Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдері



1. Ғылымның пайда болу проблемалары.
2. Ежелгі мәдинет адамдарының дүниетанымдарының ерекшеліктері мен мәдениеті.
3. Ежелгі Греция ғылымның отаны.
4. Орта ғасырдағы Европадағы ғылыми таным.
5. Шығыс ортағасыр ғылыми.
Ғылымның бастамасын анықтаудың оңай емес екендігі белгілі, бірақ оның даму тарихын ең алдымен үлкен екі кезеңге бөліп зерттеуді ғалымдардың көпшілігі жақтайды. Ғылым зерттеуші ғалым А.Карноның пікірінше, суы мол, арнасы кең ұзаққа созылған үлкен өзеннің бастауын дәл табу қандай қиын болса, ғылымның қайнар бастауын да дәл көрсету оңай емес. Оның бастамасына ой жүгірткенде, қап-қараңғы, шым-шытырық күңгірт ойларға тап боласың, ақыр-соңында тұрпайы да жабайы түсініктерге келіп тірелесің1.
Орыс зерттеушісі В.И.Ильин "Ғылым бастамасы" ұғымының айқынсыздығы мен релятивистігі бұл проблеманың шешімін аса қиынға соқтыратынын атап көрсетеді. Осы қиындықтардың нәтижесі ғылымның бастамасын сыртқы және ішкі деп бөлуге мәжбүр етеді. Сыртқы бастама — ғылымға дейінгі санадан ғылымның белгілі бір түрде құралуының шегі болса, ішкі бастамасы — ғылым тарихының алғашқы ағымын анықтау, содан бастап есептеу. Ғылымның сыртқы бастамасын қарастыру деген сөз, оның алғашқы ғылыми танымдық формалардан қалай шыққанын, қалыптасу динамикасын айқындау болып табылады. Ал ішкі бастамада — тарихи кеңістікте дамыған ғылым белгілерін көрсету.
Екінші бір орыс зерттеушісі Г.И.Рузаңин да ғылымның тууы мен дамуында екі кезеңді атап көрсетеді: бірінші кезеңін оның туу кезеңі немесе бастапқы ғылым кезеңі деп атаса, ал екінші кезеңін шын мәніндегі ғылым немесе дамыған ғылым кезеңі деп атайды2. Ғалымдардың әрқайсысы әртүрлі атағанымен, ғылым тарихы үлкен екі кезеңге бөлінетінін бәрі де мойыңдайды.
Ғылымның шығуының танымдық алғышарты біздің заманымызға дейінгі VII—VI ғасырлар аралығында мифтік (аңыз, ертегілік) санадан логосқа (ақыл-ойға) өтудің аяқталуымен байланысты болды. Бұл кезде таяу және Қиыр шығыс елдерінде, антикалық Грецияда ойлау, пайымдаудың қазіргі заманғы адамдар қолданып жүрген логикалық құрылысы қалыптасты. Мифтік-поэтикалық санадан бірте-бірте қол үзіп, ақыр соңында одан арылғаннан кейін рационалдық ой дами бастады. Оған түрлі жағдайлар пәрменді әсерін тигізді: ең алдымен мифтік ойлау "логикасынан" үзілді-кесілді бас тарту себеп болды: мифтік сана затты оның бейнесімен тепе-тең қарастырды, дүниедегінің бәрі біртұтас және бір-біріне айналады деп түсінді. Мифологияда табиғат пен мәдениет, адам мен табиғат бір-бірінен ажыратылмай бір тұтас деп түсінілді, адам өзін табиғаттан бөліп көрсете алмады. Қысқасы, мифологияда адам бейнесі айналадағы табиғат заттары мен құбылыстарға қолданылып, дүниедегінің бәрінің жаны бар деп қарастырылды. Мұндай түсінік ересек адам санасын жас баланың санасына ұқсатады.
Адамның өзін табиғат заттарынан бөлек, ақыл-ой мен сана тек адамға ғана тән деген түсінік көп кейін пайда болды. Қоғам өмірінің алғашқы қауымдық формасының біртіндеп ыдырауына байланысты қоғамдық сананың мифтік түрі де тарихи аренадан кете бастады. Дүниетану процесінде шыңдық дүние құбылыстары мен оқиғаларын табиғи-объективтік тұрғыдан түсінудің басталуына байланысты себеп пен салдардың арақатынасының шындыққа сәйкес ұғымы да қалыптаса бастады. Мифологиялық түсініктен бас тарту шындық дүние рухани емес, сезім мен санадан тәуелсіз заттық объект екенін көрсетті: егер субъективтік және объективтік тепе-тең бір нәрсе болмаса, онда шындық құбылыстарының "негізін" субъектіден іздемей, олардың өз болмысынан, өз ішінен іздеу керек деген түсінікке келу болашақ ғылыми білімнің негізін құрды.
1. Илъин В.В. Философия науки. Учебник. М., 2003.
2. Концепции современного естествознания. Под ред В.Н.Лавриненко. М., 2001.
3. Рузанин Г.И. Методологические проблемы науки. М., 2001.
4. Рузанин Г.И. Философия науки. М., 2005.
5. Маковалъский А.О. История логики. М., 1967.
6. Поппер К. Объективное знание. Эволюционный подход. М., 2002.
7. Тұргынбаев Ә.Х. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. Алматы, 2003.
8. Тұргынбаев Ә.Х. Логика. Алматы., 2000.
9. Ғылым тарихы мен философиясы: Оқулық.- Алматы: Раритет, 2008. – 368 б.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
№3 Лекция сабағының тақырыбы:

Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдері.

1. Ғылымның пайда болу проблемалары.
2. Ежелгі мәдинет адамдарының дүниетанымдарының ерекшеліктері мен
мәдениеті.
3. Ежелгі Греция ғылымның отаны.
4. Орта ғасырдағы Европадағы ғылыми таным.
5. Шығыс ортағасыр ғылыми.

Ғылымның бастамасын анықтаудың оңай емес екендігі белгілі, бірақ оның
даму тарихын ең алдымен үлкен екі кезеңге бөліп зерттеуді ғалымдардың
көпшілігі жақтайды. Ғылым зерттеуші ғалым А.Карноның пікірінше, суы мол,
арнасы кең ұзаққа созылған үлкен өзеннің бастауын дәл табу қандай қиын
болса, ғылымның қайнар бастауын да дәл көрсету оңай емес. Оның бастамасына
ой жүгірткенде, қап-қараңғы, шым-шытырық күңгірт ойларға тап боласың, ақыр-
соңында тұрпайы да жабайы түсініктерге келіп тірелесің1.
Орыс зерттеушісі В.И.Ильин "Ғылым бастамасы" ұғымының айқынсыздығы мен
релятивистігі бұл проблеманың шешімін аса қиынға соқтыратынын атап
көрсетеді. Осы қиындықтардың нәтижесі ғылымның бастамасын сыртқы және ішкі
деп бөлуге мәжбүр етеді. Сыртқы бастама — ғылымға дейінгі санадан ғылымның
белгілі бір түрде құралуының шегі болса, ішкі бастамасы — ғылым тарихының
алғашқы ағымын анықтау, содан бастап есептеу. Ғылымның сыртқы бастамасын
қарастыру деген сөз, оның алғашқы ғылыми танымдық формалардан қалай
шыққанын, қалыптасу динамикасын айқындау болып табылады. Ал ішкі бастамада
— тарихи кеңістікте дамыған ғылым белгілерін көрсету.
Екінші бір орыс зерттеушісі Г.И.Рузаңин да ғылымның тууы мен дамуында екі
кезеңді атап көрсетеді: бірінші кезеңін оның туу кезеңі немесе бастапқы
ғылым кезеңі деп атаса, ал екінші кезеңін шын мәніндегі ғылым немесе
дамыған ғылым кезеңі деп атайды2. Ғалымдардың әрқайсысы әртүрлі атағанымен,
ғылым тарихы үлкен екі кезеңге бөлінетінін бәрі де мойыңдайды.
Ғылымның шығуының танымдық алғышарты біздің заманымызға дейінгі VII—VI
ғасырлар аралығында мифтік (аңыз, ертегілік) санадан логосқа (ақыл-ойға)
өтудің аяқталуымен байланысты болды. Бұл кезде таяу және Қиыр шығыс
елдерінде, антикалық Грецияда ойлау, пайымдаудың қазіргі заманғы адамдар
қолданып жүрген логикалық құрылысы қалыптасты. Мифтік-поэтикалық санадан
бірте-бірте қол үзіп, ақыр соңында одан арылғаннан кейін рационалдық ой
дами бастады. Оған түрлі жағдайлар пәрменді әсерін тигізді: ең алдымен
мифтік ойлау "логикасынан" үзілді-кесілді бас тарту себеп болды: мифтік
сана затты оның бейнесімен тепе-тең қарастырды, дүниедегінің бәрі біртұтас
және бір-біріне айналады деп түсінді. Мифологияда табиғат пен мәдениет,
адам мен табиғат бір-бірінен ажыратылмай бір тұтас деп түсінілді, адам өзін
табиғаттан бөліп көрсете алмады. Қысқасы, мифологияда адам бейнесі
айналадағы табиғат заттары мен құбылыстарға қолданылып, дүниедегінің
бәрінің жаны бар деп қарастырылды. Мұндай түсінік ересек адам санасын жас
баланың санасына ұқсатады.
Адамның өзін табиғат заттарынан бөлек, ақыл-ой мен сана тек адамға ғана
тән деген түсінік көп кейін пайда болды. Қоғам өмірінің алғашқы қауымдық
формасының біртіндеп ыдырауына байланысты қоғамдық сананың мифтік түрі де
тарихи аренадан кете бастады. Дүниетану процесінде шыңдық дүние құбылыстары
мен оқиғаларын табиғи-объективтік тұрғыдан түсінудің басталуына байланысты
себеп пен салдардың арақатынасының шындыққа сәйкес ұғымы да қалыптаса
бастады. Мифологиялық түсініктен бас тарту шындық дүние рухани емес, сезім
мен санадан тәуелсіз заттық объект екенін көрсетті: егер субъективтік және
объективтік тепе-тең бір нәрсе болмаса, онда шындық құбылыстарының
"негізін" субъектіден іздемей, олардың өз болмысынан, өз ішінен іздеу керек
деген түсінікке келу болашақ ғылыми білімнің негізін құрды.
Ғылымның ішкі және сыртқы бастамаларын қарастыра отырып, біз ғылым қашан,
қалай және қайда пайда болды деген сұрақтарға жауап бере аламыз. Ғылымның
бастауын анықтау үшін көп мәнді "ғылым" ұғымның қазіргі заманғы мазмұнын
ашып көрсету міндетті. Жоғарыда атап көрсеткендсй, ғылым, ең алдымен, білім
және ол білімді алуға бағытталған іс-әрекет, қоғамдық сананың айрықша
формасы, әлеуметтік институт (XIX ғ.ғ. екінші жартысында пайда болған
арнайы ұйымдар мен мекемелер жүйесі), XX ғасырдың екінші жартысынан бастап
қоғамның тікелей өндіргіш күші т.б. Бұл сұрақтың елдің бәрі мойыңдайтын
жалпы жауабы болмағанымен, бірақ Г.Спенсердің ғылымның бастауы "есейген
"жабайы адамның" ақыл-ойы..." деген пікірімен келісуге болмайды және оның
бұл пікірін қолдаушы О.Конттың және басқалардың ғылымды мәдениет пен
тарихтан тәуелсіз түсіндіретін пікірін де қолдауға болмайды, өйткені ғылым
дегеніміз білім "өндіруге" арнайы бағытталған қоғамдық қызметтің нәтижесі
болып табылады. Мұндай қоғамдық қызмет дене еңбегі мен ой еңбегінің бір-
бірінен бөлініп, үстем тап өкілдерінің ой еңбегімен арнайы айналысуы үшін
қажетті бос уақыттың тууына байланысты пайда болды. Демек, шын мәніндегі
ғылым алғашқы қауымдық қоғамда тууы мүмкін емес еді, өйткені ғылыми білімді
өндірумен айналысатын, материалдық өндіріске қатыспайтын адамдар тобы —
білім субъекті қажет еді және сонымен бірге ғылыми білім өңдірісіне керекті
материалдық және методикалық база, сондай-ақ ғылыми зерттеудің нәтижесін
жинақтап отыратын жазу тілі, жазу қажет еді. Бұлардың бәрі біздің
заманымызға дейінгі VII—VI ғасырларда пайда болды. Біздің заманымызға
дейінгі VI ғасырдан бұрын ертедегі Египетте (Мысырда), Месопотамияда, Индия
мен Қытайда пайда болған, қазіргі ғылым философиясында орыс тілінде
"Преднаука"1 деген атауға ие болған, Ғылымның жаңадан шыға бастаған бұл
бастапқы кезеңіне тән белгі- сол кездегі материалдық өндіріспен, адамдардың
күнделікті күнкөріс практикасымен тығыз байланыстылық еді. Ол адамдардың
аса қарапайым да қажетті шарушылық мұқтажынан: нәрселерді санау, жер
участоктарының ауданын өлшеу, заттардың көлем мөлшерін анықтау сияқты
шаруашылық жұмыстарының талабынан туды.
Жоғарыда аталған елдер ол кезде егістігі, қолөнері, соғыс ісі, сауда
қарым-қатынастары өз заманының тарихи талаптарына сәйкес жоғары деңгейде
дамыған еді. Өзендердің тасуынан су жуып кеткен жерлерді қайта өлшеу
қажеттігі геометрияны тудырса, сауда-саттықтың өріс алуы, қолөнер мен
құрылыс істерінің дамуы арифметикалық есептеу әдістерін (алдымен қосу-алу,
ал кейінірек көбейту-бөлу амалдарын) тудырса, ал теңізде жүзу және діни
ғибадаттар "жүлдыз санау ғылымының" тууына себеп болды. Қысқасы, Шығыс
елдерінің өркениеті түрлі іс-әрекеттерде қолдануға болатын белгілі бір
білімдерді қалыптастырды, бірақ ол білімдер — пайдакерлік, ал практика —
технологиялық сипатта болды. Алғаш пайда болған ғылым бастаулары
математиканың арифметика жене геометрия деген бөлімдері болды, өйткені
адамдардың күнделікті тұрмыс қажеттеріне ең жақын білімдер арифметиканың
төрт амалы мен геометрияның жер өлшеуге қатысты әдістері еді.
Ғылымның бастауы үйреншікті эмпириялық бақылаулар мен есептеулерге
негізделгенімен, бірақ оның құрамында қарапайым абстракциялар мен идеяларды
пайдалану да болмай қойған жоқ. Ондай ең ескі ұғымдардың қатарына сан және
геометриялық фигура ұғымдарын жатқызуға болады. Қазіргі адамның
пайымдауында, заттардың өзін және олардың белгілі бір жиынын санау және
салыстыру үшін әуел бастан сан деген ұғым болуы тиіс. Ал іс жүзінде олай
емес. Тарихшылардың, археологтар мен этнографтардың және басқа ғылым
зерттеушілерінің мәліметтері алғашқы қауымдық тайпалар сан дегенді
білмегенін көрсетеді: малдардың табыңдары мен үйірлерін, аң аулағаңда
олардың тобырларын салыстырғанда өздері ойлап тапқан басқа амалдарды
қолданған, мәселен, бір үйірдегі әрбір малдың сырт белгісіне басқа үйірдегі
малдың сондай сырт белгісі сәйкес келуі тиіс, ал егер бұлай салыстыруға бір
үйірдегі жануарлар жиыны жетпесе, онда бұл үйір екіншісінен аз болғаны т.б.
деп түсінді.
Өркениеттің бастапқы сатыларында мұндай салыстыру немесе "санау" амалы
ретінде қолдың және аяқтың саусақтарын пайдаланған, ал саусақтардың саны
жетпесе, онда ұсақ тастарды және басқа нәрселерді натуралдық сандардың
шартты белгісі ретінде пайдаланған. Нақты заттар мен нерселердің
абстрақтылы шартты белгілері ретінде натуралдық сандарды ойлап тапқанша,
бәлкім, мыңдаған жылдар өткен болар. Адамдар абстракциялық сандарды
пайдалану үшін нақты заттардың бейнесінен дерексіздену әдіс-тәсілдерін
ойлап табуға үйренуі қажет болды.
Ертедегі Шығыс елдерінің жеке-дара, бытыраңқы білімдері ұрпақтан ұрпаққа
беріліп жинақталды. Жеке-дара бытыраңқы білімдер қанша көп болғанымен,
бірақ олар әлі ғылымды құра алмады. Ғылым жеке-дара білімдерді жалпылап,
мақсатты түрде бір жүйеге келтірген жерде ғана пайда болады.Ал Шығыс
елдерінде білім негізінен тікелей қабылдауда жиналған жеке-дара
мәліметтерді жай индукциялық жолмен қорыту арқылы жинақталды және нәсілдік
кәсіп түрінде беріліп отырды. Білімнің ұрпақтан ұрпаққа берілуі отбасында
балалардың ересектерден, негізінен әке, ағаларынан үйрену арқылы іске асты.
Білім жаратушы құдайдың адамға жіберген кәсіптік қамқорлығы деп саналып,
кәсіптік қауымдастықтарға (шығу тегі мен қүқықтық артықшылығы бар ақсүйек
топтарға) беріліп отырды. Білімдер сын көзбен қарамай, стихиялық түрде
өзгеріссіз берілді. Мұның бәрі өндіргіш күштердің дамымағандығының,
білімінің діни аңыздар мен билік басындағылардың үстемдік күшіне айналған
дәстүрлерге толық бағыныштылығының салдары еді. Мысалы, ертедегі
мысырлықтарға бүтін сан ұғымы жасқы таныс болғанымен, бірақ бөлшек санды
түсінуі өте қиынға соқты. Ертедегі вавилондықтар арифметиканы және
тендеулерді шешудің алгебралық әдістерін тамаша білгенімен, бірақ ертедегі
грек математикасының теориялық деңгейіне көтеріле алмады. Оларға
геометриялық білімдерді меңгеру одан да гөрі қиын болды. Ертедегі
гректердің пікірінше, геометрия қолданбалы ғылым ретінде тұңғыш рет Мысырда
пайда болды. Аристотель геометрияның пайда болуын діни аңыздардың қолы бос
уақытының молдығымен байланыстырды. Геродот геометрияның практикалық
қажеттігін былай түсіндірді: Ніл тасығанда өңделген егістіктерді жуып кетіп
отырды, салық салу тұрғысынан қарағанда қанша өнделген егістіктен
айырылғанды анықтау керек болды - ал кейіннен Грецияға ауысқан бұл
геометрияның бастамасын салды1. "Геометрия" деген грек сөзінің өзі қазақша
"жер өлшеу" дегенді білдіреді.
Біздің жыл санауымызға дейінгі төртінші мың жылдықта ертедегі Мысыр
медициналық, географиялық, астрономия мен астрологиялық, акустика мен
риторикалық, философия мен математикалық білімдердің т.б. бастамасы болған
мәдениетті мемлекеттің бірі болғаны тарихтан белгілі. Табиғаттан тыс
сиқырлы күшке деген сенім туралы ілімдер барлық нәсілдер мен халықтардың
дүниетанымына зор әсерін тигізді.
Геродот Мысырды "Нілдің сыйы" деп атапты. Шынында да ертедегі мысырлықтар
Ніл өзенінің арқасында күн көрді. Ніл өзені үшбұрыш тәрізді бірнеше салаға
бөлініп, кең алқапқа жайылып жатады. Бұл ұшбұрыштың табаны — Жерорта
теңізінің жиегі, төбесі Нілдің шығатын бастауы. Нілдің басқа өзендерге
қарағандағы бір өзгешелігі сол, июньнің аяғынан сентябрьдің аяғына дейін
оның суы үздіксіз тасып, бүкіл Мысырды су басады деуге болады. Октябрь
айының аяғынан келесі май айына дейін суы тартытылып, тасуын қояды. Осыған
орай мысырлықтар егінін салып, пісіріп, жинап үлгереді. Геродоттың әлгі
айтқан сөзі Ніл табиғатының осы сыры туралы айтылған болар.
"Күн Сүмбіленің тұсынан жоғары көтеріле бергенде, -деп жазады Қазақстан
Ғылым Академиясының академигі О.А.Жәутіков, — Нілдің суы арнасынан асып
таситынын, ал күн Мизам шоқжұлдыздарының тұсына жақындап келгенде судың
қайтатынын мысырлықтар біздің жыл санауымыздан алты мың жыл бұрын білген.
Табиғаттың осындай зандылықтары мысырлықтарды астрономиямен шұғылдануға
мәжбүр етті. Бұл туралы: "Ніл суының көтеріліп, басылу кезеңдерін есептеп
шығарудың қажеттігі Епипет астрономиясын туғызды..." — дейді К.Маркс"1.
Бақылау жұмысын жүргізу мақсатында мысырлықтар тарихта тұңғыш календарь
жасады. Бұл календарьда жыл 12 айға, әрбір ай 30 күнге бөлінді, ал 12
айдағы жалпы күн санына тағы да қосымша 5 күн қосылды. Нілдің тасыған суын
жыл-тәулік бойы сақтау үшін және су тасқынынан қорғану үшін мысырлықтар
түрлі каналдар мен су қоймаларын, мықты плотиналар жасады, өзен суынан
жоғарыда жатқан егістіктерді суғару үшін суды жоғары көтеретін
гидравликалық тетіктер ойлап тапты т.т. Ал бұл құрылыстар механикалық
білімдерді тудырды.
Мысырды зерттеуші орыс ғалымы И.Шмелев көптеген эмпириялық зандарды
тұжырымдаған ертедегі гректер емес, кейінгілер қайтадан ашқан сырды олардан
мыңдаған жыл бұрын Ертедегі Мысырдың аңыздары зерттеп білген деп анық айта
аламыз дейді.
Ертедегі Мысырда мемлекетті басқару фараондық деспотизм формасында іске
асты. Мұнда діни абыздар ерекше орын алды. Абыздардың кеңесі өз ғылымын
ерекше қорғап, ақиқаттың мәнін қара бұқараға білдірмеді. Фараондар жай адам
емес, Күннің "перзенті" деп саналды, сондықтан олар о дүниеге белгісіз жай
адам ретінде бармай, аспандағы Күннің жердегі перзенті ретінде бару үшін,
оларды жерлеу рәсімі белгіленіп, олар үшін орасан зәулім пирамидалар
салынды. Ертедегі Мысырда салынған үлкеңді-кішілі 80 пирамида бар.
Пирамидалар ең алдымен елді абыздық психотехника амалдарының көмегімен
басқарудың жан-жақты ойластырылған программасының іске асыруға арналған
құралдың рөлін аткарды деген пікір бар. Не дегенмен, биік те зәулім
құрылыстарды салу мыс металлургиясын, ағаш және тас өңдеу шеберлігін
дамытуға алып келді. Дж.Бернал айтқандай, алғашқы Мысыр шеберлері жасаған
столдар мен орыңдықтары сол кездегі түрін әлі өзгерткен жоқ: орындықтың
арқалығын торлап, ал аяқтарын иіп жасау 4500 жыл бұрын белгілі еді. Таразы,
желкен, керамикалық бұйымдар, папирус т.б. көптеген заттар да сол кезде
ойлап табылған болатын.
Анатомия мен емдеу саласында көптеген білімдер пайда болды: тіс және көз
дәрігерлігі, хирургтер шықты, қан айналымы жүйесінің қызметін білді, адам
денесі қызметтерінің орталығы ретінде мидың жұмысы зерттелді.
Қазіргі заманда жер жүзіндегі барлық халықтардың қолданатын санау жүйесі
- ондық системасы. Осы ондық система - ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Оны
ойлап табуға бүкіл халық болып ат салысты деуге болады, өйткені мұндай
санақ системасын тудырған бүкіл адамзаттың практикалық іс-әрекеті деуге
болады. Мәдениеттің тарихыңда адамзаттың практикалық өмірі үшін ондық
системадай зор маңызы бар ғылыми прогресс жасаған, өшпес із қалдырған,
терең ықпалын тигізген математикалық білім кемде-кем шығар. Ондық
системаның пайда болуы екі қолдың саусақтарын санау практикасына байланысты
екеніне күмән келтіруге болмайды.
Санау системасының негізіне оннан басқа санды да алуға болады және сондай-
ақ бір системадан екінші системаға көшуге де болады. Ертедегі вавилондық
астрономдар санау негізі үшін, мәселен, алпыстық системаны қолданған.
Сағаттың және бұрыштық градустың алпыс минутқа бөлінуі де осымен
байланысты. Скандинав түбегіндегі елдердің (Швеция мен Норвегияның) тілінде
бестік система ізінің күштілігі байқалады. Санау системасының негізінде
жиырмалық системаның ізі француз, ағылшын, нидерланд тілдерінде сақталғаны
байқалады.
Әліге дейін тек екілік системаны ғана (мысалы, бір мен екіні) қолданатын
халықтар бар екен. Мысалы, Австралия мен Полинезиядағы көптеген тайпалардың
санауға қолданылатын барлық сандары "бір" және "екі" ғана. Осы екі санды
бір-бірімен үйлестіріп, олар "үшті", "төртті", "бесті", "алтыны" т.б.
құрастырып атайды екен. "Торрес бұғазындағы аралдарды мекендейтін тайпалар,
мәселен, бірді "урапун", екіні "оказа" дейді екен. Сөйтіп, олар 3 деу үшін
"оказа-урапун" деп, 4 деу үшін "оказа-оказа", 5 деу үшін "оказа-оказа-
урапун", 6 деу үшін "оказа-оказа-оказа" дейді екен. Ал алтыдан артық
сандарды "көп" немесе "сан жетпес" дейтін көрінеді"1.
Бұл мысалдар математика ғылымының бастамасы қоғамның әлеуметтік-
экономикалық даму деңгейінен тікелей тәуелді екенін, ол адамдардың
күнделікті тұрмыстық іс-әрекетіне байланысты шыққанын тағы да дәлелдей
түседі.
Сонымен, қорыта айтқанда, ертедегі мысырлықтар жай қарапайым натурал
сандар мен бөлшектерді қолдана білгенімен, ал вавилондықтар теңдеулер
жүйесін шешіп, квадрат түбірлерді шығара білгенімен, бірақ жалпы
абстракциялық ұғымдардың көмегімен басқа абстракциялық ұғымдарды қорытып
шығару жолында алғашқы қадам ғана жасады, өйткені олар пайымдаудың
дедукциялық формасын, логикалық дәлелдеудің әдіс-тәсілдерін білмеді, жаңа
есептеулер жүргізудің жалпы әдістерін қолдана алмай, жеке-дара әдістерді
ғана қолданды. Сөйтіп ғылымның туу және қалыптасу деңгейінде аса қарапайым
абстракциялар және күнделікті шаруашылық тіршілігіндегі заттармен тікелей
қарым-қатынаста қолданылатын нақты моделдер жасалды.
Екіншіден, ертедегі Шығыс ғылымыңда түбірлі теориялық тұжырымдар болмады.
Ғылыми білімдер нақты практикалық міндеттерді орындауды көздеді. Вавилонда,
мәселен, астрономия діни жораларға немесе астрологиялық әрекеттерге қызмет
ететін қолданбалы өнер ретінде қолданылды, ал ғылымның міңдеті теориялық
проблемаларды шешуге қызмет ететін ғылыми білімдер өндіру болып табылады.
Ертедегі Шығыс ғылымы рационалдық болмады. Мұның бір себебі қоғамның
саяси-әлеуметтік құрылысында жатыр. Қытайда қоғам теңсіздікке негізделген
қатаң страттарға, әлеуметтік топтарға бөлінді (өкіметті билеушілер — көктің
өкілдері, тайпа аристократтары — ізгі жандар деп саналса, тайпаның жай
мүшелері — қара халық деп саналды), демократия мүлдем болмады, құлдар адам
деп саналмады. Мұндай әлеуметтік теңсіздік ақыл-ойдың дамуына жол бермеді,
аристократтардың айтқаны әрдайым дұрыс деп саналды. Білімнің субъектісі,
ақыл-ойдың иесі дін иелері, абыздар болды. Осындай өлеуметтік теңсіздік,
сайып келгенде, ғылыми білімді сыры түсініксіз мистикалық догмаға, адамның
ақыл-ойы жетпейтін ілімге айналдырды.
Жеке практикалық мәселені шешуді көздеу, дәлелділікті талап ететін
дедукциялық пайымдаудың болмауы ертедегі Шығыс ғылымының эмпириялық
(тәжірибелік) мазмұнын айқындады. Ғылымның тууы мен қалыптасуына қажетті
жағдайлар Ертедегі Греция заманында, біздің жыл санауымызға дейінгі
VI—ІҮғғ. қалыптасты.
IV. Антика заманының ғылымы
Сонымен, бұдан бұрынғы тарауда ғылым біздің жыл санауымызға дейін VI-
IVғ.ғ. Греция елінде қалыптасты дедік. Сұрақ: не себепті ол, ерте емес,
біздің жыл санауымызға дейінгі VI-IVғ.ғ. шықты және басқа елде емес, Греция
туды? Өйткені ғылымның бастамасы ертедегі Шығыс елдерінде (Мысырда,
Вавилонда, Қытай мен Индияда жасалды ғой.
Бұл сұрақтардың негізгі екі жауабы бар. Біріншісі, оның дүниетанымдық
және екіншіден, әлеуметтік -саяси себептері сол кездегі Грецияда
қалыптасты. Ғылым дегеніміз ең алдымен дүниетану процесінің нәтижесі болып
табылады дедік жоғарыда. Жүйеге келтірілген теориялық білімге гректер қалай
және ненің көмегімен және сондай-ақ ғылыми зерттеуді ерекше ұйымдастырудың
көмегімен қол жеткізді.
Ғылымның тууында ғылыми әдістің атқарған айрықша рөлін түсіну үшін адам
әдетте нені танып білу керек және оны қалай танып білуге болады деген екі
сұрақтың дұрыс жауабын білуі қажет. Ғылым бастауының негізін (преднаукасын
— авт.) салған ертедегі шығыс елдерінің ғалымдары нені зерттеу керектігін
білді, бірақ қалай зерттеу қажеттігін, яғни ғылыми әдістің мәнін көп
жағдайда білмеді деуге болады. Ал ғылыми әдіс дегеніміз әлгі келтірілген
сұрақтардың екіншісіне жауап беру деген сөз. Ғылымда көп жағдайда екінші
сұрақтың жауабы шешуші рөл атқарады деуге болады. Бұған мысал ретіңде
қытайдың мына бір көне нақыл сөзін келтіре кеткен жөн сияқты: "қолы ашық
бір жомарт балықшы өзінің кедей көршісі — шаруа адамға өзі ұстаған балықтан
бөліп береді. Ол кедей шаруа бір күн емес, екі күн емес, күн сайын балық
алуға келетін болған соң, балықшы мен оған қашанғы қайырымдылық жасай
беремін, ең дұрысы - шаруаға балық аулаудың әдіс-тәсілін үйрету, сонда
балықты өзі аулайтын болады деген қорытындыға келеді. Дәл осы сөздерді
ғылыми әдіс туралы да айтуға болады. Ғылымның қалай өндірілетінін білдіру
дегеніміз, біріншіден, қолданыста бар білімдерді беру, екіншіден, жаңа
білім өндірудің жолын, әдіс-тәсілдерін үйрету деген сөз.
Ертедегі Грециядағы ғылымның басқа қоғамдық сана формаларынан
ерекшеліктерінің бірі сол, жаңа білім өндірудің әдістері арнайы талдау мен
пайымдаудың обьекісіне айналып, оның нәтижесінде "Ғылыми танымның
методологиясы" деп дербес ғылыми пән қалыптасты. Демек, ертедегі гректер
басқа халықтардан гөрі фактілі білімдерді көбірек жинағандықтан ғылымның
бастамашысы болған жоқ. Ондай білімдердің көпшілігін олар Мысыр, Вавилон
сияқты көрші елдерден алды. Гректерді қазіргі заманғы мағынада "ғалым"
жасаған ойлау процесінің өзіне көңіл аударып, талдауында болды. Ертедегі
грек ойшылдары фактілерді жай жинап қана, жаңа пікір мен жорамалдар айтып
қана қойған жоқ; оларды дәлелдеп, пайымдаулар жасады, яғни бір ой-
пікірлерден басқаларды логикалық жолмен қорытып шығара отырып, ғылыми
білімдерді жүйеледі, тәртіпке келтірді. Олар дәлелдеуге дағдыланып қана
қойған жоқ, дәлелдеу процесін жан-жақты талдап, дәлелдеудің теориясы –
Аристотельдің логикасын жасады. Басқаша айтқанда, бұрын қалай болса солай
ретсіз жиналған түрлі тәжірибелік білімдерді тәртіпке келтірудің әдісі
анықталды. Бұл нағыз методологиялық жаңалық болды. Дәл осындай тағы бір,
екінші революциялық жаңалық XVII ғасырда - Жаңа заманда классикалық
жаратылыстануды тудырған эксперименттік - математикадық әдістердің
қажеттігі түсінілгенде ғана іске асты.
Ертедегі грек ойшылдары жасаған логика (дұрыс ойлаудың заңдары мен
формалары туралы ғылым) танып білуге тиісті материалдық дүниеге тікелей
қатысты емес, сол дүние туралы оқшауға қатысты болды, яғни талдау жасаудың
объектісі заттар мен құбылыстар емес, олардың ойдағы бейнесі -абстракциялық
ұғым, пікір, ой қорытынды, сандар мен заттар т.б. Материалдық дүниенің
зандылықтары мен реттілігінен оның идеалдық бейнесінің заңдылығы мен
реттілігі ешбір кем емес екен. Білім өзінің салыстырмалы дербес болмысы -
теория дүниесінің болмысын жасай отырып, материалдық дүниеден "жоғары"
тұрғандай деңгейге көтерілді.
Антик заманының ғылымы теориялық білімнің аяқталған жүйесін құрудың
бүгінге дейін маңыздылығын жоғалтпаған бірінші үлгісін, ережесін — Евклид
геометриясын жасап берді. Бұл ереженің мәні мынада: белгілі бір бастапқы
ақиқат пікірлерден (аксиомалар мен постулаттардан) көптеген геометриялық
білімдердің бәрін логикалық жолмен қорытып шығару. Алғышарт болып
табылатын бастапқы пікірлер ақиқаттылығы арнайы дәлелдеуді қажет етпейтін,
баршаға мәлім пікірлер. Ал егер алғы шарттың ақиқаттығы баршаға мәлім
пікір болса, онда одан шығатын қорытынды да (логикалық салдар да) барша
мойындайтын ақиқат болады.
Осындай жаңалықтардың нәтижесінде антик дәуірінің мәдениеті айтарлықтай
қысқа тарихи мерзім ішінде тамаша математикалық теория, космологиялық әлем
үлгісін (Аристарх Самосский) жасап, физика, биология сияқты бір қатар
болашақ ғылымдардың маңызды идеяларын тұжырымдап берді. Ең бастысы нағыз
ғылыми білімнің бірінші үлгісін, оның ғылымға дейінгі білімдерден түбірлі
ерекшеліктерін көрсететін негізгі белгілерін анықтап берді. Ол белгілер
мынылар:
1) ғылыми (теориялық) танымның объектісі тікелей шындық дүние заттары
мен құбылыстарының өздері емес, олардың ойдағы бейнелері, яғни
идеяландырылған объектілер;
2) ғылыми білімдер жүйелі болуы және сондай-ақ бір білімдер
басқаларынан логикалық жолмен қорытып шығарылатындай болуы тиіс;
3) ғылыми білімнің мазмұны объективтік сипатта болады, яғни оны танып
білуші субъектінің мақсат-мүдделерінен тәуелсіз ақиқат болады;
4) ғылыми танымның аса маңызды белгісі - таным әдістеріне қатаң талап
қойылып, жаңа білім өндірудің барысына мақсатты қадағалау жасалады;
5) ғылым қайталанбалы құбылыстарды ғана зерттейді, өйткені ол белгілі
бір топқа, класқа жататын заттар мен құбылыстардың бәріне тән жалпы
зандылықты ашады.
Ғылымның тарихи бірінші формасы математика болып табылады, өйткені
ғылыми емес білімдер, танымдық жағынан алғанда, ертедегі шығыстық
білімдерге ұқсас білімдер, ғылыми білімге алғашында Грецияда айналды, ал
математиканың ішінде геометрияда, белгілі бір нақты пішіні бар заттарды
зерттеуден бас тартып, олардың геометриялық формасын, пішінін теориялық
тұрғыдан зерттеуге көшуге байланысты болды. Ал бұл үшін геометрияның
негізгі ұғымдарын анықтайтын абстракцияның түрлі типтерін пайдалануға тура
келді. Бұған қоса айтарлықтай дамыған логикалық жүйе қажет болды.
Геометриялық білімдер тұжырымдалып аяқталған аксиомалар формасына
Евклидтің әйгілі "Негіздер" атты кітабында біздің жыл санауымызға дейінгі
III ғ. ғана ие болды. "Негіздер" кейіннен математикалық қатаң тұжырымдаудың
үлгісіне айналды. Алайда бұған дейін, біздің жыл санауымызға дейінгі VI
ғасырдан бастап III ғ. дейін, түрліше дәлелдемелерді жинап, тұжырымдау және
бұған Евклидтің өз дәлелдеулерін қоса тұжырымдау кезеңі бастан кешірілді.
Геометриялық білімдердің қалай жүйеге келтірілгені туралы айқынырақ түсінік
алу үшін ертедегі грек математикасының тарихына қысқаша шолу жасайық.
Грек ғылымының тууы Милет қаласындағы натурфилософиялық мектептің
негізін салған, Грециядағы "жеті дананың" біріншісі Фалестің есімімен тығыз
байланысты. Евклидгің "Негіздеріне" алғаш түсіндірме беруші Проклдың сөзіне
қарағанда, "Фалес Мысырға саяхаттап барып, геометрияны Элладаға алып
келген; көп жаңалықты өзі жасаған және көп нәрсені өзінен кейінгілерге
айтып кеткен. Ол кейде жалпы мәселені қарастырған, кейде көбінше көрнекіге
арқа сүйеген". "Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары өзара тең"
деген, "егер бір ұшбұрыштың қабырғасы және сол қабырғамен іргелес екі
бұрышы екінші ұшбұрыштың сәйкес қабырғасына және онымен іргелес екі
бұрышына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылымның функциялары
Ғылымдагы дәстурлер мен жаңалықтар
Жаратылыстанудың даму кезеңдері
Ғылымның негізгі даму кезеңдері
Таным және ғылым философиясы
Қазақ халқының мифологиясы мен оның өзіндік табиғаты
Cаясат тарихы
Ғылымдағы дағдарыс
ЖАРАТЫЛЫСТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ДАМУЫ
Педагогикалық зерттеудің библиографиясы
Пәндер