Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз ертегілердің орны мен ролі



КІРІСПЕ

ТАРАУ І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ОҚЫЛАТЫН ЕРТЕГІЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ОҚЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1. Ертегілердің түрлеріне сипаттама
1.2. Мектепке дейінгі балаларға ертегілердің ішіндегі кейіпкерлермен таныстырудың маңыздылығы

ТАРАУ ІІ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ОҚЫЛАТЫН ЕРТЕГІЛЕРДІҢ БАСТАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Балаларды ертегі оқытуға үйрету әдісі
2.2.Балаларға халық ертегілерін оқыту және кейіпкерлермен
сомдау арқылы тілін дамыту

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан–2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді».
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Қазақ халқының жас ұрпаққа тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі - рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі", - деп анықтама береді.
А.Байтұрсынов «ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керегіне қарай жауап беріледі » деп ой қорытады. Ертегі халықтың қиялынан пайда болған. Сондықтан оның авторы халық. Бертін келе ауыздан – ауызға тарап, келешек ұрпаққа жетіп отырған. Ертек айтушыларды – ертекшілер деп атаған. Ертегі туралы анықтаманы М.Әуезов былай деген: Ертегі деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін, онан соң елдің белгілі салтын білдіретін, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады. Бұл анықтамада шыншыл ертегі жайында еш сөз айтылмаған. Ертедегі көзқарас деп көрсеткен.
1. Возрастная и педагогическая психология. Тексты. - М.: МГУ, 1992.
2. Вопросы нравственного воспитания школьников. /Сборник статей: Изд-во Ленинградского Университета, 1960.
3. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М., 1991.
4. Выготский Л.С. Проблема возраста./ Собрание сочинений. – М.,1984.
5. Грэйс Крайг. Психология развития. - СПб., 2000.
6. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. - М., 1996.
7. Кисловская В.Р. Школьники в среде сверстников и взрослых - Алма-Ата, 1975.
8. Кулагина И.А. Возрастная психология: Развитие ребенка от рождения до 17 лет. – М., 1998.
9. Леонтьев А.Н. Проблемы развитие психики - М., 1981.
10. Мухина В.С. Возрастная психология. - М., 1998.
11. Обухова Л.Ф. Детская психология: Теория, факты, проблемы. – М., 1995.
12. Оклендер В. Окна в мир ребенка. / Руководства по детской психотерапии. – М., 1997.
13. Слободчиков В.И. Психологические проблемы становления внутреннего мира человека. // Вопросы психологии. - 1986 № 6.
14. Смирнова Е.О. Психология ребенка. - М., 1997.
15. Фельдштейн Д.И. Проблемы возрастной и педагогической психологии. – М., 1995

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5

ТАРАУ І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ОҚЫЛАТЫН ЕРТЕГІЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ОҚЫЛУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. Ертегілердің түрлеріне
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
-16
2. Мектепке дейінгі балаларға ертегілердің ішіндегі кейіпкерлермен
таныстырудың
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...16-22

ТАРАУ ІІ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ОҚЫЛАТЫН ЕРТЕГІЛЕРДІҢ БАСТАЛУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Балаларды ертегі оқытуға үйрету
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 23-25
2.2.Балаларға халық ертегілерін оқыту және кейіпкерлермен
сомдау арқылы тілін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .26-27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 28- 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан–2030
Қазақстан халқына арналған жолдауында Біздің жас мемлекетіміз өсіп,
жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер
жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі
кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика
теориясы мен оқу – тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар,
елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды,
қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың
шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда
ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық
желілерге шығу - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін
көздейді.
Қазақ халқының жас ұрпаққа тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі -
ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары
мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары
мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-
өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т.Барласұлы ертегінің
адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі -
рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек
ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге
шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі",
- деп анықтама береді.
А.Байтұрсынов ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керегіне
қарай жауап беріледі деп ой қорытады. Ертегі халықтың қиялынан
пайда болған. Сондықтан оның авторы халық. Бертін келе ауыздан –
ауызға тарап, келешек ұрпаққа жетіп отырған. Ертек айтушыларды –
ертекшілер деп атаған. Ертегі туралы анықтаманы М.Әуезов былай деген:
Ертегі деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол
көзқарастың белгілі ізін көрсететін, онан соң елдің белгілі салтын
білдіретін, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп
айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады. Бұл анықтамада
шыншыл ертегі жайында еш сөз айтылмаған. Ертедегі көзқарас деп
көрсеткен.
Ертегілердің негізгі тарихы адам баласының сөйлеу тілі, ойлау қабілеті
пайда болғаннан басталады. Алғашқы уақытта өте ақылға сыймайтын
ертегілер пайда болды. Онда көбінесе жан – жануарлар тіршіліктің
барлығында сөйлейді, ұғады деген адамдарда пікір қалыптасқан. Бұл
ертегінің қиал ғажайып түрі. Одан кейін XV- ғасырларда қазақ
хандығында құрылуымен тұспа – тұс келеді. Ертегілер батырлар мен
небір шешен, ел билеген көсемдер жайлы өрбейді. Олардың халыққа
еткен еңбектері, қанаушы топ шонжарлар мен байлардың тепкісіне
шыдамай қарсы әрекеттері, айламен түрлі тәсілдермен сабасына келтіріп
отырған көріністері бейнеленеді .
Зерттелуі Диваев әңгімелер мен ертегілерді жазып алып, хат
арқылы сұрап отырған. Ертекшілер мен орындаушылармен кездесіп,
фольклорлық мұралар жазып алып отырған . Ол ерекше әдіс қолданған :
бір ертегіні бірнеше елді мекеннен, бірнеше кісінің аузынан тыңдауды
әдетке айландырып, сол шығарманың нағыз халықтық нұсқасын айқындауды
мақсат еткен. Ең соңында нұсқаның толығырақ айтылған түрін баспа
бетіне бірнеше рет құрастырып жазып алады да, соның толымды нұсқасын
жасайды. Сөйтіп барып ол аңыз–ертегі жайлы ойын қоытындылай-ды .
Ә. Диваевтің тағы бір ерекшелігі ол ертегілерді жинауда сөзге
мұқият қарап, баспа сөз бетінде жариялауда кейбір түсініксіз
сөздерге коминтарийлер жазып, әрі сол ертегі, дастанның қанша
варианты бар екендігінен мәлімет те беріп, отырған және ол
материалдарды екі тілде яғни орыс, қазақ тілдерінде жариялауды
принципке алған.
Ж.Аймауытов ең алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының роліне ерекше
тоқталды. Баланы бұзуға яки түзетуге себеп болатын бір шарт рас күнде
көрген өнеге. Ол өнеге әке – шешенің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Балаға
қайырымдылықты, кішіпейілділікті, шыншылдықты, адамгершілікті беретін ата –
ана. Баланың бойына сіңген мінезді қайта түзету қиындық келтіреді. Ол
бала мінезін жас шыбыққа теңейді.
Сөз соңында айтарымыз Ертегі – соңғы қазақ ескілігін жинаушы адамдар
арасында бұл жөнінде В. Радловтан ынталы, ұқыптылық көрсеткен оқымысты жоқ
деуге болады. - деп ғалым М. Әуезов жоғары бағалай, белгілі төңкеріліске
дейінгі қазақ фолькорына арналған жинақтардың ішіндегі ең толыққанды,
жүйелі, озық үлгісі болып табылатындығын еңбектерінің қайта басылып,
көпшілікке ұсынылатындығына берік сенімдіміз.
Алтын сандық жинағында Түлкінің алдағаны, Дудар қыз, Молданың
үйінде оқыған бала, Тазша, Хан Шентай, Қаракөз сұлу, Қармақ салған
жігіт, Желкілдек, Еркем Айдар, Ханның қызы, Жақсылықпен жамандық
жолдас болған, Үш ұл ертегілерін қамтиды.
Ертегі - ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол
мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің
Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде деп басталуынан да оның атам
заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен,
ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы,
елдік тарихы, қилы-қилы асулары, арман-мұраты бейнеленген.
Курстық жұмыстың мақсаты-мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық
ауыз ертегілердің орны мен ролін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Ертегілердің түрлеріне сипаттама беру;
-Мектепке дейінгі балаларға ертегілердің ішіндегі кейіпкерлермен
таныстырудың маңыздылығын ашып көрсету;
-Балаларды ертегі оқытуға үйрету әдістерін талдау;
-Балаларға халық ертегілерін оқыту және кейіпкерлермен сомдау арқылы тілін
дамыту жолдарын зерттеу.
Теориялық және практикалық қолданылуы. Курс жұмысының тақырыбы мектепке
дейінгі балаларға тәрбие беруге арналған еңбектер қатарын толықтыра алады.
Зерттеудің негізгі қағидалары мен тұжырымдарын педагогтар, психологтар мен
бала-бақша психологтарының пайдалануына болады. Жұмыстың материалдары
педагогика және психология, мектепке дейінгі тәрбие зерттеушілердің,
сонымен қатар мекемелер үшін де көмекші құрал ретінде практикалық
қызығушылығын арттыруы мүмкін. Сонымен бірге зерттеу жұмысының материалдары
жоғарыда аталған мамандықтары бойынша оқитын студенттерге жалпы және арнайы
курстарды жүргізу процесінде де қолданыла алады.

1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ОҚЫЛАТЫН ЕРТЕГІЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ОҚЫЛУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. Ертегілердің түрлеріне сипаттама

Алғашқы рулық қоғам ыдырай бастаған кезде туған қиял-ғажайып, батырлық
ертегілер көне болып есептеледі. Адам баласы білім - жүзінде өнер болған
уақытта маңайындағы дүниені жан сырын білмегендіктен, өзіне белгісіз заттың
барлығына "құдай" деп табынған. Сол табынған нәрселері көп болғандықтан
әрқайсысы туралы арнаулы әңгімелер болған, осындай құдайлар әңгімелері ескі
грек халқында көп болады.
Заман өткен сайын, ақыл - білім өткен сайын олар табиғат нәрселерінің
құдай емес екенін білген. Сондықтан олар жойылып, бұрынғы мағыналарынан
айырылып, кейінгі айтушының аузында ертегі болып кеткен.
Ертегілі сөздің белгісі болады. Бірақ, барлық ертегі сөзін түгелімен
ойдан шыққан деп есептеуге келмейді. Оның ішінде белгілі бір шындық болған.
Кейбір ертегілер ескілікті дүниені түсінуін білдіретін болып сол ескі
замандағы ұғымның сақтап қалғаны бар. Ондай ертегілерді, ескілік әңгемесін
- "әуез" дейді.
Екінші бір түрі: сол ескілікті ұғымды білдірумен бірге елдің ескі салт
әдетін де білдіретін болады. Белгілі үлгі өсиет шығаратын да ертегілер бар.
Бұларды салт ертегісі, яки үлгілі ертегі дейді.
Қазақтағы "Құла Мерген" сондай салт пен үлгі ертегісі деп саналауға болады.
"Құла мергеннің аңшылық кәсібі, өзге елден бөлек жалғыз өмір сүріп, ылғи
мергендікпен күн көруі оның салтын білдіреді. Құла мергенге қас болған
жалмауыз кемпір барлығы да адам баласының өміріне қастық қылатын қараңғы
сырлы заттар болады. Құла мергеннің кегін алушы баласы Шүйе мерген
мергеннің ісі ақ, сондықтан ол жеңді. Қас болған қатыннан кек алды.
Жалмауызды өлтіреді. Бұл яғни "аққа зауал жоқ", "қараның ісі оңға баспайды"
деген ұғымның белгісі.
Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: 1)
мифологиялық ( қиял - ғажайып) ертегілер
2) хайуанаттар ( жан - жануарлар) жайындағы ертегілер
3) реалистік (тұрмыс-салт) ертегілер.
Енді осы ертегілер түрлеріне кеңірек тоқталсақ:
Аңыздық ертегілер. Бұл ертегілер тым ерте замандарда, адам табиғат сырын
толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады. Ол
дәуірдегі адамдардың топ-топ болып орман, тау-тастықта жүрген кезеңнен
бастап туса да ғажап емес. Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау
дәрежесі өте анайы болған. Күн, ай, от, судың жойқын күштерінің сырын
түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сиынып, табынған: бірінен
қорықса, бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар
деп ұққан. Мұндай сәби мифология тарихы үнді, грек, араб елдерінде көбірек
сақталған. Кейбір елдерде киелі аңдарға сиыну дәстүрі де болған.
Қазақтың мифологиялық ертегілері бұдан кештеу, матриархат пен патриархат
дәуірінің ауысу кезеңдерінде туса керек. Аңшылық салты өмір сахнасынан
шыққан кезде адамдар аң, құстардың сырын танып біліп, олар жайында сан-
салалы образдар тудырған. Жалмауыз, мыстан кемпір, жезтырнақтар матриархат
дәуірінің ұғым - нанымдары болмақ.
Патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғыну үстем болған.
Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап, соған адам әрекетін
қарсы қоятын қиял-ғажайып ертегілері осы ізде туған. Мұндай ертегілерде
реальдық адам образдары мен мифтік образдар қаз-қатар суреттеледі. Ондай
сюжеттердің қазақ ертегілеріндегі үлгілері "Ер Төстік", "Еділ- Жайық",
"Құла мерген", "Аламан мен Жоламен", "Күн астындағы Күнекей қыз", "Алтын
сақа", "Керқұла атты Кендебай" т.б.
Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінде адамға жамандық ойлап жүретін мифтік
образдардың бірі - жалмауыз кемпір. Сонымен, мифтік образдар табиғатында
адам ойының сәби, жетілмеген кезіндегі ой - нанымдарының таңбасы басым
дейміз. Оны бірде ертегі мазмұндағы қайшылық десек, бірде образдық ойдың
фольклорға тән желісі деп білеміз. М. Горький сөзімен айтар болсақ, халық
қиялы сан-алуан мифтік образдарды ойлап шығарып, солар арқылы табиғат сырын
өмір мақсатын танып білуге тырысқан.
Матриархат пен патриархат арасындағы қайшылықты білдіретін қазақтың
мифтік (қиял-ғажайып) ертегілеріне: "Алтын сақа", Күн астындағы Күнекей
қыз", "Жерден шыққан Желім батыр", "Ұшар ханның баласы", "Аламан мен
Жоламан" т.б. жатады.
Хайуанаттар туралы ертегілер: Хайуанаттар туралы ертегілер өте ерте
кезде туындаған. Бастапқыда олар алғашқы қауым адамдарының бүкіл өмірі мен
тағдыры өзінің аң аулаудан тапқан олжасына тәуелді балықшылар мен
аңшылардың қам қаракетіне байланысты болды. Мұндай ертегілердің
қаһармандары - хайуанаттар еді, ал ертегілердің өзінде алғашқы қауымдық
сенімдердің іздері, атап айтқанда, адам мен хайуанаттардың етене
байланыстарына сенімге негізделген тотоизм іздері сақталып қалды. Алғашқы
адам төңірегіндегінің бәрін рухтандырып, өзінің қабілеті мен қасиеттерін
бірдей бөліскен, аңдарды "адам" еткен. Сөйтіп, олар ертегілерде өзара бір-
бірімен әңгімелесіп, адамның сөйлеген сөздерін түсінеді.
Көптеген аңыз-әңгіме желісіндегі ертегілер де сақталған. Олар әрине
ертегі түрінде аңдармен ұрыс-жанжалды және достасуды, сан алуан жайларды,
қызықты оқиғаларды - хайуанаттар денесінің кейбір мүшелерінің неліктен
жоқтығын, мысалы олардың құйрығының, танауының формасы неліктен өзгеше
болатындығын, олардың неліктен соншалық боялатынын және т.с.с. түсіндіреді.
Көптеген ертегілерде үлкен де күштірек хайуанаттар мен кішкентай,
әлсіздеу жануарлардың арасындағы ұрыс-кіріс пен жарыстар туралы баяндалады.
Мұндай ертегілер, әлбетте әлеуметтік әділетке талпынысты өзек етеді.
Хайуанаттар туралы кейбір ертегілерге адам образы қосыла бастайды.
Мысалға: "Мақта қыз бен мысық" пен "Қотыр торғай" оқиғалары
еңбек процесімен тікелей байланысын жатыр. Қотырын ауыртқан шеңгелді торғай
ешкіге шығады, шеңгелді ешкі жейді. Тілін алмаған ешкіне қасқырға шағады,
сөйтіп торғай екеш торғай да өзінің кегін жоқтайды. Мұның айтары - нашарға
қиянат жасама, өзіңнен зор шықса, көзің шығар деген әділет иесі болмақ.
Әрине, хайуанаттар да ертегі кейіпкерлері - өздерінің сөзімен де
тәртібімен де осы ертегілер өмір сүріп отырған елдің адамдарын еске
түсіреді. Өйтпеске амалы жоқ, өйткені ертегі халық тіршілігінің серпінідегі
оның әрдайым бейнесі, халықтың сана-сезімнің өзіндік айнасы болады.
Халықтың меңзеп отырғаны бір ғана аңдар арасындағы жайлар емес, әлеумет
өміріндегі теңсіздіктер, содан құтылу - күнкөріс, өмір сүрудің шарты дейтін
мәже болмақ .
Шыншыл (тұрмыс-салт) ертегілер. Бұл ертегілер - өмір шындығына жақын,
ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас
қаһармандары патша, уәзір, хан болып келеді. Ал, қазақ халқының шыншыл -
реалистік ертегілердің қазақ өмірінен алынған нұсқалары мәндірек. Мұндай
ертегілердің бас қаһармандары ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбақ шал.
Көптеген ертегілердің рухани сын-сықақ сарыны бар. Олардағы жамандық пен
жақсылықтың аңғарғанын біз түрліше реалдық адам мінездерін ғана емес, қоғам
өміріндегі теңсіздік суретін, халықтың әділет, жақсы өмірді іздеген арман-
мүдделерін де жақсы байқаймыз.
"Жақсылық пен жамандық" "Үш ауыз сөз" ертегілері мінез, мораль
тақырыптарына құралған жамандық жаяу келе жатып, жақсылықтың атын мініп
өзін жаяу қалдырып кетеді. Бірақ табиғатынан ақылды Жақсылық бай қызын
иемденіп, мұратына жетсе, ал ақылсыз жамандық қасқыр мен арыстанға жем
болады.
Шыншыл - реалистік ертегілерде ең әділ, ең ақылды адам халық ортасынан
шығады. Мұның ғажап үлгісі - Аяз би.
Салт ертегісінің бір түрі- мысқыл, мазақ ертегілер. Бұдан да ұрыстық пен
терістіктің тартысы көрсетілетін болады. Бірақ жамандық иесі мазақ, күлкі
болып көрсетіледі. Мысалы: қу шал мен жалмауыз диюлар әңгімелері бұлай
болғанда ертегі деп баяғы замандағы елдің көз қарасын білдіретін, я сол көз
қарастың белгілі бір ізін көрсететін, онан соң белгілі бір елдің салтын
білдіріп, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп
айтатын, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады.
Тұрмыс-салт ертегілерінен басқа кейде өзінің сипаты жөнінен ертегіге;
жақындай түсетін новеллалық ертегілер, авантюристік ертегілер (оқиғалар
туралы) және авантюристік - новеллалық ертегілер түрлері де болады.
Негізінен ертегіде сюжет жұмыр болады. Онын мәнісі - ертегі әңгімелеп
айтуға негізделген эпикалық жанрдың бірінен саналады. Қазақ фольклорындағы
эпизм формаларында ертегі, аңыз, эпос, ал лиро-эпостық үлгілерге ғашықтық
жырлары жатады. Ертегі образдары мифтік, аллегориялық және реалистік болып
келеді. Ертегіде типтендіру жоқ. Образдары өзгермейді. Мысалы: біреу туа
батыр, біреу туа жауыз, біреу туа қу. Олардың кәсібі, жас ерекшеліктері де
өзгермейді.
А.Кенжеғұлованың "Қазақ балалар әдебиеті" деген әдістемелік еңбегінде
осы ертегілердің түрлеріне кеңірек тоқталған.
Енді, осы ертегілердің түрлеріндегі ерекшелікке мән беретін болсақ, қиял-
ғажайып ертегілерді ертекші айтқан кезде мына ерекшеліктерді сақтап айту
керек.
Бірінші ерекшілік: Ертектің басталуы, яғни құлағы. "Ерте, ерте, ерте
екен, ешкі жүні бөрте екен", " Қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын
екен", "Баяғы ерте заманда, дін мұсылман аманда" немесе "Есте жоқ, ескі
заманда" деп келеді.
Екінші ерекшелік: Ертегі ортасында құбыжық пішінді жат жандар туралы
айтарда "Абалақтай анам-ай, қайдан келдің балам-ай?" немесе "Адамзат иесі
шығады!" деген сөздер айтылады.
Үшінші ерекшелік: Ерте бітер кезде "Барша мұрат басына жетіп, сақалы,
сирағына жетіп, бір жан өтіпті" деген тәрізді сөздермен аяқталады.
Хайуанаттар жайындағы ертегілердің екі түрі бар. Бірінде хайуан мінез
-құлықтарын дәл хайуанның өзін суреттеу үшін айтпай, адамдағы мінез-құлыққа
мысқыл ретінде қолданған. Екінішісінде хайуанды анық хайуанның өзі ретінде
суреттейді.
Қиял-ғажайып ертегілері мен хайуанаттар жайындағы ертегілерден шыншыл
ертегілер мүлде басқаша, ерекше болып келеді.
Бұл еретегілерді оқи отырып, пайдалы өсиет, ақыл үйренесің.
Кейіпкерлерді ақылды жігіт, асыл қыз, елін асырайтын шебер, әке мен бала
болып келеді.
Сонымен қатар батырлық ертегілер бар. Ол ертегілер екі топқа бөлінеді:
Көне заманда пайда болған ертегілер. Мысалы, ондай ертегілерге "Ер Төстік",
"Керқұла атты Кендебай" ертегілері жатады.
Батырлар жырларынан туған ертегілер. Мұндай ертегілерге "Қамбар батыр",
"Алпамыс батыр" туралы жырлардан шыққан ертегілер жатады. [23.23]
Осы ертегілер арқылы адам өзінің әрбір ойына, әрбір ісіне баға беріп
отырады. Ізгі ойы, ізгі ісі адамды жағымды мінез тудырады. Адам осы сезімі
арқылы жауыздықтан безу, қайырымдылыққа, кішіпейілділікке, ізгілікке ұмтылу
керек екенін тұсінеді.
Халық әдептілік пен адамгершілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден-ақ
өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-
ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында ақылдылық
пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар
көрсетіледі.
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде ертегілердің түрлерін
қарастырсақ, атақты әдебиетші М. Әуезов ертегіні үш түрге бөліп
қарастырған. Олар: қиял – ғажайып, тұрмыс – салт, шыншыл ертегілері болып
табылады. Алайда қазіргі зерттеулер нәтижесіне қарағанда ертегіні төрт
түрге бөледі. С. Қасқабасов ертегідегі қияли идеялық қызмет атқарады, бірақ
сюжеттен гөрі композицияның рөлі күшті болады деп есептейді. Ол ертегіні:
хайуанаттар жайындағы, қиял – ғажайып, батырлық, новеллалық және сатиралық
деп бөледі.
М. Әуезовтың ертегі түрлерін талдасақ қиял – ғажайып ертегілерінде
Керқұла атты Кендебай, Аңшы бай, Ұшқыш кілем жатады деп есептейді.
Сәби осындай ғажайып достарының көмегімен мейірімді, адал дос адамын
ардақтайды, оның күшіне мол сенім білдіреді. Бала барлық заттарға көзқарасы
өзгеріп, кішіпейілдікке, мейірімділікке, дос болуға ішінен ой қорытады.
С. Қасқабасовтың пайымдауынша, қиял – ғажайып ертегілер – шығу тегі
жағынан ертелік прозаның ең көнесі. Алғашқы қауымда пайда болған, жанрлық
жанынан біркелкі емес. Бас қаhармандары: аңшы, мерген, кенже бала, тазша
бала, жауынгер, батыр, т.б. бұқара халық өкілдері. Ертедегі табиғаттың
дүлей күштерімен алысып, күнделікті өмір үшін аң – хайуанаттармен күрескен
кезде халықтың арманы соларды жеңетін күшті батыр, балуан, мерген болды. Ал
кейінгі дәуірде рулық қоғам тұсында халықтың арманы- өз елін бөтен елден,
жаудан қорғайтын батыр болды.Ол қазақ өміріндегі қара шаңырақ иесі-кенже
бала болды.
Қиял-ғажайып ертегілеріндегі басты тақырып-сиқырлы заттардың көмегімен
бас кейіпкердің неше түрлі қиындықтарды жеңіп, мұратына жетуі. Егер
қаhарман бар күшін пайдаланып, керемет қиындықтарды жеңсе, ол батыр
атағына ие болады да, мұндай кейіпкері бар ертегі өз ерекшелігімен
дараланып, Батырлық ертегі деп аталады. Біздің пікірімізше, батыр тұлға
тек ерлігімен ғана емес, алыл-парасатымен де, айласымен де жауын жеңіп
отырған.
Қиял-ғажайып ертегілердің бір жағында жалмауыз кемпірлер, дәулер,
түрліше тотемдер, екінші жағында солармен күреске түсіп жүретін мергендер,
аты жоқ балалар, Ер Төстік, оның Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар сияқты достары
жүреді. Бұлардың ғашық қыздары көбіне пері болып келеді. Кенжекей ақ қасқыр
қызындай сәуегей, ол мыстан, Бекторы, Шойынқұлақ жамандығын күн бұрын
сезеді. Қыз біткеннің сиқыры, олардың әлеуметтік типі көп жағдайда бұлдыр.
Тылсымдау, сиқырлау, жәділеу, самұрықпен ұшу, теңіз кешу, айдаһармен
алысу, жеті басты жалмауыз, адам етін жейтін кемпірлер үнді ертегілерінен
алынған ба дейміз. Жамандық пен жақсылық, жеті пәле Иран елінің ұғымдарынан
да көрініс тапқан. Ол замандарда политеистік наным бүкіл Азияға ортақ
болған. Мысалы, Қорқыт ата кітабы сюжетіндегі Төбекөз дәу Одиссеядағы
Полифемге ұқсас. Скиф-сақ дәуірінен қалған Желаяқ (Ветрогон). Көлтаусар
(Опивало яки Объедало), Таусоғар (Горокат) шығыс-батысқа бірдей ортақ.
Жабайылық, аңшылық, бақташылық өмір сатыларын, космолгия, тотемизм,
зороастризм, дуализм, моно-теизм нанымдарын басынан өткермеген елдер кемде-
кем.
Ертегінің тағы бір түрі- тұрмыс-салт және хайуанаттар туралы ертегі-
лер. Тұрмыс-салт ертегілерінде бақташылық тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі.
Бұл М.Әуезовтің зерттеуі бойынша көрсетілген. Ал С.Қасқабасовтың айтуынша
ертегілердің ішінде хайуанат ертегілерінің алатын орны зор. Жануарлар
туралы мифтер мен әнгімелердің жануарлар туралы ертегіден айырмашылығы тура
мағына мен ауыспалы мағынаның, шын образ бен оның тұспалы арасында болады.
Ертегіде адамдар мен олардың әрекеттерді тұспалдап көрсетеді. Оларда таптық
қоғамның көрінісі байқалады.Жануарлар жайындағы ертегілерді 3 топқа бөлуге
болады:
1.Мифтік қасиетін жоғалткан этиологиялық ертегілер.
2.Дүние жүзі халықтарының жануарлар жөніндегі эпосын құрайтын
классикалық ертегілер.
3.Мысал ертегілер.
Этиологиялық ертегілерде синкреттік қасиет басым, тұрақты компо-
зициялық құрылым жоқ. Олар этиологиялық мазмұны жағынан мифке жақын. Оған
айтушы да, тыңдаушы да сенбейді. Бірақ адамгершілік тәрбиесі сақта-лады.
Жануар–кейіпкерді суреттеу, мінез-құлқын бағалау жағынан ертегілік қасиеті
байқалады. Жануарға берілетін меніздеме көбіне құбылмалы болып табылады.
Сол арқылы әр түрлі адамдық проблемаларды айдаhар, дию тағы басқа суреттеле
береді. Мәселен, Қарлығаштың құйрығы неге айыр?, Маса неге ызыңдайтын
болып қалған ? деген сияқты үш сұрақ бірдей жауап беріледі.
Балаларға қатысты мысал ертегілер жатады.Ә.Дүйсенбаев Құйрық,
Алатаудың бауырында, М.Әлімбаев, Х.Ерғалиев Қоянның ерні неге жырық?,
Б.Ысқақов Қарлығаштың құйрығы неге айыр? тағы сол сияқ-тылар.
Қазақ ертегісінің ең мол түрі–шыншыл ертегілер. Бұл ертегілер өмір
шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір
шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір хан болып келеді. Мысалы.
Хан мен уәзір, Өнеге, Ақылды етікші ертегілерінің бас қаһармандары
күндіз тақта отырса, түнде үстіне жаман киім киіп, шаһар аралап жүретін
патша мен оның уәзірлері. Мұндай ертегілерде хан әділ болып көрінеді. Бірақ
көп жайда патшалар жауыз адам ретінде суреттеледі. Мысалы, Ақылды етікші
ертегісінде хан ешкім өз пайдасын ойлап еңбек істемесін деп бүйрық береді.
Мұны күндіз-түні етік тігіп, бала-шағасын зорға асырап жүрген етікші енбек
адамдарына тиімсіз сол үшін ақылсыз ханның ісі дейді.
Бізге шыншыл-реалистік ертегілердің қазақ өмірінен алынған нұсқалары
мәндірек. Мұндай ертегілердің бас қаһармандары ақылды қарт, тапқыр жігіт,
қаңбаң шал, тоғыз Тоңқылдақтан зорлық көретін Шіңкілдек, айлалы тазша,
қойшы, кедей, жауыз, бай, сұғанақ молда, тойымсыз ұры болып келеді. Олардың
көбісі - халық ортасынан шыққан қарапайым адамдар. Көптеген ертегілердің
рухында сын-сықақ сарыны бар. Олардағы жамандық пен жақсылықтың аңғарынан
біз түрліше реалдық адам мінездерін ғана емес, қоғам өміріндегі теңсіздік
суретін, халықтың әділет, жақсы өмірді іздеген арман-мүдделерін де жақсы
байқаймыз.
Қазақтың реалистік ертегілерінің ең марқаларының бірі -Алпысқа
келгеннен ақыл сұра сюжеті болуға тиіс. Бұрын жұрт өзінің алпысқа келген
әкесін өлтіретін болса, бұл ертегілердегі ақылды қарт елдің ең қадірлі
адамына айналады. Бұл аталық қоғам салтының нығаюын көрсететін құбылыс.
Жақсылық пен жамандық, Үш ауыз сөз ертегілері мінез, мораль
тақырыптарына құрылған. Жамандық жаяу келе жатып, Жақсылықтың атын мініп
өзін жаяу қалдырып кетеді. Бірақ табиғатынан ақылды Жақсылық бай қызын
иемдеп, мұратына жетсе, ақылсыз Жамандық қасқыр мен арыстанға жем болады.
Үш ауыз сөз ертегісінде жас жігіт ақылды қарияға бір үйір жылқы беріп
суын ішкен құдыққа түкірме, оң қолың ұрысса, сол қолың арашашы болсын,
ертеңгі асты тастама дейтін үш ауыз өсиет үйренеді. Бала елден кетіп, бір
ханға қызметке тұрады. Оған хан әйелі ғашық болып, мазасын алады. Бала
әйелдің дегеніне көнбеген соң, әйел баланы ханға жамандайды. Хан баланы
ертеңгісін от жағарларға жұмсап: Кім бұрын келсе, соны пешке тығып
жіберіңдер деп әмір береді.
Таңертең қабын арқалап бара жатқан балаға бір кемпір жолығып, ертеңгі
асты татып кет дейді. Сол екі арада баланы көргісі келіп пешханаға келген
ханымды от жағарлар өртеп жібереді. Сөйтіп бала бір өлімнен аман қалады,
мұрат-мақсатына жетеді,
Екі жетім ертегісінде өгей шешенің қиянаты, Ұр тоқпақ ертегісінде
ұрылардың өзі ұратын тоқпақтың астында қалғаны суреттеледі. Ұрлық түбі -
қорлық деген ғибрат осыдан келіп шығады.
Шыншыл-реалистік ертегілерде ең әділ, ең ақылды адам халық ортасынан
шығады. Мұның ғажап үлгісі - Аязби. Хан өзінің қырық уәзіріне адамның,
құстың және шөптің жаманын тауып әкеліңдер дегенде, адамның жаманына Аязби
ілігеді. Бірақ оның жамандығы ақылында емес, тұрмысында, кедейлігінде.
Ақыры ол өз заманының нағыз зерек, ақылды адамы болып шығады. Меңсұлуға
үйленіп хан болады. Ол кісі болғанда да асып-таспайды, аяз әліңді біл деп
өзіне-өзі ақыл салып отырады. Сондай ақылды да әділ адамға ханың қырық
уәзірі қарсы болады. Аязби ертегісінде халық үстем тап адамдарын, олардың
қараулығы мен ақылсыздығын әжуа еткен.
Қазақтың реалистік ертегілерінде қоғамның төменгі тобынан шыққан
кішкене қаһармандар (М. Горъкий) тіпті көп. Олар бірде қаңбақ шал, бойы
бір қарыс, Шіңкілдек түрінде кездессе, бірде хан мен байларды алдап
түсіретін тазшалар түрінде әңгімеленеді. Қаттырақ соққан жел үшырып
әкететін қаңбақ шал балық аулайды, еңбек сүйгіш. Бірақ күніне екі балық
ауласа, соның бірін түлкі тартып жейді. Ақыры ол өзінің ақыл-айласымен үш
дәуді жеңіп шығады, түлкіден де солардың қолымен кек алады. Зорлаушылардан
жапа көрушіні айыруда Тоғыз Тоңқылдақ - бір Шіңкілдек ертегісінің айтары
көп. Сырт қарағанда зорлық бәйбішенің тоғыз ұлы мен тоқалдан туған
Шіңкілдек арасында болатын сияқты. Түптеп келгенде бұл күштілердің
әлсіздерге істеген қиянаты болмақ. Әлсіздерге болысу- қазақ ертегілеріне
тән халықтық белгілердің бірі.
Қазақ ертегілерінен көрінетін әлсіз образдардың бірі- тазша. Тазша
бала ертегісінде бала сараң байдың майын алып, патшаның қазынасына түседі.
Бірақ өзін таптырмайды. Сол патшаны мазақ еткен екінші патшаны тұтқындайды.
Сөйтіп ол ханның өз істегенін өзіне істейді.
Шындығында, ертегі айту еріккеннің ермегі емес, жастарды сөз өнерінің
қыры мен сырына жаттықтырып тәрбиелеу орталығы болып саналған. Мәселен,
ертеде қазақ ауылына келген әр қонақтан қонақ кәде талап етіп, қонақтың
өзі білетін ертегі, аңыз әңгімелерді қисынына келтіріп айтып беруін қалауы,
ал оны ауылдың үлкен-кішілерінің кірпік кақпай тындап ләззат алуы, жастарды
ауызекі сөз өнеріне тәрбиелеудің бірден-бір мектебі болған. Неше түрлі
ғажайып уақиғаларға құрылған ертегілердің жігін келтіріп, тартымды етіп
айтып беру, әр эпизодтың арасынан қыл өтпестей етіп байланыстыру,
кейіпкерлеріне мінездеме беру, оларды тындау-шының көз алдына
елестетерліктей етіп бейнелеп бере білу, әр кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-
әрекетіне қарай сөз сараптау, тілдік сипаттау таба білу, ертегі айтушыдан
мол өнерді, тіпті айтқыштық шешендікті, әрі дикторлық, әрі ораторлық
шеберлікті талап етеді. Демек, ертегітің тартымды, қызықты, тыңдаушыға
әсерлі болуы оны айтушыға байланысты. Жастарды ертек айта білуге үйрету де
халықтың сөз өнеріне тәрбиелеудегі өнеге мектебінің рөлін атқарып келген.
Хайуанаттар туралы классикалық ертегілер саны жағаынан ел арасында
көп тараған. Ол қоғамдық-саяси ұғымдармен, діни нанымдармен тектік
байланысын үзген. Сондықтан құбылушылық нәрселер тек кейіпкердің өз басының
қасиеттері деп саналады. Онда өте қызықты қорқынышты жағдайлар, адамның
тағдыры, жанұясы және тағы басқа керемет оқиғалар баяндалады.Олардың
тақырыбы әр алуан. Оны халықтық фольклорлық роман деп атаса болады. Негізгі
мақсаты-ғибадат алу, тәрбие беру.Мұнда ақылмен жету мақсаты қойылған. Кейде
кітаби стиль көрініс табады. Оған Ы.Алтынсариннің, Қ.Мырзалиевтің
шығармалары тән.
Қазақ ертегілерінің бірінші томына бұл тақырыптағы сюжеттен он үш,
екінші томына жиырма бес ертегі енген-ді. Бүгінде бұл ертегілер барынша
толық күйінде жарық көріп отыр. Олардың өзін мал шаруашылығына (Бозінген)
және хайуанаттарға байланысты туған (Сырттандар, Арыстан мен түлкі)
ертегілер деп екі салаға бөлеміз. Соңғысында араб, үнді жүртының Мың бір
түн, Қалила мен Димна, Тотынама сияқты сюжеттерінен алынған ертегілер
де бар.
Қазақтың бақташылық өмірінен туған ғажап ертегілердің бірі -Бозінген
сюжеті. Мұндағы Бағланбай малының қүты болған Бозінгенді тумады деп, бір
шал мен кемпірге бақтырады. Бозінген басы алтын, құйрығы күміс бота
туғанда, кемпір мен шал інгенді бір керуеншілерге сатып жіберіп, ботасын
алып қалады. Қысқа ғана ертегінің көп жері ботасын жоқтап жылаған
Бозінгеннің зарлы сөздеріне құрылған. Бағланбайдың екі баласы Бозінгеннің
даусын танып, оны ботасына қосады. Малды, әсіресе түйе түлігін қасиет
тұтқан қазақ халқы бұл тұста ботасын сүйген Бозінгенді үлкен образға
айналдырған.
Бозінгеннің зары - монолог түрінде берілген. Онысы - жоқтау:
Жаралғанннан жасымнан,
Үстіме кілем жамылдым.
Күйіп, жанып сабылдым.
Көрер күнім бар ма екен.
Тартып беру бала үшін,
Мен ботамды сағындым.
Бұдан әрі өзі жат қолына түскен Бозінген ұшқан құстардан, түнде жортқан
жапалақтан ботасының дерегін сұрайды. Иесі түйені құтқарып, ботасын алып
келе жатқанда да Бозінген оны көруге асығып, адамша мұңданып, көз жасын
төгеді. Малды қадір тұтқан қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға ұқсас
болып шығады.
Мал күту мен еңбек мәнін биік бағалайтын Қотыр торғай, Кім күшті?,
Қуыршақ сияқты жас балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса
қызық, тартымды. Кім күшті? ертегісінде мұздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын
қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөп, тоқты, қасқырдың, осылардың бәрінен оқтың
күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пілтесін жеп қоятын тышқан, тышқаннан
ін қазып, алты батпан ауырды арқалап, жеті батпан ауырды сүйреген құмырсқа
күшті болып шығады. Өйткені ол - еңбек сүйгіш, ұйымшыл. Тепең көк
ертегісінде сараң байдың кедейленген үш баласына малдан қалған жалғыз көк
тай олжа түсіреді.
Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын қошқар мен теке -
кедейдің сүйенер қолқанаты. Олар жолай түрлі жыртқыш аңдарға жем бола
жаздаса да, дәрі шөптерді тауып келіп, өз иелерін ажалдан құтқарады. Мақта
қыз бен мысық ертегісінде мал баққан елдің баласы жасынан-ақ сол тірлікті
қадірлей бастайды. Қазақ ергегілерінде төрт түлік мал адамның құты, досы,
тірегі ретінде суреттеледі.
Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де көп.
Оның көркем үлгілері Қазақ ертегілерінде жарияланып келеді. Тақырыбы
жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер (Түлкі, қойшы, аю, Түлкі
мен бөдене, Арыстан мен түлкі) көп жайда түрлі аңдар мінезін танытып
қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де
көрсетеді. Қу асығып, адамша мүңданып, көз жасын төгеді. Малды қадір тұтқан
қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға ұқсас болып шығады.
Мал күту мен еңбек мәнін биік бағалайтын Қотыр торғай, Кім күшті?,
Қуыршақ сияқты жас балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса
қызық, тартымды. Кім күшті? ертегісінде мұздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын
қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөп, тоқты, қасқырдың, осылардың бәрінен оқтың
күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пілтесін жеп қоятын тышқан, тышқаннан
ін қазып, алты батпан ауырды арқалап, жеті батпан ауырды сүйреген құмырсқа
күшті болып шығады. Өйткені ол - еңбек сүйгіш, ұйымшыл. Тепең көк
ертегісінде сараң байдың кедейленген үш баласына малдан қалған жалғыз көк
тай олжа түсіреді.
Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын қошқар мен теке -
кедейдің сүйенер қолқанаты. Олар жолай түрлі жыртқыш аңдарға жем бола
жаздаса да, дәрі шөптерді тауып келіп, өз иелерін ажалдан құтқарады. Мақта
қыз бен мысық ертегісінде мал баққан елдің баласы жасынан-ақ сол тірлікті
қадірлей бастайды. Қазақ ергегілерінде төрт түлік мал адамның құты, досы,
тірегі ретінде суреттеледі.
Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де көп.
Оның көркем үлгілері Қазақ ертегілерінде жарияланып келеді. Тақырыбы
жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер (Түлкі, қойшы, аю, Түлкі

мен бөдене, Арыстан мен түлкі) көп жайда түрлі аңдар мінезін танытып
қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де
көрсетеді. Қу түлкіге, ақымақ арыстанға халық ертегілері сықақ, сын
қолданған. Кейде бұл ертегілерді қара сөзбен айтылған мысал десе де
болғандай. Бұл реттен Түйе, арыстан, қасқыр мен түлкі ертегісінің айтары
тіпті терең. Түйе еңбекшілер образын берсе, түлкі, қасқыр, арыстан -
қанаушылар бейнесін суреттейді.
Хайуанаттар туралы кейбір ертегілерге адам образы қосыла бастайды.
Мақта қыз бен Қотыр торғай оқиғалары еңбек процесімен тікелей
байланысып жатады. Қотырын ауыртқан шеңгелді торғай ешкіге шағады, шеңгелді
ешкі жейді. Тілін алмаған ешкіні қасқырға шағады, сөйтіп торғай екеш торғай
да өзінің кегін жоқтайды. Мұның айтары - нашарға қиянат жасама, өзіңнен зор
шықса, көзің шығар деген әділет идеясы болмақ. Тым кішкене куыршақтың өзі
де әділет адамы, батыр, Бозінген, Тепең көк ертегілері тірліктің қамын
айтады.
Хайуанаттар ертегілерінде сатира сарыны да бар. Мысалы, Түлкі мен
маймыл ертегісінде маймылдың ақымақтығы, түлкінің қулығы дәріптеледі.
Маймыл - баққұмар, ол патша болсам дейді. Соны түлкі қақпанға түсіріп,
басыңа тепкілесең кетпейтін бақ қонды деп мазақ етеді. Түлкі қай елде
болса да ақылды, қу аңнан саналған. Түлкі мен қасқыр ертегісінде қорқау
қасқыр қыс айында түлкіден балық алып жемек болса, ол балық өзенде көп,
суға құйрығынды салып отырсаң, балыққа молығасың дейді. Қасқырдың құйрығы
мұзға қатып қалып, суатқа келген шаруалардан таяқ жейді, құйрығы мұзда
қалады. Қасқыр - қорқаулау, ақылсыздау аң. Кәрі арыстан ертегісінде сол
тойымсыз қаскырдың өзіне де зауал туады. Арыстан қартайып, жүре алмайтын
болған кезде, патшамыздың көңілін сұраймыз деп барлық андар келеді.
Келмегені қасқыр болыпты. Түлкі оны арыстанға шағып, мерт қылады. Түлкім,
түлкім, тілімді жеші деген арыстанға, ол: амандық болса, көтеншегінді де
жермін, - дейді.
Арыстан образында хан, патшаларының да сыны бар. Осы ретпен хайуанаттар
жөніндегі ертегілердің аяғы шыншыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТНІҢ МАҢЫЗЫ
Мектепке дейінгі мекемелерде ертегілер арқылы елжандылық сезімдерін дамыту
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз ертегілердің орны мен ролін анықтау
Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері жайлы
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану
Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер негізінде тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеті
Қазақ ертегілері арқылы балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Пәндер