Ішек синдромы



1. Тітіркенген ішек синдромы
2. Этиология Патогенезі
3. Классификациясы
4. Диагностикасы
5. Емдеу тактикасы
Тітіркенген ішек синдромы - бұл тұрақты түрдегі функционалды бұзылыстардың жиынтығымен көрінетін ішек ауруы. Ауру ұзақтығы 12 ай ішінде 12 аптаға дейін созылып, іш аймағындағы ауру сезімінің пайда болуымен және дискомфорт жағдайымен білінетін, тек дефекациядан кейін ғана ауру сезімінің басылуымен көрінетін синдром.
Кейде 25% жағдайда ауру тек қана 2 түрлі нақты синдромдармен көрінеді. Олар дәретке отыру жиілігінің және нәжіс консистенциясының өзгерістері.
Сонымен, ішек функциясының бұзылыстарына – дәретке отыру жиілігінің, нәжіс консистенциясының өзгерістері, дефекация актісінің бұзылыстары (дәретке отыру сезімінің кенеттен басталуы, тенезмдер, ішектің толық босамау сезімі, дефекациядан кейінгі қосымша күш жұмсау) нәжістің шырышты бөлінділермен бөлінуі және метеоризм жатады.

Этиология: 1.Психоэмоционалды стресстік факторлар, тамақтану режимінің бұзылуы және диетаның ерекшеліктері (рафирленген тағамдар) темекі шегу және т.б.
2. Асқорыту мүшелерінің басқа да аурулармен бірге болуы мүмкін.

Патогенезі: Ішек қызметінің бұзылыстары нейрогенді және гуморалды әсерлерге (гастроинтестиналды гормондар: гастрин, хлоецистокинин, мотилин, яғни ішектің қызметін үстемелейтін гормондарға) байланысты. Ішектің қозғалысының өзгерістеріне: іш қату кезіндегі сфинктерлердің гипотониясы мен пропульсивті жиырылулар, іш қату кезінде сфинктерлердің гипертониясы мен сегментарлы жиырылулар жатады. Гиперсекреция мен спастикалық жиырылулар мукозды коликонды шақырады, ал дисталды бөліктегі гиперсекреция диареямен көрінеді.
1. А.Н. Окороков “Диагностика болезней внутренних органов» М., 2003
2. А.Н. Окороков “Лечение болезней внутренних органов» Минск - Витебск, 1998
3. Белоусов А.С. “Дифференциальная диагностика болезней органов пищеварения”. М., 1984
4. Златкина А.Р. “Лечение хронических болезней органов пищеварения”, М., Мед., 1994
5. Клеменов В. М. “Клиническая гастроэнтерология”. Нижний Новгород, 1993
6. Кольцов П.А., Шатихин А.И. “Практическая гастроэнтерология”. М., Мед., 1994
7. Руководство по гастроэнтерологии в 3-х томах, ред. Комаров Ф.И. М., Мед., 1995

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Тітіркенген ішек синдромы
2. Этиология Патогенезі
3. Классификациясы
4. Диагностикасы
5. Емдеу тактикасы

:

Тітіркенген ішек синдромы
Тітіркенген ішек синдромы - бұл тұрақты түрдегі функционалды
бұзылыстардың жиынтығымен көрінетін ішек ауруы. Ауру ұзақтығы 12 ай ішінде
12 аптаға дейін созылып, іш аймағындағы ауру сезімінің пайда болуымен және
дискомфорт жағдайымен білінетін, тек дефекациядан кейін ғана ауру сезімінің
басылуымен көрінетін синдром.
Кейде 25% жағдайда ауру тек қана 2 түрлі нақты синдромдармен
көрінеді. Олар дәретке отыру жиілігінің және нәжіс консистенциясының
өзгерістері.
Сонымен, ішек функциясының бұзылыстарына – дәретке отыру жиілігінің,
нәжіс консистенциясының өзгерістері, дефекация актісінің бұзылыстары
(дәретке отыру сезімінің кенеттен басталуы, тенезмдер, ішектің толық
босамау сезімі, дефекациядан кейінгі қосымша күш жұмсау) нәжістің шырышты
бөлінділермен бөлінуі және метеоризм жатады.

Этиология: 1.Психоэмоционалды стресстік факторлар, тамақтану режимінің
бұзылуы және диетаның ерекшеліктері (рафирленген тағамдар) темекі шегу және
т.б.
2. Асқорыту мүшелерінің басқа да аурулармен бірге болуы мүмкін.

Патогенезі: Ішек қызметінің бұзылыстары нейрогенді және гуморалды
әсерлерге (гастроинтестиналды гормондар: гастрин, хлоецистокинин, мотилин,
яғни ішектің қызметін үстемелейтін гормондарға) байланысты. Ішектің
қозғалысының өзгерістеріне: іш қату кезіндегі сфинктерлердің гипотониясы
мен пропульсивті жиырылулар, іш қату кезінде сфинктерлердің гипертониясы
мен сегментарлы жиырылулар жатады. Гиперсекреция мен спастикалық жиырылулар
мукозды коликонды шақырады, ал дисталды бөліктегі гиперсекреция диареямен
көрінеді.
Тітіркенген ішек синдромы жиі ішек дисбактериозымен бірге кездеседі.
Таралуы: Тітіркенген ішек синдромының таралу деңгейі қазіргі таңда 14-
22-ден 38-48%-ға дейін жетіп отыр. Соның ішінде әйелдер мен ерлер
арасындағы қатынас 2-4:1 тең. Әсіресе, жиі репродуктивті жастағы әйелдер
ауырады. Егер тітіркенген ішек синдромымен 40 жастан асқан адамдар ауыратын
болса, олар толық тексеруден өту керек. өйткені, бұндай науқастарда қандай
да болмасын органикалық патологиялы күдік болуы мүмкін (соның ішінде
онкологиялық патологияда бар). Тітіркенген ішектік синдромын "айсберг
ауруына" жатқызуға болады, өйткені барлық науқастардың тек 10% ғана
медицина мекемелеріне қаралады. Көбісі тіпті емделмейді, ал кейбіреулері –
өздігінше емделеді.
Кей науқастар жарнама арқылы естіген ішті босататын препараттарды
қабылдайды, бірақ олар ешқандай нәтиже бермейді.

Классификациясы: Негізінде клиникалық көріністеріне қарай отырып
тітіркенген ішектік синдромын 3 топқа бөлінеді:
Бірінші вариант (диареяның басым болуымен өтетін түрі).
1) Нәжістің күніне 2-4 рет сұйық болып бөлінуі, әсіресе таңертеңгі астан
кейін, шырышпен бірге бөлінуі.
2) Дәретке отыру сезімінің кенеттен басталуы.
3) Іш өтудің түнгі уақытта болмауы.

Екінші вариант (іш қатудың басым болуымен өтетін түрі).
1) Дефекацияның 2 немесе одан көп тәулік бойы болмауы.
2) Іш қатудың іш өтумен алмасуы.
3) Ішектің толық босамау сезімі (дефекацияны толық аяқтамағандай сезім,
лента тәрізді немесе "қойдың" нәжісі тәріздес дәрет).

Үшінші вариант (іш аймағындағы ауыру сезімімен және метеоризмнің басым
болуымен көрінетін алгидтік түрі).
1) Іш аймағының ұстама түріндегі ауру сезімі пайда болып, ол метеоризммен
бірге қосарлана өтеді.
2) Пальпация жасағанда тоқ ішек бойында ауру сезімінің болуы.
3) Ішектің бойындағы ауру сезімі нәжіс шығарар алдында күшейіп, ішекті
босатқаннан кейін басылады.

Диагностикасы: Тітіркенген ішек синдромы кезіндегі негізгі көрініске –
іш аймағындағы ауру сезімі жатады. Ауру сезімі – жеңіл дискомфорт
жағдайынан басталып, біркелкі сыздап тұрады да, соңынан шылауға
болмайтындай сыздаған ауру сезіміне жетеді. Тітіркенген ішектік
синдромындағы ауру сезімі тамақ қабылдағаннан кейінгі басылуы, іштің кебуі,
перистальтиканың күшеюі, іштің шұрқырауы, іштің өтуі және дәреттің сиреуі
тән.
Ауру сезімі нәжістен кейін және газ шығарғаннан кейін азаяды, түнгі
уақытта ауру сезімі болмайды.
Тітіркенген ішек синдромы кезіндегі ауру сезімі –дене салмағын
жоғалтумен, қызбамен, ЭТЖ-ң жоғарылауымен байланысты емес.
Тітәркенген ішек синдромының өту бағытын анықтайтын көмекші
симптомдарға: дефекация актісінің және тарнзиттің бұзылуы, таңертеңгі астан
кейін іштің өтуі, түнде ауру сезімінің болмауы жатады. Науқастардың
кейбіреулерінің нәжісінің құрамында шырыш кездеседі.

Клиникасы: Негізгі клиникалық белгілері: ауру сезімінің нәжістен және
газ шығарғаннан кейін азаюы, іштің қатуы не өтуі немесе екеуінің
кезектесуі, нәжістің тәуліктік мөлшерінің азаюы (200 г-нан кем). Жалпы
сипаттағы әсіресе неврогенді сипаттағы шағымдары көп кездеседі. Барлық
жағдайда тоқ ішектің органикалық зақымдалуы болмайды. Науқастың жалпы
жағдайы айтарлықтай өзгермейді. Нәжістің анализі де өзгермейді.
Ректороманоскопияда кілегей қабаты өзгеріссіз. Ирригоскопияда органикалық
өзгерістер көрсетпейді, тек қозғалыс қызметінің бұзылуын анықтауға болады,
яғни тітіркенген ішектік синдром органикалық өзгерістер болмаған жағдайда
ғана қойылады.

1. Ауру сезімі:
– Сипаты: толғақ тәрізді (ішек спазмы) немесе түйық, басып, кернеп ауру
сезімі, метеоризммен қатар кзедеседі (ішектің керілуі).
– Орналасуы: жиі ішектің бүйір немесе төменгі бөлігінде, оң жақ мықын
аймағында (соқыр ішек синдромы), сол жақ мықын аймағы (көкбауыр бұрышы
синдромы) және де сәйкес жағынан кеудесіне берілуі мүмкін.
– Пайда болу сипаты: көбінесе тамақтанудан соң, дефекацияның алдында
пайда болып, газ шыққан кейін және дефекациядан соң басылады.

2. Ішектік диспепсиялар:
– ішектің шұрылдауы, метеоризм, газдардың тез шығуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малабсорбцияның жіктелуі
Пациентті тексеру әдістері
Ішек инфекциясы
Іш қатудың анықтамасы
Мэллори-Вейс синдромы
Ас қорыту жүйесінің патологиясы туралы
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің жалпы сұрақтары
Малдың ішек аурулары
Ірі қараның ішек аурулары
Тербеліс ауруы
Пәндер