Материалдық жауапкершілік



Кіріспе
1. Жауапкершіліктің түсінігі.
2. Жауапкершіліктің түрлері.
3. Жұмыс берушінің қызметкердің алдындағы материалдық жауапкершілігі.
4. Жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігінің туындау жағдайлары.
5. Қызметкердің материалдық жауапкершілігі. Жауапкершіліктің негіздері жəне жағдайлары.
6. Қызметкерлердің толық материалдық жауапкершілігі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Қазіргі заң ғылымы, нарықтық экономикада қолда бар еңбек ресурстарын, жұмыс күшін тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөледі. Заңдар әрбір адамның, адамдар бірлестігінің, қоғамның өміріндегі барлық елеулі мәселелерінеқатысты болып шығады.
Еңбек заңдары келтірген материалдық зияны үшін еңбек шартының тараптары – қызметкер мен жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігін көздейді.
Жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі бір тараптың екінші тарапқа келтірген зияны үшін шығынды өтеу міндетінен тұрады. Жеке еңбек шартының екінші тарабына зиян келтірген тарап оны белгіленген тəртіп бойынша өтеуге міндетті. Егер қызметкер өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына байланысты жұмыс берушінің кінəсінен жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зақым келіп, соның салдарынан ол еңбек қабілетін толық немесе ішінара жоғалтса, жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру өтемі төленбейтін кезде оған келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тəртіп пен жағдайларда өтеуге міндетті («ҚР еңбек туралы» заңның 90-бабы).
Қолданыстағы заңдарға сəйкес қызметкерлер кəсіпорынның (мекеменің, ұйымның) мүлкіне ұқыптылықпен қарауға жəне зиянның алдын алуға қатысты шаралар қолдануға міндетті. Бүгінгі айтылмақ болған тақырып осы Еңбек заңдары келтірген материалдық зияны үшін еңбек шартының тараптары – қызметкер мен жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі жөнінде болып отыр.
1. Айымханова Н.М. ҚР Еңбек құқығы: Оқу құралы-Алматы:Жеті жарғы, 2002ж.
2. Абузярова Н.А. Трудовое право:Учебник.-Алматы-ЮРИСТ, 2002.
3. Ахметов А. Ахметова Г. Еңбек құқығы. Алматы 2006ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Жауапкершіліктің түсінігі.
2. Жауапкершіліктің түрлері.
3. Жұмыс берушінің қызметкердің алдындағы материалдық жауапкершілігі.
4. Жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігінің туындау жағдайлары.
5. Қызметкердің материалдық жауапкершілігі. Жауапкершіліктің негіздері жəне жағдайлары.
6. Қызметкерлердің толық материалдық жауапкершілігі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

КІРІСПЕ
Қазіргі заң ғылымы, нарықтық экономикада қолда бар еңбек ресурстарын, жұмыс күшін тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөледі. Заңдар әрбір адамның, адамдар бірлестігінің, қоғамның өміріндегі барлық елеулі мәселелерінеқатысты болып шығады.
Еңбек заңдары келтірген материалдық зияны үшін еңбек шартының тараптары - қызметкер мен жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігін көздейді.
Жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі бір тараптың екінші тарапқа келтірген зияны үшін шығынды өтеу міндетінен тұрады. Жеке еңбек шартының екінші тарабына зиян келтірген тарап оны белгіленген тəртіп бойынша өтеуге міндетті. Егер қызметкер өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына байланысты жұмыс берушінің кінəсінен жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зақым келіп, соның салдарынан ол еңбек қабілетін толық немесе ішінара жоғалтса, жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру өтемі төленбейтін кезде оған келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тəртіп пен жағдайларда өтеуге міндетті (ҚР еңбек туралы заңның 90-бабы).
Қолданыстағы заңдарға сəйкес қызметкерлер кəсіпорынның (мекеменің, ұйымның) мүлкіне ұқыптылықпен қарауға жəне зиянның алдын алуға қатысты шаралар қолдануға міндетті. Бүгінгі айтылмақ болған тақырып осы Еңбек заңдары келтірген материалдық зияны үшін еңбек шартының тараптары - қызметкер мен жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі жөнінде болып отыр.

Жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі

Еңбек заңдары келтірген материалдық зияны үшін еңбек шартының тараптары - қызметкер мен жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігін көздейді.
Жауапкершіліктің түсінігі. Жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі бір тараптың екінші тарапқа келтірген зияны үшін шығынды өтеу міндетінен тұрады. Жеке еңбек шартының екінші тарабына зиян келтірген тарап оны белгіленген тəртіп бойынша өтеуге міндетті. Егер қызметкер өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына байланысты жұмыс берушінің кінəсінен жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зақым келіп, соның салдарынан ол еңбек қабілетін толық немесе ішінара жоғалтса, жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру өтемі төленбейтін кезде оған келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тəртіп пен жағдайларда өтеуге міндетті (ҚР еңбек туралы заңның 90-бабы).
Қолданыстағы заңдарға сəйкес қызметкерлер кəсіпорынның (мекеменің, ұйымның) мүлкіне ұқыптылықпен қарауға жəне зиянның алдын алуға қатысты шаралар қолдануға міндетті. Өз кезегінде, жұмыс беруші қызметкерлерге қалыпты жұмыс жəне өзі сеніп тапсырған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. Сонымен, материалдық жауапкершілік туралы заңдар бір жағынан, жұмыс берушінің меншігін жан-жақты қорғауға, екінші жағынан, қызметкерлердің жалақысын негізсіз ұстап қалудан қорғауға бағытталған.
Басқаша айтар болсақ, зиянды өтеу - еңбек шартының бір тарабының екінші тарапқа қатысты туындайтын міндеті. Шарттың өзінде мұндай жауапкершілік тікелей көзделмейді, алайда, ол осы шарт тараптарының еңбек саласындағы өзінің міндеттерін тиісті дəрежеде орындамауының салдары болып табылады.
Осы айтқандарды қорытындылайтын болсақ, еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі бір тараптың екінші тарапқа келтірген материалдық зиянды заңға сəйкес өтеу міндетінен тұрады.
Егер заңдарда өзгеше көзделмесе, еңбек шартының тарабын материалдық жауапкершілікке тартудың негізі болып осы шарттың екінші тарабына құқыққа қайшы жəне кінəлі зиян келтіру табылады. Зиян келтірген тұлғаның кінəсі болмаған жағдайда да шығынды өтеу міндеті заңдарда көзделуі мүмкін.
Құқыққа сəйкес əрекеттермен келтірілген шығын тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана өтеледі. Егер қажетті қорғаныс шегінен асып кетпесе, бұл кезде келтірілген зиян өтелуге жатпайды.
Егер бұл қауіпті осы жағдайда басқа құралдармен тойтару мүмкін болмаса, аса қажеттілік жағдайында, яғни зиян келтірушінің өзіне немесе өзге тұлғаларға төнген қауіпті жою үшін келтірілген зиянды осы үшін кінəлі тұлғалар өтеуі тиіс.
Сот мұндай зиянның келтірілу жағдайларын ескере отырып, шығынды өтеу міндетін зиянды келтірген тұлға кімнің мүддесі үшін əрекет етсе, сол үшінші тұлғаға жүктеуі мүмкін немесе үшінші тұлғаны да, зиянды келтірген тұлға да зиянды өтеуден толығымен немесе ішінара босатуы мүмкін.

Жауапкершіліктің түрлері. Заңдар материалдық жауапкершіліктің екі түрін көздейді:
1) қызметкердің жұмыс берушінің алдындағы материалдық жауапкершілігі;
2) жұмыс берушінің қызметкердің алдындағы материалдық жауапкершілігі.
Материалдық жауапкершіліктің бұл екі түрі бір-бірінен біршама ерекшеленеді.
Заңдар еңбек шарты тараптарының заңды теңдігін тани отырып, жұмыс берушінің мына ерекшеліктерін ескереді:
1) жұмыс беруші қызметкерге қарағанда əрқашанда экономикалық тұрғыдан күштірек;
2) жұмыс беруші еңбек үрдісін ұйымдастырады жəне осыған байланысты туындауы мүмкін қолайсыз салдарға қатысты жауапкершілікте болады;
3) ол мүліктің меншік иесі ретінде оны ұстау ауыртпалығына жəне кездейсоқ бүліну немесе жойылу тəуекеліне ие болады.
Заңдар адамның басты құндылығы ретінде оның еңбекке қатысты дене жəне ақыл-ой қабілетін таниды, бұларды адам əр түрлі заңды нысандарда, бірақ, ең алдымен еңбек шартын жасасу жолымен жүзеге асыра алатынын ескереді. Осы аталған жайт материалдық жауапкершіліктің екі түрінің айырмашылықтарын анықтайды.

Жұмыс берушінің қызметкердің алдындағы материалдық жауапкершілігі оның қызметкерге мына жағдайлардың нəтижесінде келтірген зиянды өтеу міндетін білдіреді:
1) заңды негізсіз немесе белгіленген тəртіпті бұза отырып қызметтен босатса;
2) басқа жұмысқа заңсыз ауыстырса;
3) еңбек кітапшасында жұмыстан босатудың дұрыс емес немесе қолданыстағы заңдарға сəйкес емес себебін көрсетсе жəне бұл себеп қызметкердің жаңа жұмысқа тұруына кедергі келтірсе;
4) жұмыстан босату кезінде еңбек кітапшасын беруді кешіктірсе;
5) соттың қызметтен заңсыз босатылған немесе басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған қызметкерді қызметке қайта қабылдау туралы шешімін уақтылы орындамаса;
6) жұмысқа қабылдаудан заңсыз бас тартса немесе еңбек шартын уақтылы жасаспаса;
7) қызметкердің денсаулығына зиян келтірсе.
Соңғы жағдай ҚР Үкіметінің 1993 жылғы 17 наурыздағы № 201 қаулысымен жəне ҚР еңбек туралы заңның 90-бабымен реттеледі. Аталған мəселені тереңірек қарастырып өтелік.
Барлық қызметкерлер өздерінің жұмыс берушімен арасындағы еңбек байланысының сипатына (тұрақты, уақытша, маусымдық жəне т.б.) еңбек стажына жəне т.б. қарамастан өздерінің еңбек міндеттерін орындауымен байланысты жəне ұйымның аумағында не оның аумағынан тыс жерде орын алған жарақатпен немесе денсаулыққа келтірілген зақымның нəтижесінде туындаған зиянды өтету құқығына ие.
Жарақат механикалық, электрлік жəне т.б. зақымның нəтижесінде туындауы мүмкін. Денсаулыққа келтірілген өзге де зиян ретінде кəсіптік ауру жəне улану танылады.
Заңдарға сəйкес зиянды өтеу жəбірленген қызметкерге оның еңбекке қабілетігінің жоғалуы немесе төмендеуі салдарынан айырылған жалақысының, табыстарының (немесе олардың тиісті бөлігінің) мөлшеріндегі ақшалай сомаларды, денсаулыққа зақым келумен байланысты бір жолғы жəрдемақыны жəне өтемақылық шығындарды төлеуден көрініс табады. Жəбірленген тұлға қайтыс болған жағдайда қайтыс болған тұлғаның асырауында болған немесе ол қайтыс болған күні одан көмек алу құқығына ие болған еңбекке қабілетсіз келесі тұлғалар зиянды өтету құқығына ие болады: тұлға қайтыс болғаннан кейін туған баласы, сонымен қатар жұмыс істемейтін жəне қайтыс болған тұлғаның 8 жасқа толмаған балаларын, інілерін, қарындастарын, немерелерін күтетін ата-анасының бірі, зайыбы немесе отбасының өзге де мүшесі.
Жарақат алған немесе денсаулығына өзге де зақым келген қызметкердің еңбекке қабілеттін жоғалту дəрежесін (% түрінде)медициналық-əлеуметтік сараптамалық комиссия белгілейді (МƏСК).
Егер еңбек жарақаты тек жұмыс берушінің кінəсінен ғана емес, сонымен қатар қызметкердің өрескел абайсыздығы салдарынан болса да, өтелетін зиянның мөлшері қызметкер кінəсінің дəрежесіне қарай азаяды.
Сонымен қатар, жəбірленушіге еңбек жарақатымен байланысты орын алған қосымша шығындар да төленеді. Мысалы, егер медициналық əлеуметтік комиссия тұлғаны көмек алуға мұқтаж деп таныса, кəсіпорын қызметкерге айырылған жалақысын өтеумен қатар еңбек жарақатымен байланысты туындаған қосымша шығындарды да (қосымша тамақтануға, дəрі-дəрмек алуға, медициналық тексеруден өтуге жəне сауығуға, оны күтуге қатысты шығындар, соның ішінде, емдеу орнына бару жəне одан қайтуға қатысты жол шығындары, қажет болған жағдайларда сол тұлғаны апарған тұлғаның шығындары, арнайы көлік құралдарын, жанармайды жəне т.б. алуға қатысты өзге де шығындар) өтейді.
Жəбір шеккен қызметкерге қатысты жұмсалынған қосымша шығындар оны кім күткеніне байланыссыз өтелуге жатады. Зиянды өтеуге қатысты төлемдер:
- жəбірленген қызметкерлерге - еңбек жарақатының салдарынан сол кездегі жалақысынан айырылған күннен бастап;
- асыраушысының қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаларға - қайтыс болған күннен бастап төленеді.
Еңбектегі жарақатына немесе асыраушысының қайтыс болуына байланысты бұрынғы жалақысынан айырылғаннан кейін 3 жыл өткен соң зиянды өтеу туралы шағым білдірілген кезде зиянды өтеу өтініш берілген күннен бастап жүзеге асырылады.
Медициналық əлеуметтік сараптамалық комиссия еңбек жарақатына қатысты еңбекке қабілеттіктің айырылғанын белгілесе, жəбірленген қызметкерлерге зиянды өтеуді айырылған жалақысының мөлшерінде жүзеге асырады. Асыраушысынан айырылуына байланысты зиянды өтету құқығына ие тұлғаларға зиянды өтеу келесідей жүзеге асырылады:
· кəмелетке толмағандарға - 18 жасқа толғанға дейін (кəсіби-техникалық, орта арнайы жəне жоғары оқу мекемелерінде оқитындар үшін - оқуын аяқтағанға дейін, алайда 23 жасқа толғанға дейін ғана);
· 60 жастан асқан ер адамдар жəне 55 жастан асқан əйелдерге - өмір бойы;
· мүгедектерге - еңбекке жарамсыздығының бүкіл кезеңінде;
· жұмыс істемейтін не қайтыс болған асыраушысының балаларын, інілерін, қарындастарын, немерелерін бағатын ата-анасына, зайыбына немесе отбасының өзге де мүшесіне - балалар 8 жасқа толғанға дейін.
Жұмыс беруші жəбір көрген қызметкерге (немесе асыраушысынан айырылуына байланысты зиянды өтету құқығына ие тұлғаларға) айырылған жалақысынан, зиянды өтетудің қосымша түрлерінен тыс бір жолғы жəрдемақы береді. Бұл жəрдемақының мөлшері ұжымдық шартта анықталады, алайда ол мыналардан кем болмауы тиіс:
· қызметкер өндірістегі қайғылы оқиғаның немесе кəсіптік аурудың нəтижесінде қайтыс болған жағдайда - оның жылдық жалақысынан 10 еседен;
· еңбектегі жарақаты немесе кəсіптік ауруының салдарынан І немесе ІІ топ мүгедегі деп танылған қызметкердің жылдық жалақысынан 5 еседен;
· еңбектегі жарақаты немесе кəсіптік ауруының салдарынан ІІІ топ мүгедегі деп танылған қызметкердің жылдық жалақысынан 2 еседен;
· қызметкерге мүгедектік тағайындалмастан еңбекке қабілеттігі жоғалды деп танылған кезде - оның жылдық жалақысынан.
Аталған жəне осыған ұқсас жағдайларда қызметкерге сонымен қатар моральдық зиян да өтелуі мүмкін.

Жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігінің туындау жағдайлары.
Жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі туындайтын жалпы жағдайлар болып мыналар табылады:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқықтық жауапкершілік
Заңды жауапкершіліктің жекелеген мәселелері
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Кәсіпкерлер жауапкершілігі
Әскери құқық
Алғашқы құжаттардың және бухгалтерлік есептіліктің жағдайлары
Кәсіпкерлердің азаматтық жауапкершілігінің туындау шарттары
Қазақстан Республикасында жерді құқықтық қорғау және тиімді пайдалану аясындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Жерді қорғаудың мақсаттары
Материялдық жауапкершілік
Пәндер