Қарахан, қыпшақтардағы билеу жүйесі, жер иелену түрлері және мемлекеттігі дамыған орта ғасырдағы көшпелі саяси бірлестіктер



І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Қарахан мемлекетінің билеу жүйесі
2.2.Жер иелену түрлері
2.3.Қыпшақтардағы басқару формалары
2.4.Орта ғасырлардағы көшпелі саяси бірлестіктер.
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан аумағындағы түрік мемлекеттерінің және оның тұрғындары түрік тілдес халықтардың өмір сүруі ғайыптан пайда болған жоқ. Оның да ұзаққа созылған үрдісі, қалыптасуы, орнығуы, экономикалық дамуы сияқты алғышартары болды. Бұл кезеңді әлемдік тарихтан бөле-жара қарау мүмкін емес. Өйткені, бұл кезеңде құл иеленушілік заманы аяқталып жаңа өндірістік қатынастар мен, өндіргіш күштер қалыптасып келе жатқан болатын. Қазақстан аумағында түркі тілдес бірнеше мемлекет өмір сүрді. Мысалыға айтар болсақ, Қарахан мемлекеті, Қыпшақ хандығы, Оғыз мемлекеті, Қимақ қағандығы және тағы басқалар. Олардың ұқсас шаруашылығы мен мәдениетімен бірге бірін-бірі толықтыра түскен өзіндік ерекшеліктері де болды. [3.39]
1. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. 2008
2. Қазақстан тарих. Очерктер – Алматы: «Дәуір»,1994.
3. М.Б.Мұхаммедов, Б.Сырымбетұлы.Қазақстан тарихы.Оқу құралы. – Алматы: «Қарасай», 2007.
4. Қазақстан тарихы.Көне заманнан бүгінге дейін. І том. – Алматы,1997
5. Қазақстан тарихы.Академиктер жинағы. І том. – Алматы, 2000

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті

Тақырыбы: Қарахан, қыпшақтардағы билеу жүйесі, жер иелену
түрлері және мемлекеттігі дамыған орта ғасырдағы
көшпелі саяси бірлестіктер.

Орындаған:Базарбаева Ж

Тексерген: Ыбышова С

Алматы 2009

ЖОСПАР

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Қарахан мемлекетінің билеу жүйесі
2.2.Жер иелену түрлері
2.3.Қыпшақтардағы басқару формалары
2.4.Орта ғасырлардағы көшпелі саяси бірлестіктер.
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.
Қазақстан аумағындағы түрік мемлекеттерінің және оның тұрғындары
түрік тілдес халықтардың өмір сүруі ғайыптан пайда болған жоқ. Оның да
ұзаққа созылған үрдісі, қалыптасуы, орнығуы, экономикалық дамуы сияқты
алғышартары болды. Бұл кезеңді әлемдік тарихтан бөле-жара қарау мүмкін
емес. Өйткені, бұл кезеңде құл иеленушілік заманы аяқталып жаңа өндірістік
қатынастар мен, өндіргіш күштер қалыптасып келе жатқан болатын. Қазақстан
аумағында түркі тілдес бірнеше мемлекет өмір сүрді. Мысалыға айтар болсақ,
Қарахан мемлекеті, Қыпшақ хандығы, Оғыз мемлекеті, Қимақ қағандығы және
тағы басқалар. Олардың ұқсас шаруашылығы мен мәдениетімен бірге бірін-бірі
толықтыра түскен өзіндік ерекшеліктері де болды. [3.39]

Қарахан мемлекетінің билеу жүйесі.

Қарахан мемлекетінің саяси құрылысы бірден емес, біртіндеп,
жаулап алған жерлерде Қарахан шонжарлары билігінің орнығуына қарай
қалыптасты. Қарахандар өздері бағындырған жергілікті халықтардың көптеген
мемлекеттік дәстүрлерін мұра етіп алды, оған ежелгі түрік мемлекетінің,
Түркеш, әсіресе Қарлұқ қағанаттарының терең ықпалы болды. Қарахан
мемлекетінде басқару құрылымына, тегінде, Қарахан бірлестігінің құрамына
енген көшпелі және жартылай көшпелі тайпалардың қоғамдық институттары,
ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы барысында өзгеріске ұшыраған
әдеттегі құқық (төру) нормалары елеулі ықпал жасауы ықтимал. Газневилер
сияқты, Қарахандар да Саманилердің мемлекеттік құрылысының кейбір
сипаттарын қабылдады, алайда бұл ауыс-түйіс атүсті болған жоқ. Қарахан
мемлекетіндегі билік құрылымы – жоғарыда аталған үш негізгі бастаудың
диалектикалық жиынтығы.
Қарахан державасындағы жоғарғы билік тек сырттай ғана
патриархаттық (рулық-тайпалық) шапанын жамылды, ал шын мәнінде ол феодалдық
иерархия принципіне негізделді. Екі тайпалық федерация: жікіл және яғма
шонжарлары арасында саяси билік қатаң бөлінді. [5.401-403]
Қарахандар мемлекеті құрылымының негізі өзінің мәні жағынан
феодалдық үлестік жүйе болды. Мемлекет өз билеушілері басқарған бірқатар
ірілі-ұсақты өңірлерге – үлестік жерлерге бөлінді. Олардың көпшілігі,
әдетте ірі үлестік жерлерді иеленушілер билеуші әулеттерден болды.
Мемлекет басшысы – хақан – сонымен бірге Қарахан әулетінің
басшысы болып есептелді, бірақ оның билігі іс жүзінде көбінесе ілік
атағын алған үлестік билеушілермен шектелген еді. Әсірелеп әлем
билеушісі(азын тұтқушы) деп аталған хақанның сарай маңындағы адамдары мен
чиновниктерінің (тапұқшылар) штаты болды. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын
көмекшісі және кеңесшісі болды. Сонымен қатар, билік иелері – тегін, ілік,
хан, бек, нөкер. Хан сарайы мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы
болып есептелінді. Хан төңірегінде сарай адамдары болды, олардың арасында
сарай күзетінің бастығы (қапығ-башы), есік қорғаушылар (қорықшылар),
қазынашылар (ағнашылар), аспазшылар (ыдысшылар) және т,б, аталды.
Чиновниктердің (тапұқшылардың) дені жергілікті шонжарлардың өкілдері болды.
Олардың арасында хат жүргізушілер (бітікшілер) аз емес еді. Хақанның
тапсырмаларын орындайтын елшілер де болды. Мемлекеттің әкімшілік
құрылымының отырықшы және көшпелі аймақтарында өз ерекшеліктері болды.
Егіншілік округтері толық болмаса да, негізінен Саманилер тұсында
қолданылғанқұрылымды сақтады. Жетісу мен Мауренахрдың шұрайлы алқаптарында
бұрынғысынша қоныс және қала басшылары (мехтарлар, әкімдер, раистар) болды.
Сонымен бірге ілік-хандар тұсында сахиб-барида (мәліметшілік қызметтерді
қоса атқаратын почта бастықтары), мұстауфалар (қаржы-салық ведомствосының
чиновнигі мен бастығы) және басқа да лауазымдар сақталды. [4.399-400]
Далалық аймақтағы мал шаруашылығымен айналысатын халықты басқару
тәртібі басқаша болды. Ол да иерархиялық принциптерге негізделе тұрса да,
көшпелі қауымдардың әкімшілік басқару рулық-тайпалық басшы топтар арқылы,
көбіне елші басшысына, бектер мен хандарға бағынатын ру басылары арқылы
жүзеге асырылды. Елші – басшы, яғни ел басшысы ретінде өздерінің
вассалдары бар бай және атақты бектер болды. Даладық аймақта төменгі
әкімшіліктің шоғырланған жері, бәлкім, киіз үйлердің алқа-қотан қонуы
болып табылатын көшпелілердің мекені болса керек. Олар тәртіп сақталуын
қадағалады, оларға сот үкімдерінің және әдеттегі құқық (төру) нормаларының
орындалуын бақылау міндеттелді, шекараларды қорғау да соларға жүктелді.
Қарахан елші-басшылары, бектер мен хандар ілектерге(ілек-
хандарға) бағынды, олар үлес билеушілер еді. Хақандар тәрізді олардың
әкімшілік орталықтары қызметін атқарған өз сарайлары (қаршылары) және
тұрақты ордалары болды. Ілектер үлесті жерлердің қалалары мен селолық
округтерін басқарды. Шонжарлар арасында ілектің алдында жерді сүю дәстүрі
болды, бұл вассалдың билеушіге тәуелділігінің белгісін білдіретін. Алайда
бұл бектер мен хандардың, әсіресе, олардың атақтыларының кейде ілек-хандар
мен чиновниктерге бағынбауына әсте де кедергі келтірмеді. Тұтас алғанда
Қарахан қағанатының мемлекеттік-әкімшілік жүйесі феодалдық негізде орнықты.
Ол отырықшы және көшпелі халық бұқарасын қанап, бағынышта ұстау
мақсаттарына қызмет етті.
Қарахан мемлекетінде феодалдық қатынастардың дамуы – Қазақстан
аумағында феодалдық құрылыстың нығаюының тарихындағы маңызды кезең.[5.403-
405]

Жер иелену түрлері.
Алғашқы кезде бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың дәстүрлерін
жалғастырған Қарахан мемлекеті, алайда, экономикалық тұрғыдан да,
әлеуметтік тұрғыдан да олардың қарапайым қайталануы болған жоқ. Қарахан
мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік саяси институт әскери-лендік жүйе
болды. Хандар өздерінің туысқандары мен жақындарына ауданның, аймақтың
немесе қаланың халқынан бұған дейін мемлекеттің пайдасына алынып келген
салықтар алуға құқық берді. Мұндай тартулар иқта деп аталды, ал оны
ұстаушы араб терминімен муқта немесе иқтадар (парсы термині) деп аталды.
Деректемелерде Х-ХІІ ғасырларда Қазақстан аумағында иқтаның
таралуы жөнінде жанама мәліметтер ғана сақталған. Иқта институты
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының шаруашылық және саяси
өмірінде елеулі рөл атқарды. ХІІ ғасырдың 40-жылдарының бас кезінде Қарахан
мемлекеті құлағаннан кейін жаулап алушылардың (қидандар) мұнда қалыптасқан
институтты қабылдамай тастауы айта қаларлықтай жай. Олардың гурхандары
әмірлерге иқтаны иеленуге жол бермеді, бірақ оны өздері тарту етіп, былай
деді: Иқтаны алғанда зорлық-зомбылық көрсетеді.
Деректемелерге сәйкес, иқталардың мазмұны мен иқтадарлардың
құқықтарын тәртіптеу дәлме-дәл тиянақталды. Низам әл-Мүлік былай деп жазды:
Иқтасы бар муқта, мұны біліп қойсын, халыққа қатысты оларға қатысты заңды
түрдегі, өздеріне тапсырылған салықты ізгі ниетпен жинаудан басқа ештеңеге
де бұйрық берілмеген; олар мұны жинаған кезде, халықтың жан басына, мал-
мүлкіне, әйелдері мен балаларына қауіп келмесін, олардың заттары мен
иеліктері қауіпсіз болсын, муқтаның оларда ешқандай жұмысы болмасын.
Демек, иқта институты иқтадарға шаруаларды заңды түрде рәсімдеп беруді
көздемеген, жегенмен көптеген иқтадарлар өздеріне (иқтаны) шартты түрде
ұстауды мәңгілік бекітіп алуға тырысқан. [1.17-24]
Иқта бірнеше сипатта болды. Атап айтқанда, иқта
үлгісіндегі феодалдық жер сыйлықтары ірі, орташа және ұсақ жер сыйлықтарына
бөлінді. Ірі үлесті-жер сыйлықтарын әулеттің мүшелері, орташа және ұсақ
төрелер, олардың вассалары алды, яғни вассалитет немесе көп сатылы
феодалдық иерархия қатынастары болды. Әскери иқта (иқта' ат-и-хашам)
категориясы ең көп тараған категориялардың бірі еді. Иқта алған Қарахан
әскербасылары, тегінде, оны өздеріне бағынышты жауынгерлермен бөліскен
болса керек. Үлестердің мөлшері иқтадардың қызметіне, әскери дәрежесіне
және сіңірген еңбегіне байланысты болды.
Қарахан ұлықтары, жаңа жерге келген көшпелі-әскери
шонжарлар бірден отырықшы тұрмысқа көше алмады. Көшпелі тайпалардың
мыңғырған малы мен жайылымдары болған көсемдеріне далада болу дағдылы да
қолайлы еді, олар қалаға хандар кеңесі болып, оған өздері қатысуы тиіс
кезде ғана келіп тұрды. Көшпелі иеленушінің үнемі табыс алуын қамтамасыз
ете отырып, иқта өзін ұстанушының белгілі бір жерде тұрақты тұруын талап
етпеді. Көшпелі иқтадар өзінің тұрмыс салтын өзгертпей, ауыл не қаладан
ауыл шаруашылығы өнімдері түрінде үнемі табысын алып тұра алатын еді.
Иқтаны иеленушілер тек салықтар алуға ғана емес, сонымен
бірге жерге де, салық салынатын шаруаларға да өз құқықтарын сақтауға
тырысты. Иқтадарлар шартты түрде сыйлыққа алған жерлерін, әсіресе отырықшы-
егіншілік аудандарда өмір бойына иеленуге, тіпті мұрагерлік иелікке
айналдыруға күш салды. ХІ-ХІІ ғасырларда иқта институтының дамуы иқтадардың
едәуір тобының мұрагерлік жер меншіктенушілерге айналуына себепші болды.
Иқталарды үлестіріп беру практикасы Қараханның феодал-шонжарларының
мүдделеріне әбден сай келді. Мол жер сыйлығын (иқта) алғанда Қарахан
билеушілерінің қолдарына көшпелі, сондай-ақ егіншілік шаруашылықтан және
қолөнермен айналысатын халықтан алынатын табыс та түсіп тұрды. Мұның бәрі
Қарахан басшы топтарының баюына, олардың экономикалық және саяси күш-
қуатының өсуіне, сонымен бірге олардың оқшауланушылық әрекеттерінің
күшеюіне себепші болды. Иқтаның эволюциясында, феодалдардың жерге деген
құқықтарының ұлғаюына жерге феодалдық меншіктің нығаюы және табыс алу
құқығының жер рентасын алу құқығына айналу сарыны бейнеленген.
Иқтамен қатар жер иеленудің басқа түрлері де болды. Қарахан
билеушілері қазынаға түсетін салықтардың көзі және шартты, уақытша сыйлық
беру қоры болған үлкен-үлкен жер учаскелерін иеленді. Бұл Қарахан әулетінің
жауларынан тартып алынған жерлер, сондай-ақ кейде мемлекет алған
учаскелерден тұрды. [2.63-65]
Ірі жер иеленумен қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыпшақтардың этно-саяси, экономикалық-әлеуметтік даму тарихы
Хан жоғарғы билік иесі
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік билік
Қыпшақ хандығы жайлы
XV—XVIII ғасырлардағы Қазақ мемлекеттігі
«Түркі» этносы және этнонимі
ХҮ -ХҮ ғ.ғ. Дешті Қыпшақтағы хандық биліктің өзгеріске ұшырауы
Салықтар мен міндеткерліктер
Қазақ хандығының пайда болуы
Қазақ әдет құқығындағы хан институты
Пәндер