Қытайдың Қазақстанға байланысты саясатының маңыздылығы
1 Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты
2 Қытайдың демографиялық саясаты
3 Қытайдың демографиялық саясатынан сақтану шаралары
4 Қытайдың экономикалық саясаты
Қорытынды

Соңғы жылдары әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) Қытайдың қарыштап дамып келе жатқаны жөнінде жан-жақты зерттеулер жүргізіп көп айта бастады. Бұл дегеніміз ғасырлар бойы айтылып келе жатқан «ұйықтап жатқан алып диюдың» оянуы деп баға берсек сірә қателеспеген болармыз. Жаһанға аты мәшһүр Наполеонның өзі: «Бұл алып диюды оятпау керек. Ол оянса, ғаламды шайқалтып жіберуі ықтимал» деп босқа айтпаса керек. Сонымен, енді Қытай деген алып күштің ояна бастауынан әлемдік супердержава деген елдердің өзі алаңдап, беталысына қарап қобалжи бастады. Ал Қытайға көрші елдердің тіпті дегбірі қалар емес. Өйткені бәсекелестікте алдына жан салмайтын Қытайдың экономикалық дамуы көрші елдердің экономикасының тығырыққа тірелуіне алып келіп отыр.
Қытайдың көршiлерiн әскери күшпен жаулап алғанын тарихта аса көп кездестiрмеуге де болар. Бiрақ, бұл халыққа кемеңгерлерi Конфуцийдiң «жылына бiр сантиметр жылжып та жетiстiкке жетуге болатынын» айтып кеткенiн ескерсек, көршiлерiмiздiң қазiр әлемнiң әр бұрышында «china town» немесе қытай қалашықтарын құрып алып, дүниежүзi мемлекеттерi iшiндегi «өз мемлекеттерiн» бiртiндеп көбейту тенденциясына көз жұмып қарауға болмайды.
Осындай жағдайларды сараптап отырған Қытай Қазақстанды зерттеу объектiсiне алып отырғанын кездескен қытай ғалымдары да жасырмайды. Қытай қоғамдық академиясының профессоры Гу Гуан Фу: «Қазақстанға жылына үш төрт рет барамын. Қытайдың орталығында және шекаралас аумағында Қазақстан мен Орталық Азияны зерттейтiн бiлiктi институттар бар. Бiр жақсысы, Қазақстанмен қарым-қатынас ұстау өте тиiмдi. Сiздер байланысқа тез келесiздер. Ал Ресейде болса олай емес. Екi ортада саяси қайшылықтар кездесiп қалады», - деп ағынан жарылуында үлкен мән жатыр.
Алайда, Қытайдың болашақ гегемониясының қазiрдiң өзiнде көзге түсiп қалатын элементттерi жайына келгенде қытай саясаттанушылары пікірлерінен алыстан орағытып, ол жайында ойлауға мұршаңызды келтірмейтіндей етіп шатастырады. Қытайдың өзге көршiлес мемлекеттерге қауiп төндiретiндей теориясын негiзiнен жоққа шығаруға болмайды. Тiптi, Қытайға көршілес өзге елдердiң бәрiнде де сол қауiп бар. Бұл заңды да. Өйткенi тарихтан да белгiлi, мемлекеттiң қуаты артқан сайын, оның араны да ашылады ғой. Ал енді осы алып аспан асты елінің көршісі Қазақстанның жағдайы қандай болмақ деген сұрақ өздігінен туындайды. Көтеріп отырған мәселеміздің арқауы да осы сұрақ төңірегінде болмақ.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның БАҚ-ы Ресейдің Қазақстанды отарлап келгені туралы айтып келсе, енді оған қазір қытайландыру қаупі келіп қосылды. Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қарқын ала бастады. Өйткені әлемнің алып күштері үшін «бос кеңістік» саналатын жерден өз үлесін алып қалу болды. Бұл үшін Қытайдың көптеген себептері бар: 1) экономикасы қарқынды дамуы шикізат пен отын-энергетикаға деген сұранысын күрт арттырып жіберді; 2) мамандардың болжамдарына қарағанда Қытайдың территориясы 2 млрд. адамның ғана өмір сүруін қамтамасыз ете алады екен. Ал 2015 жылы Қытай халқы 2 млрд.-тан асады деп күтілуде. Сонымен бірге бұған «бір жанұяға – бір бала» саясатына қарсы санақта жоқ 2-3 баласы бар ауыл қытайларын қоссаңыз ресми санақтан да асып түсетін анық.

2 Февраль 2008 г.
ҚЫТАЙДЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ САЯСАТЫ
ҚЫТАЙДЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ САЯСАТЫ
Соңғы жылдары әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) Қытайдың қарыштап
дамып келе жатқаны жөнінде жан-жақты зерттеулер жүргізіп көп айта бастады.
Бұл дегеніміз ғасырлар бойы айтылып келе жатқан ұйықтап жатқан алып
диюдың оянуы деп баға берсек сірә қателеспеген болармыз. Жаһанға аты
мәшһүр Наполеонның өзі: Бұл алып диюды оятпау керек. Ол оянса, ғаламды
шайқалтып жіберуі ықтимал деп босқа айтпаса керек. Сонымен, енді Қытай
деген алып күштің ояна бастауынан әлемдік супердержава деген елдердің өзі
алаңдап, беталысына қарап қобалжи бастады. Ал Қытайға көрші елдердің тіпті
дегбірі қалар емес. Өйткені бәсекелестікте алдына жан салмайтын Қытайдың
экономикалық дамуы көрші елдердің экономикасының тығырыққа тірелуіне алып
келіп отыр.
Қытайдың көршiлерiн әскери күшпен жаулап алғанын тарихта аса көп
кездестiрмеуге де болар. Бiрақ, бұл халыққа кемеңгерлерi Конфуцийдiң
жылына бiр сантиметр жылжып та жетiстiкке жетуге болатынын айтып кеткенiн
ескерсек, көршiлерiмiздiң қазiр әлемнiң әр бұрышында china town немесе
қытай қалашықтарын құрып алып, дүниежүзi мемлекеттерi iшiндегi өз
мемлекеттерiн бiртiндеп көбейту тенденциясына көз жұмып қарауға болмайды.
Осындай жағдайларды сараптап отырған Қытай Қазақстанды зерттеу объектiсiне
алып отырғанын кездескен қытай ғалымдары да жасырмайды. Қытай қоғамдық
академиясының профессоры Гу Гуан Фу: Қазақстанға жылына үш төрт рет
барамын. Қытайдың орталығында және шекаралас аумағында Қазақстан мен
Орталық Азияны зерттейтiн бiлiктi институттар бар. Бiр жақсысы,
Қазақстанмен қарым-қатынас ұстау өте тиiмдi. Сiздер байланысқа тез
келесiздер. Ал Ресейде болса олай емес. Екi ортада саяси қайшылықтар
кездесiп қалады, - деп ағынан жарылуында үлкен мән жатыр.
Алайда, Қытайдың болашақ гегемониясының қазiрдiң өзiнде көзге түсiп қалатын
элементттерi жайына келгенде қытай саясаттанушылары пікірлерінен алыстан
орағытып, ол жайында ойлауға мұршаңызды келтірмейтіндей етіп шатастырады.
Қытайдың өзге көршiлес мемлекеттерге қауiп төндiретiндей теориясын
негiзiнен жоққа шығаруға болмайды. Тiптi, Қытайға көршілес өзге елдердiң
бәрiнде де сол қауiп бар. Бұл заңды да. Өйткенi тарихтан да белгiлi,
мемлекеттiң қуаты артқан сайын, оның араны да ашылады ғой. Ал енді осы алып
аспан асты елінің көршісі Қазақстанның жағдайы қандай болмақ деген сұрақ
өздігінен туындайды. Көтеріп отырған мәселеміздің арқауы да осы сұрақ
төңірегінде болмақ.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның БАҚ-ы Ресейдің Қазақстанды
отарлап келгені туралы айтып келсе, енді оған қазір қытайландыру қаупі
келіп қосылды. Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты Қазақстан
тәуелсіздік алғаннан кейін қарқын ала бастады. Өйткені әлемнің алып күштері
үшін бос кеңістік саналатын жерден өз үлесін алып қалу болды. Бұл үшін
Қытайдың көптеген себептері бар: 1) экономикасы қарқынды дамуы шикізат пен
отын-энергетикаға деген сұранысын күрт арттырып жіберді; 2) мамандардың
болжамдарына қарағанда Қытайдың территориясы 2 млрд. адамның ғана өмір
сүруін қамтамасыз ете алады екен. Ал 2015 жылы Қытай халқы 2 млрд.-тан
асады деп күтілуде. Сонымен бірге бұған бір жанұяға – бір бала саясатына
қарсы санақта жоқ 2-3 баласы бар ауыл қытайларын қоссаңыз ресми санақтан да
асып түсетін анық.
Қытайдан келетін қауіптің ішінен, әсіресе, Қытайдағы ерлер мен әйелдердің
арасындағы табиғаттың өзі реттеп отыратын сандық тепе-теңдіктің бұзылу
процесіне жұрт назарын баса аударғым келеді.
Әулеттің мұрагерлерін ерлер жағынан қуалайтын дәстүрге берік қытайлар бір
баланың ұл бала болуына айрықша мүдделілік танытуда. Нәтижесінде, ұл бала
көбейіп, қыз бала азайып барады. Зәрулік туылған жерде адамдар тәсілқой,
амалшыл келеді. Яғни, қажеттіліктен нәресте бойға біткен кездің өзінде-ақ
оның ұл-қызын айырып беретін аппараттар ойлап табуда.
Қытай Бір отбасы – бір бала саясатын жүргізе бастағалы 25 жылдай уақыт
болды. Байыптап қарағанда, бұл елдегі еркек пен әйел арасындағы сандық
ауытқу қазірдің өзінде білініп тұр. Енді қазір сол кездегі реформа
перзенттері жұптаса бастайтын уақыттың тақаған сәті. Тесік моншақ жерде
қалмас деген мақалдың нағыз күшіне енетін кезі келіп тұр. Әйел затының
бағасы қазірдің өзінде аспанға ұшып тұрған Қытайда еркек бойдақтар өзінше
бір жік, керек десеңіз, тап болып қалыптасады. Ел өмірі батыстағыдай
демократияланып, әралуан партиялар мен ұйымдардың құрылуына кең мүмкіндік
туылса, әлгі саудыраған бойдақтар өз бағдарламалары мен жарғыларын жасап,
ұйымдар мен партияларға бірігуі де мүмкін. Сонда олардың қажеті Қытайдың
өзінен өтеліп жатса жақсы. Олай болмай, Жер жүзіндегі әйелдерді
әділеттілікпен қайта бөлу талабын қоюшылар шыға бастаса не болмақ? Не
десек те жағдай осы бағытта дамып келе жатыр. Кейде батыстық
саясаттанушылардың болжамдары дөп түсіп келе жатқан секілді. Яғни, АҚШ-тың
қысымымен енгізген Бір отбасы – бір бала саясатын өз пайдаларына
ыңғайластыра отырып, ер азаматтар санын көбейтіп теңсіздік орнын дүние
әйелдерімен толықтырып дүниені қытайландыру саясаты жүріп жатқандай. Оған
бірнеше қытайлық ұйымдар қаржылай көмектесіп отырғаны шындық. Бір ғана
мысал, Қазақстандық қыздарымызға үйленіп жатқан қытайлық азаматтардың
көбейе түсуі. Бұл әлі бастамасы ғана десек жаңылыс айтқандық емес болар.
Сондықтан осы мәселелерді ескере отырып үкіметіміз алдын-алу шараларын
қарастырса деген ұсынысымыз бар.
Ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуы, жұмыссыздар санының еселеп
көбеюіне жол ашуда. Қытай үкіметі санағына сүйенсек, жақын арада жалпы саны
150 млн адам жұмыссыздар армиясын құрайды екен. Ал ресми емес деректер
бойынша айтылып жүрген жұмыссыздар армиясы 250 миллион. Ресми деректің өзі
Ресейдей алып елдің барлық халқынан көп. Бұл дегеніміз Қазақстан сияқты
халық саны аз мемлекеттер үшін қауіп төндіруде. Өйткені мұншама орасан зор
еңбек күшін Қытайда орналастыруға тіптен мүмкін емес. Демек сырттан жұмыс
қолын іздеп, күнкөріс қамына кірісу қажеттілігі туындайды. Сондықтан Қытай
болашағын, халық саны аз мемлекеттерден іздейді. Қытайды зерттеп жүрген
батыс елдеріндегі ғалымдардың пайымдауларына қарағанда, елдің жалпы табиғи
ресурстары 2 миллиард адамды қамтамасыз етуге ғана жетіп, одан кейін өз
мүмкіндігін сарқа беретін көрінеді.
Қытайдың демографиялық саясаты
Қытай үкіметі халқының санын тежеу үшін қанша жерден тырысса да, енді оған
ешқандай тосқауыл қоя алмайтынын уақыттың өзі дәлелдеп берді. Өйткені 30
жылдан бері жүргізіп келе жатқан халық санын тежеу саясаты әлі өзінің оңды
нәтижесін бере қойған жоқ. Жақында интернет арқылы Қытай халқының саны
жөнінде бір сайт тауып алған едім (http:www.cpirc.org.cneneindex. htm).
Онда әр секунд сайын туылып отырған баланың көрсеткішін көрсетіп отырады
екен. Сонда ана сайттағы көрсеткіштің секунд санап көбейіп бара жатқанына
қарап таңқалғанмын. Сонда неге сол секундта өлген қытайлықты көрсетпейді ме
екен деп іздестірсем, өлім көрсеткіші аз болғандықтан туу көрсеткішін
шектей алмайды екен. Бұған соңғы уақыттағы қытай медицинасының
дамығандығының нәтижесінде өмір сүру деңгейі көтерілген екен.
Соңғы 20 жылда Қытайдан иммиграцияланғандардың саны шамамен 30 миллионға
жеткен. Кейбір дерек көздері бойынша, Қытайдан шыққан іскер топтардың ең
кемінде екі триллион доллар қаржысы бар көрінеді. Ол - ол ма, Азиядағы аты
жер жарған жүз милпиардердің 39-ы тағы да сол қытайлықтар екен. Мұндай
қалталы адамдар, сөз жоқ, саясатқа да араласып кететінін көзіміз көріп жүр.
Мұның соңы не болмақ? Осыған кім жауап бере алады? Аты мәшһүр американдық
саясатшы Збигнев Бзежинский: Көп ұзамай Оңтүстік Шығыс Азияға түгелімен
Қытай үстемдігі орнайды деп үрейленетіні осы себептен.
Осы орайда тағы бір факторға кезек берейік. Дүниежүзінде шет елде ең көп
маман оқытатын ел - Қытай. ЮНЕСКО-ның мәліметіне сүйенсек, ханзулар жылына
400000 баласын шетелде оқытады. Неге? Мынаған қараңыз: 400000 студент, олар
мықты маман, сонымен бірге алып ми. Өстіп қытайлықтар әлемдік үлкен мидың
өзіне қажеттісін батпандамай-ақ мысқалдап қана өз еліне тасып жатыр, сөйтіп
алыс-жақын шетелдің технологиялық, экономикалық жетістіктерінің бәрін
қажетінше еміп отыр.
Қытай неге осыншама қарқынмен дамып жатыр деген сұраққа жауап іздесеңіз,
оған негіз болатын басты фактордың бірі осы! Мәселен, әлемдегі автомобипь
шығаратын барлық дерлік ірі-ірі компаниялардың филиалдары Қытайда жұмыс
жасайды. Өйткені, еңбек күші арзан, соған қызыққан концерн иелері қолдағы
өндірісінің бәрін аспан асты еліне асырып жіберді. Ақшаның қызуы қойсын
ба!.. Байлыққа белшесінен батып қалғысы келген. Сөйткен Батыс әлемі қатты
қателесіпті!
Олар әсiресе, туу деңгейi төмендеп кеткен кәрi құрлық пен Ресейдi
жағалайды. Көршiлес жатқан Қазақстанға да қытайлардың ағылған легi бiр сәт
толастаған емес. Олардың нақты саны әзiр белгiсiз.
Мына теңсіздікті қараңыз, шекараның мына беті – Ресей Федерациясында әрбір
туылған бала үшін әрбiр екiншi балаға 10 мың АҚШ доллары (250 мың рубль)
көлемiнде жәрдемақы тағайындаса, шекараның мына беті – Қытайда әрбір
туылған екінші бала үшін 3 мың доллар көлемінде айыппұл төлейді.
Бүгінде Қазақстандағы заңды әрі заңсыз мигранттардың, келімсектердің санын
ешкім білмейді және дөп басып айта алмайды. Дегенмен де Ресей стратегиялық
зерттеулер институтының мәліметі бойынша, еліміздегі қытайлардың саны 300
мыңды құрайды екен. Бұл көрсеткіштің қаншалықты шындықпен жанасатынын айту
әрине қиын. Бірақ бір нәрсе анық — қытайлардың Қазақстандағы саны қатты
өсіп келеді. Қазіргі кезде Алматының үлкен базарында қытайлардың көп
екеніндігіне, яғни Қазақстанда да чайнатаундардың дамып келе жатқандығына
көз жеткізуге болады.
Ресейлік сарапшылардың айтуынша, қазіргі кездің өзінде Ресейдің Сібір және
Қиыр шығыс аймақтарында қытайлардың саны 1 миллионға жеткен. Бірақ бұл
елдің ресми билік өкілдері мұны жоққа шығарып отырғанымен жағдай тайға
таңба басқандай анық. Қытайлардың көптеп қоныстануы осы аймақтарда тұратын
жергілікті халық санының азаюына тең келіп отыр. Сондықтан Ресей үкіметі
Сібір өлкесіне шет мемлекеттердегі қандастарын орналастыру саясатын бастап
жіберді.
Олар шекаралас аймақтарды толтырып, өздерін климатқа, өмірге бейімдегеннен
кейін барып нарықты, сауда-саттықты бағындырады. Олар сонымен қатар
демографиялық жағдайды толықтырады. Уақыт өте келе бұл көш елде бесінші
колоннаның, өз саясатын ойнату құралы ретінде пайдалануы толық мүмкін.
Ал Қытайдың жұмысшылары мен саудагерлерін пайдалануға мүмкіндігі зор. Бұл
айтылған элементтердің барлығы біздің елімізде бар.
Қытайда тиімді аумақтар 5950 мың шаршы шақырымды құрайды немесе барлық
аумағының 62 пайызы. Мысалы 70 млн адам тұратын Цзянсу провинциясында,
халықтың орташа орналасуы бір шаршы шақырымына 700 жаннан. Қытайда елдің
шығыс жағында 1 млрд адам өте тығыз орналасып, өмір сүруде. Алайда елдің
батыс аймақтарында, тау және тақыр жерлерде адамдардың орналасуы шығыс
аймақтарға қарағанда жүз есе аз.
Қазақстанда жұмыс жасайтын ҚХР азаматтарының толық саны бар ма? Соңғы
жылдары Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағында қазақ мектептері жабылып, онда
тұрып жатқан қазақтар ассимиляцияға ұшыратылып жатқанын құлағымыз шалады.
Ал Қазақстан Үкіметі осыған орай қандай шараларды қолға алып отыр? Ол
жақтағы қазақтардың өз тілін, дінін, мәдениетін, дәстүрін сақтап қалуы
жолында Қазақстан тарапынан нендей жұмыстар қолға алынған? Бұл да белгісіз.
Мысалы, Индонезия мен Малайзияда қытайлардың келуiне заң жүзiнде қатаң
тыйым салынған. Оның себебi, Индонезия астанасында тұрып жатқан қытайлар
саны 6 миллионнан асып жығылады екен. Отандық сарапшылар тәуелсiздiгiмiздi
жариялаған алғашқы жылдары Қытаймен арадағы шекараны ашып тастағанымызды
басты қателiгiмiз деп бағалайды. Өйткенi, қытайлық иммигранттардың
Қазақстанға қарай жосылуы сол кезеңнен басталған. Қазiрдiң өзiнде заңсыз
эммигранттарды ауыздықтауға көңiл бөлiнiп жатса да, қазақтар елiндегi
қытайлардың саны өте жылдам көбейiп келедi. Ал оның ішінде аты-жөнін қазақ
деп ауыстырып, Асқар, Марат болып ел-жұртқа сіңіп кеткен қытайлар да
баршылық. Жазушы Нұрқасым Қазыбекұлы Алматы облысының Шелек, Нарынқол
жақтарында аты-жөнін өзгерткен қара қытайлардың бой көрсете бастағанын,
оның бірсыпырасымен жүзбе-жүз кездескенде әлгілердің бой тасалап, шын ата-
тектерін барынша жасырып баққысы келетіндерін айтады. Қытайлану тарихын өз
бетінше зерттеп жүрген жазушы ағамыз қытай болып жазылғандардың шын
қазаққа мың градуспен қайнаса да сорпасы қосылмасын жазушы Шерхан
Мұртазаның тілімен айтқанда, жан-жағымен мылтықсыз майдан саясатын
ұстанып бағатыны даусыз деген ойды көлденең тартады.
Егер Қытайдың осындай демографиялық тасқынына қарсы нақтылы шара
қолданбасақ, алпауыт делінетін Америка мен Англияны да жаулап алған қалың
қара қытай жерімізге еш қиындықсыз сіңіп, ертеңгі болашағымызды білдірмей
жұта беретіні даусыз. Өйткені бүгін өзі ғана келіп Қазақстан азаматтығын
алып, қаракөздермен некелесіп, жағдайын жасап алған қытай күйеу бала
ертең есін жиған кезде ана жақта қалған бәйбішесімен қоса, маңқа ұлдарын
шұрқырата алып келетіні нақтылы ақиқат.
Қытайда бала тууды шектеу саясатының да тықыры таяп келіп қалды деп
ойлаймын. Өйткені соңғы жаһандану заманында Қытай халқы саяси сауаттана
бастады. Екіншіден, зорлап аборт жасату ызасын туғызған халықтың үні шыға
бастады. Бұл өте түсінікті, табиғи бұлқыныс. Екінің бірі аборт жасатқысы
келмейді ғой. Көпшілігі ұрпақ көбейтіп, базарлы үй болып отыруды
аңсайтындары да баршылық. Зорлап аборт жасату, тiптi, дүниеге келуiне бір-
екi күн қалған баланы аборт жасау арқылы өлтiрулер халықтың ашу-ызасын
туғыза бастады.
Осы Қытайда ресми дерек көздеріне сүйенсек, 1,5 миллион, ресми емес дерек
көздері бойынша 2,5 миллион қазақ тұрады. Демек, біздің бас байлығымыз –
адам ресурсы бар. Бірақ, Қазақстан өзге мемлекеттер секілді шеттегі
бауырларын саяси көзір ретінде пайдалануға келгенде тым жалтақ. Қытайдағы
1,5 миллион қазақтың да, Ресейдегі 1 миллион қазақтың да тағдыры бізді
алаңдатқан емес. Мемлекетаралық маңызды келіссөздер барысында бұл елдердегі
қазақтарға ұлттық бет-бейнесін сақтау тұрғысынан болсын, көші-қон
тұрғысынан болсын пайда әкелетіндей келісімге барған емеспіз. Қытайдағы
қазақтар әзірге ұлттық менталитетін сақтап отырғанымен, жыл өткен сайын
қытайландыру саясатының құрбанына айналып барады. Бізге жеткен соңғы
деректерге сүйенсек, Қытайдағы қазақ мектептерінің бәрі жабылу алдында.
Өйткені, қазақ тіліндегі кадрларға деген сұраныстың жоқтығы салдарынан,
ондағы қазақ зиялылары балаларын амалсыздан қытай мектептерінде оқытуда.
Демек, енді бір 5-6 жылда дүбара ұрпақ тәрбиеленіп шықпақ. Келіссөздердің
ешқайсысында Қытайдағы қандастар жағдайы сөз болған жоқ. Сол себептен де
Қытаймен арада мемлекеттік көші-қон және білім беру келісімі әлі күнге
дейін жасалмаған. Бұның салдарынан Қытайдағы қандастарымыз атамекенге
ошарылып көшіп келе алмайды. Қазақ диаспорасының ең ірі шоғыры орналасқан
Қытаймен жасалатын кез-келген келісім-шарт ондағы қазақтардың мүддесі
тұрғысынан жүзеге асатын болса, Қазақстан демографиялық мәселесін біржақты
етер еді. Сонда ғана біз Қытайдағы қандастарымызды жаппай көшіріп алу
мүмкіндігіне ие боламыз. Сөйтіп, ондағы 1,5 миллион қазақты өзге ұлтқа
сіңіп жойылуынан сақтаймыз. Әрі Қазақстанның халқының санын өзге ұлт
есебінен емес, өзіміздің қазақтар есебінен арттыратын боламыз. Осылай жасау
арқылы біз 2015 жылы ойлаған межеге жете аламыз.
Қандай да бір экономикалық көрсеткішке қол жеткізу үшін ең алдымен соны
игеретін жеткілікті еңбек ресурстары болу керек. Қанша жерден табиғи
ресурстарға белшеден батып жатқанымен, оны өндіретін адам ресурстары болмай
үлкен экономикалық нәтижеге қол жеткіземін деу бекершілік.
Сондықтан бұл ретте өзекті мәселе - демография, яғни жеткілікті еңбек
ресурстарының күш-қуаты керек. Ал, БҰҰ-ның сараптамасына қарағанда, XXI
ғасырдың ортасында жер бетіндегі халық санының жартысына жуығын қытай
ұлтының өкілдері құрайтыны айтылуда.
Қытайдың демографиялық саясатынан сақтану шаралары
Соңғы уақыттары Қытай ғалымдары да барлық энергетикалық қүштеріне бір
тықырдың таяп келе жатқанын жоққа шығармайды. Су көздері тартылып, орман
сиреп, жайылымдар азайып, егістік алқаптар уланып, экологиялық апат төне
бастағаны хақында өздері де дабыл қағып жатыр. Қазір Қытай елі – қақпағы
жабық өз ішіне сыймай бұрқылдап қайнап жатқан қара қазан тәріздес. Түбінде
ол бәрібір тасиды. Сонда, ол қалай қарай құйылады? Қазақстан мен бірге
әлемді де мазасыздандырып отырған осы мәселе. Бұл жерде Қазақстан үшін өте
үлкен қауіптің басын ашып өткен жөн. Қытайдың территориясымен шектесіп
жатқан жерлерге назар аударып қарасақ, айналасының барлығы халықтың тығыз
орналасуы нәтижесінде тығындалып тұр. Қаруына сенген Ресейдің Сібір бөлігі
мен қытай келімсектерін заңды түрде шектеп отырған Моңғолияны
есептемегенде, қытайлар үшін тек Қазақстанға ағылуына жол ашып отырмыз.
Өйткені Қазақстан халқы Қытай халық санының 1%-нен зорға асады екен. Яғни
халықтың орналасу тепе-теңдігі жоқ. Соңғы жылдары Қытай үкіметінің
жүргізген саясатының нәтижесінде Қазақстанмен шектес аудандарға халық
тасқынын ағытып жіберіп, қытайлықтардың көбейіп жергілікті қандастарымыздың
ассимилияцияға ұшырауына себеп болып отыр. Шын мәнінде біз әскерімізбен,
қарудың күшімен олардың ағынын тоқтата алмаймыз. Бірақ тау қанша биік
болғанмен аспанның астында, данышпан қанша биік болғанмен заңның астында
демекші, келімсектер ағынын тек заңды жолдармен ғана реттеп тоқтата аламыз.
Заң жолымен бірге әрбір Қазақстан азаматына бұл мақсатта азаматтық борышы
ретінде қытайлықтардың заңсыз жолдармен көбейіп кетпеуі үшін жауапкершілік
жүгі түседі.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бүгінге дейін жіберген қателіктерімізді
саралай отырып және бұдан сабақ ала отырып, былайғы байланыста әр
қадамымызды сақтықпен басқанымыз абзал. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынды
тәжірибеміздің аздығынан жіберген қателіктерімізді тізіп, тырнақ астынан
кір іздеп жатпай, бұл саясатқа қарсы қандай нақты бір шаралар қолдануымыз
қажеттігіне тоқталғым келіп отыр.
Алдымен Қытайдың қытайландыру саясатына қарсы бізден басқа да көршілерінің
қалай сақтанып келген тәжірибелерін саралай отырып, тек Жапониядан ғана
үлгі алуға болатынын баса айтқым келіп отыр. Өйткені олар ұлттық
менталитеттерін сақтай отырып, рухани әлеміне шетелдіктерді бойлатпай, өз
аумағына қоныс тепкізбеді, іргесін аулақ ұстады. Қандай жағдай болғанда да
Қытай азаматының Жапонияда тұрақтап қалуына ешқандай мүмкіндік қалдырмаған.
Жапон азаматына үйлене қалған күннің өзінде азаматымен қоса елден шығарып
жібереді. Қытайдың саясатына қарсы біздің әрекетіміз, осыдан 40-45 жыл
бұрын оңтүстік-шығыс Азия елдерінің Қытайға қарсы әрекетіне ұқсас. Қытайдан
ешқандай қауіп сезінбеген оңтүстік-шығыс Азия елдері көп уақыт өтпей-ақ
Қытай ықпалында қалай қалғанын білмей де қалды. Қазір бізде Қытайдан
келетін қауіпті айтарлықтай сезіне алмай отырғанымыз рас. Қытай 5 мыңжылдық
тарихында ешқашан көрші елдерін күшпен басып алған емес. Алдымен тауарларын
кіргізіп, артынан сауда-саттықпен барған қытайлар тұрақтап қалып, қытай
тауарына тәуелді етіп, соңында саяси жағынан да тәуелді етіп отырған. Сонау
Сары өзен бойынан басталған жаулап алу саясаты арқылы қазір 9,6 млн. шаршы
шақырымды бағындырып отыр. Нәтижесінде қаншама халықтарды соғыссыз-ақ жер
бетінен жойып, қаншамасын отарында қанап отыр. Енді осындай өткен тарихтан
да сабақ ала отырып неге сақтану шараларын қолға алмасқа. Ол үшін алдымен:
1) ұлан-ғайыр даламыздың Қытаймен шекаралас жатқан шекара бекеттерінде
Қытайдың демографиялық ағынын реттеп отыру үшін 4 шекара бекетінің тек
Достық шекара бекетінен ғана Қытай азаматтарын қатаң қадағалап өткізу
қажет. Бірақ тауар алмасу қалыпты барлық шекара бекеттерінен жүре береді;
2) сауда-саттықпен келген Қытай азаматтарының Қазақстанда болған мерзімінде
өз азаматтарымызға көрсетілген жеңілдіктерден жарақтануына жол бермеу.
Тұрақтау мерзімі біткеннен кейін 3 күннен кейін шекарадан тысқары шығарып
жіберу; 3) Қазақстанға кірген әрбір Қытай азаматын қатаң қадағалауда ұстау
арқылы, туристік визамен келгендерін қонақ үйден басқа жерлерге-үй жалдап
тұруына қатаң тиым салу; 4) Қазақстандық әйел азаматтарының Қытай
келімсектерімен заңды түрде некелесіп, тұрақтап қалуына, сол арқылы
Қазақстан азаматтығын алуына тиым салу; 5) Ашы да болса айтайық, саны
білінбеген Қазақстан азаматтығын түрлі жолдармен алған ұлты Қытай Қазақстан
азаматтарының Қытайдағы туыс-таныстарын түрлі жолдарымен шақырып,
Қазақстанның өндіріс өнеркәсібі, сауда-саттығы сияқты түрлі салаларына
ішкерілей араласуына жол бермеу; 6) Ақпарат құралдарында, оқулық
құралдарында Қазақстанды қытайландыруға қатысты арандатуға жол бермеу.
Мысалыға, Қытайдың ішкі аймақтарында орта мектеп оқулықтарының жағрафиялық
карталарында Қазақстанның Жетісу өңірі Қытай территориясы етіп көрсетіліп
жас ұрпақтарына осылай тәлім-тәрбие беруде; 7) Қытайдан тауарлармен бірге
келетін рухани өнімдеріне шектеу қою; 8) біздің Қытайды жақыннан жақсы
тануымыз үшін білікті қытай мамандарын дайындауымыз қажет. Сонымен бірге
қытайтанудағы зерттеулерімізді жүйелі жолға қойып отыратын арнайы
стратегиялық зерттей институтын құрымыз қажет. Осы арқылы жымиып құпиясын
ішінде сақтаған көршіміздің барлық қыр-сырларын, яғни саяси, демографиялық,
әлеуметтік-экономикалық жағдайларын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін зерттеп
білуге мүмкіндік туар еді; 9) Қазақ халқының қаймағы бұзылмай сақталып келе
жатқан Қытайдағы 1,5 млн. Қазақты Қазақстанның солтүстік аудандарына
көшіріп алу. Алайда ресми дерек бойынша 1,3 млрд. тұрғыны бар Қытайдың
демографиялық, әлеуметтік проблемасы шаш-етектен болса да қандастарымызды
отанына қайтаруға құлқылы емес. Қытайдағы қандастарымыз Қазақстанға келетін
болса демографиялық, ұлттық проблемаларымыздың біршамасы шешілген болар
еді. Сонымен бірге төбемізден тоқпағын қоқаңдатып, картадан төбемізге
жайғасып алғандай көрінген Ресейдің солтүстік өңіріміздегі саяси ықпалы
азаяр еді. Шығыс көршіміздің қаншалықты қауіпті екенінің парқына бара алмай
отырған азаматтарымызға Қытайдан келген қандастарымыз түсіндіруге және
жақыннан тануымызға көмектескен болар еді. Осы мәселелердің бәрін ескеріп,
парқына барған Қытай үкіметі мұны Қазақстанға қатысты бір көзір ретінде
ұстап отыр. Әйтпесе қандастарымыздың бәрін әкелгеннен соншалықты Қытайдың
демографиялық жағдайына әсер етпейтіні айдан анық. Егер де біз Қытайдағы
1,5 млн. қандасымызды әкеліп үлгере алмасақ болашағымызға қатысты, Қытайға
қатысты бір көзірімізді жоғалтқанмен бірдей. Өйткені соңғы жылдары Қытай
үкіметі қандастарымыз орналасқан Шыңжан аймағын қытайландыруды қарқынды
түрде бастап кетті. Және болжамдарға қарағанда 10 жыл ішінде аталған жер
қытайланып бітеді деген жоспарлары да бар. Бұдан түсінгеніміз Қазақтардың
басын біріктірмей кезең-кезеңімен қытайландыру. Яғни Қытайдағы
қандастарымызды қытайландырып біткен соң, ертең бұл күннің бізге де
тумауына кім кепілдік бере алады. Жоғарыда аталған күрмеуі шешілуі керек
мәселелердің барлығы тарихымыз бізге көрсетіп, ортаға шығарып беріп кеткен
сабақтарынан туындаған проблемалар. Егер де біз осы мәселелердің шешімін
табуға тырыспасақ, әрекеттенуге ниет етпесек мұның зардабы ауыр болмақ.
Осылай жеке-жеке күн кешіп, бір-бірімізге қайырылып қарамасақ, түбінде бұл
елдердің қол жеткізген тәуелсіздігінен айырылып қалу қаупі жоқ емес.
Сондықтан қаншама қиыншылықтар болса да біз Орта Азиялық бірлестікке, Одақ
болуға ұмтылуымыз керек. Түптің түбінде осы елдерді аман алып қалатын да
осы Одақ болуы мүмкін. Әрине, арада түсініспеушіліктер болатыны анық. Бірақ
бұдан басқа таңдау жоқ. Тек жұмылған жұдырықтай бола білсек қана біз
тәуелсіздігімізді баянды ете отырып, ірі елдердің қақтығысына төтеп бере
аламыз. Сондықтан Орта Азиялық одақтың алғышарттарын қазірден түзей
бастауымыз керек. Сонда ғана Орта Азия өзіне тән дамуы бар, өзге елдермен
терезесі тең, үлкен геосаяси орталыққа айналады.
Бұл жерде көтеріп отырған мәселе, көршімізге дұшпан көзімен карап дұшпан
тұту емес, ең қымбат асыл қазынамыз тәуелсіздігімізге қауіп төндіріп,
айдаһардай жолындағыны жайпап келе жатқан, көршілерінің бас ауруына
айналған Қытайдан сақтанудың шараларын алдын алу. Жаратқан Құдайымыздың өзі
сақтансаң сақтаймын деп айтқан. Әлемдік энергия қорының көп бөлігіне ие
болып отырған елімізге экономикасының күрт даму нәтижесінде энергияға деген
сұранысы артып, сілекейін шұбыртып тұрған Қытайдан сақтануымыз керек екенін
ата-бабамыз ежелден айтып аманаттап кеткенін ұмытпағанымыз абзал.
Экономикасының дамуына жан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz