Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
КІРІСПЕ
1 «Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері»
2 Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру
3 Оқытудың шығармашылық сипаты

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.
Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады.
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі – 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.
Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог - ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.
Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.

ӘОЖ 373.1.013:37.036.5
Қолжазба құқығында
ОМАРОВА РАУШАНГҮЛ СӘРСЕНҚЫЗЫ
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында
оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық
негіздері
13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2008
Жұмыс Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде
орындалған
Ғылыми кеңесшісі: педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Әбілқасымова А.Е.
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Әлсатов Т.М.
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор
Дүйсембінова Р.Қ.
педагогика ғылымдарының докторы
Жанабаева Р.А.
Жетекші ұйым: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
университеті
Қорғау 2008жылы ____ ____________сағат _________Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.35 диссертациялық кеңесінің
мәжілісінде өтеді. Мекен жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет
қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы.
Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200,
Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.
Автореферат 2008 жылы _________________таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы:
Беркімбаев К.М.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының
стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік
білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең
маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына,
көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени
құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына
жағдай жасау.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің
мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай
жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің
қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім
мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан
жетілдіруді қарастырады.
Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нәтижесін
алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде
білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана сүзгісінен терең зерделей
отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын
қалыптастыруды бағдар тұтады.
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі – 12
жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім
парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық
қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып,
танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты
дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.
Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-
психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды
қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог - ғалымдар білім беру саласында
жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім
берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік
құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.
Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен
қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді
ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын
қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.
Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған
оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын
көрсетеді.
Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке
тұлғаның шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру - оқушының оқу-танымдық іс-
әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Шығармашылық
қызығушылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі
өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық
бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық
нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан
шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде
мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының
маңызы зор.
Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі Қазақстан Республикасының Білім
туралы Заңында, ҚР стратегиялық дамуының Қазақстан - 2030
бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында, ҚР Білім бағдарламасында мемлекеттік
саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін
дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты
міндеттер қатарында қойылған.
Демек, болашақ жастарымыздың кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын
қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы оқытудың субъектін және
оқушының әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық қызығушылығын
қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын айқындау
міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.
Жеке тұлға бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың бастау
көзі – шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру мәселесі өзінің тамырын
адамзат дамуы тарихының тереңінен алады.
Адамзат баласының алға қарай сатылап өркениетке жетуі әр адамның іс-
әрекеттегі жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылық болмысына
байланысты. Ал шығармашылық іс-әрекет, жаңашылдыққа бағыттылық тек қана
шығармашылық қызығушылықтан бастау алады.
Адамзаттың ұлт ретінде қалыптасуы, ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр
жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Сондықтан зерттеушілер
өркениетке жетудің жолын әр адамның шығармашылық қызығушылық деңгейімен,
жаңашылдық болмысымен байланыстырады.
Ежелгі дәуір философтары (Аристотель, Демокрит, Платон, Сократ, шығыстың
көрнекті ойшылдары Әл-Фараби, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ибн-Сина,
Қ.А.Иассауи), жаңару кезеңінің ағартушылары (Я.А.Коменский, Дж.Локк,
Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, А.Дистервег т.б.), орыс педагогтары
(К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский т.б.), қазақтың ағартушылары
(Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов т.б.) еңбектерінде адамның дара
мүмкіндіктерін ашу, ішкі рухани күштерін дамыту мәселелеріне ерекше мән
берілгені анықталды. Мысалы, Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби
“Бақытқа жол сілтеу” атты трактатында адамның бақытқа жетудегі бірден бір
жолы – адамның ой белсенділігі, интеллектінің дамуы, логикалық жаттығулар
мен сабақтар нәтижесіндегі шығармашылық ізденістері деген тұжырымдары
зерттеліп отырған мәселенің әрқашанда, әр заман талабына сай туындап
отыратындығы және оның өміршең, үздіксіз процесс екендігінің дәлелі. Демек,
шығармашылық – үздіксіз және адамзат баласын прогрессивті түрде ілгері
қарай жетелейтін үрдіс.
Өз заманында сан алуан ғылым салаларын меңгерген ғұлама ақын Жүсіп
Баласағұн өзінің “Құтты білік” атты дастанында жан-жақты дамыған адамды
сипаттауда “толық пішінді” ұғымын қолданып, оған жетудің бірден-бір жолы
ғылым, білім екенін айтады. Ал ғылым, білімге жету ұзақ еңбек, ізденіс
қажет және адамның ақыл-парасаты жаңаны ойлап тауып, жансызды жандандыруға
қабілетті екендігіне тоқталады.
Зерттеу барысында зерделенген маңызды мәселелер: оқу-тәрбие процесін
ұйымдастырудың өзекті бағыттары (А.Е.Әбілқасымова, Р.А.Жанабаева,
С.С.Смаилов, М.Н.Сарыбеков, О.С.Сәлімбаев, Е.Омар, Қ.А.Аймағамбетов,
Л.К.Керимов т.б.), болашақ мамандарды дайындаудың теориясы мен практикасы
(Б.К.Момынбаев, А.А.Саипов, М.Ә.Құдайқұлов, Қ.Қ.Жанпейісова,
А.А.Бейсенбаева, А.А.Жолдасбеков, О.С.Сыздықов, Б.А.Тойлыбаев,
А.Ғ.Қазмағамбетов, Т.М.Әлсатов, Л.Байсерке, В.А.Ким т.б.), мұғалімдердің
біліктілігін көтерудің жаңашылдығы (Ш.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева,
Б.А.Әлмұхамбетов, Е.Қозыбаев, Ә.К.Қағазбаева т.б.), қазақ
этнопедагогикасының негізінде жеке тұлғаның жан-жақты дамуы теориялық-
әдіснамалық тұрғыдан қарастырылуы (Қ.Б.Бөлеев, Ж.Асанов, С.А.Ұзақбаева,
К.Ж.Қожахметова, Р.Қ.Дүйсенбінова, Қ.Б.Жарықбаев Х.Шалғынбаева, Ә.Табылдиев
т.б.), жеке тұлғаның креативтілік қабілетін дамыту және көркем өнер
шығармашылығын жетілдірудің бағыттары (Б.Оспанова, Қ.Ералин, І.С.Сманов
т.б.), зерттеулерінің маңыздылығы жоғары.
Тұлғаның шығармашыл болуына ықпал етудің түрлі аспектілері бойынша ТМД
елдерінде психология мен педагогика саласында жеке тұлғаны қалыптастыру
мәселесіне елеулі үлес қосқан ғалымдар бар. Олардың еңбектерінде бұл
мәселенің: шығармашылық-танымдық іс-әрекет нәтижесі ретінде (М.И.Махмутов,
А.М.Матюшкин, П.И.Пидкасистый, С.Т.Шацкий, Т.И.Шамова т.б.),
шығармашылықтың психологиялық табиғатын талдау (С.Л.Рубинштейн,
А.В.Морозова, Б.М.Теплов, И.А.Зимняя т.б.), шығармашылық қажеттілікті
дамыту (В.С.Шубинский, В.И.Андреев, Л.С.Выготский, В.А.Якунин т.б.)
бағыттарын қарастырады.
Еліміздің ХХІ ғасыр баспалдағын жаңашылдықпен қарыштап басып, өркениетке
бағдар алуы әр адамның шығармашылық болмысының нәтижесі деп бағалауға
болады. Ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық
деңгейімен анықталады. Өзекті мәселені көре білетін, ой ұшқырлығы мен
ізденімпаздық іс-әрекеті қалыптасқан білімі мен біліктерін өмірдің
өзгермелі жағдайына қарай оңтайлы пайдалана алатын, танымдық дербестігі
жоғары деңгейдегі шығармашыл тұлға қазіргі білім беру стратегиясының мақсат-
мұраты.
Дегенмен, жалпы орта білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық
әлеуетін дамытуға қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулердің болғандығына
және бұл мәселенің маңыздылығына қарамастан, оқушылардың шығармашылық
қызығушылығын қалыптастыруды нәтижелі етуде әлі де шешілмеген мәселелер бар
екендігі анық. Олар: қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер
мен жаңашылдыққа бетбұрыс жеке тұлғаның шығармашыл болуын талап етіп
отырғанымен, оқу процесінде бұл мәселені қазіргі талап, қоғамдық сұраныс
тұрғысынан шешудің ғылыми – теориялық негізі жүйеленбеуі; білімді меңгеруде
оқушылардың шығармашылық қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған арнайы
дайындықтың ұйымдастырылмауы; бұл бағыттағы оқу-тәрбие процесінің
мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы; мұғалімдердің бұл мәселеде
біліктілігінің толымсыздығы, мектеп бітірушілердің төмен көрсеткіштері,
қазіргі кезде жалпы оқушы жастардың білім алуға деген ынта-ықыластарының
азаюы, тұлғаға бағытталған білім берудегі арнайы әдістемелердің тапшылығы
т.б.
Соңғы уақытта оқу-тәрбие процесін гуманизациялау, оның практикалық
бағытын күшейту, дамытушылық қызметін арттыру мақсатындағы шаралар
қолданылғанымен, оқу процесінде уақыттың басым бөлігі репродуктивті әдіске
жұмсалып отыр, сондықтан оның нәтижесі мардымсыз сипат алуда.
Сонымен, ғылыми зерттеулер мен философиялық, психологиялық-педагогикалық
еңбектерді және мектептегі оқу-тәрбие тәжірибесін талдау барысында
төмендегідей қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік алдық:
шығармашылыққа деген әлеуметтік қажеттілік пен оқушының шығармашылық
қызығушылығын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізделуінің
жеткіліксіздігі арасындағы; оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері мен оны
дамытудың жүйелі ұйымдастырылмауы арасындағы; білім берудің жаңа
парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру
талаптары мен бұл мәселені іске асыруда оған негіз болатын жаңаша оқу
мазмұнын меңгертудің технологияларын қажеттілігі арасындағы қайшылықтар
зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты: “Білім берудің жаңа парадигмасы
жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың
дидактикалық негіздері” деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеудің нысаны – жалпы білім беретін мектептердегі оқу процесі.
Зерттеу пәні – білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жоғары сынып
оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты – білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жоғары
сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруды теориялық-
әдіснамалық тұрғыда негіздеп, ғылыми-әдістемесін жасау.
Зерттеу міндеттері:
1. Білім берудің жаңа парадигмасы мен жалпы орта білім беру
жүйесін дамыту тенденциялары аясында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын
қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау.
2. Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәні
мен мазмұнын анықтап, “білім берудің жаңа парадигмасы”, “шығармашылық
қызығушылық”, “креативтілік”, “инновациялық креативті білім беру”,
“шығармашылық рефлексия” ұғымдарына анықтама беру, жүйелеу.
3. Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында
оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық
моделін жасап, өлшемдері мен көрсеткіштерін, деңгейлерін негіздеу.
4. Оқу процесінде жоғары сынып оқушыларының шығармашылық
қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық тұғырларын анықтау.
5. Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда жаңа оқыту
технологияларының мүмкіндіктерін көрсетіп, оны оңтайлы пайдаланудың
мазмұндық сипатын көрсету.
6. Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық
қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесін жасап, оның тиімділігін
педагогикалық тәжірибе жүзінде тексеру және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар
жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, Қазақстан Республикасындағы елеулі
жаңашылдық өзгерістерге байланысты жоғары сынып оқушыларының шығармашылық
қызығушылығын қалыптастыру жеке тұлғаның сапалық қасиеті, құндылық бағдары
ретінде мәні мен мазмұны ашылса және теориялық, әдіснамалық негіздері
айқындалса; оқушылардың субъект ретіндегі дербес шығармашылық мүмкіндіктері
жүйелі түрде танымдық қызығушылығына сай ұйымдастырылса және дидактикалық
тұғырлары анықталса; шығармашылық қызығушылық жеке тұлғаның субъектілік
және қоғамдық мәнін арттыратын өзегі ретінде танылса, онда бүгінгі қоғам
талаптарына сай өзекті мәселені шешудің нәтижелілігі артып, білім беру
саласындағы жаңашылдық бағдар іске асып, инновациялық процесс қамтамасыз
етіледі.
Зерттеудің жетекші идеясы: Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында
оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық-
әдіснамалық негізі инновациялық-дидактикалық әрекеттің құндылық бағдары,
өзегі ретінде танылуы – оқушылардың шығармашылық іс-әрекет мәнін терең
ұғынып, танымдық қызығушылықтарына сай, рухани, интеллектуалдық жетілуі
іске асып, жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғасының қалыптасуына
мүмкіндік туындайды.
Зерттеу әдістері: зерттеу міндеттеріне сәйкес, мәселені шешуде
философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау
жасау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, мемлекеттік ресми және
нормативтік құжаттарды талдау, жалпы білім беретін мектептердің озат
тәжірибелерін зерделеу, ұзақ мерзімді тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
жасау, тестілеу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, сараптау, нәтижелерді
жүйелеу, графикалық бейнелеу әдістері арқылы қамтамасыз етілді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:
Шығармашылықтың мәні туралы философиялық ілім, диалектикалық таным
теориясы, жеке тұлғаның дамуы мен әрекет теориясы, жеке тұлғаны дамытудағы
шығармашылық-әрекеттік, жеке тұлғалық қатынас туралы философиялық
қағидалар, дидактикалық тұжырымдамалар, жеке тұлғаны дамытудың тұлғалық-
бағдарлық теориясы, оқушылардың белсенді оқу әрекетін ұйымдастыру теориясы,
құндылық теориясы, ғылым мен практиканы ықпалдастыру теориясы.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы, Қазақстан - 2030 стратегиялық даму
бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекеттік Білім
бағдарламасы, 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы, басқа да білім беру
саласына қатысты мемлекеттік құжаттар, зерттеліп отырған мәселеге
байланысты Отандық және шетел ғалымдарының педагогикалық еңбектері,
жаңашылдық тәжірибелер, озат ғылыми зерттеулер, диссертанттың педагогикалық-
зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2002-2004 ж.ж.) қазіргі қоғамдағы қалыптасқан
әлеуметтік-экономикалық, инновациялық-педагогикалық, мәдени өзгерістерге
байланысты жалпы орта білім беру жүйесінің даму тенденциялары қарастырылып,
зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалды. Отандық, шетелдік ғалымдардың
ғылыми-теориялық, әдістемелік еңбектеріне және педагогика ғылымындағы
іргелі ғылыми зерттеулерді талдау және мектептегі оқыту тәжірибесінің жай-
күйін, жетістіктері мен қайшылықтарды саралау барысындағы зерттеудің ғылыми-
әдіснамалық негіздері және ғылыми аппараты анықталып, педагогикалық
тәжірибе бағдарламасы әзірленіп, оқу процесіне енгізілді.
Екінші кезеңде (2004-2006 ж.ж.) зерттеудің ғылыми болжамы мен
міндеттеріне сәйкес, жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды, шығармашылық
қызығушылықты қалыптастырудың дидактикалық тұғырлары нақтыланып,
педагогикалық шарттары анықталды, зерттеу базаларындағы тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстардың нәтижелері кезең-кезеңмен жүйеленіп, ғылыми-
әдістемелік тұрғыда сараланды.
Үшінші кезеңде (2006-2008 ж.ж.) зерттеу барысында жинақталған
нәтижелермен тәжірибелік жұмыстардың соңғы кезеңіндегі қорытындыларды
көрсететін және оларды жалпылауда алынған дидактикалық мәліметтерді
қамтыған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды баспадан шығару жүзеге
асырылды, “Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру”
арнайы курс бағдарламасы бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар даярланды.
Жалпы зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер өңделіп, диссертацияның
мазмұнына енгізілді.
Зерттеу базасы: ҚР БҒМ 12 жылдық білім беру проблемалары Республикалық
ғылыми- практикалық орталығы; Оқулық Республикалық ғылыми-практикалық
орталығы; Ақтөбе кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты;
Ақтөбе қалалық №3,37 орта мектептер және №32,51 мектеп-гимназиялары; Ақтөбе
облысы, Мұғалжар ауданы, Жем бекеті, №7 орта мектеп.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
1.Жеке тұлғаны қалыптастырушы білім парадигмаларының даму тенденциялары
педагогика ғылымы мен білім берудің қалыптасушы жаңа әдіснамасы аясында

әдіснамалық негіздерін анықтайтын бағдар ретіндегі мәні ашып көрсетілді.
2. Қазіргі кезеңде жалпы орта білім беруді дамытуда білім берудің жаңа
парадигмасы, шығармашылық қызығушылық, креативтілік, инновациялық
креативті білім беру, шығармашылық рефлексия ұғымдарының мәні анықталып,
оларға ғылыми анықтама берілді.
3. Оқытудың қазіргі жаңашылдық сипаты жағдайында оқушылардың
шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
жасалынып, компоненттері мен өлшемдері, көрсеткіштері анықталды.
4. Оқушылардың шығармашылық қызығушылығының мазмұны мен оны
қалыптастырудың әдістемесін жетілдірудегі маңызды дидактикалық тұғырлары,
әдіснамалық негіздері анықталды.
5. Мектепте оқушылардың шығармашылық
қызығушылығын қалыптастырудың технологиясы жасалды.
6. Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруды қамтамасыз
ететін ғылыми-әдістемелік кешен әзірленіп, тәжірибелік-эксперимент
жағдайында тиімділігі дәйектелді.
7. Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық
қызығушылығын қалыптастырудың болашақтағы даму бағыттары анықталып, оны
жетілдіруде ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
▪ Білім берудің жаңашылдық сипатына сәйкес, жеке тұлғаны қалыптастыруда
маңызды теориялық-әдіснамалық материалдар жалпы орта білім беруді
реформалау аясындағы көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
▪ Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың құрылымдық-
мазмұндық моделі жасалынып, ғылыми-әдістемелік материалдардың берілуі
оқытудың дидактикалық мүмкіндіктерін жетілдіруде маңызды.
▪ Зерттеу нәтижелері жалпы орта білім беру жүйесінде, ғылыми-практикалық
орталықтарда, жоғары оқу орындарында, колледждер мен мұғалімдердің білімін
жетілдіру институттары қызметінде пайдалану тиімді.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- Білім берудің жаңа парадигмасының педагогикалық мәні мұғалім мен оқушы
оқыту процесінің субъектілері және инновациялық-дидактикалық іс-әрекетті
іске асырушы ретінде сипатталады.
- Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың
өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері теориялық модельдің негізгі
сипаттамасымен айқындалады.
- Қазіргі кезеңде білім берудің жаңашылдық сипатына байланысты
оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру теориялық-әдіснамалық
тұрғыдан қарастырылып, жүйеленген сипаттамасы – оның дидактикалық негізін
құрайды.
- Оқушылардың шығармашылық қызығушылығының қалыптасу деңгейлері олардың
оқу-танымдық іс-әрекетке қойылатын дидактикалық талаптар жиынтығын жүзеге
асыру мүмкіндіктері арқылы анықталады.
- Мұғалім мен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерінің нәтижелілігі
шығармашылық оқытуды ұйымдастыру технологиясы арқылы нақтыланады.
- Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру – тұтас
педагогикалық процесті ұйымдастыру шарттарын, білім берудің жаңа
парадигмасын, жалпы орта білім беру жүйесінің даму тенденцияларын есепке
алады.
- Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру -
теориялық-әдіснамалық негізде анықталған ғылыми-әдістемелік жүйе арқылы
жүзеге асады.
Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі мен сенімділігі: зерттеу тақырыбына
сай теориялық қағидаларды әдіснамалық тұрғыда негіздеумен, зерттеу пәніне
сәйкес, кешенді әдіс-тәсілдерді қолданумен, зерттеу қорытындыларының жалпы
әдіснамалық негізде дәлелденуімен, нақты бірін-бірі толықтырушы ғылыми-
эксперименттік әдістердің кешенді түрде қолдануымен, тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстардың нәтижесінде алынған мәліметтердің тиімділігі
дәлелденуімен қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру.
Зерттеудің негізгі қағидалары ғылыми баяндама түрінде халықаралық
ғылыми-практикалық конференцияларда (Орынбор, 2005; Ақтөбе, 2005; Алматы,
2006; Ақтөбе, 2006; Түркістан, 2006; Астана, 2007; Котлас (Ресей), 2007;
Саратов (Ресей), 2007; Алматы, 2007; Ақтөбе, 2007; Қызылорда, 2007;
Архангельск (Ресей), 2007); республикалық ғылыми-практикалық
конференцияларда (Астана, 2003; Тараз, 2005; Орал, 2006; Алматы, 2007;
Ақтөбе 2006-2007), облыстық және аймақтық ғылыми конференцияларда (Ақтөбе
2006-2007), білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде (Ақтөбе 2004-2007;
Тараз 2008) және ҚР БҒМ Республикалық 12 жылдық білім беру проблемалары
ғылыми-практикалық орталығы мен Оқулық республикалық ғылыми-практикалық
орталығының ғылыми-әдістемелік кеңестері және олардың республикалық,
аймақтық, облыстық деңгейде өткізген ғылыми семинарларында, 12 жылдық білім
беру эксперименті мен оқулықтарын даярлаудағы сараптамалық жұмыс
топтарында, сонымен қатар Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және
қайта даярлау институтында лекциялар түрінде, мектептің педагогикалық және
әдістемелік кеңестерінде, республикалық басылымдарда ғылыми мақалалар, оқу
құралдары, әдістемелік нұсқаулар, ақпараттық-сараптамалық материалдар, оқу-
әдістемелік және мұғалімдерге арналған көмекші құралдар, монография түрінде
жарық көрумен жүзеге асты.
Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, 4 бөлімнен,
тұжырымдардан, қорытындылардан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты,
нысаны, пәні анықталады, зерттеу міндеттері мен болжамы, құрылымы,
әдіснамалық негізі, басты идеясы, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі,
зерттеу әдістері көрсетіледі, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеулер
нәтижелерінің дәйектілігі баяндалады.
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық
қызығушылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері атты бірінші бөлімде
жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім парадигмалары, даму тенденциялары мен
болашағы қарастырылады. Сонымен қатар, 12 жылдық білім беру әдіснамасы-
шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде сипатталады. Қазіргі
мектептегі оқытудың шығармашылық қызметіне тоқталып, оның жаңашылдық
бағыттары айқындалады.
Қазіргі кезеңде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың
теориялық негіздері атты екінші бөлімде мектеп оқушыларының шығармашылық
қызығушылығын қалыптастырудағы негізгі ұғымдардың мәні және мазмұны
көрсетіледі. Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын
қалыптастырудағы педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері сипатталып,
өзекті мәселенің құрылымдық-мазмұндық моделі негізделеді.
Жалпы орта білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын
қалыптастырудың дидактикалық тұғырлары атты үшінші бөлімде қазіргі
дидактикалық тұжырымдамалардың жеке тұлға шығармашылық қызығушылығын
қалыптастырудағы маңыздылық сипаты талданып, шығармашылық сабақтар
оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудағы инновациялық процесс ретінде
дәлелденеді. Сонымен қатар, оқытудағы рефлексия – оқушылардың шығармашылық
іс-әрекетінде жеке білім кеңістігін қалыптастыру құралы ретінде
пайдаланудың мүмкіндіктері анықталады.
Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру әдістемесі және
тәжірибелік-эксперимент нәтижелерін талдау атты төртінші бөлімде
оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда педагогикалық
технологиялардың мәні мен оларды оңтайлы пайдалану әдістемесі көрсетіліп,
педагогикалық тәжірибелер арқылы тексерілуіндегі нәтижелері сараланады. Осы
тарауда мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру
мәселесінің болашақтағы бағдары көрсетіліп, оның мазмұны мен мәні
дәйектеледі.
Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен
тұжырымдары мазмұндалады. Ғылыми әдістемелік ұсыныстар беріледі және әлі де
зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелердің маңызды бағыттары көрсетіледі.
Қосымшада жоғары сынып оқушыларына, мектеп мұғалімдеріне арналған
сауалнамалар, тест тапсырмалары, шығармашылық әлеуетті айқындауға арналған
педагогикалық карталар, сызбалар, шығармашылық тапсырмаларды орындаудағы
оқушылардың танымдық іс-әрекеті мен шығармашылық бағыттылығын анықтауға
арналған кестелер, сабақ үлгілері ұсынылады.
Негізгі бөлім
Бүгінгі күні жаһандану жағдайында өркениеттіліктің өлшемі, тетігі,
құндылығы ретінде шығармашылық сипаттағы білімнің орны үлкен. Оны өлшем
ретінде қабылдауымыздың себебі, кез келген мемлекеттің рухани да,
әлеуметтік-экономикалық дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі
мен меңгерген білім, біліктерін шығармашылықпен қолдана алуына байланысты.
Себебі әлемдегі ғажайып жаңалықтарды өзі білім, білікті шығармашылық
құндылық ретінде бағалаумен, оны ізгі мақсаттарға сәйкес қолданып, жаңаны
табумен мүмкін болады.
Еліміздегі орта білім беру жүйесінің 12 жылдық білім беруге көшуді,
әлемдік білім беру кеңістігіне бағдар тұтуы білімге деген көзқарасты жаңаша
тұрғыдан қарастыруды көздейді. Осыған сәйкес қазіргі білім беру жүйесінің
мақсаты - білімді, бәсекелестік қабілеті бар, шығармашыл, дербес,
ізденімпаз, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлға
қалыптастыру.
Мектептегі жас ұрпақтың ақыл-ойы, рухани дамуының негізі – оқылатын
пәннің мазмұнына, оқу-тәрбие жұмысының мақсатқа сәйкестігі мен меңгеретін
ғылыми білімдер жүйесінің шығармашылық сипатына байланысты.
Білім беру саласындағы реформалар бір жағынан әлемдік білім беру
кеңістігіне сай өркендеуге ұмтылса, екінші жағынан ұлттық болмысты
қалыптастыру мақсатында мәдени-тарихи құндылықтарға сай өзіндік бет
бейнесін сақтауды көздейді.
Қазіргі кездегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның
шығармашылық бағыттылығы мен шығармашыл тұлғасын қалыптастыру мәселесіне
қызығушылықтың артуы осы міндеттерді шешудің бағдары ретінде қарастырылып
отыр.
Парадигма латын тілінен аударғанда үлгі деген мағынаны білдіреді. Ал
қазіргі педагогикада білім берудің концептуальдық моделі ретінде
қолданылып келеді. Білім беру парадигмаларының көптеген түрлері бар. Кейбір
ғалымдар білім беру парадигмаларының көптүрлілігін педагогикалық өркениетке
байланыстырады, адамзат қоғамы көптеген сатылардан: табиғи және
репродуктивті-педагогикалық өркениеттен өтіп, креативті-педагогикалық
өркениетке енуде деген пікірлер айтылуда. Бұл педагогикалық өркениет
мұғалім іс-әрекетінің жаңа қырларын аша отырып, кәсіби педагогикалық
сапалары мен қызметтерін түбегейлі түрде жаңартуды талап етеді. Бұл
ізденістердің жарық жұлдызы ретінде педагогикалық парадигма, яғни адамзат
қоғамының әлемдік әсер тәсілдерін меңгеруі мен педагогикалық ой-өріс пен
қарым-қатынастың онтологиялық және жеке аспектілерін қамтитын жүйесі
ретінде алға шығады.
Антропологиялық, археологиялық мәліметтер бойынша, алғашқы кезеңде
педагогикалық іс-әрекет ересектер мен бала өмірінің тұрмыстық қарым-
қатынасына негізделді. Қоғамның әрбір мүшесі тіршілігін сақтау үшін білім,
білік, дағды, өмір сүруге қажетті қатынастарды білуі және оны кейінгілерге
үйретуін қажет етті. Табиғи педагогика алғашқы қоғамдық құрылысқа сәйкес
болды. Табиғат пен адам ақпараттық байланыс ретінде қарым-қатынаста болып,
адам еңбек іс-әрекеті нәтижесінде өмір сүру дағдылары қалыптаса бастады, іс-
әрекет инстинг арқылы реттеліп отырды.
Кейінірек жыныстық ерекшеліктер, еңбекке үйрену, дене дамуы мен
отбасындағы қызмет ету әрекеттерін меңгеруге байланысты адамзат өзінің
даму жолында репродуктивті-педагогикалық өркениетке аяқ басты. Оның ерекше
белгісі – арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс құралдары арқылы іс-
тәжірибені әкеден-балаға мақсатты түрде үйрету болды. Адамзат қоғамы
ақпаратты ұрпақтарына жалғастыру тәсілдерін, біліктері мен білімдерін
жетілдірудің жаңаша жолдарын іздестіруге, ойлап табуға бет бұра бастады.
Алғашқы қоғамдағы адамдардың тасқа қоршаған әлем жөніндегі өз түсініктерін
бейнелеуі, өмірлік тәжірибелерін сипаттайтын, оны үйретуде таңбалар мен
символдарды пайдалануы адам дамуының ілгерушілік сипатын көрсетті.
Қазіргі уақытта адамның әлемдік тануы мен өзін-өзі тануындағы қасиеттері
жансыз табиғатпен алмасып отыр. В.С. Кукушиннің пікірінше, адам мен
табиғаттың арасында дидактикалық қабырға пайда болды, оның өткізгіштігі
ақпараттық тазалық дәрежесінің әр түрлілігіне байланысты.
Жылдан-жылға ақпарат ағымдары мен қорларының қарыштап өсуі адамзат
баласын табиғаттан алшақтатып, “өлі табиғатпен” қатынасын нығайта түсті
десе де болады. Репродуктивті-педагогикалық өркениет шеңберінде білім беру
өлшемдері мен оның мазмұнына қойылатын талаптарды, шарттарды өзгерту туралы
сөз қозғалды. Ғалымдар адамның космо-био-әлеуметтік феномен ретіндегі
қасиеттерінің сақталуына, оқыту мен тәрбиелеу міндеттеріне көңіл аудару
қажеттігіне тоқталады.
Дегенмен, табиғи, әсіресе, космостық бастаулардың кейінгі жоспарға
қалдырылуы, білім беру мазмұнының тереңдігінен адамда қорғаныш
механизмдерінің пайда болуы көрініс берді. Бұл репродуктивті-педагогикалық
өркениеттің ішкі ресурстары таусылып, алға қарай креативті-педагогикалық
өркениетке қадам жасау қажеттілігін көрсетеді. Демек, Адам-Космос
жүйесіндегі біртұтас ақпараттық-энергетикалық механизмдерді игеру
қажеттілігіне орай, рефлексивті мәдениеттің дамитындығын болжауға болады.
Мұның нәтижесінде Адам-Адам жүйесіндегі түрлі деңгейдегі қайшылықтар
шешіліп, Адам-Табиғат жүйесінің экологиялық жайлы формалары түзіледі.
Креативті-педагогикалық өркениет кезінде субъект-объект бірлігіндегі
адамзат тәрбиесінің біртұтастығы, инновациялық тәжірибені бағалау мен
талдау арқылы әр индивидті табиғи педагогикалық іс-әрекетке әкеледі. Іс-
шаралар педагогикасы тұрмыстық падагогикасына орын береді. Философиялық
түсініктегі “шығармашылық мектеп” кезеңі басталады,-дейді В.С. Кукушин.
Бірақ білім беру парадигмаларының бірінен-бірі артық, не қалыс қалған
түрлері болмайды. Олар өз кезеңіндегі әлемді түсіну мен педагогикалық
нысандардың мәні, оқу-тәрбие процесінің құрылымына байланысты болады.
“Парадигма” ұғымының енуі Бергманның және оны терең талдау, физик,
философ Т. Кунт есімдерімен байланысты. Т. Кунт парадигма идеясын ғылым
дамуының кезеңдерін анықтауда пайдаланды. Парадигма – ғылым дамуының
негізгі өлшем бірлігі ретінде түсіндіріледі. Т. Кунт бойынша, ғылыми білім
дамуы мынадай сызба бойынша жүреді: қалыпты ғылым ғылымдағы
ауытқушылық ғылымдағы тоқырау жаңа парадигма
(альтернативті теориялар бәсекелестігі және бұрынғы парадигманың ауысуы)
ғылыми төңкеріс қайтадан қалыпты және одан әрі дамудың жаңа
тарауы.
Парадигма – ғылым дамуының белгілі бір кезеңдерінде ғылыми қоғамның
қабылдаған әдіснамалық және теориялық қағидаларының жиынтығы, ғылыми
зерттеудің үлгісі, стандарты, зерттеу мәліметтерін, болжамдар мен ғылыми
міндеттердің жиынтық үлгісі ретіндегі көрінісі.
А.Е.Әбілқасымова пікірінше, қазіргі кезеңдегі білімді адам (білім,
білік, дағдыны меңгерген) парадигмасының өмірлік іс-әрекеттерге
дайындалған адам парадигмасына ауысуда, яғни белсенді, шығармашылық ой-
санасы қалыптасқан,өзін-өзі дамытатын, интеллектуалдық тұрғыда өзін
жетілдіретін адамның қалыптасуы.
Ш. Таубаева өз зерттеулерінде парадигма түсінігінің философиялық,
педагогикалық, психологиялық тұрғыда саралануын зерделейді, ол
жалпы орта білім беру жүйесінің даму тенденциялары қоғам дамуының Мәдениет-
Білім-Тарих атты микропарадигмасы, педагогика ғылымы мен білім берудің
қалыптасушы жаңа әдіснамасы аясындағы білім берудің жаңа парадигмасы
пәнаралық түсінігі тұрғысынан мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің
теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындайтын бағыттар ретінде ашып
көрсетеді.
Парадигма мәтінінде зерттеушілік қана емес, практикалық та міндеттердің
шешімін табу мақсатында қолданылатын модель және де әсіресе, практикалық
мәселеге де тұрақты түрде ден қоятындығын атап өтпеуге болмайды. Осыған
байланысты білім беру стратегиясы немесе базалық модель ретінде оқыту
жүйесін жобалауға көзқарас, негіз, идея мәнінде түсіндірілетін білім беру
(тәрбиелеу) парадигмасы ұғымы қолданылады.
Парадигманы өзге ғылыми түсініктерден ажыратылатын, өзінің педагогикалық
дербес құқығына ие екендігі жөнінде пікірлер айтылуда. Осы көзқарасқа
сәйкес, парадигма түсінігін екі түрлі ұғымды анықтау үшін керек:
біріншіден, парадигманы классикалық құндылық, жалпы ғылыми түсініктерді
ұғынуға бағытталған ғылыми әрекет, зерттеу нормалары, өлшемдері,
стандарттары жиынтығы ретінде түсіну; екіншіден, білім беру (тәрбиелік)
парадигмасы ұғымы. Өзіндік дербес түсінік құқығын жүзеге асыра отырып,
парадигмалардың мынадай қатары ажыратылады: қалыптастырушы және
ізгіліктіліктік, жеке тұлғалық және рухани бағдарланған,
ғылыми–технократиялық, гуманитарлық және эзотериялық, авторитарлық,
дәстүрді-қалыптастырушылық, дәстүрлі–дамытушылық, рухани және зиялылық,
педагогикалық, андрагогикалық, акмеологиялық және коммуникативтік және т.б.
Осыған байланысты жоғарыда дәйектеме келтірілген педагогикалық түсініктің
полипарадигмалығы немесе парадигмалық ауысуы жөніндегі кең тараған
пікірлердің астарында, әдетте, ғылым парадигмасы жайына емес, білім беру
парадигмасы туралы түсініктер болады деген пікірлерді толық құптаймыз.
Дәстүрлі педагогикалық білім мазмұны негізінен танымдық сипатта беріліп
келді. Оның дидактикалық-әдістемелік бөлігін құрайтын жаттығулар, сұрау-
тапсырмалар сол танымдық материалды меңгеруге қызмет ететін мақсатта
құрылатын. Ендігі жерде жаңа ХХІ ғасыр педагогикасының философиясы мүлде
өзгеше парадигманы қажет етуде. Мұнда білім беру процесінің объектісі
бұрынғыдай тек білім, яғни оқу материалы ғана деп қаралмайды. Білім беру
процесі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, мынадай міндеттерден түзіледі:
оқушының интеллектуалдық-танымдық, психологиялық, шығармашылық іскерлік
сапаларын, өз бетінше оқу әрекетшілдігін, коммуникативтілігін,
әлеуметтенуге бейімділігін, эстетикалық, рухани-адамгершілік, экологиялық,
дене мәдениетін т.б. қалыптастыру. Білім мазмұнын құрайтын оқу материалдары
тұлға дамытушы мүддені түзуге тікелей қызмет ететіндей етіп құрылуы керек.
Күн тәртібіне қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа
білім беру мен тәрбиелеуді жаңа сатыға көтеріп, жан-жақты жетілген
шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру өзектілігі артуда.
Педагогика ғылымының теориясы мен практикасына, білім беру жүйесінің
дамуына жасаған талдаулар білім беру мен тәрбиедегі “тоқырау” кенеттен
пайда болмағандығын көрсетеді. Бұл мәселе 80-жылдардың басында анық
байқалып, бірте-бірте жандана түсті. Оның бастаулары 30- жылдардың басында
көрініп, 70-жылдары жалпы орта білім беруді күрделі бағдарламалармен оқыту
және постиндустриалды қоғамның қарқынды қалыптасу міндеттерін шешуге
қабілетсіздігімен байқала бастады.
60-жылдардың орта тұсында “Кеңестік білім беру” әлемдік жағдайда алдыңғы
орындарға жеткен болатын. Білімдік бағдарламалардың негізділігі, мектеп
оқушыларының білім сапасының көрсеткіштері және жоғары, арнаулы орта,
кәсіптік-техникалық білім беру масштабының өсуімен ерекшелене түсті.
Кейінгі уақыттарда бұл қарқындылық баяулап, білім беру жүйесіндегі
динамизм бойынша Батыс елдерінің алдыңғы қатарлы және Шығыстың дамушы
елдерінен ерекшеленуі тоқталды. Елдегі әлеуметтік-экономикалық қарама-
қайшылықтар өсті, ал білім беру жүйесі сапалық өзгеріссіз немесе білім беру
реформалары жүйесіз сипат алды.
Қоғамда күрделі процестер белең алып, нәтижелері тек 80-жылдардың
ортасында анық көріне бастады. Экономиканың даму қарқындылығы баяулап,
бұрынғы идеялогиялық бағдар көмескіленіп, әлеуметтік тұрақсыздық, адамдар
арасындағы қарым-қатынас өзгерді, нәтижесінде адамгершілік-рухани
құндылықтардың, өзара көмек т.б. сипаты өзгеріске түсті. Мұның өзі
тәрбиелік қызметтің, әлеуметтік құндылықтардың толымсыздығына әкелді.
Жастар қоғамдағы білім мен қабілеттің сұранысының болымсыздығын сезе
бастады. Мәдениеттің, ұлттық дәстүрлердің, салт-сананың төмендеуі білім
берудің тиімді саясатын жүргізуді қиындата берді.
80-жылдардың ортасында бірқатар өлшемдер бойынша білім беруде батыс
елдерден артта қалушылық көріне бастады. Әсіресе, жоғары білім беру
масштабы бойынша дамыған елдерден артта қалушылық байқалды. Шетелдік
әріптестер білім берудегі дифференциация мен индивидуализация бойынша алға
шықты.
Отандық мектептер білім берудегі үздіксіздік тұрғысынан артта қала
бастады. АҚШ мен Англияда т.б. білім беру уақыты 12-13 жылды құрады. Көп
уақытқа дейін біздің мектептер ұжымдық сипатқа негізделген бірегей
стандартқа ұмтылды, нәтижесінде оқушының өз болмысын тану, белсенділігі мен
инициативасы, шығармашылық әлеуетін дамыту толымсыз болып шықты.
Қазіргі уақытқа дейін мектеп әлеуеттік ортадан алшақ, өз проблемаларын
өз күшімен шешуге ұмтылыс жасау сипатында қалып отыр. Мектеп оқушыларының
әлеуметтік бейімділігі мен өмірлік тұрақтылығы, шығармашылығы,
ізденімпаздығы мен шешім қабылдауы т.б. қоғам дамуына тікелей қажетті
сапаларды қалыптастыруда артта қалды.
90-жылдардың басында экономикадағы қайта құрулар мен өмірдің
әлеуметтенуі, елдің нарықтық экономикаға көшуге бет бұрысы білім беру
саласына әсер етпей қоймады. Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға
байланысты білім берудің бастауыш сатысы – мектепке дейінгі мекемелерге
ауыр салмақ түсті. Көптеген балалар бақшалары жабылып, басқа мекемелер
олардың орнын басты. Маңыздысы - қалыптасқан оқу-тәрбие жүйесі бұзылды.
Көрсетілген қиындықтарға қарамастан, білім беру жүйесі даму тұғырын
сақтап қалуға ұмтылды. Білім беру жаңа сапаға: өзгермелі, демократиялық
және вариативті сипатқа көшті. Оқу мекемесінің типін, бағдарламалар
деңгейін, т.б. таңдау мүмкіндігі туды. Білім беру жүйесі жаңа бағыт іздеу,
оқыту мазмұнын жаңартуға бет бұрды.
Әлеуметтік жағдайды, жаңашылдық өзгерістер мен әлемдік педагогикалық
тәжірибені қазіргі ғылыми тұрғыдан талдау білім беруді дамытудың
жаңа бағдары – жаңару стратегиясын таңдауға себепші болды.
Алдымен білім беру мақсаттарының өзгерісіне, ізінше оның тиімділігі
өлшемдері келді. Білім беру жүйесі әлі де болса соңғы нәтиже ретіндегі
білім, білік және дағдыға бағдарланған. Білім деңгейі мектеп бітірудегі,
жоғары оқу орындарына түсуде т.б. негізгі өлшемдер ретінде қарастырылады.
Ежелден белгілі: “көп білім ақылдылыққа үйретпейді”. Сондықтан оқыту жеке
тұлғаны қалыптастыруға, дара мүмкіндіктерін, шығармашылығын дамытуға
бағытталуы тиіс. Оқыту - міндетті түрде тәрбиелік қызметпен сабақтастықта
өтуі қажет.
Осы тұрғыдан білім беру мақсаттары әлеуметтік-жекетұлғалық
құндылықтарға, сонымен қатар жекетұлғалық-даралық сипатта болу қажеттігі
туындады.
Сондықтан қазіргі қоғам талабына сай, баланың ой-өрісін дамыту,
біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа
жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман
сұранысына сай ізденімпаз, шығармашыл тұлғасын қалыптастырудың бірден-бір
жолы – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екендігін әлемдегі өркениетті
елдер мойындап отыр.
Білім беру жүйесіндегі реформаның міндеті тек қана қосымша бір немесе 2
жыл қосу емес, қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес, ХХІ ғасыр
мектебін жаңарта отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде шығармашылық
тұрғыда қолдана алатын, ұлттық, мәдени, рухани құндылықтар негізінде жан-
жақты дамыған жеке тұлғасын қалыптастыру екендігін түсінетін уақыт жетті.
Сондықтан әлемдегі білім беру ісінің даму жағдайына талдау жасай
отырып, ерекше үміт күттіретін тенденциясын көрсетуге болады:
● мектеп жүйесіндегі демократизация;
● мектеп тәрбиесінің гуманистік бағыты;
● оқушылардың шығармашылығын, дербестігін,
ізденімпаздығын, белсенділігін дамытуға бағытталған оқытудың әдіс-
тәсілдерін қолдану;
● ұлттық-мәдени, рухани құндылықтарды пайдалану;
● оқыту жүйесін модернизациялау;
● тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекет;
● жаңа техникалық құралдарды пайдалану;
● мектептегі және мектептен тыс уақыттағы оқыту мен тәрбиелеуді
кіріктіру.
Әлемдегі алдыңғы қатарлы мектептер тәжірибелерін жалпылап, құнды
бағыттары мен идеяларын ұлттық психологиямызға сәйкес пайдалана отырып,
еліміздегі білім беру мәселесін жаңа жолға қою өзекті мәселе. Мемлекеттік
білім беру жүйесі негізінде әлемдік білім кеңістігіне ену – оқушының
күнделікті оқу жүктемесін азайту арқылы денсаулығын сақтау, бос уақытын
жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін жетілдіруге жұмсауға жағдай жасап қана
қоймай, оқыту сатылары бойынша оқу материалын тиімді түрде игеруге, оны
өмірде қолдану және болашақ мамандықтарына қажетті дағдыларды жинақтауына
мүмкіндік береді. Сондай-ақ мемлекетаралық білім сайыстарына,
бағдарламаларға, білім жобаларына қатысуына мүмкіндіктер туындайды,
нәтижесінде отандық аттестаттардың шетелдерге танылуын қамтамасыз етеді.
Сондықтан білім беру жүйесіндегі реформа кезеңдерге бөлініп, эволюциялық
жолмен, жаңа әдіс-тәсілдерді, құралдарды пайдалану арқылы жетілдіру, оқыту
мен тәрбиелеудің мазмұнын жаңарту, білім беру процесінің жаңа моделін
сынақтан өткізу және мектепті бірте-бірте жаңа шығармашылық іс-әрекет
ұстамына көшіру түрінде жүзеге асырылуы тиіс.
Жалпы, жаңарған мектепте оқыту құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың
қызығушылығы мен қабілеттеріне, рухани дамуына, олардың өмірлік
жоспарларының жүзеге асырылуына бағытталған, көпвариантты және икемді болуы
қажет. Сондай-ақ бұл мәселеде негізгі, орта және жоғары мектептің,
өндірістің т.б. өзара сабақтастығы проблемасын ескерген жөн.
Ақпараттандыру, жаһандану жағдайындағы қазіргі білім беруді дамыту мен
жетілдіруді түрлі инновацияларды енгізусіз, жаңаша оқытуға қатысты
принципті бағыттар қатарын қайта қарамайынша елестету мүмкін емес. Солармен
бірге, қазіргі мектептің педагогикалық процесін бүгінде қарқынды даму
үстіндегі инновациялық білім беру жүйелерімен, бірінші кезекте,
шығармашылық қабілетке, шығармашылық рефлексияға, шығармашылық өзін-өзі
дамытуға, шығармашылық дербестікке, креативтілікке қойылып жатқан
талаптарға сәйкес келуі мәселесінің қарастырылуына да үлкен мән берілуі
керек.
Жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту тетіктерін зерттеуге деген
әлеуметтік тапсырыс креативтік проблемасының ерекше өзектілігін ескертіп
отыр. Шығармашылық қызығушылықтың динамикалық даралық сипаты креативтілікте
және оның негізгі көрсеткіштерінде көрінеді. Бірақ, мәселе мынада:
креативтік педагогикалық, психологиялық ғылымдарда тұрақталған категориялар
болып табылса да, креативтілік түсінігі өз пайымдауын тапқан жоқ және
шығармашылық психологиясынан жеткілікті талдауын талап етеді. Креативтілік
проблемасы қазіргі кезеңде зерттеліп жатқанымен, бірқатар ғылыми-зерттеу
жұмысы белгілі бір дәрежеде шығармашылықтың түрлі аспектісін
қарастырғанымен, бүгінге дейін проблеманың өзіне де, оған қатысы бар түрлі
қолданбалы сипаттағы сұрақтарға байланысты да бірыңғай пікір қалыптаспай
отыр.
Қоғамды гуманизациялау – ХХІ ғасыр басындағы ғылыми мәселе десек те
болады. Қазірдің өзінде, оның дамуының бүгінгі кезеңінде бұл тенденция
адамдық фактордың анықтаушы ролімен көрсетіліп отыр. Осы фактор
феноменологиясында шығармашылық қызығушылық басым және оның негізгі
құраушысы болып табылады.
Қазақстан білім беру парадигмасы ҚР Конституциясы, “Қазақстан – 2030”
стратегиялық бағдарламасы, білім беру саясаты, заңдар мен ресми құжаттарды
терең талдау нәтижесіне қалыптасып келеді.
Теориялық талдаулар көрсетіп отырғандай, тарихи кезеңде бірін-бірі
алмастырушы парадигмалар нәтижесінде жаңа идеялар мен принциптер,
шығармашылық қатынастар мен мәдениеттің дамуын терең ұғынуды талап етеді.
Сонымен, ғалымдардың пікірлерін тірек ете отырып және талдау
нәтижесінде: білім берудің жаңа парадигмасы – жаңа өркениеттік бағдар
тұрғысында, мемлекеттік стандарттарға сай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған, инттеллектуалдық білім орталығы ретіндегі
инновациялық мектепте ғылыми-әдіснамалық негізделген білім берудің
концептуалдық моделі деген анықтама берілді.
Сонымен, білім беру дағдарысына талдау жасау бүгінде ең алдымен адамның
шығармашылық мәні мен руханилықты дамытуға бағытталған жаңа білім беру
парадигмаларын жасау қажеттілігін түсінуге алып келді. Бұл ретте білім беру
практикасының негізгі міндеттері табиғат пен қоғамның заңдарын оқыту ғана
емес, сонымен бірге, әлемнің шығармашылық тұрғыдан қайта
жасалуының гуманистік әдіснамасын меңгеруге көмек беру және адам-табиғат-
қоғам жүйесіндегі қарым-қатынастарды үйлесімді ету болып отыр. Мұндай
міндеттерді негізгі мақсаты адамның шығармашылық әлеуетін сақтау мен дамыту
болып табылатын инновациялық білім беру ғана шеше алады.
Осы ретте, шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру білім берудің
мақсатты бағдары ретінде қарастыру керек. Алайда, білім беру жүйесінің өзі
жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасамай, бұл мақсатқа
практикалық тұрғыда мән берілмей отыр.
Бүгінгі күні өткеннің қателіктері неден тұратындығын біліп қою
жеткіліксіз. Маңыздырағы - қандай бағыттарда ілгерілетуді ұғыну мен түсіну.
Осындай бағыттардың бірі психологиялық-педагогикалық білімдердің берік
ағынын тірек еткен, ХХІ ғасыр білімі деп батыл санауға болатын инновациялық
креативті білім беру болып табылады. Инновациялық креативті білім беру –
қазіргі мектептерде оқытудың шығармашылық қызметі сапасын анықтайтын,
жаңаны тану мен жасауға бейімделу арқылы танылатын әрбір жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағыттайтын интеллектуалдық процесс.
Сонымен, классикалық пен қазіргі жаңа парадигмалардың айырмашылығы
жалпылай айтқанда, адам туралы және білім алу арқылы оның дамуы туралы
мынадай іргелі түсініктердің өзгеруінде (1-кесте).
1-кесте - Білім беру парадигмаларының сипаттамалары
Классикалық парадигма Жаңа парадигма
1 Білім берудің негізгі міндеті: Білім берудің негізгі міндеті: жеке
өскелең ұрпақты дайындау тұлғаның дамуы мен өзін-өзі жүзеге
асыру жағдайын қамтамасыз ету
2 Адам - қарапайым жүйе Адам - күрделі жүйе
3 Білім - өткен шақ тәжірибесінен Білім – болашаққа бағдар (ой-өріс
(еске алу мектебі) мектебі)
4 Білім беру – білім, білік, Білім беру - адам өз санасында әлем
дағдылардың белгілі үлгілерін бейнесін жасау оны пәндік,
оқушыға беру әлеуметтік, рухани мәдениетпен
ұштастыруы
5 Оқушы – педагогикалық ықпал ету Оқушы – танымдық іс-әрекеттің
обьектісі субъектісі
6 Субъект-объектілік, педагог пен Субъект-субъектілік, педагог пен
оқушының монологиялық қатынасы оқушының диалогтық қарым- қатынасы
7 Оқушының “жауап берушілік”, Оқушының белсенді, шығармашылық
репродуктивті іс-әрекеті іс-әрекеті
Өзінің білім беру әлеуеті жағынан классикалық парадигмадан басым жаңа
парадигмалардың қалыптасуы - тарихи ұзақ және қарама-қайшылықты процесс.
Мысалы, ХІХ-ХХ ғасырлардың шегінде пайда болып, ерікті жеке тұлғаның,
субьектінің өзін-өзі дамытуын, білім мазмұнын таңдаудағы олардың еркіндігі
проблемаларын шешуге алғаш талпынған антропологиялық парадигманы
қарастыруға болады. Егер классикалық модельде оқу процесінің
өзегінде дидактикалық кешеннің формальді элементтері тұрып, ал оқушы
табиғаты мұғалімнің тәжірибесі мен біліміне, мүмкіндіктеріне тәуелді
болса, антропоцентрикалық оқу процесі үлгі бойынша қалыптастыратын -
дәстүрлі оқу процесінен айырмашылығы, оқу іс-әрекетінің барлық құрылымы
индивидтің өзін-өзі дамыту мақсатына бағытталғандығы.
Сонымен, креативтілік – рухани құндылықтарды жасаушы және жеке тұлғаның
шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамыту шарты бола отырып, рефлексия мен
субъективтік өзін-өзі бағалау негізінде жаңа нәтижелерге жетуде
шығармашылыққа қабілеттілігінен көрінетін сапалық қасиеті.
Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру өте маңызды,
күрделі және көп салалы мәселе болып есептеледі. Шығармашылық дегеніміз –
бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс
жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер
қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың
өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына
көмектеседі.
Шығармашылық іс-әрекет – мәселелі қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның
пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде тиімді
әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында
нәтиженің нақты көрінуі.
Оқушының шығармашылық деңгейі – оның мәселені қою мен оны шешудің
жолдарын табуынан көрінеді. Мұнда жаңа білімді меңгеру процесі шығармашылық
ойдың қалыптасуымен және дамуымен бірге жүреді. Демек, шығармашылық ойдың
нәтижесі - тек қана белгілі ұғымдарды қайталап, жаңғыртумен ғана емес,
сонымен қатар жаңа білімді жасау, тапсырманы орындауда жаңа жолдарды ашу.
ХХІ ғасыр білімін адамның шығармашылық қызығушылықтарының дамуы, оның
өзінің жеке тұлғалық дамуы деп түсіну қажет. Бұл - әр адамның өзін-өзі
жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни
баға бере алуы, айналаны өзгертуге қатыса алуы. Білім арқылы адамның
интеллектуалдық, рухани күші артып, жеке тұлғасы қалыптасады. Шығармашылық
қызығушылық әлеуеттің дамуы жаңашылдықтың қажеттілігін сезіну арқылы, оған
деген өзінің сенімдерін қалыптастыру арқылы көрінеді де, өз білімін,
танымын кеңейтуге негіз болады.
Шығармашылық қызығушылық ұғымының мазмұнын психологтар мен педагогтар
төмендегідей сипаттайды:
- жаңалықты сезінуге деген тұлғаның сезімдері, жаңалыққа ұмтылу,
ойлаудың жоғары деңгейі, жаңа жағдайға қарай әрекет түрлерін тез арада
өзгерте алу қабілеті (Ю.Н. Кулюткин);
- тұлғаның шығармашылыққа бағытталған позициясы, бағыттылықтары (А.М.
Матюшкин);
- индивидтің шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін
көрсететін қасиет (Л.В.Занков).
Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай
білетін, белсенді, шығармашыл жеке тұлға қажет.
Әлемдік білім кеңістігіне енудің жаңашылдық стратегиясына сәйкес,
мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңға қатарлы педагогикалық ой
өкілдерінің шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру идеяларын зерттеу және
талдау негізінде маңызды бес бағытты бөліп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz