Қоғамдағы әйелдерге қатысты гендерлік мәселелер


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚОҒАМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ГЕНДЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕР

Жиенбаева С. Н. - п. ғ. д., профессор;

Каримова Р. Е. - магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)

Қазіргі кездегі мемлекетімізде болып жатқан қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге сай гендерлік тәрбие беру мәселесі бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан Қазақстанда 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат мәселелері бойынша кеңес ашылған. 1998 жылы ол ҚР Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер мәселесін қарайтын ұлттық комиссия болып қайта құрылды, соған сәйкес кеңестің қызмет аясы кеңейіп, өкілеттілігі артты. Қазіргі таңда бұл ұйым Президент жанындағы Отбасы және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия деп аталады. Ұлттық комиссия Пекин платформасының талаптарын ескере отырып, алғаш рет ҚР әйелдер жағдайын жақсартуға арналған ұлттық бағдарлама дайындады. Ол Үкімет қаулысымен бекітіліп, барлық мемлекеттік органдарға таратылды. Ұлттық бағдарламаның басты негіздерінің бірі (жоспар) әйелдердің саяси өмірге белсенді араласуын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ІҮ әйелдер форумында жоспарлаған тапсырмасына байланысты, 2005 жылдың 29 қарашасында бекітілді. Қазақстан Республикасы 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы - мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат болып саналады. Стратегия үлкен әрі маңызды 9 бөлімнен тұрады. Қабылданған стратегияның басты мақсаты елімізде әйелдер мен еркектердің өмірдің барлық саласында тең дәрежелі болуына бағытталған. Үкімет басқару органдарындағы әйелдер санын 30 пайызға көбейту, соған сәйкес саясаткер-әйелдерді дайындау, қабылданатын құқықтық заңнамаларға гендерлік сараптамалар жасау, балалар мен жастарға, жалпы Қазақстан халқына гендерлік мәселелер туралы ағартушылық жұмыстар жүргізуіне мән берілген.

"Gender" сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді.

Ген - тұқым, генетика - тұқымның өнуі мен ағзаның өзгерісін зерттейтін ғылым. Ал гендерлік дегеніміз заңды табиғи оң үрдісті қалай болғанда да өзінің көздеген саясатына жығатын кесерлі ұйым. Ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. Жыныс ерлер мен әйелдер арасындағы биологиялық сипаттағы айырмашылықты білдірсе, гендер олардың арасындағы әлеуметтік ерекшеліктерді қарастырады.

Гендер - адамның психологиялық және әлеуметтік дамуын негіздейтін жеке тұлғаның базалық сипаттамаларының бірі. Гендердің құрылымы төрт жақты: биологиялық жынысымен, гендерлік стереотипімен, гендерлік нормамен және гендерлік ұқсастығымен толықтырылады. Ер мен әйелдің физиологиялық ерекшеліктері, тән-тұрпатының әр түрлілігі, т. б. биологиялық сипаттамасы болып табылады. Гендер әлеуметтік жағынан қиюласқан, яғни, тұлғаның әлеуметтік қасиетін анықтайды. Гендерлік қатынастардың жаңа парадигмасының пайда болуы, ерлер мен әйелдердің тең мүмкіншіліктерін туғызу − жаңа демократиялық Қазақстанның қалыптасуының жарқын көрінісі. Осыған орай гендерлік сана мен гендерлік қатынастардың жаңа үлгісін жасау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Жалпы халықаралық гендерлік тәжірибе мен стратегияларды зерттеу негізінде гендер ұғымы жеке даралықтан әлеуметтікмәдени және саяси категорияға айналды. Қазақстанның халықаралық тәжірибеге қосқан үлесі, Гендерлік саясат тұжырымдамасы мен Гендерлік теңдікті дамыту стратегиясы негізінде гендерлік саясаттың ұлттық үлгісі жасалды. Стратегия- мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, оны іске асырудың, мониторингін жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады.

“Әйел этикасының” пайдасына феминистік сын еркек және әйел санасының өзінің адамгершілік ерекшеліктерінің айырмашылықтарын қарау патриархатты, маскулиндік ұстаным тұрғысынан жүзеге асты, яғни еркектік мәдениет пен оның иерархиялы қатары кез келген этикалық және эстетикалық құндылықтардың әмбебап өлшемі болып табылатын деректерді есептейді. Әрине, дәстүрлі мәдениет парадигмаларды және матрицаларды пайдаланған жағдайда қандай да бір аз-көпті объективті бағалар мен әйел санасының адамгершілік ерекшеліктерінің анықтамаларын күту қиын. Бақытымызға қарай, 70-90-жж. көптеген елдерде болған сол немесе басқа құбылыстарға деген қоғамдық тәсілдерді демократияландыру мен плюрализм бір жақтылықты жеңу үшін жағдай жасады.

Әйелдің осы шығармашылық қызметін қайта бағалауға үлкен үлес қосқан “әйел жұмысын” (қолданбалы өнер) субмәдениет ретінде анықтаған ағымдағы феминизм өкілдері болды. Феминизм, феминология, мәдениеттегі гендерлік аспект туралы айта отырып, бұл тақырыпты ғылыми жағынан ой елегінен өткізу әлі өз дамуының бастамасында ғана екенін мойындау керек. Сондықтан бұрынғы айтылған идеялар, көзқарастар мен бағалар еш уақытта абсолюттендіруге не жоққа шығаруға болмайды. Тіпті “еркек” және “әйел” ұғымдары - өте қозғалмалы ұғымдар, олар сол не басқа мәдениеттің маңызды айырмашылықтары болып қана қоймай, сонымен бірге тарихтың барысына сәйкес эвалюцияландырылды.

Әдебиетте “әйел мәселесімен” байланысты тақырыптар Ресейде бұрын, ХҮІІІ ғ. аяғы - ХХ ғ. басында көтерілген. Жазушы әйелдер Е. Ган, М. Жукова, М. Вовчок, О. Шапир, В. Микуличті, Күміс ғасырдың жазушыларын, 20-ж. жұмыс істеген А. Коллонтай, Е. Бакунинаны, т. б. айтпай кетуге болмайды. Елена Ган әуел бастан еркекке бағынышты әйелдің қайғылы тағдыры туралы айта отырып, томаға тұйық әйел өмірінен шығудың жолы “қайырымды күйеу” табу деп біледі.

Сөз болған тұжырымдарға байланысты теоретик-ерлердің философиялық жігері батыс мәдениетінің қайта жасалуына әйелдер ғана емес, еркектер де ынталы екенін көрсетті. Дүниені ер адам тұрғысынан біржақты қабылдау, үстемдік пен билікке бағытталған жеке адамның еркектік типі, әйел мен оның тағдырын еркек мүддесі тұрғысынан ғана түсіну - осының бәрі еркектердің өз тағдырына да кері әсер етті. Теоретик-ерлер мәселеге гендерлік тұрғысынан қарап мәдениетте әйелдің де, еркектің де үнін қамтитындай қорытынды ойға келді. Нәтижесінде, әйел санасының жаңа толқыны қалыптасты: зерттеуші әйелдер еркектердің психоанализ, неомарксизм, постмодернизм тәрізді теориялық жаңалықтарына сүйенді.

Мұндай үлкен өзгерісті күтпеген мәдени орта үшін, бұл жағдай көп нәрсеге үміт артатын ірі құбылыс деп таңылды. Зерттеуші әйелдер постклассикалық әдісті қолданумен бірге, ерлер мәдениетін, ерлердің сынын тереңдете түсті. Гендер теоретиктерінің көптеген өкілдері қалыптасты: Сара Кофман, Люси Иригарэй, Катрин Клеман, Элен Сиксу т. б. Олардың еңбектерінде әйелдік “Мен” мәселесі, әйел санасының ерекшелігі талданды.

Міне, осындай тарихи жағдайлардан кейін, ақыры «гендер» идеясы «әйелдердің» зерттеу еңбектерінде айқын көрініс тауып, нәтижесінде «гендер» теориясына ұласты. 60-70-жж. феминизм академиялық мәртебеге ие болды. Еуропа мен Азияның көптеген елдерінде ғылыми орталықтар ашылып, университеттерде феминистік курстар енгізілді. Мәдениеттегі гендерлік теңсіздіктің жағдайын жөндеп, тарихи шындықты қалпына келтіру үшін тарихты, әлеуметтануды, лингвистиканы, философияны әйелдер ұстанымы (“позиционизм”) тұрғысынан қайта қарастыру міндеті қойылды.

Ең алдымен, әйелдер тарихқа мүлдем жаңаша қарауды ұсынды: ұлы шайқастар мен жеке ұлы тұлғалардың тарихқа қатысты емес, күнделікті өмірдің де күнделікті оқиғалар мен өмірбаяндарында әйел тағдыры сырт көзге елеусіз болғанымен, бірақ олардың ойларының орындалуына терең тарихи мән беруге талаптанды. “Әйелдер тарихы”, “Ана”, “Балалық шақ тарихы”, “Сексуалдылық тарихы”, “Әйелдер екінші дүние жүзілік соғыста” деген еңбектер жарық көрді.

Зерттеуші әйелдер әлеуметтану ғылымын толығымен қайта жазу керек деп шешті. Бұл ғылым үнемі бір жақты болды, тек ер адамдардың өміріне бағытталды. Ал әйел үнемі көлеңкеде қалып қойды. Сондықтанда әйелдер бұл ғылымның ұстанымдары мен постулаттары өзгеру керек деген пікірлер айтты.

Ол үшін мәселені ең алдымен отбасынан бастауын ұйғарды. Отбасының ішкі өмірін, ұрпақаралық қатынасты, сексуалдық тәжірибені беруді, ата-ана болудың жаңа нысандарын, отбасы типтерін өзгерту, билікті, мәртебені және жеке меншікті беру сияқты мәселелерді зерттеу қажет болды. Әйелдер дәстүрден тыс оқулықтарды шығарды: “Әлеуметтану” Дж. Л. Томпсон, Дж. Пристли; “Ерекше әлеуметтенуге кіріспе” Р. Коллинз. Бұдан басқа әйелдің әлеуметтік өмірінің барлық жақтары сипатталған еңбектер де шықты: “Әйелдер компьютерде”, “Кеңселік бикештер”, “Әйел бизнесі” және т. б.

Әйел зерттеулері лингвистика саласына да енді, тіл ең дәл барометр екендігін анықтап, гендерлік теңсіздіктің көрсеткіші ретінде алынды. Әйелдер аузына қақпақ болған маскулиндік жүйеге байланысты, әйелдерге өздерінің ерекше дүниетанымдарын толығымен жеткізу қиынға түсті. Осындай пікірлерден кейін, фрейдтік бағыттағы қазіргі постмодернистердің бірі Жак Лакан өте әділдікпен “әйел тіршілік етпейді” деп айтты. Тілді қайта құру қажет делінді, ал бұл әйел зерттеушілерінің алдында тұрған күрделі міндет болды.

Мысалы, ағылшын тілінде адам (man) деген сөз, “еркек” деген мағынаны білдіреді. Тіл әлемді игерудің тәжірибесі бола отырып, еркек логикасын бойына сіңіреді. Мысалы, сияқты теоретик, профессор (профессорша - профессордың әйелі, ал әйел профессордың күйеуі қалай аталуы керек?) орыс тіліндегі қызметтің нақты типі туралы сөздердің (әйел тегі) жоқ. Феминист әйелдер тілді еркектік ой талдауынан босату үшін тілді өзгертуді, түсіндірме сөздіктер жасауды ұсынады.

ХІХ ғ. аяғында жазушы әйелдер эмансипацияның қажеттігі, әйелдердің әлеуметтік-экономикалық құқыққа қол жеткізуі туралы жаза бастады. В. Микулич оқырманның алдында орасан зор қызығушылығын 80-90-жж. контексінде кең түрде білім алу ретінде де, кәсіби білім ретінде әйел мәселесін шешуге болатынын айтады. Мәдениеттегі әйел үні ХХ ғ. бастап қана айқын шыға бастады. Осы ғасырдың бас кезінде қазақ тілінде үзбей шығып тұрған “Айқап” журналы қазақ халқының әлеуметтік, саяси өмірінен хабардар етіп, қазақ бұқарасын мәдениетке, білім мен өнерге шақырған басылым еді. Осы журнал беттерінде жарияланған Сақыпжамал Тілеубайқызының “Қазақ қыздарының аталарына”, “Ұзақ күткен үмітім һәм бас адамдарға бір-екі сөз” атты арнайы мақаласы мен “Қыз батасы” атты өлеңі, Күләйім Өтегенқызының “Қазақ қыздарына”, Мәриям Сейдалинованың “Зарлау” және “Тұр қазақ!” атты өлеңдері арқылы қазақ даласына келген кеңестік жаңа заманның жаңа өмір мен жаңа мәдениетке деген қазақ қыздарының ішкі сұранысын, өзіндік ойын байқауға болады. Кеңестік жаңа заманның алғашқы қарлығаштарына айналған, қаламгерлікті қайраткерлікпен ұштастыра білген қазақ қыздары Нәзипа Құлжанова, Нағима Арықова, Сара Есова, Шолпан Иманбаева, Алма Оразбаевалардың суырылып алға шығуы қазақ әйелдері арасынан мемлекет билейтін, бұқараға бағыт сілтейтін белсенділердің тез арада тәрбиеленіп шыққандығын көрсетеді.

Елді социалистік негізде қайта құру дәуірінде қазақ әйелдерінің қоғамдық белсенділігі күшейе түсті. Қазақ әйелдері саналы түрде коммунистік партияның мүшелігіне өте бастады. “Әйел теңдігі” журналында (1926 №10-11) басылған мақаладан әйелдерден сайланған өкілдер жөнінде үзінді келтіруге болады: “Өкілдер ауылдың шаруашылық ыңғайына қарай сайланады. Қатысушылар кедей, орта шаруадан шыққан әйелдер. Жас мөлшері 25 пен 45-тің арасы. Саны 20-30-дан аспауы керек”. Қаламгерлігімен де, педагогикаға қосқан өзіндік үлесімен де Нәзипа Құлжанова ерекшелене түседі.

Гендерлік мәселе бойынша қазіргі кездегі Қазақстандық зерттеушілерді атап кетейік: Б. Х. Хасанов, Г. Г. Соловьева, С. Шакирова, М. А. Өскембаева, Н. Шеденова, К. А. Тохтыбаева, Б. Қылышбаева. Оларды алғашқы феминистік қозғалыстың либералды, марксистік, радикалды бағытына қосу қиын. Республикада жаңа қазақстандық философияның қалыптасуына байланысты ерекше гендерлік тәсілдер қалыптасуда. Бұл философия марксистік философиядан бас тарта отырып, руханилықтың артықшылығына және қазақтың дәстүрлі мәдениетіне тән ақыл мен жүректің, ой мен ожданның бөлінбес бірлігіне сүйенеді.

Гендер теориясы бірнеше негізгі ұстанымдардан тұрады .

Тұтастық ұстанымы. Бұл - феминизм мен әйел мәселесі және әйел жағдайына байланысты ғана емес, әйел мен еркек құқығын тең дәрежеде қарайтын жаңа радикалды көзқарас туралы ұстаным. Гендер қарама-қарсы жынысқа деген екі өрістің және сексуалдық бағытының болу қажеттігін ұсынады.

Сонымен бірге, тұтастық ұстанымы әйелдің мәні мен еркектің мәні деген мәселені бөле-жарып қарастырудың қажеттілігі жоқ деп есептейді. Әңгіме адам мәні туралы болуы керек, ал әйел және еркек бір-бірін толықтырып және бір-бірімен тығыз байланысып, осы мәнді құрайды. Мұның алғышарты ретінде шығыстың дәстүрлі дүниетанымына тән ғарыштық бірлікті алуға болады. Дүние негізінде қарама-қайшы бастаманың өзара әрекетімен жүзеге асатын біртұтас субстанция жатыр. Біртұтастылық дербес қарама-қайшылықтарды “құрастырудың” нәтижесінде пайда болмайды. Біртұтастылық алғашқы болып есептеледі, ал қарама-қайшылықтар содан шығып, соған қайтып оралады: бұл жерде біртұтастылықтың айырмашылығы туралы айту керек.

Феминдік пен маскулиндіктің қатынасы, жақсы-жаман, төмен-жоғары деген ұғымы шкаладағы бағаға жатпайды. Айырмашылық қандай да бір жақтың сапалы зиянын, еркекті әйелді төмендете отырып асқақтату немесе керісінше екенін білдірмейді. Бұл айырмашылық иерархиясыз, селекциясыз, артықшылықсыз болады. Қарама-қайшылықтардың өзара әрекеті тұтастықтың нығаюын қамтамасыз етеді. Олардың айырмашылығы шамамен, салыстырмалы түрде, тұтастығы-шынайы. Сондықтан, бір жақтың көтерілуі (адамзат тарихында-маскулиндік) тек әйелдің немесе, еркектің жеңілумен болмайды, сонымен бірге тұтас адамзат мәніне зиян әкеледі де ғарыштық бүкіл тұтастықтың принципі бұзылады. “Бір жартысы зиян шеккенде, сөзсіз басқасы да жапа шегеді. Бір жартыны - әйелді төмендету, басқа жартыны - еркекті де қорлатпай қоймайды” (Григорьева Г. )

Келесі маңызды ұстаным. - конструктивизм ұстанымы . Әйел мен еркектің айырмашылығы басқа жағдайлар сияқты, адам мен оның тарихына қатысты таза биологиялық мәні болмайды. Биология - тек қана алғы шарт, бірақ ол жыныстың әлеуметтік, мәдени-тарихи конструкциясында жүзеге асады.

Мәдени дәстүр ұстанымы. Бұл ұстаным феминдік пен маскулиндік нақты тарихи қатынастың бар екенін дәлелдейді. Түркі дүниетанымы үшін әйел-еркек ара қатынасы түсінігі символдық мәнге ие. Түркі мәдениетін қазіргі зерттеушілер біртұтас мәтін түрінде көрсетеді, оны оқитын семантикалық кілті күрделі мәдени-идеологиялық кешен “құт”- жан, өмір, ұрықтандыратын күш, байлық, бақыт, жетістік деген мағынаны білдіреді. Мәдениеттің барлық феномендері - үй, киім, азық-түлік, адамдардың өзара қатынасы жай мағынада емес, “құтқа” қатыстырып анықталатын символикалық мәнде де болады.

“Құттың” негізі - еркек пен әйелдің өзара әрекеті болып табылады. “Дәстүрлі қоғамның назары ұрықтану мен туудың құпиясына жақын болған”. Өмірдің сакральды дерегі ғарыштық орталықпен сәйкес келеді, онда сүтті көл, “құт” қоймасы бар.

. Соңғы он жылдықта халықаралық гендерлік саясат қалыптасты, әйелдер құқығы мен гендерлік теңдік бойынша халықаралық стандарттар жасалды, өкілеттік халықаралық форумдар өткізілді. Ең маңызды құжаттың бірі - Қазақстан 1998 ж. енген әйелге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандық контекстегі гендерлік саясат
Қазақстан Республикасында әйелдер кәсіпкерлігінің қалыптасуы
Гендерлік әлеуметтану
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың ерекшеліктері
Гендерлік социология
Әйелдердің саясаттағы рөлі мен орны
Қазақстандағы гендерлік саясат ұғымы
Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс- қимылдар жоспары
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы Жарлығы
Халықаралық тәжірибеде және Қазақстандағы әйелдердің тендік құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz