Түркі-мұсылман әлемінің реформаторлары


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мұстафа Кемел Ататүрк
Түркі-мұсылман әлемінің тарихында көптеген ұлы мемлекет басшылары, реформаторлар болды. Олардың қатарында Сұлтан Байбарыс, Құдыретті Сүлеймен, Ұлықбек, Бабыр, Ұлы Ақбар, Тәуке хан және т. б. Жиырмасыншы ғасырда екі түркі-мұсылман мемлекетін жандандырып, даму жолына бағыттаған екі әйгілі тұлға, әлемге ұлы реформаторлар деп танылған Мұстафа Кемел Ататүрк және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып табылады. Ел басқару - аса күрделі шаруа. Өзіне болашағын сеніп тапсырған халқын шашау шығармай, ынтымақпен басқаруды аса күрделі өнер деп қарастыратын болсақ, Мұстафа Кемел Ататүрк және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев - ел басқару өнерінің майталмандары болып табылады.
ХХ ғасырда өзіндік табысты реформаларымен әлемге танымал саясаткерлер түрлі елдерден көптеп туып шықты. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде өзінің ақыл-парасатымен танылған Ұлыбританияның Премьер-министрі Уинстон Черчилль, Үнді халқының көшбасшысы Махатма Ганди, Франциядағы бесінші республиканың Тұңғыш Президенті Шарль де Голль, АҚШ Президенті Франклин Делано Рузвельт және т. б. қайраткерлерді атауға болады.
Алты ғасыр бойы күллі Еуропа мен Батыс Азияға өз ықпалын жүргізген қаһарлы Осман империясы сырт жауларының әрекетінен құлап бөлшектеніп, анталаған қалың жаудың ортасында отаршылдық езгіге түсе бастаған түрік халқын тәуелсіздікке жеткізіп, қазіргі Түркия Республикасының негізін қалаған Мұстафа Кемал Ататүрік еді. ХХ ғасырдың соңында тарих тегершігі тағы да оңынан айналып, Қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі туды. Бұл жолы ұлыстың ұлы ісінің басында болу бақыты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісіне тиді. Президент XXI ғасырға Қазақстан Республикасын әлем таныған тәуелсіз мемлекет тұғырына қондырған тарихи тұлға атанды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Мұстафа Кемел Ататүрк Түркі-мұсылман әлемінің мақтаныштары. Менің ойымша түркі және мұсылман мемлекеттері осы екі Ұлы тұлғалардан үлгі алулары керек. Қазіргі таңда мұсылман мемлекеттерінің қандай нашар күйде өмір сүріп жатқанын білеміз. Ал кейбір мұсылман мемлекеттері мұнайдың ақшасына зәулім ғимараттар салып, альтернативті экономика жасамауда, білім, ғылымды дамытпауда. Ертен шикізат бітсе осы елдер не істер екен деген заңды сұрақ туындайды. Көптеген мұсылман мемлекеттері діни фанатизм, догматизм деген аурулармен ауыруда. Иррационалды басшылар елдің болашағын ойламайды. Модернизация деген түсініктен шошиды. Ал Елбасы мен Ататүрк болса, елдерін модернизацияға бағыттап, реформаларды сәтті іске асырды. Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына Төраға болды, осы ұйымның құрылтайы Астана шаһарында өтті. Қазіргі таңда Қазақ елі Ислам Ынтымақтастық Ұйымына Төраға болуда. Түркия болса, әлемдік державалар қатарында тұрған дамыған мықты мемлекет. НАТО ұйымының толыққанды мүшесі.
Елбасы Қазақ елінің Тәуелсіздігін жариялағанда, Түрк елі Ататүрктің аманатын орындап еліміздің тәуелсіздігін әлемде бірінші болып таныды. Сол уақыттан бері екі ел арасында жылы қарым-қатынастар жалғасуда. Түркияның қазіргі басшысы Абдулла Гүл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты күллі түркі баласының ортақ көшбасшысы деп жариялады. Елбасы Түркиямен және басқа да түркі мемлекеттерімен қарым-қатынастарға әрқашан ерекше көңіл бөледі. Түркітілді кеңістік тарихи даму барысында қашан да мәдениеттердің алуан түрлілігімен ерекшеленетін, “Батыс пен Шығыс” арасындағы мәдени үнқатысуда өзгеге ұқсамайтын көпір іспеттес болған еді. Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің аралығында, еуразияның дәл ортасында орналасқан Қазақстан осы айтылғандардың жарқын үлгісіндей. Елдің осынау ерекшелігін ерте ұғынған Елбасы өзінің сара саясатын сарабдалдықпен жүргізіп келеді.
Елбасы Түрк Республикасы президенттерінің қай-қайсымен де өте жақсы қатынас орната білді. Тұрғыт Өзал мен Сүлеймен Демирел тұсында да, одан кейінгі кезеңдегі Түркия президенттері Ахмет Недждет Сезер мен Абдулла Гүл тұсында да Елбасы Түркия жағының Қазақстан мүддесін қолдауына қол жеткізіп отырды. Қазақстан Президенті Түркия премьер-министрлерімен де жақсы жұмыс жасаса білді. Жақында Түркия Премьер - министрі Режеп Ердоған мырза Астанаға ресми сапармен келіп кеткен болатын
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz