Жер асты сулары
1 Жер асты сулары
2 Тазартылған су
3 «Еуразиялық су орталығы»
ғылыми.өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы
4 Су . тіршілік көзі
5 Су ресурстары
6 ЖЕР.СУ ТУРАЛЫ өлеңдер

Дана халқымыз тіршіліктің көзіне суды балап, қалт айтпаған. Сусыз бір күн де өмір сүре алмасымыз анық. Ал, енді, суға бай жерімізге тарихи беттерді парақтап деректерге көз салайық. Қарағанды облысы аймағында 1600-ге жуық көл бар екен. Үлкен тұйық ойыстардағы көлдер беткі және жер асты су ағындарының негізі болып саналады. Облысты сумен тұрақты қамтамасыз етуде су қоймалары Самарқан (Нұра өзені), Шерубай – Нұра, Кеңгір, Жезді өзендері бар. Кіші өзендерде де көптеген тоғандар жеткіліксіз болғандықтан жер асты суларының маңызы зор. Әр түрлі тереңдікте, яғни, 10-100м аралығында еспе су көздері мол. Облысымыздың барлық аймағында 200-600м жер қыртысы қабаттарында көзі тереңде жатқан жерасты сулары кең таралған. Еуразия кіндігінде орналасқан Ұлытау ішкі суы тұйық алапта жатыр. Алпыс төрт сала Торғай мен отыз төрт сала Кеңгір өңір халқының суға деген қажетін өтеп отыр. Ұлытау жерінің өзендері қар, жер асты суларымен және атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді. Өзен арналары қар еріген кезде ғана толығып тасиды. Су тасқыны сәуірдің екінші, мамырдың бірінші жартылары аралығында болып өтеді. Осы кезде өзендердің жылдық қорының 80-90 пайызы ағады. Қаракеңгірдің, Сарыкеңгір, Жезді өзендері Сарысуға сала боп құяды. Тұщы судың сенімді көзі – жер асты суларының мол қоры. Жер асты сулары әр түрлі тереңдікте жатыр. Сарысу – Бетпақдала (қоры 206 млрд текше метр), Мыңбұлақ (қоры 180 млрд текше метр), Ұлытау (қоры 30 млрд текше метр). Осынау кең байтақ жерде бұлардан да басқа Ащыкөл, Барақкөл, Дәнсары, Обалы, Қоскөл, Бозбайтал, Бұршақтыкөл және тағы басқа ондаған көлдер бар. Көлдер шаруашылық маңызға ие. Көпшілігінде олардың жағалаулары шабындық болып келеді. Өңірдегі су қоймалары көктемгі қар суын жинап, оны шаруашылық қажетке тұрақты түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Ең ірісі – Кеңгір су қоймасы екен. Иә, осынша кең, байтақ даламызда мемлекетіміздің өзге жерін былай қойғанда, орталық өңірде қаншама баға жетпес байлық бар! Тілерсегің майысып, иінағашты мойныңа асып алып, елді мекеннен жырақта орналасқан құдық, бұлақтардан су тасу – бүгінгі күннің адамдарына жат шаруа. Себебі, мына өркениетіміз дамыған кезеңде ауылдық жерлерде де су үйге дейін келетіндей құбыр тартылған. Ал, қала тұрғындары үйде отырып-ақ бір тетікті бұрап ыстық су ағыза алады. Әрине, мұның бәрі адамның игілігі үшін жасалынған дүниелер. «Судың да сұрауы бар» дегендей, су сарқылмасын, тоқтамасын, азаймасын, солмасын десек, қандай қам жасап, ненің алдын алып, алдымызды қалай қамсыздырып қоюымыз керек? Суды тиімді, кеңінен және шаруашылықта қолдану үшін ірі гидротехникалық құралдар мен су есептегіштерін орнатумен жоғары жақтағылардың айналысары анық. Ал, қарапайым халықтың ұстанары біреу-ақ. Ол – суды ысырап етпей, шашып-төкпеу.
Жер асты сулары
Су - бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады.
Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі де мүмкін. Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су айдындары есебінен де толықтырады. Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері қоректендіреді.
Жер астына түсіп су, әдетте, бір жерде жинақталмайды, өзінің орналасу заңдылығы болады. Солай су ерекше жоғарғы және төменгі қабатты ұйымдастырады. Төменгі қабатта судың ең кіші көлемі болады. Үлкен көлемді су жоғарғы қабат бойынша үйлестіріледі. Бұл жердің төменгі деңгейіне судың өтуі өте қиын, ал жоғарғысында - су жинақтала алатындығмен түсіндіріледі. Жоғарғы қабат әлі де үш деңгейден қалыптасады - жоғарғы, ортаңғы және төменгі, әрқайсысы өзінің суды өткізу ерекшелігімен сипатталады.
Жоғарғы аймақта адам шаруашылықта қолданатын су жинақталады. Ортаңғы аймақта, әдеттегідей минералдық сулар орналасады. Ал төменгі, іс жүзінде су алмасу болмайтын аймақта жер үсті тұздығы деп аталатын көптеген құрауыштар мен элементтер ерітілген су болады.
Жер асты сулары қандай қабатта жатқанына байланысты өз сипаттамасын өзгерте алады. Осыған байланысты жер асты суларының үш түрі белгілі. Бірінші түрі жетекші деп аталады. Бұл - жер үстіне ең жақын орналасқан сулар. Дегенмен жетекші жеткілікті тұрақты емес. Бұл қабаттан құрғақ ауа-райы кезінде су толық кетіп қалуы мүмкін, ал үздіксіз жауы-шашын нәтижесінде қайта пайда бола алады.
Жетекші сулардан төмен топырақ сулары орналасады. Әдеттегідей, топырақ сулары шеткі, суға берік қабатта болады. Одан төмен ағынды сулар орналасады. Екінші атауы - артезиандық сулар. Бұл жер астының су қабаты аумақ рельефіне байланысты.
Тазартылған су
Өмір бойына ластанған суға тап болған адам оны ішу үшін суды қандай тәсілмен сүзу керек екендігін ойластыра бастады. Бұдан шығу жолын судың өзі көрсетті. Судың жоғары температура кезінде буға айналу қасиеті бар. Осындай тәсілмен судың құрамында бар көптеген өзге бөлшектерден бөлу шешілді. Бұндай суды тазалау үрдісі дистиляция, ал құралдың өзі дистилятор деп аталды.
Тазартылған су толық сүзілген сұйықтық болып саналады. Бұнда қоспалардың, тұздар мен қатты бөлшектердің ең аз мөлшері ғана бар. Дегенмен тазартылған суда қосымша құрауыштар толық жоқ деп айтуға болмайды. Судың өзге құрауыштармен тез өзара қарым-қатынасқа түсу қасиеті бар. Ал бұл суды дистиллятор арқылы айдағанда, осы металдар атомы ең кішкентай мөлшерде суға түсуі мүмкін. Дегенмен бұл судың таза болуына кедергі келтірмейді. Су жүз пайыз ешқандай қоспасыз болуы үшін суды деиондайтын арнайы қондырғылар пайдаланылады. Сондай-ақ өте таза суды дистиллятордан бірнеше рет өткізу арқылы да алуға болады. Солайша бидистиллят алынады. Дистилденген суды, әдеттегідей, өнеркәсіпке немесе медицинаға алады. Осылай тазартылған су негізінде кейбір дәрілер жасалады. Ал кішкентай электр өткізу қабілетінің арқасында дистиденген су өндірісте таптырмайтын зат.
Дистелденген суды адам үшін тұрақты түрде қолдануға қатысты әр жақты пікірлер бар. Көптеген адамдар дистилденген су адам ағзасы үшін пайдалы емес, өйткені ол пайдалы құрауыштардан толық тазартылған деген пікірде. Дистилденген су ағзадан минералдық құрауыштар мен витаминдерді алып шыққандықтан денсаулыққа зиян келтіретіндігін куәландыру да жүргізілген. Дегенмен бұл ұйғарымдары даулауға және дистилденген суды қорғауға дайын адамдар да бар. Өйткені дистилденген судың зияндылығы туралы еш жерде ғылыми дәлелденген жоқ. Шындығында да ол өз құрамы бойынша ерекшеленеді, бірақ қарапайым сумен де минерал тапшылығын толықтыру қиын. Ал дистилденген су ең болмағанда ауру қоздырғыш бактериялардан сақтай алады.
Еуразиялық су орталығы
ғылыми-өндірістік бірлестігі акционерлік қоғамы
Еуразиялық су орталығы ғылыми-өндірістік бірлестігі акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 247 Қаулысына сәйкес құрылды.
Еуразиялық су орталығы су саласындағы серпінді бағыттарды іске асыру әлеуетін қалыптастыруға шақырылған ғылыми-тәжірибелік мекеме, бұл елдің орнықты дамуға көшуінің институционалдық элементі.
Орталық қызметінің мақсаты экономикалық, әлеуеметтік және экологиялық аспектілерінің даму факторы ретінде Қазақстан Республикасында және Еуразия континентінде су ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану үрдісін ғылыми-тәжірибелік қолдаумен қамтамасыз ету, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке, өндіріске және табиғат қорғауға арналған объектілер құрылысына инвестициялық жобаларды кәсіби басқарудың меншікті жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Қоғам қызметінің негізгі түрлері келесі бағыттар бойынша анықталады:
Қоғамның негізгі мақсаты су ресурстарын зерттеу және қорғау мәселелерін кешенді шешу болып табылады
Қоғам қызметінің негізгі қызметі:
* су ресурстарын зерттеу және қорғау мәселелерін кешенді шешуді қоса алғанда;
* су саласында ірі серпінді жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін экологиялық негіздеу;
* орнықты дамудың трансшекаралық аймақтарын құруды ғылыми негіздеу және қолдау;
* климаттың жаһандық өзгеруі жағдайында Қазақстан Республикасының және Еуразиялық континенттің су бассейнінде шаруашылық қызметті күшейтуіне байланысты су ресурстарының көлемі мен сапасының өзгеру үрдісінің қалыптасу және болжау заңдылығын ғылыми зерттеу;
* континент елдерінің экономикасында су секторының дамуына талдау;
* физика, химия және су физиологиясының саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
* адам ағзасының физиологиялық қажеттілігіне тиісті ауыз судың қазіргі заманға сай сапа стандарттарын әзірлеу;
* рекреациялық объектілердің желісін құруымен судың клиника-профилактикалық қабілеттерін пайдалану негізінде Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сауықтыру жүйесін ғылыми негіздеу және енгізу болып табылады.
Еуразиялық су орталығы өзінің құрылған сәтінен бастап халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс орнатуға жасақталған. Өз тұрғысынан меншіктік-мемлекеттік серіктестік болып табылатын орталық базасында бір мезетте ұзақ мерзімді инвестициялар да және тұрақты мемлекеттік кепілдіктер де болатын бағдарламаларды тиімді іске асыру мүмкін болады.
Үкімет Қаулысын орындау мақсатында Еуразиялық су орталығы ҒӨБ АҚ Астана қаласында Ұлттық суды, топырақты және ауаны бақылаудың және сапасының экологиялық зертханасын салуды және жарақтандыруды жоспарлап отыр.Технологиялық жабдықтар, соның ішінде технологияның өзін неміс компаниялары ұсынатын болады. Жобаның жалпы құны шамамен 40 миллион евроға тең.
Бұл зертхананың қорытындылары адам ағзасының тиісті физиологиялық қажеттілігіне сәйкес сапалы ауыз судың қазіргі заманғы стандарттарын әзірлеуге мүмкіндік береді.
2009 жылдың 4 тамызынан бастап Еуразия су орталығы ҒӨБ АҚ Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіптік Палатасы ассоциациясының мүшесі болып табылады, Қоғам сондай-ақ 2009 жылдың 30 желтоқсанынан СУ - МЕДИЦИНА - ЭКОЛОГИЯ Ассоциациясының мүшесі.
2009 жылдың 23 сәуірінде Еуразиялық су орталығы Сапа менеджменті жүйесінің СТ РК ИСО 9001-2001 талаптарына сәйкестік сертификатын алды.
Қазіргі таңда Еуразиялық су орталығы Дүниежүзілік Су Қорына мүшелікті алуда, бұл Қоғамның және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің халықаралық беделін нығайтуға мүмкіндік береді.
Ғылыми-өндірістік бірлестік штатында 2 география ғылымдарының кандидаты, 1 химия ғылымдарының кандидаты, 1 физика-метематикалық ғылымдар кандидаты, 2 Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының түлегі, 1 іскери әкімшілендіру магистрі еңбек етеді.
Еуразиялық су орталығы - жаңа типті ұйым, Қазақстан су ресурстарының болашағына жауапты барлық ұйымдар арасында одан әрі терең өзара әрекет етуге ықпал ететін құрылым.
Қазақстан-2030 Стратегиясында Қазақстан көлдері ластанбаған, ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуға тиіс.
Бұл мақсат - Қазақстан миссиясының іске асуы. Қазақстанның әлемдік кеңістіктегі тауашасы - дәл осы экологиялық таза және әлеуеметтік бағытталған экономика болып табылады.
Байланыс мәліметтері: Еуразиялық су орталығы ғылыми-өндірістік бірлестігі акционерлік қоғамы
Мекен-жай : Астана қ., Есіл ауданы, Орынбор көш., 111
Бас директор қабылдау бөлмесінің телефон нөмірі: +7 (7172) 798-195, факс: +7 (7172) 797-391
Су - тіршілік көзі
Дана халқымыз тіршіліктің көзіне суды балап, қалт айтпаған. Сусыз бір күн де өмір сүре алмасымыз анық. Ал, енді, суға бай жерімізге тарихи беттерді парақтап деректерге көз салайық. Қарағанды облысы аймағында 1600-ге жуық көл бар екен. Үлкен тұйық ойыстардағы көлдер беткі және жер асты су ағындарының негізі болып саналады. Облысты сумен тұрақты қамтамасыз етуде су қоймалары Самарқан (Нұра өзені), Шерубай - Нұра, Кеңгір, Жезді өзендері бар. Кіші өзендерде де көптеген тоғандар жеткіліксіз болғандықтан жер асты суларының маңызы зор. Әр түрлі тереңдікте, яғни, 10-100м аралығында еспе су көздері мол. Облысымыздың барлық аймағында 200-600м жер қыртысы қабаттарында көзі тереңде жатқан жерасты сулары кең таралған. Еуразия кіндігінде орналасқан Ұлытау ішкі суы тұйық алапта жатыр. Алпыс төрт сала Торғай мен отыз төрт сала Кеңгір өңір халқының суға деген қажетін өтеп отыр. Ұлытау жерінің өзендері қар, жер асты суларымен және атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді. Өзен арналары қар еріген кезде ғана толығып тасиды. Су тасқыны сәуірдің екінші, мамырдың бірінші жартылары аралығында болып өтеді. Осы кезде өзендердің жылдық қорының 80-90 пайызы ағады. Қаракеңгірдің, Сарыкеңгір, Жезді өзендері Сарысуға сала боп құяды. Тұщы судың сенімді көзі - жер асты суларының мол қоры. Жер асты сулары әр түрлі тереңдікте жатыр. Сарысу - Бетпақдала (қоры 206 млрд текше метр), Мыңбұлақ (қоры 180 млрд текше метр), Ұлытау (қоры 30 млрд текше метр). Осынау кең байтақ жерде бұлардан да басқа Ащыкөл, Барақкөл, Дәнсары, Обалы, Қоскөл, Бозбайтал, Бұршақтыкөл және тағы басқа ондаған көлдер бар. Көлдер шаруашылық маңызға ие. Көпшілігінде олардың жағалаулары шабындық болып келеді. Өңірдегі су қоймалары көктемгі қар суын жинап, оны шаруашылық қажетке тұрақты түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Ең ірісі - Кеңгір су қоймасы екен. Иә, осынша кең, байтақ даламызда мемлекетіміздің өзге жерін былай қойғанда, орталық өңірде қаншама баға жетпес байлық бар! Тілерсегің майысып, иінағашты мойныңа асып алып, елді мекеннен жырақта орналасқан құдық, бұлақтардан су тасу - бүгінгі күннің адамдарына жат шаруа. Себебі, мына өркениетіміз дамыған кезеңде ауылдық жерлерде де су үйге дейін келетіндей құбыр тартылған. Ал, қала тұрғындары үйде отырып-ақ бір тетікті бұрап ыстық су ағыза алады. Әрине, мұның бәрі адамның игілігі үшін жасалынған дүниелер. Судың да сұрауы бар дегендей, су сарқылмасын, тоқтамасын, азаймасын, солмасын десек, қандай қам жасап, ненің алдын алып, алдымызды қалай қамсыздырып қоюымыз керек? Суды тиімді, кеңінен және шаруашылықта қолдану үшін ірі гидротехникалық құралдар мен су есептегіштерін орнатумен жоғары жақтағылардың айналысары анық. Ал, қарапайым халықтың ұстанары біреу-ақ. Ол - суды ысырап етпей, шашып-төкпеу. Ас үйде, жуынатын бөлмеде су үйге келіп тұр деген түсінікпен мөлшерден тыс шашып-төгу кімнің отбасында болсын кездеседі. Көзіңізге өзен-көлдердің азайған, солғанын елестетіп көріңізші! Аллаһтан су сұрап, тасаттық беру ше? Сусыз қалған қала мен дала! Сұмдық, мұндай жағдайға жете көрмейік! Суды есепсіз құрта берсек, осыған жетуіміз де әбден мүмкін-ау... Бүкіл тіршілік иелерінің мекені біреу-ақ, ол - жер шары. Жер шарының (14) бөлігін құрлық алып жатса, (34) бөлігін су алып жатыр. Жаздың қыс болғанынан, қыстың жаз болғанынан сақта деген, жазда судың мол болуын, ал қыста Бұтаға жабу кидірген, Боранға қарын үйдірген, Қыздың бетін қызартқан, Мұздың бетін ұзартқан қызыл шұнақ, қатал қыстың тілеуін тілеген ұрпақпыз. Қыста қар мол түссе, жазда мол жауын жауса, табиғат өз заңдылықтарын жоғалтпаса, осының бәріне адамның тырнағы батпаса, болашаққа нық сеніммен, мұрамен қадам басамыз деп ойлаймын. Суды шашып-төкпеу, суды тиімді пайдалану деген қағиданы балабақшадағы баладан, еңкейген қартқа дейін ұстанса екен. Шылым, сыра, арақ-шарапты жарнамалағанша, суды тиімді пайдалану, табиғатты қорғау секілді жайттарды ұғындыратын жарнамалар дүкенде, көшеде, кез-келген жерде тайға таңба басқандай көрсетілсе жақсы болар еді. Мемлекетіміздің басты тірегі экономика болса, оның бір жағын су қоры түзеді. Еліміз әлемге танымал болуы үшін, оның байлықтары мол болуы керек. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар қорын қорғау әр азаматтың міндеті екенін ұмытпағайсыздар! А.Шакина, С.Сейфуллин атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Опубликовано 17 Авг 2009 в 00:15. В рубрике: Разное. Вы можете следить за ответами к этой записи через RSS 2.0. Отзывы и пинг пока закрыты.
Комментарии закрыты.
Жобаның қысқаша аннотациясы
Судың бүкіл жер бетінде өтіп жататын барлық құбылыстарда атқаратын қызыметі ерекше және адамзат тіршілігіндегі мәні зор."Сулы жер-нулы жер" дейді халық мақалы.Су туралы қанатты сөздер,мақал-мәтелдер барлық халықтар тілінде бар. Олар әр тілде әр түрлі айтылғанымен, бәрінің мағынасы "сусыз тіршілік жоқ" деген ұғымға саяды.
Су тіршілік көзі [5 бет]
ХХ ғасыр өнеркәсіптің қарқынды дамуымен және халық санының өсуімен сипатталса, ХХІ ғасырдың басында қоршаған ортаны ластайтын өнеркәсіптің кейбір салалары таза суға, өсімдіктерге және т.б. зиянын тигізе отырып , жылдамдықпен дами бастады. Адамзаттың бүгінгі іс әрекеті , күнделікті тіршілік жерге, ауаға, суға орны толмас жарақаттар салды. Және адамның табиғатқа тоқтаусыз әсер етуі оның өзінің өміріне қауіп төндіреді. Осы тұста бабаларымыз Су тіршілік көзі деп бекер айтапаған . Өйткені адам баласының күнделікті тіршілігін сусыз елестету мүмкін емес. Алайда жаратқанның берген несібесін есепсіз , ысырапппен пайдалану адам баласын сумен байланысты жаңа проблемалармен бетпе- бет ұшырасуға әкеп отыр. Солардың бірі- халықты таза әрі сапалы ауыз сумен қамтамассыз ету . Әр түрлі жұқпалы ауруларды басым көпшілігі ауа , тамақ, ауыз су арқылы жұғатынын ескерсек , бұл проблеманың шын мәнінде қаншалықты өзекті екенін байқаймыз . Ал кеңес одағы кезінде Қазақстанның ен даласының бірқатар тұсы түрлі сынақтар алаңына айналғанын , сонымен бір мезгілде қазіргі таңда еліміздегі экологиялық жағдайдың күрделенгенін ойға алсақ , бұл проблема салмағының ауыр екенін аңғарамыз.
Ауыз су тазалығы- денсаулық кепілі.
Қазақстанда ауыз су дағдарысы басталғалы біраз уақыт болды. Содан бері су тапшылығын жою үшін бірқатар бағдарламардың жобасын жасадық, дабырайтып тұрып Су - тіршілік көзі деген қызылды- жасылды жарнамаларды көше бойына алаулатып- жалаулатып іліп тастадық. Арнайы заң қабылдадық. Бірақ істелініп жатқан шаралардың сіркесі су көтермей халықтың игілігіне жармай отырған жайы бар. Тіпті болмаған соң бұл іске Үкімет араласты. Ауыз су бағдарламасын нәтижелі бағытта бару үшін қосымша 5 млрд. теңге бөлінді.
Әрине республикамызда түпкір- түпкіріндегі ара қашықтығы бір - бірінен жүздеген шақырым алшақ жатқан елді мекендерді түгел дерлік таза ауыз сумен қамтамассыз ету оңай шаруа емес.Бұл күрмеуі күрделі мәселені ...
Су ресурстары
Су ресурстары
Шалқар көлі - тарих пен табиғат ескерткіші, туризм, демалыс және емдеу нысаны.
Орал өңіріндегі көнеден қалған тамаша ескерткіштің бірі, ол - Шалқар көлі.
Шалқар көлі айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени, рекреациялық және эстетикалық құндылығы бар көл.
Көл Орал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 75 шақырым жерде, Теректі ауданында орналасқан.
Бұл Батыс Қазақстан облысындағы ең терең, ірі су айдыны.
Бұл табиғат су айдыны өте көне болып саналады, оның қашан пайда болғаны күні бүгінге дейін талас тудырып келеді. Алайда бір версия мейлінше көңілге қонымды. Көл Каспий шегінен мың жыл бұрын тартылған бұрынғы Хвалын теңізінің жұрнағы, сол себепті де тарихқа дейінгі кезде бүкіл қазіргі Каспий маңы ойпаты орнында жоғарыда айтылған теңіз болған.
Есте жоқ ескі заманнан бері Шалқар көлі адам назарын өзіне тарқан, оның жағасын оғыздар, печенег тайпалары мекен етсе, кейіннен қыпшақ, түрік тайпалары - қазақ халқының ата-бабалары қоныс тепкен.
Бұған 921-922 жылдарда Волга Бұлғариясына жасаған сапары туралы араб көпесі-ғалым Ахмед Ибн-Фадланның шығармалары куә. Ахмед Ибн-Фадлан Хорезмнен Бұлғарияға дейінгі маршрутын сипаттай келе, ерте дамыған ортағасырда Еуразия кіндігі палеографиясына көп көңіл бөлген. Шалқар көлі айналасындағы аумақта оғыз мен печенег тайпалары қоныстанғаны туралы оның әңгімелерінде ішінара кездеседі, көлге құятын Шамар, Анкоты, Вабна, (кіші Аңқаты) және көрсетілген - бұның бәрі үлкен өзендер деп өзендерге сипаттама берген.
Шалқар көлі айналасына Х ғасырдың өзінде елді мекендер мен қалалар орналасқан. Әртүрлі кезеңдерде көпестер, миссионерлер қонақ болған. Көл жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бай болған.
Бұл туралы 1968-1970 жылдарда және 2002-2003 жылдарда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары куә. Сантас үстіртінің дәл оңтүстік жиегінде орналасқан. Бұл су айдыны айналасында печенегтер қоныстанған деген фактіні нақтылай түсті.
Қалалық типті мекендердің ірісі - Ақ мешіт мекені. Ол Шолақ Аңқаты өзені жағасында орналасқан. Қаланың қалыптасқан уақытын XVIII-XIX ғасырларға жатқызуға болады. Өңірдегі отырықшы қала мәдениеті ескерткіштерінің ең ірісі.
Бұған ұқсас ескі қала Атырау облысындағы Сарайшық қаласын алуға болады.
Табиғат нысаны ретінде, көлдің маңызды көрінісі 1768-1774 жылдары академик П.С.Палластың басқаруымен Ресей Академиясы ғылымдарының зоологиялық экспедициясы кезінде зерттеле бастады. П.С.Паллас көлдің жан-жақты сипаттап қана қоймай, балық аулау, оны ұйымдастыру мен реттеуге байланысты да жазды.
Су айдынының шикізат базасы туралы, су айдынын реттейтін ғылыми-қорытынды шаралар туралы терең білім алу қажеттілігін, ХІХ ғ. ортасында өнеркәсіптің қарқында өсуі анықтап берді.
Географиялық қоғамның ұсынысымен 1952 жылы академик К.М.Бэрдің басшылығымен ихтиофаунаны зерттеу мен балық аулау кәсібінің жағдайы бойынша экспедиция ұйымдастырылды (Бэр, 1860). Бэрдің экспедиция бойынша көмекшісі Н.Я.Данилевский Шалқар көліне келіп, оның морфологиясын, грунт құрамын, тереңдігін баяндап, судың сұлбалық жоспарын жасады. Сонымен қатар оның ихтиофаунасы туралы кейбір мәліметтерді де келтірді (Данилевский, 1853). Балық өсіру тиімділігін сақтаудың алғы шарттарының бірі ретінде Н.Я.Данилевский: Тұщы судың құйылуының ағымын азайтады, оның сапасын бұзады, түбінің қасиеттілігін өзгертеді, су өсімдіктерін құртады, бүкіл бассейннің байлығын жойып жіберуі мүмкін - деп, су жүйесінің тұрақтылығын анықтаған.
Шалқар көлінің физикалық-географиялық шарттары туралы қысқаша сипаттамасы, оның жаға желілері, грунт құрамы, тереңдігі, ихтиофаунасы мен гидробиологиялық кешендері бассейнде балық аулау кәсібі жағдайын зерттеген Н.А.Бородин еңбектерінде қамтылған.
Н.А.Бородин - біздің жерлесіміз, 1861 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Орал әскерлер гимназиясын алтын медальмен тәмамдап, Петербург университетіне оқуға түседі. жаратылыстанушы, кейіннен Кеңес ғалымы, Гарвард және Кембридж университеттерінің профессоры. Көптеген жылдар бойы балық өсірумен, оның ішінде Шалқар көлі мен Солянка өзеніне бекіре тұқымдас балықтарды өсіру тәжірибелерімен айналысқан. Оған шалқар селедкасы мен шалқар торта балығы туралы алғашқы сипаттамалар тиесілі. Шалқар көлінің гидрофаунасын зерттеу негізінде ғалымдармен көл генезисі бойынша Понто-Каспий су айдындарының қалдық су айдыны, бұрынғы геологиялық дәуірдің реликтісі болып табылады деген пікірлер айтылды. Кейбір қазіргі заманғы ихтиофауна өкілдері алғаш рет 5-7 млн. Жыл бұрын шекарасы қазіргі Жерорта теңізі, Қара теңіз, Азов теңізі, Каспий теңізі және Арал теңіздері шекара шегінен асып, тұзы аз Понтикалық көл-теңізде пайда болған.
Қазақтың белгілі жазушысы, Қазақ ССР-нің Мемлекеттік лауреаты, Шалқарда дүниеге келген Х.Есенжанов өзінің Ақжайық трилогиясында Шалқар көлін былай сипаттайды: Шалқар - үлкен көл, оның ұзындығы жиырма верст, ал ені - 15 верст болады. Сағадағы әрі бетін көк толқын бұйралап, теңіздей шалқыған Шалқар көл жатыр. Көлге борлы ақ тұмсығын төндіре шөккен арғы беттегі Сынтас тауы алыстан бұлдырайды; шетіне көз жеткісіз судың алыс кенересі көк жиекпен қосылып доға сызық тартқан. Айналасы атпен жүрсе қос күндік Шалқар көлі бейне бір ожаудай; алыстан аққан бұраң бойлы көп түбекті, Арқа беті қызыл жарлы Аңқаты өзені - ожау көлдің сабы сияқты.
Көлдің қазіргі көрінісі дөңгелек-жұмыртқа тәрізді формада, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы - 18 километрге жуық, батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы - 14 км. Максималды тереңдігі 18 м, тереңдігі 10-нан 12 метр тереңдікті көл түбінің 30 %, ал екі метрден кем тереңдікті 30 % алып жатыр.
Көлде 1,4 млрд. куб.м.-ға жуық су жиналады, көлдің ең үлкен ауданы 24000 га. Желді күндері судың бетін ақ бұйра толқындар жауып, оның шуылы нағыз теңізді еске түсіреді.
Шалқар көлінің суы тұзды хлоридті-натрийлі минералды су типіне жатады. Су құрамында тұз қышқылы, кальций гидрокарбонат, магний және өмірге қажетті басқа да минералды элементтер бар. Бұның өзі оның құрамы теңіз суымен ұқсас екендігін көрсетеді, ал экологиялық жағдайы демалушылардың сауығуына септігін тигізгендіктен, көптеген теңіз суларынан артық та.
Көлге шығыс жағынан 2 өзен құяды: Есен Аңқаты (Үлкен Аңқаты) және Шолақ Аңқаты (Кіші Аңқаты), ал бір Солянка өзені Жайық өзеніне құяды.
Шекарааралық Жайық өзені
Жайық өзені Орал тауы оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) әлем мұхитының деңгейінен 640 м биіктігінен басталады. Ол Ресей Федерациясы аймағын, Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарынан өтеді. Өзеннің ұзындығы 2534 км. Қазақстан Республикасы ішінде - 1084 км. Суды жинау көлемі - 220 мың км².Су сақтағыш, алқап, арна сипаттары бойынша Жайық өзенін 3-ке бөледі (ағыстар): жоғарғы, орта және төменгі.
Басында өзен оңтүстікке Орск қаласына дейін ағады. Бұл жоғары ағыс болып саналады. Содан соң кенет батысқа бұрылады. Ендік бағытта 850 км Орал қаласына дейін (орта ағыс), қайтадан оңтүстікке бұрылады, осы бағытты Каспий теңізіне дейін сақтайды(төменгі ағыс,аралығы 840 км.).
Орск қаласынан басталардағы, жоғарғы ағыс шегінде, өзен солтүстіктен оңтүстікке меридионалдық бағытта Оралдың шығыс баурайы бойы енсіз алқапта, ізбестерден салынған құздар арасынан ағады. Ең терең жерлері - 3 м..Өзеннің бұл жері таулы сипатта болады.
Орск қаласынан 70 км жерде Ириклин су торабы салынған . Бұл бөген Жайық өзенінің деңгейін 30 метрден астамға көтереді. Көктемгі тасқын кезінде толып, Ириклин бөгені жыл бойы біртіндеп өз көлемінің, шамамен жартысын өзенге береді.
Орск қаласынан Орал қаласына дейін өзен кең алқапта орташа ағыста ағады. Енсіз таулы табалдырықты жерлері сирек кездеседі. Өзен тегіс саяз жерлерге айналады.
Орынбор қаласы аумағында Жайық өзеніне ең ірі оң тармағы Сақмар ағады . Оның ұзындығы 761 км, алқап көлемі 29,1 мың км. Сақмар алабын көп қарлы және тармақтанған өзен жүйесі бар орман жабады. Тек Орынбор облысы шеңберінде Сақмарға құйылатын 290 өзен саналады. Сақмардың су айдауы Оралдан шамамен 1,5-2,0 рет артық, одан қалыпты ағуымен және көктемгі тасқынының ұзақтылығымен ерекшеленеді, сонымен қатар Жайық өзенінің режиміне маңызды өзгерістер енгізеді.
Орал қаласынан жоғарыда Жайық өзеніне сол жағынан Елек өзені ағады, оның ұзындығы 730 км.
Орал қаласы маңында Жайық өзеніне 2 сала - Шаған мен Барбастау өзендері- құяды. Төменгі ағысында Жайық өзені Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары аумағынан Каспий теңізі маңы ойпатынан өтеді,бұнда үш табиғи аймақтан өтеді: дала, шөлейтті- дала және шөл.
Даланың аймақ ұзындығы 250 км Батыс Қазақстан облысында солтүстік жағында орналасқан. Бұл аймақтың оңтүстік шекарасы Жайық өзен бойы Чапаев ауылы жанынан өтеді. Әрі қарай оңтүстікке 220 км шөл-дала аймағы созылып жатыр. Ол Каспий теңізі ойпатының солтүстік бетінен Батыс Қазақстан облысының Чапаев , Атырау облысының Индер ауылдары аралығында белдеулей өтеді. Индерден теңізге дейін шөл аймағы ені 400км-ге созылады.
Жайықтың төменгі ағысының тереңдігі, жыл сайын көктемгі судың көтерілуінен өзен арнасының шайылуына қарай, барынша қалыпты. Көктемде тасқында судың көтерілу деңгейі сабадан 3-7 м-ге асады. Фарватер бойындағы Жайықтың орта тереңдігі сабасында (саяздар мен шұңқырларсыз) 3-5 м құрайды.
Жайық өзенінің сағалық ауқымының жоғарғы шекарасы атыраудың басымен ұласады (Атырау қаласынан төмен), теңіздік - теңіз кемеріне 3 м изобатта кіреді. Бұл шектегі саға аумағының көлемі 1500 км ² тең. Өзен атырауы көлемі 600 км².
Жайық өзені тек қана қар суларына қоректенетін жай өзендерге жатады. Оның ағыны, негізінен, өзендер жүйесі дамыған, жоғарыдан қалыптасады. Жайық өзенінде Оралдан төмен теңізге кұйғанға дейін, суы аз Барбастаудан басқа, сала жоқ
Жайық өзенінің балықшаруашылық зор маңызы бар. Аймақтағы табиғи факторлар жиынтығы жылдың мезгіліне байланысты, сәуірден шілде айлары аралығында, балық өсіруді жоғары деңгейде дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.
Қазіргі кезде Жайық өзені Каспий алабындағы бекіре балықтың табиғи кең уылдырық қоры сақталған бір ғана өзен.
Күзде 15 тамыздан 15 қараша аралығында Жайық өзенінде балықтың балықшаруашылық шұңқырларына жылыстауы жүреді, яғни күздегі қыстаққа қоныстануы болады.
Содан соң Жайық өзені арнасында мамырдан шілде айларына дейін балық шабақтарының уылдырықтайтын және өсетін орынынан өзеннің сағалық кеңестігіне жылыстауы жүреді.
Жайық өзенінде балықтардың 38-ден астам түрі бар: бекіре тәрізділер, майшабақтар, шортантәрізділер, тұқытәрізділер және басқалары кездеседі.
Жайық өзенінің жайылмасы мен аңғарлары Батыс Қазақстанның биологиялық алуан түрлігінің интроаймақтық орталығы болып табылады. Дала мен шөлейт ланшафттың біртекті төсегі Жайық аңғарының кіретін жайылма ормандардың жасыл желегімен алмасады.
Жайықтың жайылма ормандары: емендер, қара ағаштар, ақтеректер,талдар қайың, шегіршендермен сипатталады. Тіршілік ортасының жағдайына қарай бұл ормандар алуан түрлі болып құралуы мүмкін. Жайылмалардың солтүстік бөлігінде көктеректер мен аққайындар таралады және шағын тоғайлар құрайды .
Жайылмалардағы өсімдіктердің таралуына тасқын сулардың тұру ұзақтығы үлкен әсер келтіреді. Өзеннің қазіргі арнасынан жайылманың жоғары беткейінің экологиялық қатарын мына өсімдіктер бірлестіктері құрайды. Облыстың солтүстігінде өзен бойының құмайт қайрандарында бұтақты талдар өседі, ал Қызыл - Жар еңдеуінде оларға жыңғылдар араласады. Олардан жоғары қаратал, арнадан әрі талдық екпелер орналасқан.
Жер бедерінің биіктеу жерлерінде, жағалаулардың өнбойы мен ескі арнасында қара терек пен ақ терек тоғайлар орналасқан. Орман тұқымдарының осы екі түрі барлық орман алқаптарының 50 % құрайды.
Шегіршін орман алқаптары орталық жайылманың жоғары телімдерінде орналасқан, тасқын сумен басу кезеңі 30 күннен аспайды. Шегіршін бұталар мен ақтерек жазықтар арасында орналасады. Шегіршін орман алқаптары оңтүстікке қарай азаяды, ал Антонов ауылынан оңтүстікке қарай ол жоғалады.
Экологиялық қатардың жоғарғы бөлігін емендер алады. Мұнда тасқын сулардың тұру ұзақтығы үш аптадан аспайды. Еменді ағаштар тек өзеннің солтүстік жағында шоғырланған. Жайылмалы ормандар бұта қопасымен жамылған шабындық пен алаңдарға ауысады.
Өзен жайылмасындағы экологиялық жағдайдың алуан түрлілігі: жер бедері түрліше қиылысып отыратындығы, су қорларының көптігі, бай жануарлар дүниесінің тіршілігі мен сақталуына өсімдіктер топтастығының алмасуы қолайлы әсер туғызған. Өзен жайылмасында бұлан, елік, жабайы қабан, қоян, түлкі, тіпті орман сусары мен сілеусіндерді кездестіруге болады. Өзеннің солтүстік бөлігінде қоныс аударған камшаттардың мекендейтін үйшіктер мен жасанды бөгеттері кездеседі.
Әсіресе, құсқанаттылардың саны мен түрлері ерекше көп. Жайылмалық ормандарда саршымшықтар, сайрақтар, шыбынқырғыштар, тоқылдақтар, мысықторғайлар, бақтар мен қамыстардағы сұлыкештер, ормандағы жадырақтар, құрлар, бөденелер, байғыздар және т.б мекендейді.
Айрықша биологиялық әртүрлілікті, қызыл кітаптық және сирек түрлерді сақтап және қайта қалыпқа келтіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы аумағының Жайық өзені аңғарында Кирсанов және Бударин қорықшалары құрылған .
Бударин зоологиялық қорықшасы, жер көлемі 80 мың га, бұлан елік,қабан,құндыз, ондатра, қоян және басқа жануарларды сақтау және көбейту үшін құрылған. Бұдан басқа қорықша территориясы өте сирек бара жатқан реликта- су жаңғағы (чилим) мен су папортнигінің( сальвиния) оңтүстіктегі мекені. Қорықшада омыртқалы жануарлар дүниесінен құстардың 56 түрі, сүтқоректілерінің 21 түрі, 6 түрлі рептилия, амфибияның 4 түрі және балықтың 9 түрі есептеледі.
Кирсанов кешенді қорықшасы ,жер көлемі 61 мың га, қамшатты жерсіндіру және елік,бұлан және басқа жануарлардың санын көбейту үшін құрылған. Қорықшаның территориясының өзен жайылмасында далалы Орал өңірінің тамаша табиғи кешені - әсем емен мен ақтерек ормандарын сақталған. Бұл жерде, Батыс Қазақстанда тек осында кездесетін, сиректеп бара жатқан өсімдіктері мен жануарларына өте қолайлы жағдай жасалған. Бұнда Қызыл кітапқа еңгізілген көптеген түрлер өседі ( қарапайым емен, мамыр маржангүлі). Сирек кездесетін сәлемшөп, аюбалдырған, шерменгүл, қоңырауша, субидайық, қабыржық, қара мойыл тағы басқалары әрдайымда болады.
Жайық өзенінің экологиялық проблемалары, басқа да өзендер сияқты, кешенді табиғи, антропогендік және техногендік үрдістермен байланысты.
Жайық өзенінің тозып өзгеруінің бірінші себептері болып, толассыз су ағынының табиғи үрдістердің механикалық үрдістер түріндегі әсерінен болатын арнаның бұзылуы болып табылады. Оның жағымсыз салдары болып табылатындар:
- Арнаның лайлануы, өзеннің тайыздалуы мен оның гидрологиялық режимінің нашарлауына соқтыратын қайраңдардың пайда болуы;
- Жағалаулардың иреңдері мен топырақты жерлерінің жеңіл механикалық құраммен шайылуы. Бұл өзеннің арнадан шығып және үлкен аумақты басып кетуіне қауіп туғызады.
Осы үрдістер Жайықтың көктемгі қатты тасқынымен тіптен тереңдей түседі. Қазақстандық аймақта өзен арнасының лайлануына теріс әсер ететін факторларға: ағысты баяулатын даланың жазықтылығы және арнаның көп ирелеңдігіне әсер ететін жер бедерінің сәл жотылығы жатады. Осыған байланысты өзеннің тұрастығы мен қызметі оның тұрақты күтімсіздігінсіз мүмкін емес. Өзен арнасының лайлануына оның салалары мен бастау көздерінің тазаланбауы әсер етеді. Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзенінің алабына кіретін кіші өзендерге Шаған, Деркөл, Елек, Утва, Рубежка, Быковка, Емболат, Барбастау және т.б. кіреді.
Бұдан басқа , Жайық өзенінің табиғи экожүйесінің тозуына оның су, өсімдіктер, жануарлар мен балық ресурстарын пайдаланатын шаруашылық қызметтерде өзіндік әсерін тигізеді. Елді мекен жерлердегі жағалай өзеннің жағалаулары мен су алатын алаңдарда, тасқын кезінде өзенге шайылатын қалдықтар төгіледі.
Жайық бойында орналасқан үлкен қалалардың арналы тазалық құралғылары ескірген, қайта жаңғыртуды қажет етеді және арналық ағындарды қажетті дәрежеде тазартуды қамтасыз етпейді.
Жайық өзенінің беткі суларының ластануының маңызды факторы өндірістік кәсіпорындарының қызметі, суалатын алаңдар аумағындағы ескіден бергі ластар, қалалық, және кенттік шайынды сулар болып табылады.
Жайық өзені мен аңғарлардың суының азайына өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бұзылуына, сонымен бірге , рұқсатсыз ағаштар кесу және далалық өрттер әсер етуде.
Шекарааумақтық Жайық өзені суға тапшы Қазақстан ғана емес , Ресейдің де ерекше мемлекеттік маңызды негізі су күретамыры болып табылатыны сөзсіз. Тіпті одақтық мемлекет кезінде де осылай болған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.01.2004 жылғы №159 қаулысымен Ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандары тізбесі мен ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарының шаруашылық қызмет режимін құқықтық реттеу ерекшеліктері бекітілген. Өкінішке орай, Жайық өзені осы аталған құжаттағы өлшемдерге сәйкес келседе, ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарына жатқызылмаған, осыған байланысты оған дәрежесінде көңіл бөлінбей келеді.
Жайық өзені алабы ежелгі өркениет орталығы және қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей Федерациясының әлеуметтік-экономикасында аса маңызды орын алады. Жайық өзенінің ландшафтты-экологиялық жән су кешенін қалыпқа келтіру мен сақтау басты міндет. Жайық өзенінің көп ғасырлық бай тарихы біздің ұрпақтар үшін жоғалмауы керек.
ЖЕР-СУ ТУРАЛЫ
LAST UPDATED ON Жексенбі, 17 Сәуір 2011 09:09 Жексенбі, 17 Сәуір 2011 09:04
WRITTEN BY ADMINISTRATOR
Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.
Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке.
Халық қартаймайды,
Қара жер қартаймайды.
Көп тепкен жерден көл шығады.
Жер құтты болса,
Мал сүтті болады.
Жер тоймай, ел тоймайды.
Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.
Жер көңді жақсы көреді,
Ат жемді жақсы көреді.
Жер - ана,
Ел - бала.
Су патшасы - мұрап,
Түн патшасы - шырақ.
Қыстағы қар - жерге ырыс,
Жердегі ылғал - елге ырыс.
Су - ырыстың көзі,
Еңбек кірістің көзі.
Жайлауы жақсының әр бұтасының түбі бір кесек ет.
Қара жер қарыз арқаламайды.
Жеріне қарай астығы.
Жер тойынбай, ел тойынбайды.
Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына қарай торайы.
Тау кезеңсіз болмас,
Өлке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz