Әдет-ғұрып заңдары



Кіріспе

1. Әдет.ғұрып заңдары және оның бастаулары
1.1 Әдет.ғұрып заңдарына жалпы сипаттама
Әдет.ғұрып заңдарының бастаулары

2.Әдет.ғұрып құқықтық нормалар мен оның ерекшеліктері

2.1. Әдет.ғұрып құқығындағы нормалар мен қағидалар
2.2 Қазақ әдет.ғұрып заңдарының ерекшеліктері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы егемендік алып, мемлекеттік тәуелсіздігіміз
өмір ақиқатына айнала бастауымен қатар ұлтымыздың құқықтық мәдениетін
танып білу және игеру, оны жаңғырту және пайдалану күн тәртібіне қойылып
отыр. Ол мемлекеттің даму тарихы мен байланысты.
Кез-келген қоғамның даму кезеңін талдай отырып, бастапқы кезеңдегі
заң нормаларын аттап өтуіне болмайды. Бұл жалпы құқықтың орнығуына,
теориялық, тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді.
Қазақтың дәстүрлік құқығы өте ұзақ, жүздеген жылдар бойы
қалыптасып, дамыды.
Дәстүрлік құқықтық институттарға, соның негізінде қаланатын
материалдық әрі сот ісін жүргізу нормалары бар заң жиынтығы еді. Ол
қысқа, оңай есте қалатын, сонымен бірге ұтымды сөз тіркестерінен құралған
заң жүйесі.
Көшпелі қазақ қоғамындағы құқықтық өмірді арнайы бақылап, оны
жүйелі түрде зерттеп-зерделеудің ұзаққа созылған тарихы бар. Оның
бастауы көшпелілер тарихының ежелгі дәуірлеріне барып тіреледі. Әдет-
ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұнғыш түрі. Ол сол қоғамдағы
адамдар қажетін өтеуге арналған институттарды қалыптастырды. Әдет
құқұғы өзінің ішкі мәні мен мазмұны, сыртқы түр сипаты, іс-қимылды реттеу
жалпы болмысы адамзат мәдениетінің ерекше туындысының көрсеткіші
екендігіне шүбә жоқ.
Қазір осы әдет заңдарын іздестіру, жинау, жүйелеу және зерттеу ісіне
көңіл бөлінуде. Қазіргі атақты ғалым-заңгерлеріміз С.З.Зиманов,
Ғ.С.Сапарғалиев, Н.Өсерұлы, М.С. Нәрікбаев, З.Ж.Кенжалиев т.б. көптеген
ғалымдар қазақтың ата заңының бастаулары мен қайнар көздерін тереңнен
зерттеуде.
Осылайша халқымыздың құқықтық болмысын және мәдениетін толық
игермей, оны өзіміздің мемлекетіміз бен құқықтық жүйеміздің алтын арқауы
етпей Республикамызда құқықтық мемлекет құруымыз мүмкін емес [1. 15-16].
1. Қазақтың әдет-ғұрып нормаларының материалдары. Алматы. 1996 ж.
2. История государства и права Казахской ССР. Часть I.
3. Арғытбаев Қ. Қазақ отбасы. Алматы. 1996 ж.
4. Материалы по обычному праву казахов. Алматы. 1998 г.
5. Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. Алматы. 1948 г.
6. Материалы по казахскому обычному праву. Алматы. 1998 г.
7. Исгория государсгва и права Казахской ССР. 1982 г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

1. Әдет-ғұрып заңдары және оның
бастаулары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 3

1.1 Әдет-ғұрып заңдарына жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 3
2. Әдет-ғұрып заңдарының
бастаулары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2.Әдет-ғұрып құқықтық нормалар мен оның ерекшеліктері ... ... ... ...6

2.1. Әдет-ғұрып құқығындағы нормалар мен
қағидалар ... ... ... ... ... ... .. ...6
2. Қазақ әдет-ғұрып заңдарының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 8

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...11

Кіріспе.
Қазақстан Республикасы егемендік алып, мемлекеттік тәуелсіздігіміз
өмір ақиқатына айнала бастауымен қатар ұлтымыздың құқықтық мәдениетін
танып білу және игеру, оны жаңғырту және пайдалану күн тәртібіне
қойылып
отыр. Ол мемлекеттің даму тарихы мен байланысты.
Кез-келген қоғамның даму кезеңін талдай отырып, бастапқы кезеңдегі
заң нормаларын аттап өтуіне болмайды. Бұл жалпы құқықтың орнығуына,
теориялық, тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді.
Қазақтың дәстүрлік құқығы өте ұзақ, жүздеген жылдар бойы
қалыптасып, дамыды.
Дәстүрлік құқықтық институттарға, соның негізінде қаланатын
материалдық әрі сот ісін жүргізу нормалары бар заң жиынтығы еді. Ол
қысқа, оңай есте қалатын, сонымен бірге ұтымды сөз тіркестерінен
құралған
заң жүйесі.
Көшпелі қазақ қоғамындағы құқықтық өмірді арнайы бақылап, оны
жүйелі түрде зерттеп-зерделеудің ұзаққа созылған тарихы бар. Оның
бастауы көшпелілер тарихының ежелгі дәуірлеріне барып тіреледі. Әдет-
ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұнғыш түрі. Ол сол қоғамдағы
адамдар қажетін өтеуге арналған институттарды қалыптастырды. Әдет
құқұғы өзінің ішкі мәні мен мазмұны, сыртқы түр сипаты, іс-қимылды
реттеу
жалпы болмысы адамзат мәдениетінің ерекше туындысының көрсеткіші
екендігіне шүбә жоқ.
Қазір осы әдет заңдарын іздестіру, жинау, жүйелеу және зерттеу ісіне
көңіл бөлінуде. Қазіргі атақты ғалым-заңгерлеріміз С.З.Зиманов,
Ғ.С.Сапарғалиев, Н.Өсерұлы, М.С. Нәрікбаев, З.Ж.Кенжалиев т.б. көптеген
ғалымдар қазақтың ата заңының бастаулары мен қайнар көздерін тереңнен
зерттеуде.
Осылайша халқымыздың құқықтық болмысын және мәдениетін толық
игермей, оны өзіміздің мемлекетіміз бен құқықтық жүйеміздің алтын
арқауы
етпей Республикамызда құқықтық мемлекет құруымыз мүмкін емес [1. 15-
16].

Әдет-ғұрып заңдарына жалпы сипаттама.

Әдет заңдары көшпелі халықта қоғамдық дамудың ұзақ процесінде
біртіндеп қалыптасты, ұрпақтан ұрпаққа жалғасты, заманаға сай жетілді.
Көшпелілер қоғамы бытыраңқы болғандықтан ру мүддесін қорғау
қажеттілігінен әрекет нормалары өмірге келді. Сол әрекет нормалары
жетіле
келе көшпелілер тіршілік еткен халықтың дамуы және сабақтасуы барысында
қоғамдық қатынастарды ретке салатын әдет заңдарына айналады. Өмір
қажеттілігі әдет заңдарының мазмұнын молайтты, рөлін күшейтті,
толықтырды және жетілдірді. Өзіне тән ерекшелігі бар дала заңдары ақыры
тарих беттерінен айқын көрініс тапты.
Азияны қоныстанған көшпелілер арасындағы ғұн, үйсін, қаңлы және
түркі сынды жетекші ұлыстар өздерінің әр кездегі, әр деңгейдегі әдет
заңдарын біртіндеп өмірге әкелді. Қалыптасқан әдет-ғұрып заңдары сол
ұлыстың орнығуы, нығаюы, қуат алуы, мәдени дамуына түрткі болды. Енді
көшпелілер қоғамды заң арқылы басқарудың құнды тәжірибесіне ие болды.
Бұл заңдардың өмірге келу тарихы ұзақ, жалғасу процесі күрделі, таралу
аймағы кең, әр тарихи кезеңдерде, әр этнос тілдерінде әр халық
жазбаларында, әр ел мұрағаттарында сақталған.
Әдет-ғұрып заңдары Азияны мекендеген ғұн, үйсіндерде б.з.д. ІІІ
ғасырларда, ал қаңлы, түркілерде У-УІ ғасырлардан бастап пайда
болғандығы туралы деректері бар. Онда мұрагерлік, меншік, қылмыстық
мазмұндар қамтылған. Ол жетіле келе, мемлекетті басқару ісінде қажетке
айналған.
Міне осы көшпенділердің әдет-ғұрып заңдары негізінде қазақ дәстүрлік
заңдары қалыптасты. Ол ғасырлар бойы қалыптасқан, жетілдірілген ауызша
жинақ болды. Бұл заңдар қазақ қоғамының экономикалық, мәдени көшпелі
тірлігіне сәйкес келді. Сондай-ақ патриархалды-феодалдық қатынастарды
қорғау үшін қазақтың әдет-ғұрып құқығы хан, сұлтан, би және басқа ру
өкілдерімен бекітілді және қадағаланып отырды.
Ғалымдар арасында әдет терминінің шығуы туралы біртекті
пікірлер жоқ. Әдет - әдет-ғұрып деген араб сөзінен шыққан, мағынасы
дағды, әдет. Әрине қандай бір іс болмасын, әуелі дағдыға, әдетке
айналып,
кейін бара-бара көпшілік қолданатын заңға айналып, оны бұзу ерсі қылық,
қылмыс саналған. Әр халықтың өзіне жарасатын әдет-ғұрып, салт-санасы
мен дәстүрлері бар. Ол өздеріне қымбат. Осы зиялы адамзаттың бір бұтағы

түрлі қауымының да өткен өмірі сан-алуан, талай замананы алып жатыр.
Соған орай өздеріне тән әдет-ғұрып, салт-сана, қағида-ережелері де
баршылық. Мұның бәрін болса да ислам жоқ етіп, тамырына балта шаппаған.
Қайта олардың прогрессивті жақтарын өз ішіне қамтып, әдемілеп,
қиюластырған. Соның нәтижесінде ислам заң – нормалары сомданып,
айшықтана түсіп кез-келген формацияға кереғар болмай, қабыса алады.
Ол әдеби шығармаларды дәстүрлі-құқықтық нормалар жиынтығын
білдіру үшін қолданылады. Үлкен Советтік Энциклопедияда: Әдет – ислам
діні тараған елдер арасындағы халықтық дәстүрлі құқығы,- делінген [2.
9-10].

Әдет-ғұрып заңдарының бастаулары

Әдет заңдары өз бастауларын тереңнен алған. Тайпалық одақтар сол
кездегі әдет заңдарымен биленді. Соның ішіндегі ең құндысы саяси
мұрагерлік әдет заңдары болды. Сақтар дәуіріндегі көшпелі тайпалардың
қоғамдық құрылысына әскери демократиялық белгілері тән болды. Оның
құрылысының әлеуметтік негізі қандас-туыстас және одақтас тайпалар
болды. Сақтардан кейінгі үйсіндер мен қаңлылар да әскери демократия
сатысын бастан кешірді. Олар тайпалардың тұрақты одақтарын құрды,
өздеріне патша сайлай алды. Ондай қоғамның ұйытқысы рулар еді. Соғыс
бола қалған жағдайда олар өздерінен рубасылар бастаған әскер жасақтарын
шығарды. Ғұндардың одағы 24 бөлшектен құралған, олардың әрқайсысын
рубасылар басқарған.
Ғұндардың ел билеушісін Тәңір-құты деп атаған. Ғұндардың б.з.д.
ІІІ ғасырда: Ұлықтардың лауазымы мен мәртебесі атадан балаға мұра болып
қалады1 - деген заңы болған. Бұл заңда мұраға қалатын атаның тағы мен
мәртебесі. Тақ билігі – мемлекет басқару билігі, бір елдің саяси, әкімшілік
және әскери билігінің бір қолда шоғырланған көрінісі. Мәртебе – ризық,
атадан балаға қалған ел, жер және байлық. Елді билеп келген мәртебелі
әкенің сіңірген еңбегі даусыз, ол көз жұмарда тақты ұлына қалдыруы да
заңды. Оның ұлдары мен әулеті ел билеу істеріне араласады, ел басқарудың
қыры мен сырына қанығып өседі, үйренеді, жетіледі, даярланады. Бұл ел
билігін сенімді қолға тапсырудың және оны сабақтастырудың алғы шарты.
Үйсіндер ғұндармен әдеттес. Үйсіндердің мұрагерлік заңында Әке
өлсе, ұлы мұрагер, аға өлсе іні мұрагер деген бар. Үйсіндер ел билеушісін
Күнби деп атаған. Үйсіндердің саяси өмірінде билер Кеңесі болған.
Билер бітімі біріншіден дауларды шешіп ел ішін алалықтан сақтап келсе,
екіншіден мұрагерлік институтқа да ықпал жасаған, яғни билер мұрагерлік
заңды бұзуға жол бермеуге тырысқан.
Мұрагерлік үрдіс түркілерде де болды. Түркілерде мұрагердің таққа
отыруы алдыңғы қағанның ауызша өсиеті, тәңірінің қалауы және сайлам
сияқты үш түрлі жолмен іске асырылып отырды. Түркілерде де Әке өлсе
ұлы мұрагер, аға өлсе іні мұрагер болды.
Түркілер мұрагер таққа отырғанда киіз жаю, атқа мінгізу, киізді күн
деп айналу, мұрагерлікке отыру жосығына киелі оқ берген, қағанның билігі
тәңірінің қалауымен дарыған деген түсінікті санаға сіңірген.
Түркілерде кей кездері қағанның таққа отыруын ел ақылшылары
билер Кеңесі мақұлдайтын түрлері де болған. Түркі заманында қағанның
таққа отыруы мұрагерлік, тәңір талғамы және сайлам сынды үш фактордан
тұрды. Мұрагерлік - негіз; сайлам – мұрагерлікті ел болып тану; ал тәңірі
талғамы – қаған билігін жаратқанның жарылқауы деп қасиет беріп көрсету
болған. Ежелгі тайпалардағы саяси мұрагерліктің өзіне тән ерекшеліктері де
болды, яғни:
1. Мұрагерлік мұраға қалатын өмірлік лауазым, ірге бүтін, ел іші тыныш
болса мұра мұраға ұласады.

2. Мұрагерлік билігі шектеусіз лауазым. Биліктің шырқау биігінде
отырған билеуші өз әмірін шектеусіз жүргізген, олардың алдыға
қойған мақсаты: тақ иесінен қалған билікті, елді, жерді, дәулетті
мықтап иелігінде ұстау, ел тыныштығын сақтау, жерді кеңейту, ел
қуатын күшейту, билік абыройын арттыру болған.
Осылайша қалыптасқан Түрік қағанаты кейін Шығыс және Батыс Түрік
қағанаты болып екіге бөлінген. Әрбір қағанат өз алдына жеке саяси құрылым
болып, өздерін Ел деп атаған. Түрік қағанаттарының әлеуметтік құрылымы
күрделі болды. Ол байлардан, шығайлардан (кедейлер), таттардан (тәуелді
шаруалар), құлдар мен күңдерден құралды. Мемлекеттік ұйымының басында
қаған тұрды. Құқықтық әдет-ғұрыптармен қатар жазба заңдар да болды.
Оларды Төру деп атаған. Бұл ұғым ХУІ ғасырға дейін қолданылып келді
де, одан кейін Төре бітігі деп аталатын соңғы заңдар жинағы қабылданған.
Заң шығару ықтияры қағанның қолында болды. Қазақтың жарлық деген
сөзі түрікше ярлық деп айтылады.
Осы ежелгі заманда қалыптасқан құқықтық ұғымдар кейінгі
кезеңдердегі саяси құрылымдардың мемлекеттік-құқықтық өміріне мықтап
сіңді де, оларды қазақ халқы мирас етіп алды.
Түрік қағанатынан кейін қимақтар мен қыпшақтардың саяси бірлігі
Қазақстан аумағында пайда болды. Олардың ішкі саяси бірлігі және
қоғамдық құрылымы, әдет-ғұрыптар мен заңдар жүйесі Түркі қағанатының
құрылымымен бірдей болды.
Қазақстан жеріндегі Түркі халықтарының саяси дамуының табиғи-
тарихи процесін ХІІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығы бұзып жіберді.
1206 жылы моңғолдың заңдар жинағы-атақты Шыңғыс ханның Яссасы
қабылданды. Сол заңдар жаулап алған елдердің барлығына қолданылып,
олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік қатынастарын реттейтін
болды.
Ясса бойынша басыбайлылық қатаң тәртіп орнатылды. Әскери
тәртіпті бұзушылық, құқықтық тәртіптен сәл ғана ауытқып, жаза басқандарға
дереу өлім жазасы қолданылды.
Алтын орда заманында ескі негізде жаңа жағдайға сай Өзбек ханның,
Едіге бидің Низам жүйелері қабылданды.
ХУ ғасырдың ортасына таман Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін
Керей мен Жәнібек Өзбек хандығына қайтып келіп, өкімет билігін өз
қолдарына алады. Сөйтіп қазақ мемлекеттігінің негізі Қазақ хандығы
құрылды.
Қазақ хандығы заңдарының түп-төркіні әдет-ғұрыптық ережелер
ежелден ел салтына енген. [5. 22-23].

Әдет-ғұрып құқығындағы нормалар мен қағидалар

Көшпелілердің құқықтық мәдениетінің халық тұрмысына және
тіршілігіне барынша лайықтанған, оның күнделікті өмірде қолдануына ең
бейімделген сүбелі бір бөлігі - әдет-ғұрып құқығы нормалары мен
институттары. Әдет-ғұрып құқығы нормалары тұп-тура және дәлме-дәл іске
асып қолданылуға, орындалуға арналмаған. Қоғам мүшелеріне оларды
бұлжытпай орындауға сырттан, жоғардан міндеттелмеген еді.
Құқықтық нормалардың қайнар көздері.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы нормалары ресми және биресми нысандарда
өмір сүрді. Бидің билігі, ханның жарлығы, ереже-көшпелілердің құқықтық
нормаларының ресми түрде әдеттік нормалар өсиет, өнеге, бата, үлгілі сөз,
нақыл, мақал-мәтел, афоризм бейнесін иеленді. Бидің билігі - әдет-ғұрып
құқығы нормаларының ұзына бойғы өмір сүру тарихына тән құбылыс.
Құқықтық мәнге ие хан жарлықтары көшпелі қазақ қоғамындағы ерекше
құбылыстардың бірі. Хан жарлықтары алым-салық төлеу, астана таңдау,
әскер ісі, көшу-қону мәселелерін реттеу салаларында біршама орын алды.
Хан устанавливал с согласия и по ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығының бастаулары
Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан, жеті жарғы
Қазақтың әдет заңындағы қылмыстық істер, оны жазалау
Қазақтың әдет - ғұрып құқығының бастаулары
Қазақ сахарасындағы әдет-ғұрып құқығы
Қазақ ордасының мемлекеттік құрылымы
Жеті жарғы туралы дерктер
Жеті жарғыға кірген ережелер жетеу
Тәуке хан кезіндегі Жеті жарғы
Құкық пен заң шығарушылық
Пәндер