Ерлі-зайыптылардың теңдігі



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу, қамқоршылық пен қорғаншылық институттары
2. Ерлі.зайыптылар арасындағы және ата.ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастар
3. Некеге отыру және некені тоқтату
4. Халықаралық жеке құқықтағы отбасы құқығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1989жылғы бала құқықтарын қорғау Конвенциясына сәйкес «Бұл конвенцияға қол қоюшылар баланы асырап алу жүйесінің өмір сүрып жатқандығын мойындайды және ең бірінші ретте балаынң мүддесінің қамтамасыз етілуін көздейді» делінген.
Сонымен қатар ол:
1)бала асырап алынуды тек қана сол мемлекеттің баланы асырап алу туралы мәселені шешетін істі органдары шешуі тиіс.
2)баланы басқа мемлекетке асырап алуға біру бұл Конвенция бойынша балаға жағдай жасаудың балама түрі болып табылады және бұл тек қана бала сол мемлекеттің өзінде асыруға беріле алмайтын болған кезде ғана қолданылады;
3)баланы бір мемлекетте асырап алу баланы асырап алу туралы мемлекеттің өзіне қолданылатын ереженің қоланылуын анықтайды;
4)баланы асырап алғанда осы алаға байланысты пайда табу мақсаты ешқандай да тараптың бірінде болмауы тиіс.
«Неке және отбасы туралы» Заңның ережелеріне сәйкес шетелдіктердің Қазақстан Республикасында бала асырап алуы, сонымен қатар, шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстанның азаматы болып табылатын баланы асырап алынуы мүмкін. Мұндай бала асырап алу Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша анықталады. Аталған асырап алуды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының тиісті органының рұқсаты алуы керек.
Қазақстан Республикасының азаматыболып табылатын баланы асырап алу Қазақстан Республикасының консуалдық мекемелері арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда табылмаса, атқарушы органның келісімін сұрауы тиіс болып табылады. Жеке адамдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың бала асырап алу жағдайында делдалдық қызметтермен айналысуына жол берілмейді.
Бала асырап алу үшін бала асырап алушыға бірқатар талаптар қойылады. Бала асырап алушы баланы өз мемлекетінде асырап алуға құқылы екендігін куәландыратын құқықты көрсетуге міндетті.
Қорғаншылық пен қамқоршылықты орнату егер азамат өз әрекетеріне басшылық жасай алмайтын жағдайларда орнатылады және мұнда ҚР АК басшылыққа алынуы тиіс.
1. http://portal.mfa.kz
2. kk.wikipedia.org
3. minjust.kz
4. muftyat.kz

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу, қамқоршылық пен
қорғаншылық институттары

2. Ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы
құқықтық қатынастар

3. Некеге отыру және некені тоқтату

4. Халықаралық жеке құқықтағы отбасы құқығы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу, қамқоршылық пен қорғаншылық
институттары

1989жылғы бала құқықтарын қорғау Конвенциясына сәйкес Бұл конвенцияға
қол қоюшылар баланы асырап алу жүйесінің өмір сүрып жатқандығын мойындайды
және ең бірінші ретте балаынң мүддесінің қамтамасыз етілуін көздейді
делінген.
Сонымен қатар ол:
1)бала асырап алынуды тек қана сол мемлекеттің баланы асырап алу туралы
мәселені шешетін істі органдары шешуі тиіс.
2)баланы басқа мемлекетке асырап алуға біру бұл Конвенция бойынша
балаға жағдай жасаудың балама түрі болып табылады және бұл тек қана бала
сол мемлекеттің өзінде асыруға беріле алмайтын болған кезде ғана
қолданылады;
3)баланы бір мемлекетте асырап алу баланы асырап алу туралы мемлекеттің
өзіне қолданылатын ереженің қоланылуын анықтайды;
4)баланы асырап алғанда осы алаға байланысты пайда табу мақсаты
ешқандай да тараптың бірінде болмауы тиіс.
Неке және отбасы туралы Заңның ережелеріне сәйкес шетелдіктердің
Қазақстан Республикасында бала асырап алуы, сонымен қатар, шетелде жүрген
Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстанның азаматы болып табылатын
баланы асырап алынуы мүмкін. Мұндай бала асырап алу Қазақстан
Республикасының заңнамасы бойынша анықталады. Аталған асырап алуды жүзеге
асыру үшін Қазақстан Республикасының тиісті органының рұқсаты алуы керек.
Қазақстан Республикасының азаматыболып табылатын баланы асырап алу
Қазақстан Республикасының консуалдық мекемелері арқылы жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда табылмаса, атқарушы органның келісімін сұрауы тиіс болып
табылады. Жеке адамдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың бала асырап алу
жағдайында делдалдық қызметтермен айналысуына жол берілмейді.
Бала асырап алу үшін бала асырап алушыға бірқатар талаптар қойылады.
Бала асырап алушы баланы өз мемлекетінде асырап алуға құқылы екендігін
куәландыратын құқықты көрсетуге міндетті.
Қорғаншылық пен қамқоршылықты орнату егер азамат өз әрекетеріне
басшылық жасай алмайтын жағдайларда орнатылады және мұнда ҚР АК басшылыққа
алынуы тиіс. Ал 1980жылдың соңында шетел азаматтарының басқа елдерден бала
(қыз) асырап алуы әлемдік деңгейде, қалыпты тәжірибеге айналған болатын.
Халықаралық бала (қыз) асырап алу алғаш рет осы кезде орын алған болатын.
1965жылы қабылданған Гаага конвенциясының болуына қарамастан шетел
азаматтарының бала (қыз)асырап алу тәжірибесі өте кең қолданыста болып
келді. Алайда, бала (қыз)асырап алудың құқықтық және іс жүргізу жақтары
жеткілікті дәрежеде толық реттелмеген болатын. Сол себептен де, халықаралық
деңгейде жаңа Конвенция қабылдау қажеттілігі пайда болды. Оның басты
себептерінің бірі бала (қыз) асырап алудың халықаралық құқықтық ережелерін
әлемінің басқа мемлекеттерінің мойындауына ықпал жасау. 1988жылы Гаага
конвенциясының тұрақты бюросы бала (қыз)асырап алудың халықаралық құқытық
ережелерін реттйтін алғашқы Конвенция жобасын жасап шығауға міндетті болып
табылады. Бұл халықаралық Конвенция 1993жылдың 29мамырда қабылданды. Гаага
конвецниясының ережелері бойынша бала(қыз) асырап алу 18 жасқа дайінгі
азаматтарға ғана қолданылады. Жалпы қорыта айтқанда, неке және отбасы
қатынастарын халықаралық реттеудің маңызы ерекше зор.
Сонымен, халықаралық жеке құқықтың реттеу үшін бағытталған бір саласы
осы неке және отбасы қатынастары екендігін білдік. Неке және отбасы
қатынастарында біз байқағандай, көпетеген коллизиялық мәселелер туындайды.
Мысалы: некеге отыру жасына байланысты (некеге отыру үшін құқық
қабілеттілігі мәселесі), ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастар,ата-
аналардың баланы асыруға байланысты міндеттімелері, бала асырап алу
жөніндегі қатынастар, міне осылардың барлығы коллизиялық мәселелерді
туындатады.
Осы аталған коллизияларға байланысты бірқатар мәселелерді қарастырып,
оларды шешу жолдарын талдап, зерделедік. Некені тоқтату немесе некеге отыру
шындығында да белгілі бір құқықтық салдарға жетелейтіні анық. Құқықтық
салдар, әсіресе, тұлғалардың мүліктік жағдайларына қатысты бірқатар жаңа
міндеттер мен құқықтар қосылатыны анық.
Бұл тұрғыда біз Қазақстан Республикасының заңнамасы, әсіресе,
Конституция бекіткен қағидалары мен негізгі нормаларға тоқталдық. Олар:
ерлі-зайыптылардың теңдігі, бала құқықтарының кемсітілмеуі, баланың өз ата-
анасының асыруында болу құқығының басым болуы т.б. Бұл қағидалар сөзсіз
халық-аралық жеке құқықта басты орынға ие болып табылады.

Ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы құқықтық
қатынастар

ҚР-ның Неке және отбасы туралы Заңының 29бабына сәйкес ерлі-
зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет
түрін, мамандығын, тұрғылықты жерді таңдау құқытары, отбасы өмірінің
мәселелерін бірігіп шешу құқығы. Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және
неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша ерлі-зайыптылар тең
құқықтарды пайдаланады және отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін
олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-
зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру
кезінде артышылық пайдалануға тиіс емес.
Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ерлі-зайыптылардың
арасындағы мүліктік және жеке қатынастарына біздің мемлекетіміздің
заңнамасы қолдануға жатады. Конституцияда бекітілген ер адамдар мен әйел
адамдар арасындағы тендік ерлі-зайыптылардың арасындағы көптеген
қатынастарды реттейді: әйел адам некеге отырғаннан кейін өзінің некеге
дейінгі фамилиясын сақтап қалуға құқылы, ол өз азаматтығын сақтап қалады,
кәсіп пен қызмет аясын таңдауда еркін болып табылады, өзінің мүліктік
қатынастарын толықтай сақтап қалады және некеге тұрғаннан кейін табылған
мүлікке ортақ меншікте үлесін сақтайды және т.б. Біздің заңның талабы
бойынша ортақ шаруашылықты жүргізу ерлі-зайыптылардың өзара келісімі
негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы шетелдік күйеу
отбасылық шаруашылықты жүргізуге байланысты басшы орынды иелене алмайды.
Біздің құқыққа сәйкес, ерлі-зайыптылар  тұрғылықты жерін ауыстыру екінші
тұлғаға соның артынан ілесуді талап етпейді. Ерлі-зайыптылар бір-біріне
материалдық көмек көрсетіп тұруға міндетті. Егер ерлі-зайыптылардың бірі
еңбекке жарамсыз болып қалатын болса, онда біздің заңнама бойынша оның
екіншісі оған материалдық көмек көрсетуге міндетті болып табылады. Қолданып
жүген заңда және халықаралық жеке құқықтағы отбасы текті таңдаудың екі жолы
ұсынылған. Некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге,
ерлі-зайыптылар өз еркінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін. Тәжірибеде
ерлі-зайыптылар ортақ бір текті (әдетте ерінің тегін) таңдайды.
Кейбір елдердің,оның ішінде ТМД құрамына кіретін елдердің заңы ерлі-
зайыптылардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне
жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды. Қазақ КСР-ның Неке және отбасы
туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді. Ал, енді Неке және отбасы туралы
Заңның 30-бабы жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас
болған болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді.
Қызмет пен мамандықты еркін таңдау құқығы ерлі-зайыптылардың оқу
орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс
орнын табу жөніндегі мәселелерді жеке өдерінің шешулеріне болатындығын
көрсетеді. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлі-зайыптылардың екі жақты
келісімдері боыйнша отбасы мүддесін ойластыра отырып, жүзеге асыратын іс.
Тұрғылықты жерді таңдау еркі дегеніміз мынаны білдіреді: ерлі-
зайыптылардың жеке тұруларына болады немесе әр түрлі тұрғын үйлерді
иемденуге құқылы. Бірақ, еркек пен әйел басын біріктіру үшін некеге
тұрғындықтан, отбасын құруға және оны нығайтуға мұндай құқықтардың пайдасы
болмайды. Заңда көрсетілген тұрғылықты жерді таңдау еркіне ие болу
құқығының мәні ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да бір-бірін белгілі бір жерде
тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі жақтың өзара келісімімен
жүзеге асырылуы керек.
Заң ерлі-зайыптылардың бірге тұруына жағдайлар жасайды және бірінің
басқа бір тұрақты мекенге көшуі жағдайына екіншісінің де сонда баруына
мүмкіндік туғызады (қоныс аударушының жұбайна және отбасының басқа
мүшелеріне көтерме ақы жәрдемін төлеу, жас мамандарды бөлу кезінде
отбасының мүддесі есеріледі т.б.).
Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу құқығы отбасының бюджетін
бөлісуі, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізуі, туған-туысқандарымен
бірге немесе бөлек тұру шешілетінін білдіреді. Ерлі-зайыптылардың ешқайсысы
да өзінің еркін екіншісіне таңуға құқылы емес. Егер ерлі-зайыптылар кейбір
мәселеде келісімге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшін заңда
көрсетілген органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен, ерлі-зайыптылар
арасында балалар тәрбиесі мен тек таңдау келісім болмаса, бұл мәселені
қорғаншы және қамқоршы органдары шеше алады.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары оларға материалдық қолдау
көрсету міндеттерінен туындайды. Құқықтық қатынастардың бірінші түрі Заңның
Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтықтары мен міндеттері деп аталатын 7-
тарауындағы нормалармен, ал екіншісі-Заңның Ерлі-зайыптылардың және
бұрыңғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері деп аталатын
18тарауындағы нормаларымен реттеледі.
Ерлі-зайыптылардың меншік құқығының регламентациясы немесе басқаша
айтқанда олардың мүліктік режимі жаңа заңда елеулі кездейсоқтыққа ұшырады.
Бұрынғы заңдарда тек бір ғана режим қарастырылған еді. Жаңа заңда ерлі-
зайыптылардың заңды мүліктік режимі де, ерлі-зайптылар мүлкінің неке
шартымен бекітілген шарттық режимі де көзделінеді.
Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты жиі қолданып жүрсе де, көп
жағдайда ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі олардың бірлескен меншік
режимі қолданылады.
Бұған дейін да аталғандай, Неке және отбасы туралы Заңның 2-бабы,
халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін
заңнамалар ерлі-зайыптылар отбасындағы құқғының тең болу қағидалары
айқындайды. Осы ортақ қағиданың пайда болуына ерлі-зайыптылардың
некелескеннен кейінгі бірге тұрған ғұмырында жинаған мүлікке тең құқығы
ықпал етеді. Неке және отбасы туралы Заңның 32-бабына сәйкес ерлі-
зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлескен ортақ
меншігі болып табылады. Ерлі-зайптылар мұндай меншікке тең құқықпен билік
етеді және пайдаланады, екінші бір затты – тутынады, үшінші бір затты
олардың екеуі де пайдаланады. Бірақ сырт көзге олардың ортақ мүлкіне
жататын заттардың барлығы да ерлі-зайыптылардың екеуіне де бірдей болып
саналады.
Заңда ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы
тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнетақысы,
материалдық көмек, кәсіпкерлік қызметтен тапқан табыстары, т.б.). осы
табыстардың негізінде жиналған мүліктер (орталық мүлік, сондай-ақ ерлі-
зайыптылардың әрқайсысының мүлкі)т.б.жатады.
Жалпы тәртіп бойынша және халықаралық жеке құқытағы отбасы және некен
қатынастарын реттейтінзаңнамалар бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтық
жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемделенуіне, ол заттың
қандай мақстақа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес.
Ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының
жалпы сомасына қаншалықты үлес болуына олардың отбасы табысының жалпы
сомасына қаншалықты үлес қосқаны ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде
үй шарауашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе
басқа да тиесілі дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да
тиесілі екендігін арнайы ескертеді.
Бірге тұрған кезде жинаған ортақ мүліктен басқа, ерлі-зайыптыларлардың
әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері дара билік етеді.
Мұндай неке дара мүліктерге ері мен әйелдің некеге тұрғанға дейінгі немесе
ерлі-зайыптылардың некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша
алған заттары, ері мен әйелінің сый ретінде алған немесе мұрагерлік жолымен
иемденегн заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киім, аяқ киім т.б.)ерлі-
зайыптылардың некеге тұру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса да
қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқасының
бәрі жатады. Мысалы, әйелінің құндыз пальтосы, ерінің алтын сағаты т.б.
ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып саналады.
Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-
зайыптылардың ортақ мүлікті иелік ете алады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы
жалпы мүлікке байланысты өз бетінше келісім жасай алады. Бұл жерде жаңа
Заңның талап етуі бойынша басқа жұбайдың келісімін алуы қажет. Ортақ
мүлікке байланысты нотариалды рәсімдеуді талап ететін мәміле жасау үшін
(мәселен, тұрғын үйді сату кезінде) екінші жұбайдың жазбаша келісімі қажет.
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы некені тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ
некеде тұрған кезінде де жалпы ортақ мүлікті бөлісуді талап етуге құқылы.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліске салғанда, олардың үлестері тең
болуы тиіс. Жоғарыда көрсетлігендей, отбасының жалпы табысына ерлі-
зайыптылардың әрқайсысының қосқан үлесінің көлемі жалпы ереже бойынша
ескерілмейді. Сонымен бірге жекелеген жағдайларда сотқа кәмелеттік жасқа
толмаған балалардың мүдделерін немесе сотқа кәмелеттік жасқа толмаған
балалардың мүдделерін немесе ерлі-зайыптылардың үлестерінің теңдігі негізін
ескермеу құқығы берілген. (Неке және отбасы туралы Заңның 37-бабы),
Ерлі-зайыптылардың талап етуінен басқа ортақ мүлікті бөлу несие беруші
ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың
ортақ мүлкін бөлу туралы кредит берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да
жүргізілуі мүмкін.
Ортақ мүлікті бөлген кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай заттың
берілетінін сот айқындауы керек. Егер ерлі-зайыптылардың біріне беретін зат
құны жағынан оның үлесінен артып кетіп жатса, онда екіншісіне бұл үшін
тиісті өтемақы төлейді.
Ерлі-зайыптылардың хаң бойынша жеке құқықтары мен мүліктік құқықтары
болады. Осы жерде осы құқықтарының туындай негізі болып, олардың үйі болып
некеге тіркелген күні саналады. Ол неке міндетті түрде жергілікті Азаматтық
хал актілерін тіркеу органдарына жүргізіледі.
Ерлі-зайыптыларды тіркеу күнінен соң отбасындағы теңдігіне негізделген
неке қатынастыры басталады. ХАлықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке
қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша ерлі-зайыптылар тең құқықтарды
пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ал қазақтың әдет-ғұрып, салт
дәстүрінде де, мұсылмандық шариғат заңында да ер адамдарға басымдылық
берген. Адамдар қауымдасып жасайтын қоғамдар күшті әрі берік болуы үшін
әйел мен еркектің өзара қарым-қатынасын неке арқылы шариғи тәртіпке
келтірді, қажеттіліктерінің қамтамасыз етілуіне осы үлгіде рұқсат береді.
Қазақстанның заңнамасы бойынша да және халықаралық жеке құқықтағы отбасы
және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша да бірлескен өмір
кезінде жиналған мүлік ортақ меншік болып табылады. Әдетте, отбасындағы
мүлік ерлі-зайыптылардың екеуінің еңбегінің нәтижесінде жиналады. Кейде
зайыбы жұмыс істемеуі, үй шаруасында және бала тәрбиесімен айналысуы
мүмкін. Әрине, егер отбасында мүліктің кімдікі екендігі туралы дау туған
жағдайда, олар мүліктің тағдырын шешу жөніндегі өтінішпен сотқа жүгіне
алады. Сот мүліктің пайда болуына қатысты барлық мән-жайды ескере отырып,
мәселені әділетті шешуі тиіс. Сот ерлі-зайыптылардың тәртіп жағдайын (екеуі
де өмір салтын ұстана ма немесе пе т.б.), бір-біріне деген, балаларына
деген қатынастын ескереді. Ортақмүліктегі кейбір заттар (пәтер, машина
т.б.) ерлі-зайыптылардың бірінің атына жазылады. Тіпті осындай жағдайдың
өзінде ол ортақ мүлік болып табылады. Сондықтан ерлі-зайыптылардың бірі
екіншісінің келісімінсіз ол заттарды сатуға жоқ. Ерлі-зайыптылар ортақ
мүлік тағдырын өзара келісім шешуі тиіс.
Өз мүлкіне келтірілген зиян үшін ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзі жеке
жауап береді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қылмыс жасаудың нәтижесінде
басқаның мүлкін бүлдірсе, ол өзінің жеке мүлкімен жауап береді, ал егер ол
жетпесе, онда ортақ мүліктегі аз үлесінен төлейді. Егер жалпы ортақ мүлік
жасалған қылмыстың нәтижесінде пайда болса немесе көбейсе, онда екіншісіне
келтірелген зиянның орны жалпы мүлік есебінен толтырылады. Әрине бұл
мәселелердің бәрі негізінде сот арқылы шешіледі.
Айтылғандардан көргендей, ерлі-зайыптылар арасындағы қатынас жалпыға
мәлім моральдық нормаларға ғана емес, заң нормаларына да орай құрылады. Дау
туған жағдайда, мүліктің тағдырын сот шешеді, сот алдында олардың құқықтары
мен міндеттері, сондай-ақ жауаптылығы да бірдей болады.
Жалпы, бұл мәселе бойынша арнайы ережелер құқықтық көмек туралы арнайы
келісімдерде болуы мүмкін. Мысалы, Венгрия, Болгария және Польшамен
жасалған келісімдерге сәйкес егер ерлі-зайыптылар бір мемлекет азаматы бола
тұрып, басқа мемлекеттің аумағында тұрып жататын болса, онда ол
қатынастарда олардың тұрып жатқан мемлекетінің заңы қолданылады. Мұндай
шарттар, сонымен қатар, мұндай азаматтардың бөлек мемлекеттерде тұратын
кездегі қатынастарын да реттейді. Егер, Қазақстан Республикасы азаматы-
Ресейде тұрып, ал оның зайыбы-Польшада тұратын болса, онда олардың
арасындағы некелік қатынастар олардың азаматтығына сәйкес шешіледі.
Бірақ, сонымен қатар некедегілер бірдей азаматтықта да болмауы мүмкін.
Мысалы, Қызақстан Республикасындағы тұрып жатқан азамат Қазақстан
Республикасы азаматы болып, оның зайыбы Ресейдің азаматы бола отырып, Ресей
Федерациясында тұрып жататын болса, онда бұл жағдайды өзара келісім реттеп
отыр. Оған сәйкес, олардың қатынастары олар соңғы тұрған жердің заңымен
анықталуға жатады.
Балалар мен ата-аналардың арасындағы қатынастар.Баланың құқықтық
жағдайы оның азаматтығымен анықталуы керек. Балалардың құқықтарын қорғауға
байланысты Қазақстан Республикасы үшін 1989жылдың 20қарашасында қабылданған
Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияның күші тарайды.
Қазақстан Респуьликасының Азаматтық туралы Заңына сәйкес 14жасқа
дейінгі балалардың азаматтығы ата-аналарының азаматтығымен байланысты
болады. 14пен 18жас аралығындағы балалардың азаматтығы олардың келісімі
болған жағдайда ғана өзгертілуге жатады.
Балалардың азаматтығы олардың ата-ана құқығынан айырылған ата-
аналарының азаматтығы өзгертен жағдайда өзгертуге жатпайды. Ал балалардың
азаматтығын өзгерту үшін ата-ана құқығынан айырылған ата-ананың келісімі
қажет болып табылмайды.
Сонымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалпы мойындалған
принцип қызмет етуде, оған сәйкес 14жасқа дейінгі балалардың азаматтығы
автоматты түрде олардың ата-анасының азаматтығымен байланысты болып
табылады. Ал 14пен 16жас аралығындағы азаматтар өздерінің азаматтығын
өзгерту үшін келісім берулері болып табылады. Бұл құжат өз кезендегі
нотариалдық бекітілуге жатады.
Егер екі ата-ана да Қазақстан Республикасының азаматтығын алатын болса
егер оларда Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатылатын болса,
осыған сәйкес оның балаларының да азаматтығы өзгереді.
Егер екі ата-ана да немесе балаға қамқоршы ретінде танылған ҚАзақтан
Республикасында тұратын жалғыз ата-ана Қазақстан Республикасының
азаматтығынан шығатын болса, онда ата-анасының арызы бойынша Қазақстан
Республикасының азаматтығын сақтап қалуы мүмкін.
Кейбір жағдайларда ата-ананың екеуі да азаматтықтан шыға отырып, өз
баласына ынта білдірмеуі мүмкін, бұл жағдайларда баланың қамқоршысының
арызымен ол Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалуы мүмкін.
Бірақ, бұл өз кезегінде кейіннен баланың ата-аналарының артынан азаматтығын
өзгертуіне кедергі болып табылмайды.
Егер оның ата-анасының біреуінде Қазақстан Республикасының азаматтығы
тоқтатылатын болса, онда бала Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап
қалады. Ата-ананың өтініші бойынша оның баласының да Қазақстан Республикасы
азаматтығы тоқтатылып, өз азаматтығын алдыртуы мүмкін.
Мемлекет қалған жағдайдың барлығында өзінің азаматтығында қалатын
азаматтың құқықтарын қорғауға міндеттенеді.
Сонымен қатар, егер баланың ата-анасы белгсіз бола отырып, ол бала
Қазақстан республикасының аумағында болатын болса, ол Қазақстан
Республикасының азаматы болып табылады.
ҚАзақстан Республикасында әкелікті тану ата-ана мен баланың
азаматтығына қарамастан біздің елдің құқығы бойынша жүргізіледі.
ҚАзақстан Республикасындағы ата-ана мен балалардың арасындағы өзара
қарым-қаныстар бала Қазақстан Республикалсының азаматы болып табылады ма,
әлде жоқ па, оған қарамастан барлық жағдайда қазақстандық құқықпен
реттеледі. Ата-аналар балалардың тәрбиесіне қарауға міндетті, өз кезегінде
балалар ата-аналарының жағдайына қарап, оған көмек көрсетуге міндетті.
Ата-аналық құқықтардың барлығы балалардың пайдасына шешілуі тиіс болып
табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасы ата-аналарға өз балаларын оларды
заңсыз ұстап жүрген адамдардан сот тәртібінде талап етуге құқылы болып
табылады. Шетелдік ата-аналар де осы құқыққа ие.
Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын қамтамасыз етуге
міндетті, сонымен қатар, еңбекке қабілетсіз балаларды да асырауға міндетті
болып табылады. Егер отбасы ажырасатын болса, Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес оларға алимент төлеу қарастырылған. Егер тұлға Қазақстан
Республикасының аумағынан тыс шығып кететін болса, Қазақстан
Республикасының аумағында қалған өз баласына алимент міндкетті. Мұндай
алименттерді төлеу міндеті Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұратын
балаға да төленуі тиіс болып табылады. Алименттік міндеттемелерге
байланысты нормалардың қолданылуын анықтайтын коллизиялық деке құқық
теориясында бұған байланысты ресейлік заң қолданылады деп шешілетін
болатын.
Ата-ана мен баланың арасындағы қатынастардың реттелуіне баланысты
қолданылатын нормалар құқықтық көмек көрсету туралы түрлі шарттарда
көрсетіледі. Бұл шарттарға сәйкес ата-ана мен балалардың арасындағы қатынас
ата-ана мен бала қай елде тұрады, сол мемлекеттің заңымен реттелуге жатады.
Бірақ келісімге келуші мемлекеттің бірінде ата-ага тұрып, екіншісінде
баланың өзі тұратын болса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы құқығы мен мораль нормаларының мүліктік емес қатынастарды реттеудегі алатын орны
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы
Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері
ЕРЛІ ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Отбасы құқығы, ұғымы негіздері мен принциптері жайлы ақпарат
Отбасылық құқықтың жалпы мінездемесі
Неке және отбасы туралы жалпы түсінік. Отбасылық құқық
Отбасы және неке
Отбасы құқығы. Ұғымы, негіздері мен принциптері туралы ақпарат
Отбасылық қатынстар ұғымы
Пәндер