Мектеп жасындағы балалардың отбасындағы тәрбие



Кіріспе
І.Мектеп оқушыларымен ата.аналар арасындағы қарым.қатынас
1.1 Ата.аналардың балаларды тәрбиелеудің педагогикалық мүмкіндіктері
1.2 Мектеп жасындағы балалардың отбасындағы тәрбие ерекшеліктері
ІІ. Мектептегі ата.аналармен жұмыс мазмұны және әдістемесі
2.1 Мектептегі ата.аналармен жұмысының қазіргі жағдайы
2.2 Ата.анамен тәрбиенің мазмұны мен әдістері
ІІІ. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері
Қорытынды
Әдебиеттер тізім
Тақырыптың көкейтестілігі. ҚР Конституциясында бекітілген отбасы тәрбиесінің құқықтық принциптері «Неке және отбасы туралы» заңда (17.12.1998ж.) нақтыланған. Онда қазіргі заманғы отбасы құқығының бір некелік, некеге тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі- зайыптылардың отбасы қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған Бұл құқықтар отбасы өміріндегі, отбасы ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың отбасылық тәрбиесі, оның құқығы және мақсат мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: «Баланың өз ата- анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек- қалауларының орындалуына, жан- жақты дамуына, оның адами қадір- қасиетінің сыйлануына құқығы бар». Бала ата- ана билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі- ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасыдағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасу мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.
Отбасы- болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата- ананың іс- әрекеті мен мінез- құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік- саяси құндылықтар беріледі.
1.Қоянбаев Р. Педагогика Алматы 2001
2.Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.
3.Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
4.Айтамбетова Б., Бозжанова К., т. б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мөселелері. -Алматы, 1985.
5.Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы өдістері. -А, 1991.
6.Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы жөне оны төрбиелеу
жолдары. -А, Өнер. 1972.
7.Ахметов Ж. Балаларды мәдениетгілікке тәрбиелеу жоддары.
//Қазақстан мүғалімі, 18 ақпан, 1994.
8.Алмаханова X. Жас еспірімдерге эстетикалық тәрбие беру.
/Методикалық нүсқау. А., 1990.
9. Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.
10.Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді
жетілдіру. -А, 1992.
11.Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жүмысының әдістемесі.
-А, 1999.
12. Әбдіразақов Е. Аиамгершішк, имаңцылық тәрбиесі. -Шымкеяг 1994.
13. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. -Алматы, 1988.
14. Әбиев Ж. Еңбек төрбиесінің педагогикалық негіздері.
-Алматы, 1997.
15.Әбиев Ж. Оқушыларға атеистік тербие беру. Алматы,
//Қазақстан мектебі, 1959. №3.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
І.Мектеп оқушыларымен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас
1.1 Ата-аналардың балаларды тәрбиелеудің педагогикалық мүмкіндіктері
1.2 Мектеп жасындағы балалардың отбасындағы тәрбие ерекшеліктері
ІІ. Мектептегі ата-аналармен жұмыс мазмұны және әдістемесі
2.1 Мектептегі ата-аналармен жұмысының қазіргі жағдайы
2.2 Ата-анамен тәрбиенің мазмұны мен әдістері
ІІІ. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері
Қорытынды
Әдебиеттер тізім

Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі. ҚР Конституциясында бекітілген отбасы
тәрбиесінің құқықтық принциптері Неке және отбасы туралы заңда
(17.12.1998ж.) нақтыланған. Онда қазіргі заманғы отбасы құқығының бір
некелік, некеге тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі-
зайыптылардың отбасы қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері
жазылған Бұл құқықтар отбасы өміріндегі, отбасы ұжымындағы өзара
байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың отбасылық
тәрбиесі, оның құқығы және мақсат мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген:
Баланың өз ата- анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек- қалауларының
орындалуына, жан- жақты дамуына, оның адами қадір- қасиетінің сыйлануына
құқығы бар. Бала ата- ана билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік
құқық субъектісі ретінде қарастырылады.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі
мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы
отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі
ерекшелігі- ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасыдағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік
институт ретінде анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара
қатынастардың қалыптасу мен дамуына септігін тигізетін адамдардың
жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы
тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі
алмастыра алмайды.
Отбасы- болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын
жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер
береді, оны еңбекке баулып, өз өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады.
Ата- ананың іс- әрекеті мен мінез- құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға
дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік- саяси құндылықтар беріледі.
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы
басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік,
экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасыға белгілі бір
қиыншылықтар туғызады.

І. Мектеп оқушыларымен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас
1.1 Ата-аналардың балаларды тәрбиелеудің педагогикалық мүмкіндіктері
Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасыда айтарлықтай
адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық
бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата- ана
мен мұғалімдердің міндеті- қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып
отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен отбасы
балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын
ұйымдастыру қажет, сондай- ақ алып сату, пайда табу немесе пайдақорлық
емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін көрсету. Ата- ананың маңызды
міндеті балалармен біріккен коммерциялық қызмет- әрекетке қатысып, оны
бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілінін, ұқыптылығын дамытатын
қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын
орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар
енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы
өмірінің тәрбиесіне өзінше қиындық әкеледі.
Отбасы тәрбиесі туралы алғашқы педагогикалық түсініктер мен идеялар халық
педагогикасында пайда болған. Педагогикалық ғылымның даму барысында отбасы
тәрбиесінің мәселелері нақты ғылыми- теориялық және әдістемелік мазмұнға ие
бола бастады. К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, П.Ф.Лесгафт және басқалар балалар
тәрбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, дене- күш және
психологиялық даму деңгейін ескеру керектігіне ерекше көңіл бөлген.
Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский бала тәрбиесінің теориясын
атап көрсеткен. Қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде баланың отбасыдағы
қарым- қатынасындағы қызмет әрекетін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын
құру, мектеп пен отбасы ара қатынасы т.б. мәселелері қамтылған.
Елімізде отбасында тәрбие жұмыстары бойынша Қ.Аймағамбетова,
Сейсенбаев, Е.Қаңтарбаев, Б.Тұрғанбаева, Р.Төлеубекованың еңбектерінде
көрініс табады.
Өркениетті қоғам дамыған сайын отбасыдағы бала саны азайып келеді. Аз
балалы отбасыда, негізінен бір баласы бар отбасыда, ішкі отбасылық
тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол- балалар қарым- қатынасы. Бір баланың
тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген
ата- ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен
айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуы.
Толық емес отбасыларда, ата- анасының біреуі жоқ болған отбасыларда
тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік- психологиялық
ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай отбасылардың көбінде ана және бала ғана
болады.
Отбасы тәрбиесінің проблемасы- ананың отбасы тұрмысынан қолы
босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты
тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.
Микроклиматы жағымсыз, отбасы өмірі ұрыс- керіске, ата- ананың бір-
біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай- шуға, қорлық сөздер мен іс-
әрекеттерге толы отбасыларда өте маңызды тәрбие проьлемалары туындайды.
Ата- ана құқығынан айрылғалы тұрған ата- аналар әлеуметтік және
педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата- аналық құқығынан
айырғанда балалардың мақсат- мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте
олардың өмірі өз мәнін жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы
кемиді.
Елдегі түбегейлі әлеуметтік- экономикалық өзгерістерге, жеке
меншіктің пайда болуына, жеке адамның баю мүмкіндігінің тууына байланысты
материялдық жағынан ауқатты отбасылар пайда бола бастайды. Мұндай
отбасыларда тәрбие белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай
отбасыдағы бала балалықұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі
қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.
Отбасының жоғары материялдық ауқаттылығы (материялдық жағдайының
төмен болуы да) отбасы жұмысын ұйымдастыруда қолаңсыз жағдайлар туғызады.
Мектеп отбасы әдістемелерін нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл
проблемаларды жеңуге тырысу.

1.2 Мектеп жасындағы балалардың отбасындағы тәрбие ерекшеліктері

Отбасылық тәрбие (балаларды отбасында тәрбиелеу) ата- ананың балаларды оқу
мен тәрбиелеу, қалаған даму дәрежесіне жеткізу мақсатындағы өзара әрекеті.
Бастауыш мектептің мұғалімі отбасылық тәрбиеге сүйеніп, отбасылық тәрбиені
адамгершілік тәрбиесіне бағыттайды.
Отбасы бала үшін бір мезгілде түрлі отбасы бола отырып, тәрбиелік
ортада болып табылады. Отбасының әсері әсіресе баланың өмірінің алғашқы
жылдарында маңызды және бұл кезде басқа барлық тәрбиелеу ықпалдарын біршама
көтереді. Отбасылық тәрбие т процесіне жақсы әсер етсе, жеке тұлғалық
дене, ақыл- ой, еңбек тәрбиесінің нәтижесі де жоғары деңгейде болады.
Көбінесе, аз ғана жағдайды ерекшелеген адамның отбасы қандай болса, өзі де
сондай болатынын дәлелдеп отыр. Жеке тұлғаның қалыптасу процесі мен
нәтижесіне әсіресе отбасы қатты әсер ететіндіктен, отбасы қоғам мен
мемлекет тарапынан көп көңіл бөліну керек. Мықты, күшті, рухани отбасы-
мемлекет тірегі.
Қазақстан қоғамда күйзелістен шығуға жол таба алмай отырған отбасы
көбейіп келеді. Мұндай күйзелістің пайда болу себебі отбасының өзінің ең
басты жұмысы болды, тәрбиелеуді әлсіз жүзеге асыруында. Күйзеліс жалпы
мағынада қолданылады да, оның тек бір бөлігі ғана мемлекеттік- экономикалық
жағдайының төмендеуіне байланысты. Отбасына және некеге жеңілтек қарым-
қатынас қолданылатын әдет- ғұрып, адамгершілік ұстанымдары, ішкілік және
өзімшілдік, өзіндік ережесінің болмауы және бейберекеттік, жоғары пайыздық
ажырасулар, осының барлығы баланың тәрбиесіне ең жаман әсерлерімен көрініс
табады.
Баланың ең алғашқы түсінігінің қалауына, бағдарлануына және
әлеуметтік жағдайы отбасы арқылы қолданылатыны ертеден жақсы белгілі.
Отбасы жеке тұлғаның қалауында бесіктегі кезінен бастап- ақ маңызды.
Есейген жаста көптеген қасиеттер толыққанды отбасында жай ғана қаланса, ол
қасиеттер балада дамымаған күйінде қалады.
Соңғы 60-70ж.ж. ең алғашқы біздің қоғам 5-6 % шамасындағы бір
отбасылық жылылықтан айрылған. Оларға қамқорлық көрсетуді мемлекеттерде
саны көбейіп келе жатқан қоғамдық оқыту- тәрбиелеу мекемелері өздеріне
жүктеп отыр. Жетімдер үйі, балалар үйі, мектеп- интернаттар, арнайы
мекемелер 1000- даған балаларға ата- аналарын ауыстырып отыр.
Отбасылық тәрбиелеу қызметін қорғай келе мынадай шешімге келеміз.
-Балаға отбасының әсері басқа барлық тәрбие әрекеттеріне қарағанда
анығырақ көрінеді. Ол өскен сайын әлсірей бастайды, бірақ біржола жоғалып
кетпейді.
-Отбасында басқа еш жерде қалыптаспайтын қасиеттер қалыптасады.
-Отбасы әлеуметтік тұлғаны қалыптастыруды, оның дене, ақыл- ой, еңбек
тәрбиесінің қол- руда нақты көрінісі. Отбасынан қоғам мүшелері шығады.
Қандай отбасы- сондай қоғам.
-Отбасы әдет- ғұрып ұстанымдарын қамтамасыз етеді.
-Отбасының ең маңызды әлеуметтік қызметі болып адамзатты патриотты,
болашақ отағасын, қоғамда заң бұзбайтын.
-Мамандық таңдауда да отбасы елеулі әсерін тигізеді.
Отбасының тәрбие өмір салты, оның барлық құрылымдық элементтері бір-
бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат- міндеттері ортақ іс-
әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар. Отбасыдағы
тәрбиенің субъектілері- ата- ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет,
педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз- іс-
әрекет.
Ұйымдастырылған мақсатты жүзеге асыруда іс- әрекет болмаса, тәрбие де
болмайды. Отбасыдағы тәрбиенің маңыздылығы ата- ананың басшылығымен,
бақылауымен әртүрлі іс- әрекетке (оқу, еңбек, ойын, эстетикалық, т.б.)
балаларды араластыру.
Баланың отбасыда орындайтын тапсырмалары оларды орындауға қатынасы.
Баланың отбасыда орындайтын тапсырмалары оның деңгейі педагогикалық
процестің бірлігі. Бұл деңгей арқылы ата- ананың ұйымдастыру және
бағыттаушы ролін; ата- ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын;
бала тәрбиесіне әсер ететін отбасының мақсатты адамгершілік бағыттарын;
баланың отбасыдағы араласатын іс- әрекетінің алуан түрлілігін; ата- ананың
тәрбие құралдарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалана алу қабілеттерін;
баланың белсенділігінің дәрежесін көтеруге болады.
Ата- ана тәрбие жұмысының сапасын оқушының күн тәртібін
ұйымдастыруынан көруге болады, онда отбасы тәрбиесінің маңызды
ерекшеліктері көрініс табады, отбасының әдет- ғұрыптарының бір бөлігі болып
табылады. Күн тәртібі баланың уақыт аралығындағы іс- әрекетінен тұрады:
дене және еңбек қызметі, ой белсенділігі, бос уақыт, дер кезінде тамақтану,
гигиена, ұйқы. Олардың ара- қатынасы баланың жасына, оның жеке тұлғасының
психикалық ерекшеліктеріне және тілек- қалауларына байланысты өзгеріп
отырады. Баланың бос уақыты оның күн тәртібінің құрамды бөлігі болып
табылады. Оқушының бос уақытын пайдалануы, оның іс- әрекетінің түрлері
отбасының тәрбие мүмкіндіктерінің айқын көрсеткіші.
Отбасының бос уақытта бірлескен іс- әрекетінің оқушы үшін маңызы өте
зор. Отбасы мүшелерінің өзара әрекеттестігі ретінде, түсінісу, сезім
әсерлері негіндегі бір- біріне ықпал етуі. Қарым- қатынас кезінде іс-
әрекетпен, тәжірибемен, сезім әсерлері қатар жүреді. Ата- ана мен баланың
ара қатынасы отбасы өмірінің айқын көрінісі, оның микроклиматын
қалыптастырып, отбасының даму мүмкіндіктері. Педагогикалық мәдениеті төмен
отбасыларда бос уақыттың педагогикалық мәні болмайды, ол тек көңіл көтері
мақсатында ғана пайдаланылады. Педагогикалық процестің қызметіндегі іс-
әрекеттің маңыздылығын, оның жеке тұлғаның өмірлік болашағын анықтаудағы
мақсаттылық сипатын көрсете отырып, оның нәтижелілігі оқушының белсенділік
дәрежесі.
Ата- ана арасындағы, ата- ана мен бала арасындағы өзара қатынас
педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке
тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез- құлығына,
олардың адамдарға деген қатысына әсер етеді. Отбасыдағы өзара қатынас
сипаты әдет- ғұрыптармен, ата- ананың өзінің бұрынғы отбасысынан алған
тәрбие нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі зайыптылардың
эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық
мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата- ананың балаға деген қатынасында
орын алады.

ІІ. Мектептегі ата-аналармен жұмыс мазмұны және әдістемесі
2.1 Мектептегі ата-аналармен жұмысының қазіргі жағдайы
Отбасының тәрбиесіне негізгі сипаттама. Бірінші тараудағы талдау
жұмыстарымызды ескере отырып, отбасыдағы бала тәрбиесінің жетілуі
әлеуметтік- педагогикалық және материялдық сипаттағы көптеген жағдайларға
байланысты. Олардың бірі- оқушы тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің
ынтымақтастық қарым- қатынасы. Бұл ара қатынас отбасының педагогикалық
процесінің күйі туралы ақпарат болған жағдайда ғана жемісті бола алады.
Отбасының педагогикалық процесі күйінің диагностика жүйесін № 1 кесте
түрінде көруге болады.
Педагогикалық процестің сипаттамалары отбасының тәрбие
мүмкіндіктерінде жатыр. Оларға байланысты отбасыдағы педагогикалық
процестің тәрбиелік мүмкіндіктерінің деңгейін айқындауға болады (жоғары,
орташа, төмен).

Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндік деңгейлері

Деңгейлері Сипаттамасы
Жоғары деңгей - барлық негізгі көрсеткіштер толығымен көрініс
тапқан отбасылар. Ата- ананың әлеуметтік
жауапкершілігі мен педагогикалық мәдениеті
дамыған, олардың педагогикалық ынта- ықыластары
бар. Балалар белсенді дамыған, ұйымдасқан,
алдында белгілі бір мақсаттары бар. Отбасыда
оқушының күн тәртібі сақталады, оның өмірі
әртүрлі іс- әрекетке толы. Отбасыдағы ара қатынас
демократиялық тұрғыда негізделген. Бұндай
отбасыларда өзара түсіністік және қамқорлық рухы
басым: балалардың әкесі мен анасының қызметі
жайлы хабары бар, олардың қиыншылықтары мен
жетістіктерін де біледі: баланың мектептегі
жағдайы да отбасыда еркін талқыланады: ата- ана
баланы жүйелі оқу іс- әрекетіне үйретеді, күн
тәртібін дұрыс құруға көмектеседі, оқуда
қиыншылықтар туған кезде көмек көрсетеді: әкесі
мен анасы баланың сабақтан тыс уақытына көңіл
бөледі; баланың бос уақытын ұйымдастыруына
қатысып, оған мақсаттылық пен тиімділік
элементтерін енгізеді. Отбасыларда бірігіп
істелінген еңбек, табиғатқа саяхат, спорттық
шаралар, кітап оқу- күнделікті және жиі болып
тұратын құбылыстар. Ата- ана баланы дұрыс
педагогикалық мәдениетке бағыттап оқыту мен
тәрбиелеу мәселесіне әлеуметтік – жауапкершілігін
түсінеді. Ата- аналар отбасы айтарлықтай
түзетулерді керек етпейді. Олар оның
Ортаңғы деңгей отбасының педагогикалық процесі, жалпы алғанда,
қанағаттанарлық күйде, алайда кейбір элементтері,
белгілі бір мөлшерде, түзетуді қажет етеді. Ата-
ана бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса да,
олардың педагогикалық мәдениеті жеткіліксіз: олар
көбінесе тәрбиеде аз әдістерін қолданады (насихат
әңгімелер, т.б.), үй тапсырмасын тексеру анда-
санда ғана жүргізіледі. Балалар белсенді бірақ
жеткілікті ұйымдаспаған және мақсаттары анық
емес. Отбасыдағы өзара қатынас демократиялық
принциптерге негізделген, алайда авторитарлық
бедел қалады. Отбасы сипатындағы ортақ нәрсе –
педагогикалық процесті ұйымдастыруда әртүрлі
мәнін және өздерінің баланың өмірін
ұйымдастырудағы алатын орнын түсінеді.
қиыншылықтардың болуы.
Төменгі деңгей Ата- ана баланың оқу іс- әрекетіне көңіл
бөлгенімен, олардың тиісті педагогикалық
мәдениеті жоқ. Оқудың маңыздылығын мойындай
отырып, олар баланы күштеу және қатал бақылау
арқылы оқуға мәжбүрлеуге тырысады. Баланың оқуға
деген қызығушылығын дамыту, балаға көмек көрсету
ата- ана үшін қиындық туғызады. Олар, сондай- ақ
баланың сабақтан тыс іс- әрекетін ұйымдастыруды
да қиналады. Бос уақытты бірге өткізу кездейсоқ
болады. Онда жүйелік пен педагогикалық бағыттылық
жоқ. Авторитарлық, оқушыға ықпал етудің
педагогикалық негізі жоқ тәсілдерін қолдану,
әкесі мен анасы арасында бөлісу отбасыда орын
алады

Орташа деңгейде .

№ 1 кесте

Негізгі Көрсеткіштер Диагностикалық
критерилер әдістер
Отбасының жалпы 1.Отбасы құрылысы Жеке іс құжаттарын
сипаттамасы 2.Ауқаттылығы, тұрмыстық зерттеу.
жағдайы Отбасыға бару (байқап
3.Ата- ана туралы мәліметтер бақылау, әңгіме сұхбат
(білім деңгейі, кәсібі, жүргізу).
әлеуметтік– мәдени құндылық Құжаттарды зерттеу,
бағыттары, мақсат- мүдделері) сұрақ- жауап.
Өнегелік- 1.Өнегелік мақсат- нұсқаулары.Сұрақ- жауап
психологиялық 2.Отбасыдағы өзара қатынас Әңгіме- сұхбат.
атмосфера стилі Оқушылардың
3.Ата- ананың баланың өмір шығармалары. Тесттер.
әрекетінің мазмұнына көңіл Мен және менің
бөлуі отбасым суреті
Ранжирование
Ата- ананың 1.Ата- ананың тәрбиенің Сұрақ- жауап.
педагогикалық мақсатын, міндеттерін түсінуі.Әңгіме- сұхбат.
мәдениеті 2.Тәрбиенің құралдарын, Байқап- бақылау
формаларын, әдістерін,
тәсілдерін білу.
Оқушының 1.Отбасы өміріне белсенді Байқап- бақылау
сипаттамасы араласу Педагогикалық жағдайлар
2.Адамгершілік,
интеллектуалдық, өмірлік
мақсаттар.
3.Іс- әрекеттің мақсаты,
себеп- салдары
4.Іс- әрекет түрлерінің алуан
түрлілігі
5.Іс- әрекеттің бірлігі мен
әдіс- тәсілдерін игеру

Төмен деңгей отбасының іс- әрекетінде алауыздықпен, ата- ананың нашар
педагогикалық мәдениеті, бала тәрбиесіне деген жауапкершіліксіздік,
педагогикалық сауатсыздығымен сипатталады. Балалардың үлгерімі төмен, олар
үшін отбасылық өмірдің қызығы жоқ, балалардың әуестіктері кездейсоқтық
сипатқа ие, жасөспірімдер ортасының оларға кері әсері өте үлкен. Ата-
аналар өз міндеттерін тек қана оқушыны қаржы жағынан қамтамасыз ету және
бақылаудың жалпы қызметтерін атқару деп түсінеді. Олар мектеппен жүйелі
түрде байланыс жасамайды, педагогтар кеңесін ескермейді. Оқушының оқудағы,
тәртібіндегі ақауларды мұғалімдердің жаман жұмыс істеулерімен түсіндіреді.
Мұндай ата- аналардың тиісті педагогикалық мәдениеті жоқ және ең бастысы,
педагогикалық шараларға қатысуға ынтасы жоқ. (№2 кестені қараңыз).
Отбасының тәрбие жұмысын зерттеуді ұйымдастыру өте маңызды. Ол мектеп
құжаттарын (оқушылар сипаттамасы, сынып журналы, медициналық карталар)
зерттеу мен талдаудан басталады. Бұл әдісті қолданғанда алдын ала
жоспарланған мәселелер бойынша материялдар жинау.
Отбасы жайлы алғашқы мәліметтерді Менің отбасым, Біздің отбасыдағы
демалыс күні, Менің үйдегі міндеттерім, Оқушының отбасыдағы бір күні
атты шығармаларды жаздыру арқылы алуға болады. Оқушыларға сұрақтар беру
солардың төңірегінде ақпарат алу. Шығармалар арқылы ата- аналардың
азаматтық көзқарасы, отбасының рухани өмірі, оның мүшелерінің өзара
қатынасы, балаларға деген қатынасы туралы білуге болады.
Шығармадағы отбасы туралы мәліметтерді ата- анадан (ата- аналар
жиналысында өткізілген) сұрақ- жауап арқылы алынған материялдармен
салыстырып, қайта тексеру керек. Бұл екі әдісті (шығарма мен сұрақ-
жауапты) оқушылар мен ата- анадан объективті ақпарат алу үшін бір уақытта
өткізу керек. Жетістіктер мен кемшіліктірдің себептері айқындалып, мектеп
пен отбасының бірлескен қызмет- әрекетінің болжамы анықталады.
Отбасы- іштей тұрақты, тұйық ұжым. Сондықтан оны зерттеуде белгілі
бір қиыншылықтар ұшырасады. Отбасының сипаттамасы туралы мәліметтер алу
мақсатында отбасыға барған уақыттағы бақылаулар мен әңгіме жүргізу әдістері
қолданылады. Әңгіме кезінде мақсатты түрде белгілі бір жоспарды ұстану
керек. Ата- анамен әңгіме өнері мұғалімнен өте жақсы дайындықты талап
етеді. Педагогтің өте маңызды қасиеті- бақылағыштығы. Әңгімелесіп отырған
адамның бет әлпетінен, қойылған сұрақтарға қатынасынан оның психологиялық
жай күйін білуге болады.
№ 2 кесте
№ Көрсеткіштер Деңгейлер
Жоғары Орташа Төмен
1 Ата- ананың мақсат- мүдделері, + + -
әлеуметтік құндылық бағыттары
2 Ата- ананың баланың өмір әрекетіне + + -
қатынасы
3 Ата- ананың өнегелік мақсат- + + -
бағыттары
4 Отбасыдағы өзара қатынас + - -
мәдениеті
5 Ата- ананың тәрбиенің мақсаттары мен+ + -
міндеттерін түсінуі
6 Тәрбиенің амалдарын, әдістерін, + - -
тәсілдерін педагогикалық пайдалану
7 Ата- ананың баланың қызмет әрекетін + - -
ұйымдастырудағы білік пен
дағдыларының болуы
8 Оқушының отбасы өміріне + - -
араласуы
9 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың жеке ерекшеліктері
Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі
Бастауыш мектепте сынып сағаттарын өткізу ерекшеліктері
Баланы тәрбиелеуде келісімі жоқ отбасылар
Жеткіншек жас аралығындағы психологиялық мінез-құлық ерекшеліктері
Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу – тәрбие процесінде ескерілуі
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескеру
Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытудағы отбасы тәрбиесінің рөлінің мәні
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың әлеуметтік - психологиялық бейімделу ерекшеліктері
Пәндер