Алкиндердің тіршілікте маңызы


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе. Алкиндерге жалпы сипаттама

Негізгі бөлім

  1. Алкиндердің құрылысы
  2. Алкиндердің атаулары мен изомерлері
  3. Алкиндердің алынуы мен қасиеті

Қорытынды. Алкиндердің тіршілікте маңызы

Пайдаланылған әдебиеттер

Алкиндер

Қанықпаған көмірсутектердің тағы бір түрімен танысайық. Олар құрамында үш еселі байланысы бар көмірсутектер - алкиндер.

Алкиндер - құрамында, бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы С n Н 2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер.

Жалпы формуласы арқылы алкиндердің сәйкес алкендерден де қанықпағандығы басым екенін байқауға болады. Бұған көзжеткізу үшін көміртек сандары бірдей көмірсутектердегі сутектерді салыстырайық:

С 2 Н 6 этан, С 2 Н 4 этен, С 2 Н 2 этин.

Алкиндердің жалпы формуласы алкадиен көмірсутектерімен бірдей: С n Н 2n-2 . Бірақ молекула құрамындағы байланыстары өзгеше. Анықтамаларына қарап, алкадиендер мен алкиндерді салыстырып, қандай айырмашылықтары бар екендігін өздерің табыңдар.

Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек - этин (ацетилен) С 2 Н 2 . Бірінші мүшесі ацетиленнен С 2 Н 2 басталатындықтан, алкиндер ацетилен көмірсутектері деп те аталады. Алкиндердің жалпы формуласы С n Н 2n-2 бойынша ацетиленнен кейінгі көмірсутектердің молекулалық формулаларын өздерің жазуларыңа болады.

Алкиндердің құрылысы: Ацетилен молекуласындағы әр көміртек атомы бір сутек атомымен байланысады және өзара үш еселі байланыс арқылы жалғасады.

Алкиндерде үш байланыс жанындағы көміртек атомы sp- гибридтенген күйде болады. Көміртектің екі гибридтенген орбитальдарының біреуі сутек атомының s-орбиталімен, келесісі екінші көміртек атомының sp-гибридтенген орбиталімен σ-байланыстар түзуге жұмсалады да, ацетилен молекуласындағы атомдардың бәрі 180°бұрыш жасап, бір түзудің бойында орналасады. Гибридтенуге қатыспаған екі р-орбитальдары өзара перпендикуляр жазықтықтарда орналасып, екінші көміртек атомының осындай орбитальдарымен арасында екі π-байланые түзіледі. Яғни, ацетилен молекуласындағы екі кеміртек атомының арасындағы үш байланыстың біреуі σ-, екеуі π-байланыстан тұрады. Үш байланыстың (С = С) ұзындығы 0, 120 нм (қос байланыстан да қысқарақ екеніне көңіл аударыңдар), байланыс энергиясы 830 кДж/моль.

Алкиндердің атаулары мен изомерлері. Алкиндердің аталуы алкендердің аталуына ұксас. Халықаралық номенклатура бойынша алкиндерді атағанда, алкандардың -ан жұрнағын -ин жұрнағына алмастырады. Үш байланыс негізгі тізбекке кіруі керек. Көміртектерді еселі байланыс жакын орналасқан шеттен бастап нөмірлейді. Молекулада қос және үш байланыстар болса, немірлегенде қос байланыс шешуші рөл атқарады.

Алкиндерге де алкендер тәрізді көміртек қаңқасына, еселі байланыс орнына сәйкес изомерлер тән. Сонымен қатар алкиндердің де көмірсутектердің басқа кластарынан изомері болады. Алкиндер мен жалпы формулалары бірдей (С n Н 2n-2 ) алкадиендер арасында класаралық изомерлер бар.

Алкиндердің алынуы

1. Өнеркәсіпте ацетиленді көп кездесетін химиялық шикізат - табиғи газдан алады. Метанды пиролиздесе (жоғарытемпературада қыздырса), ол көміртек пен сутекке айырылатынын білесіңдер. Реакцияны жүргізу жағдайына байланысты метанды айырғанда, ацетилен аралық өнім ретінде түзіледі:

2СН 4 → С 2 Н 2 + ЗН 2

Егер түзілген ацетиленді реакция жүретін ортадан тез алып кетіп салқындатпаса, ол әрі қарай көміртек пен сутекке айырылып кетеді.

2. Алкиндерді сәйкес алкандарды дегидрлеп алуға болады. Мысалы, этанды 1200°С-қа дейін қыздырғанда, ацетилен мен сутекке айырылады:

С 2 Н 6 → С 2 Н 2 + 2Н 2

3. Лабораторияда және күнделікті тұрмыста ацетиленді кальций карбидін сумен әрекеттестіріп алады. Ал кальций карбидін электрпеште сөндірілмеген әк пен коксті жоғары температурада (2000°С) әрекеттестіру арқылы алады:

СаО + ЗС → СаС 2 + CO

СаС 2 + 2Н 2 О → Са(ОН) 2 + С 2 Н 2

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р.

2. Жұмаділова, С. Әлімжанова. - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. - 352 бет, суретті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алкиндер ( Органикалық химия пәні бойынша)
Алкиндердің атаулары мен изомерлері
Органикалық химия курсынан демонстрациялық тәжірибелерді пайдалану
Көміртек атомының электрондық құрылысы
Органикалық қосылыстардың классификациясы
Модульдік оқыту технологиясын Көмірсутектер тақырыбын оқытуда қолдану
Алкандар
Алкандар жайында
Мұнай өнімдері құрамындағы қанықпаған көмірсутектерді анықтау
Органикалық химияның теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz