Жабықтұқымдылар бөлімі. Гүлдің құрылысына жалпы сипаттама. Гүлшоғырының жіктелуі



жоспары:
1. Гүлді өсімдіктердің эволюциясы.
2. Гүлді өсімдіктердің эволюциялық өзгерісі.
3. Гүлді өсімдіктердің таксономиясы.
4. Қосжарнақтылар класына жалпы сипаттама.
5. Даражарнақтылар класына, жалпы сипаттама.
6. Гүлді өсімдіктердің жіктелуі.
7. Гүлдердің формуласы мен диаграммасы.
Гүлді өсімдіктер
Гүлді өсімдіктер , жабық тұқымдылар (Magnolіophyta немесе Angіospermae) – өсімдіктердің ең жоғарғы тобы. Бұлардың ашық тұқымдылардан айырмашылығы – тұқым бүршігі жатын ішінде жетіледі. Гүлді өсімдіктер барлық құрлықта өседі, суда кездесетін түрлері де бар. Биікте бірнеше мм-ден (балық оты) 150 м-ге (эвкалипт) дейін, шырмауықтар 200 м-ден асады. Олардың жалпы морфологиялық, анатомиялық, эмбриолиялық белгілері ұқсас болғанымен, өсімдіктердің тіршілік ортасының жағдайларына бейімделуіне байланысты кейбір мүшелерінің өзгеріп не тіпті жойылып кеткендері бар. Палеоботаникалық деректер бойынша алғашқы Гүлді өсімдіктер мәңгі жасыл жапырақтары, қос жынысты гүлдері бар, ағаш тәрізді өсімдіктер болған. Гүлді өсімдіктердің ең көп тараған уақыты – бор кезеңінің аяғы. Гүлді өсімдіктердің Жер шарына кең таралуына олардың құрғақшылыққа төзімді вегетативті органдарының болуы, қолайсыз климаттық жағдайда өсуге бейімділігі, негізінен, жәндіктер арқылы тозаңдануы, тұқымдары мен жемістерінің жануарлар арқылы таралуы себеп болған. Қазір Гүлді өсімдіктерді даражарнақтылар және қосжарнақтылар деп 2 класқа бөледі. Олардың 450 тұқымдасқа бірігетін 12,5 мың туысы және 250 мыңнан астам түрлері белгілі. Қазақстанда 125-тей тұқымдасы, 1000-нан астам туысы, 6000-дай түрі кездеседі. Гүлді өсімдіктердің ең ірі тұқымдастары: астық, бұршақ тұқымдастар, күрделігүлділер, еріндігүлділер, т.б.; Гүлді өсімдіктердің қатарына тағамдық (пияз, сарымсақ, қызылша, т.б.); техникалық (ши, құрақ, зығыр, қоза, т.б.); дәрілік (шайшөп, жөке, шүйіншөп, т.б.); әсемдік (раушан, қалампыр, т.б.) өсімдіктер жатады. Гүл тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана түзілген. Аталықтар мен аналықтар осы гүлде жетіледі. Аналықтың жатынында (Гүл түйіндерінде) тұқым бүршіктері орналасады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Жабықтұқымдылар бөлімі. Гүлдің құрылысына жалпы сипаттама.
Гүлшоғырының жіктелуі.

Мақсаты Жабықтұқымдылар бөліміЖалпы сипаттамасы, гүлді өсімдіктердің шығу
тегі,жіктелуі.

Дәріс жоспары:
1. Гүлді өсімдіктердің эволюциясы.
2. Гүлді өсімдіктердің эволюциялық өзгерісі.
3. Гүлді өсімдіктердің таксономиясы.
4. Қосжарнақтылар класына жалпы сипаттама.
5. Даражарнақтылар класына, жалпы сипаттама.
6. Гүлді өсімдіктердің жіктелуі.
7. Гүлдердің формуласы мен диаграммасы.

Дәріс тезистері
Гүлді өсімдіктер
Гүлді өсімдіктер , жабық тұқымдылар (Magnolіophyta немесе Angіospermae) –
өсімдіктердің ең жоғарғы тобы. Бұлардың ашық тұқымдылардан айырмашылығы –
тұқым бүршігі жатын ішінде жетіледі. Гүлді өсімдіктер барлық құрлықта
өседі, суда кездесетін түрлері де бар. Биікте бірнеше мм-ден (балық оты)
150 м-ге (эвкалипт) дейін, шырмауықтар 200 м-ден асады. Олардың жалпы
морфологиялық, анатомиялық, эмбриолиялық белгілері ұқсас болғанымен,
өсімдіктердің тіршілік ортасының жағдайларына бейімделуіне байланысты
кейбір мүшелерінің өзгеріп не тіпті жойылып кеткендері бар.
Палеоботаникалық деректер бойынша алғашқы Гүлді өсімдіктер мәңгі жасыл
жапырақтары, қос жынысты гүлдері бар, ағаш тәрізді өсімдіктер болған. Гүлді
өсімдіктердің ең көп тараған уақыты – бор кезеңінің аяғы. Гүлді
өсімдіктердің Жер шарына кең таралуына олардың құрғақшылыққа төзімді
вегетативті органдарының болуы, қолайсыз климаттық жағдайда өсуге
бейімділігі, негізінен, жәндіктер арқылы тозаңдануы, тұқымдары мен
жемістерінің жануарлар арқылы таралуы себеп болған. Қазір Гүлді
өсімдіктерді даражарнақтылар және қосжарнақтылар деп 2 класқа бөледі.
Олардың 450 тұқымдасқа бірігетін 12,5 мың туысы және 250 мыңнан астам
түрлері белгілі. Қазақстанда 125-тей тұқымдасы, 1000-нан астам туысы, 6000-
дай түрі кездеседі. Гүлді өсімдіктердің ең ірі тұқымдастары: астық, бұршақ
тұқымдастар, күрделігүлділер, еріндігүлділер, т.б.; Гүлді өсімдіктердің
қатарына тағамдық (пияз, сарымсақ, қызылша, т.б.); техникалық (ши, құрақ,
зығыр, қоза, т.б.); дәрілік (шайшөп, жөке, шүйіншөп, т.б.); әсемдік
(раушан, қалампыр, т.б.) өсімдіктер жатады. Гүл тек жабық тұқымды
өсімдіктерде ғана түзілген. Аталықтар мен аналықтар осы гүлде жетіледі.
Аналықтың жатынында (Гүл түйіндерінде) тұқым бүршіктері орналасады.

Магнолия
Жабық тұқымдылардың гүлдері бірінен-бірі мөлшері, пішіні, түсі және
құрылысы бойынша ерекшеленеді. Бір жабық тұқымдылардың гүлдері желмен
тозаңдануға, ал екіншілері бунақденелілермен тозаңдануға бейімделген.
Қандай жолмен тозаңданғанына қарамастан, тозаң түйірлері аналықтың аузына
келіп түседі. Осы жерде олар өніп, тозаң түтіктерін түзеді. Тозаң түтіктері
арқылы аталық жыныс жасушалар тұқым бүршігіне өтеді. Осы жерде тозаң
түтігіндегі екі аталық жыныс жасушасының бірі жұмыртқа жасушаны
ұрықтандырады. Ал екінші аталық жыныс жасушасы тұқым бүршігінің ең үлкен
орталық жасушасымен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлді өсімдіктерге тән мұндай
түрін қосарланып ұрықтану деп атайды.
Сонымен, ұрықтанған жұмыртқа жасушадан ұрық пайда болады. Орталық жасуша
екінші аталық жыныс жасушасымен қосылып, ұлғайтып - эндосперм түзеді. Онда
ұрыққа қажетті қор заттары жиналады. Тұқым бүршігінен - тұқым, ал жатынның
қабырғаларынан жемісқап түзіледі.
Қазіргі кездегі жабық тұқымдыларға ағаштар, бұталар, шөптекті өсімдіктер
жатады. Олар жер бетіндегі барлық құрлықтарда кеңінен таралған.

Жабық тұқымдылардың кейбіреулерінің өсімді кезеңі, яғни тіршілік ету
ұзақтығы өте қысқа - бірнеше айға ғана созылады. Оған көкнәр тұқымдасының
кейбір өкілдері мысал бола алады (сеппе көкнәр, т.б.). Екінші бір түрлері
мысалы, емен ағашы жүз жылға дейін өмір сүреді.
Жабық тұқымдылардың өте биік, сондай-ақ өте аласа түрлері де
кездеседі. Жабық тұқымдылардың сабақтары тік, кейде шырмалып, өрмелеп,
төселіп өседі. Жапырақтарының пішіні мен мөлшері, тамыр жүйесі әрқилы
болады. Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан әр түрлі тұқымдас өкілдерінің
де бірінен-бірінің елеулі өзгешеліктері бар. Жөке ағашынан тұратын
көлеңкелі орман мен қайың ағашынан тұратын шағын тоғайдың айқын
айырмашылығы байқалады. Шалғынды жерде өсетін өсімдіктер құмды шөлдің,
батпақты тундраның өсімдіктерінен өзгеше.
Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы орасан
зор. Өсімдіктер - адамға тамақ өнімдерін береді және ауыл шаруашылық
жануарларына қажетті жемшөп қоры. Олар шикізат ретінде өндірістің әр түрлі
салаларында қолданылады.
Гүлді өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада
кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік,
жеміс-жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді
формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды. Әр түрлі үй жиһаздарын
жасайды. Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер. Тынымбақтарды, саябақтарды,
көшелерді, тіптен жұмыс орындарын көгалдандыруға пайдаланады.
Ауыл және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының дамуына
байланысты, өсімдік өнімдеріне сұраныс артып келеді. Мұның өзі адамның
табиғат байлығын зерттеуге белсенді түрде кірісуіне жол ашады. Мәдени
өсімдіктердің қазіргі кездегі түрлерінен де түсімділігі жоғары жаңа
іріктемелер шығарылуы қажет.
Өсімдіктерді табиғи жағдайда зерттеу әр түрлі экспедициялар
ұйымдастырумен тікелей байланысты. Кезінде Мәскеу өсімдік шаруашылығы
институты ұйымдастырған экспедициялар жабайы өсімдіктердің көптеген пайдалы
түрлерін ашуға мүмкіндік берді. Осындай экспедициялардың арқасында ауыл
шаруашылық өсімдіктер іріктемелерінің аса бай үлгілері жинақталды. Оны
жинақтауда академик Н. И. Вавиловтың еңбегі ерекше еді.
Н. И. Вавиловтың тікелей басшылығымен дүние ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Ұрықтану. Жеміс және тұқымның жіктелуі. Гүлді өсімдіктердің негізгі систематикасы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Әлем – шексіз жұлдыздар жүйесі
Ботаника пәнінің міндеттері
Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы
«Өсімдіктер жүйесі. Раушангүлділерге сипаттама»
Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге сипаттама
Шығыс Қазақстандық тегеурінгүлдер (Delphinium L.) мен бәрпі (Aconitum L.) туыстарының вегетативтік мүшелерінің анатомиялық және морфологиялық құрылысы
Өсімдіктердің айналадағы ортамен байланысы
Пәндер