Қаракөл қойларының селекциялық ерекшелігі


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

1. Әдебиетке шолу . . .

1. 1 Қойдың шығу тегі мен биологиялық ерекшеліктері . . .

1. 2 Қаракөл қойларының елтірілерінің селекциялық белгілері . . .

1. 3. Қаракөл қойларының жүніне сипаттама және оның түрлері

1. 4. Жүннің физикалық техникалық қасиеттері

2. Зерттеу зерзаты мен әдістері

Жүн талшығының пигменттенуін жарық микроскоп арқылы зерттеу . . .

3. Зерттеу нәтижелері . . .

3. 1. Жүн қоюлығы, жалтырақтығы, жібектілігі және өндәрі қаракөл елтерісі . . .

3. 2. Жүн қоюлығы, жалтырақтығы мен жібектілігі . . .

3. 3. Қазақстан сұрлардың жүніндегі меланин құрылымының ерекшелігі

4. Қорытынды . . .

5. Әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Қой шаруашылығының жүн өнімі бұл саладағы барлық өткізілген өнімнен түсетін қаржының үштен бірін құрайды. Оның жүні қалың маталар. Одеялдар, трикотаж бұйымдарын, аяқ-киім жасау мақсатында, ал түсті жүн кілем тоқуға пайдаланылады.

Қаракөл қойының түсі алуан түрлі болады. Қараларының саны 70 пайызға, көк - 15, сұр - 10, басқа түстері - 5 пайызға жуықтайды. Түсі қара қойдың тіршілікке бейімділігі жоғары, қиын жағдайларға төзімдірек келетіндігін өмір тәжірибесінің өзі дәлелдеп отыр. Көк және сұр түсті қаракөл қойын күту мен азықтандыруға бірсыпыра жағдай керек.

Қаракөл қойы жүнінің түсіне қарай қара, көк, сұр, сур, қызғылт, қоңыр болып бөлінетіндігін ескерсек, бұл типтегі елтірінің түрлерін шығару жолдарын, әсіресе жакеттік ( жартылай шеңберлі бұйра), жазық (жазық бұйра), қабырға (қабырғалы) бұйра және қалам бұйралы типтегі қойларды олардың бұйралық өскелеңдігіне және жүні жақсы өскен топографиялық тұстарының маңыздылығына қарай жұптастыру, іріктеу мүмкін.

Қаракөл қойларының жүндестік белгісі туралы мәселенің жағдайын профессор М. А. Кошевой (1975) мейлінше түгел қамтып жазды. Іс жүзінде, автор жазғандай, тұқым асылдандыруға негізделген қаракөл қозыларын сұрыптап, белгілеу жөніндегі әр жылдары шыққан (1961, 1967) нұсқаулар мен ұсыныстарда бұл белгіге әр түрлі анықтама беріледі. Элита қозыларының бас жүні елтіріге әр береді, бұйрасының көлемі орташа бірінші класты қозының басындағы, аяғындағы, бауыры мен құйрығындағы өсіп кеткен ширатылмалы жүні дұрыс деп есептеледі. Бас пен аяқты басқан жүн оларға әр беріп, бұйрасы майда бірінші класты қозылардың басы мен аяғындағы жүндері жақсы, бұйрасы ірі бірінші класты қозылардікі қанағаттанарлық деп саналады. Жазық типтегі бірінші класты қозылар үшін жүндестік жеткіліксіз. Қабырға бұйралы бірінші класты қозылар үшін бас пен аяқ жүндерінің өсіктігі орташа деп саналады. Сөйте тұра бұл құжаттарда жүндестік белгісіне тиянақты анықтама берілмейді. Автордың пікірінше (М. А. Кошевой, 1975) жүндестіігі деп қозы туылғанда оның басындағы, құйрығындағы, құрсақ үстіндегі, бауырындағы және аяқтарындағы бағалы қаракөлдік бұйра немесе күмістей жылтылдаған және жалтырап тұрған әрлі өрнектері дегенсөз деп түсінуіміз керек.

Жұмыстың мақсаты: Негізгі мақсатымыз қаракөл қойларының селекциялық ерекшелігіне негізделе отырып, ішіндегі қозылардың обьективтік жолменен жүн талшығының ұзындығындағы бояу меланинінің орналасуы мен таралуының ерекшелігі. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді қойдық.

1. Қой түр - түсінің әртүрлі реңдерінің селекциялық ерекшеліктері туралы мәлімет беру.

2. Әртүрлі реңдегі жүн талшықтарының пигменттелу дәрежесінің обьективті түрде бағалау.

3. Қой жүніндегі меланин құрылымының ерекшелігін анықтау.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қаракөл қойларының түсі оның сан -алуан болатынынан теориялық тұрғыдан да, сол түстің елтір бағасына ықпал жасайтындығынан тәжірибелік тұрғыдан да үлкен мән берерліктей болып отыр. Зерттеу жұмысымызда пигменттенудің гистофизиологиялық ерекшеліктерінің түстерді қалайша бір - бірінен айыратындай болуына әсері зерттелінді.


1. Әдебиетке шолу

Қаракөл шаруашылығы-Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы мал шаруашылығының аса маңызды саласы. Бұл сала республикамызда Өзбекстаннан, Түркіменстаннан алынып келген қаракөл қойының таза тұқымдарын будандастыра өсіру негізінде дами бастады.

Қаракөл қойының саны мен қаракөл терісін өндіру жағынан Қазақсатан елімізде бірінші орын алады. Қаркөл қойын көбейтудің алғашқы жылдарында Өзбекстан мен Түркіменстаннан әкелінген малдар өзімен-өзі таза шағылыстыру арқылы және қошқарларын жергілікті құйрықты қазақы саулықтарды мейлінше көп қолдану тәсілімен жүзеге асты. Олардың түсі негізінен қара болып келетін, араларында бірен саран көк түсті кездескенімен олармен арнайы селекциялық жұмыс жүргізілген емес, себебі таза тұқымды қаракөлге тек қара түс жатады деп есептелінетін.

Қаракөл қойларының тұқымында кездесетін түстердің арасындағы сұр түстің құрамында болатын әртүрлі әсем реңдермен ерекшеленеді. Сондықтан да осы қаракөл қойларының өте әсем реңді елтірілерінен тігілетін өнімдер тұтынушылардың жоғарғы сұранысына ие болуда. /1/

Қаракөл қойын жылына екі рет - көктемде (сәуірдің аяғы мен мамырдың басы) және күзде (тамыздың аяғы мен қыркүйектің басы) қырқады, көктемгі жүні «жабағы» деп аталады. ОЛ тұтас күйінде қырқылып алынады. Сондай - ақ 4 - 5 айлық қозылары да қырқылады. Қаракөл өойының жүн өнімділігі көптеген факторларға байланысты, саулықтарында ол 2, 5 - 3, 5 қошқарларында 3 - 5 килограмм аралығында ауытқып отырады. Қоңдылығы жоғары қойлардың жүні де мол. Жақсы азықтандыру мен күтіп - бағудың жүн өнімділігін арттыру ғана емес, оның сапасын жақсартуда да шешуші маңызы бар. Қойдың жүндестігі дене бітіміне, жасына, бұйралығына, түсіне, елтірілік типіне, жүн талшығының нәзіктігіне ұзындығына байланысты. /2, 3/

Қаракөл қойының селекциялық жұмыстарында негізгі белгі ретінде елтірілік тип есептелінеді. Жаңа туған қозыны бағалау кезінде оны қандай да бір елтірілік типке жататынын анықтау үшін, оның денесіндегі жүн бұйраларының түрі мен сапасына басты назар аударылады.

Елтірі бұйрасының ұзындығы, мөлшері, елтірі түгінің сапасы, түктің ұзындығы және тығыздығы, қозы жүнінің өсуі, терінің қалыңдығы мен тығыздығы және басқа қасиеттерімен қабат, қаракөл қозылардың жүндестігі тұяқтарындағы, бауырдағы, құйрығы мен басқа да мүшелеріндегі жүндерінің өсімталдығына байланысты болатындығын автор ғылыми тұрғыда тұжырымдаған. Өйткені бұл селекциялық жұмыстың ең маңызды көрсеткіштері болып саналады. /4/

Қаракөл қойларындағы белгілердің ішіндегі ең маңыздыларының тізімі шамамен белгілі болса да олардың, түгелдей алғанда, экономикалық құндылығы әлі жеткілікті зерттеліп болған жоқ. Ішінара зерттеліп, тізімге түскендері елтірінің типі, жүнінің ұзындығы, өрнегі, түсі, жалтылдауы, күмістей құлпыруы тағы тағылар.

Дж. Нел (1975) елтірінің маңызды алты қасиетінің (күміс түстілігі, өрнегі, жүннің ұзындығы, бұйра тұрпаты, бұйраның ұзындығы және елтірінің салмағы) елтірінің бағасына тигізетін әсерін зерттеп, барлық елтірі типтері бойынша ұзақ уақыт бойы бұл көрсеткішке жалпы өрнек мейлінше зор әсер етеді деген пікірде болды. Х. Шефер (1975), Х. Маттер (1975), Х. Фон Хазе (1975) де осындай пікірге келді. Алайда П. Феддерзеннің (1975) мәліметтері бойынша бұйраның ұзындығы, жүннің сапасы, терінің қалыңдығы мен бояуының қоюлығы сияқты белгілер ұрпақтан ұрпаққа нашар беріледі.

Қаракөл қойында, жүн қабатының пигменттенуі үлкен маңызға ие. Өйткені тек қана осы қой тұқымында кездесетін сирек түстер мен реңдер мұндағы жүн талшықтарының пигменттену дәрежесі мен олардың сипатына байланысты болады. Алғаш рет қаракөл қойында пигменттену ерекшеліктерін зерттеген ғалым Х. И. Максудов болды.

Көптеген шаруашылықтарда селекциялық жұмыстардың негізгі бағыты ретінде жакет елтірілік типі таңдап алынады. Себебі; жакетті елтірілік типі қаракөл тұқымы ішінде ең басты елтірілік тип болып саналады.

Қазіргі дүние жүзіндегі қаракөл саласындағы тұқым ішіндегі үш сұр типі белгілі. Олардың ішінде бұрыннан белгілі бұхар сұры, сұрхандария сұры және қарақалпақ сұры.

Туған кезде қаракөл қозысының түсі түрлі-түрлі болып келеді: қара-мөлдір қарадан бозғылт қараға дейін, көк-ашық көк, күңгірт көк, қара көк. Сұр - күміс, алтын, қола, сирень, янтарь, платина, антрацит, гаухар, өрікгүл, болат тектес, кейде қоңыр қызғылт, қошқыл, сары, ақ және басқа түрлі-түсті болып та келеді. Сондықтан жоғары сұранысқа ие болады.

М. Д. Татитов қаракөл қозысы аяқтарының, бауырының жүндес болуына елтірінің пайдалы аумағының көлеміне әсер ететін факторына мән беріп, селекция жүргізу үшін де бұл белгіні ескеруді ұсынады. Автор элитаға тек өте жүндес (әсіресе бауыры мен құйрығы) қозылардың ғана жатуы тиіс деп санайды.

Автор қаракөл қозыларының жүндестігіне мынадай сипаттама береді:

күшті - басын маңдайынан көзіне дейін, тізеден төмен тобығына түскенше бұйра басқан, бауыры да қажатті деңгейде бұйра, майқұйрықты түгелдей бағалы бұйра жапқан;

орташа - бастағы бұйралар көк желкеге дейін созылған, аяқтағысы тізеге дейін, бауырындағысы арзымайтын бұйралардан тұратын;

Нашар - бауырындағы бұйралардың құны төмен, басындағы бұйрасы көк желкеге жетпейді, сирақтарында тобықтан жоғары бұйра жоқ.

Сондықтан да жүндестігі әр түрлі малдың қасиеттерін арнаулы эксперименттер жасау жолымен жан-жақты зерттеу толғағы жеткен зәру мәселе.

Қаракөл қойының елтірілері түсі жағынан әртүрлі болып, таза ақ пен шымқай қара аралығында көз тартатын көп реңімен белгілі. Солардың ішінде мейлінше сұлу, әрі бағалы саналатыны сұр түсті терілер. Сұр түсті жүн ұзындығы бойынша пигментациясының әр түрлі таралуы арқылы, яғни жүн астындағы негізгі қою қара немесе қоңыр бояулы болса, ұшы ағарыңқы сары немесе ақ бояулы. Осы бояулардың өтетін тұсы анық, әрі қанық болып келсе, сұр қаракөл сәнділігімен, бағалылығымен ерекшеленіп тұрады. /10, 11/

Сұр түсті елтірінің түстеріндегі бағалы қасиеттердің бірі болып олардағы реңдердің қанықтылығы саналады. Реңдердің қанықты болуының негізгі себептері жүн талшықтарының ағарған ұшының үлесі, Басқаша айтқанда қылшықтың түбі түпкі қара түстің жүннің ұшқы жағына қарай бірден немесе жаймен ағаруы, жүн талшықтары бөлігінің түстерінің әр түрлі етіп көрсететіні белгілі.

Қаракөл елтірісі талшығындағы қара бояу, оның қыртыс және өзек қабатында пигментті түйіршіктің болуынан қара түстің басым болуы талшықта меланиннің шоғырлануынан. Түсі мен реңі әр түрлі қозыларда меланин біркелкі емес, ал шығу тегі гетерогенді қара қозыларға қарағанда, гомогенді қозыларда ол көбірек. Қаркөлдің әсемдігі, ашықтығы мен тауарлық бағалылығы көп жағдайда жүн қоюлығы, жалтырақтығы мен жібектілігі арқылы анықталады. Осы белгілердің көрінуіне қарай бірнеше градияцияларға бөлінеді. Солардың ішінде ең қажеттісі болып саналатыны өте қалың, қатты жібектілігі бар күшті қалыпты жалтырап тұрған қаракөлдер. /6, 7, 8, 9/


  1. Қойдың шығу тегі мен биологиялық

ерекшеліктері

Қой басқа малдарына қарағанда қолға ерте үйретілген. Шығу тегі, ғалымдардың көп жылдардағы зерттеулерінің нәтижесінде, қазіргі уақытта әлі де кездесетін муфлон, арқар, аргали және жалы бар қойлардан басталады деген тұжырымға тоқтаған. Әсіресе, муфлонның жетекші орны болған болуы керек, себебі қазіргі қойлардың барлығының да хромосомаларының саны муфлонмен бірдей-54.

Муфлондар - қазіргі кезде жерорта теңізінің Сардиния мен корсика аралдарында, кафказ тайларында, иран мен Туркия жерлерінде мекендейді. Муфлондар тау муфлоны және дала муфлоны болып бөлінеді. Тау муфлондары жеңіл, жүрдек, таулардың қолайсыз жағдайына төзімді және берік бітімді болып келеді. Түр-түсі қызғылттау, қоңыр-қошқыл қылшық жүнді болады. Қошқарларының салмағы 60-70 кг тартады. Аскания- Новада (Украина) академик М. Ф. Иванов муфлон қошқарларымен биязы жүнді саулықтарды шағылыстырып, одан биязы жүнді қой тұқымын өсірген. Тау муфлонынан роман, шотланд, т. б. қысқа құйрықты қой тұқымдары тараған.

Дала муфлоны немесе арқар ұзын жіңішке құйрықты және ұзын-майлы қой тұқымдарының арғы тегі деп есептелінеді. Арал мен кспий теңіздері аралығындағы далалы аймақта, Қазақстан мене Орта Азияның таулы аймақтарында кездеседі. Дала муфлоны тау муфлонына қарағанда ірілеу, мүйізділеу болып келеді. Денесінде қысқа қылшық, бауырында түбіт жүндер өседі. Түр-түсі - қызғылт-қошқыл.

Аргали - құйрықты қойлардың арғы тегі, қазіргі жабайы қой түрлерінің ең ірісі. Тірідей салмағы 180-200 кг, ірілері -240кг-ға дейін барады. Орта Азия, Сібірдің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда, Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс тауларында, сарыарқа, ұлытау, Қаратау, Шу, Іле өзендерінің бойында кездеседі. Қойқарының мүйізі ірі, түбі жалпақ, дене түгі сұр-бурыл, қышқыл жүнді. Арқар көбіне егіз қоздайды.

Қойдың қолға үйреніп, үй малы болғанына 8-10 мың жылдай болған. Міне, осы ғасырларда жер жүзінде, адамның өсу тарихында, табиғат құбылысында бірнеше тарихи өзгерістер болған. Осы өткен уақыт ішінде жердің өзгешелігіне ауа мен табиғат ерекшеліктеріне байланысты қойды әр түрлі қажеттілікке пайдаланған. Тибетте қойды күш көлік, жүк таситын мал ретінде пайдаланса, Египетте қойды жер жыртуға жеккен. Міне, қой адам қолына үйренгеннен кейін бірнеше биологиялық өзгерістерге ұшыраған. Қой тұқымдары кейін бірте-бірте ет, сүт, жүн, тері өнімдерін беруге бағындырылып өсіріле бастаған.

Қазіргі қой тұқымдарының алғашқы жаюайы кезіндегі тегімен салыстырғанда көптеген биологиялық-морфологиялық айырмашылықтары бар. Ең алдымен, өзгергені - мінезі, яғни олардың адам ыңғайына қарай ауысып жуаси бастауы. Сөйтіп, адам қойды тобымен жүруге көндірді. Олардың бұлай жуасуы сезім ағзаларының, есту, көру қабілеттерінің әлсірей бастауынан деп дәлелдеуге болады. Әрине, бұл ерекшеліктері қой тұқымының әрқайсысында әр түрлі. Тұқымдас қойлардың ішінде кейбірі асау, қашаған болып келетін жабайы тегінен қалған мінез деуге болады. Қойдың жалпы ұрықтану, төлдеу мерзімдері өзгеріп, созыңлыңқы (5-6 айға дейін) болып, адамның қолайлы деген уақытына икемделгені, төлшілдігінің атруы да биологиялық өзгерістерінің көріністері.

Жабайы қойлар мен үй қойларының тағы бір биологиялық айырмашылығы-жүнінің түрі мен сапасында. Жабайы қойлардың жүнінің түрі қорғаныс қасиетіне қарай, жүрген табиғат ортасының түсіне жақын қызғылт, қоңыр, т. б. түрлерде болса, үй қойларының жүн түстері ақ, ақсары, қара, ақсұр болып келеді. Жүнінің морфологиялық құрамы да өзгерген. Жабайы қойлардың жүні ірі қылшықты, түбіті өте жіңішке және қысқа болса, үй қойларының жүндері түбітті, аралық талшықты, қылшығының өзі жіңішке. Жүннің өсуінде де біршама өзгерістер болған.

Жабайы қойлар мен үй қойларының мүйіздерінде өзгерістер көп. Үй қойларының мүйіздері жіңішке, қысқа, көбінесе қой тұқымдары тоқал. Жабайы қойлардың құйрықтары қысқа, кіші болса, үй қойларының құйрығы үлкен, ұзын болып келеді. Сол сияқты, үй қойларының ішек-қарны, жүрек, өкпе бауыры да өзгерген. Үй қойларының жүрегі босаң, еті майлы келсе, жабайы қойлардың жүрегі тығыз, үш бұрышты болып келеді. Жабайы қойдың қойқарлары мен саулықтарының салт көрінісіндегі айырмалары ерекше көзге түседі. Қошқарлары ірі, мүйізді, биік болады, ал үй қойларында қошқар мен саулықтары олай ерекшеленбейді.

Қойдың жалпы басқа малға қарағанда биологиялық ерекшеліктерінің бірі-бас сүйектерінің бейнесі. Қойдың басы сүйір, жақ сүйектері ұзын, тұмсығы үшкір, еріндері икемді, тез қимылдағыш, тістері өткірп, ұсақ болады. Бұл қасиет қойдың жайылым малы екенін анықтап, тапшылықты ұдайы көрінетін аңғартады. Қой басының мұндай түрге өзгеруі, зертеуші ғалымдардың пікіріне қарағанда, өзінің өсу эфолюциясында мыңдаған жылдар бойы табиғаттың шөпсіз, қиын, ауыр жағдайларына бейімделуінен болған. Қой басқа үй малдарына қарағанда табиғатта өсетін шөптердің (80-85%) басым көпшілігін жейді, мұның ішінде арамшөптер, ашшы шөптер, басқа мал жемейтін шөптер көптеп кездеседі. Қойдың жеген шөбін қорыту қабілеті де басқа малдардан жоғары. Өйткені, қойдың асқазаны көп камералы, ішегі ұзын, өз денесінен 30 есе ұзын болады. Ал сияырда 20 есе, басқа малда одан да аз. Сондықтан, қой жеген шөбінің 75%-ын түгелдей сіңіреді.

Қойдың ендігі бір биологиялық ерекшелігі-өсім-талдығы. Әр 100 саулыққа орта есеппен жылына 130-150 қозы өсіруге әбден болады. Мұндай қасиет төрт т\үліктің басқаларында (жылқы, түйе, сиыр) әлдеқайда төмен. Қойдың жыныс ағзалары мен жүйесі тез, 5 айда жетіледі. Бірақ бұл уақытта оларды шағылысқа әзірлеуге болады. саулықтарды жылына екі немесе екі жылда үш рет қоздатудың технологиялары жасалған. Жағдай бар, мамандары жақсы фермаларда бұл технологияларды қолданып, қойды табысты салаға айналдыруға әбден болады. Ол үшін мал азығының жақсы қоры, қора-жайлар, ең бастысы, жауапты да білгір мамандар қажет.

Қойдың биологиялық ерекшеліктерінің бірі - оның адамға қажет түрлі өнім беретіні. қой адам өміріне ең қажетті ет, сүт, жүн, тері, елтірі өндіреді. Басқа малдар бұл өнімдердің кейбір түрін ғана береді. Әрине, қойдан адам өміріне, халық шаруашылығына керекті өнімдердің әр түрлерін бірдей мөлшерде талап етудің өзі дұрыс болмас еді. Бұл орайда Ж. Кюфьенің коррекция заңын еске алу дұрыс болады. Ғалым: « . . . әрбір өзінше құралған нәрсе бір жеке тұйық жүйеден тұрады және оны құраушы заттар бір-бірімен тығыз байланысты болады да, барлығы бірігіп өзінше бір қажетте жарайды. Ал сол бір-бірімен тығыз байланысты заттың бір бөлігін өзгерту міндетті түрде, екінші бір бөліктің белгілі бір мөлшері өзгеруіне әкеліп соғады» деп көрсетеді. Бұл қоррекция заңының барлық жерде үлкен теориялық маңызы бар. Ал осыны тірі ағзаға аударсақ былай болып шығады: «әрбір тірі ағза - бір-бірімен тығыз байланысқан химиялық заттардан тұратын күрделі де тұтас дене, оның ең жоғары мақсаты өмір сүру, өсу болып есептеледі».

Жалпы биология ғылымының негізін қалаушы ірі ғалым Ч. Дарвин ағзаның өсіп-жетілуін, тұқым қуалау қасиеттерінің жеке белгілерінің биологиялық өзгеруін ағзалардың, дененің үйлесімділік заңы (коррекция) деп атаған. Оның өзін табиғи іріктелу деп дәлелдеген. Осындай ғылыми негізіге сүйене отырып, әрбір эфолюциялық өзгерісті, болмаса бір күрделі селекциялық жұмасытың нәтижесін, мысалы, жаңа тұқым шығарды көп жылғы еңбектің арқасында болған коррекциялық жүйенің орын ауыстыру нәтижесі деп ұғыну керек. «еш зат еш жақтан келмейді - бір-бірінің орнын ауыстырады».

Соынмен, коррекция заңының дәлелдеуімен ағзадағы барлық заттар бір қалыпты өсіп, бірдей мөлшерде дамымайтынының анықталғаны шындық. Ч. Дарвин өзінің ірі қараға жан-жақты жүргізілген зерттеулерінің нәтижесінде былай жазған:«Сиырдан . . . көп сүт сауып, оның үстіне, оның жылдам семіре қоюын талап ету өте қиынға түскен болар еді». Сол ясиқты, П. Н. Кулешов та Р. Беквелдің: «Әр қойдың жүнін 2 не 3 фунтқа көбейту үшін оның 10-12 фунт етін жоғалту керек» деген ойын мақұлдай келіп, былай деп жазған: «осы уақытқа дейін бір қойдан әрі жоғары сапалы ет, онымен қоса сондай сапада жүн алынған емес».

Міне, осы сияқты биологиялық көзқараспен қарағанда өте тұжырымды жүргізілген тәжірибелердің нәтижесі осы кездегі селекционерлердің жұмыс жүргізуіне үлкен жеңілдік және үлгі ретінде пайдалануға жол көрсетеді.

Қой шаруашылығында әрбір селекционер қойдың қай тұқымын өсіру керектігін анықтау үшін, ең алдымен сол жердің табиғи ерекшелікутерін, ауа райының құбылысын, азық қорын, географиялық айырмашылықтарын зерттеп, енді осы жерге қандай тұқымды қойдың биологиялық ерекшелігі сай келетінін, қандай тұқымды қой сапалы өнім беретінін анықтау керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаракөл қойының қара түсті қабырғагүлді тасты зауыттық сүлесі
Қаракөл терілері - қаракөл қойларының негізгі өнімі
Жеке топтап жұп таңдау
Қаракөл қойы туралы түсінік
Қаракөл қойының биологиялық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңы
Жұп таңдау қаракөл тұқымын әр текті жұптау ерекшеліктері
Сұр түсті қаракөл қойларының жүн жамылғысының депигментациялануы
«Асыл тұқымды көк түсті қаракөл қой шаруашылығында жұптау түріне байланысты селекциялық белгілерінің көрсеткіші»
Етті-майлы құйрықты қойлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz