Ислам даму банкі Қазақстан компанияларымен арада іскерлік қатынастарды орнатуға мүдделі


Ислам даму банкі Қазақстан компанияларымен арада іскерлік қатынастарды орнатуға мүдделі.
Бұл туралы жұма күні Ислам Даму банкі тобының құрамындағы Жекеменшік саланы дамыту жөніндегі Ислам корпорациясы маркетинг және инвестиция департаментінің директоры Марван Сейфидин Алматы қалалық кәсіпкерлік және өндіріс департаментінің басшысы Ербол Шормановпен және экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің басшысы Лариса Васильевамен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы әкімінің сайтына сілтеме жасап.
«Бүгінде Ислам Даму банкі Қазақстанда бір жобаны қаржыландырып отыр. Біздің банк қазақ нарығындағы қызметін одан әрі ұлғайтуды көздейді» деді ол. Осы орайда М. Сейфидин шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру желісін ашу үшін бірқатар коммерциялық банктермен арада келіссөз жүргізіп үлгерген. Олардың қатарында «Халық банкі», «ЦеснаБанк», Қазақстанның Даму банкі, «ТұранӘлем Банкі» және «ҚазкоммерцБанк» бар. Ислам Даму банкі өкілі оларға шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру желісін ашу хақындағы өз ұстанымдарын алға тартқан. «Олар да бұл қаржы желісіне назар аударды. Демек, осынау жоба, сәтін салса, іске асады деп үміт білдіреміз», деді ол.
Алматы әкімдігінің қызметкерлері Ислам даму банкі ұсыныстарының артықшылықтарына көңілі толатынын айтты. «Муниципалдық құрылымдардың кепіл болмайтындығы туралы ұсыныстарыңыз көкейге қонады. Сіздердің шарттарыңыз бойынша, қалалық бюджеттің кепілдігінсіз қаржы салуға болатыны оң екен. Ислам Даму банкі ұсыныстарының және бір артықшылығы -қаржыны нақты қажет ететін салаға инвестиция салуды жоспарлау сенім ұялатады», деді Л. Васильева.
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ислам Даму банкі Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болғаннан кейін өткен брифингте Ислам Даму банкінің президенті Ахмад Мохамед Әли әл-Мадани мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның белсенді ынтымақтастығына орай Ислам Даму банкінің атынан алғысын білдірген ол, Ислам Даму банкі бүгінге дейін Қазақстанда бірқатар маңызды жобаларға қатысқанын, бұдан әрі де қарым-қатынасты нығайта түсуге ниетті екенін айтып өтті. Елбасымен жүздесу барысында Қазақстанда исламдық қаржыландыру жүйесін бекіту мәселесі сөз болғанынына тоқталған ол: «Өзіміздің тарапымыздан исламдық қаржыландыру институттарын бекіту үшін Қазақстанға қажетті техникалық, процедуралық қолдау көрсетуді бақылауға алуға дайынбыз. Бұл шаралар әлемдік дағдарыс кезінде өте маңызды. Себебі ислам банктері мен исламдық қаржыландыру институттары дағдарыс кезінде өздерінің тұрақтылығын көрсете білді. Атап айтқанда, олардағы ұстанымдар басқа қаржыландыру институттарына қарағанда ерекше», деді.
Сондай-ақ Ислам Даму банкінің президенті Астанда өтетін Экономикалық форумға делегация құрамында бірқатар сарапшылар келгендігін атап өтті. Олар исламдық қаржыландыру механизмдері бойынша түсіндіру жұмыстарын атқаратын болады. «Ертең, басталатын форумды жоғары деңгейде ұйымдастырып отырғандығы үшін, сондай-ақ бұл форумның өсіп келе жатқан беделімен Қазақстан Президентін құттықтағым келеді. Себебі бұл шараға әлемдік деңгейдегі көптеген танымал сарапшылар келіп отыр», деді ол.
Өрімтал
өмірдің өз өрнегі
Ылдым-жылдым: Ислам банкі ашылатын болды
Сәуір 1, 2009 in Islam, Kazakh blogger, kazakh journalist, ислам діні
Tags: Ислам банкі, қазақ экономикасы
Осы айдың емтихандары басталғандықтан busy as a bee болып кеттім. Десе де күн құрғатпай блогымды тексеріп тұратын достарыма, алғысымды білдіре отырып, жағдайымның жақсы екенін жеткізуге асықпын. Өткен жексенбіде Нұрғиса ағамыздың блогында пікірлерімізді білдіріп кеткен едік. Танысып шығамын десеңіз мына жерде. Біз туралы ол жерде “слух” бар.
Бүгінгі күннің ең үлкен жаңалығы - Қазақстанда Ислам банкі ашылатын болды деген хабар. Жаңа ғана хабардар болдым. Әзірге аударып үлгермедім. Қысқаша айтар болсам, Біріккен Араб Әмірлігінде орналасқан банк Алматыдан бір бөлімшесін, яки банкін ашпақшы. 2009 жылдың екінші жартысында ашылатын банктің қоржынында 2009 USD27 млн. қаржы болмақ. Бұл банк қандай қызмет көрсететіні әзір белгісіз. Бір анығы, олар Астанадан да банк ашпақшы. Толығырақ мына жерде. [ENG]
Қазақстандағы алғашқы Ислам банкі Алматыда ашылады. Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Әркен Арыстанов бүгін Алматыда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуден кейін осылай мәлімдеді.
«Елбасымен кездесу кезінде Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының исламдық қаржыландыруды өрбітуде өз рөлін атқаруы қажет екені айтылды. Бізде барлық заңдық, нормативтік базалар бар. ТМД елдері аумағында жұмыс жасайтын бұл банктің штаб-пәтері Алматыда орналаспақ. Бұл аса маңызды қадам», - дейді Әркен Арыстанов. Оның айтуынша, исламдық қаржыландыру құралдарын шығаруды ретке келтіру жоспарланып отыр. Ал Біріккен Араб Әмірліктерінде ірі құрылыс кешендерінің бәрі исламдық қаржыландыру арқылы салынған. Ол елде қаржы институттары мен құрылыс компаниялары арасында исламдық банк кірісті ғана емес, тәуекелді де бөліседі.
inform. kz
Ылдым-жылдым: Ислам банкі ашылатын болды
Опубликовано Asqat в ср, 04/01/2009 - 08:37.
- Islam
- Kazakh blogger
- Kazakh journalist
- Ислам банкі
- ислам діні
- қазақ экономикасы
Осы айдың емтихандары басталғандықтан busy as a bee болып кеттім. Десе де күн құрғатпай блогымды тексеріп тұратын достарыма, алғысымды білдіре отырып, жағдайымның жақсы екенін жеткізуге асықпын. Өткен жексенбіде Нұрғиса ағамыздың блогында пікірлерімізді білдіріп кеткен едік. Танысып шығамын десеңіз мына жерде. Біз туралы ол жерде “слух” бар. Бүгінгі күннің ең үлкен жаңалығы - Қазақстанда Ислам банкі ашылатын болды деген хабар. Жаңа ғана хабардар болдым. Әзірге аударып үлгермедім. Қысқаша айтар болсам, Біріккен Араб Әмірлігінде орналасқан банк Алматыдан бір бөлімшесін, яки банкін ашпақшы. 2009 жылдың екінші жартысында ашылатын банктің қоржынында 2009 USD27 млн. қаржы болмақ. Бұл банк қандай қызмет көрсететіні әзір белгісіз. Бір анығы, олар Астанадан да банк ашпақшы. Толығырақ мына жерде. [ENG] Tagged: Ислам банкі, қазақ экономикасы
АҚШ-тан басталып, бүкіл Батыстың алдыңғы қатарлы жұртына жайылған қаржы дағдарысы біраз елдің экономикасын шатқаяқтатып жібергенін көріп отырмыз. Бұл дағдарыстың дауылына мызғымай тұрған қаржы жүйесі шариғатқа негізделген ислам елдері ғана. Сонда, берген несиесінің үстіне үстемелеп қосқан пайызымен табыс тауып келген дәстүрлі қаржы жүйесі неліктен тығырыққа тірелді? Өсімсіз қарыз беретін исламдық банктер қалай әлемді жайлаған қаржы дағдарысына былқ етпей отыр?
Осы сұрақтар былтырдан бері біздің қаржыгерлерімізді де мықтап ойланта бастаған болуы керек. Еліміздің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі, исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын әзірлеп, оны Мәжілістің Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында таныстырды.
Аталған агенттік төрайымының орынбасары Мұрат Байсыновтың айтуынша, исламдық банкингті енгізудің өзектілігі мынада: Біріншіден, ислам қаржы жүйесі ең жылдам өсуші сегмент болып табылады. Жылына 15 пайызға өсетін исламдық негіздегі активтердің жиынтығы 800 миллиард АҚШ долларын құрайды. Екіншіден, дәл осы исламдық қаржы жүйесін ұстанатын негізгі елдер тұратын Таяу Шығыста төлемпаздық (ликвид) аса жоғары деңгейде шоғырланған. Үшіншіден, еліміздің қаржы жүйесінде исламдық банктің пайда болуы өз кезегінде қаржы нарығына жаңа ойыншылар мен мүлде жаңа банктік өнімдерді шығаруға негіз қалайды. Төртіншіден, исламдық жүйе банк саласында тұрақтандырушы ықпалға ие болады. Өйткені мұнда салымшылар салымның қайтпай қалу тәуекелін бөліседі.
Осы орайда алдыңғы екеуі түсінікті болғандықтан, жаңа банктік өнімдерге тоқталсақ. Исламдық банктің негізгі өнімдері сауда-қаржыландыру (мурабаха), үлестік бірлескен қаржыландыру (мушарака), жал (иджара), ақшаны сенімді басқару (мудараба), исламдық банк қызметінің ауқымында агенттік қызмет көрсету (вакала), сыйақысыз банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру(кард әл-хасан) . Мұның бәрінде Исламның басты қағидасы қатаң сақталады, яғни үстеме пайызбен өсім ақысын алу жоқ. Исламдық банк не қайтару мерзімін кейінге шегеру арқылы тікелей тауарды алуға, не нақты бір жобаны бірлесіп қаржыландыруға атсалысады. Мұнда ислам банктың пайдасы сол жобаның қызметінен түскен пайданы бөлісуден тұрады. Сол секілді ақшаны сенімді басқару да клиент пен банктің арасындағы жауапкершілігімен ерекшеленеді. Бұл жерде исламдық банк салымдарының екі түрі бар, оның біріншісі - өсімсіз салымдар. Аты айтып тұрғандай, мұндай салымдарға өсім төленбейді. Екіншісі - инвестициялық салым (депозит) . Мұнда банк клиенттің ақшасын белгілі бір мерзімге сенімді басқаруға алады да, оны инвестициялық жобаларға немесе активтерге салады. Сол жобалардың табысына қарай клиентке тиесілі табысын беріп отырады. Бірақ банк клиент ақшасының номиналдық көлемінің қайтарылатындығына кепілдік бермейді. Егер инвестициялық жоба табыссыз болса, клиент шығынға ұшырайды, ал банк жобадан сыйақы алу құқығынан айырылады. Ал егер инвестициялық жоба банктің кінәсінен шығынға ұшыраса, онда исламдық банк сол үшін жауапты болады. Кейінгі кездері жиі айтылып жүрген қаржы нарығындағы тәуекелді тең бөлісудің ашық та, айқын жолы - осы. Сол секілді «сукук» - исламдық бағалы қағаздар да исламның басты қағидаларын бұзбай, инвестициялық табыс табуға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтқанымыздай, бұл - адалға негізделген ислам қаржы жүйесінің біздің халыққа әлі беймәлім бағыттары ғана. Арамнан жиған ас болмайтынын ескерсек, ғасырларды артқа тастаған және үнемі жетілдіріліп келеді деген қазіргі әлемдік қаржы жүйесінің неліктен сан рет дағдарысқа түскені де, ал алғаш рет 1960-1970 жылдары банктік жүйе ретінде негізі қаланған, түп бастауын Құраннан алатын исламдық банктердің бүгінге дейін бірде-бір рет дефолтқа ұшырамауы да түсінікті сияқты. Осыдан келіп, біздің қаржыгерлердің де исламдық банкті ұйымдастыру ісін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге неліктен асығып отырғанын байқауға болады. Өйткені бір нәрсе анық, ол - исламдық банк жүйесі өзінің тұрақтылығын төрткүл дүниеге паш етіп отыр. Сондықтан заң жобасына сараптама жасаған сарапшылар біз тездетпесек, біздің алдымызды орап кеткелі отырған көршілеріміз де бар екенін айтады. Қырғыз ағайындарда, мәселен, исламдық банк былтырдан бері жұмыс істей бастаған. Онда тек нарықтың ауқымы ғана шағын болып отыр, әйтпесе банктің жұмысы өте сәтті оралып келеді. Сол сияқты солтүстігіміздегі Ресей де Татарстанның астанасы Қазанды исламдық қаржы орталығы ретінде дамытуға талпынып жатқан көрінеді. Егер олар бізден бұрын Қазанды исламдық қаржы орталығына айналдырып үлгерсе, онда біз экономикамызға болашақта мықты тіреу бола алатын қаржы көздерінен айырылып қалуымыз кәдік.
Сонымен, аталған заң жобасы бірінші кезекте Азаматтық кодекске, Салық кодексіне (биыл қабылданғалы жатқан жаңа Салық кодексінің жобасына), «Қазақстандағы банктер мен банк қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздеп отыр. Заң жобасы Мәжіліске жаңа келіп түскенін ескерсек, оның төңірегінде әлі талай қызу пікірталас болатыны анық.
Исламдық қаржы жүйесінің пайдасына тағы бір ақпарат - сарапшылар АҚШ-тың федералдық резерв жүйесі күні кеше арнайы жұмыс тобын Сауд Арабиясы мен Малайзияның исламдық қаржы жүйесін зерделеуге жіберуге шешім қабылдағаны туралы хабарды да алға тартып отыр. Ендеше, бүкіл әлем Құран сілтеген бағыт-бағдардың хақтығын мойындай бастағанда, кейбір депутаттар секілді «біздің менталитетімізге қалай болады екен» деп күдіктенетіндей ештеңе жоқ секілді.
Ислам банкі қызметіне рұқсат етілді
Елімізде Ислам банктерінің қызметіне рұқсат етілді. Енді, кәсіпкерлер кепілге мүлік қоймай-ақ, ислам қаржы ұйымдарынан пайызсыз несие ала алады . . . Алматы аймақтық қаржы орталығында шариғат бойынша жұмыс істейтін ең алғашқы қор тіркелді. Оның ең басты ерекшелігі - кепілге мүлік талап етпейді.
Подводка: Елімізде ислам банктерінің қызметіне рұқсат етілді. Енді, кәсіпкерлер кепілге мүлік қоймай-ақ ислам қаржы ұйымдарынан пайызсыз несие ала алады . . .
ЗКТ: Ислам банктеріне Қазақстанда жұмыс істеуге қаржы дағдарысынан қысылған Үкімет аяқ асты рұқсат еткенімен, әзірге елімізде бұл қаржы институттарының өкілдіктері жоқ. Дегенмен, Алматы аймақтық қаржы орталығында шариғат бойынша жұмыс істейтін ең алғашқы қор тіркелді. Қазақстандық қаржыгерлер ашқан құрылымның ең басты ерекшелігі - кепілге мүлік талап етпейді.
((СНХ: Едіге Алпысбай "Кәусар" консалтинг қаржы ұйымының басқарушы серіктесі
Егер жоба сәтсіз болып қалса, онда тәуекелді ислам банкі бірге көтереді) )
ЗКТ: Пайызсыз несие бергенмен, ислам қаржы ұйымдары түскен пайданы берген қаражат үлесіне қарай бөлісіп отырады. Пайда бөлісу мерзімі кәсіпкер мен қаржы ұйымының арасындағы келісім-шартта көрсетіледі . . .
((СНХ: Заратқазы Нұрпейісов Алматы қаржы орталығының директоры
Әуелі, бизнес жобаның шариғатқа сәйкестігін ислам елдерінің діни ғалымдары тексереді. Оларға жоба интернет арқылы жіберіледі. Олар құптаса, кәсіпкер мен қаржы ұйымы арасында меморандум жасалады. Одан кейін жоба қаржы нарығын бақылау агенттігіне көрсетіледі. Рұқсат берілсе, екі жақ ақшаларын ортақ жобаға құяды) )
ЗКТ: Түрлі ойын-сауық жобалары, халал емес тамақтар немесе арақ-шарап өндірісі т. б. адамның рухани дамуына зиянды жобаларға ислам қаржы институттары қаражат салмайды. Ал, белгілі бір жобаға қатысқан кезде Ислам қаржы институттары сукук, яғни, қолхат секілді құжат толтырады. Онда құйылған ақшаның көлемі көрсетіліп, пайданы бөліскен кезде соған сәйкес банк үлесін алады. Сукукты кез-келген уақытта нарықтағы шынайы бағасына сатуға болады екен. .
Рахат Мамырбек. Ялкунжан Әшімжан. Алматы телеарнасы.
Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Алматыдағы резиденциясында қаржы министрін, ҚР Ұлттық банкінің, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу агенттігінің және ҚР Алматы қаржы орталығының қызметтерін реттеу агенттігінің басшыларымен кездесу өткізді. Елбасы өткен кеңестен кейін реттеуші орган басшылары брифингте журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz