Қол хат



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қолхатқа сипаттама
2. Кепілхат және оның түрлері
3. Қолхат пен кепілхаттың айырмашылығы
ІІІ. Қорытынды
Құқықтық және этикалық жағынан жағдайда сәйкес келетін белгілі бір құжат түрін таңдаймыз. Одан кейін құжатты қалай толтыру керектігін, яғни оның деректерден (мағыналық бөліктерден) тұратыны, ойды қандай реттілікте, қандай сөздермен беру керектігін ойланамыз. Бір сөзбен айтқанда, құжат толтырудың үлгісін жақсы білуіміз қажет.
Қызметтік қарым – қатынастағы сияқты, жеке адамның ұйымдармен қарым –қатынасында да құжат жанрларының белгілі бір атау қалыптасқан, «Жеке» деп атынан жазылып, жеке адамға арналады, және соған тиісті болып келеді.
Азаматтардың зыңды тұлғаларға көбірек жазатын құжат түрлері; негізінен арыз, сенімхат, қолхат, кепілдеме хат болып келеді. әр түрлі ресми шешілетін жағдайларға сәйкес олардың түрліше формалары болуы мүмкін. Мысылы; қолхат – құжаттың бұл түрі айтып тұрғандай жеке адамның өз қолымен жазылады. Айырбастау үшін. Сыйға беру үшін көлемді бағаға алынған құнды заттарды алдығын баяндап жазады.
1. В. Салагаев. Б. Шалабай «Іс қағаздарын жүргізу» Алматы 2002ж. 76-77 бет.
2. Б.. Оспанова. Ж.Исмайлова «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу»
Түркістан 2001ж 6-7 бет.
3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.
4-6 том 531 -532 бет.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қолхатқа сипаттама
2. Кепілхат және оның түрлері
3. Қолхат пен кепілхаттың айырмашылығы
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе
Құқықтық және этикалық жағынан жағдайда сәйкес келетін белгілі бір
құжат түрін таңдаймыз. Одан кейін құжатты қалай толтыру керектігін, яғни
оның деректерден (мағыналық бөліктерден) тұратыны, ойды қандай
реттілікте, қандай сөздермен беру керектігін ойланамыз. Бір сөзбен
айтқанда, құжат толтырудың үлгісін жақсы білуіміз қажет.
Қызметтік қарым – қатынастағы сияқты, жеке адамның ұйымдармен қарым
–қатынасында да құжат жанрларының белгілі бір атау қалыптасқан, Жеке деп
атынан жазылып, жеке адамға арналады, және соған тиісті болып келеді.
Азаматтардың зыңды тұлғаларға көбірек жазатын құжат түрлері; негізінен
арыз, сенімхат, қолхат, кепілдеме хат болып келеді. әр түрлі ресми
шешілетін жағдайларға сәйкес олардың түрліше формалары болуы мүмкін.
Мысылы; қолхат – құжаттың бұл түрі айтып тұрғандай жеке адамның өз қолымен
жазылады. Айырбастау үшін. Сыйға беру үшін көлемді бағаға алынған құнды
заттарды алдығын баяндап жазады.

Қол хат – кәсіпорыннан немесе жеке адам уақытша пайдалану үшін қалайда
бір материалдық бағалы зат (мүлік, ақша, құжат) алынған куәландырылған
ресми құжат.
Қолхат қол қою үшін әлде не алғанын растайтын уақыты жазылып қолы
қойылған құжаттама. Құқықта бұл жазбаша дәлелдің бір түрі. Қылмыстық іс
жүргізу құқығында қолхат анықтаушының тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз
тұрақты не уақытша тұратын жерінен кетпеу сот ісін тергеуге қарауға
кедергісін келтіруге айыптаушының немесе кепілдік берген басқа адамның
басқаша міндеттемесі.
Құжаттың бұл түрі аты айтып тұрғандай жеке адамның өз қолымен
жазылады.
Айырбастау үшін сыйға беру үшін көлемді бағаға алынған. Құнды заттарға
алғандығын баяндап жазады. Ол жеке адамның өзінде сақталады.
Қолы қойылады күні, уақыты жазылады. Қолхатқа тек жеке адамның қолы жүреді.
Мекеме не ұйым жауап бермейді.
Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынған
куәландыратын ресми құжаттың бір түрі. Мазмұны мен құрылымы жағынан қолхат
және кепілхат бір – біріне ұқсас.
Қолхат – іске асқан бір фактіні, мысалы, ақша не басқа бір қымбат дүниені
алғаны растайтын құжат түрі.

Құжат үлгісі мынадай:

Құжат атауы
(қолхат)

Мәтін
(кім, кімнен және нені алды)
Мерзімі
Қолы

Құжат мәтінінде қолхат берушінің қызметі (қажет жағдайда), аты – жөні,
алған ақшаның мөлшері немесе басқа құнды дүниенің атауы, ақшаның не құнды
дүниенің кімнен алынғаны (аты – жөні) толық көрсетіледі.
Қолхатта ақша көлемі алдымен санмен, сосын сөзбен жазылып көрсетіледі.
Егер мәтінде қандай да бір жөндеулер, өңдеулер, өшірулер кездессе, құжат
күшін жояды. Мәтін мен қойылған қолдың арасындағы бос кеңістік сызықпен
толтырылады. Қолхат бір дана түрінде толтырылады және ақша түріндегі
құжатпен бірдей дәрежеде сақталады.
Кейде қолхатта қатысушы куәлер көрсетіледі. Ол жағдайда куәлер
қолхатқа қолдарын қойып растайды.
Ақшаны немесе құнды дүниені қайтарған жағдайда қолхат жойылады.

Үлгісі
Қолхат
Мен, Сыйлықтардүкенінің балалар ойыншығы бөлімінің меңгерушісі
Райымбекова Алмагүл Хасанқызы, азаматша Васильев Игорь Юрьевичтен 560 (бес
жүз алпыс) теңге тұратын Ковбой электронды ойыншығын бөлімге тауардың
түсуіне қарай сол мөлшердегі басқа тауарға айырбастап беру үшін қабылдап
алдым.

01,03,2000
Қолы

А.Х.Райымбекованың қолын растаймын
Сыйлықтар
дүкенінің директоры
В.С.Сахипов

12,12,2000
Мөрі

Ұйымдар жеке адамдарға басқа ұйымдарға тапсыру үшін қандай да бір
ресми мәліметтерді растайтын құжат түріндегі анықтамаларды жиі береді.
Анықтама беретін ұйымның тізбелері әдетте бұрыштама штампта немесе
баспаханалық үлгідегі бланкіде сақталады. Құжат атауы (Анықтама), берілген
уақыты және лауазымды адамның қолы – бұлар деректемелердің жиынтығын
құрайды. Құжат мәтінінде мынадай мәліметтер беріледі:
1. анықтама берілген адамның аты – жөні;
2. қажет мәліметтер (кім болып істейді, жалақысының көлемі);
3. анықтаманы қажет ететін үйымның атауы. Анықтаманың заңдық күші ұйымның
мөрімен бекітіледі.

Жеке құжаттардың басқа түрлері; дипломдар, аттестаттар, жеке басының
куәліктері т.б. қатаң белгіленген тәртіпте толтырылып, қандай да болмасын
жалғандықтан қорғалуы тиіс.
Қазақстан Республикасында екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде іс
жүргізу, құжат толиыру қалыптасқан. Бұл құжат айналымының ең қолайлы жолы
болып отыр. Алайда, өкінішке орай, екі тілдік форма тек бланкілік
құжаттарға тән (диплом, куәлік, анықтама т.б).

Үлгісі

Қолхат
Кентау қаласы, 2008жылы жиырмашы ақпан.

Мен азаматша Паримбекова Жадыра, мекен жайын: Кентау қаласы, Аль –
Фараби 94 үй-31 пәтер жеке басымның куәлігі 002569354, Қазақстан
Республикасының ІІМ берген, Кентау қаласы, Қанаев көшесі №11 –үй 41 пәтерде
туратын азамат Найманбаев Еркін жеке басының куәлігі 003265985, жиырма мың
теңге (20000) алдым.
2008 жылға 1ақпанда жасалған келісімшартқа сәйкес 2008жылғы 1
наурыздан 30 –ші наурызға дейін алынған ақшаның процентін төлеп тұруға
міндеттенемін. Процент көлемі келісім шартта көрсетілген.
Азамат Найманбаев Еркіннің міндетін орындауына басқа таладым жоқ.

2008 жылғы 20-шы ақпан Қолхат
берушінің

қолы __________

Кепілхат.
Кепіл зат азаматтық қүқықта: міндеттемелер дің орындалуын
қамсыздандыру тәсілі; несиегердің қамсыздандырылған кепілмен қанағат табу
құқығы. Борышкер міндеттемені орындамаған жағдайда бұл міндеттеме кепілге
берілген мүліктің есебенінен өтеледі. кепілді иеленуші тұлға кепіл ұстаушы,
кепіл нысанын ұсынушы тұлға - Кепіл беруші деп аталады. Борышкердің өзі де
үшінші бір тұлға да кепіл беруші болуы мүмкін. Мүліктің меншіктенушісі не
осы мүлікпен шаруашылық жүргізу құқығына ие
болған тұлға оны кепілге беруші бола алады. Бей материалдық құндылықтарды
кепілге тек олардың меншіктенушілері ғана береді. Кез келген мүлік, соның
ішінде айналыстан алынған мүліктен, кепіл берушінің жеке басымен тығыз
байланысты талаптардан (мысалы, өмірі мен денсаулығына келтірілген
зиянды өтеу туралы талаптардан) басқазаттар мен бейматериалдық
құндылықтар кепілге берілетін зат бола алады. Жылжымайтын мүлік кепілді
(жер төлемдері, кәсіпорындар үкіметтер, пәтерлер т.б.) ипотека деп аталады.
Егер айналыстағы тауарлар (тауардың босалқы қорлары, шикізат,
дүмбілзат, дайын өнім т.б.). Кепілдік заты болса, олардың жалпы құны кепіл
шартында көрсетілген құнының азаймайтын болған жағдайда кепіл беруші
олардың құрамын, заттай нысанын өзгертуге құқылы;
Қылмыстық іс жүргізуде: бұлтартпау шарасы, яки алдын ала анықтау ісін
жүргізушінің, тергеушінің, прокурордың, соттың шақыру бойынша
айыпталушының, сезіктінің келуін қамтамасыз ету үшін айыпталушының,
сезіктінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАРДЫ РЕСІМДЕУ
Құжаттарды әзірлеу және ресімдеу
Қызметтік хат
Ұсыныс хат
Анықтамалық-ақпараттық құжаттар
Іскерлік хаттарды аудару кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді анықтау, ерекшеліктерін сараптамалау
Хат және оның түрлері
Аудандық және оған теңестірілген сотқа келіп түскен кіріс хат-хабарларды тіркеу және есепке алу.
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен студенттерге арналған оқу құралы
Іске қатысушылардың сотқа келуін қамтамасыз ету
Пәндер