Адам өмір тіршілігінің қауіпсіздігінің негіздері пәнінен дәрістер жинағы



Лекция №1. Адам өмір тіршілігінің қауіпсіздігінің негіздері
Лекция №2. Тақырыбы: Төтенше жағдайдағы адам өмір тіршілігінің қауіпсіздігі.
Лекция №3 Тақырыбы: Қаладағы төтенше жағдайлар және оның түрлері.
Лекция №4 Тақырыбы: Қылмыстық төтенше жағдай.
Лекция №5 Тақырыбы: Адам өмір тіршілігінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардағы қауіпсіздігі.
Лекция №6 Тақырыбы: Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.
Лекция №7 Тақырыбы: Адам өмір тіршілігінің соғыс жағдайындағы қауіпсіздігінің негіздері.
Лекция №8 Тақырыбы: Адамдарды жаппай қыру қаруларынан қорғау және оның салдарын
Лекция №9 Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесі
Лекция №10 Тақырыбы: Төтенше жағдайда болатын жарақаттанулар, аурулар мен уланулар.
Лекция № 11 Тақырыбы: Жарақат алғандарға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек
Лекция№ 12 Тақырыбы: Жара туралы ұғым, жараларды жіктеу және олардың асқынуы.
Лекция № 13 Тақырыбы: Асептика және антисептика.
Лекция №14 Тақырыбы: Салауатты өмір салты
Лекция №15 Тақырыбы: Адам денсаулығын нығайтудың жолдары.
1."Өмір-тіршілік қауіпсіздігі" - адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Ол нақты машиналардың, құрал-жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, онымен арнайы мамандықтар айналысады (атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жаралыс, өрт қауіпсіздігі және т.с.с). "Өмір-тіршілік қауіпсіздігі" курсының мақсаты - қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау -осылар барлық арнайы мамандықтардың қауіпсіздігінің ғылыми-әдістемелік іргесі болып саналады. Осы курсты оқып өткен адамның өз ортасындағы қауіпті және өзі мен өзгеге зиянын тигізетін құбылыстарды тануға, соған қарсы білікті әрекет жасауына мүмкіншілігі болады.

2.Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік орта жасап үлгерді. Бұл ортаға тірі организмдер, оның ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.
Міне, сондықтан адам-ның кез-келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру ортаны кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет.

3.Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады:
- адамның өзі;
-өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, пайдаланылатын қуат, еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға;
- адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас процестері.
Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар.
Осы сияқты құбылыстарды жіктеумен және жүйелеумен айналысатын ғылымды таксономия деп атайды. Қазіргі уақытта толыққанды және жетілген таксономия жоқ болғанымен, төменгі суретте келтірілген нысан көп қажетке жарары анық
1.Арпабекова А. «Өмір тіршілік қауіпсіздігі». Алматы, 2004.
2.Исанов К.Ш. Обеспечение безонасности жизнедеятельности человека. Алматы, Жеті жарғы, 1999.
3.Действие населения в чрезвычайных ситуациях. Под.ред. Андреева А. Москва, 1992.
4.Обеспечение безопасности жизнедеятельности. Под.ред. Сюнькова В.Я. Москва, 1995.
5.Репин Ю.В. Основы безопасности человека в экстремальных ситуациях. Алматы, Демеу, 1994.
Қосымша:

6.Султанбаев Е.С. Исанова К.Ш. Действие органов внутренных дел при чрезвычайных обстоятельствах: Учебное пособие. Алматы, 1995.
7.Конституция РК.
8. Исанов К.Ш. Первая медицинская помощь при травмах и внезапных заболеваниях. Учебное пособие. Алматы, 1994.
9.Ильчаев А.А. Популярная энциклопедия выживания. Челябинск, 1996.
10.Мариновский П.И. Животные предсказывают землетрясения. Алматы. Қайнар, 1992.
11.Детям и взрослым о землетрясениях. ГКЧСРК. Алматы, 1997.
12.Закон РК «О безопасности дорожного движения» от 15 июля 1996. Казахстанская правда7. 1996. 30 июля.

рыбы: Адам өмір тіршілігінің қауіпсіздігінің негіздері.

Жоспары:
1.Өмір – тіршілік қауіпсіздігі
2.Қауіпсіздік дегеніміз
3.Қауіптіліктің белгілері бойынша жіктелуі
4.Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесі.

Лекция мақсаты: Студенттерге адам өмір тіршілігінің қауіпсіздігінің
негіздері жайлы мәлімет беру

Лекция мәтіні :

1."Өмір-тіршілік қауіпсіздігі" - адам өміріне төнетін жалпы қауіп-
қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін
ғылыми білімнің саласы. Ол нақты машиналардың, құрал-жабдықтардың,
механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін
шешпейді, онымен арнайы мамандықтар айналысады (атом қауіпсіздігі, электр
қауіпсіздігі, жаралыс, өрт қауіпсіздігі және т.с.с). "Өмір-тіршілік
қауіпсіздігі" курсының мақсаты - қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті
көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
бағыттау -осылар барлық арнайы мамандықтардың қауіпсіздігінің ғылыми-
әдістемелік іргесі болып саналады. Осы курсты оқып өткен адамның өз
ортасындағы қауіпті және өзі мен өзгеге зиянын тигізетін құбылыстарды
тануға, соған қарсы білікті әрекет жасауына мүмкіншілігі болады.

2.Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің
қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа
тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын
жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына
жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана
отырып, өте тез арада антропогендік орта жасап үлгерді. Бұл ортаға тірі
организмдер, оның ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.
Міне, сондықтан адам-ның кез-келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен
бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат
алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-
әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру ортаны кешенді қорғау шаралары деп
түсінуіміз қажет.

3.Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады:
- адамның өзі;
-өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен
құралдары, пайдаланылатын қуат, еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар
және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға;
- адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас процестері.
Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан,
олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан
оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара
қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар.
Осы сияқты құбылыстарды жіктеумен және жүйелеумен айналысатын ғылымды
таксономия деп атайды. Қазіргі уақытта толыққанды және жетілген таксономия
жоқ болғанымен, төменгі суретте келтірілген нысан көп қажетке жарары анық.

4.Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады.
Қала мен селолық жерлердің халқы радиациаға қарсы баспаналарда, туннелерде,
кен орындарында, жер асты өткелерінде, жер асты гараждарында және басқа да
паналау ғимараттарында жасы-
рынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну
ғимараттарына бөлу жургізіледі.
Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация)
шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше
жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолданылуы
мүмкін аудандардан халықты көшіру; . соғыс уақытында санатталған қалаларда
жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкелерін қауіпсіз
аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.
Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар женіндегі
орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы
басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен
табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы ықтимал аймақтар үшін көшіру
шараларын жүргізу тәртібі анықталынады. Сонымен қатар соғыс уақытына
шекаралас аудандар мен санатталған қала-лардан халықты көшіру тәртібі
белгіленеді.
Халық аймақтық және көлемді төтенше жағдайлар аймағынан қауіпсіз
орынға теміржол, автомобиль, авиациалық және су көліктері арқылы, төтенше
жағдайлар аймағынан көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру
тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына шығарылады; соғыс уақытында қарулы
күштерін тасымалдауға жатпайтын авиациалық, темір жол, автомобиль және
көліктердің басқа да түрлерімен тасымалданады, көлік құралдары жетіспеген
жағдайда көшіру бекеттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен
ұйымдасқан түрде көшіріледі.
Соғыс уақытында кенеттен болған қатерлі жағдайларда және төтенше
жағдайларда кешірілу жедел жүргізілуі тиіс.
Тұрғындарды толық немесе бөлігін қатерлі аймақтардан алдын ала көшіру
бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүргізілуі мүмкін.
Уақытша көшіру шаралары:
• ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы
мүшелерін - өндірістік принцип бойынша;
• халықты кешіру - аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады.
• көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндігінше жеке меншік көлік
иелерінің көлегін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.
• Халықты оқыту барысында, Азаматтық қорғаныс жөнінен жаттығулар
жүргізуде және күнделікті іс-қимылда мынаны талап ету қажет:
• көшіруге жататын әр адам өзінің жасайтын іс-әркеті тәртібін білуі
керек (жиналу орны, келіп жету мерзімі, көшіру әдесі, көшірілетін орны,
жеке заттары мен азық-түліктерінің саны мен тізімі т.т.)
Санатталған қалаларда соғыс уақытында жүмыс істеп жатқан, ұйымдардың
жұмысшылары мен қызметкерлерін жайғастырып орналастыру жұмысшылар мен
қызметкерлерді және олардың отбасын қауіпсіз аймаққа ұйымдасып тасу арқылы
жүзеге асырылады.
Көшіру шараларын жүргізуге басшылық жасау үшін жергілікті атқарушы
органдарында, ұйымдарда көшіру (көшіру-қабылдау) комиссиялары құрылады.
Көшірілгендерді тізімге алу, оларды қауіпсіз аймаққа ұйымдасқан түрде тасу
үшін жинақталған көшіру бекеттері (көшіру-қабылдау) құрылады.

Бақылау сұрақтары:
1.Өмір – тіршілік қауіпсіздігі
2.Қауіпсіздік дегеніміз
3.Қауіптіліктің белгілері бойынша жіктелуі
4.Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесі.

Лекция №2

Тақырыбы: Төтенше жағдайдағы адам өмір тіршілігінің қауіпсіздігі.

Жоспары:
1.Табиғат аясында болатын төтенше жағдайлар және оның түрлері.
2.Байланыс орнатуға және белгі беруге әрекет ету.
3.Баспана тұрғызу.

Лекция мақсаты: Студенттерге төтенше жағдайдағы адам өмір тіршілігінің
қауіпсіздігі жайлы мәлімет беру

Лекция мәтіні :

1.Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының
зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол
үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап
ететін жағдай.
Қазақстан мемлектінің орналасқан жері - орасан зор, кең байтақ. Ол
жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел,
су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт
бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ
адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі,
қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету
ерекшелігі бар.
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы
мол төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер
сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% -
тропикалық циклондары, 15% -жер сілкінісіні, ал қалған 25% - зілзаланың
басқа түрлері.

2.Экстремальдық жағдайға душар болған адам бірінші ретте сырт ортамен
байланыс жасауға шара қолдануы керек. Оның құралдары: белгі зымырандары,
от, факел жағу, қолдағы бар басқа да құрал-жабдықтарды пайдалану, айқайлау,
ысқыру және т.с.с.
Өндіріс орындарында төтенше жағдайға арналған арнайы белгі беру
құралдары болады.
Бұндай белгі беру құралдары шахталарда, кемелерде, су асты
кемелерінде, ұшқыштарда және т.с.с. болады. Сол сияқты, төтенше жағдайда
дабыл беретін 01, 02, 03, 04 деген телефон нөмірлері бар.
Мысал ретінде жол жүріп келе жатқандағы ұшыраған экстремальдық
жағдайдағы дабылдар ыңғайы келген әдіспен беріледі:
- айқаймен (ысқырықпен);
- жарықпен (фонарь);
- қараңғы жерде ашық түсті (немесе керісінше) затты бұлғаумен;
- ашық күнде ақ түтін жіберу (отқа жасыл бұталарды, мүктерді
тастаумен ақ түтінге қол жеткізуге болады);
- бұлтты, бұлыңғыр күні - қара түтін жіберу;
Тік ұшақтағы құтқарушыларға халықаралық кодты пайдалана отырып, дабыл
белгілерін берген жөн. Мысалы, жоғарыдан анық көрінетін жерге қолда бар
заттармен - матаның кесіндісімен, киіммен, бұтақтармен, қарды таптап із
салу арқылы, отың күлін пайдаланып -белгі беруге болады.
Дабыл берудің басқа да әдістері бар. Соның бірі айнаны пайдалану.
Айнадан түсетін күннің жарығы электроника мен пиротехниканың нәтижесінен
кем емес. Айнаның сәулесін биіктіктегі ұшақтан 1,5 км-ден 24 км-ге дейін
қашықтықтан көруге болады.
Ендігі бір әдіс - ол радиобайланыс.
Радиобайланыс арқылы өзің туралы, апаттың түрі және дәрежесі жөнінде
толық мәлімет бере аласың. Байланыстың осы түрін пайдаланғанда "КОСПАС-
САРСАТ" халықаралық байланыс жүйесін спутниктер арқылы пайдалануға болады.
Апатқа ұшырау дабылын спутниктер жер шарының кез-келген нүктесінен
қабылдап, жақын арадағы құтқару станцияларына қас-қағым сәтте жеткізіп бере
алады.

3.Апат болғандығы жөніндегі дабылды берген соң немесе оған дайындық
жасап болған соң, паналайтын баспана тұрғызуды ойластыру қажет. Бірінші
ретте, оны тұрғызуға қолда бар заттарды (парашют, мата кесіндісі, қаптайтын
заттар) пайдаланады. Болмаса табиғи заттардан тұрғызады. Экстремальды
жағдайға тап болған кездегі баспана тұрғызудың қажеттігі жаңбырдан, күшті
желден, суықтан, қайнаған ыстықтан қорғанумен айқындалады.
Баспана тұрғызуға пайдаланатын әмбебап заттардың бірі - тент. Жерге
белгілі бір бұрышпен орнатылған тент жаңбырдан ғана қорғап қоймайды,
сонымен бірге оттың жылуын да сақтауға көмектеседі.
Суық уақытта жатын орынды от жанып, қызуы қалған жерге салған жөн.
Астына майда бұтақтармен құрғақ жапырақтар төсеген абзал. Егерде жерде
түнеу қауіпті болса, жатын орынды ағаш басында орнатуға болады. Бүйрекке
суық тигізбес үшін сыз жерде, қар үстінде жатуға мәжбүр болғанда, белді
жылы киіммен орап тастаған жөн.
Қажет болғанда қауіпсіз баспана тұрғызған дұрыс. Ол үшін ыңғайлы орын
табу керек. Біріншіден, орын құрғақ, жан-жағы ашық болуы керек, су көзіне
де жақын болғаны тәуір. Егер уақытша баспананы табиғи орыннан тапса
(ағаштың қуысы, үңгір т.с.с), уақыт жағынан да, әл-күшті сақтауға да үлкен
көмегі тиер еді. Үлкен ағаштағы қуыста баспана бола алады.

Бақылау сұрақтары:
1.Табиғат аясында болатын экстремальдық жағдайлар және оның түрлері.
2.Байланыс орнатуға және белгі беруче әрекет ету.
3.Баспана тұрғызу.

Лекция №3

Тақырыбы: Қаладағы төтенше жағдайлар және оның түрлері.

Жоспары:
1.Баспанада болатын экстремальдық жағдайлар.
2.Баспанадағы өрт.
3.Өртті өшіру.

Лекция мақсаты: Студенттерге қаладағы төтенше жағдайлар және оның түрлері
туралы қысқаша мәлімет беру
Лекция мәтіні :

1.Өрт өндіріс орындарына қарағанда үйлерде жиі болады. Өрттің себебі
барлық уақытта бірдей-ақ:
- отты, оның барлық түрлерінде, дұрыс пайдаланбау;
- тұрмыста қолданылатын қыздыру приборларының бұзылуы;
- электр сымдарын және электр жүйесін пайдаланудағы өрт қауіпсіздігінің
ережесін бүзу;
- теледидарлардың, радиоапаратуралардың жануы;
- пештің, оның құбырының дұрыс салынбауы және бұзылғандығы;
- балалардың отпен ойнауы.
Темекіні абайсыз шегудің зардабына ерекше тоқтап кету керек. Темекі
шегушілер әзірге өте көп, сондықтан өрт болуға себеп те жеткілікті, сонымен
қатар, оны себеп ретінде дөп басу ажырату қиын. Кейбір темекі шегетін
адамдар сіріңкелерін, темекінің тұқылын қалай болса солай лақтыра
салады, рұқсат етілмейтін жерлерде темекі шегеді, темекінің тұқылын
ағаштан жасалған заттардың үстіне, тез тұтанатын заттардың қасына қоя
салады. Негізінде өшпей қалған темекінің тұқылынан шыққан өрт ең көп
таралған өрттің түрі болып саналады.
2.Синтетикалық заттардың жану ерекшеліктері. Құрылыстың отқа
төзімділігі. Бұл тақырыптың маңыздылығы қазіргі заманда үйлерде,
квартираларда синтетикадан жасалған бұйымдар көптеп кездеседі.
Пластмассадан және полимерден жасалған бұйымдардың, құрылыс
материалдарының өртке ұшырауы, оның зардабын бірнеше есе ұлғайтады әрі адам
өміріне үлкен қауіп-қатер туғызады.
Поролон пайдаланылған жұмсақ жиһаз, синтетика кілем, палас, полимері
бар түсқағаз (обой) полдағы линолеум, пластик жиһаз, полимер ыдыстар,
киімдер, перделер - осының бәрі тез тұтанғыш әрі жанған кезде улы затты
газды ерекше бөлетін бұйымдар болып есептеледі. Жанған кездегі бөлінетін
газдың құрамына хлор, көміртегінің тотығы, цианистік қосылыстар, хлорлы
сутегі, синильдік қышқыл, азоттың тотығы сияқты уландыратын заттар кіреді.
Полимердің барлық түрі жанғанда улы газдар бөледі. Жүн жанғанда негізінен
полиуретаннан гөрі цианидті көп бөледі. Бірақ жүн жай тұтанып,
полиулетаннан жайырақ жанатындықтан өртке себеп болу жағынан онша қауіпті
емес.
Өрт болу қаупін үй, ғимарат салғанда, әрқашанда ескеру қажет. Құрылыс
материалдары жоғарғы температураға төзетіндей, сенімді болғаны дұрыс.
Өрт кезіндегі тәртіп. Адамдарды көп қабатты уйлерден эвакуация
жасаудың әдістері. Өрттің уақытында өшірілуі - негізінен, өрт
сөндірушілердің дер кезінде шақыруылуына көп байланысты. Сол сияқты,
адамдарды жанып жатқан ғимараттан тез шығарудың да маңызы зор.
Осындай жағдайда келесі мәліметтерге аса көңіл аудару қажет:
1. Өрт туралы хабарлама беру. Өртті байқаған сәтте ғимараттағы
адамдарға тез хабар беру керек, өрттің көлеміне, жану қуатына қарамай өрт
сөндірушілерді 01 телефоны арқылы хабардар еткен жөн. Әдетте өрт туралы
хабар телефонмен беріледі. Сондықтан әр отбасы мүшесі телефонның тұрған
орнын жақсы білгені дұрыс. Өрт сөндірушілердің келу жылдамдығына көп нәрсе
байланысты, тез келсе, әрі тез сөндіріліп, оның зардабының көлемі аз
болады, қауіпті аймақтардағы адамдарға тез арада көмек көрсетіліп,
құтқаруға мүмкіндік туады.
Өрт туралы телефонмен хабар бергенде, келесі тәртіпті сақтаған жөн:
- өрт туралы хабар беру;
- өрт болып жатқан ғимараттың нөмірін, қабатын, көшенің атын анық
және дұрыс айту;
- өртке қысқаша сипаттама беру: не жанып жатыр, қай жерде жанып
жатыр және т.с.с.
- өрттің сыртқы көрінісінен хабардар ету;
- адамдарға төнген қауіптің белгілерінен хабардар ету;
- өрт машинасы қалай кіре алатындығы жайлы айту.
2. Адамдарды құтқаруға әрекет жасау. Өрт сөндірушілерді шақырумен
қатар оны сөндіруге әрекет ету қажет, ал егер адамдарға тікелей қауіп
төнсе, оларды көшіруге қимыл жасау керек.
Егер өрт ағаштан тұрғызылған ғимаратта басталса, онда өрттің орнына,
көлеміне қарамастан адамдарды жедел эвакуация жасаған жөн. Эвакуация
кезінде сабыр сақтап әрі дәл қимылдаудың маңызы зор.
Өртте іс-қимыл және құтқару жұмысын сол жердегі беделді, сабырлы адам
қолға алғаны дұрыс.
Бірінші кезекте балаларды құтқаруға әрекет жасаған жөн, себебі өрттен
қорыққан олар, төсектің, столдың астына, шкафтың ішіне, көрпеге тығылады,
шақырғанда дыбыс бермеуі де мүмкін. Сондықтан неғұрлым тез арада оларды
құтқаруға кіріседі, сол құрлы тәуір нәтижеге жетуге болады. Өрт болып
жатқан баспанадан ересектерді іздестіргенде дауыстап дыбыс берген жөн.
Оларды терезенің, есіктің маңайынан, дәлізден іздеу керек.
Адамдарды мансардтың немесе жоғарғы қабаттан құтқару кезінде ішкі
баспалдақты түтін басқан болса, онда сол маңайдағы терезелерді сындырып,
таза ауаның кіруіне жол беру керек. Түтін басқа бөлмелерден кіріп тұрса,
онда ол бөлменің (пәтердің) есігін жауып, саңылауларын тығындап тастаған
дұрыс.
Егер ішкі баспалдақ өртеніп жатса немесе түтін қалың болса, онда
адамдарды саты қойылған терезе арқылы шығарады. Жанып жатқан жерге ауа
кірмес үшін, осы жердегі терезе, есіктің барлығын толық жауып тастайды
Саңлауларды мата, киім, шүберектерді сулап, тығындап тастаған дұрыс.
Түтін басқан бөлмелерден, баспалдақтардан еңкейіп не еңбектеп шығады,
себебі түтін көбіне жоғарыға көтеріледі. Қатты түтінденген бөлмелерге
кіргенде қабырғаны жағалай жүріп, жолдағы кездескен заттарды есте сақтап
отыру керек.
Түтінде қалып, тұншыққан адамдарды тапқаннан кейін, оған алдымен
тыныс жүйелері арқылы уланбас үшін, ылғал шүберектен байлама жасап беру
керек. Осындай ылғал байламаның бірнешеуін құтқарушы өзімен ала жүруі
керек.
Құтқару жұмыстары аяқталғанда, ғимараттан адамдар тегіс шығарылды ма,
соған көз жеткізу қажет. Ол үшін барлық бөлмелерді аралап қарап шыққан
дұрыс. Кейбір уақытта ересек адамдар бағдар жасай алмай, құжаттарын алуға,
т.с.с. себептермен отқа қайта кіріп кетуі мүмкін. Өрт болып жатқан жерге
жедел жәрдем машиналарында шақырған жөн.
3. Заттар мен жан-жануарларды эвакуация жасау. Заттардың құрып кету
қаупі туған кезде, оларды өрттен шығара бастауға адамдарды құтқарған соң
кіріседі және бұл іс-әрекет өрт сөндірушілердің жұмысына кесірін тигізбеуі
қажет.
Мүлікті құтқаруды басқышты, дәліздерді кептеп қалуы мүмкін көлемді
үлкен заттарды шығарудан бастамаған дұрыс. Заттарды шығару өрт сендіруге де
залалын тигізбегені жөн.
Өрт секілді жүрек ұшырар жағдайды көрген кейбір адамдар есі шығып,
көрінген, қажет емес заттарды шығарып әлекке түседі.
Өтетін жерді бөгеп тастағандықтан заттарды шығаруда, адамдарды
құтқаруда, отты сөндіруде айтарлықтай қиындық туғызады. Сондықтан
заттардың, жан-жануарлардың эвакуациясын ұйымдасқан түрде жасауға әрекет
етуге қам жасау керек.
Өрт сөндіру машиналарының жүріс-тұрысына кесірін тигізбеуі үшін,
оттан шығарылған заттар, бұйымдар алысырақ жерлерге жинақталуы керек.

4. Өртті өшіру. Өрт сөндіру шралдары, онымен жұмыс істеу ережелері.
Өрттің басталуына жанатын заттың, оттегінің, ауаның және заттардың
тұтануына қажетті температура беретін жылу импульсі керек. Ал оны өшіру
үшін, осы қажет заттарды салқындату немесе отқа керек оттегі мен ауаның
жолын кесу қажет. Сондықтан осы мақсатқа өрт сөндіргіш құралдар арналған.
Олар мыналар:
- судың ағын, шашыраған және бу түрін пайдаланатын құралдар;
- химиялық және ауа-механикалық көбіктер;
- инерттік газдар (көмірқышқылы, азот және т.б.)
- ұнтақ құрғақ заттар (мысалы, құм), хлорлы металл түріндегі арнайы
флюстер.
Өртті сумен сөндіру. Өрт сөндіруге суды пайдалану, ең қарапайым, оңай
әдістердің бірі. Өрттің жану шартына және жанып жатқан заттардың қасиетіне,
түріне байланысты суды бағытталған ағым, шашырату түрінде пайдаланады.
Үлкен қысымның әсерімен шыққан су ағыны жалынды өшіреді. Ал суды шашыратып
себу бағытталған ағыннан гөрі тиімдірек, себебі бұл ретте су үлкен ауқымды
өшіре алады.
Өртті көбікпен сөндіру. Тез тұтанатын сүйықтарды, ток қуаты жүріп
тұрған қондырғыдағы өртті сумен сөндірмейді, себебі электр тоғының ұру
қауіпі бар. Яғни осы жағдайларда газ бен сүйықтан құрылған көбікті
пайдаланады. Көбік, өзінің тығыздығы томен болғандықтан, жанып жатқан
заттардың бой-бойымен, сай-сайымен жылжи ағып, ауаның отқа келу жолын
жабады әрі салқындатады.
Өрт сөндіруде көбіктің екі түрін пайдаланады:
- химия көбігі - тұздардың судағы ерітінділерінен түратын
көмірқышқыл газымен толтырылған көбіршіктер. Бүл көбікті ПГ-50, ПН-100
деген көбік генераторларынан тұздардың судағы құрғақ ерітіндісінің көбік
ұнтағын араластыру арқылы алады.
- ауалық-механикалық көбік - бұл көбік 3-5 атм қатты үш су ағыны ауа-
көбік ұнғысына келіп, көбік шығарғышпен араласып шығады. Ауалық-механикалық
көбікті жанған кезде аса улы өнімдерді шығаратын заттарды, тұтанғыш
сұйықтарды өшіруге пайдаланады.
Көбік генераторлары және ауалық-механикалық көбік қондырғылары қолмен де,
автоматпен де іске қосыла алады.
Өртті газбен сөндіру. Газбен сөндіру құралдарына өртті көмірқышқылмен
және галоидтелінген көмірсутегімен сөндіруді жатқызады. Сұйық түріндегі
көмірқышқылы баллоннан шыққан соң, қар тәріздес болып, -78,5°С
температурасындағы қатты күйге айналады. Ал қызған кезде лезде газ түріне
қайта айналып, өз көлемінен 400-500 есе үлкен көлемді жабады. Көмірқышқылы
галоидті көмірсутегіне қарағанда заттарға да адамдарға да залалын
тигізбейді, істеп түрған электр қондырғыларындағы өрттерді сөндіруге
жарайды.
Өртті газбен сөндіруде төмендегі құралдарды пайдаланады:
- көмірқышқылының автоматты қондырғыларын;
- жылжымалы көмірқышқылы өртсөндіргіштерін;
- қол өртсөндіргішін.
Өртті бумен сөндіру. Өртті бумен сөндіру әдісі жанып жатқан заттарға
оттегінің келуін шектеуге негізделген. Будың 35 көлемдік пайызы отқа
жинақталған кезде жану тоқтайды. Өрт сөндірудің бұл әдісі шағын өртті тез
сөндіруге болатын оңай әрі қолайлы әдіс болып есептеледі.
Егер өртсөндіргіш жоқ болса, үй тұрмыс жағдайында қолда бар құралдар
пайдаланылады:
-су;
- құм, құм құрғақ әрі майда болу керек;
- киіз, киіз жанған затқа ауа жібермеу үшін, пайдаланады. Киіздің
орнына ауыр жүн, мауыты (сукно) жаймаларды, ескі пальтоларды және т.б.
пайдалануға болады. Жанған жерді тез жауып, от өшкенше басып түру керек.

Бақылау сұрақтары:

1.Баспанада болатын экстремальдық жағдайлар.
2.Баспанадағы өрт.
3.Өртті өшіру.

Лекция №4

Тақырыбы: Қылмыстық төтенше жағдай.

Жоспары:

1.Баспананы қылмыскерден қорғаудың жолдары.
2.Аса қауіпті қылмыс аумағы.
3.Қарулы шабуыл кезіндегі туындайтын жағдайлар.

Лекция мақсаты: Студенттерге қылмыстық төтенше жағдай туралы қысқаша
мәлімет беру

Лекция мәтіні :

1.Баспана тұрғызу адамзат ғүмырында өте ертеректе басталған іс-әрекет.
Сондықтан адамдар өз тұрағына бөтендердің әсіресе, қылмыскерлердің кіруіне
жол бермеуге тырысады.
Пәтерлерге қылмыскерлердің негізгі кіретін жері: есік, терезе,
балкон, лоджи болып есептеледі. Сондықтан ондай жерлер бекем орнатылуы
керек, қажет болса қосымша жабдықтармен бекітіледі. Кейде қылмыскерлер
үйдің төбесінен балкон, лоджиларға түсуі мүмкін.
Баспанага бөтендердің, қылмыскерлердің кіруіне мүмкіндік туғызатын
себептер:
- кірер есіктің қойылуының, материалдарының нашарлығы;
- есіктердің ішке қарай ашылуы;
- құлыпының қарапайымдылығы;
- бір типті құлыптарды пайдалану;
- есіктердің жұқалығы, мысалы, есіктің қалыңдығы 50 мм жұқа болмауы
керек.
Сонымен әрі жұқа, әрі қалай болса солай орнатыла салған есіктер
ұрыларға тосқауыл қоя алмайды. Сондықтан пәтерге, үйге қос есік, темірден,
манолитті есік қойған дүрыс.
Үйге домофон орнатса, ол да тосқауылдың бір түрі.
Күзет дабылдамасы. (Сигнализация). Ақпараттық қауіпсіздік. Баспананы
қорғаудың ең тиімді түрі - үйді, мүлікті полицияның ішкі істер
аудандық бөлімінің жанындағы күзет бөліміне тапсыру. Қазіргі заманғы
электрондық мүмкіндіктер қылмыскердің кез-келген әрекеті туралы полицияға
дер кезінде хабарлай алады.
Баспана қауіпсіздігін басқа жолдармен, оның ішінде ақпараттық
қауіпсіздікте бар. Мысалы, үйде адам бар сияқты етіп көрсету үшін,
радионүктені кірер есікке қосып қоюға болады, өзіңе, отбасыңа артық көңіл
аудартпауға қам жасау керек. Адамның киім киісі де, жүріс-түрысы да сырт
көзге қосымша ақпарат береді. Қараңғы кеште сәнді әрі қымбат киініп келе
жатқан адамның қылмыскердің кезіне ертерек түсері белгілі. Сумка, шабадан
сатып аларда қауіпсіздік түрғысынан ойлаған дүрыс. Үлкен, ауыр шабаданды
еріксіз жерге қойғың келіп түрады. Ондай шабадан өзгенің көзіне тез түседі.
Қымбат заттардың қабын, әдемі жасалған шетелдік заттардың қорабын
т.б. ең дүрысы орап тастаған абзал.
Бейтаныс адамдармен көлікте, көшеде, кезекте, аулада өзіңізде бар
асыл заттар, ақшалар, қымбат аппаратуралар туралы ашық әңгімелеспеген жөн.
Үй тонауға қажетті мағлұматты таратуға болмайды. Демалысқа, саяжайға
баратыныңыз туралы, өзіңіздің отбасыңыз туралы хабарды ешкімге айтпағаныңыз
жөн.
Баспананы қылмыскерден қорғаудың жолдары.
Есігіңіздің мықтылығына көңіл аударыңыз. Егер есікке көзек (глазок),
есік шынжырын орнатпасаңыз, міндетті түрде оларды қою керек.
Үйден шығарда есіктің барлық құлпын салып кеткен жөн. Түнге қарай
құлыптарды ашылмайтындай етіп кептеп, есік шынжырын салып қою керек.
Есіктің сыртын әсерлеп, әдемілеп қою қылмыскердің көңілін аударады. Егер
есіктің қоңырауын басса, онда көзек арқылы қарауды ұмытпаңыз, ал егер
көзектен ешкімді көре алмасаңыз, есіктің сыртында танысыңыздың тұрғанына
көзіңіз жетпесе, есікті ашпаңыз. Қажет болса сырттағы адамдарды тексеру
үшін көршілеріңізбен хабарласуыңызға болады.
Егер сізге үй-тұрмыс қызметкерлері келген болса, ал сіз ешкімді
шақырмаған болсаңыз, олардың куәлігін тексеріңіз. Тіпті сенімді болмасаңыз
ашпаңыз.
Үйден шыққанда есік-терезеңіз, балконыңыз, форточканы жабықтығына көз
жеткізу қажет.
Үйдің кілтін бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмаған дұрыс. Кілтті
жоғалтқандай болсаңыз, тез арада құлыпты ауыстыруға тырысыңыз.
Үйде ақшаны, бағалы заттарды, құжаттарды кітаптың арасында, тартпада,
іш киімдердің астында сақтағаннан гөрі банкте, бекем жерде сақтаған жөн.
Бағалы заттардың, теле, радиоаппаратуралардың тізімін жасап қою керек.
Егер үйге газет бетіндегі, подьезде ілулі тұрған хабарламалар бойынша
қызмет көрсететін фирмалардан кісі шақырсаңыз өте абай болғаныңыз дұрыс.
Олар келетін кезде үйде жалғыз болмауға тырысу қажет.
Үйге келгенде есіктің бұзылғанын көрсеңіз, үйге кірмегеніңіз дұрыс.
Бұл өте қауіпті, өйткені қылмыскер үй ішінде болуы мүмкін. Көршілерге
айтып, полиция шақыру керек. Көршілердің есігі бұзылған болса да осылай
істеңіз.
Егер сіз үйге кірген соң, үйдің тоналғанын байқасаңыз, ештеңеге
тиіспей полицияны шақырыңыз.
Үйге біреулер кірмекші болып күш көрсете бастаса, есікті кептеп
немесе тіреп тастау қажет. Полицияға, көршілерге хабарлаңыз. Радио,
магнитофонды бар даусына қойып, көршілеріңіздің көңілін аударуға тыры-
сыңыз.
Кіреберіс, баспалдақ, алаң жарық болсын. Егер лампочкасы жанып кетсе,
басқалардың ауыстырғанын күтпей, өзіңіз ауыстыра беріңіз.

2.Аса қауіпті қылмыс аймағы.
Бүгінде аса қауіпті қылмыс аймағына вокзалдар, парк, жер асты жолы,
үйлердің кіреберісі жатады.
Қылмыскердің пиғылына қарсы қоюға болатын үш ереже бар:
1. Сақ болыңыз. Қай жерде болсаңыз да айналаңызда, алды-артыңызда кім
бар екендігіне назар аударыңыз.
Егерде қауіп сезгендей болсаңыз, жалғыз қалмауға, жүрмеуге, шықпауға
тырысыңыз.
2. Бет-әлпетіңізден абыржығаныңызды білдірмеңіз, асықпай, сенімді
жүруге тырысыңыз.
3. Сезіміңізге сеніңіз. Егер маңайыңыздан қауіп сезсеңіз,
ыңғайсыздық туса, онда ол жерден кеткеніңіз абзал.
Серуендеу кезінді.
- серуендейтін жолыңызды ойластырып алыңыз: жарығы мол жолды, адам
арылмайтын көшені, алыс болса да қауіпсіз бағытты таңдаңыз. Үлкен бос
алаңды, қараңғы жерді, қүрылыс алаңын айналып өтіңіз;
- өз ауданыңызды біліңіз: қай дүкен, мейрамхана қай уақытқа дейін
істейді, полиция учаскесі қай жерге орналасқан, учаскелік полицияның мекен-
жайын біліп алғаныңыз жөн;
- балаларыңыздың қай жерде ойнап, қыдырып жүр-генін білгеніңіз
дұрыс, кіммен ойнайтынын біліңіз, ертерек қиын жағдайда не істеу керек
екенін, қайда бару керек екенін түсіндіріп қойғаныңыз дұрыс;
- қол сөмкеңізді денеңізге жақын ұстауға тырысыңыз, ақшаны,
құжаттарды костюмнің ішкі қалтасына салған дұрыс;
- қымбат киініп, асыл заттарды тағып жүруіңіз қылмыскерлердің көзіне
бірден түседі;
- жүріс-тұрысықа төлейтін майда ақшаларды қалтада бөлек ұстаған
дұрыс;
- көлік қозғылысына қарсы жүру керек, сонда жа-қындап келіп қалған
машинаны көретін боласыз;
- қолыңызды, бойыңызды пакеттермен, сумкалармен басып тастауға
болмайды, ол қимылыңызды қиындатады;
- машинаға немесе үйге жақындағанда кілт қолы-ңызда болсын;
- егер біреудің артыңызға түсіп, аңдып келе жатқанын байқасаңыз тез
жарық жерге шығу керек немесе дүкенге, үйге кіріп, полицияға телефон шалу
керек. Ал егер оған үлгере алмайтындай болсаңыз, көмек сұрап айқайлаға-
ныңыз жөн;
- егер артыңызға машинамен түссе, бұрылып, машинаның нөмірін
жазғаныңызды байқатыңыз;
- жол-жөнекей келе жатқан машинамен сейіл құрудың өміріңізге қауіпті
екенін есіңізден шығармағайсыз;
Машинада:
- машинаның техникалық жағдайы төмен болса, апатқа түсу қаупі
артады;.
- жолға шыққанда өз бағытыңызды дұрыс бағдарлаңыз, жанармайдың,
ақшаның кері қайтуға толық жетуін ойластырыңыз;
- қозғалыс кезінде көліктің есіктерінің жабық тығын қадағалаңыз;
- кездейсоқ жолаушыларды алмауға тырысыңыз;
- егер апатқа ұшыраған бөгде жүргізушіні көрсеңіз, оған қандай көмек
керек екенін білуге тырысыңыз, полицияға хабарлаңыз;
- машинаны жарық жерге қою керек. Есікті жабық ұстаңыз;
- жерасты гаражын пайдаланған кезде өте сақ болу керек;
- бөтен машина артыңызға түскендей жағдай болса, тездетіп полиция
пунктіне, май құятын жерге т.с.с. адам көп болатын орындарға баруға
тырысыңыз. Артыңызға түскен машинаның нөмірін, түр-түсін біліп алуға
тырысыңыз.
Автобуста, троллейбуста, трамвайда.
- көлік күтетін аялдаманың жарық болғаны жақсы;
- жүргізушінің кабинасының маңында отыруға тырысыңыз;
- ұйықтамаңыз;
- шығатын есіктің қасында орналаспауға тырысыңыз. Қылмыскер кіріп,
шығаберіске жақын отырғандарды тонап кетуі мүмкін.
- көлік күтіп тұрғанда адамдардан алшақ кетпеңіз;
- көліктен шыққанда абай болып, жан-жағыңызды бағдарлап алыңыз.
Лифтіде.
- лифтке кірместен бұрын ішіндегі адамдарға көз салыңыз;
- басқару пультінің қасында тұрыңыз;
- күдікті біреу лифтке кірсе, шығып кетуге тырысыңыз;
- егер сізге шабуыл жасаса, онда пульттегі апат түймесін басыңыз,
болмаса үй қабатының түймелерін баса беріңіз.
Серуенде, велосипедте, тагы с.с. кездерде:
- жолыңызды ертерек ойластырганыңыз жөн;
- жол-бағдарыңызды, жүретін уақытыңызды өзгертіп тұрыңыз;
- өте кеш серуендеген және велосипедпен қыдырған қауіпті;
- полиция пункті, дүкендер т.с.с. жерлер есіңізде болсын;
- әрдайым сақ болғаныңыз жөн.

3.Егер өзіңізге қауіп төнсе: абыржып, үрейленіп есіңізді жоғалтпаңыз.
Ашу-ызаңызды қылмыскерге көрсетпеуге тырысыңыз. Егер қылмыскер сіздің
әмияныңызға, асыл дүниеңізге ғана көз салса, қарсыласпай бере беріңіз.
Тонау қанды оқиғаға айналып кетпесін.
Қараңғы уақытта адам жоқ көмескі жерлерді, бос аула мен скверлерді
айналып өтіңіз. Көшемен келе жатып үйлердің қабырғасына аса жақындамаңыз.
Көмескі жер асты жолдарымен өтпеңіз. Өндіріс орындарының қоршауының
қабырғасымен жүрмеңіз, көмекке шақыруыңыз қиын болады.
Көшедегі көліктердің қозғалыс бағытына қарсы жүргеніңіз дұрыс, бұл
сізді машинадан шабуыл жасаудан сақтайды.
Алдыңыздан бір топ жасөспірімдер келе жатса, ал маңайыңызда ешкім
болмаса, онда не көшенің екінші бетіне өтіп кету керек, немесе кері бұрылып
кеткеніңіз жөн. Көшеде еркін, сеніммен жүріңіз, бірақ өзіңе шабуыл жасауға
итермелейтіндей шектен шыққан менмендік болмасын. Шабуыл болған жағдайда
қылмыскердің түр-түсін, киімін, кейбір ерекшеліктерін есте сақтап қалуға
тырысыңыз. Полицияға хабар беріп, оқиғаның қалай болғанын толық айтып
беріңіз.
Қару-жарақты, суық қаруды сақтау, оны қолдану, тіпті қорғану кезінде
де, заңмен қудаланады. Мас күйде көшеге шықпағаныңыз жөн. Таксиге отырарда
нөміріне
Көңіл аударыңыз. Заттарыңызды аз уақытқа шыққанның өзінде таксиде
қалдырмаңыз. Машинаны жүргізуші арттан итеріңізші деп өтінгеніне де затты
тастап, машинадан шықпау керек. Үлкен сомадағы ақшаңыз болса, жүргізушіге
көрсетпеңіз.
Кездейсоқ әйелдермен бос үйлерде, подвалдарда т.с.с. жерлерде
болмауға тырысыңыз. Ол сіз үшін тұзақ болуы мүмкін.
Кездейсоқ адамдармен арақ-шарап ішпеу керек, ұйықтайтын, улайтын дәрі-
дәрмек салып жіберуі мүмкін.
Егер сізді полиция қызметкерлері тоқтатса, құжатын көрсетуді талап
етіңіз. Бөлімшеге алып жүретін болса, абай болғаныңыз жөн. Егер іс-
әрекеттері күдікті болса, онда көшедегі адамдардан көмек сұраңыз.
Кешқұрым асыл бұйымдарды тақпағаныңыз жөн. Қажетсіз үлкен соманы
өзіңізбен алып жүруді әдет етпеңіз.
Жас балаңызға қымбат аппаратурамен кешке көшеге шығуға рұқсат ете
бермеңіз. Тоналуы мүмкін.
1-ші кеңес. Кезенген қаруды көрсеңіз саспай абыржымай тыныш тұруға
тырысыңыз. Жағдайды барлап, түсіну керек. Қарулы қарақшы - ол қатерлі,
рақымсыз жау. Қарақшының пышағынан немесе пистолетінен козіңізді ала алмай,
озіңізді жоғалтып алмаңыз. Қаруға қарамауға тырысыңыз. Одан да қарақшыңың
сыртқы белгілерін (түр-түсі, киімі, жасы, үлты т.с.с.) есіңізде сақтауыңыз
керек. Егер қарсылық корсетпесеңіз, тонаушы сізге зиян келтіре қоймайды.
Тонаушының мақсаты - тонау екендігін естен шы-ғармаңыз. Олардың көбісі көп
жылдарға сотталып кетпеуі үшін, көбінесе кісі өліміне бара бермейді.
2-ші кеңес. Қарулы тонаушының айтқанын істеген дұрыс. Қолыңызды
жасырмаңыз, қалтаға салуға тырыспаңыз. Кенеттен қалт қимыл жасамаңыз,
қозғалысыңыз жай болсын. Сізге бұйрық берсе, орындайтындығыңызды айтып, оны
сендіруге тырысыңыз. Онымен сыпайы, нық сөйлескеніңіз жөн.
Егер оның бұйрығын орындай алмайтын болсаңыз, онда неге орындай
алмайтындығыңызды салмақты, сыпайы әрі сенімді етіп түсіндіруге тырысыңыз.
3-ші кеңес. Тонаушыға ешқашан қарсы келмеңіз, сол сияқты, оны алдауға
тырыспаңыз. Ол бұл уақытта есірткі тартып немесе ішіп алған болуы мүмкін,
соны естен шығармағаныңыз жөн. Кішкене ғана қарсыласу, оны тепе-теңдігінен
шығарып, қару жұмсауына мәжбүр етуі мүмкін. Егер өзіңізге сенімді
болмасаңыз, онда тонаушыға қарсы қару жұмсауға тырыспаңыз. Сізге пистолет
төніп тұрса, онда кез келген кездейсоқтық сізге қарсы жұмыс істемек.
Жалғыз ғана өміріңіз бар, соны қорғауға күш салыңыз!
4-ші кеңес. Тонау кезінде дабыл соқсаңыз, белгіні байқатпай беруге
тырысыңыз. Егер белгі беріп тұрғаныңызды тонаушы байқап қалса, ол сізге
қару жұмсауы мүмкін.
5-ші кеңес. Тонаушыны болуы мүмкін кездейсоқтар туралы ескертіңіз,
мысалы, жақын арада біреудің келетінін. Оны алда не күтіп тұрғанын айтамын
деп, асыра айтып жібермеңіз. Егер бір қозғалыс жасағыңыз келсе, оны да
тонаушыға айту керек. Мысалы: Мен төменгі тартпадан ақша алайын деп едім.
6-шы кеңес. Тонаушының ұзап кетуіне мүмкіндік беру керек. Егер
тонаушы қарулы болса, ол өзін куып келе жатқан кісілерге қару жұмсауы
мүмкін. Сондықтан артынан іле-шала айқайлап қууға болмайды. Егер сізге 5
минут орныңда тұр деген болса, онда да тонаушыға кетуге мұрша беріңіз.
Содан соң полицияға хабарлауға тырысыңыз.
7-ші кеңес. Егер атыс басталып, сізді кепілге алған болса, қарақшының
айтқанын бұлжытпай орындауға тырысыңыз. Көбірек естіп, көбірек тыңдауға
тырысыңыз. Кепілге алғанда қарақшымен ынтымақтастықта болуға тырысу керек.
Оның жұмсаған, айтқан жақтарына өз еркіңізбен барыңыз, машинаға мінгізсе,
төмен отыруға тырысыңыз.
8-ші кеңес. Тонаушыны қалай сипаттап беру керек? Тонау кезінде
тонаушыны жақсылап бақылап алыңыз. Оның ұлты кім, бойы, салмағы, жасы
қандай, айрықша белгілері бар ма? Мұртын, сақалын, киімін, оңқай ма,
солақай ма, көзін, оның түсін, бет-әлпетін, қаруының түр-түсін, типін,
даусын, сөйлеу тілін, акцентін, аяқ-киімін, машинасын т.с.с. айрықша
белгілерін есте сақтауға тырысқаныңыз жөн. Бұл әрекетіңіз полицияға көп
көмегін тигізеді.
9-шы кеңес. Тонау кезіндегі тонаушының әдісін, әдетін есіңізде
сақтаңыз: заттарды қалай іздеді, тапты, қалай сөйледі, қандай сөздерді
пайдаланады т.с.с.

Бақылау сұрақтары:
1.Баспананы қылмыскерден қорғаудың жолдары.
2.Аса қауіпті қылмыс аумағы.
3.Қарулы шабуыл кезіндегі туындайтын жағдайлар.

Лекция №5

Тақырыбы: Адам өмір тіршілігінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардағы қауіпсіздігі.

Жоспары:

1.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тұрғындарды қорғау.
2.Жер сілкінісі.
3.Сел
4.Қар көшкіні.

Лекция мақсаты: Студенттерге адам өмір тіршілігінің табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлардағы қауіпсіздігі туралы қысқаша мәлімет беру

Лекция мәтіні:
1.Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш
көлінің таяздануына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше
жағдайлар арасында ерекше орын алады.

2.Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер
сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстінгі белігінде кенеттен
болган қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу
түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының
қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге
ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай
зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың
көрсетулері - дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100 ден аса жер сілкіністері
болып тұрады.
Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте
жойқын болып келеді.
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар,
көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су
құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі
бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау
жыныстарынан тастар құлайды, адамдарда үрей болады. Су асты және су
жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде
теңіздің гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрылыста үлкен
бүлінушілік жасайды.
Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттар көпшілікке
мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну
қауіпі бар. Бұл аймақта 6 милионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден
астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуеті осы
аймақта шоғырланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда,
Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта
орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30%-ы шоғырланып, тұрғын үй
қорының 35%-на жуығы орналасқан, Республика халқының 40%-ы тұрады.
Жер сілкінісі қауіпі бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер,
гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және

су қоймалары, жарылғыш және улы материалдар қоймалары орналасқан. Тұрғын
үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген обьектілерді кейбіреуінің
бұзылуы, оңал-майтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік
желілер мен коммуникациялардың жер сілкінудің салдарынан бүзылуы аса
қауіпті.
Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимаратты зақымдалуынан шегілген залал
ғимараттың өзінің зақымдалуынан шеккен шығыннан біршама есе асып түседі.
Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның
экологиясы бұзылады, қопарылма, сырғыма, сел тасқыны және т.б. шаруашылыққа
қосымша залал әкеледі.
Жер сілкінісінің жанама шығыны да орасан зор: өндірістік циклдың
уақытша тоқтауы, еңбек ресурстарының зардапты жоюға тартылуы және тағы
басқалар. Сонымен қатар көлік жолдарының зақымдалуына, тұрғын үй тұрмыстық
жағдайдың нашарлауына, халықтың апат аймағынан кетуіне, жерасты дүмпуінің
қайталануын күтуінің нәтижесінде адамдардың ұнжыр-ғысының түсуіне әкеліп
соғады.
Жер сілкінісі салдарының аса ауыр түрлері ғимараттар мен үйлерді
сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар жер сілкінісі қауіпі ескерусіз
жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда пайда болады. Бұған мысал ретінде
соңғы жылдары Қазақстанда болған жер сілкіністері салдарын келтіруге
болады.
Халықты, аумақты және шаруашылық обьектілерінің ықтимал жер
сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды сейсмалогиялық
бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту;
сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды
жобалау және салу; халықтың сейсмикалык білімін жақсарту; басқару; хабарлау
және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; дамыту және
қолдау; жер сілкінісі кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және
тұрақты дайындықта ұстау.
Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының және өзге де шараларға
жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық
жасау.

3.Сел - тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің
күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.
Сел үзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді,
мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі
нәтижесінен пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел
әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындар мен 10 мс және одан көп
жылдамдықпен қозғалады.
Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетмен
және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қауіпі күшті
аудандар болып табылады.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне
зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау
мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды (ескерту) ұйымдастыру үлкен әсер
етеді.
Сейсмикалық қауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс
жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға
тиіс.
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, сондай-
ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте, ғимараттан тез
шығып, бұл туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек.
Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ бұрандысын жауып,
жарықты өшіріп, электр заттарын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қауіпті
аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз
орынға көшіріледі.
Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек
көрсету керек. Мұндай қүралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық,
шынжыр және т.с.с. болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне
біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек.
Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден
қарттар мен балаларды, аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдарды
шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер
тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.
Егер сел апатына елді мекен ұшыраса, онда іздеу-құтқару жұмыстарына
әзірлеген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әр түрлі құтқару бөлімшелерінің
айтарлықтай күштері мен құралдары тартылады.

4.Қар көшкіні - бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай
жылдам лықсуы.
Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды.
Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы
геоморфологиялық және топырақтық-ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-
Шянь, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады.
Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар жаңа
жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын-шашынның жиі
болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады.
Сирек қайталанатын Көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең
үлкен жылдамдығы 100 метр секундке дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50%
жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық обьектілеріне тікелей қауіп
төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше
жүз тоннаға жетуі мүмкін.
Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол
негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты, қар көшкіні болатын
ең қауіпті кезең қараша-сәуір, ал биік тауда - қазан-мамыр.
Тауда болған кез-келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді,
сақтандыру шараларын білуге міндетті.
Жай адамдар көшкіндерге қыстың суық мезгілінде тауда болса ғана тап
болуы мүмкін. Ал альпинистер мен тауға шығуды әдет қылған туристер бұған
жыл бойы әзір болуға тиіс. Тау әуесқойларымен болатын барлық бақытсыз
оқиғалардың 25%-на жуығы көшкіннің еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс
уақытын дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қауіпі бар беткейлерден ебдейсіз
өтуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден, тәртіп бүзудан
болады.
Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы
хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар көшкіннің ықтимал
лықсуын алдын ала сезіп қауіпті аймақтан кетеді), сондай-ақ беткейдегі
қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет. 15
градустан тік беткейлер аса қауіпті болмағанмен, қар көшкіннің одан да
жазығырақ беткейлерде лықсу оқиғалары белгілі. Беткей тік болған сайын
көшкіннің лықсу ықтималдығы арта түседі, алайда 50 градустан тігірек
беткейлер қауіпті емес, өйткені қар жамылғысы жинақталмайды, қар жауған
сайын шағын беліктермен сырғып түсіп отырады.
Жағдай сәтті аяқталса, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек
көрсетіледі және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Ғаламдық биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар
Еңбекті қорғау жөніндегі нормалар мен ережелер және стандарттар
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Құрлық тіршілік ортасы
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау ата - аналар үшін ақысыз
Музейлердің қор жұмысы
Пәндер