Мұздатылған күйдегі тамақ өнімдерін сақтайтын 3000тонна тоңазытқыш қондырғысын жобалау


Мазмұны

Аннотация
:
Аннотация: Нормативтік сілтемелер
:
:
Аннотация: Анықтамалар
:
:
Аннотация: Белгілер мен қысқартулар
:
:
Аннотация: Кіріспе
:
:

1.

Аннотация: Технико экономикалық негіздеу
: 12
:

2.

Аннотация: Аналитикалық шолу
: 13
: 2. 1.
Аннотация: Тамақ өнімдерінің қасиеттеріне және олардың сапасына мұздатудың әсері
: 13
: 2. 2.
Аннотация: Өнімдердің мұздатылуы кезінде өнім сапасына ықпал ететін факторлар
: 13
: 2. 3.
Аннотация: Мұздату кезінде өнімдерде жүретін өзгерістер
: 14
: 2. 4.
Аннотация: Жартылай тушадағы еттерді мұздатып, өңдеуіне арналған технологиялық құралдар
: 14
: 2. 5.
Аннотация: Етті мұздатып өңдеу бөлмелеріндегі ауаны үлестіру жүйесі
: 15
: 2. 6.
Аннотация: Патенттік әдіс
: 22
: 3.
Аннотация: Техникалық бөлім
: 26
: 3. 1.
Аннотация: Есептеу режимін қабылдау
: 26
: 3. 2.
Аннотация: Жылуағындарды есептеу
: 27
: 3. 2. 1.
Аннотация: Құрылымдық қоршаулардан келетін жылуағындар есептеу
: 27
: 3. 2. 2.
Аннотация: Суыту ғимаратының жылуағындарын есептеу
: 31
: 3. 2. 3.
Аннотация: Тоңазытып өңдеу барысында өнімнен бөлінетін жылуағын
: 31
: 3. 2. 4.
Аннотация: Эксплутациялық жылуағын
: 32
: 3. 3.
Аннотация: Тоңазыту қондырғысының түрі мен суыту жүйесін таңдау
: 32
: 3. 4.
Аннотация: Тоңазыту қондырғыға жұмысшы денені таңдау.
: 32
: 3. 5.
Аннотация: Компрессорды және жылуалмастырғыш аппараттарды есептеу және таңдау
: 33
: 3. 6.
Аннотация: Қосымша қондырғыларды есептеу
: 41
: 3. 7.
Аннотация: Көлденең құбырқаптамалы конденсаторды есептеу
: 48
: 3. 8.
Аннотация: Энергетикалық есептеме
: 50
: 3. 9.
Аннотация: Тоңазыту қондырғыларын автоматтандыру жүйесі
: 53
: 4.
Аннотация: Архитектуралық құрылыс бөлімі
: 55
: 4. 1.
Аннотация: Өндіріс цехтарының жабдықтарының компоновкасы
: 55
: 4. 2.
Аннотация: Өндіріс корпустарының қабаттарының санын таңдау
: 55
: 4. 3.
Аннотация: Ғимараттардың конструктивті элементтері
: 55
: 4. 4.
Аннотация: Ғимараттың темір бетонды элементтері
: 56
: 5.
Аннотация: Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
: 58
: 5. 1.
Аннотация: Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы
: 59
: 5. 2.
Аннотация: Жұмыс орындарындағы метеорологиялық шарттар
: 60
: 5. 3.
Аннотация: Жарықтандыру талаптары
: 61
: 5. 4.
Аннотация: Шу мен тербелістен қорғану
: 62
: 5. 5.
Аннотация: Жұмыс орнындағы ауаны желдету
: 62
: 5. 6.
Аннотация: Электрқауіпсіздік
: 63
: 5. 7.
Аннотация: Электорқауіпсіздігін қамтамасыздандырып ұйымдастыру және техникалық шараларды жүргізу
: 64
: 5. 8.
Аннотация: Электромагниттік өрістің қауіптлігі және оны алдын алу шаралары
: 64
: 5. 9.
Аннотация: Өрт қауіпсіздігі
: 65
: 5. 10.
Аннотация: Өрттің пайда болу себептері
: 65
: 5. 11.
Аннотация: Өндірісте еңбек қорғау қызметкерлерінің тыныштық өмір салауатын құру
: 66
: 5. 12.
Аннотация: Төтенше жағдайлардың анықтамасы
: 66
: 6.
Аннотация: Қоршаған ортаны қорғау
: 68
: 6. 1.
Аннотация: Ұсынылған экологиялық зияндылық есебі
: 69
: 6. 2.
Аннотация: Табиғаты қорғау шаралары
: 71
: 6. 3.
Аннотация: Өндірістің қауіп категориясы
: 71
: 7.
Аннотация: Экономика
: 72
: 7. 1.
Аннотация: Жобаланатын өндірістік цехының қуатын негіздеу
: 72
: 7. 2.
Аннотация: Жобаланған объектінің кұрылысына күрделі шығындарын есептеу
: 72
: 7. 3.
Аннотация: Еңбек ақы мен еңбекті ұйымдастыру мәселелері
: 76
: 7. 4.
Аннотация: Өнімнің өзіндік құнын есептеу
: 80
: 7. 5.
Аннотация: Жобаланатын объектінін экономикалық тиімділігін есептеу
: 83
: 8.
Аннотация: Бизнес жоспар
: 86
: 8. 1.
Аннотация: Аннотация
: 86
: 8. 2.
Аннотация: Резюме
: 86
: 8. 3.
Аннотация: Кәсіпорынның сипаттамасы
: 86
: 8. 4.
Аннотация: Менеджмент
: 86
: 8. 5.
Аннотация: Өнімнің сипаттамасы
: 87
: 8. 6.
Аннотация: Маркетинг жоспары
: 88
: 8. 7.
Аннотация: Өндірстік жоспары
: 89
: 8. 8.
Аннотация: Ұйымдастырушылық жоспар
: 89
: 8. 9.
Аннотация: Қаржылық жоспар
: 89
: 8. 10.
Аннотация: Жұмыстардың орындалу тізбесі
: 90
: 8. 11.
Аннотация: Жобаның тәуелділігін таңдау
: 90
:
Аннотация: Қорытынды
: 91
:
Аннотация: Қолданылған әдебиеттер
: 92
:
Аннотация: Қосымшалар
: 94

.

АННОТАЦИЯ

Дипломдық жобаның тақырыбы: “Мұздатылған күйдегі тамақ өнімдерін сақтайтын 3000тонна тоңазытқыш қондырғысын жобалау”.

Жобада компрессор цехы мен сақтау камерасының жоспары, құбыр-желілерінің аксонометриясы, жылу алмастырғыш аппараттардың сызбасы және келесі есептер көрсетілген: негізгі және қосымша жабдықтарды таңдау және жылулық есебі, жобаланатын цехтағы процестің есебі.

Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау туралы сұрақтары қарастырылған және экономиканың тиімділік, бизнес жоспар және цехтың құрлысының техникалық мүмкіндіктері туралы қорытынды жасалды.

Дипломдық жоба 1 беттен, 2-суреттен, 3 сызбадан, 8 бөлімнен тұрады.

Негізгі сөздер: жылуалмастырғыш жабдықтар, жылу тұйықтағыш материалдар, тоңазыту айналмасы, критикалық температура, температура бағаналары, тоңазытқыш агент, сақтау камерасы және т. б.

АННОТАЦИЯ

Тема дипломного проекта: Холодильное оборудования для хранения мяса.

Цель проекта: спроектирование компрессорного цеха холодильного оборудования и камер.

В проекте план компрессного цеха и камера хранения, аксонаметрия систем труб, чертеж теплообменника и показание следующего расчета: выбор главных и вспомогательных обарудования и теплового расчета, расчет проектированного цеха.

Рассмотрены вопросы об охране труда, окружающей среды и эффективность экономики, бизнес план и был сделан результат о технических возможностях цеха.

Дипломный проект состоит из 98 страниц, из 11 рисунков, из 7 чертежей и 8 частей.

Термины: теплообменные оборудования, тепло изаляционные материалы, кретическая температура, холодильный агент, камера хранения и др.

SUMMARY

The theme of the project: Refrigerating apparatus projecting with 3000 ton for storing frozen food products.

The plan of the storing . camera and compressor plant, the acsonometry of pipelines, graphics of heat changing apparatus and the following calculations are shown: the heat calculation and choice of main and additional equipments, the process calculation of projecting plant.

Problems of labor and environment protection are considered and the conclusion of the economic efficiency and business plan, the technical possibilities of plant structure is made.

The diploma project consists of 1 page, 2 pictures, 3 graphics and 8- parts.

Main terminology: heat changing equipments, heat materials, refrigeration circle, critical temperature, temperature columns, refrigerator agent, storing camera and etc.

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

  1. МЕСТ 12. 2. 003 -74 - өндірістік қондырғылар жалпы қауіпсіздік талаптар.
  2. МЕСТ 18963-73 - табиғи су.
  3. МЕСТ 12. 1. 013-78 - электроэнергия талаптары .
  4. ҚНжЕ 11-В-62 - құрылыс нормалары мен ережелері .
  5. МЕСТ 6492-76 - компрессорларды түрлері қойылатын талаптар .
  6. ҚНжЕ 2. 04. 05 - 86 - ауаны баптау, желдету, жылыту талаптары .
  7. ҚНжЕ 2. 04. 06 -87 - сыртқы ауаның есептемелік параметрі.
  8. ҚН ж Е 2. 05. 07 - 86 - жылутұйықтағыш материалдардың жылуфизикалық қасиеттері.
  9. ҚНжЕ 2. 04. 05 -86 - өнімнен бөлінген энтальпия.

АНЫҚТАМАЛАР

Мұздық - мұзбен салқындатылатын тоңазытқыш.

Криоскопиялық температура - мұздың пайда болу алдындағы температура.

Конденсатор - конденсаторда компрессорден келген тоңазытқыш агент буы қаныққан күйіне дейін салқындатылып, сұйық күйге өтеді.

Буландырғыш - тоңазытқыш машинаның негізгі бөліктерінің бірі. Буландырғышта мұздатылатын ортадан келетін жылудың әсерінен тоңазытқыш агент буланады. Бұдан кейін ол компрессордің көмегімен сорылып алынады.

Регенеративті жылуалмастырғыш - Регенеративті жылуалмастырғышта ресиверден реттегіш вентильге бара жатқан сұйық тоңазытқыш агентпен буландырғыштан шыққан бу күйіндегі тоңазытқыш агент арасындағы жылу алмасу процесі өтеді.

Насос - тұздықтың, судың және тоңазытқыш агенттің циркуляция жасауын қамтамасыз етеді.

Май бөлгіш - майдың тек белгілі бір бөлігін ұстап қалатын болған соң одан өткен май жылуалмастырғыш аппаратпен арнайы ыдыстарда жиналады.

Компессор - газдың қысымын арттырып оны керекті жеріне жеткізетін машина.

Тоңазыту айналмасы - термодинамикалық айналма, тоңазыту машинасында жасанды суықты алу үшін қолданылады.

Суыту - затты криоскопиялық температурасынан төмен емес -температураға дейін салқындату.


БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Берілген дипломдық жобада кейбір белгілер мен қысқартулар бар:

% - пайыз

0 С - градус цельсий

М 3 - метр куб

М - метр

кВт - киловат

кПа - килопаскаль

т - тонна

мин - минут

сағ - сағат

мг - миллиграмм

кг - килограмм

Тәул - тәулік

град - градус

м/с - метр секунд

лк - электр қуаты

В - ватт

атм - атмосфера

мПа - мегапаскапаль

ШМК - шекті мүмкіндік ластануы

т. б. - тағы басқа

КМ - компрессор

КД - конденсатор

Б - буландырғыш

РЖА - регенеративті жылуалмастырғыш

МБ - май бөлгіш

СБ - сұйық бөлгіш

АР -айналмалы ресивер

СР - сызықтық ресивер

ДР - дренажды ресивер

РВ - реттегіш вентиль

СН - су насосы

ТН - тұздық насосы

АЫ - аралық ыдыс

F-жылуалмастырғыш бетінің ауданы, м 2

V- Көлемдік шығыс, м 3

G- өндірімділігі, массалық шығын кг/с

C p - меншікті изобарлық жылусыйымдылық, кДж

C V - меншікті изохоралық жылусыймдылық, кДж

g- массалық шығын, кг/с

N- қуат, кВт

N u - Нуссельт саны

S- меншікті энтропия, кДж

ω- жылдамдық, м/с

α- сызықтықтың кеңеюдің термиялық коэффициент, 1/к

β- көлемдік кеңеюдің термиялық коэффиценті, 1/к

η- компрессордың ПЭК-і

λ- жылуөткізгіштік коэффициент, Вт(м *К)

V- кинематикалық тұтқырлық, м 2

p- тығыздық, кг/м 3

t- уақыт, с

L- ұзындық, м

t-температура, 0 С

d- диаметр, м

S- қалыңдық, м

Q- жылу ағыны, кДж/кг

КІРІСПЕ

Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана білуі керек. Ғылымның алдында тұрған басты мақсат өндірістің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, сапасын және шығарылатын өнімдердің бәсекелестігін жоғарылату. Ол мақсатты мына бағытта іске асыруымыз керек: жұмыс істеп жатқан технологиялар мен жабдықтарды дамыту, жаңа өндіру әдістерін және кешенді автоматтандырылған процестерді енгізу. Жаңа техника мен технологияны енгізудің ең басты тетігі - шығарылатын өнімнің сапасы мен одан түсетін пайдасы. Ғылыми - техникалық зерттеулердің жетістіктерінің экономикалық эффектісі - табыс көлемін арттыру және еңбек шығынын азайту.

Қазіргі таңда экономикалық тиімділікке жету үшін ет өнімдерін салқыдату, кептіру тиімсіз. Мұздатылған өнімдер мен суытылған өнімдердің негізгі айырмашылықтары келесіде: мұздатылған өнімдер суытылғанға қарағанда сақтауға төзімді, өйткені ондағы су мұзға айналады. Сонымен қоса суда еритін заттар диффузиялы ығысуын тоқтатады, микроағзалардың және биохимиялық (ферментативті) реакцияның жүруі тежеледі. Мұздату эффектісі өнім ортасында ( центірінде ) - 6ºС және төмен болғанда қол жеткізіледі.

Мұздату кезінде су мұзға айналады, бірақ су келтірудегідей буланып кептей өнім құрамында қалады. Мұздатылған өнім суытылғаннан бірқатар физикалық және сыртқы ерекшеліктерімен ерекшеленеді

Технологиялық тұрғыда мұздату суытуға қарағанда өнімде қайтымсыз өзгерістер тудырады, өнімнің бастапқы жағдайының толық қалпына келуіне кедергі береді. Сондықтан бұл жағдайда тамам өнімдерінің толық емес қайтымдылығы жайлы айтады .

Суытуға қарағанда мұздату кезінде ылғалдың жартылай қайта бөлініп таралуы, ұлпалардың мұз кристалдарымен жарақатталуы, ал кейбірде ақуыздың жартылай денатурациясы жүреді. Егер мұздату дұрыс жүргізілмесе нәтижесінде өнімнің дәмдік және қоректік қасиеттері нашарлауы мүмкін. Мұздатуды ең алдымен оның дәмдік және қоректік қасиеттерін сақтау үшін іске асырамыз. Бұл үшін мұздату процесінде жүретін құбылыстардың (максималды) барынша қайтымдылығына қол жеткізуге ұмтылу қажет .

1 ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ

Етті мұздату өндірісінің дамуы тұтынушылардың түрлі сұраныстарына және мұздатылған еттің сапасының жақсаруына және жаңа технологиялар мен техниканың қолдануына байланысты.

Соңғы жылдарда өндіріс орындардың дамуы әжептеуір байқалады. Оған етті мұздату өндірісінің техникалық қайта жабдықталуы, жаңа техника мен технологияларды енгізілуі, тұтынушылардың сұранысын қанағаттаңдыру себеп болып тұр.

Жобаланатын өндіріс орны құрылысы Сарыағаш қаласында жобаланды.

Жобаланатын өндіріс орны мамандар мен білікті жұмысшылардан тапшылық көрмейді, себебі ОҚО «Төменгі температуралар техникасы және физикасы» инженер механик және инженер технолог мамандарын дайындайтын жоғары және арнаулы кәсіби орта оқу орындары бар.

Сарыағаш қаласында сиымдылығы 3000 тонна етті мұздату камерасын жобалау мына мәселені шешуге бағытталған:

- жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту;

- тұтынушыларға сапасы жоғары өнім түрін ұсыну.

Кез келген ғимаратты соғу алдында соғу аймағының географикалық рельефін, электр қуатымен қамтамасыз ету, тасмалдағыш құралдардың, телекомуникацияның, су ресурстарының жер асты суларының, соғу жұмыстарын жүргізу үшін еңбек ресурстарының және жобаланып жатқан ғимараттың эксплуатациясын ескеру қажет. .

Цехтың жарықтануы трансформаторлық подстанция арқылы қалалық электр жүйесінен тартылады.

Цехтың жұмысы үшін қажетті су мөлшері жер асты суларынан және Сарыағаш қаласының, қалалық су жүйелерінен алынады.

Цехқа қажетті шикізаттар аудандық автокөліктермен, жүк машиналарымен немесе темір жол желісімен тасмалдануына болады.

Цехты соғу үшін қалалық соғу организациялары жұмылдырылады.

Дайын өнім Қазақстан Республикасының барлық аудандарына темір жол желілерімен тасмалданады.

Сиымдылығы 3000 тонна етті мұздату және сақтау камерасын жобалаудың экономикалық көрсеткіштері
келесідей: капиталдық құйылым 29581845 теңге, өндірістің тиімділігі 25, 7%, капиталдық құйлымды өтеу мерзімі 3, 25 жыл.

2 АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ

2. 1 Тамақ өнімдерінің қасиеттеріне және олардың сапасына мұздатудың әсері

Мұздатылған өнімдер мен суытылған өнімдердің негізгі айырмашылықтары келесіде: мұздатылған өнімдер суытылғанға қарағанда сақтауға төзімді, өйткені ондағы су мұзға айналады. Сонымен қоса суда еритін заттар диффузиялы ығысуын тоқтатады, микроағзалардың және биохимиялық (ферментативті) реакцияның жүруі тежеледі. Мұздату эффектісі өнім ортасында - 6ºС және төмен болғанда қол жеткізіледі.

Судың мұзға айналуы сусыздану эффектісіне ұқсас. Бұл жағдайда ылғалдың мөлшері кемиді, ылғал жоқ болса немесе оның мөлшері аз болса микроағзалардың тіршілік әрекетімен биохимиялық реакцияның жүруі үшін жағдай болмайды.

Мұздату мен кептіру арасындағы айырмашылық келесідегідей : - мұздату кезінде су мұзға айналады, бірақ су келтірудегідей буланып кептей өнім құрамында қалады. Мұздатылған өнім суытылғаннан бірқатар физикалық және сыртқы ерекшеліктерімен ерекшеленеді :

  • қаттылық - бұл судың мұзға айналуы нәтижесінде;
  • бояуларының ашықтығы - мұздың кристалдануынан оптикалық эффектінің нәтижесі ;
  • үлес салмақтың кемуі - мұздату кезінде судың кеңеюі салдарынан;
  • термодинамикалық сипаттамалардың өзгеруі (жылусиымдылық, жылуөткізгіштік, температура өткізгіштік ) ;

Технологиялық тұрғыда мұздату суытуға қарағанда өнімде қайтымсыз өзгерістер тудырады, өнімнің бастапқы жағдайының толық қалпына келуіне кедергі береді. Сондықтан бұл жағдайда тамақ өнімдерінің толық емес қайтымдылығы жайлы айтады .

Суытуға қарағанда мұздату кезінде ылғалдың жартылай қайта бөлініп таралуы, ұлпалардың мұз кристалдарымен жарақатталуы, ал кейбірде ақуыздың жартылай денатурациясы жүреді. Егер мұздату дұрыс жүргізінбесе нәтижесінде өнімнің дәмдік және қоректік қасиеттері нашарлауы мүмкін. Мұздатуды ең алдымен оның дәмдік және қоректік қасиеттерін сақтау үшін іске асырамыз. Бұл үшін мұздату процесінде жүретін құбылыстардың (максималды) барынша қайтымдылығына қол жеткізуге ұмтылу қажет [1] .

2. 2 Өнімдердің мұздатылуы кезінде өнім сапасына ықпал ететін факторлар

Жедел мұздату өнімдердің жоғары сапасын әрдайым қамта- массыздандыра бермейді. Кейбір өнімдерді (көп мөлшердегі) мұздатуды криогенді сұйықтықтарда үлкен жылдамдықтарда іске асырады, бірақ сонымен қатар өнімдерде мұздаған жасуша сөлінің ішкі қысымы көтеріледі. Мұздатылған өнімнің ішінде қысымның қаншалықты жедел көтерілуі орын алса, оның көлемі соншалықты ұлғаяды, мұздату тез жүріп, өнімнің ішкі және сыртқы температурасы жедел жүреді.

Әсіресе жоғары қысым өте жедел амалмен мұздату кезінде жүреді. Нәтижесінде өнімнің ішкі қабаттарын үсік шалады. Өнімнің ішкі жағдайының көлемі ұлғайып, ал сыртқы созылуға икемсіз қабаты ішкі кеңеюге төзбей жарылып қалады, бұл өнімнің бүтіндігін жояды.

Мұздату жылдамдығына суытылған ортаның температурасы, мұздатылушы өнімнің қалыңдағы және оның беткейінен жылу коэффицент шешуші ықпал етеді.

Мұздату жылдамдықтары өнімнің кебіңкі қалыпқа енуіне ықпал ететін масса алмасу процессіне ықпал етеді. Өнімнің беткейінде мұз қатқанша одан тамшылы - сұйық ылғал буланады, содан соң мұздың сублимациясы жүріп оның кебуіне әкеліп соғады.

Ылғадың судың жоғалуы мұздату кезінде ауқымды шектерде үлкен көлемде болуы мүмкін [2] .

2. 3 Мұздату кезінде өнімдерде жүретін өзгерістер

Мұздатудың кез - келген жылдамдығында оның құрылының бұзылуымен байланысты жасушада күрделі өзгерістер жүреді. Осылай, өнімде температураның - 8÷ - 10ºС төмендеуі интенсивті мұздың құрылуымен қатар жүреді, сондықтан өнімнің сұйық фазасындағы химиялық қосылыстардың концентрациясы бірдестен ұлғайып, өнімнің көлемі кішірейіп, молекулалар жақындайды.

Белоктардың макробөлшектерінің кеңіс тіктік құрылымының бұзылуы денатурация мен идентификацияланады, ал оның сыртқы белгісі болып мұздату кезіндегі ұлпалық сөлдін бөлінуі саналады. Бұл процесстердің дамуы сұйық фазадағы электролиттердің көтерілуімен ынталандырылады . Денатурациялық өзгерістердің максималды дамуы ұлпалық сұйықтықтың барынша кристаллдануының температуралық аймағымен сәйкес келеді . Денатурация ең алдымен саркоплазма ақуыздарының өзгерісі болмауы кезінде ақуызда актомизион фракциясында байқалады.

Ақуыздардың нативті құрылымының сақталуына ықпал етуші фактор болып байланысқан су саналады. Бірақ бұл мұздың кристалды құрылымына өту кезінде бөлінетін қуаттан жоғары қуат байланыстары бар тоттардың ақуызымен байланыс қандарға ғана қатысты. Ақуыздық заттар байланыстың төменгі байланысты болғандықтан мұздатылатын суды жоғалтады, ал ақуыз молекулалары агрегатталады. Тұрақты ақуыз заттарды еріткен соң неативті құрылымды сақтау үшін мүмкіндік беретін суды ұстап тұрады [3] .

2. 4 Жартылай тушадағы еттерді мұздатып, өңдеуіне арналған технологиялық құралдар

Жартылай тушадағы еттерді мұздатып өңдеу үшін арналған бөлімдер камера мен тунельдер бөлмелерді соғу тиімді. Өткен маусым аралық кезеңдерде оларды ет өнімдерін сақтау үшін қолдануға болады. Тар тунельдерді суыту мақсаттарына қолдану қиын. Камералар мен тунельдерді бір релісті ілмелі жолдармен жабдықтайды. Олар тушаларды іліп жылжыту мүмкіндігін береді. Ал бұл құрылымдарды жылуизолациялайды [2, 3] .

Көлемдерге қарап ілмелі жолдағы жартыла тушаның арасындағы ара қашықтық белгіленеді. (900-110мм), рельс биіктігі 3300мм. Етті мұздатып өңдеу кезінде мұздатқыш есігінен суықтың шығынын кеміту үшін, оларды ауа перделері мен немесе жалюздермен жабдықтайды. Жалюздердің сыртында бекітуші есік болады, ішіне қатты материялдардан екі перде орнатады. Бұл перделердің арнайы есігі болу қажет немесе перделер мөлдір етіп жасалуы тиіс.

Екі қарама-қарсы сырғу есіктері болады, бұл есіктер бір-біріне 1350мм қашықтықта тұрады. Жартылай тушалар камераға немесе сыртқа шығарылғанды конвейір күшімен есіктер ашылып, жабылады.

Сонымен қатар бірінші есік ашылған кезде екіншісі міндетті түрде жабық тұрады, бұл суық ауаның шығып кетуіне жол бермейді.

Камера ішінде ауаны суыту немесе ысыту ауасуытқыштармен немесе колориферлермен іске асырылады, мұны реттеу арнайы құрылғыда іске асырылады [4] .

2. 5 Етті мұздатып өңдеу бөлмелеріндегі ауаны үлестіру жүйесі

Салқындату, мұздату және еріту камераларында жартылай туша еттерді іліп қойып өңдейді, бұл кезде өңдеуші температура тушаның өне бойына біртегіс тиеді.

Салқындату, мұздату және еріту камераларында тушаның қалың сан бөлігі рельске жақын орналасады, туша рельсьтен 300 мм қашықтықта тұрса, еденнен есептегенде тушаның төменгі бөлігі 200мм биіктікте тұруы тиіс. Еттерді бір қатар ілгенде ілінген қатарлар арасы бірдей қашықтықта орналасып, тар дәліз қалыптасады. Камераның көлденең қимасы тар дәлізді бос қуысы бар жартылай туша қатарларын байқатады.

Камераның көлденең қима коэффицентін тиеу 15-18% құраса, ұзын бойлықта ол 40-45% құрайды.

Камераға суық ауа бір тегіс берілгені жөн, ол тушалар арасында бірдей жылдамдықта қозғалауы тиіс, сонымен қатар ауаның негізгі массасы жартылай тушалардың сан етіне қарай бағытталғаны жөн.

Жүк көлемінде ауаның үлесуі мұздату камерасында ауаны айдаушы және сорушы камералар арқылы іске асырылады және ілген жол картасымен төбелік арасындағы кеңістіктегі ауаны беру арнасыз жүйесімен іске асырылады. Сонымен қатар камераның ілінген жолға көлденең және оған бағытты жүктің көлеміне қарай тунельді жүйе мен ауа үрлеу жүйесін және жалған төбелік арқылы ауаны төбесіне төмен үрлеу арқылы және төбенің ауасуытушы камералар көлеміндегі ауа желдеткіштері мен ауабағытаушы сопла арқылы суық ауа қозғалысы іске асырылады.

Ауаны канал жүйесімен үлестіру жүйесі 1-суретте көрсетілген [5] .

1-сурет. Канальді ауа таралу кезіндегі етті тоңазытып өңдеудің ауа ағын тәсімі.

Ауаны айдаушы және ауаны сорушы каналдар камераның төбелік пен ұзын қабырғасы астында орналасады. Ауа жылдамдықтың қысымымен каналдар бойымен үдетіледі. Егер каналдар терезесі арнайы бағытаушыға ие болса онда айналатын ауаның көп бөлігі каналдың ішіне қарай терең бойлайды, сонымен қатар бірінші шығу терезесінен 3-5 0 C бұрышымен шығады, ал соңғысынан 80-85 0 C бұрышымен шығады. Сондықтан шығушы терезелерді арнайы бағыттаушы қалақтармен жабдықтайды, олар әкету құбылысын болдырмайды [6] .

Суық ауа ағысы шығатын терезеден камера еденіне бағыт алып, бастапқыда кеңейсе, кейіннен терезелерден шыққан ағымдармен бірігеді, камера қабырғасының бойымен жүріп жалпы ортақ ағысқа айналады. Ағыс камера еденіне жетіп үлкен массаға иеленеді, бәрақ бұл ауа массасының жылдамдығы терезеден шыққан ауа массасының жылдамдығынан төмен.

Еден мен камераның терең бұрылыстарынан өтіп ауа жыли түседі және ет тушалары арасымен көтеріліп, үлкен масса ретінде (75-80%) кері қарай айдаушы каналдарға жақындап ағыстарына қарай қосылады. Ауаның екінші бөлігі (20-25%) сорушы каналға жіберіледі.

Сорылушы ағыстардың әрекет ету аймағы оншалықты үлкен емес және ауаның камерадағы ауа қозғалысына ықпал етпейді, өйткені саңлауларға ол бағыт бойынша келеді де сфералық көлемге сәйкес болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балық өнімдерін өңдеу және сақтау бойынша ұсыныстар
Тағам гигиенасы саласында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды реттеуші нормативтік құжаттардын жинағы
Майы сарғыш түсті, жұмсақ
Сүт және сүт өнімдерін өңдіру цехы
Балмұздақ сақтайтын тоңазытқыш қондырғысын жобалау
Тағамдық өнімдердің сапасы
Жүктерді тасымалдау ережелері
Үздіксіз суытқыш реті (цепь)
Жүктерді тасымалдау құжаттамасы
Кәсіпорын өндірістік дана
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz