Тәрбие аясы жеке адам және оның дамуының ішкі, сыртқы факторлары туралы мағлұмат


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы:Тәрбие аясы жеке адам және оның дамуының ішкі, сыртқы факторлары

Жоспар

Педагогиканың бөлек ғылым салаларына жіктелуі

Педагогика теориялық ғылым және өнер сипатында

Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөніндегі теориялық көзқарастар

Жеке адамның дамуындағы өзіндік белсенділіктің маңызы

Қандай ғылым болмасын, дами отырып, өз теориясын байыта түседі, жаңа мазмұнымен толығады, осыдан өз ішіндегі зерттеу бағыттарына орай жіктеле бастайды. Бұл жағдай педагогиканы да айналып өткен емес. Қазіргі кезде ''педагогика'' түсінігі педагогикалық ғылымдардың біртұтас жүйесін танытады. өз алдына дербестік сипатқа ие болған педагогика салаларынан төмендегілерді атауға болады:

Жалпы педагогика (тәрбие білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді) .

Сәбилер және мектеп алды педагогикасы.

Мектеп педагогикасы.

Сурдотифло және олигофренопедагогика саңырау зағип және ақылы кем балалардың тәрбиесін зерттейді.

Жеке пән әдістері.

Педагогика тарихы.

Жаңадан қалыптасып жатқан педагогика салалары да жоқ емес, олардан: мектептану, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, басқару педагогикасы, ішкі істер органдары-ның педагогикасы және т. б. Дербес педагогикалық пән ретінде әскери педагогика, жоғары мектеп педагогикасы, кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы және т. б. жедел қарқынмен дамуда.

Педагогика теориялық ғылым және өнер сипатында

Педагогиканың дамуы мен оның мән-мағынасына зер сала отырып, оның ғылым ретінде де көрініс беретін ерекше өзіндік сипатына көңіл аудармай болмайды.

К. Д. Ушинскийдің пікірінше педагогиканың басқа ғылымдарға ұқсамайтын ерекшелігі: ол теориялық жағынан, біріншіден, өз зерттеулерінің нәтижелерін, қорытындыларын пайдаланады, екіншіден, адам жөніндегі ғылымдардың теориялық идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Сонымен қатар, педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті болған ептіліктер, дағдылар мен қабілеттер жүйесін қамтиды. Бұл тараптан ол тәрбиелік шеберлік, өнермен ұштасып жатады. Педагогиканың міне осы ғылымдық әрі өнерлік ерекше сипатына кейбір үстірт ойлайтын адамдар, оны аса қажет теориялық құндылық деп бағаламай, тәрбие ісіндегі ептіліктер мен икемділіктерге бұра салады. К. Д. Ушинский ''Тәрбие ісі біршама жеңілдеу көрінеді. Тәрбиеге шыдамдылық керек екені баршаға аян, кейбіреу-лер ол үшін тума дарын қажет деп ойлайды, тек аздаған ғана мамандар шыдамдылық, тума қабілет және ептіліктерден басқа арнайы білімдердің де қажет екенін бүгінгі күні мойындап отыр'' - деген.

Тәрбиелік қызметте ептілік, дарын (талант) және теориялық білімдер бірдей керекті екенін П . П . Блонский ескерген. Ептілік күнделікті тәрбиеде ұшталады, дарын тәрбиелік жұмыс барысында шыңдалады, теориялық білімдер адам дамуы мен тәрбиенің мән-мағынасын тереңдеп танумен қалыптасады да, ғылыми идеялар түрінде бірден бірге өтеді деген.

А. С. Макаренко ықпалды тәрбие жүргізу үшін әрбір мұғалім-тәрбиеші педагогикалық шеберлікке бейімделуі тиіс, ал сол шеберліктің астарында міндетті түрде игерілген теориялық білімдер болуы шарт деп өте дұрыс пайымдаған.

Адам қызметінің әртүрлі саласында теорияның маңыздылығын ежелгі ойшылдарда айтып кеткен. Грек философы Анаксагор ''Практикалық іс-әрекеттің еркін өрістеуі мен үнемді болуы тек қана теориялық танымнан'', -деген. ''Әркім жақсы білгенінен данышпан'', - деп Сократ та текке айтпаған. Теориялық білімдердің маңыздылығы бүгінгі ғылым мен техниканың, өмірдің барша тарма-ғында кең орын алуына орай ерекше артып отыр. Сондық-тан да, педагогиканың мәнін түсініп, тәрбиеге байланыс-ты негізгі теориялық идеяларын игеру педагогикалық қызметке дайындалуда өте маңызды.

Тәрбие аясы жеке адам және оның дамуының ішкі, сыртқы факторлары

Педагогикадағы жеке адамның дамуы мен тәрбие ісінің проблемалары. Жеке адам, оның дамуы мен қалыптасуы жөніндегі түсініктер.

Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптас-тыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл міндеттердің табысты шешімін беру жеке адамның дамуы қалай өтетінін және оның қалыптасуына қандай жағдаяттар ықпал ететінін білумен байланысты.

Педагогика үшін мәнді мәселенің бірі ''жеке адам'' түсінігінің өзін айқындап алу. Шынында да тәрбие аясы ''жеке адам'' нені білдіреді? Бұл түсініктің ''адам'' түсінігімен арақатынасы қандай? Бұл сұрақтардың жауабын генетикалық тұрғыдан берген жөн.

Ең алдымен ескертетін жәйт: адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі - биологиялық, екіншісі - әлеуметтік. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туылғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы процесінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру процесі, оның дамуының жастық сатылары мен мінез-құлығында көрініп, осыдан балалық, жасөспірімділік, ересектік және қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз.

Бірақ адамның табиғи дамуы көпсанды әрі сан алуан әлеуметтік салалар мен қасиеттерді қабылдауымен тығыз байланыста бірге дамып барады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі ретінде сипаттайды. Мысалы, нәрестенің жақын адамдарды танып, күлімсіреуі, кейін тілге келуі, тік жүру қабілетін игеруі, үйдегі және көпшілік арасындағы қалыптары, еңбектеуі және т. б. өсе келе ол білім игереді, моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды, әртүрлі жұмыс істеуге ептіліктер мен дағдыларды қалып-тастырады және олардың барлығы да өмір барысында адамда пайда болып, дамып отырады.

Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін
сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады әрі дамытады. Міне осыдан, ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға, субъект, яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен таным иесі деп танылады. Демек, "адам" түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік (қоғамдық), сапа мен қасиеттердің бірлігін білдіреді.

Ал ''жеке адам'' түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттерімен ерекше-ленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи, биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен ''жеке адам'' дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.

Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқан-дықтан, олар біреулерде айқын көрініп, басқаларда күңгірттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз және оның өлшемдері қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз.

С. Л. Рубинштейннің зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы; өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі - жеке адамның мәнді белгілері. Белгілі философ-ғалым В. П. Тугаринов жеке адамның сапалық көрсет-кіштері ретінде төмендегілерді атайды: 1) саналылық; 2) жауапкершілік; 3) еркіндік; 4) жеке басының қадірі; 5) даралық; осыларға және қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағытты қосады.

Жеке адамдықтың критерийлерін (өлшемін) белгілеумен В. П. Тугаринов бұл түсінікті адамның жастық әрі психикалық кемелденуімен байланыстырады.

Егер жеке адам өз сапа және іс-әрекетін қоғамдық прогресс бағытымен ойластыра алса, өз бойына игерген сапа мен қасиеттерді неғұрлым айқын көрсете алса, өз іс-әрекетіне ерекше жасампаздық сипат бере алса, оның құндылығы арта түседі. Бұл тұрғыдан ''адам'' және ''жеке адам'' түсініктерінің сипаттамасы ''даралық'' түсінігімен толықтырылады.

Даралық бір адамның екіншісіне ұқсамайтын, өзін-дік ерекшелігі мен өзгешелігін сипаттайды. Даралық, әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша бітістері (сал-мақты, сабырлы), шығармашылық іс-әрекет және қабілетінің ерекшеліктерінің (ойлап тапқыш, ұқыпты) өзіндік көріністерімен бөлектенеді. Аталғандар сияқты мұғалімнің де даралық белгілері оның терең білімдар-лығында, педагогикалық ой-өрісінде, балаларға жайлы-лығы мен еңбектегі жасампаздығында танылуы мүмкін. Даралық түсінігі бір адамды екіншіден айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық қасиеттерді білдіреді.

Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін "индивид" түсінігін де білген жөн. Бұл латын сөзі қазақша ''жекелік'' дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әрбір бөлек өкілін, оның сапа-қасиеттеріне қатысынсыз танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір ақыл-есі дұрыс адам ''индивид'' бола алады. ''Жеке адам'' түсінігінің және онымен байланысты ғылыми категориялардың мәні міне осындай.

Ал жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамуы және қалыптасуынан педагогика үшін ''даму'' және ''қалыптасу'' категорияларының мәнін ашып беру өз алдына маңызды. Сонымен бұл түсініктер нені білдіреді?

Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі; көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалық өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген көзқарас пен наным-сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез-құлық бірте-бірте белсенді - жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық-әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық-физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының және танымдық пен шығарма-шылық іс-әрекетінің жетілуіндегі, дүниетанымдық, имандылық, қоғамдық-саяси көзқарастары мен наным-дарындағы бір-біріне кіріге байланысқан сандық және сапалық өзгерістер үрдісін білеміз.

Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.

Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөніндегі теориялық көзқарастар

Адам жөніндегі басқа ғылымдардағыдай педагогика үшін де ең басты мәселе - жеке адамның дамуы және сол дамудың көзі мен ықпал күштері. Идеалистік және материалистік ағымдар бұл туралы әртүрлі тұжырымдар пайымдауда. Ғылымда ежелден бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан теориялық пікірлердің дұрыс-бұрыстығына баға беруді оқырманның өзіне қалдырып, оларға тек қана объектив сипаттама беруді өз міндетіміз деп есептейміз.

Идеализм өкілдері, қай бағыттағы болмасын, жеке адамның қалыптасуын алдын-ала болжастырылған бағдарламаға теліп, ол бағдарламадағы сапа мен қасиеттер өз бетінше өріс алатынын уағыздайды. Ал тәрбие олардың ойынша, жәрдемші рөл атқарып, сол бағдарламаның іске асуына көмектесуші ғана құрал.

Қазіргі заманғы иедалистік философия, психология мен педагогика әлеуметтік төңкерістер мен күйзелістерге толы қоғам жеке адамның тозуына себепші, сондықтан да адам өзінің шын кемеліне жету үшін қоғаммен байланысын үзу қажеттігін дәріптейді. Бұдан шығатын қорытынды: адамдық мән рухани және әлеуметтік бостандықты алу үшін күрес емес, өз болмысының шын, ең жоғары сыр-мағынасын тану (экзистенциализм) немесе тәңірлік кемелге жақындау (неотомизм) .

Идеалистік педагогикада жеке адам дамуы жөніндегі пікір-сайыста бірнеше теориялық концепциялар бар. Олар: биологизаторлық бағыт: адамның дамуы оның табиғи (биологиялық) жетілуімен байланысты, соның барысында оның дене құрылымы мен рухани қасиеттері қалыптасады. Адамдар арасындағы моралдық қатынастар биологиялық негізде орнығады (Аристотель, Ф. Мюллер, Э. Геккель, Ш. Летурно, Ч. Ломброзо) . Психоаналитикалық бағыт: жеке адамдық қалыптасуда қоғам зиянды. Адамның дамуы мен оның мінез-құлқы толығымен жыныстық инстинктке тәуелді (З. Фрейд) . Прагматикалық бағыт: адамның психикалық дамуы тума инстинктерге байланысты, әрбір адамды тұрақты нәсілдік қасиеттерді сақтаушы ерекше саналық гендер болады. Сондықтан да жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнын иеленуі олардың биологиялық болмысымен анықталуы тиіс, себебі әртүрлі халықтар мен нәсілдердің бірі табиғатынан дарынды, ал екіншілері - кемірек дамыған (Дж. Дьюи, Э. Л. Торндайк) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетинг жайлы
Адамзат тәрбиесіндегі халық педагогикасының ролі
Шетел тілі мұғалімінің кәсіптік және педагогикалық дамуы
Әдеби туындыны бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негізін жасау
М. Дулатов шығармаларындағы елдік рух
Бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштікті қалыптастыру
Тәрбие аясы жеке адам және оның дамуының ішкі, сыртқы факторлары
Тұлга психологиясы
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс - әрекеттің ролі
Педагогикадағы жеке адамның дамуы мен тәрбие ісінің проблемалары. Жеке адам, оның дамуы мен қалыптасуы жөніндегі mүciніктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz