Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі



Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

І.Тарау. Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

2.Тарау. Біріккен Ұлттар Ұйымы. және Қазақстан ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

3.Тарау. Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

4.тарау. Халықаралық аймақтық ұйымдар және Қазақстан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
Кіріспе
Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі. Реформалар жолына түсіп, өркениетті қоғам құруға талаптанып жатқан Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың қызметіне кең көлемде араласу - бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отыр.
Халықаралық ұйымдардың қызметіне тиімді түрде қатысу үшін олардың іс-қимылдарын жан-жақты зерттеу қажет.
Қазіргі халықаралық қатынастардың ерекше белгісінің бірі халықаралық ұйымдар рөлінің арта тусуі. Бұл арада халықаралық қатынастар шеңберінің кеңейіп, күрделенуін, көпжақты дипломатияның дамуын, сөйтіп халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықтың күшейе түсуін айту керек.
Қазіргі халықаралық қатынастарды тек қана екі жақты қатынастармен шектеуге болмайды. Әлемдік маңызы бар мәселелердің көбеюі олардың шешімін табу жолында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Халықаралық ұйымдарды негізінен екі категорияға бөліп қарастыруға болады. Олар: үкіметаралық (мемлекет аралық) және өз жұмыстарын қоғамдық негізде атқаратын мемлекеттік емес ұйымдар.
Халықаралык, ұйымдардың пайда болып, дамуы халықаралық қатынастардың ұзақ мерзімді және табанды саяси және экономикалық іс-қимылдарына байланысты. Көне замандарда, құл иеленуші мемлекеттер кезеңінің өзінде халықаралық келісім-шарттар, халықаралық арбитраждар туындап, халықаралық құқықтың классикалық институттары - конгрестер мен конференциялар пайда бола бастаған. Уақыт жылжыған сайын халықаралық бас қосулар кездейсоқ емес, оқтын-оқтын жүзеге асырылып және мұндай конференцияларды дайындап, шақыру үшін тұрақты органдар құрылып өз қызметтерін дәйекті түрде жүзеге асырған. Міне, дәл осындай органдар болашақ халықаралық ұйымдардың қайнар көзі, бастауы болды.
Халықаралық ұйымдардың пайда болып дамуына дүниежүзілік сауда, сондай-ақ, діни конфессиялар да әсер етті. Ал халықаралық ұйымдар өздерінің қазіргі мағынасында бұдан жүз жылдай бұрын қалыптаса бастады. Олардың құрылуы халықаралық қатынастардың кеңейіп, күрделіленуімен, әсіресе халықаралық экономикалық рыноктың қалыптасуымен тікелей байланысты. Мүның өзі халықаралық-құқықтық мәселелерді реттеп отыру талаптарынан туындаған еді.
Халықаралық ұйымдарды құрудағы жеңілдіктер қатарына сол уақыттың өзінде халықаралық құқықтың бірқатар нормалары мен институттары қызметінің қалыптаса бастағаны да әсер етті. Ең алғашқы ірі халықаралық ұйымдардың қатарына: жер өлшеуші халықаралық одақ (1864 ж.), халықаралық телеграф одағы (1865 ж.) Дүниежүзілік почта Одағы (1874 ж.), Халықаралық өлшем және салмақ комитеті (1875 ж.), Өндірістік меншікті қорғайтын Одақ (1883 ж.), әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау Халықаралық Одағы (1886 ж.), Құлдыққа қарсы Халықаралық Одақ (1890 ж.), Халықаралық Темір жолы, тауар қатынасы Одағы (1890 ж.) жатады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін 50-ге тарта тұрақты түрде қызмет атқаратын халықаралық ұйымдар пайда болып, өз жұмыстарына кірісті. Одан кейінгі жылдары халықаралық ұйымдардың саны жедел қарқынмен арта түсіп, үстіміздегі ғасырдың 80-жылдары олардың саны 20000 мыңға жуықтады.
Соңғы уақыттағы Халықаралық ұйымдар санының күрт өсуі халықаралық қатынастардың орасан жандануымен және олардың күрделене түсуімен түсіндіріледі.
Саяси, экономикалық қатынастардың қарқынды дамуына XX ғасырдағы ғылыми-техникалық прогрестің елеулі жетістіктері де өз әсерін тигізді.
Халықаралық ынтымақтастықтың жаңа, маңызды түрлері пайда болды. 60-жылдары отарлық жүйенің, 80 жылдары социалистік жүйенің қирауымен байланысты егемен мемлекеттер саны көбейіп, ондағы халықтардың белсенділігі артты және олардың дүниежүзілік саясатқа ықпалы күшейді. Үкіметтік емес деңгейдегі халықаралық қатынастар да жоғары қарқынмен дами бастады.
Қазіргі халықаралық қатынастардың даму тенденциясының күрделі де, қайшылықты болуы қызмет атқарып жатқан халықаралық ұйымдардың эволюциясын, сонымен қатар жаңа халықаралық ұйымдарды құруды талап етіп отыр. Халықаралық ұйымдар санының өсуі және олардың қызмет шеңберінің кеңеюі, өз кезегінде халықаралық қатынастардың құрылымы мен жүйесіне игі әсер етері сөзсіз.
Жекелеген елдер саясатындағы түсініспеушіліктер, қайшылықтар халықаралық ұйымдардың бір қалыпты қызмет атқаруына кедергі бола алмайды. Қайта мұндай түсініспеушіліктер мен қайшылықтар олардың позицияларын келісімдер арқылы анықтап, бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйымдардың таптырмас құрал екендігін дәлелдейді. Олардың беделін арттыра түседі.
Халықаралық жағдайдың өзгеруіне байланысты халықаралық ұйымдар да өзгерістерге ұшырайды: біреулері өздерінің бағыт-бағдарын қайта құруға ұмтылса, басқа біреулері өз қызметтерін доғарады.
Халықаралық ұйымдарды ресми тіркеу және олардың тізімін жасау 1909 жылы Брюссельде (Бельгия) құрылған Халықаралық ассоциациялар Одағының негізгі міндеті. Бұл үкіметтік емес ұйымның мақсаттарына халықаралық ұйымдарды тіркеу және олардың қызметтерін үйлестіру, дүниежүзілік қоғамдастыққа қажетті ақпараттарды жинап, оларды мүдделі елдерге таратып беруі жатады. Одақтың өзінің баспасөз органдары бар. Олар: „Халықаралық одақтар" журналы мен „Халықаралық ұйымдардың жылнамасы". Бұл басылымдарда үкіметаралық және үкіметтік емес, сондай-ақ, улттық ұйымдар мен мекемелердің халықаралық қатынастарға байланысты іс-қимылдары жөніндегі мәліметтер жарияланып отырады.
Халықаралық ұйымдар халықаралық қатынастар жүйесінің ажырамас бір бөлігі. Бұл жүйенің ең басты және негізгі элементі - мемлекет. Мемлекеттер халықаралық құқықтың басты субъектілері. Сондықтан халықаралық ұйымдарды халықаралық қатынастар жүйесінің екінші деңгейдегі элементі деп қарастыру қажет. Халықаралық ұйымдар өздерінің халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөліне қарай жіктеледі.
Бұл ұйымдардың, ең беделдісі, әрине, Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ-ның халықаралық қатынастардағы рөлі ерекше маңызды болса, басқа бір жекелеген ұйымдардың халықаралық қатынастардағы атқаратын рөлі болар-болмас.
Халықаралық ұйымдар қызметі тиімділігінің принципті маңызы бар көрсеткішіне олардың қарама-қарсы екі тенденцияны ымыраға келтіру мүмкіндіктері жатады. Бұл тенденциялардың бірінші жағы мемлекеттердің егемендік пен тәуелсіздікке ұмтылуында болса, екінші жағы өздерінің біраз құқығын келісімді мақсаттарға жету үшін халықаралық ұйымдарға сенім артып, тапсыруында жатыр. Сондықтан да біз халықаралық ұйымдарды үкіметаралық және үкіметтік емес деп екіге бөлеміз. Халықаралық үкіметаралық ұйымдар мемлекетаралық келісімдер нәтижесінде құрылады. Мұның өзі жарғыда (көпжақты келісім-шартта) тиянақталады. Қажет болған жағдайда жарғы (устав) нақты актілермен толықтырылады. Халықаралық үкіметаралық ұйымдардың жарғыларында олардың құқықтық нормалары көрсетіледі, өз кезегінде бұл нормалар халықаралық құқықтың көздері болып есептеледі.
Үкіметаралық ұйымдардың құқық субъектісі ретіндегі нақты көтерер жүгі жоғарыда аталған жарғымен анықталады. Құқық субъектісі болуы Бұл ұйымдарға объективті түрде халықаралық құқықтық негіз жасап, халықаралық қатынастардың элементі болуына кеңінен жол ашады. Сондай-ақ, кез-келген халықаралық ұйым халықаралық келісім-шарттарды негізге ала отырып, басқа ұйымдармен белгілі байланыс нысандары арқылы арақатынастарын жөнге келтіре береді. Толыққанды халықаралық құқық, субъектілеріне Біріккен Ұлттар Ұйымы және оның арнайы, мамандандырылған мекемелерін жатқызуға болады.
Халықаралық ұйымдардың анықтамасын беру үшін бұл ұйымдардың маңызды ерекшеліктерін, қазіргі дүниежүзілік құрылымдардың негізгі саяси-экономикалық кескін-келбетін, олардың әлеуметтік аспектілерін, қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінің күрделілігін есептей отырып, осы қатынастар жүйесінің негізгі элементтерінің өзара қимыл әрекеттерін талдау қажет. Бір айта кететін жай халықаралық ұйымдар идеясы егеменді елдерді олардың халықтарының санына, территориясының көлеміне, экономикалық үлес салмағына қарамастан заңдық тұрғыдан тең елдер деп есептейтінін де есте ұстаған жөн.
Енді халықаралық ұйымдар түсінігінің негізгі бес белгісін (элементін) қарастыруға болады.
1.Келісімдік негіз. Мұның мәні халықаралық ұйымдарды құру актісі, жарғысы ретінде көпжақты халықаралық келісім-шарт есептеледі. Келісім-шарттар халықаралық ұйымдардың заңдық болмысын анықтайды.
2.Белгілі мақсаттардың болуы. Халықаралық ұйымдардың белгілі бір мақсатта құрылуы олардың заңдылығын, ұйымдық құрылымын, қызмет бабын анықтайды.
3.Өзіне сай ұйымдық құрылымы, яғни халықаралық ұйым шеңберінде ынтымақтастық механизмін құрайтын тұрақты органдар жүйесінің болуы.
4.Ұйымдардың дербес халықаралық құқықтары және міндеттері болуы, олардың құқықтық еркі бар заңды түлға ретінде қалыптасуы.
5.Халықаралық құқық талаптарына сай құрылуы яғни халықаралық ұйымның өз қызметін халықаралық құқықтың жалпыға бірдей принциптері мен нормалары шеңберінде жүргізуі1.
Сонымен, жалпыға ортақ белгілері мен критерийлерін негізге ала отырып халықаралық ұйымдардың анықтамасын беруге болады.
Халықаралық (мемлекетаралық) ұйым дегеніміз - халықаралық құқық субъектісі болуға мүмкіндігі және тұрақты түрде қызмет атқаратын мекемелері бар, халықаралық құқық талаптарына сай белгілі мақсаттарды орындау үшін келісім негізінде қүрылған мемлекеттердің халықаралық бірлестігі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізмі
3. Тоқаев Қ. «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» Астана «Елорда», 2002 ж.
4. Арыстанбекова А.Х. «Обьедененные нақии Казахстан» Алматы 2002 г.
5. Арыстанбекова А.Х. «Казахстан в ООН; история и переспективы» Алматы 2002 г.
6. «Егемен Қазақстан» 2002ж. 2 наурыз.
7. «Біріккен Ұлттар Ұйымы: бітімгершілігі мен жаңа үрдістері» //Қазақ тарихы-2003 жыл № 6, 60-66 бет.
8. «Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау туралы мәселе» //Дипломатия жаршысы; 1999 жыл-МЗ, 23-27бет.
9. Әлемге әйгілі Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуынық алғашқы қадамдары, нәтижелері, тағылымдары. //Дипломатия жаршысы-2001жыл-№1,2-3 7-39бет.
10. «Ақиқат »,-2003ж № -21-24 бет.
11. Біріккен Ұлттар Ұйымы; бітімгершілігі мен жаңа үрдістері. //Қазақ тарихы -2003жыл-№6- 61-66 бет.
12. Жақып Н. «Әлем елдерімен терезесі тең; 1992жылы 2 наурыз күні Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.//Егемен Қазақстан;-1997жыл-1 наурыз.
13. Шибаева Е. А. Поточный М. Правовые вопросы структуры и деятельности международных организаций. М., 1988.
14. Н. Назарбаев. Қазақстаннын, егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы, „Егемен Қазақстан", 16 мамыр, 1992 ж.
15. Іңкәрбаев Е. Еуразияшылдық доктринасы саяси қозғалыс, мәдени құбылыс және интеграциялық тәсіл ретінде. Саясат/ақпан-наурыз 2000. 55 б.
16. Еуразия Одағы Керек пе? //Жас Алаш. 16.12.2000. №151
17. Елбасы. Алматы. "Ана тілі".' 1-9.96. 443 б.
18. Еуразия Одағы Кереқ пе? //Жас Алаш. 16.12.2000. №151
19. Геннади Толмачев. Елбасы. Алматы. 2000. 238-239 б.
20. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. Өнер 1996-272. 97 б.
21. Геннади Толмачев. Елбасы. Алматы. 2000. 237-238 б.
22. Бұл да сонда. 240 б.
23. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. Өнер 1996-272. 101-102 б.
24. Шарафаддин Ә. Тірлік үшің бірлік керек. //Егемен Қазақстан. 05.12.2000. №306
25. Самат Мұса. Еуразилық экономиклық қауымдастық Еуразиялық Одақ құрылымына бастайтын төте жол.//Егемен Қазақстан. 11.10.2000. №250
26. Жас Алаш. 2002. №62
27. Сапиулла Абдулпаттаев. Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Ақиқат. 2002. №3 62 б.
28. Бұл да сонда. 62 б.
29. Збигнев Бжезинский. Стратегическая география Евразии меняетсия М.2004
30. Сапиулла Абдулпаттаев. Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Ақиқат.2002. №3. 64-65 б.
31. Бұлда сонда. 65-66 б.
32. Материалы научной конференции: «Шанхайская Организация Сотрудничество: проблемы и перспективы межгосударственных отношений в Евроазиатском регионе», 25-28 июня 2004 года, г.Уральск.
33. Егемен Қазақстан 2005ж 5 шілде
34. Егемен Қазақстан 2004ж 18 маусым

Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

І-Тарау. Халықаралық ұйымдардың қызметтері және
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2-Тарау. Біріккен Ұлттар Ұйымы. және
Қазақстан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...11
3-Тарау. Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .26
4-тарау. Халықаралық аймақтық ұйымдар және
Қазақстан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52

Кіріспе

Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың
қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды
істерінің бірі. Реформалар жолына түсіп, өркениетті қоғам құруға талаптанып
жатқан Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың қызметіне кең көлемде араласу
- бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отыр.
Халықаралық ұйымдардың қызметіне тиімді түрде қатысу үшін олардың іс-
қимылдарын жан-жақты зерттеу қажет.
Қазіргі халықаралық қатынастардың ерекше белгісінің бірі халықаралық
ұйымдар рөлінің арта тусуі. Бұл арада халықаралық қатынастар шеңберінің
кеңейіп, күрделенуін, көпжақты дипломатияның дамуын, сөйтіп халықаралық
деңгейдегі ынтымақтастықтың күшейе түсуін айту керек.
Қазіргі халықаралық қатынастарды тек қана екі жақты қатынастармен
шектеуге болмайды. Әлемдік маңызы бар мәселелердің көбеюі олардың шешімін
табу жолында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап
етеді. Халықаралық ұйымдарды негізінен екі категорияға бөліп қарастыруға
болады. Олар: үкіметаралық (мемлекет аралық) және өз жұмыстарын қоғамдық
негізде атқаратын мемлекеттік емес ұйымдар.
Халықаралык, ұйымдардың пайда болып, дамуы халықаралық қатынастардың
ұзақ мерзімді және табанды саяси және экономикалық іс-қимылдарына
байланысты. Көне замандарда, құл иеленуші мемлекеттер кезеңінің өзінде
халықаралық келісім-шарттар, халықаралық арбитраждар туындап, халықаралық
құқықтың классикалық институттары - конгрестер мен конференциялар пайда
бола бастаған. Уақыт жылжыған сайын халықаралық бас қосулар кездейсоқ емес,
оқтын-оқтын жүзеге асырылып және мұндай конференцияларды дайындап, шақыру
үшін тұрақты органдар құрылып өз қызметтерін дәйекті түрде жүзеге асырған.
Міне, дәл осындай органдар болашақ халықаралық ұйымдардың қайнар көзі,
бастауы болды.
Халықаралық ұйымдардың пайда болып дамуына дүниежүзілік сауда, сондай-ақ,
діни конфессиялар да әсер етті. Ал халықаралық ұйымдар өздерінің қазіргі
мағынасында бұдан жүз жылдай бұрын қалыптаса бастады. Олардың құрылуы
халықаралық қатынастардың кеңейіп, күрделіленуімен, әсіресе халықаралық
экономикалық рыноктың қалыптасуымен тікелей байланысты. Мүның өзі
халықаралық-құқықтық мәселелерді реттеп отыру талаптарынан туындаған еді.
Халықаралық ұйымдарды құрудағы жеңілдіктер қатарына сол уақыттың өзінде
халықаралық құқықтың бірқатар нормалары мен институттары қызметінің
қалыптаса бастағаны да әсер етті. Ең алғашқы ірі халықаралық ұйымдардың
қатарына: жер өлшеуші халықаралық одақ (1864 ж.), халықаралық телеграф
одағы (1865 ж.) Дүниежүзілік почта Одағы (1874 ж.), Халықаралық өлшем және
салмақ комитеті (1875 ж.), Өндірістік меншікті қорғайтын Одақ (1883 ж.),
әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау Халықаралық Одағы (1886
ж.), Құлдыққа қарсы Халықаралық Одақ (1890 ж.), Халықаралық Темір жолы,
тауар қатынасы Одағы (1890 ж.) жатады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін 50-ге тарта тұрақты түрде
қызмет атқаратын халықаралық ұйымдар пайда болып, өз жұмыстарына кірісті.
Одан кейінгі жылдары халықаралық ұйымдардың саны жедел қарқынмен арта
түсіп, үстіміздегі ғасырдың 80-жылдары олардың саны 20000 мыңға жуықтады.
Соңғы уақыттағы Халықаралық ұйымдар санының күрт өсуі халықаралық
қатынастардың орасан жандануымен және олардың күрделене түсуімен
түсіндіріледі.
Саяси, экономикалық қатынастардың қарқынды дамуына XX ғасырдағы ғылыми-
техникалық прогрестің елеулі жетістіктері де өз әсерін тигізді.
Халықаралық ынтымақтастықтың жаңа, маңызды түрлері пайда болды. 60-
жылдары отарлық жүйенің, 80 жылдары социалистік жүйенің қирауымен
байланысты егемен мемлекеттер саны көбейіп, ондағы халықтардың белсенділігі
артты және олардың дүниежүзілік саясатқа ықпалы күшейді. Үкіметтік емес
деңгейдегі халықаралық қатынастар да жоғары қарқынмен дами бастады.
Қазіргі халықаралық қатынастардың даму тенденциясының күрделі де,
қайшылықты болуы қызмет атқарып жатқан халықаралық ұйымдардың эволюциясын,
сонымен қатар жаңа халықаралық ұйымдарды құруды талап етіп отыр.
Халықаралық ұйымдар санының өсуі және олардың қызмет шеңберінің кеңеюі, өз
кезегінде халықаралық қатынастардың құрылымы мен жүйесіне игі әсер етері
сөзсіз.
Жекелеген елдер саясатындағы түсініспеушіліктер, қайшылықтар
халықаралық ұйымдардың бір қалыпты қызмет атқаруына кедергі бола алмайды.
Қайта мұндай түсініспеушіліктер мен қайшылықтар олардың позицияларын
келісімдер арқылы анықтап, бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйымдардың
таптырмас құрал екендігін дәлелдейді. Олардың беделін арттыра түседі.
Халықаралық жағдайдың өзгеруіне байланысты халықаралық ұйымдар да
өзгерістерге ұшырайды: біреулері өздерінің бағыт-бағдарын қайта құруға
ұмтылса, басқа біреулері өз қызметтерін доғарады.
Халықаралық ұйымдарды ресми тіркеу және олардың тізімін жасау 1909 жылы
Брюссельде (Бельгия) құрылған Халықаралық ассоциациялар Одағының негізгі
міндеті. Бұл үкіметтік емес ұйымның мақсаттарына халықаралық ұйымдарды
тіркеу және олардың қызметтерін үйлестіру, дүниежүзілік қоғамдастыққа
қажетті ақпараттарды жинап, оларды мүдделі елдерге таратып беруі жатады.
Одақтың өзінің баспасөз органдары бар. Олар: „Халықаралық одақтар" журналы
мен „Халықаралық ұйымдардың жылнамасы". Бұл басылымдарда үкіметаралық және
үкіметтік емес, сондай-ақ, улттық ұйымдар мен мекемелердің халықаралық
қатынастарға байланысты іс-қимылдары жөніндегі мәліметтер жарияланып
отырады.
Халықаралық ұйымдар халықаралық қатынастар жүйесінің ажырамас бір бөлігі.
Бұл жүйенің ең басты және негізгі элементі - мемлекет. Мемлекеттер
халықаралық құқықтың басты субъектілері. Сондықтан халықаралық ұйымдарды
халықаралық қатынастар жүйесінің екінші деңгейдегі элементі деп қарастыру
қажет. Халықаралық ұйымдар өздерінің халықаралық қатынастар жүйесіндегі
орны мен рөліне қарай жіктеледі.
Бұл ұйымдардың, ең беделдісі, әрине, Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ-ның
халықаралық қатынастардағы рөлі ерекше маңызды болса, басқа бір жекелеген
ұйымдардың халықаралық қатынастардағы атқаратын рөлі болар-болмас.
Халықаралық ұйымдар қызметі тиімділігінің принципті маңызы бар
көрсеткішіне олардың қарама-қарсы екі тенденцияны ымыраға келтіру
мүмкіндіктері жатады. Бұл тенденциялардың бірінші жағы мемлекеттердің
егемендік пен тәуелсіздікке ұмтылуында болса, екінші жағы өздерінің біраз
құқығын келісімді мақсаттарға жету үшін халықаралық ұйымдарға сенім артып,
тапсыруында жатыр. Сондықтан да біз халықаралық ұйымдарды үкіметаралық және
үкіметтік емес деп екіге бөлеміз. Халықаралық үкіметаралық ұйымдар
мемлекетаралық келісімдер нәтижесінде құрылады. Мұның өзі жарғыда (көпжақты
келісім-шартта) тиянақталады. Қажет болған жағдайда жарғы (устав) нақты
актілермен толықтырылады. Халықаралық үкіметаралық ұйымдардың жарғыларында
олардың құқықтық нормалары көрсетіледі, өз кезегінде бұл нормалар
халықаралық құқықтың көздері болып есептеледі.
Үкіметаралық ұйымдардың құқық субъектісі ретіндегі нақты көтерер жүгі
жоғарыда аталған жарғымен анықталады. Құқық субъектісі болуы Бұл ұйымдарға
объективті түрде халықаралық құқықтық негіз жасап, халықаралық
қатынастардың элементі болуына кеңінен жол ашады. Сондай-ақ, кез-келген
халықаралық ұйым халықаралық келісім-шарттарды негізге ала отырып, басқа
ұйымдармен белгілі байланыс нысандары арқылы арақатынастарын жөнге келтіре
береді. Толыққанды халықаралық құқық, субъектілеріне Біріккен Ұлттар Ұйымы
және оның арнайы, мамандандырылған мекемелерін жатқызуға болады.
Халықаралық ұйымдардың анықтамасын беру үшін бұл ұйымдардың маңызды
ерекшеліктерін, қазіргі дүниежүзілік құрылымдардың негізгі саяси-
экономикалық кескін-келбетін, олардың әлеуметтік аспектілерін, қазіргі
халықаралық қатынастар жүйесінің күрделілігін есептей отырып, осы
қатынастар жүйесінің негізгі элементтерінің өзара қимыл әрекеттерін талдау
қажет. Бір айта кететін жай халықаралық ұйымдар идеясы егеменді елдерді
олардың халықтарының санына, территориясының көлеміне, экономикалық үлес
салмағына қарамастан заңдық тұрғыдан тең елдер деп есептейтінін де есте
ұстаған жөн.
Енді халықаралық ұйымдар түсінігінің негізгі бес белгісін (элементін)
қарастыруға болады.
1.Келісімдік негіз. Мұның мәні халықаралық ұйымдарды құру актісі,
жарғысы ретінде көпжақты халықаралық келісім-шарт есептеледі. Келісім-
шарттар халықаралық ұйымдардың заңдық болмысын анықтайды.
2.Белгілі мақсаттардың болуы. Халықаралық ұйымдардың белгілі бір
мақсатта құрылуы олардың заңдылығын, ұйымдық құрылымын, қызмет бабын
анықтайды.
3.Өзіне сай ұйымдық құрылымы, яғни халықаралық ұйым шеңберінде
ынтымақтастық механизмін құрайтын тұрақты органдар жүйесінің болуы.
4.Ұйымдардың дербес халықаралық құқықтары және міндеттері болуы,
олардың құқықтық еркі бар заңды түлға ретінде қалыптасуы.
5.Халықаралық құқық талаптарына сай құрылуы яғни халықаралық ұйымның
өз қызметін халықаралық құқықтың жалпыға бірдей принциптері мен нормалары
шеңберінде жүргізуі1.
Сонымен, жалпыға ортақ белгілері мен критерийлерін негізге ала отырып
халықаралық ұйымдардың анықтамасын беруге болады.
Халықаралық (мемлекетаралық) ұйым дегеніміз - халықаралық құқық
субъектісі болуға мүмкіндігі және тұрақты түрде қызмет атқаратын мекемелері
бар, халықаралық құқық талаптарына сай белгілі мақсаттарды орындау үшін
келісім негізінде қүрылған мемлекеттердің халықаралық бірлестігі.

1. Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі

Халықаралық ұйымдардың қызметтері (функциялары) дегеніміз- өздерінің алға
қойған мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталған іс-қимылдар
жиынтығы.
Халықаралық ұйымдардың қалыптасқан және дәстүрлі аспектілерінің бірі -
олардың дипломатия құралы екендігінде. Дегенмен, халықаралық ұйымдардың
қызметі көптеген жағдайларда дипломатия шеңберінен әлдеқайда кең. Соңғы
уақыттарда олардың қызметі ақпаратты-жүйелеу шектерінен асып, көпшіліктің
мүдделеріне сай жаңа сфераларды қамтитын өзіндік, дербес оперативті
функцияларды иемдене бастады.
Халықаралық ұйымдардың ежелден келе жатқан дәстүрлі функцияларының бірі —
ақпараттық қызмет. Бұл қызмет екі нысанда жүзеге асырылады. Біріншіден,
әрбір ұйым өзінің қүрылымы, мақсаттары және қызметінің негізгі бағыттары
жөніндегі қүжаттар топтамасын жария-лайды; екіншіден, ұйым халықаралық
қатынастардың көкейкесті мәселелерін қамтитын баяндамалар мен шолу-ларды,
рефераттарды жарыққа шығарады.
Халықаралық ұйымдардың ереже шығармашылық (нормотворческая) қызметінің
екі нысаны бар:
1) халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық ережелерін жасауга тікелей
қатысуы;
2) халықаралық ұйымдардың жекелеген мемлекеттердің ереже шығармашылық
процесіне қатысуы; мұның өзі концепциялар, нұсқаулар, актілер жасап
қабылдау арқылы жүзеге асады.
Халықаралық ұйымдардың бақылау қызметі олардың дәстүрлі функцияларына
жатады. Бұлардың қатарына жарғылар, көпжақты конвенциялар, пактілер және
бақылауды жүзеге асыруды қарастыратын әр түрлі нысан-дағы қүжаттар
топтамасы жатады.1
Оперативтік қызмет халықаралық ұйымдардың жаңа функцияларының бірі. Бұл
қызметті Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелері және басқа
да бірқатар халықаралық ұйымдар атқарады. Мүның мысалы ретінде БҰҰ-ның
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнықтыру бағытындағы
операцияларын, дамушы елдерге техникалық көмек көрсету іс-қимылдарын атасақ
та жеткілікті. Егер халықаралық ұйымдар өздерінің реттеу және бақылау
қызметтерін жүзеге асыру мақсатында мемлекеттерге саяси қысым жасауға дейін
баратын болса, оперативтік қызмет халықаралық ұйымдардың өз күшімен,
қарауындағы адам және материалдық ресурстардың көмегімен атқарылады.
Халықаралық ұйымдардың әр түрлі нысандағы қызметтері халықаралық
қатынастар дамуының қажеттіліктеріне байланысты. Сондықтан болашақта да
халықаралық ұйымдардың қызметтері дами береді және халықаралық жағдай талап
ететін болса жаңа функциялар өмірге келеді деп сенімді түрде айтуға болады.
Халықаралық ұйымдарды жіктеу (классификация) мәселесінің белгілі
қиындықтары бар. Мүның өзі бір жағынан халықаралық ұйымдардың санының
көптігіне байланысты болса, екінші жағынан олардың жіктеу крий-терийлерінің
көп түрлілігіне байланысты. Дәстүрлі, жалпыға танымал критерий — ол мүше
болу критериі. Мүшелік критерий негізінде барлық халықаралық ұйымдар
үкіметаралық (мемлекетаралық) және укіметаралық емес болып екіге бөлінеді.
Бірінші категорияға мемлекеттер, үкіметтер немесе солардың өкілдіктері
жатады, екіншісіне үлттық, үкіметтік емес ұйымдар, жеке түлғалар және басқа
да халықаралық үкіметтік емес ұйымдар кіреді.2
Функционалды критерий бойынша да халықаралық ұйымдарды екі топқа бөлуге
болады. Олар: саяси, экономикалық, әлеуметтік ынтымақтастықты жүзеге
асыратын жалпы бағыттағы ұйымдар және арнайы міндеттері бар,
ынтымақтастықтың нақты мәселелерін шешетін топ (мысалы, көлік қатынасы,
байланыс, денсаулық сақтау т. с. с. проблемаларды шешу). Жіктеудің тағы бір
критерийі ха-лықаралық ұйымдардың уақытша немесе түрақты түрде жүмыс істеу
мүмкіндіктері. Бірінші категорияға ха-лықаралық конференциялар, кеңестер,
конгрестер т. б. жатады да, екіншісіне — халықаралық ұйымдардың тікелей
өздері кіреді.
Халықаралық ұйымдар географиялық орналасуына қарай да жіктеледі. Мысалы,
дүниежүзінің басым көпшілігі елдерін қамтитын әмбебап халықаралық ұйымдар
бар. Бұлардың екінші тобына белгілі бір географиялық ауданға орналасқан
мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйымдар жатады.
Қазіргі уақыт талабына сәйкес халықаралық ұйымдарды дүние жүзінде орныға
бастаған жаңа көзқарастар мен тенденциялар түрғысынан жіктеу ең дүрысы
болар еді. Халықаралық ұйымдардың пісіп, жетілген және ешқашан өзгермейтін
қүрылымын шүқып көрсету ешкімнің де қолынан келер іс емес. Қалай
қарастырсақ та ешқандай жіктеу схемасына толығымен сай келмейтін
халықаралық ұйымдардың пайда болуы ешкімді де таңыртқатпаса керек.
Сондықтан схеманың өзін емес, оны дүниеге әкелетін белгілерді айшықтау
маңызды. Олай болса ең ыңғайлысы халықаралық ұйымдарды функционалдық, яғни
атқаратын қызметі бойынша жіктеу.
Мысал үшін сауда қатынастары жөніндегі халықаралық ұйымдарды қарастырып
көрейік. Аталған мәселелермен Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы және БҰҰ-ның
сауда және даму Конференциясы (ЮНКТАД) шүғылданады. Кеден істері Бүкіл
дүниежүзілік кеден ұйымының қарауында, Бұлардан басқа:
— тауарлардың жекелеген түрлерін сату тәртібін белгілеуші ұйымдар мен
ерекше тауарлар саудасын бақылаушы және оны шектеуші ұйымдар (қару,
қосарланған технологиялар, ядролық материалдар, есірткілер т. б.) Бұл
ұйымдарға КОКОМ және австралиялық топ деп аталатын ұйымды жатқызуға болады.
Шикізат ресурстарымен сауданы реттейтін және оларды шетелге шығарушы
(экспорттаушы) елдер ұйымдары;
* ОПЕК — мұнай экспорттаушы елдер ұйымы;
* АПЕФ — темір рудасын экспорттаушы елдер ассоциациясы;
* МАБ — бокситтер жөніндегі халықаралық ассоциация;
шикізат тауарларын өндіруші (экспорттаушы) және оларды тұтынушы елдер
ұйымдары:
* МСП — бидай жөніндегі халықаралық кеңес,
* МОД — джут жөніндегі халықаралық ұйым,
* МОК — кофе жөніндегі халықаралық ұйым,
* МОКК — какао жөніндегі халықаралық ұйым,
* МОС — қант жөніндегі халықаралық ассоциация.
* жекелеген тауарлар өндірісі мен саудасы жөніндегі халықаралық зерттеу
топтары (мыс, қалайы, қорғасын және цинк),
* энергетикалық ресурстар саудасы: Еуропалық энергетикалық хартия, МИРЭС -
дүниежүзілік энергетикалық кеңес т. б. бар.
Дәл осындай жіктеу сеткасын жекелеген аймақтар (региондар) деңгейінде де
жасауға болар еді.3

2. Біріккен Ұлттар Ұйымы. және Қазақстан.
1991жылдық 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін
жариялады.
1992 жылдың 2 наурызы тәуелсіз Қазақстанның тарихында айрықша күн
болды. Бұл күні өз жұмысын қайта бастаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
ассамблеясының 46-сессиясын консенсус арқылы Қазақстанды Біріккен Ұлттар
Ұйымына мүше етіп қабылдады. Біздің елмен бірге КСРО-ның бұрынғы басқа жеті
республикасы және Сан-Марино Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке
қабылданды.5
Осылайша біздің еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі
халықаралық түрде танылды. Дүние жузінің картасында жаңа егемен мемлекет
пайда болды. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының 168-ші мүшесі болдық, ал оның
құрамы 176 мүшеге дейін өсті.
Қазақстан үшін 1992 жылдың 5 қазаны тарихи күн болды, өйткені сол күні
біздің Мемлекетіміздің Басшысы Н.Ә.Назарбаев бірінші рет Біріккен Ұлттар
Ұйымының мінбесінен сөз сөйледі. Өз сөзінде Президент Азиядағы өзара
ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі Кеңестік (АӨЫСШК) шақыру жөнінде
бастама жасады. Бұл бастама Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше-мемлекетері
тарапынан оң қолдау тапты. 1993 жылдың қаңтарында Біріккен Ұлттар Ұйымының
мемлекет-мүшелері арасында біздің мемлекетіміздің Біріккен Ұлттар Ұйымының
бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінде бірінші ресми құжаты ретінде
таратылды.6
Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болып кірген соң басты екі
мәселе көтерілді. Біріншеден, біздің еліміздің, ең алдымен Арал мен
Семейдің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемаларын шешуге
қолдау жасау мақсатымен Біріккен Ұлттар Ұйымының әртүрлі қорлары және
бағдарламаларымен ынтымақтастықты жөнге қою керек болды. Екіншіден,
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа мемлекет-мүшесі ретінде Біріккен
Ұлттар Ұйымының әртүрлі органдарының, ең алдымен Бас Ассамблеясының
жұмысына қатысу арқылы, саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы
халықаралық проблемаларды шешуге өз үлесін қосуға тиісті болды.
Сол себепті Біріккен Ұлттар Ұйымының 46-сессиясы және 1992 жылы
қыркүйек-желтоқсанда өткен 47-сессиясы барысында Қазақстан президентінің
сыртқы саяси бағытының бас арнасын негізге ала отырып, Бас Ассамблеяның күн
тәртібіндегі сұрақтар бойынша бірінші рет Қазақстанның бағдарын жасауға
тура келді7. Олардың ішінде қарусыздану, саяси проблемалар, мысалы, Таяу
Шығыстағы жағдай, Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік қызметі, халықаралық
экономикалық ынтымақтастық, есірткі бизнесі және терроризммен күресу, адам
құқығы мен гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері бар.
Қазақстанның бағдары Біріккен Ұлттар Ұйымының күн тәртібіндегі барлық
мәселелер бойынша біздің мүшелігіміздің алғашқы күндерінен бастап салмақты
және жүйелі болды.
Біріккен Ұлттар Ұймында бәрі біз үшін тың нәрсе болды. Бірінші рет
Қазақстаның бастамасы бойынша 1996 жылдың қазанында Алматыда өткен мемлекет
басшыларының кездесуінен соң Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі
мәжіліс өткізіп, онда Ауғанстанда, осы бір көп азап шеккен мемлекетте 20жыл
ішінде өткен соғыс бойынша өзінің бірініші саяси қарарын қабылдады. Бірінші
рет Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымна өзінің ғарыштық мемлекет екендігін
қуаттады.
Қазақстан 1997 жылы ЮНИСЕФ-тің басшы органы-Атқару кеңесінің құрамына
сайланды.8
1997жылы 16 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының
52-сессиясы Семей аймағы халқының денсаулыгы мен қоршаған ортасының ахуалын
сауықтыруға жәрдем көрсету жөніндегі арнаулы қарарын қабылдады. 54 мемлекет
оның ішінде 3 ядролық держава, Еуропалық одақтың 15 мемлекеті оның
авторластары болды.
Қазақстан үшін Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болу-біздің еліміздің
тәуелсіздігі мен егемендігінің кепілі және олардың іс жүзіне асқандығының
көрінісі. Осы бірегей ұйымға деген жоғары құрмет Қазақстанда онымен
жүргізіліп отырған табысты және жан-жақты ынтымақтастықпен қуатталуда
1992жылы 2 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі өзінің
маңызы жағынан тарихи акция болды, осы қадам біздің еліміздің шынайы
тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастық қатарына қабылдануын рәміздік
тұрғыдан рәсімдеді.10
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа
мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті
халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық
қарусыздану жолдындағы козғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде
енді. 1991жылы Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы және 1992жылы
Лиссабонда ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролдық қаруды таратпау
туралы шартқа қосылу жөнінде міндеттеме алу Қазақстанға үлкен бедел сыйлады
және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының жоғары міндерінен
халықаралық қауіпсіздік саласындағы жеке бастамаларын көтеруге моралдық
құқық берді.
1992жылы күзде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 47-
сессиясы тәуелсіз мемлекет өкілі ретінде Қазақстандық делегация қатысқан
алғашқы форум болатын. Осы сессияда Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның
халықаралық саясаты туралы сөз сөйледі.11
Әлемдік қоғамдастығы өзгерістерді және әлемдегі Біріккен Ұлттар
Ұйымының жаңа рөлін назарға ала отырып, Н.Назарбаев былай деп мәлімдеді:
Болып жатқан Бас Ассамблея сессиясында қазірдің өзінде әлемнің тұтастығы
үшін жаңа күн тәртібін белгілеуді талап ететін жаңа өмір болмысын түсіну
байқалады. Бұл орайда мен ықтимал шиеленіс ошақтарының отқа айналуын
болдырмауға бағыттылған саяси, әлеуметтік-экономикалық шаралар жүйесі
ретінде тікелей жария дипломатияны қолдаймын. Мұндай дипломатияда көзге
анық байқалатын, сондай-ақ пайда болуының өзі жан-жақты болжамдық талдауды
талап ететін проблемалар қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаудың шарты
ретінде маңызды орын алады.
Осы форумда Н.Ә.Назарбаев екі маңызды ұсыныс жасады, екі ұсыныс та
әлемдік қоғамдастыққа біздің еліміздің сыртқы саяси бағытының жасампаздың
сипатын паш етті.
Біріншіден, қазақстандық басшы барлық үкіметтерге ізгі ниет білдіру
тәртібімен бір плюс бір формуласы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының
бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастауды ұсынды. Бұл формула
төмендегіні білдіреді, әрбір мемлекет оған өзінің қорганыс бюджетінен бір
пайыз бөліп, жыл сайын өзінің ақша аударуын сол баяғы бір пайызға
ұлғайтады. Осындай жолмен 10 жылдан кейін осы бітімгершілік соммасы он есе
өседі.
Екіншіден, Қазақстан басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру
шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы бастама көтерді. Азия құрлығының
орасан зор кеңістігінде қауіпсіздік құрылымын құруға бағытталған осы ұсыныс
біздің еліміздің басшысын халықаралық сахнада кеңінен танымал етіп,
Қазақстанның сыртқы саясатының арқауына айналды.
Н.Ә.Назарбаев өзінің сөзінде сондай-ақ экология және қоршаған ортаны
қорғау сияқты өмірлік маңызды мәселелерге де тоқталды. Бұл ұғымдар
Қазақстан үшін кемінде екі сөзден-Арал мен Семей сөздерінен мен мұндалап
тұрады. Кеңезесі кеуіп бара жатқан Арал теңізі-шұғыл және ауқымды
халықаралық көмекті талап ететін экологиялық апат аймағы. 150млн. тұрғын
халқы бар аймақтың экономикасы мен денсаулығы үшін теріс салдарлардың
ұлғаюына әкеліп соғады. Егер бұл бүгін он мыңдаған адамдардың қайғысы
болса, онда ертең Біріккен Ұлттар Ұйымы шұғыл түрде араласпаса,
миллиондаған адамдардың қайғысына айналуы мүмкін.
Біздің екінші бір экологиялық жан айқайымыз,- деп мәлімдеді
Н.Ә.Назарбаев,-бұл біздің халқымыздың еркінен тыс Қазақстан жеріне
салынған, әлемдегі екі полигонның біреуі-Семей ядролық полигоны. Жарты
миллионнан астам адам зардап шеккен, ауадағы, жер үстіндегі және жер
астындағы ядролық заряд жарылыстарының жиынтық қуаты—Хиросима мен Нағасаки
қайғысының себепшісі болған құрылғылардың қуатынан жүздеген есе асып
түседі. Қазақстанның шешімімен осы ажал көзіне құм кұйылды, бірақ осы
аймақты оңалту, зардап шеккендерді емдеу, жаңа туған балаларды сауықтыру
үшін орасан зор қаражат қажет. Осыны негізге алатын болсақ, деп атап
көрсетті Н.Ә.Назарбаев,- Қазақстандықтар белсенді халықаралық көмекке зәру.
Қазақстанның халықаралық сахнада бой көрсетуі сәтті өтті деп нық
сеніммен айтуға болады. Біздің мемлекетіміз әлемдік қоғамдастықтың іс
жүзінде ғаламдық қауіпсіздікті колдайтын бөлігінің қатарынан лайықты орын
алды.
Біріккен Ұлттар Ұйымында қарусыздану және ядролық қаруды таратпау
режимін нығайту саласындағы Қазақстан басшылығының белсенді рөлі, осы
саладағы жасалған барлық халықаралық келісімдерге біздің мемлекетіміздің
адалдыгы жоғары бағаланды. Ядролық қаруды сынауды толық тоқтату жөніндегі
Қазақстанның табанды позициясы және іс жүзіндегі қадамдары әлемдік
қоғамдастықтың үлкен құрметіне бөленді. Қазақстанның СНВ-1 қатарына және
Ядролық қаруды таратпау туралы шартына қосылуын Біріккен Ұлттар Ұйымының
Бас Ассамблеясының 49-сессиясында, сондай-ақ Ядролық қаруды таратпау туралы
іс-қимылды ұзарту жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясында
мемлекеттер мен үкіметтер басшылары өздерінің сөздерінде құттықтады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында қарусыздану және ядролық қаруды
таратпау туралы өзі қабылдайтын барлық қарарларында жоғарыда аталған
фактіні қанағаттанғандықпен атап өтіп жүр.
2001жылғы 29-30 тамызда Алматыда өткен XXI ғасыр: ядролық қарудан азат
әлем жолында атты халықаралық конференцияда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
хатшысының орынбасары В.Петровский: Халықаралық қоғамдастық үшін Қазақстан
жауапты саяси ерік-жігерімен, салмақты сөзбен және нақты істермен адамзат
өзін өзі жоятын құралдардан ғаламшарды қалай азат етуге болатындыгының
жарқын мысалын көрсетті,-деп мәлімдеді.12
1996 жылғы 30 қыркүйекте Сыртқы істер министрі Қазақстан атынан Ядролық
сынаққа жан-жақты тыйым салу туралы шартқа қол қойды (ЯСЖТІІІ). 160
мемлекет осы шарттың қатысушылары болып табылады. Осы тарихи құжаттың
жасалуына Қазақстан да лайықты үлесін қосты, осы мәселедегі біздің
республикамыздың принципті ұстанымы және нақты қадамдары кеңінен мәлім және
қолдау тауып жүр. Аталған шартың қол койып, біздің еліміз ғаламдық
маниторингтік жүйені құруға елеулі үлес қосты. Сейсмикалық оқиғаларды
қадағалау мақсатында жабдықтарды калибрлік өлшеу үшін бірегей инфрақұрылым
- Семей полигоны пайдаланылады. Бұл қазақстандық мамандардың осы саладағы
халықаралық жұмысқа толық деңгейде қатысуына мүмкіндік береді.
Біздің еліміз Орталық Азияда бейбітшілік пеи қауіпсіздікті сақтауға зор
маңыз береді және осы географиялық аумақта ядролық қарудан азат аймақ құру
жөніндегі бастаманы іске асыруға мүдделі. Қазақстан осындай аймақ құруға
қатысты келіссөздер процесіне сындарлы түрде қатысып жүр. Біріккен Ұлттар
Ұйымының жәрдем көрсетуімен қазірдің өзінде болашақ шарттың мәтінін келісу
жөнінде бес Орталық Азия елдерінің сарапшылар тобы елеулі жұмыс жүргізді.
Орталық Азияда осындай аймақтың болуы ядролық қаруды таратпауды және
ғаламдық қауіпсіздік режимін нығайтады.
Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың
тиімділігін арттыруға зор маңыз бере отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының
бітімгершілік қызметін белсенді түрде қолдайды. Ұйымға мүше мемлекеттердің
Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күш-жігерін кеңейту және нығайту
қажеттілігі туралы пікірлерін бөлісе отырып, Қазақстан, Қырғызстан және
Өзбекстан 1995жылғы желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында орталық
Азия бірлескен бітімгершілік батальонын құру туралы келісімге қол қойды. Үш
Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымынық Бас
хатшысына жазған өздерінің өтінішінде бірлескен батальонның Біріккен Ұлттар
Ұйымының болашақтағы бітімгершілік операцияларына қатысу мүмкіндігі туралы
мәселені қарауды ұсынды.
Орталық Азияның бітімгершілік батальонының құрылуы Біріккен Ұлттар
Ұйымдардан қолдау тапты және Бас хатшы мұны халықаралық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудегі аймақ мемлекеттерінің үлесі ретінде бағаланды. 1996
жылдың басында Қазақстан бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға
қатысу мүмкіндігімен Біріккен Ұлттар Ұйымының резервтік келісімдер жүйесіне
қосылған 51-ші мемлекет болды. Бүгінгі күні Ұйымға мүше 65 мемлекеттер
резервтік келісімдерге қатысады және олар Біріккен Ұлттар Ұйымының
бітімгершілік операциялары үшін ресурстар ұсынуға өздерінің дайын
екендіктерін білдірді.
Біріккен Ұлттар Ұйымға мүше бола отырып, Қазақстан көптеген саяси
проблемалардың, бірінші кезекте орталық Азия аймағының қауіпсіздігін
қозғайтын проблемалардың шешімін іздестіруге тартылды. Ауғаныстандағы
жағдайдың шиеленісуіне байланысты 1996 жылғы қазанда Алматыда Қазақстанның,
Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның және Тәжікістанның саяси басшыларының
кездесуі өтті, олар аталған мәселе бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Саммитте қабылданған шешімге сәйкес біздің еліміз аталған мемлекеттермен
бірге Ауғаныстандағы жағдай туралы мәселе бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы
Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы мәжілісін өткізуге бастамшы болды (1996 жылғы
16 қазан). Оның қорытындысы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік
Кеңесінің 1076 белгілі қарары қабылданды, қарардың тең авторлары Алматы
кездесуіне қатысушы мемлекеттер және АКШ-ты, Германияны, Италияны, Чилиді
және Корея Республикасын қоса алғанда бірқатар басқа да мемлекеттер болды.
Қазақстан, Қырғызыстан, Өзбекстан, Тәжікістан басшыларының және Ресей
Президентінің арнайы өкілінің тағы бір кездесуі 2000 жылғы тамызда өтті.
Онда ауған жанжалының Орталық Азияға таралуына және аймақ елдерінің
аумағына қарулы бандалық құрылымдардың енуіне байланысты қалыптасқан жағдай
қаралды. Кездесуге қатысушылар Орталық Азияның қауіпсіздік саласындағы
жағдайын нашарлататын ауған проблемасын шешу жөнінде шұғыл шаралар
қабылдауға шақырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық
және аймақтың ұйымдарға арналған үндеу қабылдады.
Ауған мәселесін реттеу ісінде тиімді нәтижелердің болмай отырғандыгына
алаңдаушылық білдірген Президент Н.Ә.Назарбаев 2000 жылғы қыркүйекте өткен
Біріккен Ұлттар Ұйымы мыңжылдығының саммиті кезінде ауған мәселесін
тұрақтандыру жөнінде нақты іс-шараларды әзірлеу үшін Ауғаныстан мен Орталық
Азиядағы жағдайды қарауға арналған Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырысын
шақыруды сұрады. Мұндай отырыс халықаралық қоғамдастықтың бірқатар кең
ауқымды саяси, экономикалық және гуманитарлық шараларды қабылдаудың басы
болар еді, мүдделі елдердің ауған проблемасына жаңаша көзқараспен қарауына,
халықаралық қоғамдастықтың тарапынан қолға алынбай отырған кейбір істерді
көрсетуге, сондай-ақ Ауғаныстандағы жағдайды реттеу процесін бейбіт жолға
шығару үшін қосымша мүмкіндіктерді анықтаған болар еді.
Қазақстан Ауғаныстанның соғыс қиратқан экономикасын қалпына келтіруде
әлемдік қоғамдастық тарапынан кең ауқымда көмек көрсету мүмкіндігіне
қатысты ауған халқында сенім қалыптасуы керек деп есептейді. Қаруды
жеткізуге тыйым салу немесе есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ара-
тұра болатын іс-қимыл сияқты жекелеген шаралар ұзақ мерзімді тиімділік
бермейді. Мұндай шаралар Ауғаныстан экономикалық оңалтудың жалпы жоспарының
бөлігі болуы тиіс. Жалпы жоспар тікетіресіп жатқан ауған топтарының
арасындағы атысты шұғыл тоқтатумен қатар, халықаралық экономикалық көмекті
тартумен қатар эмиграцияға кеткен экономикалық, саяси және интеллектуалды
ел элитасының әлеуметтік мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтіруге
пайдалануды қамтиды. Мұның өзі білімге, денсаулық сақтауға және тарихи
сондай-ақ мәдени мұраны қалпына келтіруге байланысты проблемаларды дербес
түрде шешуге мүмкіндік береді.
Болашақта Қазақстан өзінің төңірегіне ауған халқын нақты шоғырландыра
алатын, Ауғаныстанды мекендейтін барлық ұлттардың құқығы мен бостандығын
сақтауды қамтамасыз ететін, елдің ішкі проблемаларын жауапкершілікпен
шешетін және бейбіт сыртқы саясат жүргізетін Ауғаныстан үкіметін ресми
тануға дайын.
Кейінірек Ауғаныстандағы жағдайды реттеуге қатысты Қазақстанның
тұжырымдық көзқарасы 2001 жылғы сәуірдегі Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас
Ассамблеясының 55-сессиясында ресми құжат таратылды.
Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және
шынайы көзқарасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының күн тәртібіндегі
өткір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң
бағаланып жүр. Біздің еліміз Еуропадағы қауіпсіздікпен ынтымақтастық
жөніндегі ұйымның, Ислам Конференциясы Ұйымының, парламентаралық Одақ пен
Экономикалық ынтымақтастық ұйымынық мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің
Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Бас
Ассамблея қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып табылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымындағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы Біріккен
Ұлттар Ұйымы қарайтын мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның
мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология,
әлеуметтік даму, халақаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын
сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес
саласында Біріккен Ұлттар Ұйымымен өзара іс-қимылды нығайтуға айрықша көңіл
бөлінеді.
Қазақстанның сыртқы саясатында Орталық Азия аймағының көлік жүйелерін
және тауар өткізудің әлемдік рыноктарына шығудың балама жолдарын одан әрі
дамыту жөнінде басқа да азиялық елдермен күш-жігерді үйлестіруге ерекше
маңыз берілді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 53-сессиясында Қазақстан
Орталық Азиядағы транзит мәселесі бойынша қарар қабылдауға бастамасы болды.
Еуропа мен Азия елдерінің арасында ынтымақтастықты кеңейту үшін өзара
байланысты ұлттық және аймақтық көлікті инфрақұрылымды дамыту проблемасы
уақыт озған сайын маңызды бола түсуде.
Қарарда қозғалатын мәселелерге қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше
мемлекеттер тарапынан өсе түсіп отырған мүдделіктің, сондай-ақ аймақта
тиімді транзит жүйесін қалыптастыру проблемасының маңыздылығын түсінудің
куәсі-бірқатар Шығыс Еуропа елдерінің Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясының 53-сессиясында осы қарардың тең авторларының қатарына
қосылуы болды.Қазақстанмен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымға мүше 13 мемлекет
осы құжаттың тең авторлары атанды, олар; Әзербайжан, Армения, Ауғаныстан,
Беларусия, Болғария, бұрынғы Югославия, Македония, Грузия, Иран, Қырғыстан,
Монголия, Польша, Молдава, Ресей, Тажікстан, Түркеменстан, Түркия,
Өзбекістан және Украина. Қарар Екінші комитеттің жалпы мәжілісінде дауыс
берместен-ақ қабылданды.
Орталық Азия аймағындағы транзит жүйесі бойынша Біріккен Ұлттар
Ұйымының мамандандырылған мекемелерінің, басқа да халықаралық ұйымдардың
және біздің аймағымыздағы транзиттік көлік жүйесін, сондай-ақ Еуропа мен
Азия арасындағы көлік қатнастарын дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен іске
асыру жөніндегі донор елдердің тарапында болатын іс шарлардың халықаралық
құқықтық негізін құрды. Қарардың ережелерін Қазақстан өкіметі, тиісті
министрліктер мен ведомстволар халықаралық Ұйымдармен, донор елдермен және
басқа да мүдделі тараптармен келессөздер барысында пайдалануы мүмкін.
Біріккен Ұлттар Ұйымының - халықаралық бейбітшілікті қамтамасыз етуден
де, сондай-ақ тұрақты дамуға жәрдемдесуде де жауапкершілік жүктелген бірден
бір қалықаралық ұйым. Тұрақты даму тұжырымдамасы 1992 жылы Рио-де Жанейрода
өткізілген Біріккен Ұлттар Ұйымдардың қоршаған орта мен даму жөніндегі
конференциясында әзірленді. Қазақстан үшін осы тұжырымдаманың маңыздылығын
ұғына отырып, Қазақстан Республикасы үкметі, конференцияның қорытынды
құжатының -XXI ғасырға арналған күн тәртібінің ұсыныстарын іске асыру
жөнінде жоспар жасады. Осы құжатқа сәйкес әзірленген ұлттық
бағдарламаларды, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын Қазақстан
Республикасының қабылдауын Бірікен Ұлттар Ұйымында экология мен тұрақты
даму саласындағы халықаралық уағдаластыққа біздің еліміздің басшылығының
кешенді және байсалды көзқарасының нәтижесі ретінде бағалады.Семей
аймағындағы жағдай туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының баяндамасына
материялдар әзірлеу, денсаулық сақтау, экономика, экология, ақпарат сияқты
негізгі төрт салада жобалық ұсыныстар әзірлеу халықаралық және ұлттық
сапаршылардың бірлескен жұмысының нәтижесі болды. Баяндама Біріккен Ұлттар
Ұйымы Бас Ассамблеясының 53 сессиясында қаралды. 1997 жылғы 16 желтоқсанда
Бірікен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Семей аймағы бойынша қарар
қабылдауына байланысты Қазақстан үкіметі 1998 жылдың басында
Ведомстовоаралық комиссия құрды. Комиссияның құрамына министрліктер мен
ведомстволардық, жергілікті басқару органдарының, Ұлттық ядролық орталықтың
және екі үкіметтік емес ұйымдардың (Невада-Семей және Полигон-23)
өкілдері кірді. Ең маңызды міндет Семей полигондағы ядролық сынақтардың
салдарын жою. Осы мақсаттармен Бірікен Ұлттар Ұйымының сарапшылар аймақ
үшін бұдан былайға қатерді болдырмауға жәрдемдесетін, ұлттың және
халықаралық күш-жігерді жұмысаудың бес басымдық берілетін секторын
белгіледі, олар: денсаулық сақтау сақтау, экология, экономиканы қалпына
келтіру, гуманитарлық көмек және ақпарат тарату. Осы аталған басымдықтарды
таңдап алу Семей аймағының халқы ұшырасып отырған курделі жағдаймен және
өзара байланысты қиыншылықтармен түсіндіріледі. Қазақстанның мемлекеттік
құрылымдары бүгінгі күні қаржылық қиындықтарға байланысты аталған аймақ пен
оның халқына толық ауқымда көмек көрсетуге мүмкіндік жоқ. Сарапшылардың
бағалауы бойынша аталған бес басымдық берілетін бағыттарды іске асыру үшін
43 млн. доллор талап етеді. Семей аймағының халқымен экологиясын оңалтуды
халықаралық әріптестік негізде тиімде түрде жүргізуге болады.
1998 жылғы 16 қарашада Бірікен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 53-
сесиясында Қазақстандағы Семей аймағының халқының экологиясы және
экономикалық дамуын оңалту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен
қызметті үйлестіру атты қарар қабылданды.
Бірікен Ұлттар Ұйымына мүше бірқатар мемлекеттердің делегацияларымен
тұрақты консультациялар жүргізудің нәтижесінде Біріккен Ұлттар Ұйымы
жанындағы Қазақстаның тұрақты өкілі аталған қарардың мәтінін келісті.
Біріккен Ұлттар Ұйымының дипломатиялық топтарында ұйымға мүше 54 мемлекттің
осы қарарға тең автор болуы әлемдік қоғамдастықтың тарапынан Қазақстанды
кеңінен қолдауы туралы, біздің мемлекетіміздіқ халықаралық беделінің елеулі
түрде өскендігі туралы куәландырады. Қарарда бас хатшыға бағытталған ұсыныс
бар, онда Семей аймағын қоладау және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясының 55-сессиясына тиісті баяндама әзірлеу мақсатында Біріккен
Ұлттар Ұйымының тиісті бағдарламаларын қатыстыра отырып, консультацияларды
жалғастыра беру айтылады.
Тұрақты дамудың кең ауқымды мәселелерін қарауға Біріккен Ұлттар
Ұйымының жан-жақты тартылуы жоғары деңгейдегі бүкіл әлемдік
конференцияларды өткізуден байқалады; олар: Адам құқығы туралы-Вена
(1993ж), халықтың қоныстануы мен дамуы туралы-Каир (1994ж.), Әлеуметтік
даму туралы-Пекин (1995ж.), Тұрғын елді мекендер және даму туралы-Стамбұл
(1996ж.).
Қазақстан құжаттардың бастапқы жобаларына ұсыныстар енгізу арқылы ғана
емес, сонымен бірге олардың ережелерін ұлттың деңгейде іске асыруға
кірісіп, осы форумдардың жұмысына белсенді түрде қатысты.
Қазақстанның барлық халықтарының теңдігін, нәсіліне, жынысына, тіліне,
дініне, саяси және өзге де көзқарастарына қарамастан адамның негізігі
құқықтары мен бостандығын жария еткен біздің елеміздің Конституциясы Вена
деклорациясының шешімдеріне және Адам құқығы саласындағы іс-қимыл
тұғырнамасына толық сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының Президенті
жанынан Адам құқығы жөніндегі комиссияның құрылуын Біріккен Ұлттар Ұйымында
адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық құжаттарды іске асыруға
бағытталған нақты қадам ретінде бағаланды.
Отбасын, әйеледерді және балаларды әлеуметтік қорғау Қазақстандағы
мемлекеттік саясаттың басымдық берілетін бағыттарының бірі. Біздің еліміз
қатысушы болып табылатын әмбебап халықаралық шарттардың алғашқыларының бірі
Бала құқығы туралы конференция болды. 1994жылы аталған Конференцияға
Президент Н.Ә.Назарбаевтың қол қоюы және оны кейінірек Парламенттік бекіту
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар Қорымен (ЮНИСЕФ) тиісті
ынтымақтастықты орнатуына және оны кеңейтуіне мүмкіндік берді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметіндегі басымдықтардың бірі халықаралық
құқықтың принциптері мен нормаларын бекіту, оны прогрессиеті түрде дамыту
және жүйелеу болып табылады. Міне, сондықтан да Біріккен Ұлттар Ұйымының
Бас Ассамблеясының 1989жылғы 17 қарашадағы 4423 қарарымен 1990-1999 жылдар
кезеңі Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық құқығының онжылдығы болып
жарияланды. Онжылдық шеңберінде 1995жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб
пәтерінде (Нью-Йорк) халықаралық көпшілік құқығы бойынша Біріккен Ұлттар
Ұйымының Конгресі өткізілді, онда халықаралық проблемаларды қуқықтық
құрылымдармен реттеу жөнінде қызу пікір алмасу өткізілді. Пікірталасқа
әлемнің 150-ден астам мемлекеттерінен өкілдер қатысты.
Егер Біріккен Ұлттар Ұйымындағы жұмысының алғашқы жылдарында Қазақстан
делегациясы Ұйым шеңберінде өткізілетін халықаралық құқықты жүйелеу және
оны прогрессифті түрде дамыту процесін жалпы шолумен ғана шектелсе, ұлттық
құқықтық базаның дамуына және қашықтық тәжірибенің жинақталуына байланысты
осы тұрғыдағы елдің мүмкіндігі нығайды. Қазақстандық делегация қазірдің
өзінде сарапшылық деңгейде болашақ конвенциялардың баптардың жобалары
бойынша пікірталасқа, Халықаралық құқық туралы, халықаралық сауда құқығы
туралы Бірікен Ұлттар Ұйымының комиссиясы өткізетін зерттеулерге қатысады.
Осы жылдар ішінде біздің еліміз қарусыздануға, саудасаттықа және көлікке,
экологияға, терроризмге қарсы күреске қатысты, гуманитарлық дипломатиялық
құқық саласындағы негізгі халықаралық шарттардың қатысушысы ретінде
көрінді. Осы шарттардың көпшілігінің депозитарийі Біріккен Ұлттар Ұйымының
Бас хатшысы болып табылады.
Ғарыштық кеңістікті игеру саласында Біріккен Ұлттар Ұйымымен
ынтымақтастықтың маңызы зор. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 49-
сессиясында (1994ж.) Қазақстан бейбіт мақсаттарға ғарыш кеңістігін
пайдалану жөніндегі комитетке сайланды (КОПУОС). Мұны Қазақстанның ғарыш
кеңістігін игеруге кеңейту үлесін тану ретінде қарауға болады. Біздің
еліміз тұрғын елді мекендер бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы комиссиясының
мүшесі болып табылады, оның шеңберінде қала құрылысын салу мен тұрғын үйді
жоспарлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі
жұмыстар жүргізіледі.
Қорыта айтқанда 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына
кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды, осы қадам біздің елеміздің
шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастың қатарына қабылдануын
рәміздік тұрғыдан ресімдеді.
2002 жылғы 2 наурызда Қазақстанның бүгінгі таңда 189 мүше-мемлекеттерді
біріктіретін Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданғанына 15-жыл толды. Біріккен
Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46 сессиясында Қазақстан Республикасын
Біріккен Ұлттар Ұйымға қабылдау жөніндегі Қарары бірауыздан мақұлданды.
Біздіқ көпұлтты халқымыз үшін бұл оқиғаның орасан зор тарихи маңызы болды.
Ол халақаралық қоғамдастықтық Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде
танығанын көрсетіп берді.
Қазақстан маңызды ғаламдық және аймақтың түйінді проблемалардың шешімін
іздеуге осы дүниежүзілік ұйым рөлінің нығайтылуын жақтайды. Бұл ұйымның
әмбебаптыгы, көп жақты күш-жігерді үйлестіру жөніндегі айтулы мүмкіндіктері
оны әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде таптырмайтын
құралға айналдыруда.
2000жылы Нью-Йоркте болып өткен Мыңжылдық Саммитті Біріккен Ұлттар
Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен принциптерінің өзектілігін қуаттап берді.
Қортынды декларацияда жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру Біріккен Ұлттар
Ұйымының Жарғысының принциптері мен халықаралық құқық нормаларына
негізделуі тиіс. Белгілі дәрежеде Мыңжылдық Саммиттің декларациясы-ол
Ұйымның концептуалды жаңаруына негіз қалайтын Біріккен Ұлттар Ұйымының
болашаққа деген іс-қимыл жоспары. Қазақстан, Мыңжылдық декларациясын
қолдайтынын білдірді, сондай-ақ оның бейбітшілікке, ынтымақтастық пен
дамуға қатысты ережелерін асыруға шын ниетін растады. Мыңжылдық
Саммитіндегі өзінің сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев жаһандану процесі дүниежузілік қоғамдастық алдында жаңа
міндеттер қойып отырғанын атап өтті. Жаңа қыр көрсетулер мен қауіптердің
туындауы жағдайында ұлттар қоғамдастығының лайықты жауап тауып отыруы
ерекше маңызды рөл атқарады. Біріккен Ұлттар Ұйымының басты міндеті
жаһандану процесінің оңтайлы сипатын қамтамасыз ету.
Біріккен Ұлттар Ұйымы қарарында Қазақстан өзінің егемендігі мен
халықаралық беделін арттыру үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді. 1992
жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы мінбесінен Қазақстан Президентінің алғашқы рет
Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСІІІК)
шақыру бастамасын көтерген болатын. Бұл бастама беделді ұйымның рухына және
аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған оның іс-қимылына сай келеді.
Қазақстан дипломатия қарусыздану және таратпау мәселелеріне үлкен мән
береді.

3. Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі.

Халықаралық үкіметаралық ұйымдар (ММПО) қазіргі халықаралық қатынастарда
маңызды рөл атқарады. Халықаралық ұйымдардың Бұл категориясының маңыздылығы
олардың жүмысына мемлекеттер мен үкіметтердің ресми түрде қатысуында болып
отыр,
Мемлекеттер Бұл ұйымдарга мүшелігін өздерінің сыртқы экономикалық
саясаттары мен қызметтерінің бас-ты бағыттарының бірі деп қарастырады.
Мүндай ұйымдар үкіметтердің ерекше қамқорлығында: әрбір мемлекеттің сыртқы
істер министрлігі қүрамында халықаралық ұйымдармен шүғылданатын бөлімдер
бар, халықаралық үкіметаралық ұйымдарға төленетін мушелік жарна мемле-
кеттік бюджеттің сыртқы саяси және сыртқы экономика-лық қызметіне арналған
бабының қомақты бөлігіне ие болуда.
Халықаралық үкіметаралық ұйымдардың қатарынан экономикалық мәселелермен
шүғылданатын ұйымдардың қызметін атап көрсетейік. Ол үшін Біріккен Ұлттар
Ұйымының экономикалық секторындағы жағдайды қарастырайық. БҰҰ-ның
экономикалық және әлеуметтік кеңесі (ЭКО СОС) Бас Ассамблеяға, оның
комитеттері — Екінші комитетке (экономикалық және қаржы мәселелері
жөніндегі) және Үшінші комитетке (әлеуметтік, гуманитарлық және мәдениет
жөніндегі) есеп беруге міндетті.
БҰҰ-ға мүше елдердің қатары өскен сайын экономикалық сектордың салмағы да
арта түсуде. 60-жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының шеңберінде сауда және даму
конференциясы (ЮНКТАД). Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі ұйым (ЮНИДО) сияқты
ірі экономикалық органдар қүрылды. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
СТОКГОЛЬМ конференциясы БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП)
жүзеге асыра бастады. БҰҰ-ның экономикалық қызметтермен шұғылданатын
бөлімдері оның ресурстарының басым бөлігін (65-тен 90%-ке дейін) жұмсайтын
көрінеді.
Егер БҰҰ-ның маманданған мекемелері жөнінде айтатын болсақ, олардың
қатарынан „таза" экономикалық бөлімдерді бөліп алудың өзі қиын. Әрине, БҰҰ-
ның органдары мен ұйымдарын экономикалық, әлеуметтік т. с. с. деп бөлудің
өзі шартты нәрсе. Дегенмен жыл сайынғы жүзде-ген миллион бюджеттік шығындар
БҰҰ-ның экономикалық қызметінің деңгейін көрсетсе керек. Мысалы,
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ), Халықаралық еңбек ұйымының
(МОТ), БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО),
қызметтерін жалпы талдау олардың іс-әрекеттеріндегі экономикалық
аспектілердің мейлінше маңызды және басым екендігін көрсетеді.
Қазақстан БҰҰ-ға оның 164-ші ұлттық мүшесі болып 1992 жылдың 2 наурызында
қабылданды. Біздің Республика БҰҰ-ның саяси мәселелер жөніндегі блогының
белсенді мүшелерінің бірі. Қазақстанның бұл беделді халықаралық ұйымдағы
белсенділігі, әсіресе ядролық қауіпсіздік мәселелерімен тығыз байланысты.
Сондай-ақ, Қазақстанның еуразиялық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі
бастамалары да көпке мәлім.
Қазақстандық өкілдіктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот сараптамасының жіктелуі,тағайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары және оны жүргізетін мекемелер
Халықаралық маркетинг
Халықаралық экономикалық ұйымдар
«Банк ісі» лекциялық курсы
Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері
Қызмет көрсету нарығының қызмет ету мәні және негізгі принциптері
Несие жүйесі түсінігі, оның қызмет ету жағдайы, негізгі құрылымдық элементтері
Саяси мәдениеттің жіктелуі
Саяси жүйе туралы түсінік.
Құқық нормаларын талқылау түрлері
Пәндер