Алабұталар тұқымдасы



1 Алабұта (Chenopodіum)
2 Қант қызылшасы (свекла обыкновенная)
3 Алабұталар тұқымдасына жататын жабайы өсiмдiктердiң маңыздыларының бiрi
4 Алабұталар тұқымдасына жататын мәдени өсiмдiктер
5 Азықтық құны
Алабұталар тұқымдасы (семейство Маревые — Сhenopodiacede).
Алабұта (Chenopodіum) – алабұталар тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер туысы. Ол көбіне өзен-көл жағаларында, сор, сортаң, жерлерде өседі. Қазақстанда 20 түрі бар. Алабұтаның биіктігі 5 – 300 см-дей. Гүлі қос жынысты, шашақты гүлшоғырына топталған. Алабұтаның ең жиі кездесетін түрлері кәдімгі Алабұта және иісті Алабұта . Кәдімгі Алабұтаның биіктігі 10 – 300 см-дей. Тік бұтақты сабағына ақтүкті жапырақтары кезек орналасады. Гүлі қосжынысты, ақшыл сары түсті келеді. Маусым – тамызда гүлдейді, қыркүйекте жеміс береді. Тұқымында көптеген пайдалы заттар бар. Халық медицинасында пайдаланады. Тұқымын кебекпен араластырып, малға береді. Иісті Алабұта сары жасыл түсті, хош иісті, биіктігі 15 – 60 см-дей. Ұзынша келген жапырағы сабаққа кезек орналасады. Ұсақ гүлдері шашақты гүлшоғырына топталған. Маусым – тамызда гүлдейді. Дәрілік өсімдік ретінде қан тамырларын, демікпеауруларын емдеуге және қара күйе көбелегін жоюға пайдаланылады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Алабұталар тұқымдасы (семейство Маревые -- Сhenopodiacede).
Алабұта (Chenopodіum) - алабұталар тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер туысы. Ол көбіне өзен-көл жағаларында, сор, сортаң, жерлерде өседі. Қазақстанда 20 түрі бар. Алабұтаның биіктігі 5 - 300 см-дей. Гүлі қос жынысты, шашақты гүлшоғырына топталған. Алабұтаның ең жиі кездесетін түрлері кәдімгі Алабұта және иісті Алабұта . Кәдімгі Алабұтаның биіктігі 10 - 300 см-дей. Тік бұтақты сабағына ақтүкті жапырақтары кезек орналасады. Гүлі қосжынысты, ақшыл сары түсті келеді. Маусым - тамызда гүлдейді, қыркүйекте жеміс береді. Тұқымында көптеген пайдалы заттар бар. Халық медицинасында пайдаланады. Тұқымын кебекпен араластырып, малға береді. Иісті Алабұта сары жасыл түсті, хош иісті, биіктігі 15 - 60 см-дей. Ұзынша келген жапырағы сабаққа кезек орналасады. Ұсақ гүлдері шашақты гүлшоғырына топталған. Маусым - тамызда гүлдейді. Дәрілік өсімдік ретінде қан тамырларын, демікпеауруларын емдеуге және қара күйе көбелегін жоюға пайдаланылады.
Алабұталар тұқымдасы (Chenopodіaceaе) - тұзға төзімді шөптесін бұта немесе ағаштәрізді (сексеуіл) өсімдіктер. Жер шарында кең тараған, 100 туысы, 1500-дей түрі белгілі. Қазақстанның шөл және шөлейтаймақтарында жиі өседі. Елімізде 47 туысы, 218 түрі кездеседі. Көпшілігінің сабағы бунақты болып келеді. Жапырақтарыкезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Түссіз ұсақ гүлдері гүлшоғырына топтасып масақша құрайды. Жемісі - жаңғақ. Тұқымы сақиналы болады. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің көпшілігін мал жейді (изен, ебелек, сораң, т.б.), сондай-ақ отын (ақ және қара сексеуіл) ретінде пайдаланылады, қолдан да өсіріледі. Жас өскіндері аскөк ретінде тамаққа, ал тұқымын балықшылар балыққа жем ретінде пайдаланылады. Сабын жасау үшін ел арасында оның күлін қайнатып сақар алады. Көптеген түрінен медицинада дәрі-дәрмек дайындайды. А. т-ның 4 түрі: Хива сораңы, жалпақжапырақты сораң, Регель тарбақайы, Торғай бұйырғыны - сирек кездесетін өсімдіктер. Олар қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. [[1]]
Тұқымдасқа 1600-дей түр (105-туыс) жатады. БОР-дың флорасында 350 түрі, ал Қазақстанда 225 түрі кездеседі.

Олар жершарының барлық кеңістіктерінде, негізінен субтропикалық климаты құрғақ және топырағы тұзды болып келетін елдерінде көптеп өседі (Орта Азияда, Солтүстік Американың оңтүстік-батысында, Оңтүстік Америкада, Орталық Австралияда). Гүлдері ұсақ, көріксіз, циклды немесе гемицикдды, актиноморфты, 5-мүшелі (гинецейден басқасы), қосжынысты немесе даражынысты болып келеді. Соңғы жағдайда редукцияға ұшыраған не аталық не болмаса аналық жыныс органдарының іздерін көруге болады. Гүлсерігі қарапайым, тостағанша жапырақша түрінде болады, аталық гүлдері кейде редукцияға ұшыраған. Андроцейі 5 аталықтан, гинедейі ценокарпты 2-3 (4-5) жеміс жапырақшасынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, кейде жартылай төменгі, 1-ұялы. Жемісі 1-тұқымды-жаңғақша, тұқымша, қалған тостағаншаларымен қоршалған болып келеді.
Қызылша туысы (Веіа). Туыстың құрамында 13 түрі бар, оның 5-уі БОР-дың территориясында, ал Қазақстанда 1 ғана түрі өседі. Олар жерортатеңізі жағалауында Европаның батысы мен оңтүстігінде, Алдынғы Азияда және Орта Азияда өседі.
Қант қызылшасы (свекла обыкновенная) екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы өсімдік тамыр мойнының айналасында топтасып жертаган түзетін жапырақтар береді және тамыр жеміс түзеді, ал екінші жылы тамыржемістен сабақ кетеді, оның басында гүлшоғыры тирс түзіледі. Қызылшаны өндірістік мақсатта қант алу үшін, көкөністік және малға азық болатын өсімдік ретінде көптеп себеді. Кейде олар жабайы өсімдікке айналып кетеді де, арамшөп ретінде өседі (өсіресе Закавказьеде).
Алабұта туысы (марь. Дүние жүзі бойынша 250-дей түрі бар, БОР-дың флорасында 60 түрі, ал Қазақстанда-20 түрі кездеседі. Біржылдық, екіжылдық
Гүлдері негізінен қосжынысты, 5-мүшелі болады. Бірқатар түрлері арамшөп ретінде кең тараған: ақ алабүта (марь белая -- және дуал алабүтасы (марь стенная). Ақ алабүтаның гүлінің формуласы мынадай.
Көкпек туысы (лебеда). Түрлерінің жалпы саны 230-дай, БОР-дың флорасында 30 түр, ал Қазақстанда 25 түрі өседі. Боз көкпек (лебеда седая -- Асапа) -- жартылай бүта, ол Орта Азияның жартылай шөлдеріңде ландшафт түзетін өсімдік. Бақ көкпегі (лебеда садовая) мен жылтыр көкпек (лебеда лоснящаяся) біржылдық арамшөптер болып табылады. Жылтыр көкпектік гүлінің формуласы мынадай.
Алабұта туысы (марь -- Chenopodium).
Оған бiржылдық, екiжылдық, көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер мен бұталар жатады. Жапырақтары сабаққа кезектесiп орналасады. Гүлдерi қосжынысты, топтасып жиналып масақ немесе сыпырғы тәрiздi гүлшоғырын түзедi. Гүл серiгi қарапайым 5 тостағанша жапырақшадан тұрады. Аталығының да саны 5, аналығы 2. Жемiсi тұқымша. Сиректеу шырынды жемiстiлерi де болады. Алабұта гүлiнiң формуласын былай жазуға болады: * ♀ ♂ ГС·5 А5 Ж(2)
Аса кең тараған өкiлiнiң бiрi ақ алабұта (марь белая - Chenopodium album). Ол бiржылдық өсiмдiк. Жапырағы сопақтау - ромба тәрiздi, шетiнде ойыстау тiсшелерi болады. Сабағын және жапырақ тақтасының астыңғы бетiн ақ ұнтақ тұтып тұрады. Ақ алабұта жаз бойы гүлдейдi және көп мөлшерде дән байлайды. Бiр өсiмдiк жылына шамамен 20 мыңға дейiн тұқым бередi. Олардың бiразы мәдени өсiмдiктерден өнiм жинағанға дейiн жерге шашылып үлгередi. Келесi жылы көктемде, әсiресе айдалған жерлерде ақ алабұта қаптап өседi. Осылайша егiстiктi арамшөп басады. Ақ алабұта топырақтан тамырлары арқылы азот, калий, фосфор секiлдi заттарды көп мөлшерде сiңiредi. Нәтижесiнде топырақ құнарсызданады. Мұның өзi мәдени өсiмдiктердiң түсiмдiлiгiнiң едәуiр төмендеуiне әкелiп соқтырады. Сонымен бiрге ақ алабұта зиянкес насекомдардың мекендейтiн орны болып табылады.
Көкпек туысы (лебеда -- Atriplex). Туыстың өкiлдерi алабұтаға көп ұқсайды. Олардан гүлдерiнiң дара жынысты болуымен ажыратылады. Көкпектер бiр үйлi, сиректеу екi үйлi өсiмдiктер. Аналық гүлiнiң гүлсерiгi болмайды, оны бiрiккен жабындық жапырақтары алмастырады. Көкпектер өзен жағасында, сүдiгерге жыртылған жерлерде, қара-қоқыстың айналасында қаптап өседi. Сонымен бiрге олар шөлдi және жартылай шөлдi аймақтардың сор және сортаң топырақтарында көптеп кездеседi. Туыстың кең тараған өкiлiнiң бiрi жылтыр көкпек (лебеда лоснящая - Atriplex nitans). Ол егiстiктiң бiржылдық арамшөбi. Үш бұрышты жапырағы сабаққа кезектесiп орналасады. Жапырағының түп жағы сүңгi тәрiздi болып келедi. Жылтыр көкпектiң гүлiнiң формуласын былай жазуға болады: Аналық гүлiнiң формуласы: * ♀ Гс· 0 А0 Ж(2); аталық гүлiнiң формуласы: * ♂ Гс(5) А5 Ж0
Жемiстерi жаңғақша, кеибiреулерiнде -- тұқымша.
Алабұталар тұқымдасына жататын жабайы өсiмдiктердiң маңыздыларының бiрi сексеуiл (саксаул -- Haloxylon) оның қазақстанда мынадай 3 түрi кездеседi: ақ сексеуiл (саксаул персидский - Haloxylon persicum), қара сексеуiл (саксаул безлистный - Haloxylon aphyllum) және зайсан сексеуiлi (саксаул зайсанский - Haloxylon ammodendrom). Оның биiктiгi 8 метрге дейiн жететiн ағаш. Бұталары да кездеседi. Тамырлары 10 -- 12 м тереңдiкке дейiн жетедi. Жапырақтары редукияға ұшыраған, тек қабыршақ түрiнде болады. Соған байланысты сексеуiлде фотосинтез процесiн олардың жасыл өркендерi жүзеге асырады. Сексеуiл Орта Азияның құмды шөлдерiнде, өзен алқабындағы тақырлау сор топырақтарда, тастақты жерлерде кездеседi. Олар құмды шөлдерде сирек орман түзедi. Сексеуiл ағашынан тұратын сирек орманның Қазақстанда жер көлемi 4561,1 мың гектарға тең. Сексеуiлдiң халық шаруашылығында маңызы аса зор. Ол құмды шөлдердi эрозиядан сақтайды. Құнды отын болып табылады. Сонымен бiрге сексеуiлдiң малазықтык мәнi де бар. Алайда соңғы жылдары қазақстанда сексеуiл орманы сиреп кеттi. Оның басты себебi жергiлiктi халық сексеуiлдi отынға дайындағанды техниканы пайдаланатын болды. Тiптен iрi қалаларға сексеуiлдi машинамен тасып сатып, оны табыс көзiне айналдыруда. Сондықтан сексеуiлдi қорғау шараларын республика көлемiнде қолға алу қажет. Сексуiл тұқымынан жақсы өседi, агротехникасы да жолға қойылған. Сондықтан да оны қолдан өсiру шараларын жүзеге асыру кезек күттiрмейтiн мәселе. Егер бұл мәселе шешiмiн таппаса, онда сексеуiлдiң жойылып кету қаупi бар.
Бұл тұқымдасқа Қазақстанда кездесетiн тағыда көптеген жабайы өсiмдiктер жатады. Аса кең тараған туыстарына тас бұйырғын (нанофитон -- Nanophyton), бұйырғын (ежовник -- Anabasis), сораң (солянка -- Salsola), климакоптера (климакоптера -- Climacoptera), ақсора (сведа -- Suaeda), бұзаубас сораң (солерос -- Saliconia), қараматау (камфоросма -- Camphorosma), изен (кохия -- kochia), терiскен (терескен -- Kracheninnikovia), ебелек (рогач -- Сeratocarpus), т.б. жатады. Бұлардың басым көпшiлiгi аса құнды малазықтық өсiмдiктер. Олардың iшiнде бұйрығын туысының алатын орны ерекше. Бұйрығының қазақстанда 17 түрi кездеседi. Олар негiзiнен шөлдi және жартылай шөлдi аймақтарда өседi. Маңызды түрiнiң бiрi сортаң бұйрығын (ежовник соланчаковый - Anabasis salsa). Оны түйелер өте жақсы жейдi. Ал итсигек (ежовик безлистый - Anabasis aphylla) деген түрi өте улы, оның жас өркендерiнде құнды аколоид анабазин болады. Анабазиннен бiрнеше дәрiлiк және ауылшаруашылығы зиянкестерiне қарсы қолданылатын препараттар алынады. Оңтүстiк қазақстан облысының орталығын Шымкент қаласында итсигектен дәрi-дәрмек жасайтын арнайы зауыт бар. Алабұталар тұқымдасының изен (кохия простертая - kochia prostrata), терiскен (терескен серый - Kracheninnikovia ceratoides), күйреуiк (солянка восточная - Salsola orientalis) секiлдi түрлерi Республикамыздың жем-шөп қорын арттыру мақсатында мәдени жағдайда өсiредi.
Алабұталар тұқымдасына жататын мәдени өсiмдiктер де бар. Олардың аса маңыздысы қант қызылшасы (свекла обыкновенная - Beta vulgaris).
Қызылша -- екi жылдық өсiмдiк. Бiрiншi жылы өсiмдiк тамыр мойнынан кететiн жапырақтар бередi және тамыр жемiстер түзедi. Екiншi жылы тамыр жемiстен сабақ кетедi. Оның басында күрделi гүлшоғыры шашақ жетiледi. Қызылшаны өндiрiстiк мақсатта қант өндiру үшiн себедi. Сонымен бiрге қызылшаны көкөнiстiк және малазықтық дақыл ретiнде де көптеп өсiредi. Қант қызылшасының тамыр жемiсiнде 16-22% дейiн, кейде одан да көп сахароза болады. Зауытта өңдеген қант қызылшасынан қантпен қатар , патока және сығынды алынады. Патока -- крахмалдың, қантка айналмаған түрi. Патоканың құрғақ салмағының 15% азотсыз экскреторлық заттар, 60% қант, 8 -- 9% күл (зола) құрайды. .Патокадан спирт және глицерин алынады.
Маңызды көкенiстiк өсiмдiктiң бiрi шпинат (шпинат -- Spinacia). Оның қазақстанда екi түрi өседi: бақша шпинаты (шпинат огородный - Spinacia oleracca) және түркiстан шпинаты (шпинат туркестанский - Spinacia turkestanica). Бақша шпинатын тамаққа пайдаланады. Құрамындағы белоктың мөлшерi жағынан еттен кейiнгi екiншi орынды алады. Шпинаттың құрамында витаминдер көп болады: А1, В1, В2, С және РР. Сондықтан да оны тамаққа қосу өте пайдалы.
1. Алабұталар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң негiзгi белгiлерi қандай? 2.Алабұталар тұқымдасына қандай тiршiлiк формалары тән? 3.Алабұта тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң гүлдерi мен гүлшоқтарының құрылысы қандай? 4.Алабұта тұқымдасына жататын қандай мәдени өсiмдiктердi бiлесiңдер? 5.Қазақстанда орман түзетiн қандай алабұталар тұқымдасына жататын өсiмдiктi бiлесiңдер? 6.Оның құрылысы қандай және шаруашылықтағы маңызы неде? 7. Алабұталар тұқымдасына жататын қандай жабайы өсiмдiктердi бiлесiңдер?

Тұқымдас асты: алабұталар (Chenopodiaceae)
Туыс: қызылша (Beta)
Түр: кәдімгі қызылша (Beta vulgaris)

Жалпы қабылданған атауы
Қант қызылшасы

Шығу тегі орталықтары мен генетикалық әртүрлілігі
Қант қызылшасының дақылданатын түрі Таяу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның және көршілес мемлекеттердің флорасындағы Aлабұта (Chenopodiaceae) тұқымдасына шолу мақала
«Алабұталар және тарандар тұқымдасы»
Алабұта тұқымдасына сипаттама. Тіршілік формалары, гүлдері, жемістері
Дара жарнақтылар класына және өкілдеріне сипаттама беру
Техникалық және майлы дақылдар зиянкестерімен күресу
Тамыр және түйнек жемістілердің зиянкестері
Chenopodiaceae Vent тұқымдасының Climacoptera B. туысы C.lanata өсімдігінің түрінің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктері
Қант қызылшасы егісінде кездесетін зиянкестер және олармен күрес шаралары
Картоп және көкөніс зиянкестері туралы мәлімет
Көкөніс және бақша дақылдарының зиянкестері
Пәндер