Ислам діні пайда болуының алғы шарттары
1. Исламның негізін қалаушы . Хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірі мен қызметі
2 Араб еліндегі басқарулар
3. Омайядтар династиясы
4 Аббаси халифаларының шежіресі
5 Аббасилер дәуіріндегі ғылыми жетістіктер және басқару жүйесі
6 Андалусия Омайяд мемлекеті

Ислам дінінің дүниеге келуі кезеңінде Иранның иесі Сасаниттер болатын. Әлгі елдің Шығысы мен Солтүстігінде түркілер, Батысында Шығыс римдіктер орналасқан еді. Осы дәуірде бір-бірімен бәсекелес болған Иран мен Византия арасында бітіспен шайқастар болып жатты. Сол бір кезеңде парсылар Византияны жеңіп, Сирияны басып алып, Анатолияны талан-таражға түсірген. Тіпті Византия империясы ирандықтарға жылына 30 000 алтын салық төлеп тұруға мәжбүр болған. Араб түбегінің Оңтүстігіндегі Иемен өлкесі де ирандықтардың қол астына өткен кезең де болған. Ислам дүниеге келуінен бұрын Иран шахы Хұсрау Первиз Сирия мен Иеменді басып алған болса да, исламның алғашқы жылдарында Византия императоры Гераклиус оны қайтарып алды. Кейінгі кезеңдерде Иранда тақ таласы бастарып, бір-бірімен алауыз ағайындар мемлекеттің іргесін шайқалтты. Исламның дүниеге келуінен бұрын парсы халқы әдепсіздік әдетке былыққан, елде әлеуметтік тәртіп бұзылған еді. Ирандықтар жәй халық және тектілер деген сатылардан тұратын. Жәй халықтың саны басым екендігі қалыпты жағдай. Иранның исламнан бұрынғы ресми діні Зороастризм болатын. Осы дінді ұстайтындар отқа табынумен ерекшеленді.
Иранның саяси бәсекелесі Византия келер болсақ, исламның дүниеге келуі жылдарында ыдырау үстінде тұрған. Осы сәтте императордың бас қолбасшыларының бірі Герклиус тақты императордан тартып алып, мемлекеттің іргесін бекітті, Иранның қол астына қараған Сирия мен Таяу Шығысты қайта қолына алды. Бұл елдің ресми діні христиан діні еді. Десек те олардың ұстайтын діндері бастапқы қалпынан бұзылып заман талабын қанағаттандыру дәрежесінде емес болатын.
Ескі копт мәдениетін өртеп, халқын қырып жойып римдіктер Мысырға басып кіргені әлем тарихынан аян. Исламның дүниеге келуі тұсында мұнда Визанияға вассал Мукавкис билік жүргізетін. Мұнда да әлемдегі құлдырау, азғындық, әділетсіздік белең алған.

2. Исламға дейінгі Араб түбегіндегі жағдай
Араб түбегі семит тобының бесігі ретінде белгілі. Осы арабтар ислам дінінің дүниеге келуі қарсаңында түрлі тайпалар мен саяси күштердің әлеуметтік жағдайы мен қуатына сүйенген. Осы жердегі жергілікті халық түрлі әулеттен құралған көшпелі (бәдәуи) және отырықшыл (хадари) тайпалар болып бөлінетін. Араб түбегінің климаты құрғақ, диқаншылыққа қолайсыз болуына орай халықтың саяси, діни тұтастығы болмай, қуатты мемлекетті арабтар құра алмады, олар бытыраңқы өмір кешті.

1 лекция
Ислам діні пайда болуының алғы шарттары
1. Ислам дінінің пайда болуына дейінгі экономикалық, саяси және әлеуметтік
жағдай;
2. Исламға дейінгі Араб түбегіндегі жағдай;
3. Пұтқа табынушылық
Лекция мақсаты: Білім алушыларға исламға дейінгі азғындық, надандық
дәуіріндегі бүкіл әлем мен арабтардың саяси, әлеуметтік және діни жағдайы
турасында мәлімет беріледі.
Лекция мәтіні
1. Ислам дінінің пайда болуына дейінгі экономикалық, саяси және
әлеуметтік жағдай
Ислам дінінің дүниеге келуі кезеңінде Иранның иесі Сасаниттер болатын. Әлгі
елдің Шығысы мен Солтүстігінде түркілер, Батысында Шығыс римдіктер
орналасқан еді. Осы дәуірде бір-бірімен бәсекелес болған Иран мен Византия
арасында бітіспен шайқастар болып жатты. Сол бір кезеңде парсылар
Византияны жеңіп, Сирияны басып алып, Анатолияны талан-таражға түсірген.
Тіпті Византия империясы ирандықтарға жылына 30 000 алтын салық төлеп
тұруға мәжбүр болған. Араб түбегінің Оңтүстігіндегі Иемен өлкесі де
ирандықтардың қол астына өткен кезең де болған. Ислам дүниеге келуінен
бұрын Иран шахы Хұсрау Первиз Сирия мен Иеменді басып алған болса да,
исламның алғашқы жылдарында Византия императоры Гераклиус оны қайтарып
алды. Кейінгі кезеңдерде Иранда тақ таласы бастарып, бір-бірімен алауыз
ағайындар мемлекеттің іргесін шайқалтты. Исламның дүниеге келуінен бұрын
парсы халқы әдепсіздік әдетке былыққан, елде әлеуметтік тәртіп бұзылған
еді. Ирандықтар жәй халық және тектілер деген сатылардан тұратын. Жәй
халықтың саны басым екендігі қалыпты жағдай. Иранның исламнан бұрынғы ресми
діні Зороастризм болатын. Осы дінді ұстайтындар отқа табынумен ерекшеленді.
Иранның саяси бәсекелесі Византия келер болсақ, исламның дүниеге
келуі жылдарында ыдырау үстінде тұрған. Осы сәтте императордың бас
қолбасшыларының бірі Герклиус тақты императордан тартып алып, мемлекеттің
іргесін бекітті, Иранның қол астына қараған Сирия мен Таяу Шығысты қайта
қолына алды. Бұл елдің ресми діні христиан діні еді. Десек те олардың
ұстайтын діндері бастапқы қалпынан бұзылып заман талабын қанағаттандыру
дәрежесінде емес болатын.
Ескі копт мәдениетін өртеп, халқын қырып жойып римдіктер Мысырға
басып кіргені әлем тарихынан аян. Исламның дүниеге келуі тұсында мұнда
Визанияға вассал Мукавкис билік жүргізетін. Мұнда да әлемдегі құлдырау,
азғындық, әділетсіздік белең алған.
2. Исламға дейінгі Араб түбегіндегі жағдай
Араб түбегі семит тобының бесігі ретінде белгілі. Осы арабтар
ислам дінінің дүниеге келуі қарсаңында түрлі тайпалар мен саяси күштердің
әлеуметтік жағдайы мен қуатына сүйенген. Осы жердегі жергілікті халық түрлі
әулеттен құралған көшпелі (бәдәуи) және отырықшыл (хадари) тайпалар болып
бөлінетін. Араб түбегінің климаты құрғақ, диқаншылыққа қолайсыз болуына
орай халықтың саяси, діни тұтастығы болмай, қуатты мемлекетті арабтар құра
алмады, олар бытыраңқы өмір кешті.
Исламнан бұрын надан арабтар Аллаһтан өзге пұтқа табынатын, оны құдай
мен адам арасында дәнекер деп танитын, оған құрбандық шалатын. Күштілердің
әлсіздерді қанау, құлдыққа айналдыру қалыпты жағдайдағы әдет саналған. Әйел
затының қоғамда хұқығы болмады, қыз балалар дүниеге келсе оны тірідей жерге
көму дәстүрі де етек алды. Қысқаша қайырар болсақ исламнан бұрын арабтар
әбден рухани түрде азғындаған болатын.
Араб түбегі (Жазирату-л-араб) немесе Арабстан атауының шығу тегі
зерттеушілер арасында шешімін таппаған тақырып. Кейбір филологтардың
пікірінше осы атауды тапқан – арабтар.
Арабтардың ата жұрты және исламның бесігі болып табылатын Араб түбегі
Азия континентінің оңтүстік батысында орналасқан. Шығысында Парсы шығанағы,
Оман шығанағы, батысында Қызыл теңіз, солтүстігінде Ирак, Сирия,
оңтүстігінде Аден шығанағы мен Араб теңізі орналасқан түбек. Кейбір
географтардың пікірінше, кең мағынада, Сирия мен Ирак та Араб түбегіне
жатады. Шығыс арабтарының мекені жоғарыда аталған аймақ. Арабтардың түп
отаны, семит тобының бесігі бүгінгі Сауд Арабстаны мен Иеменнің біршама
аймағы деп саналады.
Үш жақтан теңізбен қоршалған Араб түбегі – маңызды географиялық
аймақ. Ежелгі дүние дәуірінде аталған түбек материктер мен континеттер
арасындағы орталық нүкте болып есептелген. Түбектің осы ір географиялық
орнығуы жергілікті халықтың әлеуметтік, экономикалық құрылымына елеулі әсер
етті, яғни сауда-саттық, туризм, диқаншылық пен малшылық Арабстан
экономикасының күре тамыры саналған. Мекке мен Қағба – экономикалық
ахуалдың басты тірегі, ал тау аңғарлары, көгалдар, жайылым жерлер мен аз
мөлшердегі су көздері негізінде қалыптасқан диқаншылық пен малшылық та
маңызды орынды иеленді.
Араб түбегінің маңызды орындарының бірі болған Мекке – арабтар үшін
қасиетті мекен болған. Әуелден бері қала болуын қамтамасыз еткен Қағба
Меккенің сауда орталығы және зиярат орны болуына көп септігін тигізді.
Риуаяттарға қарағанда ежелгі дәуірде аталған Қағбаны Ибраһим мен Исмаиль
пайғамбарлар Аллаһқа құлшылық жасау үшін тұрғызған. Десек те заман өте келе
Қағбаның ішіне пұттар толтырылған.
Қаланың басқармасы ақсақалдар алқасының қолында болды. Әйтсе де
қаладағы елеулі қызметтердің бірі Құсай әулетінің қолында болған.
Аднанилердің бір тармағы – Құрайштар осы қалада мекендеді. Хазіреті
Мұхаммед осы тайпаның өкілі еді.
3. Пұтқа табынушылық
Жоғарыда баяндағанымыз сияқты Аллаһқа ғибадат жасау үшін Ибраһим мен
Исмаиль пайғамбарлар тарапынан тұрғызылған Меккедегі Қағба Араб түбегінің
қасиетті орны болған. Исламнан бұрын да арабтар оған қажылыққа келетін.
Десек те оның ішіне заман өте келе қолдан жасалған пұттармен толтырылды.
Қағбаға зиярат жасайтын алыстан келген зияратшыларға Мекке халқы қызмет
көрсететін. Осы қызметтің көпшілігі Құсайдан тараған ұрпақтардың үлесінде
еді. Бұл қызметтер сол заманғы арабтар үшін өте абыройлы іс саналатын. Осы
қызметтердің қатарына мыналарды жатқызуға болады.
Араб пұттарының үш түрлі аты болды: Санем, Уасан және нусуб. Десек те
пұттардың ең үлкені Хубал болатын. Адам пішіміндегі қызыл түсті асыл тастан
жасалған оның кейіннен бір қолы сынып, кейіннен алтыннан бір қол
жасатылған. Пұттардың үлкені саналатын ол Меккеде, қағбада сақталатын.
Арабтарда пұтқа табынудың жайылғаны соншалық, сыйынатын жерлердегі пұтқа
қанағаттанбай, үйінде де табынатын.
Араб тайпаларының пұттары түрліше болған. Мәселен, Лат пұты Тайфта
орналасқан, оған Сақыф тайпасы табынатын. Ал Ұзза пұтына келер болсақ,
Меккеде орналасқан және оған көбінесе Қинана мен Құрайш тайпалары табынған.
Әус, Хазреж және Ғассан тайпалары табынатын Манат пұты Ясрибде орналасқан.
Бақылау сұрақтары:
1. Исламға дейінгі Византия және оның діні мен мәдениеті
2. Ислам діні дүниеге келгенге дейінгі Иран мемлекеті жіне оның діні мен
мәдениеті
3. Исламға дейінгі арабтардың саяси және экономикалық жағдайы
4. Исламға дейінгі арабтардың діні мен мінез құлқы және әдет ғұрпы
5. Исламға дейінгі арабтар табынған пұттар
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі :
1. Грюнебаум Г. Классический ислам М., 1986
2. Ислам: историографичесий очерки. М., М., 1991
3. Конрад Н.Н. Запад и восток. М., 1966
4. Крывелев И. История религии в 2-х томах. М., 1988т.2.
5. Мец А. Мусульманский ренессанс М., 1993
6. Панова В.Ф., Вахтин Ю.Б. Жизнь Мухаммеда. М., 1991
7. Саидбаев Т. Ислам и общество. М., 1984
Қосымша:
1. Джебран Халиль. Пророк. М. 1989
2. Бартольд В.В. Ислам и культура мусульманство. М., 1992
3. Жданов Н.В., Игнатенко А.А. Ислам на пороге ХХІ века. М., 1989
4. Ислам: образ жизни и стиль мышления. Н., 1990
5. Мюллер А. История ислама от основания до новейшей времени. С-Петербург.,
1985
6. Шах И. Суфизм. М., 1994
2 лекция
Исламның негізін қалаушы – Хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірі мен қызметі
1. Хазіреті Мұхаммедтің дүниеге келуі;
2. Алғашқы уахи;
3. Пайғамбарлықтың Мекке кезеңі;
4. Пайғамбарлықтың Медине кезеңі.
Лекция мақсаты: Білім алушыларға ислам дінінің ардақты пайғамбары –
Хазіреті Мұхаммедтің өмірі мен өміріндегі қызметі турасында мәліметтер
беріледі.
Лекция мәтіні (қысқаша)
1. Хазіреті Мұхаммедтің дүниеге келуі
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) 570 (571) жылы яғни піл жылы рабиу-л-әууәл
айының 12-жұлдызына қараған дүйсенбінің таңында дүниеге келді. Әлем
Хазіреті Мұхаммедтiң дүниеге келуімен адамзат еш көрмеген және көре
алмайтын зор төңкеріс пен надандықтан құтылу дәуіріне кірді. Адам баласының
рухын қарайтып кірлеткен ахлақсыздық, зұлымдық пен надандық тәрізді адамды
хайуаннан да төмен түсіретін жамандықтар ортадан айыға бастады. Сонымен
қатар Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) туылғанда Кисра сарайының 24 діңгегі
құлағанын, Мәжусилердің оттары сөнгенiн және Сәуә көлі құрғап кеткенiн
тарихи жазбалардан бiлемiз.
Хазiретi Мұхаммедтiң әулеті Құрайш руының Хашим ұлдарынан еді. Оның
жанұясы тұрғысынан өз ішінен абзал отбасынан болатын. Әкесі - Абдуллаһ,
шешесі - Әмина. Дегенмен, Хазiретi Мұхаммедтiң туылуынан 2 ай бұрын әкесі
Абдуллаһ, 6 жасында шешесі Әмина қайтыс болған. Жас Мұхаммед 8 жасына дейін
атасы Әбдiмүттәлiптiң қолында қалды. Құрайштың белдi ақсақалдары саналатын
Әбдiмүттәлiп адамгершiлiгi мол, жомарттығымен, мәрттiгiмен аты шыққан,
сабырлы, ақылды, түсiнiгi мол жан болған. Немересi Мұхаммедтi қайда барса
қасынан тастамай алып жүрдi. Әбдiмүтәлiп милади* 578 жылы сексеннен асқан
шағында мәңгiлiкке көз жұмды. Мұхаммедтi (ғ.с.) немере ағасы Әбу Тәліп
жанына алды. Хазiретi Мұхаммедтiң осылайша балалық шағы тап-таза және
жетімдікпен өтті. Оның жасөспірімдік, бозбалалық, бойдақтық және үйлі
барандық өмірі де ешкімге нәсіп болмаған үлкен абыройлықпен өтті. өмірінде
ешбір өтірік айтпады, айлакерлік істемеді. Оны дос-дұшпандары Мұхаммеду-л-
Әмин (сенімді Мұхаммед) деп атайтын болды.
Ол 25 жасында намысты және бай жесір әйел болған 40 жастағы Хадиша
анаға үйленді.
Хазiретi Мұхаммедтiң 3 ұлы, 4 қызы болған. ¦лдары: Қасым, Абдуллаһ,
Ибраһим, ал қыздары: Зейнеп, Руқия, үммү Гүлсім және Фатима.
Балаларынан Ибраһимнен басқалары осы Хадиша анадан туылған. Алайда
балаларының Фатимадан басқалары Хазiретi Мұхаммедтiң тірі кезінде қайтыс
болған.
2. Алғашқы уахи
Бiздiң эрамыздың 610 жылы Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) 40-қа толған тұста
Хира үңгірінде ұлы Аллаһ тарапынан алғашқы уахи келдi. Жәбiрейіл хазiретi
Мұхаммедке көрініп;
- Оқы! - деді.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) қатты үрейленiп,
- Мен оқи алмаймын! Оқу білмеймін!, - деді.
Періште әмірді қайталады. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) тағы да:
- Оқу білмеймін!, -деп жауап берді. Періште қатты құшағына қысты.
Сонда Хазіреті Мұхаммед:
- Нені оқиын? - деп сұрады. Сол кезде періште алыстан естілген
дауыстың ең тәтті ырғағымен мыналарды оқыды:
"Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол, адам баласын ұйыған қаннан
жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен. Ол, адамзатқа
білмеген нәрсесін үйреткен" (Алақ 1-5).
Алақ сүресінің бастапқы бес аяты - Хазiретi Мұхаммедке алғаш уахи
болған аят. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) бұларды жүрегіне тоқып, періштенің
үніне ұйи ілесіп дәл оқыды да, бөгелместен үйіне қайтты. Осылайша, адам
баласына адамгершілік нәрін таттыратын ислам дінінің күні туылды.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) уахи келгеннен бастап алғашқы 3 жыл бойы
ислам дінін құпия түрде жайды. Кейін Аллаһтың әмірімен халықты тура жолға,
бейбітшілікке, ислам дініне ашықтан-ашық шақыра бастады.
3. Пайғамбарлықтың Мекке кезеңі
Алғаш ислам дінін қабылдағандар Хазiретi Мұхаммедтiң жан жары - Хадиша,
азат етілген құлы - Зейд, 5 жастағы немере інісі - Әли және жан досы - Әбу
Бәкір Сыддық болды. Әбу Бәкірдің нұсқауымен Осман бин Аффан, Абдурахман бин
Ауф, Саад бин Әбу Уаққас, Зүбейір бин Аууам, Тальха бин үбейдуллаһ т.б.-лар
мұсылман болды.
Бірақ саналары надандыққа шырмалып, азғындаған дін дұшпандарының Мекке
қаласында 12 жыл бойы ардақты Мұхаммед пен Меккелік мұсылмандарға жасамаған
қастандығы жоқ-тын. Мүшріктер* Әбу Бәкір, Осман сияқты мықты, дәулеттi
адамдарға еш нәрсе дей алмай, Бiләл Хабаши, Аммар бин Ясир (әкесі Ясир мен
анасы Сүмеййе), Сүһейб бин Руми, Хаббаб бин Ерат, Әбу Фүкейһа т.б. сияқты
жоқ-жітік, әлсіз мұсылмандарға жан түршігерлік қорлықтар көрсетті. Оларды
аш, сусыз қалдырды, ұрып-соқты, ыстық құмның үстіне жатқызды, кеуделерiне
тас бастырып, қатты азапқа салды. Осыған байланысты алғашқы мұсылмандардан
біршамасы Хабашстанға (Эфиопия), христиан еліне көшуге мәжбүр болды.
Мұсылмандар 615 жылы 11 ер мен 4 әйел болып бір дүркін, және 617 жылы
83 ер мен 20 әйелдік екінші дүркін болып Хабашстанға көшті. Хабашстан
патшасы Нажжаши барған мұсылмандарды жақсы қарсы алған.
Тіпті Меккеде мүшіріктер Хазiретi Мұхаммедтiң руы Хашим ұлдарымен қарым-
қатынас жасауды үзу туралы бір-бірімен анттасты. Бірақ олар Хазiретi
Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың құдайдың мiнтетiн орындауына кедергi бола
алмады. Ол Меккеге келген рулармен кездесіп, оларды исламға шақырып отырды.
Указ, Мәжәннә және Зүлмежаз атты жәрмеңкелерге барып тұрды, сол жерде
кездескен адамдарға Құран оқып беріп, исламды таратуға тырысты. Құранның
өрескел кереметi, адамға тартымдылығы көптеген адамдарды мұсылман еттi.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) өзіне жүктелген міндетті атқару үшін, тынбай
адамдарға исламды түсіндірді. Тіпті шөл далаға шығып, ондағы тайпаларды
исламға шақыратын. Ал Мекке мүшріктері де, Хазiретi Мұхаммедтi жамандап,
Меккеге келген адамдарды исламнан шошытуға тырысты.
Миғраж. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) Меккеде болғанда Аллаһтың бұйрығымен
Меккеден Құдысқа көтерілдi. Одан Жебiрейл періштенің бастауымен, Ақса
мешiтiнен Миғражға көтерілген.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) бірінші қат көкте Хазіреті Адаммен, екінші қат
көкте Хазіреті Яхия және Хазіреті Исамен, үшінші қат көкте Хазіреті
Жүсіппен, төртінші қат көкте Хазіреті Ыдырыспен, бесінші қат көкте Хазіреті
Һарунмен, алтыншы қат көкте Хазіреті Мұсамен, жетінші қат көкте Хазіреті
Ибраһиммен кездесті. Сол арадан Сыдырату-л-Мұнтаһаға жетті. Миғражда ұлы
Аллаһ, Хазiретi Мұхаммедке үш нәрсе сыйлаған:
1. Бақара сүресінің соңғы екі аяты;
2. үммбеттеріне Аллаһу Тағаланың жәннатқа кіруін сүйіншілеу;
3. Күніне бес уақыт намаз оқу.
Миғражда Хазіреті Мұхаммедке он екі бұйрық берілді. Құран Кәрімде бұл
бұйрықтар Исра сүресінің 22-38-ші аяттары аралығында қамтылған. Олар:
1. Аллаһтан басқаға құлшылық жасамау;
2. Ата-ананы құрметтеу және оларға бағыну;
1. 3.Туыс-туғанға, жоқ-жітікке, жолаушыларға және қорғансыздарға көмектесу;
2. 4. Ысырап жасап мал-мүлкті орынсыз жерге жұмсамау;
3. 5. Балаларды өлтірмеу;
4. 6. Зинақорлық жасамау;
7. Жазықсыз адам өлтірмеу;
5. 8. Жетімдерге, қорғансыздарға қорған болу;
6. 9. Уәдеде тұру;
7. 10.Таразыны тура тарту, таразыдан жемеу;
8. 11. өзің білмеген нәрсенің соңынан түспеу;
9. 12. Жер бетінде тым асқақ кетпеу.
4. Пайғамбарлықтың Медине кезеңі
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пен меккелік мұсылмандар 622-ші жылы құдайдың
жазуымен Меккеден Мединеге (Ясриб) көшті. Мединеліктердің көбі ислам дінін
қабылдады. Осы берекелi қала алғаш ислам қоғамы болып қалыптасқан қала
болып, тарихта өшпес атын қалдырған. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) осы бiр
мекенде 10 жыл пайғамбарлығын жалғастырды. Алайда Медине қаласында да
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пен Мұхажир (қоныс аударушы), Ансар (көмектесуші)
мұсылмандардың көретiн тауқыметi мен қиыншылығы әлi алда болатын.
Мұсылмандарға меккелік мүшіріктер, көршілес араб тайпалары мен мединелiк
яһудилер қысымшылық, кемсітушілік, зорлық көрсете бастады. Мұсылмандарға
тыныш, бейбітшілікте өмір сүру арманға айналып бара жатты. Сонда да
Хазiретi Мұхаммед: бізге соғысуға рұқсат берген жоқ- деп, сабырлықпен
соғысқа тыйым салды. Дегенмен құдайдың рұқсатымен қысым көрсеткендерге
қарсы тойтарыс беруге ғана рұқсат етілді. Сонымен мұсылмандар ішкі
(мұнафықтар мен яһудилер) және сыртқы (мүшіріктер) жауларымен қандай
қиыншылық болса да күресiп бақты. Мұсылмандар Мединедегi ішкі жауларының
бірі Қайнұқа, Бәни Нәзір, Құрайза яһудилерімен соғысты, оларды жеңді және
сыртқы жаулары меккелік Құрайш мүшіріктеріне, Бәни Хауазин, Бәни Сақыф
рулары мен сириялық христиан арабтарға өздерінің аман қалулары үшін қарсы
тұрды. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пен оның сахабалары (Аллаһ олардың
барлығына разы болсын) қаншама қиыншылықтарды басынан кешіре отырып,
өздеріне қауіп төндірген жауларымен күрестi, барлығын да құдайдың
қолдауымен сәттілік және үлкен абыроймен жеңіп отырды, Бәдiр, Ұхұд, Хайбар,
Хандек, Мұте, Хұнайн соғыстары тарихтан белгілі.
Мұсылмандық найзаның ұшымен, бiлектiң күшiмен, яғни соғыс арқылы
таралған жоқ, жоғарыдағы баяндалған соғыстар шарасыздықтан туған оқиғалар.
Керiсiнше ислам дiнi уағыз-насихат, бейбiтшiлiк пен келiсiм, түсiнiстiк,
көркем мiнез бен жоғары адамгершiлiк, қайрымдылық пен мейрiмдiлiк және
бауырмалдық арқылы таралған. Мүшіріктермен жасалған Хұдайбие келісімінен
кейін, сол аралықтағы бейбiтшiлiк уақытты пайдаланып, Хазiретi Мұхаммедтiң
(ғ.с.) исламды шартарапқа шеберлікпен тарата білуi соның айғағы. Тіпті
ардақты пайғамбар Византия, Мысыр, Хабашстан, сасаниттік Иран және алыстағы
араб тайпаларына исламға шақыру хаттарын жөнелтті. Көршілес тайпаларға
исламды түсіндіретін ұстаздар жібердi. Хазiретi Мұхаммедтiң асыл мiнезi мен
ибалы әдебiнен үлгi алған ұстаздар (мүршид) және әз Мұхаммед жүрiс-
тұрыстарымен, жылы сөздерiмен мұсылмандықты қалың араб халқына мойындатты.
Олар надан халықтың жүрегіне адамгершiлiктiң, көркем мiнездiң,
бейбiтшiлiктiң және кешiрiмдiлiктiң ұрығын септi. Исламды оңайлатты,
қиындатпады, сүйіндірді, үркітпеді. Адамдармен сүйіспеншілік, кешірімділік
қатынаста болды. Ісінде және сөзінде өзінің мейрімділік пайғамбары екенін
көрсеткен Хазiретi Мұхаммедтiң (ғ.с.) осындай уағызы арқасында Меккені
соғыссыз алды. Ондағы қарсылық пен зұлымдықты, надандық пен тұрпайылықты
күшінен қалдырды, дүниені білімге, әділетке, ақиқатқа және бақытқа
қауыштырды.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) Меккеге жасаған қажылығында үмбеттеріне
қоштасу құтпасын оқыды. Осы қоштасу құтпасы деген атпен ислам тарихына
енген пайғамбардың үндеуi барша мұсылмандарға, күллi адамзатқа мәңгi
өшпейтiн өмiр өлшемi секiлдi.
Бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахим.
Ей адамдар!
Айтқаныма зер салыңдар. Бәлкiм биылдан соң сендермен бұл жерде
жүздеспейтiн шығармын.
Халайық!
Бүгiнгi күн, осы ай, мына қала (Мекке) қаншалықты қасиеттi болса, мал-
жандарың, ар-намыстарыңыз да да соншалықты қасиетті, зорлық атаулыдан
қорғалған.
Сахабаларым!
Раббыларыңмен қауышатындықтарың хақ және осы дүниедегi бүкiл амал-
әрекеттерiңiз үшiн жауап беретiнiңдерiң де бiлiңдер. Мен орталарыңнан
кеткеннен кейiн баяғы бiтпейтiн ұрыс-керiске, дау-дамайға қайта бой
алдырып, бiр-бiрiңнiң қандарыңды жүктеушi болмаңдар. Осы өсиетiмдi
естiгендер естiмегендерге жеткiзсiн. Бәлкiм естiмеген адам бұл жерде менiң
осы сөздерiме куә болып естiген адамнан да жақсы түсiнiп, жадында сақтауы
мүмкiн.
Сахабаларым!
Қолдарыңды әлдебiреудiң аманат болса, қылдай қиянат жасамай, басы
бүтiн иесiне табыстасын. Пайыздық, өсiмнiң барлық түрiне тиым салынды. Тек
нақты қарызды қайтарған жағдайда, басқаға зұлымдық жасамайсыңдар, әрi
өздерiң де зұлымдық көрмейсiңдер. Аллаһтың әмiрiмен бұдан былай өсiммен
пайда табуға тиым салынды. Надандық жайлаған қараңғы кезеңiнен қалған бұл
әдет мұнан былай жойылуға тиiс.
Ей халқым!
Қараңғылық кезеңiнен қалған қан дауына да осы жерде нүкте қойылды.
Бiрiншi болып атам Әбдiмүтәлiптiң немересi, немере ағайыным Рабияның қан
дауын жойдым.
Ей жарандар!
Бүгін шайтан сендердiң топырақтарыңда қайта үстемдік құра алмайды.
Бірақ сендер қалдырған мирасымнан басқа қандайда бір ұсақ-түйек істерде
оның алдауына түсетін болсаңдар, соның өзі оны қуантады. Дініңді қорғау
үшін бұлардан сақ болыңдар!
Ей адамдар!
Әйелдердің хақын қорғауыңларыңды және осы мәселеде Аллаһтан
қорқуларыңды ұсынамын. Сендер әйелдерді Аллаһтың аманаты ретінде алыңдар,
олардың ары мен намыстарын Аллаһтың атына сөз беріп, қабылдап, жар
еттіңдер.
Сендердің әйелдерде хақтарыңның болуы сияқты, олардың да сендерде
хақтары бар. Сендердің әйелдердегі хақтарың: ол отбасын сендердің қандайда
бір жақтырмаған бөгде адамдарға таптатпауы тиіс.
Ей мүміндер!
Сендерге бір аманат тапсырып барамын. Егер оған берік болып,
айырылмасаңдар ешқашан адаспайсыңдар. Ол аманат - Аллаһтың кітабы Құран.
Мүміндер сөзімді мұқият тыңдап, жадыңа сақтаңдар! Мұсылман мұсылманға
бауыр, сондықтан да мұсылмандар бір-бірімен туыс, бауыр. Діні бір
бауырларымыздың қандай бір хаққына қиянат етсеңдер, егер өзі жан
ризашылығын білдірмесе, ол сендерге арам саналады. өйткені жанның да
сендерде хаққы бар.
Ей, адамдар!
Аллаһ Тағала, әрбір жанға Құранда хақ берген. Мұрагерге өсиет етудің
қажеті қанша... Бала кімнің төсегінде пайда болса соған тән. Зина
жасағандар Аллаһтың рахметінен махрұм қалады. Әкесінен басқа қаннан тудым
дегендер тексіз немесе Аллаһтан басқа бұтқа табынғандар опасыз, Аллаһтың
азабына, періштелердің наласына, сонымен қатар барлық мұсылмандардың
қарғысына ұшырасын! Аллаһ Тағала, мұндай адамдардың тәубесін де, әділет пен
куәліктерін де қабылдамайды.
Ей, адамдар!
Жаратушымыз бір, бабаларың да бір, бәрің Адам атаның баласы болып
табыласыңдар. Адам ата топырақтан жаратылған. Аллаһқа ең көп құрмет
көрметкендерің Аллаһ тарапынан ең қадірлі, құрметті орынға ие боласыңдар.
Араб ұлтының басқа ұлттардан ешқандай артықшылығы жоқ. ¦лттың ұлттан
артықшылығы Аллаһқа деген құрметімен өлшенеді.
Ей, адамдар!
Ертең мені сендерден сұрайды. Сонда не деп жауап бересіңдер?
Сахабалар: - “Аллаһтың алдындағы елшілік міндетін орындады, бізге
өсиет, уағыз-насихат айтты” дейміз, - деп жауап берген кезде Хазiретi
Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар сұқ саусағын көкке көтеріп, кейіннен жиылған
топқа қарай төмен түсіріп, былай деді: Куә бол ей, жаратқан ием! Куә бол
ей, жаратқан ием! Куә бол ей, жаратқан ием!
Сосын бұл құтбадан кейін:
Бүгін діндеріңді толықтырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ
сендерге ислам дінін қоштап, ұнаттым (Мәидә, 3) – деген аят түскен.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) 63 жасында Аллаһтың рахметіне бөленіп,
һижри* 11, милади 632 жылы раби-у-л-әууәл айының 12-күні дүйсенбіде (милади
8-маусым) Мединеде қайтыс болды.
3 лекция
Араб еліндегі басқарулар
Лекция мақсаты: Хазіреті Мұхаммед пайғамбар өлімінен соң ислам тарихында
хулафа Рашидин (әділ халифалар) атымен танымал болған пайғамбардың жақын
серіктері - Әбу Бәкір, Омар, Осман және Алидің халифалық құрған дәуірлері
қамтылады.
Лекция мәтіні (қысқаша)
1. Төрт халифа кезіндегі ислам
Әбу Бәкір халифалығы (632-634 ж.ж.)
Ансарлар пайғамбар қайтыс болған күні Бәни Сайда шатырына жиналды. Әус
пен Хазреж тайпалары Саад бин Убаданы халифа болуға лайықты деп тапты.
Қартайып, науқастанып жатқан Саад бин Убада өзге де мединелік мұсылмандарға
ұқсап, халифалық ансарларға тиесілі екендігін жақтап, мемлекетті басқаруға
келісімін берді. Десек те осы жиынға аз мөлшерде қатысқан мұхажирлердің
ұсынысы және бірнеше тартыстан соң жиын Әбу Бәкірдің халифа болып
сайлануымен аяқталды. Бұған сол жердегі және кейіннен мұсылмандардың
барлығы дауыс беріп, биат етті.
Иртидат-иртижа әрекеттері. Иемен, Оман, Бахрейн және өзге жерлердегі
зекет қызметкерлері Мединеге келіп, пайғамбар өлімінен соң араб тайпалары
арасында болған бас көтерулер – иртидат және иртижа әрекеттері туралы хабар
берді.
Оманда Езд тайпасынан Лакид ибн Малик, Бәни Әсәд тайпасының көсемі
Тулейха бин Хуейлид (Ғатафан, Хауазин және Тай тайпалары да оған қосылған),
Иеменде Мүсейлеме бин Хабиб, Бәни Тамим тайпасында Сежах (әйел) өздерінің
пайғамбар болғандарын жариялады. Көбінесе Халид бин Уалид басшылығындағы
мұсылман қолы мүртедті тас-талқан еткен. Олардың ішінен Тулейха ислам дінін
қабылдап, Ирак соғысына қатысқан.
Әбу Бәкір дәуіріндегі жасалған жорықтар
Иракқа жасалған жорықтар. Иртидат еткендерді үлкен сәттілікпен жеңген Әбу
Бәкір бас қолбасшы ретінде Халид бин Уалидті тағайындап, көрші өлкелерге
жорықтарды бастады. 18 000 әскермен Халид бин Уалид Ирак қыстақтары –
Банкияны, Берсумені бағындырды. Сонымен қатар Басра аймағындағы Қазима
алқабында осы өлкенің ирандық қолбасшысы Хурмуз әскерімен ұшырасып, Сасани
әскерін талқандады, ал Хурмуз шайқаста мерт болды. Осы шайқастан соң
мұсылмандар Басра аймағындағы жаңа келген Сасанит әскерімен шайқасып, онда
да жеңіске жетті.
Халид бин Уалид Ахбар өлкесіндегі қамалдарды алып, Айну-т-Тәмрдегі
арабтың Тәмр, Тағлиб және Иад тайпалары әскерімен ұшырасты. Кескілескен
шайқастан соң Халид осы өлкемен қоса Акканы да алды. Сонан соң Думату-л-
Жандалдағы араб тайпалары қолын да талқандап 14 айлық жорықтан соң Хираға
оралды.
Сирия жорықтары. Халифа Әбу Бәкір сасаниттерге қарсы жорыққа қолбасшы
ретінде Халид, Мусанна, Ииазды тағайындаған кезде, Амр бин Ас, Әбу Убайда
бин Жаррах, Язид бин Әбу Суфиян, Шурахбиль бин Хасаналарды Византияға
жасалатын жорықтың қолбасшылары ретінде тағайындаған болатын.
634 ж. Мұсылман әскерлері мен император Геракль бастаған Византия армиясы
Ярмукта кездесті. Мұсылман қолына Иракта жеңіске жеткен Халид бин Уалид
армиясы да қосылды. Кескілескен Ярмук соғысынан соң жеңіс мұсылмандар
жағында болды.
Омар халифалығы (634-644 жж.)
Омар Әбу Бәкірдің өсиеті, мұсылмандардың ант беруі бойынша халифа болып
сайланды.
Иран және Иракқа жасалған жорықтар. Әбу Бәкір заманында Иракқа жасалған
шапқыншылықты Халидтен кейін Мусанна бин Хариса жалғастырды. Мусанна Хирада
бас штабын құрып, Шахриар қолбасшылығындағы Иран жасағымен Вавилон
маңайында кездесті. Кескілескен шайқастан соң, Иран армиясы талқандалды.
Мұсылмандар Сасаниттер астанасы Медаинге дейін жақындады.
Мусанна Хираға оралып, хал үстінде жатқан Әбу Бәкірге кеткенімен, жаңа
сайланған Омармен кездесті. Омар Әбу Убайд басшылығындағы бір армияны
Иракқа жөнелткен болатын. Сасаниттердің билігін өз қолына алған патшайым
Азер Мидхат мұсылмандарға қарсы әзірлеген жасақты Рустемге тапсырған.
Шайқаста жеңіс мұсылмандарға тиесілі болып, Рүстем әскерімен айрылды.
Алайда Pүстем әскерінің жеңілуіне орай Бехмен Жазуия қолбасшылығындағы жаңа
бір жасақ Сасаниттер тарапынан жіберілген болатын. Әбу Убайд басшылығындағы
мұсылман армиясы шабуыл жасаған кезде, ирандықтар жауға қарсы пілдерді
айдап жіберуімен, мұсылман әскерлерінің аттары мен түйелері үркіп, әскер
бытырай бастады. Арқа жақтағы Ефрат өзенінің көпірі қиратылғандықтан
мұсылман әскері суға батты, Мусанна қаза тапты.
Қадисия шайқасы (637 ж.). Көпір оқиғасынан соң Саад бин Әбу Уаққас
басшылығындағы мұсылман армиясы Куфаға 30 км. жақын Қадисияда штаб құрды.
Сасаниттер басшылығы Рүстемді бас қолбасшы етіп тағайындап, соғысқа 120 000
әскерді аттандырды.
Иран шахы Иаздужард Омардың елшілерін кері қайтарып, соғыстың болуы
міндетті болды.
Омар мұсылман армиясына Қақа басшылығындағы қосымша күш жіберді., сонда
мұсылман жасағы 45 000-ға жетті. Шайқас 4 күнге жалғасты. Мұсылмандар соңғы
күні шабуылға шығып, Иранның ордасына дейін жетті, Хилал бин Алқама
Рүстемді өлтірді. Ирандықтардың 10 000-дай әскері жер құшты.
Жеңістен соң жараланғандар мен әйелдерді біршама әскермен Қадисияға
қалдырып, Саад бин Әбу Уаққас Вавилонға сапар шекті. Қадисия соғысы
алаңынан қашқан Иран әскерлері мен қолбасшылары осы жерде жиналған еді.
Мұнда да парсылар жеңіліп, бір бөлігі Ехразға, бір бөлігі Нихавендке қашты.
Біршама уақыт Вавилонда тұрақтағаннан соң Саад бин Әбу Уаққас Медаинді алу
үшін Иранның ішкі өлкелеріне ілгеріледі. Жалула да (637 ж.) мен Қадисия
шайқасынан соң Медаин оңай алынды.
Нихавенд шайқасы (642 ж.)
Парсылар мұсылмандардың жаулап алған жерлерін қайтару үшін қатты
дайындалды. 150 000-нан астам үлкен қолға қолбасшы ретінде Мардан шах
тағайындалды. Куфа уалиі Аммар бин Ясирдің хабар беруімен Мединеден Нұғман
бин Муқаррин басшылығымен мұсылман армиясы Исфаханға дейін келді. Осы жерде
Иран әскерімен кескілескен шайқас болып, соңында мұсылмандар жеңіске жетті.
Бұл шайқас тарихта Фатихтер фатихы атымен танымал. Өйткені Сасаниттер
мұнан соң мұсылмандарға қарсы әскер жасақтай алмады. Нихавенд шайқасынан
қашқан парсы әскерлерін Хамаданға дейін Нуғайм мен Қақа қуып барып
талқандады. Сонан соң мұсылмандар 643 ж. Әзірбайжан мен Табаристанды алды.
Хорасан мен өзге жерлерді жаулау (644 ж.). Хорасанды паналаған Иездужерд
мұсылмандарға қарсы әскер жасақтауды жоспарлаған болатын. Сондықтан Ахнеф
бин Қайс Хорасанға жіберілді. Ол Гератқа дейін келіп, Мерву-ш-Шахжанға бет
алды. Иездужерд Мерву-р-Румаға қашты, түрік қағаны мен Қытай императорынан
көмек сұрады. Парсы шахын қуалаған Ахнеф Балхты алды. Иездужерд Амудариядан
өтіп, түркілерді паналады, бірақ халифа Ахнефтің өзеннен өтуіне тиым
салуына орай шахты қудалау тоқтатылды.
Византияға шапқыншылық
Шам (635 ж.) мен Құдысты алу (637 ж.). Ярмук шайқасынан соң Халид бин
Уалид, Әбу Убайда және Амр бин әл-Ас қолбасшылығымен мұсылман әскері 635
жылы Шамды алды. Одан өзге Византиялықтармен бірнеше шайқастарда оларды
жеңіп шықты: Маржу-р-Румды (635 ж.), сонан соң Хымысты (635 ж.) Лазкиены
(һ.15 ж.), Киннерсинді ( һ. 15 ж.), Халебті (һ. 15 ж.), әл-Жазираны (һ. 15
ж.), Ажнадайнды ( һ. 13 ж.) алды.
Мысыр мен Александрияның алынуы
Халифа Омар Амр бин Асты Мысырды жаулауға бас қолбасшы ретінде
тағайындап, мұсылман әскері бастапқысын Фереманы алудан бастады. Копттар
мен гректер арасындағы араздықтың нәтижесінде Ферема оңай алынды, одан соң
Билбис, Иунан қамалдары қоршалды. Омар Мысырға Миқдад бин әл-Әсуад пен
Убада бин Самат басшылығындағы үлкен қолды жіберді. Мұсылмандар аз уақыттың
ішінде (640 ж.) Мысырды алды.
Мысыр патшасы Муқауқис Амрмен келісім шартқа отырып, белгілі мөлшерде
жизия төлейтін болды. Дегенмен, Византия императоры Геракль мұсылмандармен
келісімге келген Муқауқисқа қарсы шығып, оған әскер жөнелтті. Алайда
мұсылмандар Александрияны қоршауға алып, 3 айдан соң қаланы алды. Осылай
641-642 жылдары аралығында Мысыр түгелімен мұсылмандардың қолына өтті.
Осман халифалығы (644-656 ж.ж.)
Жорықтар. Әбу Бәкір заманында басталған Иракты, Иранды, Сирияны, Мысырды
бағындыру одан ары жалғаса берді. Османның дәуірінде Куфа уәлилігіне
қарасты Әзірбайжан өлкесінде бас көтерген көтерілісті басып, мұсылман
әскері Темір қақпаға дейін жақындаған. Сонымен қатар Табаристан, Хорасан,
Тохаристан өлкелеріндегі жаңа аймақтар бағындырылды.
Осман дәуірінде Шығыс Анатолиядағы Ерзурум, Карс, Грузия мен Азербайжан
өлкелеріне де жорық жасалынған. Сонымен қатар осы дәуірде Хорасан, Кирман
да түгелімен мұсылмандарға бағынды.
Шам уәлиі Муауия бин Әбу Суфиян Антакия, Тарсус өлкелері мен Кападокиядан
өтіп, Амурияға дейін ілгеріледі. Чукуровадағы қамалдарға әскерлерін
орнықтырды.
Солтүстік Африканы жаулау
Мысыр уәлиі Амр бин Асты 648 ж. орнынан алып тастап, Осман оның орынан
Абдуллаһ бин Саадты тағайындайды. Уәли болысымен Абдуллаһ халифаның
рұқсатымен және Османның жіберген қосымша күшімен Солтүстік Африканы жаулай
бастайды. Осы өлкедегі ең үлкен шайқастың бірі деп, Византия губернаторы
Грегориуспен болған Субайтила қаласының түбінде болған шайқасты айтуға
болады. Византия армиясы талқандалғаннан соң мұсылман жасағы алғаш
Андалусияға дейін жақындады.
Кипрды жаулау. Сирия уәлиі Муауия бин Әбу Суфиян Омардың заманында теңіз
флотын жасақтауға рұқсат ала алмады. Бұл жұмыс Османның уақытында ғана
жүзеге асты. Муауия мен Мысыр уәлиі Абдуллаһ бин Саад кемелер жасатып,
еріктілерден құралған мұсылмандарды Кипрге жөнелтті (649 ж.). Мұсылман
әскерлері Кипрден соң Родосты бағындырды.
Византияның Солтүстік Африка, Кипр және Анатолия жақтан қысымға алынуына
байланысты Византия императоры мұсылмандарға теңіз жақтан соққы бере
отырып, Сирия мен Мысыр жағалауларын қайтару мақсатында үлкен теңіз флотын
дайындап, Жерорта теңізіне жіберді. Осы теңіз флотындағы кеме саны 500-ден
астам болғандықтан, теңіз бетінде желкен орманы пайда болғанына орай ас-
Сауари (желкендер шайқасы) деп аталған. Византия флотының басында
император Константиннің өзі болғаны сияқты, мұсылмандар флотын Абдуллаһ бин
Саад басқарды. Шайқастың нәтижесі – жеңіс мұсылмандар жағында болып,
император жараланды.
Халифа Османның дәуірінде пайда болған бүлік
Бүліктің шығу себептері
1. Рушылдық: халифалық Құрайштан сайланатын. Бұл өзге тайпалардың
наразылығын тудырды.
2. Жеңілген халықтардың кек алуы: соғыс кезінде жеңіліс тапқан
зороастраизм мен еврейлер құпия түрде ұйымдасып, мұсылмандарды іштей
іріту жоспарын құрды.
3. Османның жақындарын өзіне жақын тартуы және оның оларға деген
кешірімшіл қатынас жасауы: Осман жаратылысынан мінезі жұмсақ,
кешірімшіл жан болған. Қылмыскерлерді жазаға тартқанға қарағанда,
кешіргенді дұрыс санайтын. Осы себепті бұл кейбір адамдар тарапынан
жаңылыс түсінілді.
Куфа мен Басрадағы келіспеушіліктер
Османды айыптаушылар қолынан іс келмейтін адамдарды үлкен қызметтерге
тағайындағандығын алға тартып, Уалид бин Ұқба мен Саид бин Асты істері мен
сөздеріне ырза болмаған кейбір куфалықтар Османға айып таққан. Осы себепті
Саид бин Астың шағымдануымен халифа тарапынан бүлікшілер Шамға жер
аударылды. Әйтсе де ол жақтағы уәлимен тартысты жалғастыра бергеннен соң,
Муауияның шағымы бойынша оларды Хымыс уәлиі Абдуррахман бин Халидке
жөнелтті. Ол жерде уалидің қысымшылығымен олар райынан қайтты.
Одан өзге Хурмузанды өлтірген Убайдуллаһты жазаламағаны үшін Османға
айып тағылды. Негізінде Осман мен белді сахабалар Омардың өлімін
Хурмузаннан көргеніне байланысты Убайдуллаһты жазаламаған болатын. Мемлекет
қазынасын туыстарына таратты және бидғатшы деген айып та оған тағылды.
Османға қарсы бүліктің басында тегі еврей, Осман заманында мұсылман
болып көрінгісі келген Абдуллаһ ибн Саба келеді. Оның негізгі мақсаты -
жаңа шыққан діннен өш алу, мұсылмандар арасында іріткі салу.
Һижри 35 жылы Мысырдан бірнеше жүз адам қажылық жасауға шыққаны сияқты
Басра мен Куфадан да бірнеше топтар жолға шықты. Мысырлықтар Алиді,
басралықтар Тальханы, куфалықтар Зүбейрді халифа бол ! - деп қолқа
салғанмен, аталған үшейі де одан бас тартты, болған жайды Османға жеткізді.
Кейіннен олар бір сылтаумен Османның үйін қоршауға алды.
Осман олардың жағдайларына, қоршауына бой берместен мешітте намазға
имамдықты жалғастыра берді. Қоршау кезінде сахабалар Османға келіп,
бүлікшілермен шайқасуды, Мединеден қуып шығуды ұсынғанымен халифа
мұсылмандар қанының төгілуінен бас тартты. Бірнеше күннен соң бүлікшілер
Османның сыртқа шығуына, мешітке баруына, тіпті сырттан су алуына да рұқсат
бермей қойған. Қоршау 40 күнге жалғасты. Османның халифалықтан бас
тартпауына байланысты үйінің есігін өртеп, үй артынан да ішке еніп, оны
өлтірді және халифа Османның үйін, қазына байлығын талан -таражға салды.
Али ибн Әбу Талибтің халифалығы (656-661 ж.ж.)
Осман ибн Аффанның өлтірілуінен соң мұсылмандар өлкесі үлкен саяси
дағдарысқа тап болды. Османды өлтірген және қаланың билігін өз қолдарына
алған бүлікшілердің қанды оқиғадан соң белсенділіктері одан сайын арта
түсті. Олар жаңа бір халифаны тағайындауды жоспарлады. Осы сәтте Бани
Умаййа (омайядтар) мен жақтастарының біршамасы Меккеге қашты. Бүлікшілер
Али ибн Әбу Талике, Тальха бин Убайдуллаһқа, Зубайр бин Аууамға, Саад бин
Әбу Уаққасқа және Абдуллаһ ибн Омарға халифа болуға қолқа салса да олар
халифалықтан бас тартқан. Соңында бүлікшілер үш күн ішінде араларынан
халифа таппаса, өздерін өлтіретіндігін жариялады. Осыған орай мухажирлер
мен ансарлардың кейбірі Алиге келіп, оның халифа болуын өтінген. Осы
ұсынысты Али қабылдап, бүкіл сахабалардан мешітте биат алады. Тальха мен
Зубайрды алдырып, оларға да биат еттірген. Олар кейіннен өздерінің күштеп
биат алдырғандығын қуаттаған. Ал Саад пен ибн Омар бүкіл мұсылмандардың
биатынан соң ғана халифаға биат ететіндігі білдірген.
Алиге биат етпегендердің қатарына Хассан бин Сабит, Каб бин Малик,
Маслама бин Мухаллид, Әбу Саид әл-Худри, Мухаммад бин Маслама, Нуман бин
Бишр, Зайд бин Сабит, Рафи бин Худайдж, Фудала бин Убайд жатады. Аталғандар
Османның жақтастары болатын және Нуман бин Башир Османның қанды киімі мен
оның әйелі – Наиланың кесілген саусақтарын алып, Шамға, Муауия ибн Әбу
Суфиянға қашқан.
Али ибн Әбу Талибке биат етілгеннен соң Тальха мен Зубайр және бірнеше
сахаба халифаға келіп, Османды өлтіргендерді жазалау қажеттігін ұсынады. Ал
Али болса, бүлікшілерді жазалауды кейінге қалдыру қажет екендігін, себебі,
оларды жазалауға жетерлік күш қолында жоқ екендігін оларға түсіндірген.
Өйткені, бүкіл құлдар мен бадауилер бүлікшілерді қолдаған.
Уалилер мәселесі: Ибн Саба жақтастарының басшылығымен бүлікшілер әлі
Мединеден алыстамаған болатын. Муғира бин Шубаның ақылын тыңдамастан Али
халифалық таққа отырысымен ислам әлеміндегі өз билігін нығайту мақсатында
уилаяттардағы уалилерді ауыстыра бастады. Басраға Осман бин Хунайфты,
Куфаға Умара бин Шихабты, Иеменге Убайдуллаһ бин Аббасты, Мысырға Қайс бин
Саадты, Шамға Сахл бин Хунайфты уали ретінде жөнелткен.
Бірақ олардың көпшілігі өз жұмысына кіріспей-ақ жолдан кері
қайтарылған. Басралықтар екі топқа бөлінген: бірі – Медине қалай шешсе, біз
сол шешімге бой ұсынамыз деп биат еткен, шамдықтар жаңа уали – Сахл бин
Хунайфты Табуқта, жолда қарсы алып: егер сені Осман бин Аффан жіберген
болса, уали ретінде мойындаймыз, әйтпесе, кері қайт, дескен және ол
Мединеге кері қайтқан. Куфалықтар да ескі уали - Әбу Мусаның уалилігін
мойындап, жаңа уалиді қабылдамаған. Иеменге жіберілген уалиді халық жақсы
қабылдаған, алайда, бұрынғы уали қазынадағы бар қаржыны алып, Меккеге тайып
тұрған. Мысырға жіберілген Қайс бин Садқа мысырлықтардың көпшілігі
бағынған.
Уалилер жағдайды Алиге жеткізген. Али біршама уақыттан соң Шам уалиі –
Муауияға хат жазып, өзіне биат етуге шақырады. Муауия да өз елшісін Алиге
жіберіп, жауыздықпен өлтірілген Осман үшін қысас етілу қажеттігін және
Шамда 60 мың адамның Османның қанды киімі алдында жоқтау айтып жатқандығын
және Алиді халифа ретінде мойындамайтынын мәлімдеген. Ал Тальха мен Зубайр
умра қажылық рәсімін жасау сылтауымен Алиден рұқсат алып Меккеге кеткен.
Алидің Муауияны бағындыруға дайындық жасап жатқан кезде, Меккеден суық
хабарлар келе бастады. Меккеге умра қажылық рәсімін жасау үшін кеткен
Тальха мен Зубайр және Айша меккеліктермен тізе қоса отырып, Алиге қарсы
соғыс ашуға дайындалып жатқандығы белгілі болды. Осман қаза болмай тұрып
Айша қажылық жасау мақсатында Меккеге сапар шеккен, алайда, қайтар жолда
Османның өлтірілгенін, оның орнына Али таққа отырғанын естіп, Меккеге қайта
оралған. Алидің билігіне қарсы онда Айша, Тальха, Зубайр және омайяд
атқамінерлері бас қосқан. Олар Абдуллаһ бин Амирдің шақыруымен Басраға
кетуді және онда әскер жасақтауды шешіп, мың адаммен жол шыққан, жолда
қосылғандармен олар 3000-ға жеткен.
Басра уалиі – Осман бин Хунайф Мединеге адам жіберіп, Тальха мен
Зубайрдың Алиге зорлықпен биат еткендігін білу және соған қарай шешім
қабылдауды ойлаған болатын. Мединеге кеткен адам олардың зорлықпен биат
еткендігі жайлы мәлімдеген. Осыған орай, Басраның кіре берісінде және
ішінде қақтығыс орын алып, қан төгілді. Ал Осман бин Хунайф қаладан қуылып,
Меккеліктер қаланың билігін өз қолдарына алды. Әлгі қақтығыста көп мұсылман
қаза тапты.
Джамал шайқасы (656 ж.): Али Шам әмірі Муауияға қарсы әскери дайындық
жасап жатқанда Айшаның, Тальханың және Зубайрдың Меккеден Басраға сапар
шеккенін естісімен Басраға қарай тартты. Жолда Али Куфаға елшілер жіберіп,
куфалықтардың 9000 адамы Алидің қолына қосылған. Куфа уалиі Әбу Муса әл-
Ашари куфалықтарды Алиге қарсы қойғысы келгенімен оның бұл ойы жүзеге
аспады.
Али Басраға елші жіберіп, Тальха мен Зубайрды бітімге шақырады. Олар
да келісімге келе бастайды. Бірақ, екі жақ бітімге келсе, Османды
өлтіргендерді жазаға тартатынын сезген Али армиясындағы 2500 бүлікші
Абдуллаһ бин Сабаның құрған жоспары бойынша таң ата Алидің бұйрығынсыз
басралықтарға тап қойды. Ақ пен қараны ажырата алмаған екі жақ қызу
шайқасқа кірісіп кетті. Осылай Абдуллаһ ибн Саба және оның жақтастары өз
мақсатына жетті.
Шайқас соңында Али армиясы жеңіске жете бастады, басралықтар кері
шегінді. Тальха мен Зубайр өлтірілді. Айшаның мінген түйесі ту тәрізді
болғандықтан және оған жақындағандар өлтірілгендіктен және шайқас осы
күймесі бар түйе маңайында қыза түскендіктен шайқас джамал, яғни, түйе
шайқасы деп аталып кеткен. Осы шайқаста 70 адам шығын болды, шайқас соңында
Айша мінген түйенің артқы аяқтарының сіңірлері кесіліп, түйе шөктірілді.
Али Айшаны Мединеге жіберіп, Басраға уали ретінде Абдуллаһ бин Аббасты
тағайындайды да өзі Куфаға бет алып, онда ол Хамадан мен Азербайжан
уалилерінен биат алады.
Али Муауияға хат жолдан өзіне биат етуге тағы да шақырады. Амр бин
Аспен ақылдаса келе Муауия Османның қанын даулап, қажет болса шайқасуға
дайын екендігін мәлімдеген және Сирияны соғысқа дайындайды.
Сыффын шайқасы (657 ж.): Келісімге келе алмаған екі жақ шамамен 80 000-
дай әскермен Тигр өзеніне жақын Сыффын деген жерде кездеседі. Екі жақ екі
ай бойы ордаларын тігіп, соғысқа әзірлігін жасаған. Ғалымдар мен дін иелері
осы екі жақты келістіруге барынша күш салғанмен қараша айында шайқас
басталған. Кескілескен шайқастарда Шам әскерлері осалдық танытып, кері
шегіне бастаған кезде, Амр бин Астың тапсырмасы бойынша Шам әскерлері Құран
Кәрім парақтарын найза ұшына байлап: неліктен бір-бірімізді өлтірмекпіз,
Құран бізге хакам (төрелік айтсын) болсын, деп жар салады. Али мұның
соғыс айласы екендігін қанша ескертсе де, көпшілік шайқасты тоқтатты. Оның
нәтижесі хакамдыққа (төрелікке) қалдырылды. Муауияның хакамы Амр бин Ас, ал
Алидікі - Әбу Муса әл-Ашари 658 жылы Думату-л-Джандалда бас қосып, екеуін
де орындарынан босатып, басқа бір адамды халифалыққа сайлауға келіскен.
Алайда, осы сәтте Амр бин Ас айла жасағандықтан, хакамдық нәтижесіз қалды
да Сирия әскері Шамға, Али әскері Куфаға оралды. Осы сәтте Абдуллаһ бин
Уахаби-р-Расиби басшылығымен 12 000 адамдық харижиттер хакамдық тек Аллаға
ғана тән, сен бір Алла тұрып, адамды хакам еттің, - деп Али армиясынан
бөлініп, Нехреванға кетіп қалған, алайда, Али 658 жылы оларды талқандап,
Шамға қайта жорыққа аттанбақшы болғанымен әскерлері соғыстан қажығандығына
шағымданып, халифадан сәл уақыт дем алуға рұқсат алады. Біршама уақыттан
соң Али ибн Әбу Талиб Шамға жорыққа әскерін шақырғанмен оған ешкім шықпай
қояды.
Осы қолайлы сәтті пайдалана отырып, Муауия Амр бин Ас басшылығындағы
әскерін Мысырға аттандырып, оны жаулап алады және ондағы Алидің уалиі –
Мухаммад бин Әбу Бәкірді өлтіреді. 658-659 ж. Муауия Басраға әскер
жібергенмен әскері сәтсіздікке ұшырап кері қайтқан. Осылайша, Муауия Алидің
қол астындағы қалалар мен өлкелерді біртіндеп өзіне қарата бастайды, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz