Оқушыларға жыл мезгілдерін кескіндеуді үйретудің тиімді әдістері. («Күз» өлшемі 80х100 кескіндеме, кенеп майлы бояу)


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті

Тақырыбы : Оқушыларға жыл мезгілдерін кескіндеуді үйретудің тиімді әдістері. («Күз» өлшемі 80х100 кескіндеме, кенеп майлы бояу)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050107-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы

Түркістан 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

п. ғ. к., доцент м. а Е. Әуелбеков.

« » 2015ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы : Оқушыларға жыл мезгілдерін кескіндеуді үйрету әдістері. («Күз» өлшемі 80х100 кескіндеме, кенеп майлы бояу)

050107-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы

Орындаған: Артықбай А

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. д., профессор Қ. Ералин.

Түркістан 2015

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. ОҚУШЫЛАРДЫ ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІН БЕЙНЕЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. . . 5

1. 1 Оқушыларды жыл мезгілдерін бейнелеуге үйретуде Қазақстан суретшілері шығармаларының орны . . . 5

1. 2. Оқушыларды жыл мезгілдерін бейнелеуге үйретудегі қайта өрлеу дәуірі суретшілері шығармаларының мәні . . . 19

1. 3. Оқушыларды жыл мезгілдерін бейнелеуге үйретуде суретші шығармалары туралы әңгіме ұйымдастырудың маңызы . . . 36

2 ОҚУШЫЛАРҒА «КҮЗГІ БАҚТЫ» БЕЙНЕЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ . . . 28

2. 1. Оқушыларды жыл мезгідерін бейнелеуге үйрету мазмұны . . . 28

2. 2 Оқушыларға жыл мезгілдерін кескіндеуді үйрету әдістері . . . 47

2. 3 Оқушыларды жыл мезгідерін бейнелеуге үйрету нәтижелері . . . 54 ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60 ҚОСЫМШАЛАР . . . 64

КІРІСПЕ

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кең мүмкіндік беру керектігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2005-2010 ж. ж. дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында, «Қазақстан-2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуында, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.

Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа өнер шығармашылығы арқылы беріліп отырған эстетикалық көзқарастары мен талғамдары, педагогика тарихынан есімдері танымал ағартушы ғалымдар Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов, еңбектерінде мұғалім мәдениеті мен шеберлігіне көп көңіл бөлінген.

Бейнелеу өнерінің жалпы теориялық және методологиялық негіздері Н. Н. Ростовцев, Д. Н. Кардовский, В. С. Кузин, Г. В. Беда, А. С. Хворостов, А. Д. Алехин, Т. Я. Шпикалова, Е. В. Шорохов т. б. еңбектерінде өзекті мәселенің негізі болған. Қазақстанның мектептеріндегі бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесінің дамуын, көркемдік білім берудің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, әдістемелерін, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру мәселесіне назар аударған ғалымдар Қ. Е. Ералин, Қ. Ж. Әмірғазин, С. А. Ұзақбаева, еңбектерінде ұлттық өнер негізінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру теориясы мен көркемдік білім беру зерттеліп, маңызы ашылып көрсетілген.

Қазақстан Республикасының мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық бейнелеу өнерін Дипломдық жұмысге үлес қосқан өнер Дипломдық жұмысші ғалымдар Г. Сарықұлова, И. Рыбакова, М. Ғабитова, Р. Көпбосынова, Н. Нұрмұхаммедов, К. Ли, Ш. Тоқтабаева, Б. Мекішев, С. Мұқтарұлы, А. Ниязов, Қ. Е. Ералин, еңбектері көркемдік білім берудің мазмұнын аңықтап, қазақ бейнелеу өнеріне қатысты теориялық және иллюстрациялық материалдарды толықтырды.

Ғылыми педагогикалық еңбектерді талдау нәтижелері бүгінгі күнге дейін бейнелеу өнері сабағында оқушыларды жаз тақырыбына композиция құрастыруға үйрету мәселелеріне қатысты қарама-қайшылықтар кездесетіндігі көрінді: Олар,

- Оқушыларды жыл мезгідерін бейнелеуге үйретудің дидактикалық шарттарының болмауы мен өнердің түрлерін мектептегі жоғары сыныптарда оқыту тәжірибесінде кеңінен қолдану қажеттігі арасында;

- Оқушыларды жыл мезгідерін бейнелеуге үйретудің үйретуге сұраныстың артуы арасында;

- Оқушыларды жыл мезгідерін бейнелеуге үйретудің әдістемесінің жоқтығы арасында қарама-қайшылықтар орын алған, осы аталған қайшылықтарды шешу бағыты Дипломдық жұмыс тақырыбын «Бейнелеу өнері сабағында жыл мезгідерін бейнелеуге үйрету әдістері» -деп таңдауымызға негіз болды.

Дипломдық жұмыс мақсаты: бейнелеу өнері сабағында оқушыларды жыл мезгідерін бейнелеуге үйретуді тәжірибелік эксперименттен өткізу.

Дипломдық жұмыс нысаны: оқушыларды жыл мезгідерін бейнелеуге үйрету үдерісі.

Дипломдық жұмыс пәні: бейнелеу өнері сабағында оқушыларды жыл мезгідерін бейнелеуге үйрету мазмұны.

Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы: егер, бейнелеу өнері сабағында оқушыларды жыл мезгідерін бейнелеуге үйретудің ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалса; бейнелеу өнері сабағында кескіндеуді үйрету бағдарламасы және әдістемесі жасалса, онда бейнелеу өнері сабағында оқушыларды жыл мезгідерін бейнелеуге үйрету ұтымдылығы артады; сондықтан, бейнелеу өнері сабағында оқушыларды жыл мезгідерін бейнелеуге үйрету үйретудың нәтижелері жаңа сапалық көрсеткіштерге көтерілетін болады.

Дипломдық жұмыс міндеттері:

- Оқушыларды жыл мезгідерін бейнелеуге үйрету педагогикалық негіздерін айқындау;

- Оқушыларды жыл мезгідерін бейнелеуге үйрету жолдарын анықтау ;

Дипломдық жұмыстың жетекші идеясы: бейнелеу өнері сабағында жыл мезгідерін бейнелеуге үйрету құндылық құбылыс ретінде, әлемдік көркемдік мәдениет жүйемен салыстыра отырып оқыту, нақты белгіленген дидактикалық шарттарды жүзеге асыру нәтижесінде ұтымды болады.

Дипломдық жұмыстың негізгі кезеңдері:

Бірінші кезең Оқушыларды жыл мезгідерін бейнелеуге үйрету кескіндеуді үйрету әдістері практикасы сұрыпталды. «Бейнелеу өнері» оқу бағдарламаларына қосымшалардың мазмұны әзірленді. Оларды оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың әдістемесі жасалды. Озық тәжірибелер қорытындыланды.

Екінші кезең Оқушыларға жыл мезгілдерін кескіндеуді үйрету әдістері» бағдарламасы, «бейнелеу өнері сабағында жаз тақырыбына композиция құрастыруға үйрету әдістері» атты бағдарламасы, оқу-әдістемелік құрал дайындалды. Дипломдық жұмыс нәтижелерін тәжірибеге енгізу істері жалғастырылды. Қорытынды, ұсыныстар берілді, пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтіріліп, талапқа сай рәсімделді.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

- Оқушыларға жыл мезгілдерін кескіндеуді үйрету әдістері айқындалды;

- бейнелеу өнері сабағында оқушыларды композиция құрастыруға үйрету әдістемелік нұсқаулары жасалды;

Дипломдық жұмыстың практикалық мәні: бейнелеу өнері мұғалімдеріне арналған:

- «Бейнелеу өнері сабағында оқушыларды композиция құрастыруға үйрету» атты әдістемелік ұсыныстар;

- «Бейнелеу өнері сабағында оқушыларды композиция құрастыруға үйрету» атты үйірме бағдарламасы;

Дипломдық жұмыс нәтижелерін бейнелеу өнері сабағында кескіндеуді үйрету әдістері бойынша білім беру жүйелерінде, мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру мекемелерінде, қосымша көркемдік білім беретін оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде пайдалануға болады.

Тәжірибелік-эксперимент атындағы М. Әбенова атындағы орта мектепте жүргізілді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде дипломдық жұмыстың көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, Дипломдық жұмыс көздері, әдістері, негізгі кезеңдері мен базасы, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі, ғылыми жаңалығы мен теориялық және практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары баяндалды.

«Оқушыларды жыл мезгідерін бейнелеуге үйретудің ғылыми педагогикалық негіздері» атты бірінші тарауда оқушыларға композиция құрастыруға үйретудың ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалды. Бейнелеу өнері сабағында композиция құрастыруға үйретудың дидактикалық шарттары, құрылымы бағыттары мен әдістемесі негізделді.

«Оқушыларды жыл мезгідерін бейнелеуге үйретудың әдістемелік кешенін эксперименттік зерттеу» атты екінші тарауда тәжірибелі-эксперимент жұмысын ұйымдастыру жан-жақты мазмұндалады. «Бейнелеу өнері сабағында оқушыларды жыл мезгідерін бейнелеуге мазмұны, формалары мен әдістері берілді: Эксперимент жұмысының анықтау, қалыптастыру, бақылау кезеңдеріндегі білім деңгейлерінің кесіндісі нәтижелері мазмұндалды.

Қорытындыда дипломдық жұмыстың нақты тұжырымдары мен ғылыми Дипломдық жұмыс жұмысын жүргізу нәтижесінен туындаған ұсыныстар берілді.

Қосымшада дипломдық жұмыс жұмысына қатысты оқу әдістемелік материалдар ұсынылды.

1. ОҚУШЫЛАРДЫ ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІН БЕЙНЕЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ .

1. 1 Оқушыларды жыл мезгілдерін бейнелеуге үйретудегі Қазақстан суретшілері шығармаларының орны

Оқушыларды жыл мезгідерін бейнелеуге үйретуде Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектерінің танымдық тәрбиелік мүмкіндіктері мол. Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерінің қайсысы болмасын өзіндік қолтаңбасымен, таңдаған бейнелеу өнерінің түрімен, жанрымен ерекшеленетін өнер адамдары. Бейнелеу өнері шеберлері туралы әңгіме қозғалғанда қазақ халқының тұңғыш суретшісі Ә. Қастеевті айтпай кете алмаймыз. Қазақстанның халық суретшісі Ә. Қастеевтің шығармашылығы республика көлеміне кеңінен таныс. Ол өзінің сапалы өмірін отанының көркем образын жасауға арнаған . Ә. Қастеев тақырыптық картина, портрет, пейзаж және кітап иллюстрациясы тақырыптарында жемісті еңбек етті. Ә. Қастеевтің шығармашылығысы мен өмірінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ә. Қастеев 1924 жылы Жаркент қаласының жанындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келді. Ә. Қастеев әкесінен жастай қалып іні қарындастарын өсіруге апасына көмек көрсетті. Ә. Қастеевтің апасы бау, басқұр тоқитын шебер адам болған. Қастеевтің суретші болуына және халықтың сәндік қол өнеріне қызығуына өзінің туған апасының ықпалы зор болды. Ә, Қастеевтің таланты Қазан ревалюциясынан кейін бағаланып ол Алматы қаласына суретші Н. Т. Хлудовтың шеберханасына оқуға жіберілді. Суретшінің алғашқы шығармалары 30 жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір киім киген қыз», «Тігінші», «Тоқымашы», «Қарындас портреті», «Автопортрет» шығармалары осы кезде жазылды. Бұл шығармалар суретшінің әртүрлі жұмыс кезеңінде жұмыс аралығында салған тақырыптары мен тапсырыстарының бейнелері болады. Суретші бұл картиналарды кейіпкерлердің бас бейнесін көрсетіп қана қоймай, картина адам фонындағы киіз үй, жан-жануар, қазан-ошақ және тағы басқа қоршаған жыл мезгідерін қосып көрсетеді. Халық суретшісі Ә. Қастеевтің турксиб шығармасы көпшілікке танымал шығарма. Картинада сол кезеңдегі ерекше бір құбылыс Түркістан - Сібір темір жолының құрылысын көрсетуге арналады. Картинада қазақтың сары даласы темір жолмен келе жатқан паровоз және оны күтіп тұрған адамдар көрінісі бейнеленген. Ә. Қастеев тақырыптың суреттермен қатар табиғат көрінісін бейнелейтін пейзаждар сарғап суреттер. «Тау пезажы», «Медеу келбеті» картиналары осыларға қосылады.

Ә. Қастеевтің шығармашылығының бір бөлігі қазан революциясынан кейінгі халық өмірін бейнелейтін кескіндеме шығармалары. Олардың қатарына мына картиналар жатады: «Бие сауу», «Құдықтың басындағы бай мен жарлы», «Қалың малға сатылған қыз», «Шөп шабу», «Колхоздың сүт фермасы», «Колхоз тойы», «Колхоз қырманы». Суретші Ә. Қастеев халық батыры, Амангелді Иманов тақырыбына өз шығармасынан ерекше орын берген. Бұл шығармалар қатарына «А. Имановтың портреті», «Амангелдінің шабуылы» атты композициялары жасады. «Колхоз тойы» - Қастеевтіњ алғашқы жылдардаѓы таңдаулы шығармаларының бірі. Осы жылдары ұсақ шаруашылық жұмыстарын техниканың көмегімен атқара бастады. Егіннен көп өнім алып, науқанның табыспен аяқталуы - халықтық той болды. Осы той шығарма арқауы ретінде алынған. Түс мезгілі, колхозшылар қырман басына жиналған. Әріректе үйілген астық, машина, тракторлар көрінеді. Шығарманың алдыңғы көрінісінде екі жарылып отырған адамдар тобы. Сол жағындағылар дастархан басында қымыз іше әңгімеге кіріскен, жүздерінен күлкі пішіні байқалады. Ал оң жақтағы топ домбыра үніне қосылып, майыса билеген қыз өнерін тамашалауда. Тал шыбықтай майысқан қыз бейнесі көрермендерін баурап алған. Бұдан әрі ақ шатыр, киіз үй бейнеленген. Шатыр үстінде қызыл ту желбірейді. Ақ шатыр астына бір топ жастар жиналған. Еңбек адамдарының күн өткен беттерінен шаттық байқалады. Бұл еңбек жемісінің нәтижесі іспетті. Ә. Қастеевтің осылармен қатар «Мектепке бара жатқан қыз», «Автопортрет», «Турксиб» сияқты шығармалары бар.

Алғашқы ұлттық график-суретші Әнуар Ысымайлов шығармашылығы, қазақтың профессионалдық бейнелеу өнерімен қатар қалыптасты. Ол кескіндеме, графика, газет-журналдарды көркемдеу салаларын қатар алып жүрді. Суретшінің 20 жылдардағы еңбектері индустриалды Қарағанды мен туған жер табиғатының көріністерін бейнелеуге арналды. 30 жылдары тушьпен салынған еңбектерінде «Қарағанды», «Қарағанды шахтерлары» шахтерлер өмірін бейнелейді. Оның карикатурасы мен плакаттары «Теңіздің ар жағынан», «Жарылып кетті» терең мағыналы сынға құрылған.

Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-45) қазақ суретшілері Қазақстанға келген орыс суретшілерімен бірлесе отырып соғыс жанры және тарихи тақырыптарда картиналар жазып, халықтың қажымас ерлігі мен соғыс қаһармандарының, тылдағы еңбек ерлерінің бейнелерін жасауға белсене қатысты. Соғыстан кейінгі жылдары суретшілердің профессионалдық шеберлігі өсіп, өз шығармаларында халық өмірін терең әрі мазмұнды қамтыды. А. И. Черкасскийдің «Дина мен Жамбыл» картинасы, В. Антошенко - Оленовтың «Сәкен Сейфуллин», «Ілияс Жансүгуров», Х. Наурызбаевтің «Жамбыл», «Құрманғазы», Ә. Қастеев пен И. Леонтьевтің «Қазақстан кілемшелері» шығармаларында қазақ адамдарының рухани жан дүниесінің тазалығы, жан-жақты көрініс тапты.

Қазақстан бейнелеу өнерінің алғашқы туындыларының бірі - суретші Л. Хлудовтың «Тоқымашылар» атты еңбегі. Бұл шығармада қазақ әйелдерінің өмірі бейнеленген. Суреттіњ алдыңғы көрінісінен алаша тоқып отырған әйелді көреміз. Қасындағы екінші әйел жақындай түсіп, кеңес беріп отыр. Ал олардан әрірек үй шаруасынан енді қолы босаған жас келіншек, жаңа басталған өнер бұйымын қызықтап қарап қалған. Бұлардың қасындағы кішкене қыз әңгімені ықыласпен тыңдап отыр. Суреттіњ ортаңғы көрінісінде - қолына күрек ұстаған жас бала. Болашақта асау сәйгүліктерді бағындыратын, әке жолын ұстаған ұл. Суреттіњ соңғы көрінісінде киіз үй жанында ерттеулі тұрған ат пен жайылып жүрген мал көрінеді. Бұл суретте артық көрініс жоқ. Барлығы өз орнында, әрбір көріністің айтар ойы бар, олар шығарма мазмұнын ашып тұр. Мұнда бояу түстері бірыңғай орайлас. Ерекше назар аударатын бояу түстері байқалмайды. Бұдан бояу түстерінің ауыл тыныштығы көрінісін бейнелеуге үлкен әсер етіп тұрғанын байқаймыз. Жалпы сурет көрінісі қазақ халқының қолөнері мен тұрмыс салтын, шаруашылығын көрсетуге арналған.

Телжанов Қанапия Темірболатұлы 1927 жылы 1 майда Омбы облысы Байқұдық аулында туылған, қазақ кескіндемешісі, Қазақстанның халық суретшісі (1961), КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі (1967) .

Ол жастайынан әкесінен жетім қалды. Қоршаудағы Ленинградта анасы қайтыс болды. Онан соң Киров облысында мектеп-интернатта тәрбиеленді. Мұнан кейін ол Алматыға келіп көркем сурет училищесін бітірді. 1947-53 жылдары Ленинградтағы И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтында М. И. Авиловтан білім алып көркемөнерге оқыды. 1953-58 жылдары Алматы көркемсурет учелищесінде сабақ берді. 1965-68 жылдары Қазақстан суретшілер одағының төрағасы, хатшысы, 1973 жылдан Қазақстан Мемлекеттік Өнер музейінің директоры, Алматы театр және көркем сурет институтының профессоры қызметін атқарады.

Қ. Телжанов қазақ халқының өмірі мен тұрмысы жайлы замани және тарихи тақырыптағы «Жамал» (1955), «Бейбітшілік оттары» (1961, екеуі де Третьяков гал, Москва), «Домбыра әуендері», «Атамекен» (1958), «Кокпар» (1960), «Тыныштық» (1964), «Бүркіт салу» (1964), «Қыз қуу» (1966) атты шағын поэтикалық көріністер мен монументті еңбектердің, кең тынысты әрі қанық бояулы триптихтардың («Жол басы» 1966-70, Октябрь, 1970, «Бозаралдықтар» 1972) портреттердің авторы. Суретші шығармашылығы қазақ бейнелеу өнеріне елеулі бет бұрыс алып келді. қазақ халқының Қазан революциясына дейінгі өмірімен, тұрмысымен танысып, кедей балаларының хал-күйін ұғынды. Қазақ жеріндегі Қазан төңкерісі қылқалам шеберлерінің көптеген туындыларына өзекті арқау бола алды. (үш бөлімнен тұратын суретті - триптих деп атаймыз) . Шығарманың оң жақ бөлігі «Тасқын», ортаңғы бөлігі «Ән бастаушы» деп аталады. Эпидоскоп көмегімен картина көрінісін экранға түсіріп, оқушыларды оның мазмұнымен таныстырамыз.

«Бастаудың» «Ұшқын» деп аталатын бөлімі - кескіндеме туындысы. Суретші бұл еңбегінде қазан революциялық қозғалысының себептерін, неден басталғанын көрсетуге ұмтылады. Сондықтан оны «Ұшқын» деп атаған. Мал шаруашылығының ыңғайымен көшіп-қонып жүрген қазақ ауылдары бытыраңқы орналасты. Халық басындағы ауыр тұрмысын әнші, жыршылар өлең жырларына қосып, үстемдік пен әділетсіздікті әшкереледі. Осының нәтижесінде патша езгісіне қарсы халықтың ашу-ызасы бірте-бірте кең өріс алып, көтеріліс ұшқыны арта түсті.

Шығарманың ортаңғы көрінісінде бір топ қарулы жасақ бейнеленген. Бұлар қозғалыс басталар алдындағы кеңес үстінде. Картина аспанда торлаған сұр бұлт келбеті суық түсті бояулар үндестігі арқылы шешілген. Картинада кеңес үстіндегі аттылар бейнесін формат өлшемінен әлдене кіші етіп, ортаңғы көрінісін орналастырудың өзіндік мәні бар. Формат қазақ даласының кеңдігін көрсеткен де, ал көтеріліс ұшқыны осы жасақтар тобынан кең байтақ елге таралар алдындағы сәтті бейнелеген. Туынды колоритіндегі қара көкшіл түстердің басым болуы жасақтардың шешімділігі мен қозғалысқа дайындығын көрсетеді. (колорит дегеніміз шығармадағы бояулар түстерінің үндестігі) . Шығармада не жылы түстер немесе суық түстер басым болып келеді. (Жылы түстерге - қызыл, суық түске - көк түстер жатады) . Шығарма бояулар түсіне өте бай. Олар қылқалам туындысының мазмұнын толықтыра түседі. Адамдар қолындағы бүктеуі жазылмаған қызыл ту шарпығалы тұрған от жалынындай болып көрінеді. Сабақ барысында картина мазмұны оқушылардың тарих сабағында алған білімдерімен ұштастырылады. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнау тарихы жайындағы әңгімеге ұласады.

Триптихтың оң жақ бөлігі «Тасқын» деп аталады. Бұл шығармада халықтың ашық көтеріліске шыққан кезі бейнеленген. Батып бара жатқан күнді қара бұлт жауып тұр. Қаптаған атты жасақтар легі бейне бір толқын сияқты, бері қарай қозғалып келеді. Әр жерде қызыл тулар желбірейді. Ұрысқа шыққан аттылы топтардың қозғалысы бұрқыраған шаң арасына сыймай су тасқынына ұқсайды.

Суретші бұл жерде халықтың ашу-ызасын ағысы қатты, кемеріне сыймай, бүкіл алқапқа жайылған су тасқынына теңейді. Ол халық қозғалысының жеңіске жетпей басылмайтынын көрсетеді. Картина құрылысы көлденеңі бойынша созылыңқы. Аттылар соңғы көріністе бейнеленген. Түстердің бір-бірімен байланысы ерекше үйлесім тапқан. Қара, көк түстер қарсы түстермен қайталануы арқылы су толқындарыныњ қозғалысын елестетеді. Картинаны суретшінің «Тасқын» деп атауының себебі осында.

Триптихтің ортаңғы бөлігі «Ән бастаушы» деп аталады. Бұл картинада жауынгер отрядтың бірі арқылы суретші күрестің бүкіл халықтық қолдау табуын жеткізе білген. Отряд бірнеше ұлт адамдарынан құралған. Шығарманың композициялық ортасында буденовка киген жас қазақ ән шырқап келе жатқан қалпында бейнеленген. Ашық аспан. Желбіреген Қызыл Ту жеңіс символы тәрізді.

Шығармадағы түстердің гармониялық қайталануы мен өзіндік үйлесуінің ерекшеліктері бар. Алдыңғы көріністегі күңгірт қызыл, қызғылт сары түстердің ақ сары, күңгірт көк түстермен динамикалық қайталануы басым. Жалпы алғанда бұл картинадан ерлік істі бастаушы адамдардың бейнелерін көреміз. «Бастау» атты триптих авторы - Қазақстан халық суретшісі Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қанапия Телжанов. Суретші бұлардан басқа көптеген кескіндемелік шығармалар жазды. Оның «Базаралдың адамдары», «Октябрь», «Көкпар», т. б. туындыларын ерекше атап өтуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан суретшілерінің шығармашылығындағы пейзаж жанры
Бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық тиімді шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемелік ұсыныстар жасау
Бейнелеу өнері сабағында пән аралық байланысы. Пейзаж
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
Орта мектепте көркем еңбекке оқытуда оқушыларды түстану ептіліктеріне үйретудің өзіндік ерекшеліктері
Оқушыларды табиғатты ойша және елестете отырып бейнелеуге үйрету
Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
ОҚУШЫЛАРДЫ ТУҒАН ӨЛКЕ КӨРІНІСТЕРІНЕН КОМПОЗИЦИЯ ҚҰРАСТЫРУ ЕПТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ «АСТАНА» өлшемі 100-80, КЕНЕП, МАЙЛЫ БОЯУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz