жинақталуын төмендететін іс шаралар ұйымдастыруға қажетті мәліметтер жинақталды. Мал өнімдері адамның әл ауқатын арттырудың негізі - сондықтан мал шаруашылығы проблемасы қазіргі заманның маңызды мәселелерінің бірі.

1 Денсаулыќ журналы. 2006 ж. №6-7 саны.
2 Догель.В.А. Зоология беспозвоночных. М: Высшая школа,1981.
3 Шульц Р.С., Гвоздев Е.В. Основы общей гельминтологии. М:
Наука,1970. Т.1, 1972. Т.2, 1974. Т.3-4.
4 Практическая паразитология. Под редакцией проф. Д.В. Виноградова-
Волжинского. Инфекционные и паразитарные болезни. Ленинград «Медицина». Ленинградское отделение 1977.
5 Биология. Под редакцией В.Н.Ярыгина. 1984 ж. Москва.
6 Биология. В 2-х книг., под редакцией В.Н.Ярыгина, 2001,Москва.
7 Бекенов А.Б., Б.Есжанов, С.М.Махмутов. Ќазаќстан
с‰тќоректілері.Алматы: 1995.
8 Дєуітбаева К.Є. Омыртќасыздар зоологиясы (І-белім). Алматы: 1996.
9 Дєуітбаева К.Є. Омырткасыздар зоологиясы (П-бµлім). Алматы: 1997.
10 Жизнь животных 2 том М: 1968 .Кабышев Н.М., В.С.Кубанцев.
География животных с основами зоологии. 1983. М.
11 Константинов В.М., С.П.Шаталова. Зоология позвоночных. М: 2004
12 Кузнецов Б.А., А.З.Чернов, Л.Н.Катонова. Курс зоологии. М: 1989
13 Лукин Е.И. Зоология. М: 1989
14 Махмутов С.М. Зоология (І-бµлім). Алматы: 1994.
15 Махмутов С.М. Зоология (П-бµлім). Алматы: 1996.
16 Наумов С.П. Зоология позвоночных. М: 1973
17 Омырткалылар зоологиясы. Алматы: 1970.
18 Н.В.Димидов., В.А.Потемкина. Справочник по терапии и
профилактике гельминтозов животных.
19 Жаңабай Төлеуіш. Малың аман болса май ішесің. «Замана», 2007, –80-б
20 Б.Б.Ысқақбаев. Сиырды қолда өсіру – Алммматы: Қайнар, 1987. –144-б (Қосалқы шаруашылық)
21 Б.Саудабаев., А.Н.Нартбаев. Қой мен ешкіні қолда өсіру. – Алматы:
Қайнар, 1988.–184-б
22 Жақып Бердімұратов. Ірі қара аурулары. Алматы, «Қайнар», 1976. –
348-б

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Факультеті: Жаратылыстану
Кафедрасы: биология
Мамандық: 050113-биология
Курс: V
ЖАДЫРА
Түркістан аумағындағы ірі қара малдардағы нематодтармен күресу жолдары
Дипломдық жұмыс
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Дүйсебекова А.М.
Жұмыс ________________ жіберілді:
Кафедра меңгерушісі: ________________б.ғ.к., доцент З.С.Ажибаева
Жіберілген күні: ________________
Қорғау күні: ________________
Бағасы: _______________
Кентау – 2009

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
I. Әдебиеттік
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .
1. Мал шаруашылығының зерттелу
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Гельминтология ғылымының қысқаша
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..
3. Нематодтардың
таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
4. Нематодтардың морфо-анатомиялық құрылысы жєне кіп
тірлілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Нематод жұқтырған малдардағы белгілер және оларды емдеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...
6. Мал ағзасы жєне қоршаған
орта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
II. Эксперименттік
білім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .
2.1 Зерттеу орны жєне
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
2.2 Зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...
IІІ. Зерттеу нәтижелерінің сараптама
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.1 Нематодтардың ірі қара малдарындағы кездесу
жиілігі ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Нематодтарға қарсы күрес шараларын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ...
ІV.Ұсыныстар мен
қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
КІРІСПЕ
Таќырыптыњ µзектілігі. Елімізде адамдарды паразиттеуші 60-қа жуық
гельминтоздар кездеседі. Жұмыр құрттар (нематодтар) туғызатын ең кең
тараған гельминтоздарға аскаридоз, трихоцефалез, энтребиоз, анкилостомидоз,
тениаринхоз, тениоз, мониозиоз, нематодироз, буностомоз, телязиоз т.б.
жатады. Гельминттер организмде аллергиялық тітіркендіру, зиянды заттармен
улау, тінді жарақаттау жєне жұкпалы ауру микроорганизмдерін енгізу
нәтижелерінде патологиялық өзгерістер жасап, ауру тудырады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: мал ағзасында тіршілік ететін нематодтардың
түрлері анықталды. Олдардың мал ағзаға тигізетін зиянды әсерін және ауыл
шаруашылығына келтіретін нұқсан дєрежесі айқындалды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Ірі қара малдардың нематодтарын анықтау
Мақсатқа жету үшін шешілген міндеттер:
- Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау, Түркістан аймақтарының
санитарлық эпидемиялогиялық жағдайына баға беру.
- Нематодтардың таралу жолдарын, олардың зиянды әсерін зерттеу
- Нематодтардың анықталу техникасы мен әдістерін меңгеру.
Жұмыстың практикалык маңызы: Азық-түліктің негізгі көздерінің бірі ірі
қара мал – ағзасының нематодтарды жұқтыру жолдарына бақылау жүргізіп улану
деңгейі анықталды. Нематодтардың мал ағзасында жинақталуын төмендететін іс
шаралар ұйымдастыруға қажетті мәліметтер жинақталды. Мал өнімдері адамның
әл ауқатын арттырудың негізі - сондықтан мал шаруашылығы проблемасы қазіргі
заманның маңызды мәселелерінің бірі.
ІI. Єдебиеттік шолу
2.1. Мал шаруашылығының зерттелу проблемалары
Бүгінгі күні жұқпалы аурулар эпидемиялогиясында паразитарлы ауруларға
айрыкша назар аударуға мәжбүр болып отырмыз. Ауыр паразитарлы ауруларға
адамға тєн емес жануарлар гельминттерінің
Дернәсілдері тудыратын ларвальдық гельминтоздар жатады.
Елімізде адамдарды паразиттеуші 60-қа жуық гельминтоздар кездеседі.
Жұмыр құрттар (нематодтар) туғызатын ең кең тараған гельминтоздарға
аскаридоз, трихоцефалез, энтребиоз, анкилостомидоз, тениаринхоз, тениоз,
мониозиоз, нематодироз, буностомоз, телязиоз т.б. жатады.
Гельминтоздың организмде дамуы құрттардың түріне, санына, организмнің
иммундық кабілетіне тікелей байланысты. Гельминттер организмде аллергиялық
тітіркендіру, зиянды заттармен улау, тінді жарақаттау жєне жұкпалы ауру
микроорганизмдерін енгізу нєтижелерінде патологиялық өзгерістер жасап, ауру
тудырады.
2.2. Гельминтология ѓылымыныњ ќыскаша тарихы.
Гельминтология (грек. helmins- құрт жєне logos-ілім)- паразит құрттар және
олар тудыратын адам, жануар, өсімдік аурулары туралы ғылым паразитологияның
бір саласы. Гельминтология 18 ғасырдың 2 жартысында қалыптаса бастады. Оның
негізін салушы неміс ғалымы К.А.Рудольфи (1771-1832) болды. Гельминттер
фаунасы, жүйеленуі, даму сатылары туралы алғашкы деректер Дания зоологі
И.Стенструп, неміс ғалымдары Р.Лецкарт, Г.Кюхенмейстер, француз А.Райе,
тағы басқа еңбектерінде (19-20 ғ-лар)
баяндалған.
Қазақстанда гельминтологияны дамыту ісіне К.И.Скрябин (КСРО-дағы
гельмитологияның негізін салушы), Е.Н.Павловский, В.А.Догель,
Б.Е.Быховский, Р.С.Шульц үлкен үлес қосты. Республикада гельминтология
саласындағы жүйелі зерттеулер Қазақ өлкелік мал дєрігерлік-бактериологиялык
институтында, П.Г.Панова мен Н.В.Баданиннің ғылыми жұмыстарынан басталады.
Қазір Зоология институтында, Тараз каласындағы К.И.Скрябин атындағы
гельминтология лабораториясында жүргізіледі. Мал гельминттердің фаунасы
зерттеліп, мал гельминтоздарының эпизоотологиясы, патогенезі, диагностикасы
және олардың емдеу жолдары анықталды (С.Н.Боев, Шульц, Г.И.Диков,
Н.Т.Кадыров, В.Т.Рамазанов, т.б.). қазір Зоология институтында
гельминттердін жүйеленуі тіршілігі, таралуы, экологиясы зертеліп,
гельминтоз ауруларыныњ табиғи ошақтары анықталып, күрес шаралары белгіленді
(Боев, Е.В.Гвоздев, В.И.Бондарева, В.Я.Панин, Э.И.Прядко, Х.Егізбаева,
Ж.Жатканбаева, Б.Шайкенов, т.б.). Сондай-ақгельминтологиялық зерттеулер
адамның, жануарлар мен өсімдіктердің паразит құрттарымен адамның, жануарлар
мен өсімдіктердің паразит құрттарымен закымдануы, олардын патологиялык
әсері, олардан емделу және корғану тәсілдерін жасау бағытында жүргізілуде.
Қазакстанда жиі кездесетін гельминтоз ауруларына карсы ұсынылған
препараттардың көпшілігі паразит құрттар мен организм арасындағы
биохимиялык өзгерістерді аныктау негізінде жасалған .
Гельминтоз аурулары адамдар, жануарлар, өсімдіктер үшін өте қауіпті.
Сондытан елімізде гельминтозға қарсы күрес шараларын жүргізу адына-алынған.
Бұл салада атакты ғалым академик К.И.Скрябин жєне оның шәкірттері
ғылымда және іс жүзінде пайланануға болатын өте маңызды нәтижелерге ие
болды, гельминтоз ауруларына карсы күрес жүргізудің көптеген шараларын
ұсынып, аурудын алдын алу тәсілдерін белгілеп берген. К.И.Скрябиннің
бастауымен жүргізіліп жүрген денсаулықты жақсартатын жоспарлы шаралар дұрыс
жолға қойыла бастады.
К.И.Скрябин 1905 жылы Юрьев каласындағы мал дәрігерлік институтын
бітірген соң еңбек жолын Шымкентпен Әулие атада бастады (1905-1911 жж.).
жамбыл каласында К.И.Скрябин атындағы Қазақстанныњ алғаш өлкелік
гельминтологиялык лаборатория мен музей ашылған және мемориал тактасы
орнатылған. К.И.Скрябиннің трематодтар, цестодалар, нематодтар туралы
бірнеше томдық ғылыми еңбектері гельминтологияның дамуында маңызды роль
аткарды.
2.3. Нематодтардың таралуы
Гельминттер түгелімен жер шарынын тропикалык жєне субтропикалық
белдеулеріне таралған. Грузия, Азербайжан, Түркменстан, Өзбекстан және
Қазақстанда анкилостомидоздар кездеседі. Тропикалык елдерде жұмыс кезеінде
паразиттермен ластанған суда шомылғанда, антилостомалар жұмыртқасы тері
арқылы енегенде тері анкилостомасы байкалады. Аскаридалар жұмыр құрттардың
кең таралғаны. Кейбір елдердің тұрғындарының тұрмыстык жағдайына тікелей
байланысты. Олар өте жиі кездеседі. Мысалы, Жапония тұрғындарының
аскаридозбен 100% зақымданғаны белгілі, себебі сол елде адам нәжісі
егіндікке тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Зоология ғылымының паразитті
кұрттарды зерттейтін саласы гельминтология деп аталады. Паразитті кұрттар
аркылы адам, жануарлар мен өсімдіктер организмде пайда аурулар болатын
ішқұрт немесе гельминтоз ауруы деп аталады.
Паразитизм табиғатта өздігінен туа пайда болатын процесс емес. Тірі
организмдердің бірімен-бірі тығыз байланысты тіршілік етуінен немесе
селбесіп өзара карым-катынастык жасауынан, әволюциялык даму барысында
өздері мекендейтін ортаның сан алуан әсерлеріне бейімделуден болатын
процесс. Мысалы, судың ішіндегі (немесе теңіздің) өз бетінше тіршілік етіп
жүрген балық пен майда құрттарды алатын болсақ, кандай бір жаѓдайлармен
жаңағы қүрт балық денесіне жабысты. Бұл жерде ол өзінің әдетте қоректенуі
бойынша, майда жәндіктерді кармап қоректене береді. Бір мезгілде ол балы
денесіндегі сілекейдің дәмін татып, енді сол сілекеймен қоректенеді.
Сілекей - бұл нағыз дайын органикалык зат. Сондай-ақбалық денесі кандай да
бір әрекеттермен жараланып, ол жерден шыккан кан құрттың аузына құйылады.
Бұл қанмен қоректенген құрт оған да бейімделе бастайды. Енді, кұрт осылай
қоректенуге бейімделгенде, балық денесі жазылып, кұрт өзінің әдеттенген
қорегін іздеп, жорғалап балықтың желбезегіне келеді, оны жаракаттап,
канымен қоректенеді. Одан кейін құрт жұтқыншаққа, өңешке және тағы бір
кезеңде ішекке өтеді. Міне осылай, құрт еркін тіршілік етуден,
дайын қоректік затпен қоректеніп, өзінін иесін пайдаланып паразиттік
тіршілік етуге көшеді. Паразитизмге өтуге көптеген баска жолдар да бар.
Паразиттер өздерінің тіршілік ету циклында екі иені пайдаланады: негізгі
және аралық. Денесінде паразит ересек түрінде дамитын (жыныстық жетілген
кезеңінде) болса, онда жануарлар паразиттердің негізгі (тұрақты) иесі, ал
личинкасы дамитын болса, ол аралык иесі. Бұлардан баска екінші (қосымша)
және резервуарлық иелері де болады. Мысалы, жалпақ таспа құрттың негізгі
иесі адам, аралығы - циклон (шаян-тәрізділер), екінші (қосымша) аралығы -
балық.
Паразиттер факультативті (жалған) және облигатты (нағыз) болып
бөлінеді. Мысалы, Аlimpets туысына жататын құрттың кейбір түрлері бір
себеппен жануардын ішегіне түскенде, онда өсіп, паразиттік тіршілікке
көшеді, ал ішекке төспеген жағдайда олар топырақта еркін тіршілік ете
алады. Сонымен бұл жерде паразитизм тек факультативті түрде болады.
Жоғарыда көрсетілген паразиттердің барлығы облигатты паразиттер. Солардың
ішінде толык даму үшін аралык иені кажет ететін паразит құрттар -
биогельминттер, ал топырақты қажет ететін -геогельминтте деп аталады.
2.4. Нематодтардың морфо-анатомиялыќ кұрылысы және көптерлілігі
Өзінің құрылысы жағынан, сол сиякты көбею және даму ерекшеліктері жағынан
құрттар: жалпақ немесе паренхималы құрттар, жұмыр немесе тұңғыш іші куысты
құрттар, буылтык немесе екінші ретті іші куысты құрттар болып 3 типке
бөлінеді.
Жұмыр құрттар немесе алғашкы куысты құрттар типі Nemathtlmintes немесе
Аshelmintes.
Жұмыр құрттардың көптеген түрлері теңіздер мен мұхиттарда, тұщы
суларда, топырақта қозғалып өз бетімен тіршілік етсе, біразы өсімдіктер мен
жануарлардың, адамның паразиттері. Бұлардың планета биосферасында
кездеспейтін ортасы жок. Сондыктан бұлар космополиттік топ болып табылады.
Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан басты айырмашылығы, ішкі мөшелерінің
арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы болмағандыктан
оны алғашкы куыс немесе схизоцель деп атайды. Сондыктан кейде жұмыр
құрттарды алқашқы қуыстылар деп атайды. Денесініњ ішкі ќуысындаѓы с‰йык
заттыњ біркелкі кысымда болуы оныњ дене ж‰мырлыѓын т‰ракты етеді.
ќ±рттардыњ денесі ж‰мыр болып келетіндіктен типтіњ аталуы да солай. Типтіњ
негізгі сипаты: денесі бµлшектенбеген (сегменттелмеген); зєр шыѓару ж‰йесі
дамымаѓан, зєрді денеден тері бездері шыѓарады, немесе протонефридияльды;
кан айналу жєне тыныс алу ж‰йесі дамымаѓан; ас ќорыту ж‰йесінде арткы ішегі
жєне аналь тесігі дамыѓан; ж‰йке ж‰йесі ортогонды, сезім м‰шелері нашар
дамыѓан; дара жыныстылар, жыныс ж‰йесініњ ќ±рылысы µте карапайым.
Нематодтар т‰р саны жаѓынан (27000-нан астам), кењістікке таралуы
сипаты жаѓынан да ењ жоѓары т±рѓан топ. Б±лардыњ б‰кіл єлемде кездеспейтін
ортасы жок. М‰хиттар мен тењіздер т‰бінде, т‰щы суларда, топыраќ арасында
еркін козѓалып тіршілік етсе, паразиттік т‰рлері µсімдіктер мен
жануарлардын барлыќ м‰шелерінде кездеседі. ќ±стар мен насекомдардыњ
паразиті ретінде олар ауа кабатын да мењгерген деп айтуѓа болады.
Айналамызда ж‰ріп жаткан шіру процесініњ барлыѓы осы нематодтардыњ катысуы
аркылы ж‰реді. Кењістікке таралуы т‰рѓыдан оларды бактериялар мен
бірклеткалы организмдермен салыстыруѓа болады.
Нематодтардыњ тіршілік ету орталарыныњ алуан т‰рлі болып келуіне
ќарамастан ќ±рылыстары бірдей.
ќ±рылысы мен физиологиясы. Нематодтардыњ дене мµлшері мен формасы (пішіні)
эволюция барысында т‰рлі тіршілік орталарына бейімделу нєтижесінде (бентос
ќабатында сырѓуѓа, суда ж‰зуге, топыраќ арасына енуге) ќалыптасќан.
Нематодтардыњ денесі сыртынан ќалыњ кутикула ќабатымен ќапталѓан.
Кутикула (латынша "cuticula" - ќабыќша) клеткалык ќ±рылысы жоќ, эпителий
клеткаларынан бµлінетін тыѓыз ќабыкша. ќ±рамындаѓы белок пен минералды
заттар жєне саќиналы єрі ‰зынша келген таралымдары оѓан механикалык
беріктік береді де, оны созылѓыш етеді. Кутикула сомалыќ (дене)
б±лшыкеттерге тірек бола т‰рып нематоданыњ µзіндік сыртќы кањќасын ќ±райды
да, денені механикалыќ жараќаттанудан, улы заттардыњ єсерінен саќтап,
корѓайды.
Кутикуланыњ астында орналасќан гиподерма ќабаты клеткалы не синцитиялы
(клеткалардыњ косылуынан туѓан плазмалыќ ќатар) ќ±рылысты болып келеді.
Денесінен µтетін тµрт таралымына (сызыѓына) байланысты гиподерма ішке ќарай
тµрт ойыќ (білеу) ќ±райды.
Гиподерманыњ астында бір кабаттан т±ратын ±зына бойы б±лшыќеттері жатады.
Олар т‰тас кабат ќ±рмай гиподерманыњ тµрт ойыѓына сєйкес тµрт таспа (лента)
тєрізді жіктеліп, бµлініп жатады: екеуі б‰йір, екеуі арќа ќ±рсаќ бµлімінде.
Нематодтардыњ денесі арка ќ±рсаќ б±лшыкеттерініњ ќарама-ќарсы
кезектесе жиырылып серпілуініњ нєтижесінде дорзо-вентральды баѓытта ѓана
иіле алады жєне ќ±рт оњ немесе сол жак б‰йірімен ќозѓалады.
Тері-б±лшыќет ќапшыѓы мен ішектіњ арасында протоцель немесе схизоцель деп
аталатын денесініњ алѓашкы реттік ќуысы орналасады. Б±л ќуыстыњ µзіндік
ќабырѓасы жоќ жєне іші с‰йык затќа толы. С‰йык зат денені кернеп, оныњ
ж‰мырлыѓын т‰раќты т‰рде саќтайды. Алѓашќы реттік ќуыс дененіњ тірегі бола
т‰рып, зат алмасу процесіне де катысады. Дене ќуысы аркылы ќорытылѓан
заттар ішектен б±лшыќеттерге, ішкі м‰шелерге, ал зат алмасудыњ ќалдык
µнімдері зєр шыѓару м‰шесіне ауысады. Осылайша дене ќуысы организмніњ ішкі
ортасы болып келеді. Паразитті нематодтардыњ дене ќуысында т‰ссіз с‰йыкка
толы клеткалар топтасып жатады, жалпаќ ќ±рттардыњ паренхимасына ±ќсас.
Ќуыстыњ с‰йыќ затында валериан, капрон кышќылдары бар, сондыктан да олар
улы .
Ас ќорыту ж‰йесі ±зына бойы созылѓан тік т‰тік тєрізді, алдыњѓы,
ортањѓы жєне артќы ішектеп т±рады. Ауыз тесігі дененіњ алдыњѓы ‰шында
орналасып, кµпшілік жаѓдайда ерекше µсінділер - еріндермен ќоршалѓан: арќа
жєне екі б‰йірлік. Ауыз тесігі ауыз ќуысымен (стома) жалѓасады. Ауыз
ќуысыныњ ќ±рылысы єр т‰рлі. Нематодтардыњ жануарлар паразиті болып келетін
(зоопаразит) µкілдерініњ ауыз ќуысында кутикулярлы тіс µсінділері болады,
ал µсімдік паразиттерініњ (фитопаразит) ауыз ќуысы сорѓыш м‰шеге - стилетке
айналѓан. Стилет ауыз ќуысында арнайы б±лшыкет -протракторлар арќылы
ќозѓала алады. Топыраќта жєне суда тіршілік ететін жыртќыш нематодтарда
стомалыќ ќуыс найзамен немесе ќозѓалмайтын µсінділер - онхамен каруланѓан
.
Ќан айналу жєне тыныс алу ж‰йесі нематодтарда болмайды. Еркін тіршілік
ететін т‰рлері б‰кіл денесі (терісі) арќылы тыныс алады, ал эндопаразиттік
нематодтарда тыныс алу процесі анаэробты, яѓни оттегі жоќ жерде гликогенніњ
ашуы аркылы іске асады. Гликоген коры ж‰мыр ќ±рттарда белгілі бір жолмен
гиподермада жиналады. Гликогенніњ анаэробты ыдырауы нєтижесінде т‰зілген
соњѓы µнімдері - органикалыќ ќышќылдар, соныњ ішінде май жєне валериап
ќышкылдары куыс с‰йыќтыѓында жиналып, улы, ќ±йдіргіш затќа айналады.
Сондыќтан ќ±ртты сойѓанда µте м‰кият жєне абай болу керек. Топыраќта жєне
паразиттік тіршілік етуіне, тесу, ќазу козѓалысына байланысты нематодтардыњ
сезім м‰шелері µте нашар дамыѓан. Тітіркенуді ќабылдайтын ‰ш т‰рлі
рецепторлары бар: тері сезу (тангорецепторлар), химиялык заттарды
сезетін (хеморецепторлар) жєне жарык сезетін (фоторецепторлар). Бірінші топ
- кылтаншалар, папиллалар, бурсальды ќанаттар, екінші - амфидалар,
фазмидалар, гиподермальды поралар (сањылау), ‰шінші - жарыќ сезгіш
клеткалар. Рецепторлы м‰шелер дененіњ бас, ќ±йрыќ (каудальды) жєне жыныс
м‰шелерініњ (гениталий) бµлімдерінде шоѓырланады.
2.5. Нематод жұқтырған малдардағы белгілер жєне оларды емдеу жолдары
Мониезиоз — малдың бүкіл денесінде күрделі өзгерістер тудырып, оны
жаппай өлімге ұшырататын, Моnіеzіа ехраnsа және Моnіеzа bеnеdеnі
құрттарынын ларазиттік тіршілігіпен болатын ішқұрт ауруы.
Қоздырғышы. Жай көзбен қарағанда жап-жалпақ болып, шұбатылып жататып,
ұзындыры 4-10 метрге жететін ақ құрт. Жоғарыда аталғандай оның екі түрі
бар. Моnіеzіа ехраnsа құрты бірнеше жүз бунақтан тұрады, оның ұзындығы 6-10
метр, жалпақтыры 1,0-1,5 см. Әрбір бунақтың ені ұзындығынан артық, басында
төрт сорғыш органы бар, бірақ фитинделген ілмешектері болмайды. Мониезия
құртыныңі, жыныс тесіктері бунақтың екі бүйірінен, ал басқа құрттарда бір-
ақ бүйірінен ашылады. Ересек-құрттың жатыры ирек-ирек болып бунақты
көлденең алып жатады. Моnіеzа bеnеdеnі жоғарыда аталған құртқа ұқсас, бірақ
одан қысқалау - 4 метр. Оның жатыры тор секілді. Құрт жұмыртқалары төрт
бұрышты, бес бұрышты, сопақ немесе сақина сияқты болып келеді. Жұмыртқаның
ішінде сапталған балғаға ұқсас онкосфера бар. Ішінде хитинделген алты
ілмешегі болады.
Дамуы. Ересек құрт ірі қаранын, қой-ешкінің ішегінде күнелтеді. Құрт
личинкасы – цистиценркоид жер қыртысында күнелтетін, мпкроскоп арқылы ғана
көрінетін ұсақ орибатей кенелерінің денесінде өседі. Мұндай кененің 60
шақты түрі (SсһеІоrіbаtеs, SіgоrіbаtuІа, kеrаtоsеtеs) бар. Күн сайын сыртқа
малдың нәжісімен ондаған моинезия бунақтары шығып тұрады. Әр бунақта 20
мыңнан аса жұмыртқа болады. Бір мониозия құрты өз өмірінің ішінде 80
миллионға жуық жұмыртқа шашады. Нәжіске аралысып сыртқа шыққан бунақтар
жайылып шабындыққа, шөп пен суға барып түседі де, жарылады, мұның
нәтижесінде олардың ішіндегі быжынап жатқан жұмыртқалар босап шығады. Кейде
бунақ малдың тік ішегінде жарылып кетіп, сыртқа жалаңаш жұмыртқалар,
шашылады. Жайылымдары орибатей кенелері жұтып қояды. Кене денесінде
жұмыртқа одан әрі жетіле түседі. Шымкент облысында 45-50 күн, кейде үш ай
өтісімен жас личинка цистицеркоидқа айналады. Кейбір деректерге қарағанда,
кене денесінде цистицеркоид қалыптасуы үшін 111 күн (28° С), тіпті 180-206
күн (16-18° С) керек. Жайылымда жүрген мал осындай іші цистицоркондқа
толған орибатей кенелерін шөппен бірге жұтып жіберсе, мониезиозға
шалдығады. Малдың асқазанына келіп түскен кене түрлі ферменттердің әсерімен
қорытылады да цистицеркоид босап шығады. Ол өзінің алты ілмешегімен ішектің
кілегей қабығына қадалып ішек сөлімен қоректенеді. Сөйтіп, орта есеппен бір
жарым айдың ішінде ересек құртқа айналады.
Эпизоотологиясы. Малға мониезиоз жайылымда қаптап жүрген орибатей
кенелері арқылы көктем айларында жұға бастайды. Кенелер саңырауқұлақ
сабағымен, өсімдік түбірімен, шіріген органикалық заттармен қоректеніп,
жайылымда екі жылдай тіршілік етеді. Олар әсіресе батпақты жерде, орманды
жердің шөбі мен топырағында көп кездессді. СССР-да орибатей кенесінің 400-
ге жуық түрі бар. Тың жерлер мен ашық даланың әрбір шаршы метрінде 20-25
мыңға жуық кене болады. Жыртылған жерде орибатей кенелері керісінше өте аз
кездеседі. Көбінесе орибатей кенелері топырақ бетінде жорғалап жүреді, ал
жауынды күндері өрмелеп шөп басына шығып кетеді. Күн ысыған мезгілде шөптен
түсіп, топырақтың астына кіріп жасырынады. Күн батысымен олар қайтадан
шөптің басына шығады. Кенелер шөп басында, әсіресе жауынды күндері ұзақ
болады. Сондықтан малдың көпшілігі мониезиозға жауынды күндері шалдығады.
Мониезия жұмыртқалары қолайсыз жағдайға төзімді келеді. Мәселен, нәжістегі
құрт жұмыртқалары, ылғал мол болса, 12-14°С жылылықта төрт ай бойы өлмейді,
бірақ 500С ыстықта бір минутке жетпей қырылып қалады. Жазды күні ашық
далаға келіп түскен мониезия жұмыртқаларының екі тәуліктен кейін 36
проценті ғана, ал бесінші, алтыншы күндері 13 проценті ғана тірі қалады.
Патогенезі. Ұзындығы 4-10 м болып быжынап жүрген ересек құрт малдың
денсаулығына орасан зиян тигізеді. Ащы ішекті бітеп тастап денедегі қалыпты
ас қорыту сарынын бұзады. Азығы бойына сіңбей мал арықтайды. Құрт
айналасына уытын таратып мал денесін улайды, Мониезия құрттары жыбырлап
жүріп ішектің кілегейлі қабырын зақымдайды, қабындырады. Кейде құжынаған
құрттар ішекті бітеп тастап азық одан әрі жүрмей қалады. Мұның салдарынан
малдың іші кебеді. Жиырылып созылған ішек кейде бұратылып, шырмалады, оның
алдыңғы кесінділері артқы кесінділеріне мінгесіп шек түйіледі.
Ауру белгілері. Ауырған малдың тәбеті қашады. Ол жабығады, күйзеледі.
Малдың аузы кеуіп, біресе іші өтеді, біресе іші кебеді. Іші өткен малдың
нәжісіне қан мен кілегей араласады, оның жамбасы, құйрығы, екі бұты,
сирақтары нәжіске былғанады. Нәжіс бетінде жыбырлап жүрген, үлкендігі күріш
дәніндей аппақ мониезия бунақтарын көруге болады. Ауру меңзеген мал әбден
арықтап, меңіреу болады. Оның қаны азаяды, бауырының асты ісіп кетеді. Нерв
жүйесі бұзылып, мал құрысып тыпыршиды, аузынан ақ көбік шұбырып жер
тепсінеді, кейде дүрс етіп құлайды. Мал тесіліп бүйіріне қарай береді.
Өлекседегі өзгерістер. Өлексе өте арық болып көрінеді. Ауыздық, көз бен
танаудың ішкі беті бозарған. Еттерінің арасы ісінген, талағы ұлғайған. Ащы
ішек қабырғасын тіліп жібергенде оның ішінен жылан сияқты ирелеңдеген,
шұбатылған ақ сары мониезия құрттары табылады. Ішектің кілегей қабығы
жуандап қабынған, қайталаған. Шажырқайдағы қан және сөл тамырлары кеңейген,
быттиып жуандаған. Ми қабығы қанталаған. Ішекті мониезиялар бітеп тастаған.
Диагнозы. Ауруды анықтау мақсатымен, оның эпизоотологиясы мен клиникасы
ескеріледі. Мониезнозбен көбінесе жас мал ауырады. Ауру жаз айында шығады
да, күзге қарай өршиді. Малдың жамбасы, екі бұтының арасы, құйрығы, артқы
сирақтары нәжіспен былғанған болса, таңертең мал өріске шыққан соң, оның
жатқан жерінен күріш дәніндей аппақ құрт таспалары табылса, аурудың
мониезиоз болғаны. Лабораториялық жағдайында ауру Дарлинг және Фюллеборн
әдістерімен анықталады. Қанықкан тұз ерітіндісі мен глицеринге салынған
нәжістен бөлініп құрт жұмыртқалары ерітіндінің бетіне қалқып шықса аурудың
мониезиоз екеніне ешқандай күдік қалмайды. Я.Д.Никольский өз әдісін
қолданды. Оның мәні мынада: стаканға 5-10 г нәжіс салады да үстіне су құйып
шайқап араластырады. Бактериологиялық пробиркаға стакандағы сол судан аздап
құйып алады да, екі сағаттай тұндырады. Содан кейін тұнбаны төсеніш шыныға
жағып, микроскоп арқылы эерттеп, құрт құмырсқаларын іздейді.
Емі. Ауру мал тотияйын, күшалалы қола қышқылы, марганецтің қола
қышқылы, кальцийдің қола қышқылы сияқты дәрілермен емделеді.
Тотияйынның судағы бір проценттік ерітіндісін шлангімен малдың аузына
құяды (үш - алты айлық бұзауға – 120-150 мл). Жыл сайыи мониезиоз шығатын
шаруашылықта дегельминтизация екі рет; бірінші рет мал өріске шыққан сон 1-
1,5 ай өтісімен, яғни көктемде, ал екінші рет бұдан 15 күн өткен соң
жасалады. Тотияйын ерітіндісін шыныдан немесе ағаштан жасалған ыдыста
әзірлейді. Осы мақсатпен жаңбыр, қар суы немесе дистилденген су, ал олар
болмаса, өзен, көл, құдық суы пайдаланылады.
Сақтық шаралары. Ұдайы мониезиоз шығып тұратын шаруашылықта бұзау,
тана, торлақтар ересек малдан бөлек, екі жыл бойы пайдаланылмаған таза
жайылымда бағылады. Мұндай жайылым болмаса егілген жерде от татады.
Мониезиядан арылту үшін төлді жазғытұрым, яғни мал жайылымға шыққан соң бір
ай өтісімен тотияйын ерітіндісінде үшінші рет дәрілейді. Сазды, батпақты
жерлерге мал жаюға болмайды. Жас малды мониезиоздан аман сақтау үшін
көктемде қораның айналасын жыртып тастайды: орибатей кенелері қопарылған
топырақтың астында тұншығып қырылып қалады.
ТИЗАНИЕЗИОЗ
Ірі қараның, сондай-ақ қой-ешкінің Тһуsаnіеzіа giardi құрты тудыратын
гельмиятозы. Онымен көбінесе ересек мал ауырады. Ауру қоздырғышының
ұзындығы 5 метр. Тизаниезия бірнеше жүз бунақтан тұрады. Басында төрт
сорғыш органы бар, бірақ хитинделген ілмешектері жоқ. Бунақтың ені
ұзындығынан екі есе артық. Ересек тизаниезия бунағында 20 мыңдай жұмыртқа
бар. Жұмыртқа сырты арнаулы капсуламен қапталған. Жыныс тесіктері бунақтың
бір жағынан алма-кезек ашылады. Құрттың жатыры жұмыртқаға толған, бунақта
көлденеңінен орналасқан.
Дамуы. Тизаниезия биологиясы зерттеліп біткен жоқ. Кейбір ғалымдар
құрттың аралық иесі орибатей кенесі деп жорамалдайды. Бірақ Қазақстанда
жүргізілген зерттеулер мұны теріске шығарды.
Эпизоотологиясы. Тизапиезиоз Қазақстанның барлық облыстарында
кездеседі. Онымен көбінесе ересек мал ауырады. Тизаниезиоз мал арасында
күзде шығып, қыс ортасында өршиді де, жазғасалым өзінен-өзі жойылып кетеді.
Ауру бегілері. Ауру мал жабығады. Іші біресе өтіп, біресе кеуіп, малдың
асқазанында ас қорыту сарыны бұзылады. Мал арықтап, оның көздерінің аузы
мен танауларының кілегейлі қабықтары бозарып кетеді. Жүздеген тизаннезия
құрттары ішек қуысын бітеп тастап қоректік заттардың бойға, сіңуіне кедергі
жасайды. Ащы ішекте быжынап жатқан құрттар айналасына уытын таратады. Құрт
уы денесіне сіңіп мал уланады. Мал діріл қағып, қалтырайды, оның аузынан
сілекейі шұбатылады.
Өлекседегі өзгсрістер. Малды сойысымен оның ащы ішегін тіліп жібергенде
тизаниезия құрттары табылады. Ащы ішектің кілегейлі қабығы қабынған,
қапталаған. Сондай-ақ өкпе, бауыр, жүрек-талақ т.б. органдар да қанталаған.
Ауруды анықтау үшін эпизоотологиялық деректер мен ауру белгілері
пайдаланылады.
Емі. Тизаниезия құрттарынан арылту үшін малға екі рет, яғни бірінші рет
күзде, екінші рет қыс басында тиісті дәрілермен дегельминтизация жасалады.
Қолданылатын дәрілер мен олардың мөлшері мониезиоз кезін-дегідей.
Гемонхоз - малды қансыратып, арықтататын, көптеген жағдайда оны
өлтіретін. Нaemonchus соntortus құрты тудыратын ішқұрт ауруы. Мал оған
әсіресе қыстыгүні немесе жазғытұрым шалдығады.
Морфологиясы мен дамуы. Жұмыр құрт. Гемонх қыл сияқты жіп-жіңішке, оның
ұзындығы 2-3 см. Микроскоп арқылы қарап оның басындағы хитинделген кішкене
ауыз қуысы капсуласын көруге болады. Капсуланың ішінде жіп-жіңішке жалғыз
тісі бар. Еркегінің құйрық жағында жалпақ келген жыныс бурсасы орналасқан.
Жыныс бурсасы көптеген хитии қабырғаларымен керілген. Еркек құрттың артқы
жағы жіңішке, алдыңғы жағы жуан болып келген екі спикуласы бар. Ұрғашы
гемонхтың алды да, арты да бірдей сүйірленген. Жыныс тесігі құрттың арт
жағынан ашылады. Гемонх мойнының екі жағында шотаяққа ұқсаған қос бүртігі
бар. Оны тек микроскоп арқылы көруге болады. Гемонхтар ұлтабардың ішінде
күнелтеді, Еркегімен шағылысқаннан кейін ұрғашы құрт көптеген жұмыртқа сала
бастайды. Жұмыртқа өте кішкентай, микроскоп арқылы ғана үлкейтін көруге
болады. Ол сопақ болып келген, оның іші ұрыққа толы. Мыңдаған жұмыртқалар
азыққа ілесіп ұлтабардан ішекке ауысады да, нәжіспен бірге сыртқа шығады.
Ауа райы қолайлы болса (22°С), бір тәулік өтісімен жұмыртқаның ішінде
микроскоп арқылы ғана көрінетін көптеген кішкентай личинкалар пайда болады.
Пішіні жыланға ұқсаған личинка қолайлы жардайға душар болса бір апта ішінде
екі рет түлеп бірінші, екінші және үшінші сатылардан өтеді. Сөйтіп ауру
тудыру қабілеті бар инвазиялық личинкаға айналады. Мұндай личинканың
сыртында табиғаттың қолайсыз жағдайларынан (құрғақшылық, ыстық-суық)
қорғайтын екі қабат қабығы болады. Инвазиялық личинка үш айға дейін, тіпті
бір жылға дейін өлмейді. Ылғалды жерге түссе, олар 50°С ыстықты да көтере
береді.
Эпизоотологиясы. Гемонхозбен күйіс қайыратын мал түліктері түгелдей
ауырады. Ауру қыстың екінші жартысында шығады да, көктемде мал арасына
кеңінен тарап кетеді. Гемонхоз Қазақстанның орталық облыстарында, әсіресе,
оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында жиі кездеседі. Солтүстік
облыстарда құрт личинкалары қыстыгүні аязға шыдай алмай, көбінесе қырылып
қалады. Олар суда балықша жүзеді, бұлтты, жауынды күндері өрмелеп шөптің
басына шырын кетеді. Сәскеге дейін, сондай-ақ қараңғы түсісімен, тіпті түні
бойы личинкалар шөптің сабағын бойлай әрлі-берлі кезіп жүреді. Әсіресе олар
шөп басында құжынап кетеді, ал ашық ыстық күндері ыстыққа шыдай алмай
шөптің түбін, топырақ арасын паналайды. Кейбір деректерге қарағанда,
гемонхозбен көбінесе жас мал ауырады. Ірі малдар да ауырады, бірақ оларға
бұл ауру емдесе онша қауіпті емес.
Патогенезі. Гемонх ұлтабардың кілегейлі қабығына жабысып оны, аузындағы
жалғыз тісімен жарақаттайды да, сорғалап аққан қанмен қоректенеді. Бара-
бара ұлтабардың іші қанға толып кетеді. Көп кешікпей қан ұлтабардан ащы
ішекке ауысып нәжіске араласып сыртқа шығады. Кей жылдары ауру малдың көбі
қансырап өле бастайды. Өлген малдың ұлтабарын жарып жібергенде, оның
кілегейлі қабығына сүлікше қадалған гемонх құрттарын көруге болады. Құрт он
мыңдап саналады. Жай көзбен қарағанда олар ұлтабарда киіз секілді ұйысып
жатады. Кейде ұлтабардың ішкі беті шұрқ-шұрқ болып тесіледі. Ауру малдың
қаны азаяды (анемия). Эритроцит саны күрт азайып, РОЭ, тұну реакциясы
жеделдейді. Лимфоциттер мен эоззинофиль, лейкоциттер саны бірнеше есе
көбейеді. Сайып келгенде ішек-қарында ас қорыту, сіңіру процестері
бұзылады. Гемонх құрты уытын шығарып, мал денесін уландырады.
Ауру белгілері. Ауру мал арықтайды. Ұлтабар мен ішекте ас қорыту,
қоректі заттарды сіңіру қызметі нашарлайды. Кейде малдың нәжісіне қан
араласады. Оның тыныс алуы, тамыр сорысы жеделдейді. Мал әбден арық-тап,
екі-үш айдан кейін қансырап өледі.
Өлекседегі өзгерістер. Өлексе тым арық, сырттай қарағанда оның
қабырғалары ырсиып тұрады. Еттері боп-боз, онда қан-сөл жоқ. Ұлтабарды
тіліп жібергенде ішінен киіз сияқты ұйысып жатқан мыңдаған гемонх
табылады.Ми мен жұлын ісінген, қабынған. Ішек-қарын, бауыр, бүйрек солып
семген.
Диагноз. Ауруды анықтауда эпизоотологиялық деректер мен ауру белгілерін
ескере отырып, гемонхозды бірден-бір дәл анықтау үшін мынадай әдістер
қолданылады: 1) овоскопия, ол үшін тұздың қаныққан ерітіндісін - Дарлинг
әдісін, сондай-ақ тең мөлшерде алынған глицерин мен тұздың қаныққан
ерітіндісін - Дарлинг әдісін пайдалана отырып, гемонх жұмыртқа-ларын
іздейді. Бұл ерітінділердің сыбағалы салмағы гемонх жұмыртқасынан әлдеқайда
ауыр, сондықтан жұмыртқа олардың бетіне қалқып шығады; 2) инвазиялық
личинка өсіру. Малдың нәжісін жайпақ шыны ыдысқа салып үстіне су бүркеді
де, термостатқа қояды (22-26° С жылылықта). Бір апта бойы күн сайын
ертеңгілікте оған су бүркіп, дымқылдап отырады. Осы уақыттың ішінде
жұмыртқа личинкаға айналады, личинка екі рет түлеп, екі қабат қабықпен
қапталады. Гемонх личинкасын басқа құрт личинкаларынан ажырату үшін оны
инвазиялық сатыға жеткізеді. Инвазиялық личинка 16 ішек клеткасынан тұрады,
оның пішіні ромба секілді. Жіп-жіңішке болып, соңғы екі клетка қатарласа
орналасқан. Гемонхозды личииканың осы белгілеріне қарап анықтайды; 3) өлген
малдың ұлтабарын зерттеу сенімді әдіс. Ұлтабарды тіліп жібергенде, оның
кілегейлі қабырына қадалған, пішіні қыл сияқты мыңдаған гемонхтар көрінеді.
Жаңа ғана сойылған немесе өлген бойда ішін жарған малдың ұлтабарындағы
гемонхтар қызыл жіп сияқты шұбатылады. Гемонх - қан сорғыш құрт.
Емі. Бірден-бір әсерлі дәрі фенотиазин. Өзіндік иісі мен дәмі бар, суда
ерімейтін, май мен спиртте түгелдей еритін ақшыл сары ұнтақ. Құрамы таза
емес фенотиазин көкшіл немесе ашық жасыл түсті болады. Таза фенотиазин
басқаша тиодифениламин деп аталады. Фенотиазин күн көзінде және ылғалды
жерде көп жатып қалса тотығады да, өзінің дәрілік қасиетінен айырыла
бастайды. Суда ерімейтін болғандықтан фенотиазин балшыққа, бентонитке,
желатинға, крахмалға, тұзға немесе сабын ерітіндісіне араластырып беріледі.
Малды алдын ала ашықтырудың қажеті жоқ. Дәрі ішкеті малдың зәрі қып-қызыл
болып кетеді. Фенотиазин бұзауға суға араластырылған суспензия ретінде
беріледі. Суспензияны бірнеше рет шайқап жібереді де резина шланг арқылы
малдың аузына құяды. Ересек малға берілетін фенотиазин 30-40 грамнан
аспауға тиіс, бұдан көп болса мал уланып қалуы мүмкін, мұндай жағдайда
кейде өліп те кетеді.
Сақтық шаралары. Ең алдымен гемонхоздың кең етек алуына тежеу салу
керек: аурудың қашан, қайда шыққанын, өршіген, басылған кезеңдерін ескере
отырып, гемонхозға шалдыққан малды емдейді. Сөйтіп, оны тоқтатуға тырысады.
Жалпы мал дәрігерлік-санитарлық шараларды уақытында қолдана отырып, оны
шөбі-шүйгін. Суы мол жайылымда бағады. Жазда жайылым ауыстыру жұмысына
ерекше мән беріледі. Гемонх личинкаларының өсу сатыларын (5-4 күнде
инвазиялық сатыға жетуін) ескеріп апта сайын мал жаңа жайылымға көшіріліп
отырады. Алғашқы жайылым участогіне мал 3-4 айдан кейін ғана оралуға тиіс.
Малды батпақты, сазды жерге баруға, суаруға болмайды. Жыл сайын гемонхоз
шығып жүрген шаруашылықта малға жылына екі рет (көктем және күзде)
дегельминтизация жасайды (тиісті мөлшерде фенотиазии ішкізеді).
Нематодироз - малдың, әсіресе бұзау-тайыншаның ұлтабары мен ішегін
зақымдап, қанын азайтатын, оны улап шығынға ұшырататын Nеmatodierus
тудыратын ауру.
Құрттың морфологиясы мен дамуы. Жіп сияқты жіңішке гельминт-
нематодирдің ұзындығы 7 мм, Қазақстанда оның 13 түрі бар. Құрттың артқы
жағы бас жағынан сәл жуандау. Алдыңғы жағы біртіндеп жіңішкереді де, қыл
сияқты болып аяқталады. Ауыз қуысы кішкентай. Оның айналасында алты
бүртігі, жалғыз тісі бар. Тұмсығында шоқпардың басындай жуан дөңес везикула
орналасқан. Везикула көлденең сызықтармен тілінген, мойнының екі жағы теп-
тегіс, гемонхтікіндей қос бүртігі жоқ. Еркек нематодирдің жыныс бурсасы
жалпақ, екі қалақшаға бөлінеді. Ұзынша келген қос сникуласы құрттың құйрық
жағында жіңішке жіп сияқты шұбатылып шығып жатады. Ұрғашы құрттың құйрығы
сүйірленген. Жыныс тесігі төмен жағынан ашылады. Құйрығында шошайған істік
бүртігі бар.
Нематодирлер малдың ұлтабары мен шегінде күнелтіп, олардың ішіне
көптеген жұмыртқа салады. Жұмыртқа нәжіске араласып сыртқа шығады.
Жайылымда ол ауа райына қарай 15-26 күн өтісімен личинкаға айналады.
Личинка екі рет түлеп ауру тудыру қабілеті бар инвазиялық сатыға жетеді.
Инвазиялық личинка ыстыққа, суыққа өте төзімді: 34-35 градус жылылықта 2
айдай, 45-46 градус жылылықта бір айдан астам, ал 4-8 градус жылылықта үш
айдан аса тіршілік етеді. Ол құрғақшылықта алты ай бойы өлмеген. Жайылымда
личинка шөп басына өрмелеп шығып, әрлі-берлі оның сабағын кезіп жүреді. Мал
осы личинкаларды шөппен немесе сумен бірге жұтып жіберсе, нематодирозға
шалдығады. Ішке барып түскен соң олар ішектің кілегейлі қабырына қадалады
да, оның астына кіріп алып үш аптада екі рет түллейді, содан кейін ішек
қуысына қайтып оралып, ересек құртқа айналады.
Эпизоотологиясы. Нематодироз (Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе, Орал,
Гурьев облыстарында) республикамызға кең тараған. Жоғарыда айтылғандай
онымен көбінесе бұзау, торпақ, тайыншалар ауырады.
Нематодир жұмыртқалары мен личинкалары табиғаттың қолайсыз жағдайларына
өте төзімді: қардың астында қыстап шыға береді. Жайылымда инвазиялық
личинкалар бір жылға дейін өлмеуі мүмкін. Ауа райына қарай құрт
жұмыртқаларының инвазиялық ауру жұқтыра алатын сатыға жетуі ұзарып немесе
қысқарып отырады. Мәселен, жұмыртқа жайылымға апрель айында түссе, оның
инвазиялық личинкаға айналуы үшін 43 күн, май айында түссе 13, июньде түссе
19, июльде түссе 14, августа түссе 15, сентябрьде- түссе 20 күн уақыт
керек. Көктем мен күзде бұл мезгіл ұзағырақ болуы мүмкін. Шыжыған жаздық
ыстық күндері личинка екі аптаға жетпей-ақ инвазиялық сатыға жетеді.
Ақтөбе, Орал, Гурьев облыстарында нематодироз жаз айында басталады да,
күзге қарай өрши бастайды. Кейбір малда құрттың саны 30 мың-нан асып
кетеді. Республикамыздың солтүстігінде жаз ортасында, ал таулы аудандарда
күзге қарай мал өле бастайды.
Патогенезі. Асқазанға келіп түскен нематодир личинкалары ішектің
кілегейлі қабығын тесіп жарақаттайды, одан әрі тереңдеп, сол қабықтың
арасына кіріп орналасады. Жарақаттанған жер қабынады. Өсіп жетілген
нематодирлер қайтадан ішек қуысына оралады да ішек қабырғасына қадалып
алып, малдың қанын сора бастайды. Быжынаған құрттар ұлтабар мен ішекті
жаппай жарақаттап, мұнда ас қорыту қабілетін бұзады. Кейде ішек бітеліп
қалады.
Ауру белгілері. Аурудың алғашқы белгілері мал денесіне инвазиялық
личинка енісімен 11-14 күн өткен соң білінеді. Тағы да 4 күннен кейін мал
өле бастайды. Ауру мал нашарлайды, оның өкпесі қысылып, тынысы тарылады,
біресе іші өтіп, біресе қатады. Ол арықтайды.
Өлекседегі өзгерістер. Өлген мал тым арық ішек жуандаған. Оның
кілегейлі қабығы тесіліп қанталаған, қабынған. Қанның жалпы мөлшері
азайған. Нервтер, сөл бездері, жүрек еті, ішек түгелімен қабынған.
Диагнозы. Осы мақсатпен малдың нәжісі Фюллеборн әдісімен зерттеліп,
одан құрт жұмыртқалары ізделеді. Нематодир жұмыртқасының басқа құрт
жұмыртқаларынан бірқатар айырмашылығы бар. Ол басқалардан 1,5-2 есе ірі.
Сопақша болып келген. Оның қақ ортасында 6-8 дөңгелек бластомер бар, бірақ
екі жақ шеті бос. Ауруды нематодир личинкасын инвазиялық сатыға дейін өсу
арқылы да ажыратура болады. Ол үшін малдың нәжісін 10-15 күн термостатта
жылы жерде ұстайды да, өсіп шыққан личинкаларды сүзіп алып, арнаулы таблица
бойынша олардың түрін анықтайды. Инвазиялық личинканың ішек клеткалары бес
бұрышты трапецияға ұқсайды. Жалпы клетка саны 8. Клеткалар бір-біріне
жалғасып жатады. Личинканың құйрығында тарамдалған үш шошағы бар. Өлген
малдың ауруын анықтау онша қиын емес ащы ішекті тіліп жібергенде ішінен қыл
сияқты мыңдаған нематодир табылады. Қара ыдысқа салып сумен шайса,
құжынаған құрттар айқын көрінеді.
Емі. Сынаудан өткен дәрілердің ішінде хлорофос пен нафтамон тиімдірек.
Жас малға хлорофостың 1,5 проценттік ерітіндісі (мал салмағының әр
килограмына 10 мл) екі рет ішкізіледі. Оның ересек құртқа да әсері күшті.
Бірақ хлорофоспен емдеген күні малға сүрлем беруге болмайды. Екі күннен
кейін малдың күйі жақсарып жемшөпке тәбеті тартады, іші өтуі тыйылады. Мал
арасында өлім-жітім тоқтайды. Хлорофос малға қыс аяғында немесе көктем
басында берілетін болса, алдымен оныц уыттылығы тексеріледі: 10-15 малға
ішкізіп, дәрі мөлшері анықталады. Бұлардың бірде-бірі өлмесе, хлорофосты
барлық малға қорықпай қолдана беруге болады. Бірер мал улана қалса, оларға
атропин беріп хлорофосты тез айдап шығады. Нематодирозға қарсы нафтамон
(мал салмағының әр килограмына 0,3г) қолданылған. Мұнымен емделінген 100
бас малдың 94 жазылған. Дәрі 0,5 г қолданылса мал түгелдей ауруынан
айыққан. Аталған ғалым хлорофоспен нафтамонды араластырып та қолданған.
Нафтамонның (мал салмағының әр килограмына 0,1 г) 10 проценттік эмульсиясын
ішкізген соң хлорофостың (мал салмағының әр килограмына - 25 миллиграмм) 1
проценттік ерітіндісін берген. Шетелдерде нематодирозға шалдыққан мал
метиридин, тиабендазол және пилверм деген дәрілермен емделіп жүр. Мөлшері
(мал салмағының әр килограмына); метиридин - 0,2 г, тиабендазол -70-80 мг,
нилверм - 10 мг. Әсіресе құртқа нилверм күшті әсер етеді.
Сақтық шаралары. Бұрын жазғы тышқан деп аталатын бұл ауру соңғы 5-10
жыл тұсында ғана анықтала бастады. Нематодирозға қарсы қолданылатын басты
шаралар: төлді жазда қорада ұстау немесе ауыл маңы-на орнатылған базда,
лагерьде бағу. Малға витаминге бай көк шөп шауып әкеліп береді. Жыл сайын
нематодироз шығып жүрген шаруашылықта малға фенотиазин тұз қоспасын (1:14)
астауға салып беруге болады. Қоспа әзірлеу үшін 9 бөлік ұсанылған тұзға бір
бөлік фенотиазин қосады да, мұқият араластырады.
Буностомоз — малдың қанын сорып, оны арықтатып, көбінесе өлімге
ұшырататын Вunostomum ріеbоtоmum дейтін жұмыр, құрт тудыратын ішқұрт ауруы.
Морфологиясы мен биологиясы. Еркек құрттың ұзындығы 1 см, ұрғашысынікі
- 2 см. Еркегінің жыныс бурсасы воронкаға ұқсайды, екі қалақшадан тұрады.
Бұлардың біреуі ұзынырақ, екіншісі қысқарақ. Басы бір жағына қисайған.
Тұмсығында воронкаға ұқсас ауыз қуысы (капсула), ал оның түбінде бір тісі,
ұзын аузының ашылатын жерінде кішкене екі тісі бар. Өңеші басталатын жерде
мойын бүртігі бар. Буностом құрты ішекте күнелтеді. Ішектің ішіне ұрғашы
құрт мыңдап жұмыртқа салады. Жұмыртқа нәжіске араласып сыртқа шығады.
Сырттағы температура үш градустан төмен немесс 35° С-тан жоғары болса,
жұмыртқа ішіндегі личинка өліп қалады. Ауаның жылылығы 10° С шамасында
болса буностома личинкалары 12-30 тәулікте, 16° С болса 11 тәулікте, ал 21°
С болса бір аптада инвазиялық сатыға жетеді. Инвазиялық личинкалар ыстық-
суыққа онша төзімді емес: 50 минут кептірсе, 10-15 тәулік аязда ұстаса олар
түгелдей қырылып қалады. Буностом личинкалары шапшаң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz