Хиуа хандығы


Жоспар
- Хиуа хандығы
- Хиуа хандығының Қазақстанға шапқыншылығы
- Хиуа экспедициясы
Пайдаланған әдебиеттер
Хиуа хандығы
Хиуа хандығы - 1512 - 1920 жылдар аралығындаОрталық Азияда өмір сүрген мемлекет. Өзбек ханыЕлбарыстың басшылығымен, Шайбани әулетінен бөліну негізінде құрылды. Астанасы бастапқы кезде Вазир менҮргеніш қалалары болды. 16 ғасырдың 70-жылдары астана Хиуа қаласына көшірілді. Елбарыс хан билік еткен 1512 - 16 жылдары Хиуа хандығы ұлыстарға бөлініп, оларды ханның туыстары басқарды. Алғашқы кезде құрамына Хорезм, көшпелі түрікмендердің МаңғыстаудағыДихистан мен Үзбой бойындағы аумақтары менХорасанның солтүстік бөлігі енді. Елбарыс қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде Хиуа хандығында Сұлтан Қажы хан (1516), Құсайын Құли хан (1517), Суфие хан (1517 - 22), Бужақа хан (1523 - 26), Аванем хан (1527 - 38), Әли хан (1538 - 47), Ақатай хан (1547 - 56), Жүніс хан(1556 - 57), Досты хан (1557 - 58), Қажы Мұхаммед хан(1559 - 1602) билік жүргізді. Осы билеушілер кезінде Хиуа хандығы өзара тақ тартысынан көз ашпады. Бұхар хандығымен де соғыс жүргізді. 1537, 1593, 1595 жылдары Бұхар хандығы Хиуа хандығына жойқын жорықтар жасап, қысқа мерзімге болса да өзіне бағындырды. 17 ғасырдың бас кезінде билік еткен Араб Мұхаммед ханның тұсында Хиуа хандығы күшейіп, сыртқы жауларына, қалмақтардың шапқыншылығына тойтарыс берді. 1740 жылы хандықты Иран билеушісі Надир шах Афшар басып алды. Бірақ ол қайтыс болғаннан кейін хандық қайтадан өз тәуелсіздігін алды. Хиуа хандығындағы өзара тартыс бұдан кейін қайта жалғасты. Өзара билікке таласқан Хиуа шонжарлары билікке кейде қазақсұлтандарын да шақырды (қ. Қайып) . Бұл күресте қоңырат тайпасының билеушісі Ишан Мұхаммедәлі жеңіп шығып, жаңа Хиуа - Қоңырат әулетінің негізі қаланды. (1763) . Бұл әулет алғашында өздері тағайындаған хандар арқылы билік жүргізді, ал 19 ғасырдың бас кезінде өз тайпаластары Елтүзерді (1804 - 06) таққа отырғызды. Қоңырат әулетінің ірі өкілі Мұхаммед Рахым хан болды (1806 - 25) . Ол Хиуа хандығын бір орталлыққа біріктірді. Жоғарғы кеңес құрып, салық реформасын жүзеге асырды, мемлекеттік кірісті ұлғайтты, көршілес ұсақ иеліктерді (Арал маңы, қарақалпақтар, т. б. ) бағындырды. Бұл орталық өкіметтің нығайып, күшейген кезеңі болды. 1714 - 17 жылы Петр І патша Хиуаға А. Бекович-Черкасский басқарған экспедиция аттандырды (қ. Хиуа экспедициясы) . 19 ғасырдың бас кезінде Хиуа хандығы Арал маңы мен Үстіртті мекендеген Кіші жүзқазақтарына шабуыл жасауды үдетті (қ. Хиуа хандығының Қазақстанға шапқыншылығы) . Орталық Азия үшін күрестеҰлыбританиямен бәсекелескен Ресей өкіметі 1839 - 40 жылы В. А. Перовскийдің басшылығымен Хиуа хандығына қарсы әскери шабуыл ұйымдастырды. Кіші жүзді билеген кейбір қазақ билеушілерінің көмегіне қарамастан Ресей империясының бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Бірақ Орталық Азияға біржолата орнығуды көздеген Ресей отаршылары Хиуа хандығына үнемі әскери және экономикалық қысым жасап отырды. Ақыры 1873 жылы К. П. Кауфман бастаған Ресей әскерлері Хиуаны басып алды. 1873 жылы келісім бойынша Хиуа хандығы Әмударияның оң жағалауындағы жерлерден бас тартты, егемендігінен айрылып, Ресей протекторатына айналды. Хиуа хандығының тұрғын халқы - өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қазақтар суармалы егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысты. Экспортқа мақта, кептірілген жеміс, мал терісі мен жүн шығарылды. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін көп ұзамай кеңес өкіметінің қысымымен 1920 жылы 2 ақпанда Хиуа хандығы құлап, оның орнына Хорезм Халық Кеңес Республикасы құрылды. 1924 - 25 жылы кеңес өкіметі орталық Азия республикаларының шекараларын межелеген кезде көпшілік бөлігі Өзбекстанның құрамына, қалған бөлігі Түрікменстанның құрамына енгізілді.
Хиуа хандығының Қазақстанға шапқыншылығы
Хиуа хандығының Қазақстанға шапқыншылығы - Хиуа хандығының Сырдарияның төменгі сағасы, Арал маңы мен Үстіртті мекендеген Кіші жүз қазақтарын жаулап алу мақсатында ұйымдастырған жорықтары. 19 ғасырдың басынан бастап Хиуа хандығы қазақ жеріне жорық жасауын күшейте түсті. Хиуа ханы Мұхаммед Рахым тұсында (1806 - 25) хандықтың шекарасыСырдарияның төменгі саласы мен Арал теңізі маңындағы қазақ қоныстарына жақындады. Хиуа бектері осы жерлерде қорғаныс бекіністерін салып, оны қазақ даласының ішкі жағына қарай кіре түсу үшін алдыңғы шеп ретінде пайдалануға тырысты. 1835 жылы Қуаңдария сыртындағы Құртөбе деген жерге хиуалықтар бекініс салып, онда 200-ге жуық әскер ұстады. Сырдарияның сол жақ беткейіне Қожанияз (осы бекіністі салуға басшылық еткен Хиуа бегінің атымен аталған) бекінісі, одан кейін Жаңақала деген бекіністі қамал салынды. Хиуа ханының қазынасы үшін қазақтардан зекет, ұшыр секілді әр түрлі алым-салықтар жинау мақсатымен Жем өзеніне дейін Кіші жүз жеріне осы бекіністерден әскери жасақтар жіберілді. Хиуа хандары Кіші жүз аумағын өз қол астына қарату мақсатында қазақ сұлтандарын пайдаланды. Оларға хан атағын сыйлаған жарлықтар беріп, қару-жарақ және әскери көмек көрсетті. Қазақ рулары бағынудан бас тартқан кезде Хиуа бектерінің жасақтары бағынбаған ауылдарды шауып, тонап отырды. Мысалы, 1847 жылы наурызда Уәйіс-Нияз бектің жасағы Сыр бойына қоныстанған қазақтардың 1400-ге жуық үйін ойрандады. Сол жылдың тамыз айында Хиуаның 1500 адамдық жасағы Сырдың оң жағасына өтіп, мұндағы қазақ ауылдарына шабуыл жасады. Бұл шапқыншылықта бір мыңнан аса үй талқандалып, тоналды. 1847 жылы тамыздан 1848 жылғы наурызға дейінгі уақыт ішінде Хиуа нөкерлері жүздеген қазақ ауылдарын шауып, 500-дей адамды өлтірді, көптеген адамды тұтқынға алды. Мұндай шапқыншылықтар қазақ руларының хиуалықтарға деген өшпенділігін күшейтті. Бұл шабуылдар Хиуа хандығыРесей протекторатына айналғаннан кейін тоқтады.
Хиуа
Әйгілі батыс қақпалары Ата Дарваза
1913 жылғы Хиуа өзбектері
Хиуа - Өзбекстан Республикасындағы қала. Әмудария өзенінің сол жағалауында, теңіз деңгейінен 91 м. биіктікте, Үргеніш темір жолы станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км. жерде орналасқан. Халқы 51, 2 мың (2004) . Хиуа тарихы көне Хорезм мәдениетімен тығыз байланысты. Хиуа б. з. б. 1-мыңжылдықта дамыған Топыраққала, Қуатқала, Бүркітқала, Гүлдірсін, Қырыққыз, т. б. қалалармен қатар аталады. Зерттеушілердің болжауынша, Хиуаның негізі б. з. б. 5 ғасырда қаланған. Бастапқыда Ахемен әулеті мемлекеттерінің, кейіннен Сасани әулетінің қарамағында болды. Хиуаны 712 ж. арабтар жаулап алды. 9 - 10 ғасырларда Хорезм мемлекетінің астанасы болып, біршама гүлденді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz